Орта мектептің химия курсында «мұнай және мұнай өнімдері» тарауын оқытуда интербелсенді әдісін қолдану


Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 50 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
: I
МАЗМҰНЫ: КІРІСПЕ
:
: 1. 1
МАЗМҰНЫ: Әдеби шолу
: 6
: II
МАЗМҰНЫ: НЕГІЗГІ БӨЛІМ
: 10
: 2. 1
МАЗМҰНЫ: БІЛІМ БЕРУДЕ ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ МАҢЫЗЫ
: 30
: 2. 2
МАЗМҰНЫ: ОРТА МЕКТЕПТІҢ ХИМИЯ КУРСЫНДА «МҰНАЙ ЖӘНЕ МҰНАЙ ӨНІМДЕРІ» ТАРАУЫН ОҚЫТУДА ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ӘДІСІН ҚОЛДАНУ
: 54
: III
МАЗМҰНЫ: ҚОРЫТЫНДЫ
: 55
:
МАЗМҰНЫ: ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
: 56
:
МАЗМҰНЫ: ҚОСЫМШАЛАР
:

«Нормативтік сілтемелер»

  1. ҚРМЖБС 3. 09. 2006. Кәсіби жоғары білім. Бакалавриат. 050112-Химия мамандығы. -Астана, 2006ж
  2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Мектеп деңгейіндегі тәрбие мен оқыту. Негізгі ережелер 29. 11. 08ж.
  3. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III ЗРК «Білім туралы» Заңы;
  4. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» - 27. 07. 2007-№ 319 ШЗ заңы (10. 07. 2012 жылға дейінгі өзгерістері және толықтыруларымен) ;
  5. Ағымды үлгірімін бақылауды, білім алушының аралық және қорытынды аттестациялауын жүргізу ережесі (ҚР БжҒМ 18. 03. 2008 ж. № 125 бұйрығы, өзгерістері мен толықтыруларымен 1. 11. 2010 ж. №506, 16. 03. 2011 ж. № 94 бұйрықтары) .

«Анықтамалар»

  1. «Инновациялық процесс» латынның «in-novus» деген сөзінен шыққан «жаңарту, өзгерту» мағынасында, Инновация дегеніміз - білім беру мен тәрбиелеу жұмысын жаңалықты енгізу, яғни жаңа әдіс-тәсілдер мен амалдарды қолдану болып табылады.
  2. «Интерактивті» (interaction) деген ұғым латын тілінен аударғанда - өзара байланыс деген сөзден шыққан, жеке дара тұлғаның өзіндік идеясын өзге адамдардың ой-тұжырымымен байланыстыру.

«Белгілеулер мен қысқартулар»

ҚР МЖМБС - Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына

Егер балалар тапсырманы түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кінәлауға тиісті емес, оларға түсіндіре алмай отырған өзін кінәлауға тиіс.

Ы. Алтынсарин

I КІРІСПЕ

Қоғамның экономикасын әлемдік деңгейге көтеру үшін білім беру жүйесін дамыту қажет. Өркениетті мемлекеттер, ең алдымен, ғылым мен экономиканың, мәдениеттің дамуымен ерекшеленеді. Интербелсенді оқыту - әрекетпен және әрекет арқылы оқыту, бұл ұстаным үлкен нәтижелерге жеткізетін тиімді жүйе деп есептелінеді, себебі адам санасында бірінші кезекте өзінің әрекеттері мен өз қолымен жасаған істер қалады. Болашақта білікті мамандары өсіп жетілген мемлекеттер ғана өркениеттің алдыңғы қатарынан көрінеді [1] .

Ел президенті Н. Назарбаевтың «Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін жолға қоюға тиістіміз» деп қолдау көрсетіп отырғаны мәлім, сонымен бірге «Қазақстан Республикасындағы - білім және ғылым» атты ақпараттық-статистикалық материалдар жинағына енген Елбасының «ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық» деген ойы да нақтылай түседі [2] .

Ғылыми техникалық прогрестің өте шапшаң қарқынмен дамуы және ақпарттар көлемінің үнемі өсіп отыруы, әсіресе ой еңбегін және оқыту үдерісін айрықша сапалы түрде жетілдіруді талап етіп отыр. Осындай дүниежүзілік күрделі проблеманы шешудің бір жолы үздіксіз білім берудің жаңа түрлері мен әдіс-тәсілдерін табу, білім алушының өздігінен білім алуын қамтамасыз ету болып табылады.

Өткен тарихымызға үңілсек, оқытудың әдістемелік мәселелерін шешу барысында М. Жұмабаев, А. Байтұрсынов, Ю. К. Бабанский, Т. С. Садықов, А. Е. Әбілқасымова, Қ. Аймағамбетова, Ж. Әбиев және т. б. ой-пікірлері оқыту саласында педагог мамандарға жол көрсетіп отырды. Сол сияқты Г. Қ. Нұрғалиева, А. К. Құсайынов, Х. М. Рахимбек және т. б отандық ғалымдардың еңбектерінде білім берудегі түрлі үздік тәжірибелерді пайдаланудың тиімді жолдары көрсетілген.

Мектептегі химия пәнін оқытудың әдістемесі және оны жаңарту мәселелері туралы И. Нұғыманов, Ж. Ә. Шоқыбаев, Н. Н. Нұрахметов, С. Ж. Жайлау, А. Мырзабайұлы, В. Н. Верховский, Л. М. Сморгонский, А. А. Макареня, Ю. В. Ходаков, С. Г. Шаповаленко, Д. М. Кирюшкин, Г. М. Чернобельская және т. б. еңбектерінде жазылған.

Сонымен қатар, шетелдік ғалымдар А. Т. Соллетте мен Е. Л. Шапетта және А. А. Сарин еңбектерінде де тиімді оқыту тәсілдері көрініс тапқан. Ж. Брунер, Д. Аусубель, Жан Пиаже және Б. Блум және т. б ғалымдар жаратылыстану пәндерін оқытудың әдістемесіне байланысты теориялық тұжырымдар жасаған. Орта мектептегі 8-сынып химия пәнін оқытуда Менделеевтің периодтық заңы және химиялық элементтердің периодтық жүйесі тақырыбын модульдік интерактивті технологиямен оқытудың тиімділігі мен ерекшелігіне арналған зерттеулер аса өзекті.

Интербелсенді оқыту тәсілі - барлық жағынан ойластырылған, жобалау, ұйымдастыру және оқу процесін жүзеге асыру барысында оқушы мен мұғалім үшін барлық жағдайды жасауды көздейтін педагогикалық қызметтің моделі.

Интербелсенді оқыту әдістемесіндегі білім игеру үдерісін ұйымдастыру жолдары :

- барлық студенттерге бірлескен таным үдерісіне белсенді араласуға мүмкіндік жасау;

- әрбір студенттің өзінің үйренгені мен өз білімі туралы түсініктерін ортаға салып, бірлесе талқылап, олар туралы өзара пікірлесу, ой толғауына мүмкіндік жасау;

- студенттер білімді өздігімен құрастыратын тілдік орта құру.

Технологияны дұрыс жүзеге асыру үшін ең алдымен төмендегі әдістемелік принциптерді сақтау қажет:

  • ұстаздың педагогикалық шеберлігіне сену;
  • оқу үдерісінің кез-келген кезеңінде білім алушының білім-білік, дағдыларына кепілдік беру;
  • оқу үдерісін тақырып жағынан жобалау;
  • баланың дұрыс дамуы;
  • білім көзінің қорын дұрыс пайдалана білу;
  • оқу үдерісінде білім алушы мен ұстаздың бірлескен жұмысын дамыту;
  • оқыту технологиясын жобалауда мазмұны мен жүйелілік бірлігінің болуы;
  • әрбір білім алушының жалпы білім беру стандартының талаптарына сай деңгейін міндетті түрде меңгеруі [4, 7] .

Соңғы жылдары Республикамыздағы білім беру жүйесінде демократияландыру мен ізгілендірудің стратегиялық бағыттары қалыптаса бастады. Осының нәтижесінде оқушылардың оқу іс-әрекетін бағалаудың жаңа критерийлері пайда бола бастады. Бұл үрдіс оқу жоспарлары мен бағдарламаларының әр алуандылығын көздейтін жаңа білім беру жағдайында жүзеге асырылуда [5] .

Оқыту мен білімді бағалаудың жаңа технологияларын ендіру педагог қауымның тесттерге деген қызығушылығын арттыруда. Көптеген педагогикалық жаңалықтардың бірі болып табылатын тестік жүйе оқушылардың білім, білік, дағды деңгейін объективті бағалауға, оқушыларды даярлау талаптарының берілген стандарттарға сәйкестігін тексеруге, оқушылар даярлығындағы қиын мәселелерді анықтауға жол ашады [8, 9] .

Мектептегі әрбір пәнді оқыту технологиясын таңдап, іріктеу және оны іс-әрекеттік тұрғыда жетілдіру арқылы оқушының білім жетістіктерін арттыруға болады. Мұнда оқушының әрекеті технологияны қабылдауы, ынтасы, құштарлығына көңіл бөлінуі тиіс.

"Химия" пәні бойынша оқушылардың оқу жетістіктерінің өлшеуіштер тәсілдері ретіндеп деңгейлік тапсырмалар жүйесін дайындауға болады.

Оқушының дайындық деңгейін саралау оқушының жеке танымдық мүмкіндігін ескерудің басты тәсілі ретінде қарастырылуы тиіс. Тапсырмаларды білімді қабылдауға бағдарланған іс-әрекеттік модель ретінде қарастыруға болады.

Оқытудан күтілетін нәтижелер тізбесін негізге ала отырып, әртүрлі деңгейдегі интербелсенді әдістеме түрлерін ұйымдастыруға болады. Әдістемелердің мұндай түрлері оқушының іс-әрекеттік - компетенттік тәсілге (өз бетінше іздену, өз бетінше білім алу, өзін-өзі білім алуға тәрбиелеу, дамыту) бейімделуіне мүмкіндік береді. Интербелсенді әдістерді қолдану және оқушылар бірін-бірі тексеру арқылы есептің дұрыстығына көз жеткізулеріне болады.

Оқытудың компьютерлік технологиясы компьютермен жұмыс істеу техникасын меңгеру, сыныпта белсенділік көрсету, жеке жұмыс істеу, жекелеп көмек көрсету, проблемалық оқыту технологиясы, тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы (В. Ф. Шаталов) теория және практиканы блок түрінде топтау, тірек-схема, тірек-конспект түрінде берілген теориялық, материалдарды сыныпта меңгеру, үйде өз бетімен іздену, жұмыс істеу, түсіндіре басқарып - оза оқыту (С. Н. Лысенкова) алынатын білімнің алғашқы бөлігін алдын-ала оқыту, деңгейлеп саралап оқыту текнологиясы бірнеше деңгейде тапсырма беру және т. б.

Республикадағы ауыл мектептерінің оқу-тәрбие үрдісінде деңгейлеп оқыту технологиясы (Ж. Д. Қараев) жүйелік негізде оқыту технологиясы (Г. Г. Ғалиев), шоғырландырып-қарқынды оқыту технологиясы (Қ. А. Әбдіғәлиев., Н. Н. Нурахметов), блоктық-модульдық технологиясы (М. Н. Жанпеисова) қолдау табуда. Ғалымдардың пікірінше шағын комплектілі мектептер жағдайында оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруда жүйелік негізде оқыту мен шоғырландырып оқыту технологияларының оқыту сапасын арттыруда дидактикалық мүмкіндіктері мол[10, 15] .

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Тапсырманың дұрыс және сапалы орындалуы оның мазмұнына тікелей байланысты болады. Сондықтан, ақыл-ойдың кезең-кезеңмен қалыптасу теориясына сүйене отырып әрбір тақырыпқа сәйкес, оқытудың психологиялық және педагогикалық талаптары мен дидактикалық принциптеріне сай интербелсенді оқыту тәсілімен оқыту жүйесін жасау.

Зерттеудің теориялық маңыздылығы мен ғылыми жаңалығы.

Орта мектептің химия курсында «Мұнай және мұнай өнімдері» тарауын оқытуда интербелсенді әдісін қолдану әдістемесін жасалды;

Зерттеу жұмысының мақсаты. Химия пәнiн оқытуда оқушылардың химиялық білімдерін, ғылыми ұғымдарын, практикалық біліктері мен дағдыларын қалыптастыруда интербелсенді оқыту тәсілдерінің мүмкiндiгiн айқындау. Оқушылардың мұнай және мұнай өнімдері туралы химиялық ұғымды қалыптастыруда оқу-әдiстемелiк кешеннің құрамдас бөлігі ретінде тәжірибелік жұмыс дәптерін және озық әдістемелерді пайдаланудың тиiмдi жолдары мен әдiстерiн анықтау.

Зерттеу жұмысының әдiстерi - педагогикалық әдебиеттерге, ғылыми зерттеулерге, оқулықтар мен бағдарламалаларға, әдiстемелiк құралдарға шолу жасау; химия пәнiнiң (11-сынып) оқыту үрдiсiн бақылау; оқушылардың химиялық бiлiмi мен бiлiгiн саралайтын диагностикалық сауалнамалар жүргiзу, алынған нәтижелердi қорытындылау, талдау жасау; педагогикалық эксперимент жүргiзу және оның нәтижесiн сандық және сапалық талдау.

Зерттеудің ғылыми болжамы - жүйелі және нақты жасалған интербелсенді оқыту тәсілі оқушының белсенділігі мен логикалық ойлау қабілетін арттырады.

Зерттеудің маңыздылығы: жас ерекшеліктеріне сәйкес, педагогикалық, психологиялық және дидактикалық талаптарға сай интербелсенді оқыту әдістемесін жасау арқылы оқушылардың танымдық іс-әрекетін дамытуға қол жеткізуге болады.

II. Негізгі бөлім

2. 1 БІЛІМ БЕРУДЕ ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ МАҢЫЗЫ

Әлемдік бәсекелестік заманында әрбір адамның білім сапасын, қабілеттік деңгейін, іскерлік мүмкіндігін анықтайтын адам ресурстарын дамыту мәселелері күн тәртібіне өткір қойылып, адамның білімі мен біліктілігі қазіргі кезеңде мемлекеттердің бәсекеге қабілеттілігінің ең маңызды көрсеткішіне айналып отыр. Бәсекеге қабілетті, интеллектуалдық күші жетік маман кадрлар болмай, әлемдік бәсекеге төтеп бере алатындай экономика дамымайды. Қай заманда да өркениеттің өрлеуі интеллектуалдық шығармашылық қабілеттің негізінде іске аспақ. Осындай қабілеттердің дамып, шыңдалуы үшін өткізілетін конференция, семинар, курстар, дөңгелек үстел, пәндік олимпиадалар, интеллектуалдық ойындар, дебат, байқаулар - жеке тұлғаларға арналған іс-шаралардың бәрі де ұстаздың жаңашыл педагогикалық ойлауына, жеке адамды дамыту құралы болып табылатын оқыту үрдісін қалып-тастыруға және шығармашылық дамуына, кәсіби шыңдалуына негіз болады.

Оқу мақсаты басымдылығының өзгеруі білім мен тәрбие мазмұнына елеулі түрде ықпал етіп, оны жаңартудың ең басты бағытттарын айқындауға және нақтылы міндеттер белгілеуге мүмкіндік береді. Жаңа мазмұнды оқытудың нәтижелілігі мұғалімнің шеберлігі мен ізденісіне көп байланысты. Бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптас-тыру ұстаздың білімділігін, жан-жақтылығын және кәсіби шебер¬лігін талап етері сөзсіз.

Мұғалім білімін көтермей, кәсіби шеберлігін шыңдамай, өскелең ұрпаққа тәлім-тәрбие береміз деу қазіргі заман талабына сай келмейді. Бұл бізге үлкен жауапкершілік жүктеп отыр. Оның үдерісінен шығу - біздің міндетіміз.

«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» - деген бүгінгі тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі біз тәрбиелеп отырған жас ұрпақтың меңгерген біліміне, алған тәжірибесіне байланысты екеніне еш күмән жоқ. Бала мектеп табалдырығын «білсем» деген үлкен ынтамен аттайды. Осы бала бойындағы ынта мен ерік, жігерді ары қарай ұштай білу әр ұстаздың алдында тұрған үлкен міндеті, оны атқару барысында ұстаз балалардың танымдық оқу іс-әрекетін инновациялық әдістерді, ақпараттық технологияларды қолдану арқылы сауатты ұйымдастыра, басқара білуі тиіс.

Нарықтық қатынастар негізінде қалыптасып келе жатқан Қазақстан Республикасының орта білім беру жүйесіндегі негізгі приоритеттердің бірі оқушылардың мүдделерін қолдау болып табылады. Осыған орай әрбір мұғалімнің ең негізгі міндеті әрбір оқушының білім алуға деген қызығушылығын арттырып әрбір оқушының шығармашылық шабытының тууына жағдай жасау. Осының негізінде ең негізгі педагогикалық міндет шешіледі: Қазақстан Республикасының азаматын қалыптастыру, өмірлік мамандығын анықтау және оның өмірге деген дұрыс көзқарасын қалыптастыру.

Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан - жақты маман болу мүмкін емес.

Өзін - өзі дамытып, оқу тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

Интербелсенді оқыту технологиясының (ИОТ) тиімділігін оқытушының оны жүзеге асыру сапасына да көп байланысты болды.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көп нұсқалық қағидасына мұғалімдердің өзіне ыңғайлы нұсқаны қолдануына мүмкіндік береді. Сонымен қатар білім сапасының алдында шығармашылық бағытта жұмыс істейтін тың жаңалықтар ашатын ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр.

Қазіргі таңда білім саласындағы басты талаптардың бірі білімді, сауатты шәкірт тәрбиелеу болып табылады. Бүгінгі күнде оқу процессі бұрынғыдан өзгешелеу. Өйткені техника, ақпараттық құралдар дамып келе жатыр. Оқушылар барлық мәліметті интернеттен алуға қызығады, қолына кітап алғысы, ізденгісі келмейді. Мұғалімнің алдындағы басты мәселе қайтсем оқушыны сабаққа қызықтыра аламын деген сұрақ аясында болуы керек. Интербелсенді әдістерді қолдану білім алушы мен білім берушінің арақатынасын мықтай түседі. Ол үшін мұғалім ізденімпаз, талапшыл, тапқыр болуы керек. Мұғалім бағыттаушы, ал шәкірт орындаушы болуы қажет. Дегенмен білім алушының өзі де ықылас пен ынта танытуы керек. Ұстаз қаншалықты керемет болса да, оқуға ынтасы мен қызығушылығы жоқ шәкіртті үйрете алмайды.

Елбасы Н. Ә. Назарбаев Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде оқыған «Инновациялар мен оқу-білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына» атты лекциясында осы мәселені келесі сөздермен дәлелдеп берген: «Қандайлық жақсы және кәсіби болса-дағы бір де бір оқытушы, егер студенттің өзі кәсіби, жоғары білікті маман болғысы келмесе, оны ештеңеге үйрете алмайды». (1)

Білімді игеру екі жақтың да(шәкірт пен ұстаздың) белсенділігін қажет етеді. Бұл үшін ұстаз дәстүрлі сабақ түрінен бас тартып, бас рөлді шәкіртке ұсынуы қажет. Төмендегі кестеден дәстүрлі сабақпен интербелсенді әдістердің айырмашылықтарын көруге болады

Дәстүрлі сабақ

1. Мұғалім уақыттың көп бөлігінде сөйлейді, белсенді

2. Оқушылар тыныш отырып, мұғалімді тыңдайды.

3. Оқытудың басым түрі-түсіндіру

4. Сабақтың негізгі бөлігі- жеке-жеке бағалау

5. Сабақ кезеңдері ұзақ мерзімде өтеді

Интербелсенді әдіс

1. Оқушылар көп уақыт бойы белсенді, тапсырманыталқылайды

2. Мұғалім-бағыттаушы. Пікірталас кезінде көмектеседі, сұрақтар қояды

3. Оқушының өзі сұраққа жауап іздейді

4. Бағалаудың жаңа түрлерінен пайдаланылады

5. Жұппен және топпен жұмыс

Р. М. Микельсон өзіндік жұмыстарды: «Оқушылар тапсырманы ешқандай жәрдемсіз, бірақ, мұғалімнің бақылауында орындайтын іс»-деп ескертеді. Сөз үйретпейді, әрекет үйретеді. Дәстүрлі оқытуда ұстаз өзіне мәлім ақиқатты жария қылып, шәкірттерінен өзінің айтқанына ғана иланып, соларды қайталап беруді талап етеді. Мен айтып берсем-оқушы түсінеді»деген қарапайым дидактикалық қағиданы ұстанады. Бүгінгі күні мұндай түсінік тіпті ескіріп кеткен. Сондықтан да әр сабақта үйренушілер бұрынғыдай тек тыңдап және көшіріп қана қоймай, белсенді әрекеттер атқаруы керек (ойлау, оқу, сөйлеу, талқылау, жазу, пікірлесу, пікір таластыру т. б)

Мектепке жаңа келген мұғалімсіз. Оқушылардың назарын қалай аударасыз. Бұл кезде мұғалім интербелсенді оқытудың мына шарттарымен таныс болуы керек:

-Жағымды психологиялық орта орнату(мыс, биопоэма, ізгі-тілектер т. б)

-қызығушылығын арттыру үшін төтесінен қызықты да жұмбақты сұрақтар қою(мотивация, ұмтылыс тудыру)

-ұжыммен жұмыс жүргізу(психологиялық ойсергектер, кестелер толтыру)

Егер осы шарттарды ретімен орындай алсаңыз, өзіңізді қандай ұстаз екендігіңізді байқатасыз, әрі оқушылардың психологиялық жағдайын анықтауыңызға әбден мүмкіндігіңіз болады.

Мұғалім оқушыда қызығушылық тудыруы үшін мынадай тәсілдерді қолдануына болады:

1. Газет-журналдардан қызықты бір оқиғаны айтып беріңіз. ( оқушылар газет-журналға қызыға бастайды)

2. Даулы немесе басқалардың көзқарасына кереғар пікір айтыңыз. ( оқушы өз ойын еркін жеткізуге әрекеттенеді)

3. Өз өміріңізден немесе іс-тәжірибеңізден мысалдар келтіріңіз. ( сізге ұқсауға немесе мамандық жайында пікірі өзгереді ) .

4. Ситуациядан шығатын тапсырмалар беріңіз, қалғанын оқушы жалғастырсын ( шығармашыл болуға әрекеттенеді) .

Егер мұғалім төмендегідей жұмыс жүргізсе, оқушылардың қызығушылығы бәсеңдейді.

  1. Мұғалім оқушымен аз араласса ;
  2. Мұғалім білімді өзі беріп, оқушының ой- пікірімен санаспаса;
  3. Мұғалім оқушылардың кемшіліктерін бетіне айтса;
  4. Оқушы ойын бөліп, тек өзі сөйлей берсе;
  5. Төтетесінен қойылған сұраққа жауап беруде қиналса т. б

Енділікте білімнің басты мақсаттарының бірі «Диалог пен қарым-қатынастықа үйрету» деп қарастырамыз. Сайып келгенде тіршіліктің негізі осындай қарым-қатынас пен диалогқа орнығады. Өмірде ең керекті білім-қоғамда қарым-қатынас құра білу, басқа адамдармен тіл табысу.

Бүгінде диалогтың екі түрі айқындалады: ақпараттық және түсіндірмелік(интерпретациялық) . Ақпараттық диалогтағы қарым-қатынасқа қатысушылардың арасында білім деңгейлері тұрғысынан алшақтық болады, ал интерпретациялық диалогта қатысушылардың білімдері біркелкі болып, тек түсініктері ғана әртүрлі болады.

Әдетте оқу/оқыту процесінде ақпараттық диалог жиі кездеседі, өйткені көп жағдайда оқытушы сабақты өзінің мол тәжірибесінен оқушыларға беру процесі деп түсінеді.

Диалогты интербелсенді әдістерді қолдану арқылы жүзеге асыруға болады, өйткені мұндай әдістер қарым-қатынас процесінің қатысушыларын ынталандырып, оларда ішкі мотивацияның пайда болуына әкеліп, өзара әрекеттесуіне ықпал жасайды.

Мотивация ережелері:

  • Қызығушылық тудыру;
  • Үйренушілерді ұдайы мақтап, қолпаштап қолдап отыру ;
  • Жүргізуші ( мұғалім ) өзі де шабыттанып, сол көтеріңкі күйін үйренушілерге көрсетуі;
  • Таңдауды әрдайым үйренушілердің өздері жасаған жөн.

Топтық жұмыс

Топтық жұмыс арқылы бірлесе әрекеттенген тиімді. Бұл үшін мұғалім топқа бөлудің қызықты тәсілдерін қолдану керек. Оқушыларды топқа бөлудің қызықты, әрі танымды тәсілін олардың алдағы жұмысқа деген ықыласын арттырады. Топпен жұмыс істегенде уақытша болса да бастарын біріктіреді, араларында бір-біріне деген жылы сезімдер орнайды.

  1. Жұмыс ережесі айқындалып, уақыт белгілеу керек
  2. Тапсырма берілген соң, топ ішінде талқылануы керек
  3. Топтар арасында бәсекені негізгі мақсатқа айналдырмау керек
  4. Жұмыс аяғында әр топ жұмыс нәтижелерін жариялап немесе ол туралы есеп беруі керек

Мұнда келесідей талаптарды ұстануға болады:

  • Тыңдай білу керек!
  • Бірлескен жұмыстарда көрермендер жоқ- бәрі де қатысушылар!
  • Әрбір қатысушы өз пікірін келтіруі керек!
  • Жанжалдарды болдырмау керек!

Сабақ аяғында ( кері ба йланысты ұйымдастыруда ) бірлескен жұмыстың нәтижелігі туралы оқушыларға келесі сұрақтарға ауызша немесе жазбаша жауап беруді тапсырған орынды.

Сабақ кезінде оқушыларды жалықтырмас үшін, ойсергектер өткізуге болады. Мысалы: есім-акроним, « өзіңе тілегенді-басқаларға тіле!», көршінің суреті, тақырыпты жасыру т. б.

Пікірталас

Оқушылардың бір өміршеңді проблема бойынша өзіндік көзқарастары мен пікірлерімен алмасу әрекеттері. Пікірталаста оқушы өз ойын еркін, ашық айтады, тосыннан сұрақ қояды, талқылайды, білім аясын кеңейтуге әрекеттенеді.

Пікірталас ережелері:

  1. Пікірталаста тұлғаның жеке қасиеті сыналмай, тек пікірлермен көзқарастар сыналуы тиіс.
  2. Пікірталаста басты мақсат жеңу емес - ақиқатқа жету
  3. Біреу сөйлегенде, оның сөзін бөлуге болмайды
  4. Басты этикалық ереже: басқа пікірлермен келіспеуге болады, алайда оларды сыйлау керек.

Кейде теледидарда біз өзі жақтаған позицияға қарсы айтылған ұғымды дәлелді, сабырлы түрде қабылдай алмаған жүргізушілердің күйіп - пісіп, пікір білдірушінің сөзін бөлетіндігін көріп жатамыз. Бұл - пікірталасты сәтсіз тұрғыдан жүргізу үлгісі. Ұстаз пікірталаста шәкірттерін өз позицияларын нақты айқындап, оларды тыңдаушыларға жеткізіп, дәлелдей біліуіне үйренуге шақырады.

Рөльдік ойындар

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Химияны оқыту әдістемесінің міндеттері
Химияны оқыту әдістемесі және оқытуда қолданылатын оқыту әдістері
Химияны жаратылыстану ғылымдарымен байланыстыра оқытудың ерекшеліктері
Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесі» тарауын конструкциялық технология арқылы оқыту
Сыртқы саралап оқыту
Белсенді оқыту әдістеріне сипаттама
Мектептерде химияның жаратылыстану ғылымдарымен байланысын инновациялық оқыту
Ішкі саралап оқыту
ХИМИЯ ЖАРАТЫЛЫС ҒЫЛЫМЫ НЕГІЗІНДЕ
Мектептегі химияны оқыту барысында инновациялық технологияны пайдалану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz