Құрылыс


Пән: Құрылыс
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 71 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1. Сәулеттік-құрылыстық бөлім . . . 4

1. 1Құрылыс салынатын аймақтың жалпы сипаттамасы . . . 4

1. 2Бас жоспар . . . 4

1. 3Сәулет-жоспарлық шешім . . . 5

1. 4 Конструктивтік шешім . . . 5

1. 4. 1 Іргетастар . . . 6

1. 4. 2Сыртқы және ішкі қабырғалар . . . 6

1. 4. 3Аралық тақталар мен едендер . . . 7

1. 4. 4 Баспалдақтар . . . 7

1. 4. 5. Шатыр . . . 8

1. 4. 6Терезелер мен есіктер . . . 8

1. 4. 7Сыртқы және ішкі өңдеу жұмыстары . . . 10

1. 4. 8. Ағаш және болат құрылымдарын қорғау . . . 10

1. 5 Жылутехникалық есебі . . . 10

1. 6Инженерлік желілер . . . 13

1. 6. 1Жылу беру . . . 13

1. 6. 2Сумен қамтамасыз ету . . . 14

1. 6. 3. Желдету . . . 14

1. 6. 4 Кәріз жүйесі . . . 15

2. Есептік-конструктивтік бөлім . . . 15

2. 1Саты баспалдағын есептеу . . . 15

2. 2Құрамалы темірбетон сатыны есептеу . . . 16

2. 2. 3. Саты қималарының өлшемдерін алдын-ала тағайындау . . . 16

2. 2. 4. Бойлық арматура қимасын таңдау . . . 16

2. 2. 5. Көлбеу қиманы көлденең күшке есептеу . . . 17

772. 2. 6Темірбетонды алаң тақтасын есептеу . . . 17

3. Құрылыс өндірісінің технологиясы мен ұйымдастыру бөлімі . . . 19

3. 1 Жер үсті бөлігін тұрғызуға арналған технологиялық картасын құру . . . 19

3. 2. Жұмыс көлемін есептеу . . . 20

3. 3. Жұмысты жүргізу технологиясы . . . 28

3. 4. Монтаждағыш кранды тағайындау . . . 28.

3. 5. Крандардың экономикалық тұрғыдан тиімді вариантын қабылдау . . . 32.

3. 6. Тасымалдағыш көліктерді таңдау . . . 34

3. 7. Жұмыс өндірісін жоспарлау . . . 35

3. 8. Қауіпсіздік техникасы . . . 35.

3. 9 Еден жұмыстары бойынша технологиялық карта . . . 38

3. 9. 1 Қолдану аумағы . . . 38

3. 9. 2Құрылыс процессін ұйымдастыру және технологиясы . . . 39

3. 9. 2. 1 Ағаш тақтайлы еденді жасау . . . 39

3. 9. 2. 2Еден жабынын керамогранит тақтайшаларынан орындау . . . 40

3. 9. 2. 3 Линолеумды еденді жасау . . . 41

4. Техникалық-экономикалық көрсеткіштер . . . 42

4. 1 Материалды-техникалық қорлар . . . 44

4. 2. Едендерді жасау бойынша қауіпсіздік техникасы . . . 52

5Құрылыс экономикасы бөлімі . . . 52

5. 1Локалді смета . . . 55

6Еңбек және қоршаған ортаны қорғау . . . 59

6. 1Қауіпті және зиянды өндірістік факторларды саралау . . . 59

6. 2 Желдету және оны жақсарту . . . 61.

6. 3 Құрылыс кезіндегі ғимараттың желдету есебі . . . 63

6. 4 Өрт қауіпсіздігі . . . 65

6. 5Өнеркәсіптік экология . . . 66

Қорытынды . . . 73

Қолданылған әдебиеттер . . . 74

Кіріспе

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында құрылыс саласы қарқынды дамып келеді. Оның мемлекетіміздің дамуына үлкен өзінің үлесі бар. Президентіміз сол туралы жарғыларды жылма-жыл көбейтіп, оның жүзеге асуын қатаң түрде қадағалап келеді. Біздің еліміздің негізгі салаларының бірі‑бала оқыту. Ағарту ісі - Ел басымыздың негізгі алға қойған мақсаттарының сатысында. Ағарту ісінің негізі‑ мектептің басталады. Қазіргі таңда балаларға арналып үлкен, қазіргі техника және технологиялармен қамтамасыздандырылған мектептер салында және алдағы болашақта салынбақшы. Қазір әсіресе селолық және аудандық аймақтарда мектеп саны мүлдем жеткіліксіз. Олардың жағдайлары әртүрлі қиындықтар талқысында. Ел басымыздың «100 мектеп ‑100 аурухана» сатысына осы бала бақша мәселесі де енгізілген. Былтырғы жылдан бастап осы жолдау орайында көптеген жұмыстар іске асуда. Осыған орай әрбір қала, қалашық, аудан орталығында мектеп ғимараттары іске асырыла бастады. Осы орайда елімізде әртүрлі деңгейде қазіргі техникамен қамтамасыздандырылған мектеп орындары салына бастады.

Құрылыс саласында әртүрлі деңгейдегі, әр саладағы үймереттер мен ғимараттар бой көтеріп жатыр. Олардың салу технологиясы мен оның өзіндік ерекшеліктері әрқашанда басты қарастыратын мәселенің барысы болып табылады. Бұл тұрғыны қарастырмас бұрын мына жағдайларды ескереміз; климаттық жағдайы, орыны, формасы. Бұларды бір‑бірімен тығыз байланыстыра отырып, құрылыс салу жүйесіндегі ғимараттың міндеті мен әлеуметтік қызметін, қала құрылысындағы рөлін анықтаймыз.

Қоғам тарихының әр сатысында сәулет өнерінің дамуы материалдық, әлеуметтік жағдайларына тәуелді болуы, сонымен бірге барлық халықтармен жоғары бағаланатын әдет‑ғұрып пен салт‑дәстүрінің ұлттық ерекшеліктерімен тікелей байланысты.

Сәулет құрылысының құрылымы ғимараттың экономикалық мүмкіндіктеріне және де құрылыс технологиясының даму деңгейіне тікелей байланысты. Жылдық есеппен дами бастаған ХХІ ғасыр да құрылыс саласын айналып өтпеді. Жаңа дамыған көптеген құрылыс саласына қажетті технологиялық өзгерістер, метериалдық ресурстардың тиімді әрі жылдам даярланатын түрлері, және де экономикалық көрсеткіштері жағынан өте тиімді болып отыр.

Қазіргі түсінік бойынша сәулетті үйлер мен ғимараттар салу-өнер. Ол бүкіл өмірлік процестерді ұйымдастырады. Өзінің эмоциялық әсерінен сәулет өнері ең маңыздысы және көнесі. Ол даму үстінде, әрі дами үстінде. ­

  1. Сәулет-құрылыс бөлімі

1. 1 Құрылыс салынатын аймақтың жалпы сипаттамасы

Құрылыс салынатын аймақ - Новоишим ауылы

Құрылыс - климаттық ауданы-1В

Топырақ-саздақ

Топырақ сулары - агрессивті

Топырақ суларының деңгейі - 6, 5-7 м

Ылғалдылық аймағы - құрғақ

Суық күндер температурасы -41 0 С

Суық бескүндіктер тмпературасы -36 0 С

Қар жабынның салмағы бойынша аймақ - 3

Қар жүктемесі - 1 кН / м2.

Жел желдеуі бойынша аймақ - 4

Жел жүктемесі - 0, 55 кН/м2.

Жербедері - тегіс

Топырақтың көтергіш қасиеті - 2. 1 кг/см2.

Топырақтың тоңдану тереңдігі - 210 см.

Сурет 1. 1 Желдер бағытын құру үшін мәліметтер

1. 2. Бас жоспар

Ғимарат жасылданған аймақта орналасқан. Жанында жолдан өткенде парк орналасқан, қоймалар және әкімшілік тұрмыстық кешені орналасқан. Ғимараттың орналасуы судың жиналу, желдің күші мен бағытына, оттан сақтау шараларына байланысты. Ғимараттың жанында газондар, ағаш пен гүл ошақтарын отырғызу қарастырылған. Жолдын ені - 7, 5 м, тратур - 1, 5-2 м, жолдар - екі бағытта, екі жақты, бір жағының бағыты - 3, 5 м.

Бас жоспардың техника-экономикалық көрсеткіші.

1. Аймақтың жалпы ауданы - 10885, 2 м2.

2. Құрылыс ауданы - 4245, 4м2.

3. Жасылдану ауданы - 2851, 5 м2.

4. Жолдар, алаңдар және т. б. ауданы - 5665 м2.

5. Жасылдану пайызы - 25, 6 %.

6. Құрылыс тығыздығы - 58, 5 %.

7. Аймақтың қолдану коэффициенті - 1.

  1. 3. Сәулет - жоспарлық шешім

Сәулет-жоспарлық шешімнің құрамы ҚР ҚНжЕ-нің 3. 02. 02-200[2] талаптарымен және бөлмелердің технологиялық және функционалдық байланысымен алдын ала келісілген.

500 орынды оқушыларға арналған мектеп СҚО, Ғ. Мүсірепов ауданы Новоишим селосында салынады. Жобалау ғимараты 3 қабатты, жертөлесі бар. Жертөле биіктігі еденнен жабын астына дейін - 3, 0 м және 1, 2, 3- ші қабаттар биіктігі - 3, 6 м.

- Жертөледе мыналар орналасқан: вентиляциялық бөлме, сантехника мен электрика қоймалары және коридор орналасқан.

- Бірінші қабатта мыналар орналасқан: дәліз, снарядтық., қойма, тамбур, тренажер залы, шебер кабинеті, дәрігерлікт пункт, әлеуметтік пәндер кабинеттері, вестибюль, күзет бөлімшесі, дәретханалар, гимнастика залы, асхана қоймалары, түскі ас залдары, тамақтарға арналған цехтар мен қоймалар, спорт залы, техникалық қызметші кабинеттері және де жинау заттарының қоймалары орналасқан.

- Екінші мен үшінші мыналар орналасқан: қыздар мен ұлдар және мұғалімдерге арналған дәретхана, қыздар мен мұғалімдерге арналған гигиеналық бөлме, оқу ісі меңгерушісінің кабинеті, директор кабинеті, өнер және қоғамдық істермен айналысатын кабинет, мұғалімдер кабинеті коридор, шет тілдер мен математика, биология, қоғамтану қабинеттері орналасқан.

1. 4 Констуктивтік шешімдер

Қоғамдық ғимараттардың құрылымдық шешімдері қойылған техникалық талаптарға сай болу керек, яғни беріктігі, тұрақтылығы, төзімділігі, өрт қауіпсіздігі және экономикалық жағынан. Бұл талаптарды қанағаттандыру ғимараттың көлемдік-жобалық шешімдеріне, алдын ала кернелген темірбетонды, жеңіл бетонды, болатты, алюминийді және ағашты қолдануға жауап беретін рационалды құрылымдық жүйелерді қолдану арқылы жүзеге асады. Қоғамдық ғимараттардың түріне және жергілікті құрылыс индустриясына байланысты олар жиналмалы, тұтас құймалы т. б. болуы мүмкін.

Жобалау ғимараты - тұтас құймалы қанқалы. Көтеруші қаңқа және жабын дискілері тұтас құймалы темірбетоннан. Тұтас құймалы темірбетоннан жасалған ұстындар қимасы ғимарат биіктігіне сай өзгермелі, өлшемдері цоколді қабатта 600*600мм, бетон классы В25. Тұтас құймалы темірбетоннан жасалған қатандық диафрагмалар қимасы тұрақты ғимарат биіктігі бойынша қалындығы t=400мм, бетон классы В25. Горизонталь дискілері тұтас құймалы темірбетоннан жасалған аралық жабындарынан құралған, қалындығы 200мм, бетон классы В25.

1. 4. 1. Іргетастар.

Іргетас деп ғимараттың үстінгі бөлігіндегі пайда болатын тұрақты және уақытша жүктемелерді қабылдайтын және бұл жүктемелерден пайда болатын қысымды негізге беретін ғимараттың жерасты бөлігін айтады.

Іргетас ленталы құрастырылған, темірбетон. Іргетас арқалықтарының номинал ұзындығы 12 м, алдын ала-кернеуленген, ФБН-1к маркасы. Трапециялы көлденең қимасымен. Блоктың үстіңгі бөлігі еденнің таза деңгейінен 30 мм-ге төмен орналасқан. Астынғы қабаттың қабырғасы тұтас құймалы пенополистирольмен жылу оқшауланған «Пеноплекс» жабынды, 600х600 мм өлшемді ФБС блоктары. Жер асты суының есептік деңгейі 352, 80. Жер асты сулары және топырақ SO 4 - 1392мг/л, CL=786 мг/л портланцеметінде жасылынған бетонға қауіпті. 0, 35 нүктесінен астындағы жатқан бетон және темірбетон өнімдері сульфатқа қарсыласатын портланцементтен жасалынуы тиіс.

1. 4. 2. Сыртқы және ішкі қабырғалар

Сыртқы қабырғалар ғимараттың ең жауапты құрылымы. Олар әр түрлі және көптеген күштердің әсеріне ұшырайды. Қабырғалар өзінің салмағын, жабындар мен аралық жабындарынан түсетін тұрақты және уақытша жүктемелерді, желдің әсерін, негіздің біркелкі емес деформациясын, сейсмикалық және т. б. күштерді қабылдайды. Сыртқы қабырғалар сырттан күн сәулесінің радиациясына, атмасфералық түсімдерге, өзгермелі температураға және ауа ылғалдылығына, сыртқа шуға ұшырайды, ал ішкі жағынан жылу ағымы әсеріне, су буы ағымына. Сыртқы қоршау құралымдарын және қасбеттің композиттік элементтерін істеу кезінде сыртқы қабырға беріктік, көпғасырлық, өртке төзімділік талаптарына жауап беріп, сырттан келетін әсерлерден қорғап, бөлмеде керекті ылғал -температуралық режимді сақтап, декоративтік қасиеттері болуы тиіс. Сонымен қатар қабырғалар құралымдары индустриалдық талаптарды қанағаттандырып, экономикалық жағынан тиімді болуы керек. Өйткені қабырғалар қымбат құрылымға жатады (ғимарат құнынын 20-25 %) .

Ауадағы шудан қалыпты дыбыс изоляциялық деңгейді қамтамасыз етеді.

Қоршаушы конструкцияны дұрыс эксплуатациялау бөлмелерді тұрақты температуралық режимде қамтамасыз етеді. Кеңсе бөлмелерінде ылғалдылығы 60 % кезiнде +20 градус, сантүйiнде + 16 градус.

Жер төле қабырғалары тұтас құймалы, қалындығы 60см. Сақтау бөлімінің қабырғалары кірпіштен МеМСТ 530-95 бойынша.

Жер төленің ішкі қабырғалары керамикалық кірпіштен қалыңдығы 380мм МеМСТ 530-95 бойынша.

Сыртқы қабырғалар қалыңдығы 510 мм жеңіл керамикалық кірпіштен қалау КОРПо НФ/100/2, 0/50/ ГОСТ 530-2007 ерітіндінің маркасымен 75 сериясы 2. 130-8 орындау 0; 1 қалаудың түрі А-64, жылуоқшаулағыш - t-80мм Евро-Вент жылытқышы және М125 минералдық жабын, t- 100 мм Евро-Вент Н жылытқышы орналасқан, 30мм ауа саңылауынан кейін сыртқы қалау беті 600х600мм керамогранитті панельмен орындалған.

Арақабырғалар - ГОСТ 530-2007 бойынша толықденелі керамикалық кірпіш қалыңдығы 120 мм, 250мм, 380 мм.

  1. Аралық тақталар мен едендер

Аралық тақталар - құрастырмалы көпқуысты темірбетонды жабыннан жасалған. Қалыңдығы 200мм.

Еден - жер немесе жамылғылар үстiне орнатылатын құрама конструкция. Еденнiң жиынтығын және жеке қабаттарының конструктивтiк орындауы оның ұйғарылған пайдалану жағдайларымен анықталады.

Еденнiң тiкелей пайдалану әсерiне ұшырайтын үстiңгi элементiн жабу (“Нағыз” еден) деп атайды. Еденнiң жабу түрi оның атымен анықталады: паркет, тақта мозаикалық және тағы басқа.

Еденнiң жабуы мен еден орналасқан үймереттiң жүк көтеретiн элементiнiң аралығында әр кайсысының нақты функционалдық мiндетi бар аралық қабаттар болады: қабатша, тұтастырғыш су айыру, жылылықты өткiзбеу, төсенiш қабаты. Еденнiң жалпы жылу өткiзгiштiгiн азайтатын қабат бұл жылылықты өткiзбеу. Құрмалас калыңдығы 200 мм темiрбетон тақталар жабын ретiнде қолданылады.

Кеңсе бөлмелерінде едендерге паркет төселген, вестибюль, тамбур, мен баспалдақ алаңында керамикалық тақта төселген. Едендер конструкциясы қабаттар арасындағы жабындар ауаның және соққыш шудан дыбысизоляциясын қалыпты деңгейде қамтамасыз етедi.

Терезе жабындары (перемычки) құрамалы темірбетонды 1. 038. 1. Шығ. 1 серия бойынша.

1. 4. 4 Баспалдақтар

Баспалдақтар әр қабатта орналасқан бөлмелердің қатынасы үшін тағайындалады. Сонымен қатар ғимараттан адамдар мен мүлікті апаттық эвакуациялау және өрт сөндіруші топтардың жұмысын жеңілдету үшін. Баспалдақтар - монолитті болаттан жасалған косоур бойынша темірбетонды баспалардан тұрады. Баспа торлары ҚР ҚНжЕ-нің 2. 02-05-2002 «Үймереттер мен ғимараттардың өрт қауіпсіздігі» талаптарына сәйкестендіріліп жасалған [6] .

  1. Шатыр

Ғимараттың шатыры - желдетілетін, ылди толқынды асбестоцементті табақшалар, ағаш стропилалы құрылымдармен жабылады.

Ғимарат 60% -тен көп емес ылғалдылықа пайдаланылады. Барлық болат және қосылыстарда пайдаланылатын бөлшектерді Қнже 2. 03-11-85 «Құрылыс конструкцияларын тоттан қорғау» нұсқауларына сай орындау қажет.

Менім жобамда екі жақты ойыс шатыр тіреуіш жүйесінде итарқалы металлчерепицадан жасалған.

1. 4. 6 Терезелер мен есіктер

Күннің жарығын өткізетін қоршаулардың тағайындалуы - күннен түсетін жарықты бөлмелерге өткізу адамдардың сыртқы ортамен визуалды қатынасын қамтамасыз ету үшін. Негізгі күннің көзін өткізетін материал - силикат шынысы. Шыныны түзеп қатандық беретін алюминий мен металлопластиктен жасалған элементтер. Терезелердің өлшемдерін күндізгі

жарықпен қамтамасыз ету нормативиік талаптарды, сәулеттік композицияны, эксплуатациялық ысырапты ескере отырып тағайындайды. Есіктердің өлшемдері стандартталған. Олар екіпольді және бір польді болып жобаланған. Биіктіктері 2, 1 м, ендері 0. 71 м, 0, 8 м, 0, 9 м, 1, 0 м, 1, 2 м, 1, 3 м, 1, 35 м, 2 м болып келеді. Эвакуацияға байланысты түгел есіктер сыртқа қарай ашылады.

Терезелер - үш қатарлы әйнекпен әйнектелген алюминий. Сыртқы есіктері - ағаштан, металлдан, металлопластиктан жасалынған. Ішкі есіктері - индивидуалды. Терезелік блоктар - металлопластиктен екі камералық терезе пакетінен істелген. Терезе асты (подоконник) металлопластиктен жасалынған. Жалпы есіктер саны 338, терезелер саны 258.

C:\Users\Bakha\Desktop\готовый\061538af.png

Сурет 1. 5-1. Есіктің түрлері

C:\Users\Bakha\Desktop\готовый\6e068db9.png

C:\Users\Bakha\Desktop\готовый\48278912.png

Сурет 1. 5-2. Терезелердің түрлері

  1. Сыртқы және ішкі өндеу жұмыстары

Ішкі әрлеу жұмыстарын жасау үймереттер тұрғызудың соңғы кезеңі болып табылады. Олардың міндеті - тұрғын үйге аяқталған түр беру болады.

Әрлеудің техникалық міндеті ең алдымен түзілістердің қоршаған ортамен өзара байланысымен анықталады. Әрлеу жабулары түзілістерді дымқылдану, коррозия, механикалық бүлдіру әсерлерәнен қорғайды. Олар және де бөлмелердің акустикалық қасиеттерін, олардың инсоляциясын, ауа алмасуын беруі мүмкін.

Жабудың пайдалану қасиеттері негізінен адамның шаруашылық қызметінде анықталады. Сондықтан әрлеу жабулары механикалық әсерлерге тұрақты, санитарлық - гигиеналық тазалауға мүмкіндік беретін, уытты болмау және ұзақ уақыт өзінің алғашқы түрін сақтайтын болу керек.

Ішкі әрлеу жұмыстары технологиялық белгілері бойынша сылақ қаптау, майлау, түсқағазды желімдеу және тағы басқа жұмыстар түріне бөлінеді.

Цоколь суға төзімді граниттен салынған. Орталық және қосалқы баспалдақтар граниттен қаланған . Офистік бөлмелердің қабырғалары мен төбесі сылақтан витонитпен түзетілген және үстіне түсқағаз желімденген. Плинтустары ағаштан жасалынған. Коридорлар төбесі ілінгіш төбе “ARMSTRONG» - пен өнделген. Сан. түйіндерде, қоймаларда қабырғалар керамикалық тақтайшамен салынған М 150 ертісінен.

1. 4. 8 Ағаш және болат құрылымдарын қорғау.

Бұйымдардың болаттық байланыстарын коррозиядан қорғау, яғни анкерлік және пісіру байланыстарын ҚР ҚНжЕ 2. 01-19-2004ж. талабына сәйкес орындау. Түгел металлды бұйымдарды ПФ-1 МеМСТ 6405-76 * эмальмен бояу екі қабаттық грунтовкамен ГФ МеМСТ 25129-82 * . Түгел ағаштан жасалынған бұйымдарды шіруден сақтау мақсатында және керекті отқа төзімділігін қалыптастыру ұқыпты антисептеу және антиперендермен өндеу жүргізіледі. Металл құрылымдарды Эмаль ПФ-115 бояуымен бояп қорғайды.

1. 5. Сыртқы қабырғаның теплотехникалық есептеуі

Қоршаушы құрылымдарға қажетті ішкі кедергіні R 0 тр анықтау, ҚНжЕ талаптарына сәйкес анықталған қажетті кедергі бойынша жылытқыш қабатының қалыңдығын есептеу.

Қоршаушы құрылымдардың жылу өткізуге кедергісінің мәні R 0 қажетті кедергінің R 0 тр мәнінен үлкен немесе сол мәнге тең болуы керек.

Қоршаушы құрылымдардың жылу өткізуге қажетті кедергісінің R 0 тр мәні екі өлшемнің үлкенімен анықталады:

R сг тр - санитарлы-гигиеналық нормалар бойынша қажетті кедергі;

R эн тр - энергия сақтау бойынша қажетті кедергі.

R сг тр келесі формула бойынша анықталады:

, (1. 1)

мұндағы t вн - жылытылатын бөлменің сипаттамалық температурасы, t вн =20ºС;

t н. о - ең суық бескүндіктегі есептік сырқы ауа температурасы, ºС.

n - қоршаушы құрылымдардың сыртқы бетінің сыртқы ауаға қатысты орналасуына байланысты алынатын коэффициент, n=1 (сыртқы қабырғалар үшін) ;

Δt н - ішкі ауа және қоршаушы құрылымдардың ішкі беттік температурасы арасындағы нормативтік температураның айырмасы, Δt н =4ºС (сыртқы қабырғалар үшін) ;

α в - қоршаушы құрылымдардың ішкі беттік жылу беру коэффициенті, α в =8, 7 Вт/м 2 ∙ ºС;

м 2 ∙°С/Вт

Әрі қарай энергия сақтау шарттары бойынша жылу өткізуге қажетті кедергіні анықтаймыз. Ол үшін жылытылатын периодтың градус-тәулігін келесі формула бойынша анықтаймыз:

ГСОП = (t вн - t оп ) ∙n 0 , (1. 2)

мұндағы t оп - ауаның орта тәуліктік температурасы ≤ 8°С болатын периодтың орта температурасы, t оп = -8, 1°С (Петропавл қаласы үшін) ;

n 0 - ауаның орта тәуліктік температурасы ≤ 8°С болатын периодтың ұзақтылығы, n 0 = 215 тәулік.

ГСОП = (20+8, 6) ∙218 = 6235°С∙тәулік

1. 1-кестені қолдана отырып, интерполяция әдісімен жылу өткізуге кедергіні R эн тр анықтаймыз.

Кесте 1. 1 - Энергия сақтау шарты бойынша жылу өткізуге кедергі

Ғимарат
ГСОП, °С∙тәулік
R тр , м 2 ∙°С/Вт
қабырға
төбе жабын
терезе мен есік
Ғимарат: Тұрғын үйлер, бала-бақшалар, интернаттар
ГСОП, °С∙тәулік: 4000
Rтр, м2∙°С/Вт: 2, 8
4, 2
0, 45
Ғимарат: 6000
ГСОП, °С∙тәулік: 3, 5
Rтр, м2∙°С/Вт: 5, 2
0, 60
Ғимарат: 8000
ГСОП, °С∙тәулік: 4, 2
Rтр, м2∙°С/Вт: 6, 2
0, 70
Ғимарат: 1
ГСОП, °С∙тәулік: 4, 9
Rтр, м2∙°С/Вт: 7, 2
0, 75
Ғимарат: 12000
ГСОП, °С∙тәулік: 5, 6
Rтр, м2∙°С/Вт: 8, 2
0, 80

Қоршаушы құрылымдардың жылу өткізуге қажетті кедергісі:

6000 R эн тр = 3, 5/1, 163=3, 009 м 2 ∙°С/Вт

8000 R эн тр = 4, 2/1, 163=3, 61 м 2 ∙°С/Вт

м 2 ∙°С/Вт

Қоршаушы құрылымдардың жылу өткізуге қажетті кедергісін R 0 тр екі өлшемнің R сг тр және R эн тр үлкен мәніне тең деп қабылдаймыз.

R эн тр > R сг тр болғандықтан, R 0 тр = м 2 ∙°С/Вт.

Сыртқы қабырғаның толық кедергісі R 0 қабаттардың термиялық кедергілерінің, сонымен қатар, жылу беруге ішкі R в және сыртқы R н беттердің кедергілерінің қосындысы бойынша келесі формула арқылы анықталады:

, (1. 3)

мұндағы α н - қоршаушы құрылымдардың сыртқы бетінің жылу беру коэффициенті, α н = 23 Вт/(м 2 ∙°С) ;

α в - қоршаушы құрылымдардың ішкі бетінің жылу беру коэффициенті, α н = 8, 7 Вт/(м 2 ∙°С) .

(1. 4)

Қабырға келесі қабаттардан тұрады:

1 қабат - цементті-құмды ерітіндегі кірпіш, λ к =0, 52 Вт/(м∙°С), δ к =0, 120м;

2 қабат - минералды мақта жылытқышы, λ ж =0, 064 Вт/(м∙°С) ;

3 қабат - цементті-құмды ерітіндегі кірпіш, λ к =0, 52 Вт/(м∙°С), δ к =0, 120м;

4 қабат - цементті-құмды ерітінді λ к =0, 76 Вт/(м∙°С), δ к =0, 01м

5 қабат - цементті-құмды ерітіндегі кірпіш, λ к =0, 52 Вт/(м∙°С), δ к =0, 250м

Жылытқыш қабаттың қалыңдығын анықтаймыз:

δ ж =0, 144 м=144мм

Шығарылатын минералды плиталардың сортаменттерін ескере отырып, жылытқыш қабаттың қалыңдығын δ ж = 140 мм деп қабылдаймыз. Сонда, сыртқы қабырғаның қалыңдығы 640 мм-ді құрайды.

Қоршаушы құрылымдардың жылу өткізуіне келтірілген термиялық кедергінің нақты мәнін анықтаймыз:

R 0 ф = 0, 115+0, 231+2, 188+0, 231+0, 131+0, 481+0, 0434 = 3, 4204 м 2 ∙°С/Вт

Қоршаушы құрылымдардың жылу өткізу коэффициентін келесі формуламен есептейміз:

К=1/ R 0 ф (1. 5)

К=1/ 1, 746=0, 29 Вт/м 2 ∙К

Есептеулер нәтижесінде қабылданған барлық шамалар талаптарды қанағаттандырады.

1. 6. Инженерлік желілер

Қоғамдық ғимараттың сумен жабдықтау, жылу кәріз жүйелерін жобалау кезінде келесі құжат түрлерін басшылыққа алдық:

- ҚНменЕ 2. 08. 02-89* "Қоғамдық ғимараттар мен үймереттер";

- ҚНменЕ 2. 04. 05-91* "Жылу, вентиляция және кондиционерлік ауа";

- ҚНменЕ 2. 04. 01-85* "Сумен жабдықтау және кәріз".

Инженерлік желілер бөлімін орындау үшін берілген мағлұматтар:

1. Қысқы бескүндік сыртқы ауа температурасы есептік жылу жүйесі үшін t нхп = - 32 ˚С, қысқы ауаның неғұрлым суық тәуліктік температурасы t нхс = -36˚С, ал жазғы есептік желдету жүйесі үшін t ж =19°С.

2. Ішкі бөлмелер температуралары:

Кабинеттер - t т. б. =20°С;

Тазалық бөлмелері - t т. б. =25°С;

Кіреберіс - t кір. =16°С;

Асхана - t асх. =15°С.

3. Сумен қамтамасыз ететін қалалық тораптардың кепілденген арыны Н кеп =20 м. су ст.

4. Орталық жылумен қамтамасыз ету үшін жылу тораптарының шамасы 120-70 °С.

5. Тәуліктік ауыз-шаруашылық су шығыны Q х. в. =6, 45 м 3 /сут.

6. Тәуліктік ыстық су шығыны Q г. в. =6, 88 м 3 /сут.

1. 6. 1 Жылу беру

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикадағы құрылыс материалдары нарығының теоретикалық негіздері
Жұмыстың көлемі мен құрылымы
Негізгі өндіріс шығындарының есебі және құрылыстағы калькуляциялау
Қазақстандағы құрылыс салаларына шолу
Сот тауартану сараптамасы
Құрылыс қызметінінң объектілері
Құрылыс салуға жасалған шарттар
Құрылыс мердігерлік шартының ұғымы және элементтері
Құрылыс объектілерінің жіктелуі
Ғимараттар жалпы құрылыс монтаж жұмыстары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz