Био ластану



I.Кіріспе: Қоршаған ортаның биологиялық жолмен ластануы және
Биоценоз ұғымы

II.Негізгі бөлімі:

2.1 Әлемдегі қоршаған табиғи орта жағдайының жалпы сипаттамасы

2.2 Қоршаған ортаны қорғаудын негізгі қағидаттары

2.3 Адамның салауатты және қолайлы қоршаған табиғи ортадағы құқығы

III.Қорытынды:

IV.Пайдаланылған әдебиеттер:
Табиғи ортада химиялық және радиациялық ластаушылардың басқа адамда әр түрлі ауру туғызатын биологиялық ластаушылар да кездеседі. Биологиялық ластаушыларға ауру туғызатын микроорганизмдер, вирустар, құрттар, қарапайымдылар жатады. Олар ауада, суда, топырақта, тірі организмдердің неме адам организмінде кездеседі.
Жер бетіндегі 1500000 жануардың 50000 жуығы паразиттік тіршілік етеді. Соның ішінде 500-дей түрі адам паразиті болып табылады. Адам паразитінің көбісі ауру тудыратын жәндіктер. Иесінің денесінде тіршілік етуіне қарай паразиттер уақытша және тұрақты болып бөлінеді.
Уақытша паразиттер иесінің денесінде тамақ керек болғанда ғана пайда болады. Оларға: сүліктер, кенелер, масалар, бүргелер жатады. Ал тұрақты паразиттерге иесі тек азық үшін ғана емес, олары тіршілік ететін ортасы болып табылады. Оларға безгек плазмасы, т.б. жатады.
Микробтардың ауру қоздыруына қажетті бірден бір шарт – адам организмінің әлсіреуі, оның қорғансыз қалуы. Дені сау организмге түскен микробтар өсіп-өнуге бейімделеді. Мысалы, безгек қоздырғышы тек қанның эритроцитінде өсе алады. Сол сияқты тек ішек қарынның шырышты сілекей қабығында өсіп-өнуге бейімделген, тек сол қабыққа жеткенде ғана ауру шақыра алатын тырысқақ, қантышқақ, іш сүзегі микробтары басқа жерлерде ол ауруларды тудыра алмайды.
Тіршілік етуге бейімделген клеткаларға микроорганизмдердің жетуіне қарай жұқпалы аурулардың таралу жолдары бірнеше түрге бөлінеді. Бірінші – ауадағы тамшылар көмегімен тарау, яғни жұқпалы аурулардың тыныс жолдары арқылы жұғуы, ал сырқат түкіргенде, жөтелгенде, сөйлегенде ауру қоздырғыш микробтар шашырап, ауамен бірге өзі бейімделген тыныс жолдарының шырышты сілекей қабығына жетеді. Осылай тарайтын ауруларды – ауалы-тамшылы аурулар тобы деп атайды. Оларға оымау, қызылша, шешек аурулары жатады.
Екінші – ауыз арқылы тарау, яғни микробтардың ішек-қарын жолдарына түсуі. Ал қоздырғыш микробтар болса қоршаған ортаға үлкен және кіші дәрет арқылы шығады. Бұл жолмен ішек-қарында болатын жұқпалы аурулар тарайды.
Биоценоз ұғымын алғаш рет ұсынған неміс зоологі К.Мебиус (1877). Биоценоз құрамындағы организмдердің бір-бірімен қарым-қатынасын биоценотикалық тұрғыда қарастыру қажет. Өйткені, кез келген биоценоз өзімен-өзі жеке дамымайды. Ол әрқашанда өлі табиғатпен бірлестікте ғана өмір сүреді. Сондықтан биоценоз компоненттерінің қолайлы тіршілік ортасы – биотоптардан тұрады. Яғни биотоп – тірі организмдердің жиынтығы, тіршілік ететін орта. Нәтижесінде биоценозбен биотоп бірлесіп – биогеоценозды құрайды. Алғаш рет бұл терминді ғылымға 1940 жылы В.Н.Сукачев енгізген. Сонымен биогеоценоз дегеніміз биоценоз+биотоптың диалектикалық бірлестігі. Ол төмендегідей құрамдас бөліктерден тұрады: өндірушілер (жасыл өсімдіктер), талап етушілер (бірінші - өсімдік қоректі жәндіктер; екінші – жануар тектес қоректілер); ыдыратушылар
1. Г.Оспанова, Г.Т.Бозшатаева «Экология». Алматы-2002,б.
2. А.Биғашев, Р.Білдебаева «Қазақстан топырағы және оның
экологиясы», А., 1995.
3. Ж.Ақбасова, Г.Ә.Сайнова «Экология», А., 2003.
4. Ж.Жатқанбаева «Экология негіздері», А., 2004.
5. «Атамекен», 2004, №6.
6. «Атамекен», 2005, №4.

Жоспары:

I.Кіріспе: Қоршаған ортаның биологиялық жолмен ластануы және
Биоценоз ұғымы

II.Негізгі бөлімі:

2.1 Әлемдегі қоршаған табиғи орта жағдайының жалпы сипаттамасы

2.2 Қоршаған ортаны қорғаудын негізгі қағидаттары

2.3 Адамның салауатты және қолайлы қоршаған табиғи ортадағы құқығы

III.Қорытынды:

IV.Пайдаланылған әдебиеттер:

Табиғи ортада химиялық және радиациялық ластаушылардың басқа адамда әр
түрлі ауру туғызатын биологиялық ластаушылар да кездеседі. Биологиялық
ластаушыларға ауру туғызатын микроорганизмдер, вирустар, құрттар,
қарапайымдылар жатады. Олар ауада, суда, топырақта, тірі организмдердің
неме адам организмінде кездеседі.
Жер бетіндегі 1500000 жануардың 50000 жуығы паразиттік тіршілік етеді.
Соның ішінде 500-дей түрі адам паразиті болып табылады. Адам паразитінің
көбісі ауру тудыратын жәндіктер. Иесінің денесінде тіршілік етуіне қарай
паразиттер уақытша және тұрақты болып бөлінеді.
Уақытша паразиттер иесінің денесінде тамақ керек болғанда ғана пайда
болады. Оларға: сүліктер, кенелер, масалар, бүргелер жатады. Ал тұрақты
паразиттерге иесі тек азық үшін ғана емес, олары тіршілік ететін ортасы
болып табылады. Оларға безгек плазмасы, т.б. жатады.
Микробтардың ауру қоздыруына қажетті бірден бір шарт – адам
организмінің әлсіреуі, оның қорғансыз қалуы. Дені сау организмге түскен
микробтар өсіп-өнуге бейімделеді. Мысалы, безгек қоздырғышы тек қанның
эритроцитінде өсе алады. Сол сияқты тек ішек қарынның шырышты сілекей
қабығында өсіп-өнуге бейімделген, тек сол қабыққа жеткенде ғана ауру шақыра
алатын тырысқақ, қантышқақ, іш сүзегі микробтары басқа жерлерде ол
ауруларды тудыра алмайды.
Тіршілік етуге бейімделген клеткаларға микроорганизмдердің жетуіне
қарай жұқпалы аурулардың таралу жолдары бірнеше түрге бөлінеді. Бірінші –
ауадағы тамшылар көмегімен тарау, яғни жұқпалы аурулардың тыныс жолдары
арқылы жұғуы, ал сырқат түкіргенде, жөтелгенде, сөйлегенде ауру қоздырғыш
микробтар шашырап, ауамен бірге өзі бейімделген тыныс жолдарының шырышты
сілекей қабығына жетеді. Осылай тарайтын ауруларды – ауалы-тамшылы аурулар
тобы деп атайды. Оларға оымау, қызылша, шешек аурулары жатады.
Екінші – ауыз арқылы тарау, яғни микробтардың ішек-қарын жолдарына
түсуі. Ал қоздырғыш микробтар болса қоршаған ортаға үлкен және кіші дәрет
арқылы шығады. Бұл жолмен ішек-қарында болатын жұқпалы аурулар тарайды.
Биоценоз ұғымын алғаш рет ұсынған неміс зоологі К.Мебиус (1877).
Биоценоз құрамындағы организмдердің бір-бірімен қарым-қатынасын
биоценотикалық тұрғыда қарастыру қажет. Өйткені, кез келген биоценоз өзімен-
өзі жеке дамымайды. Ол әрқашанда өлі табиғатпен бірлестікте ғана өмір
сүреді. Сондықтан биоценоз компоненттерінің қолайлы тіршілік ортасы –
биотоптардан тұрады. Яғни биотоп – тірі организмдердің жиынтығы, тіршілік
ететін орта. Нәтижесінде биоценозбен биотоп бірлесіп – биогеоценозды
құрайды. Алғаш рет бұл терминді ғылымға 1940 жылы В.Н.Сукачев енгізген.
Сонымен биогеоценоз дегеніміз биоценоз+биотоптың диалектикалық бірлестігі.
Ол төмендегідей құрамдас бөліктерден тұрады: өндірушілер (жасыл
өсімдіктер), талап етушілер (бірінші - өсімдік қоректі жәндіктер; екінші –
жануар тектес қоректілер); ыдыратушылар (микроорганизмдер) және өлі табиғат
компоненттері. Міне, осы компоненттер арасында үнемі қарыс-қатынастар жүріп
жатады.
Биоценозды зерттеуші ғылым саласы – биоценология деп аталады. Ал
биогеоценоз ұғымы тек биоценоз бен биотоп жиынтығы ғана емес, ол табиғаттың
біртұтас және өзінің даму заңдылығы бар күрделі жүйе. Сондықтан табиғаттағы
биологиялық бірлестіктер кез-келген популяциялар мен биотоптардан тұратын
кішігірім жәндік інінен бастап, мұхиттардың биомасасын қамтитын табиғи
бірлестіктер. Ең үлкен биологиялық жүйе – биосфера немесе экосфера. Ол жер
шарының барлық тірі организмдері оның тіршілік ететін физикалық ортасын
қамтиды.
Ғылымда биоценоз ұғымының баламасы ретінде Экожүйе термині
қолданылады. Биоценоздағы қарым-қатынастардың ең бастылары қоректік және
кеңістіктегі байланыстар. Қоректік қарым-қатынастардағы ғылымда биотикалық
факторлар деп атайды. Яғни биотикалық факторлар дегеніміз тіршілік
барысындағы организмдердің бір-біріне тигізетін әсері мен ықпалы. Аталған
факторлар бір түрлі сипат ала отырып, бір ортада тіршілік ететін
организмдер арасында анық немесе байқаусыз түрде білініп отырады. Мәселен,
өсімдік - өсімдік қоректі организм үшін ең қажетті роль атқарғанымен,
кезегінде фитофагтар да өсімдіктің өсімділігін азайтып, қолайсыз жағдай
туғызады.
Сол сияқты гүлді өсімдіктер ұщін оны тозаңдататын аралар, т.б.
жәндіктер үлкен роль атқарады. Осының бәрі биоценоз құрылымының
күрделілігін және ондағы тіршілік иелерінің бір-біріне тәуелді, пайдалы
немесе кері әсер ете отырып, үнемі даму үстінде екендігін көрсетеді.
Биоценозда әр түрлі түрлер арасында белгілі бір қарым-қатынастар
қалыптасады. Оның негізгі қоректік тізбектерге байланысты екені белгілі.
Десе де, организмдер арасындағы кеңістік қарым-қатынастар да негізгі роль
атқарады. Қоректік тізбектер өсімдік, құстар мен жануарлар арасында болды.
Әрбір жеке организмнің тек өзіне тән қолайлы тіршілік ететін орны
болады. Ол көбінесе биоценоздың құрылымына байланысты өзінің атқаратын
ерекше функциясымен сипатталады. Мәселен, шөптесін өсімдіктер мен орман
ағаштары Австрияда немесе Еуропада болсын олардың экологиялық орны мен
атқаратын қызметі ұқсас болып келеді.Экологиялық орынның тұрақты болуы
көбінесе қоректік бәсекелестікке де тікелей байланысты. Ал бір системалық
түрге жататын туыс түрлер тіптен қоректік тұрғыда өте тиімді жіктелген.
Мәселен суда кездесетін ескек аяқты су кандалаларының екі түрі бір жерде
тіршілік ете береді.
Биоценоздарға организмдер алғаш рет қоныстанғаннан бастап көптеген
экологиялық факторларға байланысты орналасады. Организмдер жердің рельефіне
қарай горизонтальды немесе вертикальды бағытта орналасуы мүмкін. Ол үшін
әрбір жеке түр бір-біріне кедергі келтірмеуі тиіс. Соның биоценоздағы бір
көрінісі – ярустылық. Ярустылық – биоценоздардың биіктік бойынша жіктелуі.
Ярустылықты өсімдіктер бірлестігінен көруге болады. Мәселен орманнан 6
ярустылықты кездестіреміз: 1 ең ұзын ағаштар, 2 екінші қатарлы ағаштар; 3
бұталы ағаштар; 4 жартылай бұталы ағаштар, 5 шөптесін өсәімдіктер, 6
қыналар мен мүктер.
Топырақтағы, судағы организмдерден де өзіне тән ярустылықты байқауға
болады. Бірақ мұндағы экологиялық факторлар мен талаптар әр түрлі болуы
мүмкін. Сол сияқты ярустылық заңына бағынбайтын түрлер де батр: Мәселен,
олардың қатарына көптеген паразиттерді, ірі аңдар мен құстарды жатқызуға
болады. Ярустылық пен горизонтальды биоценоздардың да кеңістік құрылымы
ерекшеленеді.
Әрбір биоценоз организмдердің белгілі бір экологиялық топтарынан
тұрады. Олар көбінесе ылғал, жарық, қорек, т.б. факторларға байланысты
жіктеліп отырады және өзіндік қызмет атқарады. Экологиялық құрылым
биоценоздағы түрлері, жиынтығы мен кеңістігі арқылы сипатталады. Биоценощз
– уақыт пен кеңістікке қатысты және антропогендік факторларға байланысты
өзгеріп отырады. Сондықтан биоценоздардың жәй және күрделі типтерін
ажыратуға болады. Мәселен, тропика биоценоздары мен Қазақстанның орманды-
дала биоценоздарын ешбір салыстыруға болмайды. Олар бір-бірімен түрдің көп
түрлілігімен де, биомассамен де ерекшеленеді. Атап айтқанда, шөл-шөлейтті
тундра биоценоздары жәй биоценоздар қатарына жатады, ал орман, орманды
дала, тропикалық биоценоздары күрделі биоценоздар болып есептеледі.
Су биоценоздары құрлықпен салыстырғанда қарапайым болып келеді. Ол
көбінесе су жүйесінде құрлықтағыдай атмосфера мен топырақтың болмауы, әрі
жетекше факторлардың бірегей болмауы үлкен роль атқаратыны белгілі.
Жоғарыда келтірілгендей биоценоздағы организмдер арасында тұрақты
қоректік байланыстар қалыптасқан. Осы қатынастар белгілі бір организмдердің
тобын біріктіріп отырады. Ол қоректік тізбектер бірнеше құрамдық
бөліктерден тұруы мүмкін. Ол үш бөліктен тұрады:
Біріншісі – продуценттер немесе өндірушілер. Бұнда автотрофты жасыл
өсімдіктер органикалық заттар түзіп, алғашқы биологиялық өнімділікті түзеді
және күн энергиясын жұмсайды.
Екіншісі – консументтер, бұған жануарлар жатады.
Үшіншісі – редуценттер немесе қайта қалпына келтірушілер. Оларға
микроорганизмдер жатады. Олардың рөлі ерекше. Яғни заттарды ыдыратып, қайта
қалпына келтіріп, зат айналымын жалғастырып отырады.
Әрбір қоректің тізбектің қатарында белгілі бір тропикалық деңгей
қалыптасады. Ол өзінен өтетін зат және энергия ағымының активтілігімен
сипатталады. Мәселен жасыл өсімдіктер – бірінші тропикалық деңгейді түзсе,
фитофагтар – екінші, ал жануарлар тектес қоректілер – үшінші, т.б. жалғаса
береді.
Барлық қоректік тізбектер бір-бірімен байланысты және тәуелді болып
отырады. Әрбір деңгейден екінші, үшіншіге өткен сайын зат немесе энергия
беру жүзеге асады. Осының бәрі биоценоздағы қоректік тізбектің күрделігігін
және біртұтас жүйе ретінде әрекет ететіндігін көрсетеді.

2.1 Әлемдегі қоршаған табиғи орта жағдайының жалпы сипаттамасы

Адам әр кезде де табиғатпен тығыз байланыста өмір сүреді, оның байлықтарын
пайдаланады және өз қызметі арқылы табиғатқа әсер етеді. Адамның табиғатқа
әсері зиянды салдар тудыруы мүмкін. Мемлекет әрқашанда табиғи
ортаны осындай зиянды әрекеттерден қорғау үшін белгілі бір құқықтық
ережелер шығарады. Табиғи ортаны адамның зиянды әрекеттерінен қорғауға
бағытталған нормалардың (ережелердің) жиынтығы экологиялық құқық деп
аталады. Адамның табиғатқа зиянды әсерінің салдарынан XX ғасырдың ортасында
әлемдегі экологиялық жағдай күрт төмендеп кетті. Экологиялық жағдайдың
нашарлағаны соншалық, бүгінде ол әлемнің кейбір аймақтарында адамның тұрмыс
тіршілігімен коса оның өмірі үшін де үлкен қатер тудырып отыр.

2002 жылы Йоханнесбургте (ОАР) тұрақты даму жөніндегі өткізілген
Бүкіләлемдік самитте (кездесуде) бүгінгі күні биологиялық әртүрлілік жылдам
қарқынмен қысқарып бара жатқандығы атап айтылды. Адамның әрекеті
нәтижесінде теңіздердегі балық коры 75 пайызға дейін азайды, маржан
рифтерінін 70 пайызы жойылу каупінде түр. Табиғат тозуда, сонымен бірге
адамзат та тозып барады, қоршаған ортаның ластануы нәтижесінде халықтың
денсаулығы да нашарлап келеді, ал мұның соңы адам тегінің бұзылуына әкеп
соқтырады, тұқым қуалайтын аурулар, оның ішінде, ең алдымен, психикалық
және туа біткен аурулар санының өсуіне, маскүнемдік, нашақорлық, СП ИД, ақ
қан ауыруы, қатерлі ісік, жұқпалы және вирусты аурулар таралуына әкелуде.
Бүгінгі таңда барлық мемлекеттер зиян шеккен экологиялық ахуалды қалпына
келтіру жөнінде іс-шаралар қолдануда. Алайда қоршаған ортаға төнген
қатердің қауіптілік дәрежесінің жоғарылығы соншалық, бүгінде ол тек
мемлекеттің ішкі шаралары ғана емес, сонымен бірге мемлекетаралық шараларды
да қолдануды талап етіп отыр. 1992 жылы маусымда Рио-де-Жанейро қаласында
өткен қоршаған орта және оны дамыту жөніндегі БҰҰ-ның конференциясында осы
мәселе бойынша Декларация қабылданды. Аталған декларацияға біздің еліміз де
қосылды.

Қазіргі кезде халықтын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жамбыл облысының биологиялық ластану көрсеткішін анықтау
Газ генераторы
Ластану проблемасы
Шаруашылықтың топырақты-климаттық жағдайы. Астықжан ЖШС-нің қызмет нәтижелері
Жемістер мен жидектерден жасалған алкогольсіз сусындар
Маңғыстау облысының географиялық орны
Қазақстандағы ауыз су мәселесі
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚАЛДЫҚТАРЫНЫҢ ЖІКТЕЛУІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРІ
Литосфераға антропогендік әсер ету
Өсімдік ауруларының жіктелуі
Пәндер