Орта мектептің химия курсында «Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары» тарауын В.М.Монахов технологиясымен оқыту әдістемесі


Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 53 бет
Таңдаулыға:   
М А З М Ұ Н Ы
: I
М А З М Ұ Н Ы: КІРІСПЕ
:
: 1. 1
М А З М Ұ Н Ы: Әдеби шолу
: 6
: II
М А З М Ұ Н Ы: НЕГІЗГІ БӨЛІМ
:
: 2. 1
М А З М Ұ Н Ы: Білім беру жүйесіндегі педагогикалық технологиялар
: 10
: 2. 2
М А З М Ұ Н Ы: В. М. Монаховтың жобалап оқыту технологиясының ерекшеліктері
: 23
: 2. 3
М А З М Ұ Н Ы: Орта мектептің химия курсында «Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары» тарауын В. М. Монахов технологиясымен оқыту әдістемесі
: 32
: III
М А З М Ұ Н Ы: ҚОРЫТЫНДЫ
: 53
:
М А З М Ұ Н Ы: ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
: 55
:
М А З М Ұ Н Ы: ҚОСЫМШАЛАР
:

«Нормативтік сілтемелер»

  1. «Қазақстан Республикасы 2004 жылғы 111 қазандағы№ 1459 Жарлығымен бекітілген «Қазақстанда білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы».
  2. ҚРМЖБС 3. 09. 2006. Кәсіби жоғары білім. Бакалавриат. 050112-Химия мамандығы. -Астана, 2006ж
  3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Мектеп деңгейіндегі тәрбие мен оқыту. Негізгі ережелер 29. 11. 08ж.
  4. Ағартудың қазіргі заманғы педагогикалық теория мен практикаға дейінгі жетістіктері, ҚР Білім және ғылым Министрінің 2008 жылғы «15» қыркүйектегі, № 518 бұйрығы;
  5. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III ЗРК «Білім туралы» Заңы;

\

«Анықтамалар»

  1. «Инновациялық процесс» латынның «in-novus» деген сөзінен шыққан «жаңарту, өзгерту» мағынасында, Инновация дегеніміз - білім беру мен тәрбиелеу жұмысын жаңалықты енгізу, яғни жаңа әдіс-тәсілдер мен амалдарды қолдану болып табылады.
  2. «Интерактивті» (interaction) деген ұғым латын тілінен аударғанда - өзара байланыс деген сөзден шыққан, жеке дара тұлғаның өзіндік идеясын өзге адамдардың ой-тұжырымымен байланыстыру.
  3. SMART қамтамасыз етілген арнайы бағдарлама, ол бағдарламамен қолдан жазылған жазбаны, терілген жазба мәтінге айналдыруға немесе экран клавиатурасының көмегімен жазбаны қосуға, аудио-видеожазбалармен, мәтіндер мен объектілермен жұмыс жасауға мүмкіндік береді.
  4. SMART Board 600 тікелей проекциялы интерактивті тақта.

«Белгілеулер мен қысқартулар»

DVIT - Digital Vision Touch

ҚР МЖМБС - Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына

SMART - (specific measurable attainable relevant) - (конкретный,
измеримый, достижимый, значимый, соотносимый с конкретным сроком ) - нақты мерзімде нәтиже беретін жүйе, ақылды жүйе;

«Ақылдыдан шыққан сөз

білімдіге болсын кез».

Абай

I КІРІСПЕ

Әлемдік оқу үрдісінің өзегі - жаңа технологиялар екені мәлім. Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлесі қалыптасуда. Әрбір технология өзіндік жаңа әдіс-тәсілдермен ерекшеленеді. Әдіс-тәсілдерді білім алушының қабілетіне, қабылдау деңгейіне қарай іріктеп қолдана білу-ұстаз біліктілігін аңғартады [1] .

Ғылыми техникалық прогрестің өте шапшаң қарқынмен дамуы және ақпарттар көлемінің үнемі өсіп отыруы, әсіресе ой еңбегін және оқыту үдерісін айрықша сапалы түрде жетілдіруді талап етіп отыр. Осындай дүниежүзілік күрделі проблеманы шешудің бір жолы үздіксіз білім берудің жаңа түрлері мен әдіс-тәсілдерін табу, білім алушының өздігінен білім алуын қамтамасыз ету болып табылады.

Технология мазмұнын жете түсінбеу - оны әдістемеден ажырата алмауға әкеп соғады. Егер әдістеме көбінесе оқу үдерісін ұйымдастыру және өткізу жөніндегі ұсыныстардың жиынтығы болса, педагогикалық технологияның өзіне тән ерекшелігі бар[2] . Технология - бұл соңғы нәтижеге берілетін кепілдік және болашақ оқу үдерісінің жобасы болып табылады [3] .

В. М. Монахов өзінің педагогикалық технологиясында мынандай анықтама береді: педагогикалық технология - оқу үдерісін жоспарлаудың жүйелік әдісі болып табылады. Оқытудың тиімді түріне жету мақсатында, адам мен технология ресурстарының ара-қатынасын ескере отырып оқытушылармен білімді меңгеру үдерісін жүргізу, оны бағалау керек.

Педагогикалық технология - барлық жағынан ойластырылған, жобалау, ұйымдастыру және оқу процесін жүзеге асыру барысында оқушы мен мұғалім үшін барлық жағдайды жасауды көздейтін педагогикалық қызметтің моделі. Технологияны дұрыс жүзеге асыру үшін ең алдымен төмендегі әдістемелік принциптерді сақтау қажет:

  • ұстаздың педагогикалық шеберлігіне сену;
  • оқу үдерісінің кез-келген кезеңінде білім алушының білім-білік, дағдыларына кепілдік беру;
  • оқу үдерісін тақырып жағынан жобалау;
  • баланың дұрыс дамуы;
  • білім көзінің қорын дұрыс пайдалана білу;
  • оқу үдерісінде білім алушы мен ұстаздың бірлескен жұмысын дамыту;
  • оқыту технологиясын жобалауда мазмұны мен жүйелілік бірлігінің болуы;
  • әрбір білім алушының жалпы білім беру стандартының талаптарына сай деңгейін міндетті түрде меңгеруі [4] .

Соңғы жылдары Республикамыздағы білім беру жүйесінде демократияландыру мен ізгілендірудің стратегиялық бағыттары қалыптаса бастады. Осының нәтижесінде оқушылардың оқу іс-әрекетін бағалаудың жаңа критерийлері пайда бола бастады. Бұл үрдіс оқу жоспарлары мен бағдарламаларының әр алуандылығын көздейтін жаңа білім беру жағдайында жүзеге асырылуда. [5] .

Оқыту мен білімді бағалаудың жаңа технологияларын ендіру педагог қауымның тесттерге деген қызығушылығын арттыруда. Көптеген педагогикалық жаңалықтардың бірі болып табылатын тестік жүйе оқушылардың білім, білік, дағды деңгейін объективті бағалауға, оқушыларды даярлау талаптарының берілген стандарттарға сәйкестігін тексеруге, оқушылар даярлығындағы қиын мәселелерді анықтауға жол ашады [8, 9] .

Қазіргі кезде мектептің оқу үдерісінде 50-ден астам педагогикалық технологиялардың қолданылып жүргені мәлім. Бұл технологиялардың бәрін бір сабақта қамту мүмкін емес.

Сондықтан, мектептегі әрбір пәнді оқыту технологиясын таңдап, іріктеу және оны іс-әрекеттік тұрғыда жетілдіру арқылы оқушының білім жетістіктерін арттыруға болады. Мұнда оқушының әрекеті технологияны қабылдауы, ынтасы, құштарлығына көңіл бөлінуі тиіс.

"Химия" пәні бойынша оқушылардың оқу жетістіктерінің өлшеуіштер тәсілдері ретіндеп деңгейлік тапсырмалар жүйесін дайындауға болады.

Оқушының дайындық деңгейін саралау оқушының жеке танымдық мүмкіндігін ескерудің басты тәсілі ретінде қарастырылуы тиіс. Тапсырмаларды білімді қабылдауға бағдарланған іс-әрекеттік модель ретінде қарастыруға болады.

Оқытудан күтілетін нәтижелер тізбесін негізге ала отырып, әртүрлі деңгейдегі тапсырма түрлерін ауызша тексеру, жазбаша тексеру, тапсырма беру, жауапты талдау тапсырмалары, бір ғана дұрыс жауабы бар тапсырмалар, ашық және еркін жауабы бар тапсырмалар, түрлі практикалық сипаттағы тапсырмалар түрінде қарастыруға болады.

Тапсырмалардың мұндай түрлері оқушының іс-әрекеттік - компетенттік тәсілге (өз бетінше іздену, өз бетінше білім алу, өзін-өзі білім алуға тәрбиелеу, дамыту) бейімделуіне мүмкіндік береді.

әртүрлі әдістерді қолдану және оқушылар бірін-бірі тексеру арқылы есептің дұрыстығына көз жеткізулеріне болады, дамыта оқыту технологиясы (Л. С. Выготеский, Л. В. Занков, Д. Б. Элькокин, В. В. Давыдов) дамыта оқыту жүйесі жеке тұлғаны жеделдете қарқынды, барлық сапалармен сәйкестікте жан-жақты дамытуға бағытталған, оқытудың модульдік технологиясы (В. ММонахов) оқу үрдісін мақсатты жобалап, құруға болады.

Оқытудың компьютерлік технологиясы компьютермен жұмыс істеу техникасын меңгеру, сыныпта белсенділік көрсету, жеке жұмыс істеу, жекелеп көмек көрсету, проблемалық оқыту технологиясы, тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы (В. Ф. Шаталов) теория және практиканы блок түрінде топтау, тірек-схема, тірек-конспект түрінде берілген теориялық, материалдарды сыныпта меңгеру, үйде өз бетімен іздену, жұмыс істеу, түсіндіре басқарып - оза оқыту (С. Н. Лысенкова) алынатын білімнің алғашқы бөлігін алдын-ала оқыту, деңгейлеп саралап оқыту текнологиясы бірнеше деңгейде тапсырма беру және т. б.

Республикадағы ауыл мектептерінің оқу-тәрбие үрдісінде деңгейлеп оқыту технологиясы (Ж. Д. Қараев) жүйелік негізде оқыту технологиясы (Г. Г. Ғалиев), шоғырландырып-қарқынды оқыту технологиясы (Қ. А. Әбдіғәлиев., Н. Н. Нурахметов), блоктық-модульдық технологиясы (М. Н. Жанпеисова) қолдау табуда. Ғалымдардың пікірінше шағын комплектілі мектептер жағдайында оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруда жүйелік негізде оқыту мен шоғырландырып оқыту технологияларының оқыту сапасын арттыруда дидактикалық мүмкіндіктері мол

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Тапсырманың дұрыс және сапалы орындалуы оның мазмұнына тікелей байланысты болады. Сондықтан, ақыл-ойдың кезең-кезеңмен қалыптасу теориясына сүйене отырып әрбір тақырыпқа сәйкес, оқытудың психологиялық және педагогикалық талаптары мен дидактикалық принциптеріне сай тапсырмалар жүйесін жасау.

Зерттеудің теориялық маңыздылығы мен ғылыми жаңалығы. Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластарын қарастыру негізінде В. М. Монахов технологиясымен оқытудың әдістемесі жасалды;

Зерттеу жұмысының мақсаты. химия пәнiн оқытуда оқушылардың химиялық білімдерін, ғылыми ұғымдарын, практикалық біліктері мен дағдыларын қалыптастыруда әр түрлі әдіс-тәсілдердің мүмкiндiгiн айқындау. Оқушылардың бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары жөніндегі химиялық ұғымдарын қалыптастыруда оқу-әдiстемелiк кешеннің құрамдас бөлігі ретінде тәжірибелік жұмыс дәптерін және озық әдістемелерді пайдаланудың тиiмдi жолдары мен әдiстерiн анықтау.

Зерттеу жұмысының әдiстерi - педагогикалық әдебиеттерге, ғылыми зерттеулерге, оқулықтар мен бағдарламалаларға, әдiстемелiк құралдарға шолу жасау; химия пәнiнiң (8-сынып) оқыту үрдiсiн бақылау; оқушылардың химиялық бiлiмi мен бiлiгiн саралайтын диагностикалық сауалнамалар жүргiзу, алынған нәтижелердi қорытындылау, талдау жасау; педагогикалық эксперимент жүргiзу және оның нәтижесiн сандық және сапалық талдау.

Зерттеудің ғылыми болжамы - жүйелі және нақты жасалған тапсырмаларды орындау оқушының белсенділігі мен логикалық ойлау қабілетін арттырады.

Зерттеудің маңыздылығы: жас ерекшеліктеріне сәйкес, педагогикалық, психологиялық және дидактикалық талаптарға сай тапсырмалар жүйесін жасау оқушылардың танымдық іс-әрекетін дамытады.

II. Негізгі бөлім

2. 1 Педагогикалық жүйедегі жаңашылдықты дамыту жолдары және оның қажеттілігі

Мұндай дүниежүзілік күрделі проблеманы шешудің бір жолы- үздіксіз білім берудің жаңа түрлері мен әдіс-тәсілдерін тауып, білім алушының өздігінен білім алуын қамтамасыз ету болып табылады. Ондай жаңа оқыту тәсілдерінің бірі академик В. М. Монаховтың педагогикалық технологиясын қарастырайық.

Көптеген мұғалімдер технология мазмұнын жете түсінбейді, оны әдістемеден ажырата алмайды. Егер әдістеме көбінесе оқу процесін ұйымдастыру және өткізу жөніндегі ұсыныстардың жиынтығы болса, педагогикалық технологияның өзіне тән ерекшелігі бар. Біріншіден технология - бұл соңғы нәтижеге берілетін кепілдік; екіншіден, технология - бұл болашақ оқу процесінің жобасы. Өзінің педагогикалық технологиясында В. М. Монахов мынандай анықтама береді: педагогикалық технология - оқу процесін жоспарлаудың жүйелік әдісі; оқытудың тиімді түріне жету мақсатында, адам мен технология ресурстарды олардың ара-қатынасын ескере отырып бүкіл оқытушымен білімді меңгеру процесін жүргізу, оны бағалау.

Ғылыми тұрғыдан негізделген В. М. Монаховтың педагогикалық технологиясы мұғалім қызметін екі кезеңге бөледі.

1. Оқу процесін жобалау кезеңі.

2. Осы жобаны іске асыру кезеңі.

Бірінші кезеңде мұғалім оқу материалын шағын мақсаттар жүйесі ретінде көрсетеді. Бұл шағын мақсаттарға жету-жетпеуін жазбаша жұмыстар арқылы тексереді, яғни болжам жоспарланады. Болжамнан оқушылар жақсы өтуі үшін, мұғалім оқушыларға өз бетімен жұмыс істеуге алдын-ала тапсырыстар береді. Екінші, яғни жобаны іске асыру кезеңінде мұғалім оқу процесінің нақтылы жағдайларын ескере отырып, жобаны жүзеге асырады. Оқу процесін жобалаудағы негізгі объекті - оқу тақырыбы. Бұл оқу тақырыбының көлемі, тақырыптың күрделілігіне байланысты 6-7 сабақтан, 22-24 сабаққа дейін болуы мүмкін. Технологияда оқу процесін жобалаудың толық және бөлшектелген көрінісін технологиялық картадан көруге болады. Технологиялық карта 5 бөліктен тұрады: мақсат қою, болжам, үй жұмысын мөлшерлеу, логикалық құрылым, түзету.

Технологиялық картаның әр бөлшектері қандай жұмыс атқаратынын қарастырайық.

1. Мақсат қою . Берілген тақырыпқа қойылатын білім стандарттарының талабын жүзеге асырып жүрген бағдарлама мазмұнын талдай отырып, шағын мақсаттар қарастырылады. Тақырыптар көлеміне және оның күрделілігіне байланысты шағын мақсаттар саны 2-ден 5-ке бейін болуы мүмкін. Арнайы технологиялық ұйғарым бойынша әр шағын мақсатқа сәйкес өзіндік жұмыс құрастырылады.

2. Болжам . Бұл өзіндік жұмыстардың, яғни болжамның, ерекшелігі мынада: тексерудің және оқушылардың жетістіктерін бағалаудың қарапайымдылығы. Болжам екі түрлі тапсырмадан тұрады: білім беру стандарты деңгейіндегі тапсырма және тереңдетілген тапсырма. Болжамның 1-ші және 2-ші тапсырмалары стандарт деңгейімен сәйкес қарастырылады, ал 3-ші тапсырмада «жақсы» деген бағаға сәйкес, 4-ші тапсырмада «өте жақсы» деген бағаға сәйкес тапсырмалар беріледі.

3. Үй тапсырмасын мөлшерлеу. Егер үй тапсырмасын мөлшерлегенде біраз ақаулар жіберсе, ол болжам кезінде көзге бірден түседі. Мұғалім сәйкес түзету жүргізу керек. Үй жұмысын мөлшерлеу 3 деңгейлік тапсырмадан тұрады.

1-ші деңгей . Болжамның 1-ші, 2-ші тапсырмасына.

2-ші деңней . Болжамның 3-ші тапсырмасына.

3-ші деңгей . Болжамның 4-ші тапсырмасына сәйкес болуы керек.

4. Логикалық құрылым , оқу тақырыбына байланысты әр шағын мақсаттарды меңгеру үшін. Оқушыға қанша уақыт керек екенін, болжамды, түзетуді қайталауды, қай кезде өткізу керектігін жоспарлайды. Яғни, мұғалім өзінің әдістемелік тұжырымдарына сүйене отырып, оқу процесін тұтас және логикалық көрнекті модельге көшіреді.

5. Түзету . Түзету негізгі үш бағытта жүргізіледі:

1) Жаңа оқу материалын меңгеру кезіндегі оқушыларға тиетін қиындық.

2) Оқушылардың жұмысында жиі жіберілетін қателіктер.

3) Оқушыларды стандарт деңгейіне жеткізетін педагогикалық әдістер жүйесі.

Технологиялық карта нәтижесі әр болжамнан кейін тексеріліп, талдау жасауды қажет етеді, яғни интеграция жүзеге асырылады.

Оқу үрдісін педагогикалық технология тұрғысынан жобалау жекелеме тараулардың технологиялық карталарынан құралады. Технологиялық картаның құрамды бөліктерін және олардың атқаратын қызметтерін қарастырайық.

1. Технологиялық негізі жоғарыда айтып өткеніміздей мақсат қоюдан басаталады, яғни тақырыпқа байланысты шағын мақсаттарды анықтау.

Мақсатты нақты және анық көре білу, яғни тақырыптың негізгі сұрағын анықтай білу, мұғалімнің әдістемелік шеберлігін көрсетеді. Қойылатын мақсат мұғалімге және оқушыға ұғынықты түрде ықшам әрі түсінікті болуы қажет. Қойылған мақсат бойынша мұғалім болашақ оқу үрдісін мақсаттар түрінде көруі керек, ал оқушы үшін оның білімі мен біліктілігіне қойылатын талаптар жүйелі түрде берілуі керек.

Оның себебі мақсат көбейген сайын оның нақтылығы азайып алғашқыларының мәні жойыла бастайды. Мақсат қою технологиясы және педагогтың әдістемелік жұмысының мақсаттылығы оқу тақырыбындағы әрбір сабақтың мәнділігін арттырады, сабақтың нәтижелігіне және мазмұндылығына мұғалімнің сол сияқты оқушының да жауапкершілігін арттырады, осы сабақтың берілген мақсаттың меңгерілуіндегі орнын нақтылай түседі, ал бұның барлығы жобалаудан, технологиялық картадан басталады.

2. Берілген тақырыпты мақсаттарға бөліп алғаннан кейінгі жұмыс осы қойылған мақсаттарға байланысты оқушылар білімін болжау жұмысын құру.

Біз бірінші рет оқушыға жеке тұлға ретінде қараймыз, себебі оқушы өз деңгейін өзі таңдайды, яғни өзінің білім мөлшеріне қарай болжаудағы қажетті тапсырмалар мөлшерін таңдап алады. Болжау деп отырғанымыз оқушылардың қойылған мақсатты меңгеруін анықтауға арналған өздік жұмыс.

В. М. Монаховтың педагогикалық технологиясы бойынша болжауды құру барысында мына жеті аксиома орындалу керек:

1-аксиома . Өзіндік жұмыстың (ӨЖ) екі түрі бар: білім беру стандарты (программа) деңгейіндегі тапсырма, көтеріңкі деңгейдегі тапсырма.

2-аксиома . Стандартты ӨЖ төрт тапсырмадан тұрады: алғашқы екеуі стандартты деңгейінде, соңғы екеуі көтеріңкі деңгейде.

3-аксиома . ӨЖ-тың жалпы түрі:

1) білім беру стандарты талаптары деңгейіндегі тапсырма;

2) білім беру стандарты талаптары деңгейдегі тапсырма;

3) «Төрттік» баға деңгейіндегі тапсырма;

4) «Бестік» баға деңгейіндегі тапсырма.

4-аксиома . Алғашқы екі тапсырма қиындығы жөнінен бірдей, оқушыларға түсінікті әрі қарапайым болу керек

5-аксиома . Білім беру Заңына (әрбір 3 оқушы стандарт деңгейіне жетуге міндетті, одан әрі ол осы деңгейде тоқтай ма, жоқ па әлде әрі қарайғы деңгей тапсырмасын орындай ма, ол оқушының өз еркі) сәйкес кез келген оқушы тапсырманы берілген тәртіп бойынша және екінші тапсырма орындалмай тұрып үшінші сол сияқты төртінші тапсырманы орындауға болмайды.

6-аксиома . «Төрттік» бағаға берілетін №3 тапсырма алғашқыларға қарағанда қиынырақ болу керек. Тапсырманың қиындығы болжанатын мақсаттың мазмұнына байланысты.

7-аксиома . «Бестік» бағаға берілетін №4 тапсырма №3 тапсырмаға қарағанда қиындау болуы керек.

Міне, осы аксиомалар талаптары толық сақталғандща болжау жұмысының тапсырмалары алдыға қойған мақсатқа толық жеткізеді.

Осы аксиомаларға нақтырақ түсініктемелер берейік. 3-аксиомада болжамдағы тапсырмалар саны көрсетіледі. Онда білім беру стандарты талаптары деңгейіндегі тапсырма саны екеу екені айтылған. Оның себебі «егер оқушы алғашқы екі тапсырманы ешқандай қатесіз орындаса, онда оның білімі «мемлекеттік талаптарына» сай келеді және ол сынақтан өтті деген белгі алуына толық мүмкіндігі бар. Егер тапсырманың екеуі де орындалмаса, онда оқушы түзету (коррекция) тобына түседі. Егер екі тапсырманың біреуі дұрыс, ал екіншісі қате болса, онда ол оқушының да сынақтан өтуге мүмкіндігі бар, егер ол технологиялық картадағы «Сабақтан тыс өз бетімен орындайтын тапсырмалар» бөлігіндегі тапсырманың стандарт деңгейіндегі жаттығуларын толық орындаса.

Келесі кезекте «бестік» деңгейін анықтайды, яғни №4 тапсырманың үлгісін құрады. «Бестік» немесе ең жоғары деңгей тапсырмасы оқушылардың ойлау, есте сақтау дағдыларын жылдамдығын тексеру мақсатында болу керек. №3тапсырманың («төрттік» баға деңгейінің талаптары) қиындығы стандарт пен жоғары деңгейдің арасындағы аралық деңгей болып шығады. В. М. Монахов эксперименттік зерттеу нәтижелерінің қорытындысы бойынша «төрттік» деңгейдегі бағаның оқу орнының түріне қарай мынадай мөлшерін ұсынады: егер гимназия немесе лицей болса, онда «төрттік» бағаның деңгейі «бестік» бағаның деңгейіне, ал жалпы орта білім беретін орта мектепте «төрттік» бағаның деңгейі стандарттың деңгейіне жақындатып алу тиімді болады.

3. Оқушылардың сабақтан тыс бетімен орындайтын тапсырмаларын мөлшерлеу бөлігі. Бұл бөліктің практикалық мақсаты - оқушылардың болжау тапсырмаларына дайындығы.

Адамгершілік мақсаты - оқушыға бірінші рет «білім туралы» Заңға сәйкес өз бағасын таңдауға мүмкіндік беріледі, яғни қойылатын баға деңгейіндегі тапсырмалар жиынтығын таңдау.

Негізгі мақсат - артық тапсырмадан арылу.

Мұнда да қойылған мақсаттар санына байланысты, әрбір мақсатқа үш деңгей бойынша тапсырмалар жиынтығы беріледі. Технологиялық жобаның авторы - сабақтан тыс өз бетімен орындайтын тапсырмаларды мөлшерлеу бөлігінде оқушыға тексеру жұмысы кезінде өзінің таңдаған деңгейіндегі бағаны алуға кепілдік беретін тапсырма көлемін орындап дайындалуды ұсыну керек. Технология бойынша оқыту үрдісі кезінде де әдеттегі үйге берілетін тапсырмадан бас тартуға болмайды. Үй тапсырмасының әрқайсысының деңгей бойынша анықтап, оның қай деңгейін орындауды таңдауын оқушылардың өз еріктеріне беру қажет. Технологияның үш элементі: мақсат қою, болжау, үй тапсырмасын мөлшерлеу өзара тығыз байланыста, олардың әрқайсысы екіншісінің мазмұнын толықтырып отырады. Мақсаттың саны мен мазмұны, онда анықталған оқушыларды дамыту міндеттері тақырыпты оқытудың логикалық құрылымын құрайды. Мұнда әрбір мақсатқа жетудің уақытша ұзақтығы беріліп, сабақтың негізгі және көмекші құралдары анықталады, оқушыларды дамыту бағдарламасы құрастырылады.

Уақытпен есептелген ұзақтық қойылған мақсатқа жетуге жеткілікті болатын тақырыпқа берілетін сағат санымен анықталады. Әдеттегі күнтізбелік жоспарлаудан айырмашылығы, мұғалім оқу үрдісінің субъективті жағдайларға байланысты болатын сабақтың үйлесімді үдемелілігін кәсіпкерлік шеберлігі, сыныптың білім деңгейі және көмекші құралдарын қарастыру өзара байланыста болатын жаңа білім элементтерінің тізбесін және негізгі тақырыпты өту барысында қажет болатын қосымша ұғымдардың тізбесін анықтауды қажет етеді. Біздің жұмысымызда көмекші құрал ретінде қайталау тақырыптары алынған. Қайталау тақырыптары жаңа ұғымды енгізу барысында, оның түсінікті болуы үшін және жаңа ұғымды ілгеріде өткен ұғымдармен байланыстыру үшін қажет. Сыныптағы оқушылардың жекеше ерекшеліктеріне байланысты оқу үрдісінің логикалық құрылымына оқушылардың ойлау қабілетін, есте сақтау, сөйлеу мәнерін, ынтасын дамыту енгізіледі.

Технологиялық ең соңғы «Түзету» (коррекция) бөлігін қарастырайық. Бұл бөлік сынақтан өтпеген, яғни білім дәрежесі мемлекеттік стандарт деңгейінен төмен оқушыларға арналған. Бұл бөлікте негізі үш жағдай қамтылады.

Бірінші - қойылған мақсатқа қатысты оқу материалын меңгеру барысындағы мүмкін болатын қиындықтар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Химияны оқыту әдістемесі құрылымы
Химиялық өндірістерді оқыту әдістемесі
Сыртқы саралап оқыту
Химияны оқыту әдістерінің классификациясы
Оқушылар білімін бақылау
Орта мектепте химияны оқыту үдерісіндегі саралап оқыту технологиясы
Қышқылдардың химиялық қасиеттері
Ішкі саралап оқыту
Блум таксономиясының мақсаттары
Бейорганикалық қосылыстардың кластарын оқыту әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz