Қазақстандағы атом полигондары


Жоспары
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
а) Батыс Қазақстандағы сынақ полигондары
ә) Семей полигоны
б) Әскери полигондардың халыққа тигізген зардаптары
ІІІ. Қорытынды бөлім
Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Ядролық зерттеу полигонын құру туралы шешім КСРО Министрлер Кеңесінің және КОКП Орталық комитетімен 1947 жылы 21 тамызда қабыл-данды. Полигон «Оқу полигоны» ауызша аталды, шифр әскери бөлім 52605. Полигонның қалыптасуы Москва облысының Звенигород қаласында басталды. Алғашқы әскери бөлімдер мен жеке бөлімшелер 1947 жылғы 1 мау-сымнан бастап Павлодар облысының Майский ауданының Молдары поселке-сіне қоныс аудара бастады. Полигон Қазақстан Республикасының Се-мей, Батыс өңірі Павлодар, Қарағанды облыстарының аумақтарында орна-ласқан. Полигон сынақтарына дайындық жұмыстары 1949 жылғы шілде айында аяқталды. Сол жылдың 29 тамыз айында КСРО-да алғаш ядролық құрылғының сынағы өткізілді. Сынаққа тікелей ғылыми жетекшілік И. В. Кур-чатов атқарды. 1953 жылғы 12 тамызда полигонда алғаш термоядролық құрылғы, 1955 жылы 22 қарашада - сутегі бомбасы сыналды. Ядролық сынақ-тар ядролық жарылыс құрылғылары және қарулардың үлгілерін сынау мақса-тында өткізілді. Кейіннен халық-шаруашылық мақсатта өткізілді. Полигон күрделі ғылыми-зерттеу кешені болып саналды. Құрылымы жағынан ол базалық Курчатов қаласынан тұрды

Кеңес заманы тұсында республикамыздың аумағында ядролық қарудың сыналғаны әлемге әйгілі. Полигондар аймағы ұзақ жылдар бойы құпия сақталынды. Тек Семей полигоны ғана көпшіліктің назарында болып, қалған сынақ аймақтарынан жұрт беймелім болды. Шын мәнінде, қазақ даласының 19 млн. га. жері 40жыл бойы ядролық сынақтың полигоны болды. Ол жерлер Семей, Азғыр, Нарын, Тойсойған, т. б. полигондары алып жатқан табиғи әсем, щұрайлы жайылымдар еді. Осы жерлер де 1949 - 1989 жылдар аралығында болған ядролық сынақтардың 27- сі атмосферада, 183 - і жер бетінде, қалғаны жер астында жасалды. Атом қаруы саналған елдермен салыстырсақ 225, АҚШ - та 1032, Қазақстанда 500 - ден астам жарылыс жасалған. Бұдан біз, Қазақстан жерінің қаншалықты зардап шеккендігін көреміз. Атом қаруы сол сияқты Ұлыбританияда, Қытай, Франция, Үндістан, және Пәкістанда сыналған. Оның үстіне дүние жүзіне танымал ядролық сынақтың орталықтары Капус-тин Яр Ресей мен Лонбор Қытай, Қазақстанға шекаралас жақын жатқан ау-мақтар.
Ядролық қаруды сынау алғашында ғылым мен техниканы дамыту бағытында сипат алғанымен, кейіннен атом бомбасы соғыс мақсатында қолданылды. Атом бомбасын алғаш рет АҚШ 1945 жылы Хиросима мен Нагасаки қалаларына тастады. Адамзат тарихындағы бұл қасіреттің ізі бүгінгі дейін жапондықтарды зардап шектіріп отырғаны әлемге белгілі. Ал Қазақстан жерінде сыналған 500 - ден астам атом бомбасының зардабы айтпаса да түсінікті.

Қазақстанда ядролық қаруларды сынау кең көлемде жүргізілді. 1990 жылғы мәліметтер бойынша сынақ жасалған жерлердің көлемі облыстар бойынша 16686, 1 мың га жерді қамтыған. Ядролық қарудан тек атом бомбаларын сынаумен шектелмей полигондарды соғыс ракеталарын, т. б. тех-никаларды да сынақтан қатар өткізіп отырған.

Батыс Қазақстандағы сынақ полигондары

Батыс Қазақстан және Атырау облыстарының бірсыпыра жерлері 50 жылға жуық “Капустин Яр” атты ескери полигоны болып келгені кейінгі кезде ғана халыққа белгілі бола бастады. Батыс Қазақстан облысының Ор-да, Жаңғалы аудандарында 24 мың зьшыран ұшырылып 177 әскери жаппай қырып жоятын қару-жарақ сыналғаны соңғы уақыттарда белгілі болды. 1988-1991 жылдары аралығында осы аймақта 619 СС-20 зымыраны ұшырылып ай-наланы қоршаған сыртқы ортаға 30 мың тоннадай өте улы химиялық заттар шығарылған.

Жоғарыда көрсетілген жылдарда жер астында - 18, ал атмосферада - 11, қуаты Херосима жөне Нагасаки (Жапония) қалаларының үстінде жарылған атом бомбыларының қуатынан бірде-бір кем емес керісінше күші пара-пар келетін термоядролық жарылыстар өткізілген. Батыс Қазақстан облысының Орда ауданында “Капустин Яр”, Атырау облысының Теңіз ауданындағы “Атырау”, “Азғыр” әскери полигондары болған. Оларда 1966 жылдан 1979 жылға дейін жер астында ең кем дегенде 17 ядролық жарылыс өткізілгені туралы дәлелденген ғылыми деректер бар. Олар баспасөз беттерінде ашық жарияланған. Осыған байланысты Батыс Қазақстан облысының көптеген жерлері радиоактивті және химиялық улы заттармен ластанған. Осы күнде бұлақ, өзен, көл не шаруашылыққа, не жуынып-шайынуға жарамай қалаған. Өйткені ондағы улы қосылыстардын (нитраттардың) көлемі 2, 6 есе ден 800 есеге дейін өскен. Мысалы, 800 есе, қорғасының мөлшері 206 есе, стронций-90-ның мөлшері 150 есе, темірдің улы қосылыстарының көлемі 5 есе белгіленген деңгейден асып кеткен. Кадмий мен мыс Бисен қалашығының тұрғындары-ның ішетін ауыз суларында өте жоғары денгейде болғаны байқалды. Бұл су-ларды адамның және жан-жануарлардың ішуіне болмайтынын арнаулы түрде жүргізілген ғылыми-зерттеулер анықтап шықты. Қорғасын, стронций мен темірдің деңгейі Елқонды қалашығы тұрғындарының, Орда ауданының басқадай ауылдарының ішетін ауыз суларында көп мөлшерде екені тәжірибе жүзінде толығымен дәлелденді. Оларды тұрғын халықтардың өздері де жақсы біледі. Бұл ауданның биосферасын да қорғасын, стронций-90, темір деңгейлері көрсетілген мөлшерден 6-7 ден 11 есеге дейін өсіп кетксн. С. Д. Асфендияров атындағы Алматы мемлекеттік медициналық университеттін бір топ доценттері мен профессорлары арнаулы түрде Батыс Қазақстан облысының Орда, Жәнібек, Қазтал қалашықтарының аймақтарында радиоэкологиялық ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізген болатын. Олар топырақтың құрамын-дағы судың ішіндегі радиоактивті элементтері. Стронций-90, цезий-137 анық-таған еді. Зерттеу жұмыстарының қорытындыларына қарағанда, зерттеуге алынған объектілердің құрамында радиоактивті қосылыстар үш еседен артық болған.

Батыс Қазақстан аумағында 1966 - 1979 жылдар аралығында 24 рет ядралық қару сыналған. Соным ішінде Азғыр полигоны ғана 6, 1 мың га жерді алып жатыр. Осы аймақтарда радиактивті заттардың шекті рауалы мөлшері (кадмий, стронций, қорғасын) бірнеше есеге көбейіп кеткені анықтал-ған. Мұндай сынақтар Үстірте де 1968 - 1970 жылдары жасалған. Сол сияқты ірі полигондар қатарына Атырау облысының Тойсойған, Балқаш көлі маңын-да Сарышыған, Ташкент - 4 сынақ алаңдары мен Байқоңыр ғарыш айлағы да жатады. Сынақтар кезінде апатқа ұшыраған ракеталар, соғыс техникалары қоршаған ортаға өте қауіпті. Шығыс Қазақстан облысының Абай, Бес-қарағай, Жаңасемей, Абыралы аудандарының аумақтары атом сынақтарының ордасы аталып, ең көп зардап шеккен эколдогиялық апатты аймаққа айналды. Қазақ-стан жерінде атом қаруларын сынау 40 жылға созылып, табиғи экожүйелер бүлдіріліп, жарамсыз етті. Жалпы полигондар көлемі 33, 6 млн. Гектарға жетті.

Семей полигоны

КСРО-дағы ядролық сынақ полигондарының бірі - Семей полигоны Кеңес Одағының аса маңызды стратегиялық объектісі болды. Осынау полигонның кемел инфрақұрылымы:Курчатов қаласын (Семей - 21), реакторлар кешенін, «Балапан», «Г» (Дегелеңдегі сейсмокешен), «Ш» («Тәжірибелік алаң» дейтін) сынақ алаңдарын, толып жатқан басқа да ұсақ тәжірибелік алаңдарды қам-тиды.
Семей ядролық полигонының осынау тәжірибелік алаңдарында 456 ядролық жарылыс жасалды. Осынау сынақтар атом қаруының қиратқыш қа-руын айтарлықтай арттыруға ғана емес, оның жаңа түрлерін де жасауға жол ашты.
Семей ядролық полигонындағы сынақтардың жалпы саны 456 ядролық және термоядролық жарылысты құрады. Олардың 116-сы ашық болды, яғни жер бетіндегі немесе әуе кеңістігінде жасалды. Семей полигонында әуеде және жер бетінде сынақтан өткізілген ядролық зарядтардың жалпы қуаты 1945 жылы Хиросимаға тасталған атом бомбасының қуатынан 2, 5 мың есе көп болды. 1949 жылғы 29 тамызда тұп-тура таңғы сағат жетіде көз ілеспес жылдамдықпен ұлғайып бара жатқан отты доп кенеттен Жер денесіне қадалып, оны шарпып өтіп, аспанға көтерілген. Отты шардан соң, сұрапыл қуат пен көз қарастырар сәуле бас айналдырып жібергендей бір сәтте жер қабығының ыстық күлі мен иісі көкке көтерілген. Жер лыпасының өртең иісі қолқа атар түтіннің ащы иісін қолдан жасалған жел әп-сәтте жан жаққа таратты.
Таяу жерлердегі сирек ауылдарда тұратын адамдар дір ете түскен жер мен жарты аспанды алып кеткен от-жалынға таңырқап, үйлерінен қарап тұрған.
Жалғыз түп шөп қалмаған, түтігіп қарайып кеткен даланың тұл жамылғысы. Жан-тәсілім алдында жанталасқан тышқандардың, қарсақтардың кесірткелер-дің өлі денесі табылған. Жаңадан келгендер бұл тозақты Семей ядролық сынақ полигоны ретінде белгілі № 2 оқу полигонында РДС-1 (зымырандық көрсеткіш снаряды) плутоний зарядан жер бетінде сынақтан өткізу жарылысы деп атады. Бұл КСРО-да тұңғыш атом бомбасының жарыдуы еді. Полигонда жаңа таталды жұлдыздың тууын Лаврентий Берия, Сергей Курчатов, әскери бастықтар мен атақты ғалымдар, Кеңестік атом бомбасының толып жатқан идеологиялық, идеялық және техникалық аталары тасадан бақылап тұрды.

Сынақ жарылыстары Қазақстан жері мен халқына аса ауыр зардаптар тигізді. Полигондар ең алдымен өздері орналасқан жерді тоздырды. Ол жердің ауа райы өзгеріп кетті. Суы тартылып, ауасы мен шөбі ластанды. Экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуы тіршілік үшін өте ауыр болды. Аумақтың флорасы мен фаунасы орны толмас шығынға ұшырады: аң мен құс қырылды немесе басқа жаққа ауып кетті. Гүлді нулы алқаптар қаңырап қалды. Әсіресе адамдардың тартқан зардаптары жан түршігерлік болды.

"Невада - Семей" - қозғалысы антиядорлық, экологиялық қозғалыс болды.

1989 жылдың 28 ақпанында Алматыда бой көтерген бұл қозғалыстың ұйымдастырушысы және идеялық жетекшісі - белгілі ақын, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов болды. Қозғалыс халыққа аса үлкен қасірет әкелген Семейдегі ядролық сынақ полигонын жаптыру міндетін алдына қойды. Соны-мен қоса, бұл саяси ұйым "5-5" формуласы бойынша әлемдегі аса ірі полигон-дардың бәрін жою, әскери мақсаттағы - ядролық соғыс қаупін ыдырату сияқты ғаламдық мәселелерді көтерді. Ізгі ниетімен алға қойған мақсатының айқындығы және ұйымдастырушыларының батылдығы мен саяси көрегендігінің арқасында "Невада-Семей" аз уақыт ішінде бұқара арасында кең танымал жалпыхалықтық қозғалысқа айналды.

Полигонға қатысты құпияларды ашу, тұрғындар шеккен залалдың орнын толтыру мақсатымен қозғалыс белсенділері түрлі шаралар - митингілер, ше-рулер, республикалық және халықаралық шеңберде ғылыми маслихаттар ұйымдастырды.

Әскери полигондардың халыққа тигізген зардаптары

Семей ядролық полигонындағы сынақтардың әсері туралы алғашқы шын да жүйелі деректер Қазақ КСР Ғылым академиясы жүргізген кең ауқымды меди-циналық-экологиялық зерттеулердің нәтижесінде алынды. Зерттеулерді, ғылыми экспедицияларды профессор Б. Атшабаров басқарды. Радиацияның адамға ықпалының механизмі қазіргі кезде едәуір жақсы парықталған. Бұл орайда ең қауіптісі - иондалатын радиацияның ықпалы гендік кодты дауасыз өзгерістерге соқтыруға мүмкін екендігі. 1949 жылғы алғашқы жер бетіндегі жарылыстан бастап Семей және Павлодар облыстарының радиациялық сәулеленудің ықпалына ұшыраған басқа аумақтардың тұрғындарының арасында сырқат санының ұдайы өсіп келе жатқаны байқалады. Бұлар өкпе мен сүт бездерінің рагы, лимфогемобластоз және басқа да қатерлі ісікті патологиялары. Жалпы алғанда рак ісігі сынақтар басталғалы бері үш есе өсті.
Семей полигонына жақын нақ сол аудандарда жетілуіндегі әртүрлі ауытқулар, тәндік және естік кемшіліктер әрқилы сәбилер дүниеге ерекше көп келеді.
Мамандардың айтуынша, соны бәрі нақ қысқа мерзімді және қалдықты радиацияның кесірінен болатын генетикалық мутациямен байланысты.
Адамдар ғана емес, жер де азап шегеді. Жылма-жыл радионуклидтердің жина-ла беруі жердің құнарлығын азайтады. Жерде орасан зор микроэлементтер: темір, мыс, магний және басқа металдар әрттүрлі дәнді дақылдар адам организміне сіңеді.

Ядролық сынақтардың басталғанына 1-2 жыл өткен соң-ақ зардап шеккен аудандарда балалар өлімі 4-5 есе көбейіп, жаңа туған 100 нәрестенің 85-100-і ажал құшағына енді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы полигон аймақтары
Қазақстан полигондары
Қоршаған ортаның экологиясын бақылау
Қазақстандағы полигондар
Қазақстандағы экологиялық апат аймақтары
РАДИАКТИВТІ ҚАЛДЫҚТАР
Семей полигонының зардабы
Қазақстанда қалыптасқан экологиялық жағдайлар
АУАНЫҢ РАДИОАКТИВТІ ЗАТТАРДАН ЛАСТАНУЫ
Балқаштың экологиялық ахуалы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz