Ағзаны шынықтыру жүйесі


Пән: Спорт
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі.

Қарағанды банк колледжі.

Реферат

Тақырыбы: «Ағзаны шынықтыру жүйесі».

Орындаған:

Г - 41 тобының студенті

Кеңесова А. Ж.

Тексерген: Түсіпбаев С. Т.

Қарағанды: 2014ж.

Жоспар:

  1. Кіріспе

Ағза жайында жалпы түсінік

  1. Негізгі бөлім

Денсаулықты, ағзаны шынықтыру жолдары.

  1. Қорытынды

Ағза (орган) ; (organum, грек, organon - құрал, орган) - өзіне тән пішіні мен құрылысы және организмде алатын орны бар, белгілі бір қызмет атқаруға бейімделген, бір-бірімен заңды түрде өзара байланысқан түрлі ұлпалардан (ткань) құралған организмнің бір бөлігі. Адам мен жануарлар организмдерінде құрылысына сәйкес мүшелер: паренхималы, түтікше және қабатты мүшелер болып бөлінеді. Паренхималы мүшелерге - қомақты мүшелер, бездер және бұлшықеттер жатады. Олар екі бөліктен: паренхимадан және стромадан құралған. Паренхима - мүшенің негізгі қызметін атқаратын жұмысшы бөлігі. Оны бездерде безді эпителий ұлпасы, ал бұлшықеттерде - бұлшықет ұлпасы құрайды. Строма-мүше паренхимасы бөліктерін бір-бірімен байланыстырып, біртұтас ететін және мүшені қоректендіретін тамырлар мен оның жұмысын реттейтін жүйкелер өтетін дәнекер ұлпалық аралықтар. Паренхималы мүшелерге: өкпе, бауыр, бүйрек, бездер, көкбауыр, лимфа түйіндері т. б. жатады. Түтікше мүшелердің қабырғасы және ішінде қуысы болады. Олардың қабырғасы үш қабықтан: ішкі - кілегейлі қабықтан, ортаңғы - етті қабықтан немесе шеміршекті-талшықты қабықтан (тыныс жолдарының мүшелері - мұрын қуысы, көмекей, кеңірдек, бронхтар) және сыртқы - сірлі қабық немесе адвентициядан (ас қорыту, зәр бөлу, аталық және аналық көбею мүшелер жүйелерінің түтікше ағзалары) құралған. Түтікше мүшелерге қан және лимфа тамырлары да жатады. Олардың қабырғалары: ішкі - интимадан, ортаңғы - медиадан және сыртқы - адвентициядан тұрады. Түтікше мүшелер қабықтары өз кезегінде әртүрлі ұлпалардан құралған қабаттардан тұрады. Қабатты мүшелерге тері, көз қабықтары (қасаң қабық, торлы қабық, ақ қабық, тамырлы қабық) жатады. Тері эпидермис, дерма және шел қабаттарынан құралған.

«Салауаттану» орыстың «валеология» сөзінен шыққан. Ол денсаулық ғылымы деген мағынана білдіреді. Бұл ғылым қалай салауатты болудың, денсаулықты сақтаудың жолдарын үйретеді. Ол қоршаған ортаның зиянды әсерінен, түрлі аурулардан сақтануға көмектеседі.

Денсаулықты сақтау үшін мыналарды орындауың қажет:

•жеке бас гигиенасын сақта;

•күн тәртібін орында;

•денешынықтырумен айналыс;

•дұрыс тамақтан

•ағзаңды шыңда

•белсенді және көңілді бол.

Сонда ғана денсаулықты сақтауға және өмірде көп жақсылыққа жетуге болады. Денсаулықты сақтау үшін салауатты өмір салтының негізгі талаптарын білу керек. Оларды күн сайын орындап отыру қажет. Бұл қимыл

белсенділігі, күн тәртібін орындау, дұрыс тамақтану, жұқпалы аурулардан сақтану, жағымсыз әдеттерден бас тарту. Осы әрекеттердің бәрі денсаулықты сақтауға, нығайтуға көмектеседі.

Ағзаны әлсірететін негізгі себептер:

• күн тәртібін бұзу;

• жеке бас гигиенасын сақтамау;

• аз қозғалу;

• мазасыздану;

•жағымсыз әдеттер (темекі шегу, т. б. )

•қоршаған ортаның қолайсыздығы.

Денсаулықты нығайтуда, жұмысқа қабілеттілікті арттыруда және суық тиюден сақтандыруда ағзаны шынықтырудың пайдасы зор. Шынығуда табиғи күштер - Күн сәулесі, су және ауа пайдаланылады. Шынығу ауа райының

жағымсыз себеп - шарттарына ағзаның қарсылығын арттырады. Денсаулыққа пайда келтіруі үшін шынығуды жүйелі түрде біртіндеп жүргізу керек. Шынығудың 3 түрі болады. Олар сумен шынығу, күн сәулесімен шынығу, ауамен шынығу. Осылай ағзаны шынықтырғанда ғана жақсы нәтижеге жетуге болады, яғни сонда ғана ағзаның әртүрлі ауруларға қарсыластығы артады.

Гигиена - бұл гректің салауатты, денсаулық әкелуші деген сөзді білдіреді. Гигиена медицинаның бір саласы. Гигиена бірнеше бөлімдерге бөлінеді. Солардың бірі жеке бас және мектеп гигиеналары. Жеке бас гигиенасы-бұл денені, ауыз қуысын, киімді, іш киімді, аяқ киімді таза ұстау. Оқу орындарды, оқу үрдісін, оқушының тамақтануын, кестенің дұрыс

құрылуын талап етеді. Мысалы, сынып бөлмесі кең, жарықпен жақсы қамтамасыз етілген, желдендірілген болу қажет. Гигиеналық талаптарды орындау сенің деніңнің сау болып, дұрыс өсіп, дамуыңа мүмкіндік береді.

Дене белсенділігі - бұл шипалы күш. Әйгілі ғалым Н. М. Амосов былай деген: «Ден сау болу үшін қозғалу керек, денсаулыққа тек денешынықтыру арқылы жетуге болады!». Дене белсенділігі адам ағзасын дамытып, жұмыс істеу қабілетін арттырады, ауруды алыстатып, өмірді ұзартады.

Қимыл белсенділігінің негізгі түрлері мынадай:

  • таңертеңгі гимнастика;
  • денебап;
  • қимыл ойындары;
  • сауықтыру жаттығулары;
  • спорт секцияларына қатысу;
  • серуендеу.

ДДҰ анықтамасы бойынша қазіргі таңда адамдардың денсаулығына қауіпті факторлар:

  • Дене салмағының артықтығы жəне семіздік
  • Ашығушылық
  • Қандағы холестерин мөлшерінің артықтығы
  • Қан қысымының жоғарылығы
  • Микротағамдық заттар тапшылығы
  • Азық - түліктер мен ауыз суының төмен сапалылығы.
  • Алкоголизм
  • Темекі тарту
  • Қауіпті жыныстық қатынас
  • Тұрғын үйлерде жағылатын қатты отын түтіні
  • Оқушылар арасында асқазан-ішек патологиясының өсуінің себептік факторлары:
  • Тамақтану тəртібінің бұзылуы
  • Мектептік ыстық тамақтың болмауы
  • Дəмханалық тамақтанудың басым болуы
  • Сапасыз тағамдарды пайдалану

Салауатты тамақтану мен белсенді өмір сүру қалпының келтірер пайдалы жақтары:

  • Жалпы денсаулықты жақсартуы.
  • Жалпы көңіл-күй мен сырт пішінді жақсартуы.
  • Қалыпты өсуді, физикалық жəне ақыл-ой
  • дамуын қамтамасыз етуі.
  • Ауруларға төтеп бергіштік қарсыласуды
  • нығайту.
  • Сергектік пен энергияның тасуы.
  • Физикалық жəне ақыл-ой қабілеттілігінің
  • артуы.
  • Қалыпты салауатты салмақ.
  • Бұлшық ет жəне сүйек мықтылығы.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мəліметі бойынша əлемдегі өлім себебінің 60 пайызы тікелей дұрыс тамақтанбауға байланысты.

1. Сырт бейнені күту Мойын.

Бет терісінен гөрі мойын терісі нәзік, әрі құрғақ, оған қыртыс ерте түсіп, тез тозады. Оның алдын алу үшін үнемі басты, иықты тік, түзу ұстау қажет. Жастықсыз жатқан дұрыс. Олай жасай алмағанда аласа жастыққа жатып үйрену қажет. Бетке крем жаққанда, маска жасағанда мойынға да күтім жасалғаны жөн.

Мойын терісіне өсімдік майынан майлы компресс жасайды. Ол үшін жұмсақ шүберекті жылы өсімдік майына малып алып сығады да компресс қағазына қойып, мойынды бинтпен орап 14-20 минут ұстайды. Мойынды жуған соң 1 стақан суға 1 ас қасық сірке суы немесе лимон шырыны, 1 ас қасық арақ, 1 ас қасық тұз қосылған ерітіндіге малынған мақтамен бетті және мойынды жайлап сүртеді. Сосын иек асты мен мойынның екі жанын жиі-жиі шапалақтайды. Бұғақ үшін екі қабаттап оралған сүлгіні жоғарыдағы ерітіндіге немесе суға малып алып, мойынды сүлгінің екі ұшынан тартып ұстап, жайлап қана ұрады.

Тым тозып кеткен мойын терісіне аптасына 1-2 рет мынандай компресс жасайды: пісірілген картоптан қоймалжың жасап, оған бір жұмыртқаның сары уызын, 1 шай қасық бал, 1 шай қасық сұйық майды қосады. Оны мойынға жағып, бинтпен бостау етіп орап қояды. Мойын «құс терісі» тәріздес болса, оны аптасына екі рет ылғалданған ұсақ тұзбен сүртеді. Оның алдында мойынға сұйық май жағады. Теріні тұзбен қызарғанша ысып, сосын сүтке аздап су қосып мойынға компресс жасайды, салқын сумен жуып, крем жағады.

Шай, ақжелкен, аскөк, түймедағы, жалбыз тұнбасынан жасалған компрестердің сергітіп, тыныштандыратыны белгілі. Сүтпен де компресс жасайды. Ол үшін жаңа сауылған сүтке мақтаны малып алып, 4-5 минут қабаққа қояды. Майлы компресс жасаса да пайдалы. Ол үшін 4-6 рет қабатталған дәкені жылытылған сұйық майға малып алып, қабаққа жабыстырады, үстіне құрғақ мақта қойып, сүлгімен жауып, 10-15 минут ұстайды. Сосын салқын сумен жуады, дәкеге оралған бір түйір мұзбен қабақты сүртеді.
2. Жалаңаяқ жүру

Адамның далада жалаңаяқ жүруі - денсаулығы үшін өте пайдалы. Мұны Ежелгі Мысыр, Грекия, Рим халқы ерте кезден білген. Тіпті, ежелгі данагөйлер (философтар) жалаңаяқ жүруді ақыл-ой қабілетін нығайтудың тиімді жолы деп санаған көрінеді. Қазіргі физиолог ғалымдар мұны қуаттап, адамдардың табанында өте күшті рефлексогенді нүктелердің орналас-қанын айтады. Олардың түсіндіруінше, бұл - сезімтал жүйке ұштары шоғырланған аймақ.

Адам аяғының табанындағы 1 шаршы сантиметрде мұндай рецепторлардың саны дененің өзге аумағындағы рецептор-лардың санынан біршама көбірек. Ал жалаңаяқ жүрген кезде адам табанындағы әлгі нүктелердің белсенділігі арта түседі.

Қазіргі медицина ғылымының дәлелде-уінше, жалаңаяқ жүрудің мынандай шипасы бар:

Жүйке бұлшық етін, тотығу үдерістерін белсенді етеді.

Артериялық қысым-ды қалыпқа келтіреді.

Стенокардия, гипертония және басқа да аурулардың алдын алуда пайдасы зор.

Жүрек - қан тамыры аурулары мен бірге жүйке, психикалық аурулардың алдын алуда да шипасы мол.

Адам қимылда-ғанында оның бойында электр заряды жиналса, жалаңаяқ жүргенінде оның бәрі жерге тартылады.

Жыл мезгілінің барлық кезеңінде жала-ңаяқ жүруге мүмкіндік беретін аймақтарда жалаңаяқ жүретіндер аяқ сүйектері, буын ауруларымен сирек сыр-қаттанады.

Жалаңаяқ жүруге үйрену.

Табанын зақымдап алған адамның жалаңаяқ жүруіне болмайды. Өйткені жарақатқа жұқпа түсуі мүмкін.

Бұрын жалаңаяқ жүріп көрмегендер емдік мақсатта оны былай бастайды:

Ең бірінші, үй ішіндегі кілемде, ағаш еденде жалаңаяқ жүре бастайды.

Сосын тегіс емес, кедір - бұдырлы, салқын жерлермен жалаңаяқ жүріп дағдыланады.

Бұл жаттығуды қаладағылар әуелі үйде, сосын дәлізде, бетон басқыштарда, сосын мұзда жүріп үйренеді.

Алғашқы күндері 15-30 минут қана жалаңаяқ жүру қажет. Жаттығу уақытын кейін біртіндеп ұзартады.

Қыста қар үстінде жалаңаяқ 1-2 минуттай жүгірсе жетеді.

Аяқты шынықтыру үшін оны күн сайын салқын су мен ыстық суға кезек-кезек батырады. Осындай контрасты ванна аяқты шынықтырады.

Қар, мұз, ыстық құм, тастар, шлактар табанды күшті тітіркендіреді. Мұнан кейін жұмсақ шөптің немесе жұмсақ заттардың үстімен жүру қажет. Ол ағзаға жағымды әсер етеді.

Жалаңаяқ жүру гигиеналық ережелерді талап етеді. Олар: әрбір жалаңаяқ серуендеген соң аяқты бөлме температурасындағы сабынды сумен мұқият жуу, жатарда табанға қоректік кремдерді жағу.

Жалаңаяқ жүргенде табанда жарақат пайда болған жоқ па, оны күн сайын тексеріп тұру керек.

Буын ауруы бар адамдар жалаңаяқ жүруге үйренер алдында өзінің емдеуші дәрігерінен ақыл-кеңес алуға тиісті. 3. Фейс - аэробика жасау.

Адам бетін, мойынын, бұғағын түрлі сырқаттан қорғау, әжім түсірмеу үшін фейс- аэробика жасап тұруы қажет. Оның кең тараған түрлері мынандай:

Қас - қабақты керу.

Алға қарап отырып, басты қозғамай көз жанарын жоғары көтеріп, төмен түсіреді. Басты қозғамай оң жаққа, сосын сол жаққа қарайды. Сол кезде көз жанарын біресе жоғары, біресе төмен қаратады. Көз маңайына әжім жоламас үшін қас-қабақты күн сайын осылай қозғап тұру керек.

Жымиып күлу.

Ауызды жауып, алдыға қарап тіп-тік отырады. Осы күйде «екі езуі екі құлаққа жеткенше» жымиып күледі. Еріндердің арасы ашылмауға тиісті. 5 секунд осы қалыпта тұрады да күлкіні тиып, ерінді сүйісуге оңтайлағандай жиырып, «шүршите» алға шығарады. Осы жатығуды әр жолы 10 рет жасайды. Бұл ерін мен иек маңына, жалпы бетке әжім жолатпайды.

Ұртты үрлеу.

Ұрттың терісі ерте сыр береді. Ұртты біресе 10 секунд ішке сорып, біресе 10 секунд сыртқа үрлейді. Оны 10 рет қайталап, күніне бір рет жаттығу жасайды. Сонда ұртқа ғана емес, ауыз-мұрын маңайына да әжім түспейді.

Маңдайды керу.

Әбден кейігендей қатты қабақ түйеді де енді бір-біріне түйісуге шақ қалған қасты кірпікпен екі араға кергіш қойғандай шалқайта кері серпиді. Мұны күніне бірнеше рет қайталайды. Ол маңдай мен екі қастың арасын әжімнен қорғайды.

Шалқайып төбеге қарау.

Тіп - тік отырып басты шалқайтады да тура тас төбеге қарайды. Ауызды ашпай, тістерді беттестіріп, астыңғы жақ пен үстіңгі жақты бейне ас шайнап отырғандай қимылдатады. Осы жаттығуды бір жолы 20 рет қайталайды. Сонда мойынды да, бұғақты да әжімнен сақтауға болады.
4. Моншаға түсу.

Адам ағзасын шың-даудың ең тиімді тәсілі - моншаға түсу. Моншаның адам ағзасын шынықтыруда, сергітуде мынандай пайдасы бар:

Ыстық моншада денедегі микробтар жойылады. Моншаға көп адам түссе де, сөреде микробтар болмайды. Оларды жоятын ыстық бу, ыстық су.
Монша ыстығы денеде болатын көптеген физиологиялық реакцияларды үдетіп, қан тамырлары кеңейеді, тері қызады, буырқанып тер ағады.

Термен бірге денедегі қажетсіз заттар, қалдықтар сыртқа шығады. Соның әсерінен бүйректің қызметі, денедегі су мен тұз алмасуы жақсарады.

Моншадан кейін адам еркін тыныстайды. Ыстық, ылғалды ауа кеңсірік, кеңірдек, мұрын қуысының ішінен өтіп, оның, өкпенің зат алмасуын жақсартады. Моншадан шыққан соң өкпенің оттегіні қабылдауы үш есеге өседі.

Монша шаршағанды басады. Моншадағы ыстық бу мен судың әсерінен денеден термен бірге адам бойындағы, әсіресе, бұлшық еттегі жиналған сүт қышқылы сыртқа шығады, адам жеңілдеп қалады. Монша артық салмақтан арылтады.

Тұмау тигенде, баспамен ауырғанда, ми шайқалғанда, қан қысымы көтерілгенінде, шиқан шыққанда, қуық қабынғанда, аяқ-қол жарақаттанғанда (қатты ісіп, қанталағанда) моншаға баруға болмайды.
8. Моншаға тамаққа тойып алып бармайды. Онда жүрекке салмақ түседі. Ашқарынға да моншаға бармай, моншаға түсер алдында жеңіл -желпі тамақтанып алады.

Фин моншасына түсер алдында жеміс-жидек, көкөністер жейді.

Моншаға арақ-шарап ішіп бармайды, моншада алькоголді ішімдіктерді ішпейді.

Моншада, одан шыққан соң шай, минералды су ішкен дұрыс.

Моншаға алғаш келген адам ыстық будан жүгіріп шығып, салқын суға немесе қарға көмілсе, қан тамырлары шынықпаған адамда қанның жүрмей қалуы мүмкін.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дене тәрбиесінің мақсаты мен міндеттері
Дене шынықтыру физиологиясы
Қозғалыс жүйесі және физикалық ауыртпалық (жүктеме)
Жетілуші ағзаға спорттың әсері
Дене тәрбиесі жүйесінің міндеттері мен мақсаттары
Ауадағы дене шынықтыру жаттығулары
Тұлғаны жан - жақты дамытуда дене тәрбиесінің мәні
Дене шынықтыру жайлы
ДЕНЕ ТАЗАЛҒЫ
Дене жаттығуларының заманауи танымал сауықтыру жүйелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz