Мектеп химия курсында эксперименттік есептердің оқытудың әдістемесі
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
I. Мектеп химия курсындағы химиялық эксперименттердің жалпы сипаттамалары
1.1 Мектеп химия курсында эксперименттік есептердің алатын орны және шығару әдістемесі
1.2 Химиядан эксперименттік есептерді шығару біліктері мен дағдыларын дамыту
II. Мектептегі химия курсында эксперименттік есептерді оқытудың әдістемесі
2.1 Мектеп химия курсында эксперименттік есептерді оқыту әдістемесіндегі сабақтар жүйесі
2.2 Химиялық эксперименттік есептерді шешудің әдістемелік нұсқауы
2.3 Мектеп химия курсында эксперименттік есептерді оқыту әдістемесінің тиімділігін сынақ іс.тәжірибе арқылы зерттеу
3 ҚОРЫТЫНДЫ
4 ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
5 ҚОСЫМША

Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі кезде Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үдеріс педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үдерісіне нақты өзгерістер енгізумен қатар елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, жастардың шығармашылық әлеуетін дамытуды, мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.
2014 жылғы «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев атап көрсеткендей, еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдары бойынша басты мақсаты – Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Елбасымыз өз сөзінде ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз – белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар дей келе, ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұрғанын атап өтті [1, Б. 1].
Оқушыларды сөйлеуге, өз ойларын жеткізе білуге, пікір таластыруға тек тестік бақылау кезінде емес, оқыту барысында, күнделікті сабақта, тіпті сабақтан тыс жұмыстарда да (үйірме, факультативтік сабақ, т.б.) қалыптастырып үйрету қажет. Ұстаздың рөлі тек емтихан алып, баға қоюмен шектелмейді, сабақты бере білу мен оқушыларды еңбекке баулып, тәрбиелеу және пәнге қызығуын арттырумен айқындалады. Ал оқушы білімнің сапасы – мұғалім білімділігі мен біліктілігінің, іскерлігінің айнасы, нарық заңдылығына сүйенсек, кез келген өнімнің сапасын өндіруші емес, оны тұтынушы анықтауы, бағалауы қажет. Сондықтан мұғалімнің берген білімін оның өзі емес, басқалардың бағалағаны жөн.
Дидактикалық әдебиетте оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту білімді түсінуін қалыптастырудың шарттарының бірі ретінде көрсетілген. М.Н. Скаткин мен И.Я. Лернер: «білімді түсіну оны дәстүрлі емес жағдайда қолдана білуден, эксперименттік есептерді шығарудан көрінеді,» - деген болатын. Осы орайда, эксперименттік есептерді оқушылар жүйелі түрде шығарып отыруы қажет екенін бұл авторлар атап көрсетеді, сонда ғана олардың білімдері берік болады [2].
Химияны оқыту әдістемесінде ( С.Г. Шаповаленко, Ю.В. Ходаков, М.Я. Голобродько, В.Н. Давыдов, Н.А. Титов, П.А. Оржековский) оқушылардың шығармашылық қызмет тәжірибесін қалыптастыруға арналған бірқатар зерттеулер бар. Бұл үшін негізгі құрал ретінде эксперименттік есептер қолданылады. Әдістемеде төмендегідей көзқарас кеңінен тараған: эксперименттік есептерді шығару үшін ең қажетті шарт оқушылардың берік, өздері түсінген білімдерінің болуы (Р.Г. Иванова, А.Г. Иодко және т.б.). Елімізде мектеп оқушыларының шығармашылық іс-әрекетінің аспектісін зерттеген ғалымдар: С.Қ.Қалиев, С.Ұзақбаева, К.Ж.Қожахметова, І.Р. Халитова, Ш.Б. Құлманова, Р.Қ. Дүйсембінова және т.б. Бастауыш сынып оқушыларының түрлі іс-әрекеттерінде шығармашылығын қалыптастырудың педагогикалық негіздері А.Х. Аренова, А. Мұқанбетжанова, Ә.С. Әмірова, С.Н Жиенбаева, Б.Т. Қабатай, А.А. Сағымбаев, А.Б. Мырзабаев, К.Қ. Базарбаева, К. Сәдуақасқызы, Ә.С. Тапалова және т.б. еңбектерінде қарастырылды

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдау
2. Дьяченко М.И., Кандыбович JI.A. Психология высшей школы. Минск: БГУ, 1981.-383с.
3. Бабаев С.Б., Оңалбек Ж.К. Жалпы педагогика. 124 бет
4. Д.М.Кирюшкин,В.С.Полосин. Химияны оқыту методикасы, 1984. Алматы, «Мектеп».
5. . Харламов И.Ф. Активизация учения школьников, :М.,1960. -452с.
6. Мырзабаев А. Химиядан сыныптан тыс жұмыстар., Алматы., 2007. 465с.
7. Леонтьев А.Н. Деятельность. Сознание. Личность.М., 1975. -140с.
8. Парменов К.Я. Демонстрационный химический эксперимент. М: 1954. – 61 с.
9. Назарова Т.С., Грабецкий А.А., Лаврова В.Н. Химический эксперимент в школе. М: 1987. – 33 с.
10. Ділманов Б.М., Тапалова А.С. Жалпы және бейорганикалық химия практикумы. – Астана: «Сарыарқа», 2009. – 167 б.
11. Әбиева Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика. Алматы: Дарын, 2004. -295б.
12. . Верховский В.Н., Смирнов А.Д. Техника химического эксперимента. Т. 1. – М.: 1973. – 65 с.
13. 5.Гаркунов В.П. Совершенствование методов обучения химии в средней школе. – Л.: 1974. – 103 с.
14. 6.Вивюрский В.Я. Эксперимент по химии в средних профтехучилищах.–М.: 1980.–78с.
15. 7.Злотников Э.Г. Химический эксперимент в условиях развивающего обучения // Химия в школе. – 2001. - №1. 42-45 с.
16. .Пак М.С. Дидактика химии. – М.: 2004. – 24 с.
17. Сандибаева Н.А. Мектептегі оқу эксперименті арқылы оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыру // Педагогика ғылымдарының кандидаты дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты. – Алматы: 2010. – Б. 16-17.
16.Тапалова, А.С. Сапалық анализ курсын оқыту барысында студенттердің танымдық іс - әрекетін ұйымдастыру [Электрондық ресурс]: мәтін / А.С. Тапалова.- 2011 // Химия мектепте.- 2010.-№1.
17.Сәдуақасқызы К., Химияны оқыту әдістемесі: Оқу-әдістемелік кешен. / К. Сәдуақасқызы.- Астана,2009
18.Нұғыманұлы И., Химияны оқыту әдістемесі: Оқу құралы. / И. Нұғыманұлы , Ж.Ә. Шоқыбаев, З.О. Өнербаева.- Алматы: Print-S, 2005.- 354 б.; 60х84.
18. Глинка Н.Л. Общая химия.-Л.; Химия, 1983.-704 с.
19. Лидин Р.А., Молочко В.А., Андреева Л.Л. Химические свойства неорганических веществ.- М.: Химия, 1997. - 480 с.
20. Чертков И.Н., Жуков П.Н. Химический эксперимент с малыми количествами реактивов. -М.: Просвещение, 1989. - 191 с.
21. В.Я.Вивюрский «Методика химического эксперимента в средней школе».
22. П.И.Беспалов, Т.А.Боровских, М.Д.Трухина, Г.М.Чернобельская Практикум по методике обучения химии в школе. – М.: Дрофа, 2007.
23. Г.М.Чернобельская Теория и методика обучения химии. – М.: Дрофа, 2010.
24. Практикум по неорганической химии. В.А.Алешин, К.М.Дунаев, А.И.Жиров и др.; Подред. Ю.Д.Третьякова – М.: Издательский центр «Академия», 2004.
23..Бейорганикалық химия практикумы. М.М.Бүркітбаев, Р.Ғ.Рысқалиева. – Алматы: Қазақ университеті, 2005.
24.Нұғыманов И. Шоқыбаев Ж.Ә., Өнербаева З.О. «Химияны оқыту әдістемесі» практикумы.Алматы, Ценные бумаги., 2006.
25.Цветков Л.А. Эксперимент по органической химии в средней школе. М., 1966.
26.Полосин В.С. «Школьный

I. Мектеп химия курсындағы химиялық эксперименттердің жалпы
сипаттамалары
1.1 Мектеп химия курсында эксперименттік есептердің алатын орны
және шығару әдістемесі
1.2 Химиядан эксперименттік есептерді шығару біліктері мен
дағдыларын дамыту
II. Мектептегі химия курсында эксперименттік есептерді оқытудың
әдістемесі
2.1 Мектеп химия курсында эксперименттік есептерді оқыту
әдістемесіндегі сабақтар жүйесі
2.2 Химиялық эксперименттік есептерді шешудің әдістемелік нұсқауы
2.3 Мектеп химия курсында эксперименттік есептерді оқыту
әдістемесінің тиімділігін сынақ іс-тәжірибе арқылы зерттеу
3 ҚОРЫТЫНДЫ
4 ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
5 ҚОСЫМША
КІРІСПЕ
Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі кезде
Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үдеріс педагогика теориясы
мен оқу-тәрбие үдерісіне нақты өзгерістер енгізумен қатар елімізде болып
жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен
табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, жастардың шығармашылық
әлеуетін дамытуды, мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап
етеді.
2014 жылғы Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ
атты Жолдауында Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев атап көрсеткендей, еліміздің 2050
жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдары бойынша басты мақсаты –
Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Елбасымыз өз
сөзінде ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз – белсенді, білімді және
денсаулығы мықты азаматтар дей келе, ұлттық білім берудің барлық буынының
сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұрғанын атап өтті [1, Б. 1].
Оқушыларды сөйлеуге, өз ойларын жеткізе білуге, пікір таластыруға тек
тестік бақылау кезінде емес, оқыту барысында, күнделікті сабақта, тіпті
сабақтан тыс жұмыстарда да (үйірме, факультативтік сабақ, т.б.)
қалыптастырып үйрету қажет. Ұстаздың рөлі тек емтихан алып, баға қоюмен
шектелмейді, сабақты бере білу мен оқушыларды еңбекке баулып, тәрбиелеу
және пәнге қызығуын арттырумен айқындалады. Ал оқушы білімнің сапасы –
мұғалім білімділігі мен біліктілігінің, іскерлігінің айнасы, нарық
заңдылығына сүйенсек, кез келген өнімнің сапасын өндіруші емес, оны
тұтынушы анықтауы, бағалауы қажет. Сондықтан мұғалімнің берген білімін оның
өзі емес, басқалардың бағалағаны жөн.
Дидактикалық әдебиетте оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттерін
дамыту білімді түсінуін қалыптастырудың шарттарының бірі ретінде
көрсетілген. М.Н. Скаткин мен И.Я. Лернер: білімді түсіну оны дәстүрлі
емес жағдайда қолдана білуден, эксперименттік есептерді шығарудан
көрінеді, - деген болатын. Осы орайда, эксперименттік есептерді оқушылар
жүйелі түрде шығарып отыруы қажет екенін бұл авторлар атап көрсетеді, сонда
ғана олардың білімдері берік болады [2].
Химияны оқыту әдістемесінде ( С.Г. Шаповаленко, Ю.В. Ходаков, М.Я.
Голобродько, В.Н. Давыдов, Н.А. Титов, П.А. Оржековский) оқушылардың
шығармашылық қызмет тәжірибесін қалыптастыруға арналған бірқатар зерттеулер
бар. Бұл үшін негізгі құрал ретінде эксперименттік есептер қолданылады.
Әдістемеде төмендегідей көзқарас кеңінен тараған: эксперименттік есептерді
шығару үшін ең қажетті шарт оқушылардың берік, өздері түсінген білімдерінің
болуы (Р.Г. Иванова, А.Г. Иодко және т.б.). Елімізде мектеп оқушыларының
шығармашылық іс-әрекетінің аспектісін зерттеген ғалымдар: С.Қ.Қалиев,
С.Ұзақбаева, К.Ж.Қожахметова, І.Р. Халитова, Ш.Б. Құлманова, Р.Қ.
Дүйсембінова және т.б. Бастауыш сынып оқушыларының түрлі іс-әрекеттерінде
шығармашылығын қалыптастырудың педагогикалық негіздері А.Х. Аренова, А.
Мұқанбетжанова, Ә.С. Әмірова, С.Н Жиенбаева, Б.Т. Қабатай, А.А. Сағымбаев,
А.Б. Мырзабаев, К.Қ. Базарбаева, К. Сәдуақасқызы, Ә.С. Тапалова және т.б.
еңбектерінде қарастырылды. Алайда, оқушылардың білім сапасын арттыру үшін
химиядан эксперименттік есептердің бүгінгі күнге дейін ролі зерттелген жоқ.
Сонымен, дидакт ғалымдардың атап көрсеткеніндей мынадай қарама-қайшылық
туындайды:
- білімді түсінуі үшін эксперименттік есептердің мүмкіндіктері мен осы
мүмкіндіктерді жүзеге асыруға арналған химияны оқыту әдістемесінің
теориясында зерттеулердің болмауы;
- мектеп оқушыларының эксперименттік есептерді шығару арқылы олардың
шығармашылық қабілеттерін қалыптастырудың қажеттілігі мен оның
теориялық тұрғыда негізделмеуі;
- оқушылардың эксперименттік есептерді оқыту әдістемесін қалыптастыруда
эксперименттік есептердің мүмкіндіктері және оның ғылыми-әдістемелік
тұрғыда жеткілікті түрде қамтамасыз етілмегендігі арасында қарама-
қайшылықтар кездеседі.
Бұл зерттеудің басты мәселесі химиядан эксперименттік есептерді шығару
арқылы оқушылардың білім деңгейін жоғарылатуға ықпал ететін педагогикалық
жағдайларды анықтау болып табылады.
Aйтылғaндaрды қорытындылaй келіп, қaзіргі тaңдa туындaп отырғaн қaрaмa-
қaйшылықтaр мен мәселелерді шешу зерттеу жұмысының тaқырыбын Мектептегі
химия курсында эксперименттік есептерді оқытудың әдістемесі деп
aнықтaуымызғa негіз болды.
Зерттеу мақсаты: Бейорганикалық химиядан эксперименттік есептер шығару
арқылы оқушылардың теориялық білімдерімен қатар тәжірибелік білік
дағдыларын қалыптастыру.
Зерттеу нысаны: орта мектептегі химияны оқыту үдерісі.
Зерттеу пәні: орта мектептегі химияны оқыту үдерісіндегі оқушылардың
эксперименттік есептердің оқытудағы мәні,оны ұйымдастыру тәсілдері
Зерттеу болжамы: егер, орта мектепте химияны оқыту үдерісінде
эксперименттік есептерді шығарудың әдістемесі жасалынса, онда оқушылардың
эксперименттік есептерді шығару дағдылары қалыптасып, химияны оқып үйренуге
қызығушылығы артады, өйткені мектеп химия курсында эксперименттік есептер
шығару маңызды орын алады.
Зерттеу міндеттері:
1. Оқушылардың білімдерін арттыру мақсатында эксперименттік есептерді
шығаруға үйрету проблемасы бойынша әдебиеттерге талдау жасау;
2. Оқушылардың эксперименттік есептерді шығару барысында теориялық
білімдерін практика жүзінде іске асыра білу қабілетін арттыру үшін қажетті
әдістемелік нұсқау жасау;
3. Ұсынып отырған тәсілдердің тиімділіктерін салыстыру барысында
оқушылардың химиялық ойлау қабілетін жетілдірудегі эксперименттік
есептердің ролін анықтау.
Қойылған міндеттерді шешу барысында төмендегі зерттеу әдістері
қолданылады: тақырып бойынша педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерді
талдау; оқушыларды бақылау; тәуелсіз сараптау әдісі; мұғалімдермен
әңгімелесу; педагогикалық эксперимент.
Зерттеудің проблемасы: Химияны оқыту барысында біздің мектептерде
теориялық білімді практика жүзінде іске асыру мәселесіне аса көңіл
бөлінбейді. Білімді түсіну оны дәстүрлі емес жағдайда қолдана білуден,
химиялық экспериментті жасауға қажетті білік-дағдыны игеруден қалыптасады.
Зерттеудің теориялық маңыздылығы:
Мектеп химия курсында эксперименттік есептер шығару бағдарламасы мен
оны оқытудың әдістемесін жасау.
Зерттеу нәтижелерін химия пәні мұғалімдерін қайта даярлау
жағдайларында, сондай-ақ 12 жылдық орта білім беру үдерісіне қолдануға
болады.
Эксперименттік есептер шығару барысында әрбір оқушы бойында ақыл-ой
мен практикалық іс- әрекеттердің дараланған сипаты қалыптасады, теориялық
және сарамандық мазмұндағы жаңа мәселелерді шеше білу біліктілігі пайда
болады, яғни химия маманына тән арнаулы қасиеттер дамиды. Химияны
қызығушылықпен оқып үйренгенде оған деген құштарлықтары артады.

Химия пәні бойынша оқу бағдарламасында көрсетілген меңгеруге тиісті
білім көлемін, оқушы әр сыныпта, белгіленген мөлшерде толық игеруі үшін,
оқытудың жаңа әдістері мен түрлерін енгізудің ықпалы зор.
Химияны оқыту әдістемесі педагогикалық ғылымдар жүйесінің бір тармағы
болып есептеледі. Себебі, педагогика ғылымдары сияқты оның да зерттейтін ең
негізгі мәселесі – орта мектептегі ғылым негіздерінің бірі, химияны
оқытудың іс-тәжірибесі мен теориясын қарастыру. Ал, оның міндеті:
а) мектептегі химия пәнінің оқу бағдарламасы мен оқулықтың мазмұнын
анықтау;
б) оқушыларға химиялық білімдер мен дағдылардың жүйесін ұғындырудың
тиімді тәсілдерін, оқыту әдістемесін көрсету.
Химияны оқыту процесі нәтижелі болуы үшін, оқушылардың логикалық санасы
мен диалектикалық ойлауын дамыту мақсатында, әр түрлі әдіс-тәсілдерді
кеңінен қолданып, оқу материалын, негізінен эксперименттік және көрнекілік
түрде түсіндіру керек [ 2].
Химиялық оқу экспериментінің психологиялық-педагогикалық қырларын
анықтап алудың маңызы зор. Бұл орайда А.Н. Леонтьевтің қам-қарекет теориясы
ерекше рөл атқарады. Бұл теория бойынша, химиялық экспериментті пайдалану
арқылы ұғымдарды қалыптастыру процесі кезінде, сыртқы, заттың, сезімдік-
практикалық қарекеті – ұғымды меңгерудің басты генетикалық негізі болып
саналады. Ал, психологиялық-физиологиялық тұрғыдан қарасақ, ұғымды қабылдау
процесі, көру мен есту анализаторының реакциясынан басталады. Мысалы, П.Я.
Гальперин мен Н.Ф. Талызинаның ақыл-ой әрекетін кезеңдерге бөліп қарастыру
теориясы негізінде химиялық ұғымдарды оқушылардың меңгеру процесі,
интерпоризация принципіне сүйеніп жүзеге асырылады. Бұл принцип бойынша
ұғымды қабылдау сыртқы сезімдік іс-әрекеттің ішкі ойлау әрекетіне өтуді
қамтамасыз ететін психологиялық операциялар ретінде қарастырылады. Өйткені
олар, ұғымды қабылдау процесі әрқашанда, Сыртқы материализацияланған
қарекеттен басталып, бірнеше сапалық әдістерден өтіп түрленеді. Яғни,
мұндай әрекетте мотивациялық, бағдарлық, орындаушылық, іштей сөйлеу,
естіртіп айту, тексеру негіздері болады. Демек, ұғымның қалыптасу процесі –
осындай бірнеше кезеңдерден тұратын күрделі процесс [ 3].
Прогресшіл педагогтар дидактика мәселелерін жетілдіре келе, оқыту
процесін материалдық тұрғыдан түсінуді әрқашан қолдап келген.
Я.А.Коменский, И.Г. Пестолоции, М.В. Ломоносов, К.Д. Ушинский және т.б.,
классикалық дидактиканың жетекші принциптерінің бірі, оның Алтын ережесі
- көрнекілік принципі болып табылатындықтан, оқытудың бастапқы фазасы
сезімдік танымдарға негізделуі қажет деп есептеген [4].
Оқушыларға жан-жақты терең, тиянақты білім беруде көрнекі құралдарды
пайдаланудың педагогикалық және әдістемелік маңызы зор екендігі белгілі.
Өйткені, көрнекілік принципі – дидактиканың бірінші және ең негізгі
принципі болып саналады. Бұл жөнінде классик педагог Я.А.Коменский: мұғалім
үшін Алтын ереже - бала сезімі арқылы қабылдай алатын нәрселердің
барлығын сезім әсерлерін туғызып білдірген жөн: көруге болатынды көзге
көрсет, естуге болатын нәрсені құлақ қойып тыңдасын, иісін иіскеп білсін,
дәмін татып көрсін, қолмен ұстап нәрсенің қатты-жұмсақтығын, т.б. байқасын.
Кейбір нәрсені түрлі сезім мүшелері бірдей түсініп қабылдағаны жақсы деп
көрсеткен [ 4].
Химиялық эксперимент танымның сезімдік формаларының күшті құралына
жатады. Оқыту барысындағы оқушылардың ойлауы – ғылыми таным процестерінің
басты ерекшеліктерімен сәйкес келеді.
Көпшілік жағдайда көрнекілік принципі нақтылық және абстрактілік
бірлігі принципі тұрғысынан тұжырымдалатындықтан, көрнекілік түрде оқыту
оқу процесіндегі сезімділік және тұжырымдылықтың арасындағы бұл байланыс
кең және маңызды қалыптасады.
Қазіргі педагогика классикалық педагогиканың барлық негізгі белгілерін
өз бойына сіңіріп келеді.
П.Я. Гальперин кез келген іс-әрекеттің орындалуы, оның орындалу
деңгейіне байланысты емес екі бөлімнен тұрады деп атап көрсетті, олар:
икемденушілік және орындаушылық. Икемденушілік іс-әрекет орындалуындағы
жалпы жағдайды сипаттайды, алдымен оның орындалу жоспары, бақылау әдістері
мен параметрлері және орындалу барысындағы түзету тәсілдері тағайындалады.
Орындалатын іс-әрекеттің сапасы мен деңгейі тәуелді болатындықтан
икемденушілік бөлімі негізгі болып саналады, себебі одан ең алдымен
орындалатын іс-әрекеттің айналдыру процесі (интериоризация) бөлек-бөлек
кезеңдермен жүргізіледі [5 ].
Құбылыстарды бақылау – алғашқы эксперименттік танымдық процесс. Қазіргі
дидактикада бақылаулар оқыту әдісі ретінде де, оқу әрекетінің түрі ретінде
де қарастырылады. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту бақылау процесімен
тығыз байланысты. Көрнекті педагог В.А. Сухомлинский: бақылау тек
материалды оқыту әдісі ғана емес, ойлау қабілетін дамытумен қатар дұрыс
тәрбиелей білу әдісі деп атап көрсеткен. [11].
Мұғалім өзінің жұмысында үнемі ескеріп отыруы қажет бақылаулардың
мынадай дидактикалық ерекшеліктері бар:
1. берілген экспериментті демонстрациялау және болжамдарды тексеру
барысында байланыс орнату;
2. жоспарлы және ұйымдасқан сипатта болу қажет.
Әрбір мұғалімнің өзінің күнделікті жұмысы барысында осы екі ерекшелікті
ескеріп отыруы қажет.
Жүйелік амалдарын, олардың ішінде жүйені субоптималдандыру
қағидаларын және жүйе қызметінің толымдылық ұстанымдарын басшылыққа ала
отырып, химиялық оқу экспериментінің біртұтас оңтайлы жүйесін мына
элементтерден құруға болады, яғни мектептегі химиялық экспериментті шартты
түрде бірнеше типке бөлуге болады:
• қызықты тәжірибелер;
• демонстрациялық эксперимент;
• химиялық практикум;
• зертханалық жұмыстар;
• эксперименттік есептер;
• ғылыми эксперименттің негізі.
Химияның кез келген деңгейін оқыту сәйкес химиялық экспериментті
ұйымдастырмай жүзеге аспайды. Химиялық эксперимент – химиялық заттар және
олардың айналулары туралы білімнің көзі, ол оқушыларды химиялық ғылымға
қызықтырады, теориялық білімді практикада қолдану мүмкіншіліктерін
дамытатын оқушылардың танымдық қызметінің белсенділігіне әсер етеді.
1.1 Мектеп химия курсында эксперименттік есептердің алатын орны және
шығару әдістемесі
Химиялық есептер шығару оқытудың жалпы жүйесінде практикалық
әдістердің тобына жатады. Есеп шығару оқушыларда теориялық білім мен
тәжірибе арасындағы байланысты жүзеге асырады. Оқушылар есеп барысында
химиялық ұғымдарды, заңдарды, теорияларды қалыптастыруға, олардың химиялық
тілмен сөйлеу мәдениетін байытуға іскерлікке, ізденгіштікке тәрбиелеуге
мүмкіндік береді. Химиялық есептер: жаңа практикалық біліктіліктер мен
дағдыларды қалыптастыру химиялық ұғымдар мен мағлұматтарды үйрету; білімнің
тереңдігі мен баяндылығын тексеру; проблема қою және проблемалық ахуал
туғызу; материалды пысықтау, жалпылау және қайталау; оқушылардың әр түрлі
деңгейдегі шығармашылық қабілетін тәрбиелеу мақсатында беріледі [12].
Химия есептері сандық және сапалық есептері болып екіге бөлінеді.
Сапалық есептерін басқаша эксперименттік есептер деп атайды, өйткені оларда
сандық мәліметтер болмайды, химиялық тәжірибелер жасау арқылы шығарылады.
Химия пәнін оқытуда, оқушылардың химиядан алған білімін есепке алып
бағалауда эксперименттік есептердің маңызы аса зор. Эксперименттік
есептерді шешу арқылы оқушылар теориялық білімін есепке алып, бағалауда
эксперименттік есептердің маңызы аса зор. Эксперименттік есептерді шешу
арқылы оқушылар теориялық білімін арттырады, іс жүзінде пайдалана білуге
үйренеді, химиялық құрал – жабдықтармен және реактивтермен жұмыс істеу
дағдыларын нығайтып, жетілдіре түседі. Эксперименттік есептерді шешіп
дағдыланған оқушылар өздігінен жұмыс істей білуге, ұқыптылыққа, өз ісіне
сын көзімен қарауға үйренеді. Оқушылардың химиядан білім сапасы мен
практикалық әзірлігі эксперименттік есептерді шығару үстінде айқын
білінеді.
Эксперименттік есептерді шешетін оқушыға қойылатын талаптың бірі,
практикалық әрекеттерден бұрын эксперимент есебі теориялық тұрғыдан шешілуі
керек. Бұл талап қарсылық тудырмайды, бірақ практикада сирек орындалады.
Мынадай құбылыс жиі байқалады: оқушы (оқушылар тобы) есептің текстің және
тәжірибе жасауға қажетті жабдықты алған соң, практикалык әрекеттер туралы
көзге түскен алғашқы сөйлемдерді оқып тікелей тәжірибеге кіріседі.
Эксперименттік есептерді шығару жоспарының жалпы нұсқаулары ретінде,
мыналарды ұсынуға болады:
1. Негізгі сұрақты нақтылау мақсатымен және бұл есепте қандай білімді
(қайсы тақырып немесе бөлім) қолдану керектігін аныктау үшін есептің шартын
талдау.
2. Есепті шығаруға қажетті білімді жұмылдыру.
3. Негізгі сұрақты бірнеше сұрақтарға жіктеу, оларды шешу негізгі
сұраққа жауап алу үшін қажет (есептің шартын талдау).
4. Есепті шешудің жалпы жоспарын құру.
5. Қажетті әрекеттерді орындау.
6. Шығарудың дұрыстығын тексеру және есеп жазу.
Эксперименттік есептер оқушылардың таным әрекетінің сипатына қарай
бірнеше типтерге бөлінеді. Солардың мектепте іс жүзінде жиі
қолданылатындары: заттың сапалық құрамын анықтау; затты тани білу; заттарды
алу; заттың жіктелу белгілерін табу; қоспаның құрамын анықтау және бөлу;
құралдар құрастыру; заттардың өздеріне тән химиялық реакцияларын жасау
арқылы олардың қасиеттері мен құрамын анықтау; заттар мен құбылыстарды
типтерге және кластарға жатқыза білу; берілген мөлшердегі ерітінділерді
даярлау; сынақ тәжірибелік-сан есептері; химиялық аспаптарды пайдалана
отырып шығарылатын есептер эксперименттік [12].
Эксперименттік есептерді шешу үшін сынау және қателесу, есте қалғаны
бойынша шығару, жорамал жасау, анализ және синтез тәсілдері қолданылады.
Сынау және қателесу тәсілі оқушының білімі жеткіліксіз болғанда
пайдаланылады. Тиісті нәтиже алғанға дейін тәжірибені қайталап жасай
береді. Есепте берілген мәліметтер оқушыға бұрыннан таныс, есте сақталғаны
бойынша шығарылады. Берілген мәліметтер толық болмаса, оқушы алдымен
жорамал жасайды, содан соң тәжірибе арқылы оның дұрыс – бұрыстығын
тексереді. Эсперименттік есептерді шығарудың ең тиімді кең таралған тәсілі
– анализ және синтез. Оқушы есептің шартын нақтылы талдау арқылы шешу
жоспарын жасайды да, соған сәйкес іс-әрекеттерді жүзеге асырады.
Мектеп бағдарламасы бойынша химиядан базалық білім деңгейін
қалыптастыру тек теориялық материалды берумен шектелмейді. Оқушының
теориялық білімі практикалық, зертханалық білім, білік дағдысымен ұштасуы
керек. Жаратылыстану ғылымдары ішінде химия эксперменттік ғылым
болғандықтан мектепте 8-сыныптан бастап практикалық және зертханалық
жұмыстар жүргізіледі. Мектеп оқулығында әрбір тақырыпқа байланысты
практикалық жұмыстардың жасалу реті беріледі. Соның ішінде біздің
тоқталайық дегеніміз – эксперменттік есептердің шығарылу әдістемесі.
Химияны оқытуда оқушылар назарына эксперименттік есептердің жеті түрі
ұсынылады.
1 –Кесте Эксперименттік есептер түрлері
Кесте 1
Түрі Сипаттамасы
I тип Есептің шарты бойынша тәжірбені орындау ұсынылып, бақылау
қорытындысын түсіндіру тапсырылады. Мысалы, Сынауыққа
2-3 тамшы 15%-дық тұз қышқылын құйып, үстіне мырыш
түйірін салыңыздар. Не байқалады? Байқағандарыңызды
түсіндіріңіздер.
II тип Зат қасиетін сипаттайтын білімді қолданып есептер шығару.
Мысалы, Тұз қышқылына тән реакцияларды іске
асырыңыздар.
III тип Заттың құрамын эксперименттік түрде анықтауға арналған
есептер. Мысалы, Тұз қышқылының құрамына сутегі мен хлор
енетінін эксперименттік жолмен дәлелдеңіздер.
IV тип Бірнеше зат қатар берілгенде соны анықтауға арналған
есеп. Мысалы, Бір сынауықта тұз қышқылы, екіншісінде
күкірт қышқылы, үшіншісінде сірке қышқылы берілген. Қай
сынауықта қандай зат барын анықтаңыздар.
V тип Бастапқы берілген заттардан жаңа заттар алуға арналған
есептер: а) тікелей; б) аралық қосылыстар арқылы немесе
жанама жолмен. Мысалы, а) Мырыш хлоридін әртүрлі
әдіспен алыңыздар; б) Мына айналуларды іске
асырыңыздар: Cu → ? → CuCl2.
VI тип Берілген үлгіде қоспа барын физикалық және химиялық
әдістерді қолданып дәлелдеп, затты қоспадан бөлуге
арналған есеп: Мысалы, а) Ас тұзына араласқан құмды
қандай жолмен бөлуге болады; ә) Темір шегені таттан
қалай тазартуға болады?
VII тип Қарапайым аспап құрып, онымен тәжірибе жүргізуге арналған
есеп. Мысалы, Берілген құралдар арқылы газ алатын аспап
құрастырып, хлорсутек газын алыңыздар.
Оқушыларды эксперименттік есептерді шешуге үйрету – күрделі әдістемелік
сұрақтардың бірі.
Көпшілік жағдайда мұғалімдер практикалық сабаққа әзірленуді үйге
бергені секілді эксперименттік есептерді де үйден шығарып келуге тапсырма
береді. Бұл жағдайда оқушылардың есепті дұрыс түсініп орындау мүмкіндігі
аз. Эксперименттік есептерді шығаруға әзірлік сыныпта мұғалім басшылығымен
іске асырылуы керек [ 13,14].
Химиялық экспериментті орындауға қажетті әрекеттерді іске асыру
дағдысын сабақ үстінде біртіндеп дамытқан дұрыс. Ол үшін сабақ сұрау
кезеңін немесе сабақтың қорытындысын шығару кезеңін қолдануға болады.
Практикалық сабаққа әзірлік есептер шартын талдаудан басталады. Оны бірнеше
кезеңдерге бөлуге болады:
1-кезең. Есептің шарты бойынша бәрі түсінікті ме екенін анықтап, жұмыс
жоспарын құру қажет;
2-кезең. Мұғалім өзі немесе бір оқушының көмегімен жұмысты орындау
барысын көрсетіп, қауіпсіздік техникасын қадағалап, аспаптармен,
құралдармен химиялық заттармен жұмыс істеу ережесін сақтауға көңіл аудару
қажет;
3-кезең. Оқушылар ойша эксперимент арқылы күрделі әрекеттерді қайталап,
ой елегінен өткізеді;
4-кезең. Есепті шешу элементтері және әрекеттер әдісінің жаңа жағдайда
сабақ үстінде қолданылуы
Оқушыларды оқыту үрдісінде эксперименттік есептерді шығару жоспарын
құрып, оны шешудің тиімді тәсілін іздестірген қолайлы болмақ.
Эксперименттік есептерді шешу барысында оқушылардың зейінін мынаған
аударуымыз керек:
1. Есепті неғұрлым аз практикалық әрекетті қолданып шешу керек.
2. Әрі арзан, әрі тиімді реактивтерді таңдап, оны үнемдеп қолданған
жөн.
3. Іс жүзінде жүретін реакцияларды қолдану қажет.
4. Заттың үлгісін алу.
5. Зерттеу барысында бақылау нәтижесін жазу.
6. Жұмыс нәтижесін есептің мақсатымен салыстырып, тұжырымдап
қорытындылау [ 14].
Оқушыға алдымен берілген есеп теория жүзінде талқыланады. Мұғалім
оқушылармен әңгімелесе отырып, жоспар құрады, қажетті тәжірибелерді
анықтайды да бір оқушы немесе мұғалімнің өзі көрнекі көрсетеді. Екінші
кезеңде есепті шығару жоспары көпшілік оқушылармен бірлесіп талқылау арқылы
жүзеге асырылады да, тәжірибелер зертханалық түрде жасалады. Үшінші кезеңде
арнайы сарамандық сабақтарда оқушылар эксперименттік есептерді өздігінен
шығарады. Есептің мазмұны мен шығару әдістері біркелкі болса, оқушылар
жалығып кетеді. Сондықтан есептің жиі өзгеріп, оқушылардың ынтасын, ойын
дамытып отыру керек. Практикалық сабақ кезінде мұғалім осы есептерді
бөлгенде, бір оқушыға әр түрлі типтің есептері келуін қамтамасыз етуі керек
[15].
Ендігі жерде эксперименттік есептердің жеке типтерін шығаруға мысалдар
келтірейік.
1. Заттың сапалық құрамын анықтау. Бұл есептер типін шешу арқылы
оқушылар заттың құрамына кіретін атомдар мен атомдар тобын (катиондар мен
аниондарды) анықтауды үйренеді.
1-есеп. Тұз қышқылының құрамында сутек және хлор болатынын тәжірибе
жасап дәлелдеңдер.
Шешуі: Эксперименттік есептерді шешудің басты кезеңдері мыналар:
есептің шартында берілгендерін химиялық тіл арқылы өрнектеп жазу; есепті
шешудің тиімді тәсілін таңдау; қажетті тәжірибелерді еске түсіру және
жасау; тәжірибе нәтижесін қорытып жинақтау. Осы жалпы ережеге сүйеніп,
берілген есепті шешудің нақтылы жоспарын жасаймыз.
1. Тұз қышқылы молекуласының құрамына сутек және хлор атомдары
кіретінін дәлелдеу керек.
2. Тұз қышқылының химиялық формуласы — НСІ.
3. Тұз қышқылының құрамында сутек элементінің атомы болатынын дәлелдеу
үшін актив металдардың біреуімен (мырыш, алюминий т.б.) әрекеттестіреміз.
Ол үшін сынауыққа бір-екі түйір мырыш салып, үстіне тұз кышқылын құямыз.
Газ көпіршіктері бөліне бастайды. Сынауықтың аузына жанып тұрған шыраны
апарамыз. Бөлінген газ түссіз жалынмен жанады. Бұл газ – сутек. Реакцияның
теңдеуі:
Zn + 2НСІ = ZnСІ2 + Н2
4. Тұз қышқылының құрамында хлор элементінің атомы болатынын дәлелдеу
үшін күміс нитратымен әрекеттестіреміз. Ол үшін сынауыққа аздаған тұз
қышқылын алып, үстіне бірнеше тамшы күміс нитратының ерітіндісін тамызамыз.
Ірімтік ақ тұнба түзеді:
НСІ +АgNO3 = AgCl ↓ + HNO3
Азот қышқылын қосқанда тұнба ерімейді. Есептің шығару барысын тәжірибе
не үшін жасалды, тәжірибенің қойылу тәртібі, бақылау және қорытынды деген
бағаналардан тұратын кестеге жазған қолайлы.
Оқушылардың теориялық даярлығы жаңа сатыға көтерілгенде эксперименттік
есептердің мазмұны мен түсіндірілуі тереңдей түседі.
Заттың сапалық құрамын дәл анықтау үшін оқушылар жеке катиондар мен
аниондардың реактивтерін жетік білуі қажет. Ол реактивтер жөніндегі түсінік
жеке сыныптардағы бағдарламалық материалдарды өткенде біртіндеп
қалыптастырылады. Оқушылар оларды естеріне сақтап, қажет кезінде еркін
пайдалана алуы үшін төмендегі кестеде келтірілген реактивтерді білу
жеткілікті. Өзге катиондар мен аниондардың сапалық реакциялары жөніндегі
түсінікті факультативтік сабақтарда дамытқан жөн. [16].
Кесте 2
Катиондар мен аниондардың сапалық реакциялары
Катиондар мен Реакцияның белгілері
аниондар
Na+ Шамның түссіз жалынын сары түске бояйды
K+ Жалынды күлгін түске бояйды
Ca2+ Жалын қызыл сары түске боялады
Cu2+ Жалын жасыл түске боялады. Тұздарына батырылған темір
шеге мыспен қапталады.
Mg2+ Сілтімен әрекеттесіп ақ тұнба түзеді
Al3+ Сілтінің аз мөлшерімен амфотерлі ақ тұнба түзеді
Fe2+ Сілтілермен біртіндеп жасыл тартатын ақ тұнба түзеді
Fe3+ Сілтімен қоңыр тұнба түзеді. Калий және аммоний
радонидтерімен қан түстес қызыл ерітінді береді.
NH4+ Сілті қосып қыздырғанда аммиак түзіледі. Лакмус пен
метилоранжды қызыл түске бояйды
Ag+ Хлор ионымен ақ тұнба түзеді
Ba2+ Сульфат ионымен ақ тұнба түзеді
Br- Күміс нитратымен сарғыш тұнба береді
I- Күміс нитратымен ашық сары тұнба түзеді
S2- Қорғасын ионымен қара түсті тұнба береді, тұз
қышқылымен әрекеттесіп, шіріген жұмыртқаның иісіндей
иісі бар газ бөліп шығарады
OH- Фенолфтолеинді бүлдірген түске, лакмусты көк түске
бояйды
NO3- Концентрленген күкірт қышқылымен және мыспен
әрекеттесіп ҰқыздырғандаҚ қоңыр түсті газ бөледі.
Қызған көмірде ұшқын береді
CO32- Қышқылдармен әрекеттескенде көмір қышқыл газын бөліп
шығарады
SO32- Тұз қышқылымен әрекеттесіп, өткір иісті газ түзеді
SO42- Барий ионымен қышқылда ерімейтін ақ тұнба береді
PO43- Күміс нитратымен ашық сары тұнба береді
2. Заттарды ажыратып – білуге арналған есептер. Эксперименттік
есептердің бұл типін ұдайы шығарып жаттығу арқылы оқушылар заттарды жан –
жақты зерттеуге үйренеді.
2-есеп. Сендерге берілген сынауықтардың қайсысында темір (II) хлориді,
кальций хлориді, барий хлориді бар екенін анықтаңдар.
Шешуі: 1. Берілген үш зат бір қышқылдың тұзы болғандықтан аниондары
бірдей, айырмашылығы – катиондарында. Катиондарын бір – бірінен әр
қайсысына тән сапалық реакциялар арқылы айырып таниды.
2. Сынауықтардың әрқайсысын нөмірлеп, үш түрлі анализ жасаймыз. Анализ
жасау жоспарын кесте түрінде жазамыз.
Кесте 3
Анализдің реті Са2+ Fe2+ Ba2+
1. Жалынын сынау Жалын қызыл түске
боялады
2. Сілтінің әсерінШамалы лай Ақ тұнба түседі.
байқау түзіледі Ол біртіндеп
жасыл тартады.
3. Гипс суын Ақ тұнба түседі
қосамыз
4.Пробиркалардың 2 3 1
нөмірі
Анализ нәтижесіне қарағанда 1-сынауықта барий хлориді, 2-сынауықта
кальций хлориді, 3-сынауықта темір (II) хлориді бар екен. Берілген
тұздардың аниондары да түрліше болса, тағы үш анализ жасауға тура келер
еді. Осының ақиқаттығына көз жеткізіп, эксперименттік есептерді шешудің
практикалық жағымен танысу үшін жаңағы есептің мазмұнына біраз өзгеріс
енгізейік.
Есеп. Үш сынауықта барий хлориді, кальций нитратының, темір (II)
сульфатының ерітінділері берілген. Олардың әрқайсысын тәжірибе жүзінде
анықтаңдар.
Шешуі: Берілген тұздар ерітіндіде иондарға ыдырайды.
Ерітіндіде алты түрлі иондар: бар. Солардың әрқайсысын өздеріне
тән мынадай сапалық реакциялар арқылы табамыз.
Кесте 4
Ізделетін Анализдің ретіПробиркалар
иондар
№1 №2 №3
Ва2+ 1. CaSO4 пен 1 2 3
Са2+ 2. жалын 4 5 6
Fe2+ 3. NaOH 7 8 9
Cl- 4. AgNO3 10 11 12
NO3- 5. H2SO4+Cu 13 14 15
SO42- BaCl2 16 17 18
Кесте 4
Ізделетін Анализдің реті Пробиркалар
иондар
№1 №2 №3
Ва2+ 1 анализ 1 2 BaSO4 ↓ 3
Са2+ 2-анализ+жалын 4 5 6
Қызыл сары
түс пайда
болады
Fe2+ 3-анализ+NaOH 7 8 9
Ақ тұнба
біртіндеп
жасыл
тартады
Cl- 4-анализ+2AgNO3 10 11 12
Ірімтік ақ
тұнба
NO3- 5-анализ+H2SO4+Cu 13 14 15
NO2
SO42- 6-анализ+BaCl2 16 17 18
↓BaSO4
Аналитикалық тәжірибелер былай жасалады. а) Берілген ерітіндіден 3 таза
сынауыққа құйып алып, үстіне гипс суын құямыз. 3-сынауықта сүт тәрізді ақ
тұнба түзіледі, қалған екі сынауықта өзгеріс байқалмайды. Демек, 3-
сынауықта барий ионы бар болғаны. ә) Үш таза сынауыққа алынған
ерітінділердің жалынға әсерін зерттейміз. Ол үшін темір сымды қыздырып,
саналатын ерітіндіге батырамыз да, спирт шамы жалынына апарамыз. 2, 3-
сынауықтағы ерітіндіден жалынның түсі өзгермеді, 1-сынауықтағы ерітіндіден
жалын түсі қызыл сары түске боялады.
Барий ионын анықтау үшін сульфат анионы бар кез-келген затты (Н2SО4,
Nа2SО4) пайдалануға болады. Сонда суда аз еритін кальций сульфатында
тұнбаға түсуі ықтимал. Реактив есебінде бұл жағдайда гипс суын алған дұрыс.
Өзге иондарды ашу үшін NаОН, АgNО3, ВаСІ2, Н2SO4 (концентрленген)
ерітінділерін және мыс қиқымдарын қолданамыз.
2. Жеке иондарды анықтау үшін кесте түрінде жазамыз. Қалған 4 анализді
оқушылар осы баяндалғанға ұқсас жасап, бақылағандарын тиісті клеткаға
жазады. Нәтижесінде кесте толтырылып, төмендегідей күйге келеді.
Анализ нәтижесі 1-сынауықта кальций және нитрат, 2-сынауықта темір және
сульфат, 3-сынауықта барий және хлор иондары барын көрсетті. Ендеше, 1-
сынауықта кальций нитратының, 2-сынауықта темір сульфатының, 3-сынауықта
барий хлорийдінің ерітінділері берілген [ 15].
Жалпы білім беретін мектеп бағдарламасының негізгі бағыттарында оқушылардың
практикалық дайындығына, мектептегі химиялық эксперименттің – зертханалық
және практикалық жұмыстардың дамуына үлкен көңіл бөлінеді. Бұл мәселені
шешуде эксперименттік есептер маңызды орын алады, олардың дидактикалық
функциясы қазіргі уақытта дамып келеді. Олар оқушылардың білімі мен
практикалық біліктілігін бақылап қана қоймайды, сонымен қатар олардың ойлау
қабілетін, шығармашылық белсенділігін, дербестігінің дамуына көмектеседі.
Эксперименттік есептерді шешу кезінде логикалық операцияларды (салыстыру
және ұқсастық, анализ және синтез, жүйеге келтіру және қорытындылау)
кеңінен қолдануға болады.
Эксперименттік есептердің аталған функциялары тек белгілі шарттарда
ғана жүзеге асырылуы мүмкін, нақты айтатын болсақ:
а) есептердің салыстырмалы салмағы артқан кезде (сонымен қатар
қорытындылайтын және шығармашылық);
б) оқушыларды эксперименттік есептерді шешуге алдын ала мұқият дайындау
кезінде;
в) оқушылардың есептерді жеке шешу кезінде, ол орындалып жатқан іс-
әрекеттердің ұғынушылығын, білімді және практикалық біліктілікті берік
меңгеруді, сенімділікті, ерікті, тәртіпті тәрбиелеуді қамтамасыз етеді
[17].
Барлық эксперименттік есептер мазмұнына қарай екі топқа бөлуге болады:
заттарды алумен байланысты есептер және заттарды анықтауға арналған
есептер.
Есептердің мазмұны сыныптан сыныпқа көшкен сайын қиындай түседі: егер 8-
9 сыныптарда бір сатылы химиялық айналулар және негізінен екі затты анықтау
берілсе, ал 10-11 сыныптарда 2-3 айналулар бар есептер ұсынылады, ал
анықтайтын заттардың саны екіден беске дейін артады [18].
Дербестік таныту дәрежесіне қарай эксперименттік есептерді шартты түрде
екіге бөлуге болады: біріншісі – еске түсіру есептері, екіншісі - өнімділік
есептері. Есептердің осы түрлерін қарастырайық.
Еске түсіру есептері белгілі білімді, практикалық біліктілікті және
бұрын жасалған тәжірибелерді қайталаумен байланысты.Осындай есептерге
бірнеше мысал келтіріп кетейік:
1. Темір мен тұз қышқылы әрекеттескенде сутегі газы бөлінетінін
тәжірибе жүзінде дәлелдеңіздер.
2. Күкірт қышқылының химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция
теңдеулерін жүргізіңдер.
3. Сынауықтарда калий хлориді және натрий сульфатының ерітінділері
бар. Натрий сульфаты қай сынауықта екенін анықтаңдар.
4. Айналуларды жүзеге асырыңдар: Ca(HCO3)2 → CaCO3 → CO2.
Өнімділік деңгейінің есептерін шығару үшін оқушылар теориялық білімнің
айтарлықтай көлемін, логикалық операцияларды қолдану керек. Сонымен қатар
оқушы есепті шешудің өзіндік жолын немесе бір есепті шешудің бірнеше
әдістерін ұсына алады. Өнімділік сипаттағы есептерге мысалдар келтірейік.
1. Екі әдіспен натрий хлоридін алыңыздар.
Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластарының анализі нәтижесін және
ерігіштік кестесін қолдана отырып, оқушылар натрий хлоридін алудың екі
әдісін ұсынуы керек.
2. Мыс (II) оксидін негізге ала отырып, мыс (II) гидроксидін алыңдар.
Есептің шартында аралық өнім көрсетілмегендіктен, оқушыларға мыс
(II) гидроксидін екі сатыда алу керек.
3. Қосымша реактивтерді қолданбай, натрий карбонаты, барий хлориді
және тұз қышқылының ерітінділерін анықтаңдар.
Соңғы есептің шығарылуын қарастырайық. Ұсынылған заттардың
ерітінділерінің анализі нәтижесінде оқушылар екі екіден құйса тұнба (ВаСО3)
немесе газ (CO2) түзіле алады деген қорытындыға келуі мүмкін. №1 және 2
сынауықтардан сынама құйып алдық және ақ тұнба түзілді делік. Реакцияға
натрий карбонаты және барий хлориді қатысатыны анық. Бірақ қай сынауықта
карбонат, қайсысында хлорид екені белгісіз. Енді №1 сынауықтан (немесе №2
сынауықтан) тағыда сынама алынады және оған №3 сынауықтан алынған сынаманы
қосамыз. Осы кезде газ бөлінеді. Олай болса, №1 сынауықта – карбонат, №2
сынауықта – хлорид және №3 сынауықта – тұз қышқылы.
Ең маңызды сұрақ оқушыларды эксперименттік есептерді шығаруға дайындау
болып табылады. Оны әдетте үш жолмен жүзеге асырады.
Олардың біріншісі – мұғалімнің демонстрациясы, тәжірибені жасау кезінде
оқушыларға қажет әртүрлі практикалық іс-әрекеттерді көрсету, сабақтарда
оларды эксперименттік есептерді шешуге үйрету ( материалды сұрау, бекіту
және қайталау кезінде).
Екінші жолы – зертханалық жұмыстарды орындау, онда оқушылар химиялық
экспериментке, эксперименттік есептерді шешуге үйренеді.
Үшінші жолы – заттарды алу және олардың қасиеттерін оқып білу бойынша
практикалық жұмыстарды орындау. Бұл жерде оқушылар өздерінің білімдерін
және практикалық тәжірибелерін бекітеді.
Осындай жан-жақты дайындықтың нәтижесінде оқушылар практикалық жұмысқа
кіргізілген бақылау эксперименттік есептерін ойдағыдай шеше алатын жағдайда
болады. [19].
Оқушылардың эксперименттік есептерді шешуі келесідей кезеңдерден
тұрады: а) есептің шартының мағынасын түсіну; б) есепті теория жүзінде шешу
( жоспар құру), реакцияның жүру жағдайын анықтау; в) реактивтер мен
құрылғыларды дайындау; г) есепті тәжірибе жүзінде шешу; д) орындалған
тапсырма бойынша жазбаша қорытынды жасау.
Оқушыларды есеп шешуге дайындау кезінде олардың назарын талдай білу
біліктілігіне аудару керек. Шыдамдылықты қажет етеді. Сабақ барысында
мынадай құбылысты жиі байқауға болады. Мұғалім оқушының бір нұсқада сөзсіз
орындаған есебімен қанағаттанады, бірақ кей кезде рационалды басқа нұсқасы
болады. Оқушылардың есепті шешудің жете түсінген көзқарасы олардың жан-
жақты талқылауы кезінде ғана қалыптасады.
Оқушыларды экспериментік есептерді шешуге дайындауды мақсатты түрде 8-
сыныптан бастау керек. Оксидтердің қасиеттерін оқығаннан кейін, яғни
оқушыларда қажетті практикалық біліктілік жинақталған соң, көрсетілген
қосылыстардың классы бойынша материалды бекіту үшін эксперименттік есептер
ұсынуға болады. Мысалы, мынадай есеп: мыс (II) оксидін негізге ала отырып,
мыс (II) хлоридін алыңдар. Бастапқыда есеп оңай болып көрінеді, бірақ оны
шешу кезінде оқушыларды шешу схемасын ойда құруды, тәжірибе үшін заттарды
аз мөлшерде алуға үйрету керек.
Оқушылар былай ойлауы мүмкін: мыс (II) оксидінен мыс (II) хлоридіне
ауысу үшін құрамында хлор бар және металл оксидімен әрекеттесетін күрделі
зат қажет. Мұндай зат болып тұз қышқылы табылады. Кейбір оқушылар ас тұзын
ұсынуы мүмкін, себебі оларға металл оксиді мен тұзлар әрекеттеседі ме
екендігі белгісіз. Бұндай реакцияның жоқ екенін дәлелдеу үшін мұғалім
тәжірибе жүргізеді.
Онан әрі оқушылар мыс (II) оксиді мен тұз қышқылының арасындағы реакция
теңдеуін жазады, бастапқы заттардың астынғы жағына олардың агрегаттық күйін
және түсін жазады:
CuO + 2HCl = CuCl2 + H2O
қара түссіз
ұнтақ
ерітінді
Мұғалім мыс (II) хлориді қандай күйде болатынын анықтайды: қатты ма
немесе ерітінд ме? Түзілетін заттың түсі қандай? Әдетте оқушылар былай
жауап береді: сұйық зат түзіледі, себебі реакцияға қышқылдың ерітіндісін
алады және реакция нәтижесінде су түзіледі. Ал түсін айтатын кезде оқушылар
қиналады. Бұл сұрақ эксперименттік жолмен анықталады.
Содан кейін мұғалім реакцияның жүру жағдайын анықтайды: қоспаны қыздыру
керек пе немесе жоқ па? Бұл сұрақты оқушылар тәжірибені жүргізу кезінде
өздері анықтайды.
Тәжірибе жүргізер алдында мұғалім қанша мыс (II) оксидін (мысалы, бір
шыны қалақша), неше тамшы тұз қышқылын (шамамен) алу керек екендігін
айтады. Тек осындай түсіндірілгеннен кейін ғана оқушылар (немесе
демонстрациялық үстелдің жанындағы оқушы) эксперименттік есепті орындауға
кіріседі.
Оқушылар тәжірибені жүргізгеннен кейін реакция теңдеуінде мыс (II)
хлориді ерітіндісінің түсін және теңдіктің үстінде реакцияның жүру жағдайын
көрсетуі керек. Соңғы жазба (қорытынды) келесі түрде болуы мүмкін:
t
CuO + 2HCl = CuCl2 + H2O
қара түссіз
көк
ұнтақ
ерітінді ерітінді
Негіздерді оқыған кезде де оқушыларға эксперименттік есеп беруге
болады.
1. Үш нөмірленген сынауықта сілті ерітіндісі, қышқыл ерітіндісі және
дистилденген су бар. Қай пробиркада сілті, қайсысында қышқыл екенін
анықтаңдар.
2. Алмасу реакциясының көмегімен калий хлоридін алыңдар және оны
қоспадан бөліп алыңдар.
Бірінші есепті шешкен кезде сынауықтан сынама алуға көңіл аудару керек
(таза сынауыққа аздаған мөлшерде але керек, пипетка қолданған типті
тиімді). 8-сыныпта сынама алуды келесідей түсіндіруге болады: нөмірленген
сынауықтағы ерітінділер параллель сыныптарға қажет. Ары қарай 9 және
әсіресе 10-сыныпта оқушылар берілген ерітінділермен бірнеше реакция
жүргізілетінін түсінуі керек. Оларды мынадай тәсілге үйрету керек: бір
сынама алып, оны реактивпен сынау керек, сосын басқасын, үшіншісін. Бұл
тәсіл екі тұрғыдан маңызды: біріншіден, оқушылар сынаманы шатастырмайды,
екіншіден, егер ізделіп отырған зат бір сынауықта анықталса, затты
зерттеуін басқасында жүргізудің маңызы жоқ.
Тағы да бірінші есепке қайтып оралайық. Оның шешуінің жазбасы мынадай
бола алады: №1 сынауықтағы ерітінді + лакмус → қызыл түсті ерітінді,
қышқыл; №2сынауықтағы ерітнді + лакмус → күлгін түсті ерітінді,
дистилденген су; №3 сынауықтағы ерітінді + лакмус → көк түсті ерітініді,
сілті.
Егер лакмустың орнына лакмоид алса, сілтілік ортаны бейтарап ортадан
ажырату қиын. Бұл жағдайда фенолфталеин қолдану керек.
Екінші есепті шешкен кезде оқушылар калий хлоридін бейтараптау
реакциясымен алуға болады деген қорытындыға келеді. Оның мәнін еске
түсіріп, оқушылар мұғалімнің қадағалауымен тәжірибенің орындау техникасын
талқылауға кіріседі. Мұнда мынадай сұрақтарды шешеді: а) Сілтінің
бейтараптануын қышқылмен немесе қышқылдікін сілтімен жүргізеді ме? б)
Бейтараптану реакциясын жүргізу үшін қандай индикатор қолданған дұрыс? в)
Тұздың – калий хлоридінің түзілгенін қалай дәлелдеуге болады? Егер
индикатордың түсінің өзгеруінің қайшылығына назар аударатын болсақ, екінші
сұрақтың шешуі біріншінің шешуіне байланысты. Бұл сұрақтарды талқылағаннан
кейін мұғалім мақсатты түрде бейтараптайтын сұйықтың мөлшерін көрсетеді,
мысалы, сілтінің ( тәжірибе үшін 0,5-1 мл алса жеткілікті), және
бейтараптау реакциясының жүргізу техникасын қарастырады (бір тамшыдан
қосып, әр қосқан сайын сынауықты сілкіп отыру қажет).
Істелген жұмыс бойынша қорытынды мынадай түрде бола алады:
Калий хлоридін KCl алу
KOH + HCl = KCl + H2O
фенолфталеин түссіз
түссіз
малина түсті ерітінді ерітінді
ерітінді
Алынған ерітіндінің бір бөлігін буландырған кезде тұздың ақ кристалдары
түзіледі.
Есептерді шешуге үйретуді фронтальді түрде, сонымен қатар оқушыны жеке
демонстрациялық столға шақырып жүргізуге болады. Бұл кезде оқушылар барлық
сынып болып, есепті талқылауға, оны шешудің жоспарын құруға құруға
қатысады, ал тәжірибені демонстрациялық үстелге шақырылған оқушылар
жасайды. Мұғалім оқушылар тәжірибе жасау кезінде қандай қателік жібергенін
қадағалап тұрып, оқушылардың қатысуымен сол қателіктерді түзетуі керек
[20].
VIII сыныптың химия курсының соңында білімді жалпылау және
эксперименттік есептерді шешу бойынша бірінші практикалық жұмыс
жүргізіледі, оның тақырыбы Бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластары
туралы мәліметтерді жалпылау. Бұл жұмысқа оқушылар барлық химия курсын
оқығанда дайындалады. Бірақ, оларға кездейсоқтық болмас үшін, мақсатты
түрде практикалық жұмыста көрсетілген есептерді қайталамайтын сабақта басқа
типті түрлі эксперименттік есептерді шешуге уақыт бөлу керек. Есептерге
мысалдар келтірейік:
1. Екі әдіспен мыс (II) хлоридін алып, оны қоспадан бөліп алыңдар.
2. Мырыш оксидін қолданып, мырыш нитратын алыңдар.
3. Сәйкес тәжірибелер жүргізіп, магний және мыс (II) оксидінің
қасиеттерін салыстырыңдар.
Эксперименттік есептерді шешудің қорытындысы өте қысқа және нақты болу
керек. Әдетте оқушылар кең көлемдегі жазбалар жасайды, ондай жазбадан бас
тарту керек
IX сыныпта оқушыларды эксперименттік есептерді шешуге үйретуді
жалғастыру керек, себебі олардың мазмұны күрделене түседі.
Егер VIII сыныпта бейорганикалық қосылыстардың кластарын анықтаса, бір
сатыда заттардың айналуларын жүзеге асырса, IX сыныпта оқушылар нақты
заттарды анықтайды, тұз және күкірт қышқылына, хлоридтерге, бромидтерге,
иодиттерге, сульфаттарға, сульфидтерге сапалық реакцияларын қолданады,
оларға заттардың күрделірек айналулары ұсынылады.
Оған VIII сыныптағы шектеулі қолданған химиялық эксперименттерді қосу
керек. Галогендер тақырыбын оқыған кезде оқушыларға эксперименттік
есептер шешуді (фронтальді немесе оқушыларды жекелей шақыру) ұсыну керек.
Есепке мысал және шешуін келтірейік: 1, 2, 3 нөмірлі сынауықта натрий
хлориді, калий иодиді және тұз қышқылының ерітінділері берілген. Әр
пробиркада қандай зат екенін анықтаңдар.
Есепті шешуді оның анализінен (талқылаудан) бастау керек. Берілген
заттардың біреуі – қышқыл. Оны индикатормен оңай табуға болады, қалған
заттарды – қорғасын тұзының әсерімен (күміс нитратын ұқыпты жұмсау керек):
әртүрлі түсті тұнба түзіледі. Оқушылар өздерінің байқағандарын 5-кестеге
жаза алады.
Кесте 5
Зат Реактивтер Сынауық №
Лакмус Pb(CH3COO)2
HCl қызыл түсті
ерітінді
NaCl PbCl2
ақ
KI PbI2
сары
Есепті шешудің басқа жолы да мүмкін: алдымен заттардың сынамаларына
қорғасын тұзымен әсер етеді, сол кезде калий иодидін анықтауға болады,
содан кейін лакмуспен қышқылды табады.
Есепті шешудің жолын таңдағаннан кейін оқушылар оны орындауға кіріседі,
әр сынауықтан кезектеп сынама алады. Әр сынауықтың құрамын және нөмірін
белгілегеннен кейін олар кестеге жазады. Содан кейін реакция теңдеуін
құрастырады (кестенің астына).
Оттегі топшасы тақырыбын оқыған кезде оқушыларға күкірт қышқылын және
олардың тұздарын анықтауға мақсатты түрде эксперименттік есептер ұсынуға
болады. Сонымен қатар хлор ионын анықтайтын реактивтердің көрсетілген
қосылыстарға қатынасын анықтау өте маңызды. Мысалы мынадай есеп беруге
болады: нөмірленген сынауықтарда мына ерітінділер бар: натрий сульфаты,
натрий хлориді және барий хлориді. Сынауықтарда қандай заттар екенін
анықтаңдар. Оқушылардың талқылауы келесілерге бағытталуы керек. Егер
Pb(CH3COO)2 немесе AgNO3 реактивтерін қолдансақ, бірінші жағдайда үш ақ
тұнба түзіледі, ал екінші жағдайда – екі тұнба. Рационалды жолы алынған
сынамаларға бірнеше тамшы күкірт қышқылын құяды. Бұл ВаCl2 анықтауға
мүмкіндік береді. Енді осы анықталған затпен Na2SO4 анықтауға болады (NaCl
шығып қалу әдісімен анықталады). Өзінің байқауларын оқушылар 6 кестеге
жазады, тұнба немесе газ түзілмеген жағдайда қойылады, ешқандай белгі
қойылмаса тәжірибе жүргізу мақсатсыз. Бұл жол рационалды болып табылады, ол
минималды әрекеттермен сипаттталады.
Кесте 6
Зат Реактивтер Сынауық №
H2SO4 ВаCl2
Na2SO4 - ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz