Құрылыс өндірісінің өнімділігін арттыру


Пән: Құрылыс
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 87 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Еліміздің денсаулық сақтау мен білім беру жүйесіне көп көңіл бөліп жатқаны анық, сондықтан қазіргі таңда мектеп пен аурухана нысандары көп салынып жатыр. Салауатты елдің болашағы зор деген түсінікпен қалалар мен ауылдарда салынып жатқан құрылыс нысандарының саны артып келуде. Біздің Республикамыздың экономикалық және әлеуметтік даму бағытында құрылысты бірқалыпты, тиянақты қалыпқа келтіру, ғылыми негізделген, бірдей сапалы дәрежеде жеткізу мәселесі қолға алынып отыр.

Құрылыс өндірісін күшейту үшін белсенді түрде перспективті әрекеттерін қолданып, тұрмыс жұмысын жүргізу бөлігін тиімді пайдалану қажет.

Сонымен қатар құрылыста, әлемде қолданылатын негізгі жетілген техникалар мен механизмдерді қолдануымыз қажет.

Бұл мәселелерді, автоматтандырылған басқару жүйесін қолдану арқылы іске асыра аламыз.

Құрылыс өндірісінің өнімділігін арттыру үшін, алдымызға қойылған құрылыстың квалификациясын бір жүйеге келтіру мәселесі арқылы шешеміз.

Құрылыс жобасын ұйымдастыру және жұмыс өнімділігін экономикалық негіздеу, шешілетін конструкцияларды келтірілген жағдайлармен үлгілерді ала отырып шешеміз.

Осындай шешімдерді тиімді пайдалану арқылы біз құрылыс жұмысының мөлшерін 30%-ке дейін қысқарта аламыз. Сонымен қатар жобалауда МЕҮЛ-да және ҚМжЕ-де келтірілген ережелер қатаң түрде сақталынған.

1. СӘУЛЕТ-ҚҰРЫЛЫС БӨЛІМІ Басжоспар

Сәулеттік басжоспар нысанның жобалануы бойынша жасалған. Салынып жатқан бұл емхана ғимаратының қасында басқа да объектілер орналасқан: әкімшілік ғимарат, диагностикалық орталық, шаруашылық ғимарат, инфекциялық емдеу ғимараттары бар. Еліміздің денсаулық сақтау мен білім беру жүйесіне көп көңіл бөліп жатқаны анық, сондықтан қазіргі таңда мектеп пен аурухана нысандары көп салынып жатыр.

Жоспар бойынша автожолдар, автотұрақтар, жаяу жүргінші жолдары салыну көрстеілген. Жаяу жүру жолдары мен автожолдар асфальтбетонды, тротуарлар қырлы тақтатастардан төселінген. Жол өткелдерінің еңістігі минималды - 4%, максималды - 7 % болып жасалды. Жол өткелдерінің минималды бұрылу радиусы 5, 0 метр етіп жасалды. Құрылыс маңайында көгалдандыру, ағаш отырғызу жұмыстары жақсы ескеріліп, экологиялық ауа тазалығының тепе-теңдігін жасау ескерілді. Алаңды көгалдандыр үшін осы аймақтың ауа райына төзімді, икемді өсімдіктерді отырғызылды.

Биіктік есептері метр есебімен алынды. Жүйелік биіктік есебі Балтық теңізінің деңгейімен өлшенді. Орналасу координатасы қала картасымен жасалды.

Құрылыстың жоспары алдын ала рұқсат етілген шарттармен жасалды. Құрылыс релефі бір қалыпты, тыныш күймен (жер бедері) сипатталады.

Алаңды көгалдандыру жұмыстары кезінде қарашірікті орман жамылғысынан алынған, аз бөлігі сол өңірдің табиғи топырақ жамылғысы. Алаңды жасылдандыру барлық жеріне бірдей жүргізілді, сондықтан ағаштар мен талдар біріңғай отырғызылды.

Құрылыс жүргізу бағыты мен есептелуі емдеу әкімшілік мекемесімен жүргізілді. Құрылыс жұмыстарын жүргізу еркін қозғалыста жасалды, техника мен адам жүрісіне ынғайлы болды. Жобаланған объектінің пішіні төрт бұрышты, ені мен ұзыны сәйкес келеді.

Жобаланып отырған нысан құрылысы Астана қаласында жүргізу жоспарланған.

1. 2. Басжоспадың техника -экономикалық көрсеткіштері

C:\Users\Miras\Pictures\Безымянный.jpg

1. 1-Сурет. Нысанның басжоспардағы орналасуы

1. 1-Кесте Басжоспардың техника-экономикалық көрсеткіштері.

Атауы
Өлшем бірлік
Саны
Атауы: Участкенің ауданы
Өлшем бірлік: м²
Саны: 18700, 00
Атауы: Құрылыс ауданы
Өлшем бірлік: м²
Саны: 729, 00
Атауы: Жабын ауданы
Өлшем бірлік: м²
Саны: 8517, 00
Атауы: Тротуарлар ауданы
Өлшем бірлік: м²
Саны: 699, 54
Атауы: Асфальт ауданы
Өлшем бірлік: м²
Саны: 6817, 46
Атауы: Көгалдандыру ауданы
Өлшем бірлік: м²
Саны: 7633, 13
Атауы: Құрылыс тығыздығы
Өлшем бірлік: %
Саны: 20, 4
Атауы: Көгалдандыру пайызы
Өлшем бірлік: %
Саны: 52, 1

1. 3 Ғимаратқа сипаттама.

Ғимарат 3 қабатты. Қабат биіктігі 3. 3 м.

Ғимаратта жертөле жоспарланған, еден деңгейі -2. 000 м. Жертөледе жылу жүйесі орналасқан. Жоспарда ғимарат дұрыс геометриялық пішінді.

Шеткі өстер бойынша ғимараттың өлшемдері: ұзындығы 27 м, ені 27 м.

Өрт болған жағдайда адамдар А-Е, 1-6, қасбетте жобаланған есіктерден шығады.

Ғимараттың инженерлік құрылғылары:су құбыры - шаруашылық және ауыз су қалалық жүйеден; канализация - қалалық жүйеге қосылған; жылу жүйесі орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген, оның параметрлері Т=70-95°С; ішкі ауаны жаңарту үшін вентиляция орнатылған; ыстық су сыртқы жүйеден; электрмен қамтамасыз ету - сыртқы жүйеден кернеулігі 380/220 В; байланыс құрылғылары - радио, телефон, және өрт қауіпі төнгенде белгі беру жүйесі орнатылған.

Ғимараттың өмір сүру дәрежесі І, оның құрылымдық элементтері 100 жылға есептелген (қабрғалары қабырғалық панельдерден, ірге тасы мен аражабындары темірбетоннан) . Ғимараттың жауапкершілік классы I ҚНЕ 2. 01. 07-85бойынша. Ғимарат өрткетөзімділігі бойынша 2 дәрежеге жатады, ҚҚН 2. 02. 01-89 сәйкес.

Технико-экономикалық көрсеткіштер (сәйкес ҚНЕ 2. 08. 01-89 «Қоғамдық ғимараттар») . Ғимараттың өртке қаусіздік деңгейі жақсы сақталған, басқа ғимарттармен жанасып орналасуы жағдайы төмен. Қауіпсіздік талаптарына сәйкес келеді десек те болады.

Құрылыс қалалық орталықта жүргізілгендіктен адамдардың ынғайлы қозғалысы мен жинақтылығы үшін және көлік кептелісін болдырмау негізінде автотұрақты жақсы есептелген жоспар бойынша қажетті жерге орналастырылды. Құрылыс объектісі мемлекеттік маңызы бар орталық болғандықтан оған келушілер мен емделушілерді тексеріп, қарап отыратын тексеріп жіберу пункті орнатылған. Ғимарат үш қабатты болғандықтан ауа айналымын жақсы болу үшін ауа шахталарының орындары дұрыс орнатылды. Жарықтандыру табиғи(күн жарығы) және электрлі жолдары қарастырылды. Электр үнемділігі үшін әр бөлмелерге терезелер қажетті саны бойынша есептелінеді.

1. 4 Ғимарттың конструктивті шешімі

1. 4. 1. Іргетас

Жобаланған ғимаратымызда, шеткі және ортаңғы ұстындардың іргетастары ретінде құймалы темірбетон стакан тәрізді іргетастар қолданылады.

Іргетастардың негізі ретінде саздақ болып келеді.

Стакан тәрізді іргетас 3 сатылы болып келеді және ұстынасты бөлігі бар.

Төмеңгі тақтаның өлшемі 1500х1500мм

Оратаңғы тақтаның өлшемі 1100х1100мм

Үстіңгі тақтаның өлшемі 900х900мм

Ұстынасты бөлігі өлшемі 700х700мм

Стакан тәрізді іргетас, құйылмалы, бетон маркасы B15, 3 сатылы және әрбір сатаның биіктігі 250мм. Ұстынасты биіктігі 700мм. Іргетастың табаны --2600м деңгейінде орналасады. Стакан тәрізді іргетастың астына 100мм қиыршық тас және 100мм бетон дайындық салынады. Іргетастарды С-1, С-2, С-3 арматура торларымен арматуралайды. Жұмыстық арматура торы 200мм интервалымен орналасқан. Стакан тәрізді іргетасты арматура классы А-II, ∅16мм және арматура классы A-1, ∅10 арматуралайды.

Іргетастардың негізі ретінде саздақ болып келеді. Стақанды іргетас алдын ала жобаланған және тығыздалған негіздің үстіне орналастырылады.

1. 4. 2 Іргетас арқалықтары

Жобаланған жобаланған емханамызда іргетас арқалықтары қолданылады. Оларды қабырға панельдердің астына орналастырылады. Іргетас арқалықтарды стакан тәрізді іргетастың үстіңгі сатыға қойылады.

Іргетас арқалықтарының 2 түр өлшемі қабылданды. Олардың маркалары: ФБН-1 және ФБ6-29.

Іргетас арқалықтары бетон маркасы М-200 және арматура классы А-ІІІ жасалынады.

1. 4. 3. Ұстындар

Біздің жобаланып жатқан ғимаратқа қабылдаған ұстындар: Ұстындардың үстіне арқалық, жабын және шатыр элементтері салынады.

А мен В осьтері, 1-6 осьтері бойынша шеткі ұстындар орналасады. 2-5 осьтері, Б мен Д бойынша ортаңғы ұстындар орналасады. Ұстындар адымы 6 м.

Шеткі мен ортаңғы ұстындардың қимасы 300x300мм.

Ұстындар стакан тәрізді іргетастарға қондырылып және бетондап тастайды. Оның орнату дәлдігін геодезиялық құрал-саймандар арқылы тексеріледі. Қабылданған ұстындарды С-1 арматура торлары мен К-1, К-2 қаңқалары арқылы арматуралайды. Ұстындарға арматура классы А-ІІІ,

∅ 16мм және А-І, ∅8мм қабылданды. Ұстындар бетон классы В 30 құйылады.

1. 4. 4. Арқалықтар

Жобаланған емханамызда көтеруші элементі ретінде арқалық қабылданды. Арқалықтың үстіне жабын және шатыр элементтері салынады. Жобаланған емханамызда аралығы 6м болғандықтан, есепті қысқа арқалықтарды пайдаландық. Орта өткелінде ғимараттың қысқа аралық болғандықтан үш метрлік арқалықтарды пайдаланамыз.

1. 2-кесте

Арқалық
Ені
Ұзындығы
Биіктігі
Салмағы
Арқалық: 1
Ені: 100
Ұзындығы: 2800
Биіктігі: 300
Салмағы: 0. 550
Арқалық: 2
Ені: 200
Ұзындығы: 6000
Биіктігі: 500
Салмағы: 1. 500

1. 4. 5 Қабырғалар

Жобаланған балалар емханасында қоршағыш конструкциясы ретінде, тегіс 3 қабатты, жылытқышы бар, ілмелі, темірбетонннан қабырға панельдері жобаланған. Жылытқышы пенополистирол М35-тен жасалған және оның қалыңдығы 200мм. Қабырға панельдердің қалыңдығы 400мм және 1. 432. 1-26 сериясы бойынша жасалған.

Негізгі қабырға панельдердің маркасы және өлшемдері:

ПСТ 60. 15. 3-П-1 5980х1485мм

ПСТ 30. 12. 3-П 2980х1185мм

ПСТ 15. 12. 3-П 1480х1185мм

1. 3-кесте Қабат материалдарының сипаттамасы

Қабат материалының түрі
Қабат материалының сипаттамасы

Тығыздығы,

кг/м³

Жылуқабыл.

коэффиценті,

S, Вт/(м 2 0 С)

Жылуөтк.

коэффиценті,

λ, Вт/(м 0 С)

Қалыңдығы,

δ, м

Қабат материалының түрі: Темірбетон
Қабат материалының сипаттамасы: 2500
18, 95
2, 04
0, 1
Қабат материалының түрі: Пенополистирол
Қабат материалының сипаттамасы: 150
0, 99
0, 06
х
Қабат материалының түрі: Темірбетон
Қабат материалының сипаттамасы: 2500
18, 95
2, 04
0, 1

R 0 =R 0 қажет =1, 6 (м 2 ⋅°С) /Вт деп қабылдап, теңдеу бойынша жылыт-қыштың қажетті қалыңдығын есептейміз:

1, 6=1/8, 7+0, 1/2, 04+x/0, 06+0, 1/2, 04+1/23; х= 0, 192

Жылытқыштың қалыңдығын x=0, 2м деп қабылдаймыз.

Ғимараттың жылу инерциясын теңдеу бойынша есептейміз:

1, 5<3, 5<4 - ғимаратымыз орташа инерциялы, сондықтан t ext = t ест =-46°C

Есептеуді қайтадан t ext жаңа мәнімен (1. 2) теңдеу бойынша тексереміз:

2 ⋅°С) /Вт;

R 0 =R 0 қажет =1, 63 (м 2 ⋅°С) /Вт, сонда

1, 63=1/8, 7+0, 1/2, 04+x/0, 06+0, 1/2, 04+1/23; х= 0, 082м=82мм

Ақырында жылытқыштың қалыңдығын 200мм деп қабылдаймыз.

Қабырғаның шындық жылуберелім кедергісіy теңдеу бойынша анықтаймыз :

R 0 =1/8, 7+0, 1/2, 04+0, 1/0, 06+0, 1/2, 04+1/23=1, 89 (м 2 ⋅°С) /Вт,

Есептік температура кезеңін (1. 6) теңдеу бойынша анықтаймыз:

t 0 =1(18+46) /1, 89·8, 7=3, 9°С,

t 0 =3, 9°С< α int =4, 5°С, R 0 қажет < R 0 шарттар орындалды.

1. 4. 6 Аралық қабырғалар

Жобаланған емхана құрылысында аралық қабырғаларды кірпіштен қалау қарастырылған.

Аралық қабырғалардың кірпіштері ГОСТ 530-80 бойынша М75, ал оның тігістерінің арасындағы цемент-құм ертіндісі М50 және қабырғаның қалыңдығы 120мм (кірпіш) .

Аралық қабырғалар әрбір 5 қатар сайын 4Вр1 торлар арматурасынан, 100x100мм ұяшықтарымен арматуралайды.

1. 4. 7. Еден

Еден - жер немесе жамылғылар үстiне орнатылатын құрама конструкция. Еденнiң жиынтығын және жеке қабаттарының конструктивтiк орындауы оның ұйғарылған пайдалану жағдайларымен анықталады.

Еденнiң тiкелей пайдалану әсерiне ұшырайтын үстiңгi элементiн жабу (“Нағыз” еден) деп атайды. Еденнiң жабу түрi оның атымен анықталады: мозаикалық және тағы басқа.

Мозайкалы едендер көп түсті төртбұрыштар бейнесінде жасалынады.

Линолеумды ауданымыздың ұзынынан мастика арқылы жабыстырады.

Бетон едендері келесідей жасалынады: топырақпен және оның үстіне 100мм қиыршықтас салынып, тығыздалады, содан кейін үстіне бетон классы В15 құйылады. Едендердің барлығының төмеңгі қабатында топырақ және қиыршық тас төселеніп тығыздалады. Еденнiң жабуы мен еден орналасқан үймереттiң жүк көтеретiн элементiнiң аралығында әр кайсысының нақты функционалдық мiндетi бар аралық қабаттар болады: қабатша, тұтастырғыш су айыру, жылылықты өткiзбеу, төсенiш қабаты. Еденнiң жалпы жылу өткiзгiштiгiн азайтатын қабат бұл жылылықты өткiзбеу. Құрмалас калыңдығы 220 мм темiрбетон тақталар жабын ретiнде қолданылады. Еденнің нысанда мынандай түрлері қолданылды: мозайкалы, линолеумді, керамикалық тақталардан, бетонды болып жасалды. Едендер конструкциясы қабаттар арасындағы жабындар ауаның және соққыш шудан дыбысизоляциясын қалыпты деңгейде қамтамасыз етедi.

1. 4. 8. Аражабын

Аралық жабын дегеніміз - ғимараттың ішіндегі көлдеңен қоршаушы және биіктік бойынша қабаттарға бөліп тұратын конструкциясын айтады. ПП 60-15 тақталары қолданылды.

Ғимаратта қалыңдығы 220мм көпқуысты темірбетон жабынтақталары жобаланған. Бетон класы - В15 ауыр бетоннан. Жабындар мен аралық жабындар тегістелген, қалыңдығы 10мм М100 цемент ертіндісіне орнастырылады. Тақталар бір-бірімен пісіріліп, тігістерін М100 цемент ертіндісімен бітейді. Аралық жабындар мен жабындардың жеке жерлеріне бетон классы В12, 5 құйылып, қаңқалар мен бөлек стержендермен арматуралайды. 1. 3-Суретте көсетілді.

1. 3-Сурет. Көпқуысты жабынтақта

Жабын конструкциясының жылу техникалық есептеу.

1. 4-Кесте. Төбежабын материалдары

Материал

δ,

м

λ,

Вт/м∙°С

s,

Вт/м 2 ∙°С

Материал: Көпқуысты темірбетон жабын тақтасы
δ,м: 0, 22
λ,Вт/м∙°С: 1, 92
s,Вт/м2∙°С: 17, 98
Материал: 1- Буоқшаулығыш қабаты (пергамин)
δ,м: 0, 003
λ,Вт/м∙°С: 0, 17
s,Вт/м2∙°С: 3, 36
Материал: 2- Жылыту керамзиттік малтатас
δ,м: 0, 15
λ,Вт/м∙°С: 0, 17
s,Вт/м2∙°С: 3, 03
Материал: 3- Қатты минералмақта
δ,м:
λ,Вт/м∙°С: 0, 07
s,Вт/м2∙°С: 0, 94
Материал: 4-Цемент-құм төсемі
δ,м: 0, 03
λ,Вт/м∙°С: 0, 76
s,Вт/м2∙°С: 9, 6
Материал: 5- 2 қабатты қара қағаз, ыстық құм мастик
δ,м: 0, 01
λ,Вт/м∙°С: 0, 17
s,Вт/м2∙°С: 3, 36

Қоршағыш құрылымдардың жылу жібергіштікке қарсыласуы R o ,

мына формула бойынша анықталады:

R o = м 2 ⋅°С/Вт

=23 Вт/(м °С) - қоршағыш құралымдардың сыртқы жағының (қысқы жағдай үшін)

R- біртектес қоршағыш құралымдардың термиялық қарсыласуы

R o =

= (1, 2 - 0, 39) 0, 07 = 0, 056м

Жылытудың қалыңдығы 60 мм қабылдаймыз

Қоршағыш құралымдардың жылулық инерциясын D мына формула бойынша анықталады;

D = R 1 s 1 + R 2 s 2 + . . . + R n s n ,

Мұндағы R 1 , R 2 , . . . , R n - әрбір қабаттың термиялық қарсыласуы м 2 С/Вт

s 1 , s 2 , . . . , s n - әрбір қабаттың есептік жылуқабылдау коэффициенті Вт/(м 2 •С)

D= 0, 11х 17, 98 + 0, 88х3, 03 + 0, 039х9, 60+0, 018х3, 36 +0, 059х3, 36 = 5, 2 Осы шешімге байланысты жабынның қалыңдығын табамыз:

0, 22 + 0, 003+ 0, 15 + 0, 06+0, 03+0, 01 = 0, 470м =470 мм

1. 4. 9. Баспалдақ және баспалдақ алаңы

Қабырғалар темiрбетон панельден жасалған, калыңдығы 400 мм. Баспалдақ алаңы - құрама темiрбетон, жабыны керамикалық. Баспалдақ маршы - темiрбетон құрама. Түсу мен жүру жұмысарыныңҚоршау - құрама металл. Баспалдақ алаңын дұрыс эксплуатациялау қысқы мерзiмде температурасы +12 градус төмен болмай калыпты тұрақты температуралық. Бұл жылытқыш құрамдарды есебiнде, тамбур мен кiреберiс есiктерiн уақытында жабдықтау және уақытында желдету арқылы iске асады. Ғимаратта негізгі баспалдақ құрастырмалы темірбетоннан жоспарланған.

- саты саны: 1650/150=11

- басқыштар саны: 11-1=10

- L г. п. м =300×10+220×2=3200 мм.

- b б. т =1350×2+100=2800 мм (3000-2800=200 мм - байланысқа)

- баспалдақ алаңының ені:

адымы 6. 3 м - 6300-3440=2860 мм => b б. а =1290 мм (2860-1290×2=280 - байланысқа ) ; адымы 6. 0 м - 6000-3440=2560 мм => b б. а =1140 мм (2560-1140×2=280 - байланысқа) .

1. 4. 10. Терезе мен есiк

Терезе - конструкциялары өте қажетті және олар бөлмелердің ішін жарақтандырумен қамтамасыз етеді. Бұдан басқа олар бөлмелердің дыбыс оқшаулау және жылу оқшаулаумен қамтамасыз етеді. Терезе блоктары ағаш тыныдарға қондырылады. Ал ағаш тығындар панельдердің шеткі іргелерінде немесе қосалқы бөлшектерде орналасады. Қосалқы бөлшектер ұстындарға, қабырға панельдеріне немесе сыртқы қабырғалардың элементтеріне пісіріледі. Терезе, есiк және арқалық блоктар үшкабатты шыны қабылданған. Терезелер МЕМСТ 12506-67 бойынша дайындалған.

Есік - имаратқа кіріп шығу және бөлмелерді бір-бірінен оқшаулау үшін кажетті. Екі корпустың ішкі және сыртқы есіктері бітеу. Есіктер қораптан тұрады және қорап рама тәрізді болып келеді. Кiре берiс және тамбур есiктерiнде тығыздалған төсенiштер қарастырылған. Оны сыртқы қабырғалардағы және аралық қабырғалардағы есіктер аралықтартарына қондырылады. Ғимаратта екі жарма есікті және бір жарма есікті. Қабырғалар мен аралық қабырғалардың тігістерін арнайы қаптағышпен қаптайды. Есіктер МЕМСТ 14624-69 бойынша дайындалған. Есіктердің өлшемі : 700х2000мм, 900 х 2000, 1500х2200, 1800х2200 деп қолданысқа пайдаландық.

1. 4. 11. Жылутехникалық есеп

  1. Аймақтың климаттық ауданы - Iв,
  2. Бескүндік салқын температура 0, 92 -,
  3. Жылу берудің жалпы бір жылдық есебі ≤8 ˚С -күн

Құрылыс салынатын аудан - АО, Астана қаласы.

Алдын ала тағайындаймыз 4 < Д < 7 ҚДжЕ 2-3-79 **3* кестесiнен сыртқы ауа tн температурасының қысқы есептiк көрсеткiшiн анықтаймыз.

Жылу берудің тәуліктік градустық ұзақтығын анықтаймыз:

- 4 ҚР ҚНжЕ 2, 04-21-2004 «Энергопотребление и тепловая защита гражданских зданий» кестесі бойынша аламыз.

Жылу қабатының қалыңдығын анықтаймыз пенополистерол қажет Paroc

WAS 35t сонда

- шарт орындалды.

Оны орташа арифметикалық ең суық тәулiк пен ең суық апта температурасынан аламыз:

tн=-36+(-40) / 2=-38 градус.

Температураның қажеттi кедергi R0 тр шамасын анықтаймыз:

R0 тр= (tb-tn) * n/ ^tn* αb; tb=20 градус

R0≥R0тр

^tn=7

tb=20C

tn=-38C

αb=7. 5

R0тр=1*(20+38) /7*7, 5=1, 1

λ1=0. 4 жылу сыйымдылық қабаттары

λ2=0. 065

λ3=3

Rcт=0, 3/0, 4+0, 093/0, 065+0, 007/3=2. 2

R0=1/7. 5+1. 872+1/20=0. 13+2. 2+0. 05=2. 4

Сонда теңсіздік орындалады R0≥R0тр

Қа6ырға климаттық жағдайын қанағаттандырады. Қабырға қалыңдығы 400мм қабырға панельдерімен ғимаратты тұрғыза беруге болады.

Сыртқы қабырғаның құрамы:

а. Ауыр бетон

b. Пенополистерол

с. Ауыр бетон(сыртқы қаптау)

1. 5. Сыртқы және ішкі әрлеу жұмыстары

Әрлеу жұмыстарын жасау ғимаратты тұрғызудың соңғы кезеңі болып табылады. Оның міндеті - ғимаратқа аяқталған түр беру және эстетикалық талаптарға сай келтіру.

Әрлеу жабулары ғимаратты дымқылдану, коррозия, механикалық бүліну әсерлерінен қорғайды. Олар сонымен қатар, бөлмелердің акустикалық қасиеттерін, инсоляциясын, ауа алмасуын ықпал ете алады. Әрлеу жабулары механикалық әсерлерге тұрақты, санитарлық-гигиеналық тазалауға мүмкіндік беретін, уытты болмау және ұзақ уақыт өзінің алғашқы түрін сақтайтын болу керек.

Әрлеу жұмыстарын технологиялық белгілері бойынша сылақ, қаптау, майлау, сияқты түрлерге бөліктеуге болады.

Әрлеу жұмыстары белгілі технологиялық ретімен жүргізіледі. Алдымен әрленетін бөлмелерді дымқылы-температуралы мөлшелерге келтіру үшін әйнектеу жұмыстары жүргізіледі.

Әрленетін үстіңгі қабаттың ылғалдылығы 6-10%, бөлмелердің ішкі ылғалдылығы 70% аспағанда, ал оның температурасы +8° кем болмағанда ғана әрлеу жұмыстары жүргізіледі.

Ішкі сылақ және қаптау жұмыстары жүргізіледі. Сылақ жұмыстары бірінші кезекті су, жылу аспаптары орнатылатын жерлерден, яғни сол бөлмелерден басталады.

1. 6. Инженерлі - техникалық жабдықтар

Сумен қамтамасыз ету және канализация . Сумен қамтамасыз етудiң iшкi жүйесi тұрғын үйлерде төменгi магистраль тарамында қабылданған. Магистральды тораптар техникалық еденастында орнатылады. Барлық магистральға тiкелей қосылган бағандарды жөндеу уақытында бағанды сөндiру үшiн қажттi бұранда орнату кажет. Барлық магистральдi суқұбырлары жерасты бөлмеде қоршалады. Сүлгiнi кептiргiштер ыстық сумен қамтамасыз ету жүйесiне қосылған.

Санитарлық түйiндер жобада сантехкабинамен қабылданған. Iшкi канализация жуйесi сыртқы канализациялық тораптағы құдыққа ағызылатын құбырлары бар. Бағандардың канализация магистральдарына қосылған аймағында техеденасты бiрiншi және бесiншi қабаттарда орналасқан. Канализация бағандары қабырғаның төменгi белiгiнде орналасқан. Суқұбырлары мен канализациялық тораптарды қалыпты эксплуатация жасалуын қамтамасыз ету үшiн магистральды құбырлар, алаңдағы тарамдар мен жабдықтар олардан қажеттi судың шығуына мүмкiндiк беру үшiн 0, 00 1- 0, 006-га көлбеулену қажет.

Канализациялық бағандар ешқандай үзiлiссiз тiк орналасуы қажет. Ауытқу тiк бағытта 2 мм-ге дейiн 2м- мi ұзындықтағы құбырларға болуы мүмкiн.

1. 6. 1. Жылу беру

Ғимаратты жылумен қамту сыртқы орталық жылу тораптарынан қарастырылған. Жылумен қамту жүйесi үшiн жылутасығыш болып температурасы 70-95 градус ыстық су болып табылады.

Жылумен қамту пунктiнде 903 -10- 13 типтi жоба шешiмдерiне сәйкес автоматты реттегiштерi бар элеватор түйiнi қарастырлған. Жылу беру жүйесі орталықтандырғадықтан блғандықтан үлкен қала жоспарына неізделген. Жылумен қамту жүйесi тiк суқұбырлы “Г” тәрiздi керi магистрльға берiлетiн таратқыш қабылданған.

Жылыту жабдықтары ретiнде үш қатарлы краны бар Н-90 типтi шойын радиатор қабылданған. Жылумен қатудың керi магистральдi жүйесiне берiлетiн төсенiш гимараттың техжерасты бөлмеде қарастырылған.

Суды жiберу канализациялық жолда жақын орналасқан ағызғыш шлангi көмегiмен iске асады. Бағандардан ауаны босату үшiн жоғарғы бағанның нүктесiнен краннан өткiзу көмегiмен iске асады.

1. 6. 2. Газбен қамту

Жобада сырттан сөндiретiн краны орнатылған жоғары цокальдi газды енгiзу жабдығы қарастырылған. Бiрiншi қабаттың баспалдақ алаңына газды енгiзедi.

Эксплуатация кезiнде цокольдi кiре берiстi бақылау қажет, өйткенi бiрiншi үйдi тұрғызған жылы үйдiң маңындағы топырақтың отыруьнан құбырдың сынуы мүмкiн.

1. 6. 3. Желдету

Жобада табиғи желдету қарастырылған - тартқыш типтi, сантүйiн мен асханадан. Ауаны шыгару үшiн қабаттың биiктiгi бойынша каналдарды өткiзу және ғимараттың биiктiгiне канализациялы магистральдi құрамасынан унификациялық желдету блоктары қоланылады, сыртқа шығару жолымен iске асады. Атмосфералық шөгiндiлердiң түсуiнен қорғау үшiн суды жинағыш құрылғысымен сорғыш шахта арқылы сыртқа шығару жобаланған.

Ғимаратымызға таза ауаның кіруі дефлектор мен есіктер арқылы және ауаны сорып шығаруын желдеткіш каналдары арқылы жүзеге асады. Желдету жүйесі

1. 6. 4. Тоқпен қамтамасыз ету

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауыл шаруашылығы өндірісінің қысқаша бағдарламасы
Жерге орналастыруды жобалаудың жалпы принциптері
Нарықтық экономика жағдайындағы еңбек ресурстарын пайдалануды ұйымдастыру және оны жетілдіру жолдары
Оңтүстік Қазақстан облысындағы мақта шаруашылығының қазіргі жағдайы мен даму тенденциясы
Орман және саябақ шаруашылығын басқару
Кәсіпорынның техникалық дамуын жоспарлауды талдау
Техникалық прогресті жоспарлаудың теориялық аспектілері
Қайта құру жылдарындағы Оңтүстік Қазақстанның саяси жағдайы
Еңбек өнімділігін көп факторлы талдау және болжау
Кәсіпорынның амортизациялық саясатының қалыптасуының негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz