8 – сынып оқушыларын химия пәнінің оқу-әдістемелік кешен арқылы оқыту


8 - СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ХИМИЯ ПӘНІНІҢ
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН АРҚЫЛЫ ОҚЫТУ
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Зерттеудiң көкейкестілігі . Қазіргі таңда қарқынды даму үстіндегі қоғамымыз терең білімді, шығармашылықпен жұмыс істей алатын, өзіндік әрекеттің сан алуан түрлі саласында өз білімі мен біліктерін іс-жүзінде қолдана алуға қабілетті мамандарды қажет етіп отыр және олардың кәсіби даярлығының деңгейіне және сапасына қойылатын талаптарда күшейтілуде.
″Білім туралы″ Заңда мектептің міндеті тек оқушыларға білімнің жиынтығын беру ғана емес, оқушылардың өз бетінше білім алуына, өзіндік білім алудың тәсілдеріне үйрету де болып табылатындығы жайлы айтылған. [1] . Осы міндетті жүзеге асыру үшін оқушылар оқуға бөлінген уақытты тиімді пайдалана отырып, жеке пәндерді оқып үйренуде таным әдістерінің ғылыми негіздерін игерудің негізгі мектептің оқу процесіне кіретін барлық әрекет түрлерін жүзеге асыру әдістерімен қаруландырылуы тиіс. Білім беру жүйесін жаңғырту барысында біз үшін келесі іс-шараларды жүзеге асырудың маңызы зор.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтарындағы Қазақстан халқына Жолдауында білім беруге байланысты мына мәселелер баса айтылды:
« Біріншіден , оқыту үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу. Бүгінде халықаралық стандарттар негізінде Назарбаев Университеті мен Зияткерлік мектептер табысты жұмыс істеуде. Кәсіптік-техникалық білім берудің озық мекемелерінің желісі дамып келеді. Олардың тәжірибесін бүкіл қазақстандық білім беру жүйесіне таратып, барлық білім беру мекемелерін солардың деңгейіне тарту қажет.
Екіншіден, педагогтар құрамының сапасын арттырудың маңызы зор. Арқаулық педагогтік білім берудің үлгі-қалыптарын, мектептер мен жобалар оқытушыларының біліктілігін арттыруға талаптарды күшейту қажет. Әр өңірде педагогтардың біліктілігін арттыратын интеграцияланған орталықтар жұмыс істеуі тиіс.
Бесіншіден, оқу жастарға тек білім беріп қана қоймай, сонымен бірге оларды әлеуметтік бейімделу үдерісінде пайдалана білуге де үйретуі тиіс. Үкіметке мектеп оқушыларының функциялық сауаттылығын дамыту жөнінен бесжылдық Ұлттық іс-қимылдар жоспарын қабылдауды тапсырамын.
Алтыншыдан, оқыту үдерісінің тәрбиелік құрамдасын күшейту қажет. Олар-патриотизм, мораль мен парасаттылық нормалары, ұлтаралық келісім мен толеранттылық, тәннің де, жанның да дамуы, заңға мойынұсынушылық. Үкіметке барлық білім беру мекемелерінде жастардың осы құндылықтарды білуін қамтамасыз ету жөнінен типтік кешенді жоспар әзірлеуді тапсырамын. Бізде тіпті ондай оқулықтар да , жастармен дәл осы мәселелер бойынша жұмыс жүргізетін оқытушылар да жоқ. Біздің жастарымыз үшін бұл өмірлік қажеттілік», - деп нақтылаған еді [2] . Қазақстан Республикасының негізгі жалпы білім беру жүйесі дамуының кейінгі кезеңдердегі қайшылықтары ретінде жүйелік және әдіснамалық сипаттағы проблемалардың негізгілеріне: мектеп білімінің мақсаттары оқушының жеке тұлғасын дамытуға жалпы бағыттар ретінде берілуі оқушының нақты іс-әрекеттерге қабілеттілігін дамытумен байланысты мақсаттар оқушылар дайындығының деңгейіне талаптар түрінде берілмеуі, қатаң белгіленген орта білім мазмұнының оқушының өмірдегі болып жатырған жағдайларға құзырлы қатысуға жеткіліксіз болуы, білімнің мемлекеттік стандарттар аумағынан тыс қалуы және оқушыға оқудың жеке траекториясын жасауға мүмкіндік берілмеуі және әлі күнге жеке пәндерді табысты оқытуға мүмкіндік беретін сапалы оқу-әдістемелік кешендердің (ОӘК) жетіспеушілігі жатады.
Оқушылардың сабақ үлгерімінің ″бес″ балдық жүйемен бағаланатын білім, білік, дағды жиынтығы деп түсіну және өте аз санды оқу-әдістемелік кешендердің сапасыздығы мен жетіспеушілігі жоғарыда көрсетілген проблемаларды шешуде тежеуші фактор болып отыр.
Сондықтан оқу процесін ұйымдастыруға деген көзқарасымызды қайта қарап, оқуда білім, білік және дағдыны меңгертуден құзырлылықты дамытуға, оқытуда - оқу ақпаратын беруден оқушыларға күтілетін нәтижелерге жетуіне мүмкіндік беретін оқу процесін жобалауға қарай өзгерту қажеттілігі туып отыр. Сондай-ақ, оқулықтар ақпараттық функция атқарудан оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуін ұйымдастыру арқылы құзырлылықтарын дамытуға бағытталуы тиіс. Ол үшін мазмұны мен формасы алуантүрлі сапалы оқу-әдістемелік кешендер жасалуы қажет. Оның үстіне оқу-әдістемелік кешендер мұғалімнің және оқушының өз бетінше жұмыс істеуіне оңтайлы болуы тиіс.
Осы тұрғыдан қарастырсақ, әлеуметтік құндылықтар саласындағы басымдылықтардың ауысуы оқушының білім алуға ұмтылысын оятып, өзіндік жұмыс, өзіндік бақылау, өзіндік бағалау, өзін тану, өзін дамыту, ішкі ресурстарын толығымен пайдалануға қабілетті тұлғаның қалыптасуына қолайлы жағдайлардың туғызылуын талап етуде (Э. Ф. Зеер, А. В. Петровский, П. И. Пидкасистый, И. С. Якиманская және басқалар) .
Біздің пікірімізше, 2015 жылы жүзеге асырылу межеленіп отырған нәтижеге бағытталған оқыту адам еркін даму және қабілеттерін жүзеге асыру құқығы негізінде өзін өзгерте және дамыта алатын гуманистік типті тұлға болып қалыптасатын оқушылардың белсенділігі арқылы ғана жүзеге асырылады.
Оқушылардың жеке ерекшеліктерін барынша ескеріп өз бетінше жұмыс жасай алатын белсенді әрекет арқылы оқыту - бүгінгі күннің қажеттілігінен туған талап екендігін қоғам дамуы көрсетіп отыр. Осы бағытқа баса мән берілу көптеген онжылдықтар бойы үстемдік етіп келген ″оқушы - білім беру объектісі″ көзқарастарынан мүмкіншілікке қарай біртіндеп бас тарту қажеттілігін түсіндіріп береді. Оқушылардың білім алуға енжар қатынасы олардың еш нәрсені өз бетінше шеше алмайтын, үнемі сырттан нұсқау күтетін енжар тұлға болып қалыптасуына әкеп соғады. Осы тұрғыдан оқыту үдерісінд оқу-әдістемелік кешендерді орынды пайдалану өте тиімді екендігін өмір тәжірибесі көрсетуде.
Адам тұлғаның еркін дамуы негізіне оның белсенділігі, өзін бақылауы және өзгеге қатынасы жататындығы ғылыми әдебиеттерде атап көрсетілген (Ю. К. Бабанский, Л. С. Выготский, Н. А. Томин, В. Я. Ляудис және басқалар) .
Оқыту үдерісінде оқу-әдістемелік кешендерде берілетін тапсырмаларды ұйымдастыру проблемасы көптеген зерттеулердің зерттеу пәні болып келеді. Ал танымдық тапсырмалар тек оқу-әдістемелік кешендер арқылы берілетіндігі белгілі. Солардың ішіндегі біздің зерттеуіміз үшін маңыздыларына тоқталатын болсақ, тапсырмаларды оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру құралы ретінде (В. Н. Верховский, А. Д. Смирнов, В. С. Полосин, Л. А. Цветков, Я. Л. Гольдфарб, Р. Г. Иванова, И. Н. Чертков), танымдық әрекетті дамыту (А. С. Корощенко, Т. С. Сабиров), ұғымдарды жеке пән аясында қалыптастыру (Н. Е. Кузнецова, Э. Мамбетахунов), пәндік білім мен біліктерді қалыптастыру, білім нәтижелерін жоспарлау (М. В. Зуева, М. Ж. Жадрина), өтілген материалды жүйелеу, қорытындылау және бақылау (Н. А. Глариозов, Б. В. Иванова) тұрғысынан қарастыру болып табылады. Соңғы кездері оқыту үдерісінде бақылау және бағалау мақсатында әртүрлі деңгейлі тапсырмаларды пайдалану айрықша көкейтесті мәселеге айналып отыр (Ж. У. Кобдықова, С. К. Исламгулова, Г. Ж. Жадрина) .
Қазіргі таңда оқушыларға арналған оқу-әдістемелік кешендердердегі тапсырмаларға қойылатын талаптарға сай келетін қазақ тіліндегі құралдар саны жеткіліксіз. Сөйтіп, өзіндік жұмысқа бейiмдеудiң қажеттiлiгi мен осы мақсатта пайдаланылатын арнайы оқу-әдістемелік кешендердің жетімсіздігі арасында қарама-қайшылық туып отыр. Оқу-әдістемелік кешендермен өзіндік жұмыс істеу бағытында жүргізілген эксперимент жұмыстары жалпы білім беретін мекемелерде оның толық жүзеге асырылмайтындығын және білім сапасының төмен болуының да басты себебі осы екендігін көрсетіп отыр. Сондықтан да аталып өткен проблема ғалымдар мен педагог-практиктердің басты назарында болып келеді.
Алайда, аталған зерттеу нәтижелері бүгінгі таңдағы білімге, оның нәтижесіне, оқу үдерісінің субъектісі болып отырған оқушының әрекетіне қойылып отырған жаңаша талаптарға толық мағынасында жауап бере алмайды. Оқушы субъекті болуға бейімділік арқасында жеке пән бойынша білім, білік және дағдыларды игеруін өзі қадағалайды. Ал, тапсырмалар жүйесі оқу-әдістемелік кешендерде беріліп, оқушыны әрі өзіндік әрекетке бейімдеуші, әрі білім, білік, дағдыны қалыптастырушы құралға айналады.
Оқу-танымдық тапсырмалар оқушыларды өзіндік жұмысқа да бейімдеуші құрал болатындықтан олар міндетті түрде жүйелі болуы қажет. Демек, оқу-әдістемелік кешендерге дидактикалық құрал ретінде жаңаша міндеттер жүктеліп отыр.
Зерттеудің проблемасы : бір жағынан оқушының өзіндік жұмыс істеуге дағдыланған, шығармашылыққа қабілетті іскер тұлға болып қалыптасуын қажетсініп отырған қоғам сұранысын қанағаттандыратын жалпы орта мектептегі оқу үдерісінде оқушыларды өзіндік әрекетке бейімдеу қажеттілігі мен осы мақсатта пайдаланылатын оқу-әдістемелік кешендердің мүмкiндiктерiнiң теориялық және практикалық тұрғыдан талданып зерттелуінiң жеткiлiксiздiгiнен туындап отырған қарама-қайшылықтар.
Ғылыми проблеманы осылайша түсіну оның теориялық негізделу қажеттілігін, теориялық-әдіснамалық стратегиясын айқындау, осы стратегияны әдістемелік қамтамасыз етуді жүйелі жүзеге асыру, тиімді қызмет ететін және әрі қарай дамуына мүмкіндік беретін жағдайлар мен оқу-әдістемелік кешендермен өзіндік жұмыс істеуге бейімдеу құрылымын анықтау болып табылады.
Оқу үдерісінде оқушыларды өзіндік әрекетке бейімдеу қажеттілігімен сол мақсатта пайдаланылатын оқу-әдістемелік кешендердің мүмкіндіктерінiң жеткіліксіз қарастырылуы зерттеуіміздің тақырыбын ″8-сынып оқушыларын химия пәнінің оқу-әдістемелік кешен арқылы оқыту ″ деп анықтауға негіз болды.
Зерттеу нысаны - жалпы орта бiлiм беретiн мектептегi оқу үдерісінде қолданылатын жаңа типті оқу-әдістемелік кешендер.
Зерттеу пәні - 8-сынып химиясын оқыту үдерісінде оқу-әдістемелік кешені арқылы оқыту.
Зерттеу мақсаты - 8-сынып химиясын оқыту үдерісінде пайдаланылатын «Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары» тақырыбы бойынша жаңа типті оқу-әдістемелік кешендерді жасау, негіздеу және тиімділігін анықтау.
Зерттеудің ғылыми болжамы - егер химияны оқыту үдерісінде мұғалім мен оқушы пайдаланатын жаңа типті оқу-әдістемелік кешендердің мазмұны мен құрылымы анықталып, әдістемесі жасалса, онда оқушылардың өзіндік жұмысқа бейімділігі артып, терең білім алуға мүмкiндiк туады, өйткенi оқу үдерісiне қатысушылардың білім алуында өзiндiк әрекетке басымдылық берiледi.
Зерттеудің мақсаты мен ғылыми болжамына сәйкес мынандай негізгі міндеттер алға қойылады:
- оқыту үдерісінде мұғалім пайдаланатын тиімді оқу-әдістемелік кешендердің қолданылу проблемасының зерттелу жағдайын анықтау
- оқыту үдерісінде оқушылардың оқу-әдістемелік кешендердің көмегімен өзіндік әрекетке бейімделуін айқындау;
- мұғалімге және оқушыға арналған жаңа мазмұнды оқу-әдістемелік кешендердің жүйесiн жасау.
Зерттеудің жетекші идеясы - қазіргі таңдағы оқыту үдерісіндегі мұғалімге және оқушыға арналған оқу-әдістемелік кешендердің педагог еңбегін әрі жеңілдететіндей, әрі жемісті ететіндей және оқушыны өзіндік әрекетке бейім, белсенді тұлға етіп қалыптастыруда тиімді болуы. Зерттеу жұмысының теориялық және әдіснамалық негіздері - тұлғаның шығармашылық белсенділігінің дамуы жайлы философиялық зерттеулер, В. Г. Афанасьевтің, В. Н. Садовскийдің, Э. Г. Юдиннің философиялық еңбектері жатады.
Аталған проблеманы зерттеу жолындағы ізденістің басты ғылыми бағдары шығармашылық психологиясы жайлы А. В. Брушлинскийдің, Б. Г. Ананьевтің, А. Н. Леонтьевтің тұлғаның әлеуметтік-психологиялық табиғаты және құрылымын, оның дамуындағы объективті және субъективті факторлардың рөлін ашып көрсеткен еңбектері болып табылады. Сондай-ақ, өзіндік бақылауды өзіндік әрекет ретінде қарастыратын болсақ, өз бетінше ойлау, өз бетінше проблемаларды шешу ( М. К. Бородулина, Р. А. Григорьев, А. Д. Давыдов, Б. И. Ливениц, Э. А. Майер және басқалар), адам әрекетінің теориялық моменттерін толық және дәлелді түрде баяндап берген Л. С. Выготский, С. Л. Рубинштейннің ілімдері маңызды үлесін қосты. Өзіндік жұмыс, өзіндік бақылау проблемаларын, оның құрылымын және жіктелуін зерттеген А. Х. Аренов, Ю. К. Бабанский, П. Я. Гальперин, В. В. Давыдов, А. С. Лында, П. И. Пидкасистый, Н. Ф. Талызина, А. В. Усов, Е. К. Осипъянц, Г. С. Жданова және К. Ш. Арынованың еңбектерінде өзіндік жұмыс құрылымы мен жіктелуінің проблемалары ашылып, өзіндік әрекеттің функциялары біршама нақтыланған және оқу-әдістемелік кешеннің тиімділігі анықталған.
Зерттеу көздері : Қазақстан Республикасының ″Білім туралы″ Заңы, Конституциясы, Шетелдердегі қолданыстағы нәтижеге бағдарланған білім моделі (НББМ), білім беруге байланысты қаулы, қарарлар, көрнекті философтардың, психологтердің, педагогтердің еңбектері, Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептердің “Химия” пәні бойынша жалпыға мiндеттi бiлiм стандарты, соған сәйкес даярланған типтік оқу бағдарламалары, Қазақстан Республикасы 2015 жылға дейінгі білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы, оқу-әдістемелік кешендер бойынша педагог-ғалымдардың ғылыми еңбектері.
Зерттеу әдістерi: қарастырылып отырған зерттеудiң теориялық-әдiснамалық негiзiн айқындау мақсатында психологиялық, педагогикалық, әдiстемелiк әдебиеттердi зерделеу және оларға талдау жасау; “Химия” пәнi бойынша жасалған оқу бағдарламаларына, оқулықтарға, есептер жинақтарына, әдiстемелiк құралдарға, қолданыстағы оқу-әдістемелік кешендерге ғылыми-әдiстемелiк талдау жасау; оқушылардың химиялық бiлiм, бiлiктерiнiң жайын зерттеу; пән мұғалiмдерiмен әңгiмелесу; педагогикалық эксперимент жүргiзу; сауалнамалар жүргiзу; эксперимент нәтижелерiн өңдеу және қорытындылау.
Зерттеудің негізгі базасы - эксперименттік жұмыстар Қызылорда қаласындағы дарынды балаларға арналған облыстық № 4, Қызылорда қаласының №136, Шиелі ауданының №153 мектептерінде өтті. Экспериментке 345 оқушы, 7 мұғалім қатысты.
Таңдалып алынған әдіснамалық негіз және алға қойылған мақсаттар теориялық-эксперименттік зерттеудің 2 кезеңге бөлініп өткізілетіндігін анықтады.
Бірінші кезеңде (2010-2011 жылдар) - химияны оқыту процесінде мұғалім қолданатын оқу-әдістемелік кешендер проблемасы бойынша философиялық, психологиялық-педагогикалық әдебиеттер сұрыпталып, диссертациялық жұмыстар талданды және зерттеудің бастапқы бағыты айқындалды.
Бастапқы ғылыми болжамды құру үшін ізденістік эксперимент жүргізілді. Бұл кезеңде жалпы орта білім беретін мектептің оқу жоспарлары мен бағдарламалары талданды, тиiмдi педагогикалық тәжірибелер қорытындыланды, орта мектептің дамуы жайлы құжаттар және философиялық, психологиялық-педагогикалық әдебиеттер талданды, мұғалiмдермен әңгіме, сауалнама жүргiзiлдi.
Екінші кезеңде (2011-2012 жылдар) - зерттеудің міндеттері, ғылыми болжамы нақтыланды, теориялық-әдіснамалық бағыт - дидактикалық әдіс жасалынды, оқыту процесінде мұғалім және оқушы қолданатын жаңа мазмұнды оқу-әдістемелік кешендердің жүйесін жасау және оны жүзеге асырып қолдану әдісі анықталды. Осы кезеңде аталған бейімділіктерді құрастыру, жетілдіру және талдауға бағытталған эксперимент жұмыстары жүргізілді. Оқу-әдістемелік кешендердің динамикасы зерттеліп, оларды пайдаланудың іс-тәжірибесі зерттеліп, жаңа мазмұнды оқу-әдістемелік кешендердің жобалары жасалды. Осы кезеңнің зерттеу әдістері: теориялық модельдеу (сауалнама, әңгімелесу) ; оқушының оқу әрекетінің нәтижелерін талдау; баспасөз материалдарына шолу.
Қорғауға ұсынылатын қағидалар:
1. Оқу-әдістемелік кешендерді өзiндiк әрекетке бейiмдеу құралы ретiнде пайдалану мұғалімдерге оқушыларды әрекетке бейім, шығармашыл тұлға етіп қалыптастыруға басымдық бередi.
2. Мұғалімдерге және оқушыларға арналған тиімді оқу-әдістемелік кешендерді орынды қолдану оқушылардың білім нәтижелерін арттырудың бірден-бір тиімді тәсілі.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы:
1. Жаңа мазмұнды оқу-әдістемелік кешендердің мазмұны мен құрылымы анықталып, олардың қызметi нақтыланды.
2. Жаңа мазмұнды оқу-әдістемелік кешендердің жобалары оқушыларды өзiндiк әрекетке бейiмдеудi жүзеге асыруға, оқушыны оқыту үдерісінің субъектісіне айналдыруға мүмкіндік беретін жобалар.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы. Зерттеу нәтижелерiн педагогикалық жоғары оқу орындарында химия пәні бойынша болашақ мұғалімдерді дайындауда, кәсіби білім жетілдіру жүйесінде мұғалiмдердi қайта даярлау мақсатында пайдаланылуы мүмкін. Жаңа мазмұнды оқу-әдістемелік кешендердің жобалары, сабақ сценарийлері мен оқу-танымдық тапсырмалардың мүмкiндiктерi бойынша жасалған ұсыныстарды оқу пәндерi бойынша оқу құралдары мен тапсырмалар жүйесiн жасауда басшылыққа алуға болады.
Зерттеу нәтижелерінің дәлдігі мен негізділігі: әдіснамалық негізділігімен және зерттеудің бастапқы теориялық қағидаларының бір-біріне қарама-қайшы келмеуімен, бір сөзбен айтқанда проблеманы шешудің біртұтас тәсілімен қамтамасыз етілген және олар анықтамалық әдістеме кешенінің жасалынуымен, зерттеудің негізгі қағидаларының, ғылыми болжамның іс жүзінде дәлелденуімен және эксперимент барысында алынған мәліметтердің ғылыми өңделуі нәтижелерімен расталды.
Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және іс-тәжірибеге ендіру
Зерттеудің негізгі қорытындылары мен тұжырымдары Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми кеңесінде, ″Химия және химияны оқыту әдістемесі″ кафедрасының отырыстарында, облыстың №, 4, 136, 153 мектептерінде, Қызылорда облыстық кадрлар біліктілігін жетілдіру және қайта даярлау институтының химия пәнінің мұғалімдерінің курстарында, қалалық, аудандық мектеп мұғалімдерінің тамыз мәслихатында, облыстық педагогикалық оқуларда талқыланды. Жұмыстың негізгі мазмұны педагогика ғылымының докторы, профессор Әли Мүсілімұлының 70 жылдығына арналған «Сапалы білім беру - Қазақстанның және инновациялық дамуының негізі» және «Үздіксіз білім беру: проблемалары мен болашағы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияларында, Республикалық «Қазақстан мектебі» және «Химия мектепте» журналдарында жарық көрді.
Диссертациялық зерттеудің құрылымы жұмыстың міндеттері мен тақырыпты ашу логикасы арқылы анықталды және кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.
І. МЕКТЕП ХИМИЯСЫН ОҚЫТУДАҒЫ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕННІҢ РӨЛІ
- Қазіргі кезеңдегі мектеп химиясын оқытуда қолданылатын оқу-әдістемелік кешендердің сипаттамасы
Жастарға химиялық білім беру туралы көзқарас химия ғылымының даму кезеңдеріне сәйкес қалыптасты. Орыстың атақты ғалымдары М. В. Ломоносов атом-молекулалық ілім мен массасының сақталу заңының негізін қаласа, Д. И. Менделеев ашқан периодтық заң және периодтық жүйе, А. М. Бутлеровтың органикалық заттардың құрылыс теориясы орта мектептегі химия курсының теориялық негіздері болып табылады.
В. Н. Верховский, Л. М. Сморгонский, Я. Л. Гольдфарб химияның жүйелі курсының бағдарламасын жасап, оқулықтар жазса, Л. А. Цветков. Ю. А. Ходаков, С. Г. Шаповаленко орта мектептегі химия курсының мазмұны мен құрылымын ғылыми жағынан негіздеді. Химияны оқытудың ұйымдастыру формаларын жетілдіруді Д. И. Кирюшкин, химияның негізгі ұғымдарын қалыптастыру, химияны оқыту құралдарын жасау мен тиімді пайдалану әдістемесін С. Г. Шаповаленко, Н. Е. Кузнецова, химияны оқытудың өндіріспен байланысы және химиядан тереңдетіп білім беру мәселелерін Д. А. Эпштейн, химиялық эксперименттің теориясы мен сарамандығын В. С. Полосин, К. Я. Парменов, органикалық химияны оқыту мәселелерін Л. А. Цветков, химияның теориялық негіздерін оқыту әдістемесін Г. И. Шелинский, В. П. Гаркунов, химияны оқытудың басқа пәндермен байланысын Е. Е. Минченков, Д. П. Ерыгин зерттеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz