DLS және ISDN технологиялары


Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:
Жоспар
Кіріспе
- DSL технологиясы
- ADSL технологиясының құрылымы
- ADSL технологиясының ерекшеліктері
- Хаттамаларға байланысты ADSL жұмыс істеуі
- ISDN технологиясы
- ISDN функциялары
- Интернеттегі мәліметтерді қорғау
- Цифрлық қолтаңба
- Қорытынды
Кіріспе
Интернет сөзі Interconnected networks (байланысқан жүйелер) терминінен шыққан, яғни техникалық көзқараспен - бұл кіші және ірі желілер бірлестіктері. Кең мағынасында - бұл бір бірімен мәліметтермен алмасатын жер жүзіндегі миллиондаған компьютерлер арасында бөлінген ақпараттық кеңістік. Көбіне Интернет сөзімен Желінің информациялық құрамын түсінеді. Интернет - бұл өзіне уникальды жетістіктерді толығымен жинаған технология. Интернет сонымен қатар ең күшті және тәуелсіз ақпарат қоры, байланыстың сенімді және оперативті тәсілі, жер жүзіндегі миллиондаған адамдардың шығармашылық түрде өзін-өзі көрсету және ақпараттық технологияларды дамыту негізі болып табылады. Интернеттің басты тапсырмасы бұл - әр тәуліктік, жоғары сенімді байланыс. Интернетке қосылған кез келген екі компьютер (немесе басқа құрылғылар) бір-бірімен кез келген уақытта хабарласа алады. Ары қарай “Желі” сөзін қолданғанда Интернет сөзіне синоним ретінде Желімен интернет арқылы екі компьютерді байланыстыру мүмкіндігін және олардың өзара байланысын қамтамасыз етуді түсінеміз. Интернетке қосылған әрбір компьютер - бұл Желінің бір бөлігі.
Қолданушылардың көп бөлігі жоғарғы жылдамдықпен желіге кіру мүмкіндіктері провайдерге қарағанда жоқ. Абонентпен провайдердің болу нүктесі арасындағы болатын байланыс технологиясы технологияның соңғы милясы деп аталады. Бұл атау шартты түрде, ал практика жүзінде осы айтылған қашықтық бір миляға сәйкес келу қажет емес. Көп жағдайларда “соңғы миля” желіден компьютер қолданушысына ақпаратты жіберу тар жол болады. Интернетке жіберу соңғы миля технологиясы әртүрлі бола алады, бірақ “кіру жылдамдығы жоғары болған сайын, каналдарды қолдану ақысы жоғары болады” деген принцип әмбебеапты болып келеді. Бар инфраструктураны қолдануға мүмкіндік беретін көптеген технологиялар бар, олар - Интернетке кіру мүмкіндігіне арналған телефонды линиялар, кабельді теледидар желілері және басқалар. Интернетке кіру әртүрлі технологиялары: телефондық линия арқылы модеммен қосылу, радиоканал арқылы қосылу, кабельді теледидардың желісімен қосылу, және де, спутникті канал көмегімен. Интернетке қосылудың әртүрлі әдістеріне қарамастан, қолданушы үшін тек қосылу тұрақтылығы, мәліметтерді жіберу жылдамдығы және жауап беру уақытында ерекшеліктер бар. Интернеттің барлық ресурстары кіру мүмкіншіліктері бар, оның көмегімен ол провайдермен қосылады. Желіге қосылудың әртүрлі варианттарын қарастырайық.
Интернет жүйесіне қатынасу технологиялары.
DSL, ISDN технологиялары.
DSL-технологиялары
Қарапайым телефон тек төменгі жиіліктегі желілерді қолданады. Егер ”телефонды” жіңішке жолының орнына кеңірек жолды қолданса, телефон сымы едәуір көп ақпарат жібере алады. Өткізу жолы немесе өткізу жолының ені - өткізу каналы жиіліктерінің диапазонындағы ең жоғары жиілік пен ең төменгі жиіліктің арасындағы айырымы. Телефон желісі арқылы сигналды жіберудің аналогты түрі 300 Гц-тен 3, 4 кГц-ке дейінгі диапазонды алады. Цифрлы сигнал үлкендеу диапазонды талап етеді. Жіберу жылдамдығы өскен сайын, жиіліктер диапазоны да өсу керек. Сондықтан, «өткізу жолы» терминімен компьютер желісімен мәліметтерді жіберу жылдамдығының жоғары шекарасы белгіленеді. « Кеңжолды қатынас» термині арна ақпарат жіберу үшін кеңейтілген жиіліктер жолын береді дегенді білдіреді. Ақпаратты жіберудің жоғары жылдамдығы кең жолды пайдаланған кезде бірнеше сигал бір арнаның бойымен, бірақ әртүрлі жиіліктерде параллельді жіберілу мүмкіндігіне байланысты. Өйткені, уақыт бірлігінде ақпараттың мол көлемі жіберіледі. Арнаны бірнеше бөлікке бөліп, сигналдарды жіберу мультиплексорлау деп аталады. «Таржолды қатынас» терминімен дауысты жіберуге жеткілікті арна түсіндіріледі. Кейде «кеңжолды емес қатынас» термині кездеседі. Ол арнамен мәліметтерді жіберу жылдамдығы 64 Кбит/с-тан кем екендігін білдіреді.
Телефон желісін цифрлы мәліметтерді жоғары жылдамдықта жіберу үшін қолдануға мүмкіндік беретін технологиялардың бірі DSL. DSL аббревиатурасы - «Digital Subscriber Line». Бұл технология телефонмен сөйлесуге кедергі жасамай, мәліметтерді жіберуге жоғары жиіліктерді қолдануға мүмкіндік жасайды.
DSL-технологиясы көмегімен бір уақытта Интернетпен жұмыс істеу және телефонмен пайдалануға болады. Қарапайым модемге қарағанда, DSL-қосылу жылдамдығы едәуір жоғары. DSL үшін жаңадан сымдар жүргізу керек емес, өйткені телефон желісінің құрылғылары пайдаланылады.
Асимметриялы DSL (ADSL)
Интернетпен жұмыс кезінде ақпараттың негізгі ағыны Желіден пайдаланушыға өтеді. Желіге ақпараттың едәуір аз көлемі жіберіледі. Мысалы, сіз Web-беттерді қараған кезде, кішігірім запрос жібересіз, ал желіден мәтін ғана емес, сонымен қатар суреттерді де қабылдайсыз. Яғни, ақпарат алмасу ассиметриялы болып келеді. Бұндай трафикті жіберу үшін ассиметриялы арна керек.
ADSL технологиясының құрылымы
1. ADSL қосылуының типтік сұлбасы
ADSL технологиясы қазіргі абоненттік телефонды сызықты абоненттерді кең жиекті тарату қызметтерімен қамтамасыз ету идеясында негізделеді. Бұл жағдайда технологияға кейбір негізге алынатын қағидалар салынған:
- технологияда деректерді ассиметриялық алмастыруды ұйымдастыру қарастырылған;
- ADSL ендіру кезінде жұмыстар көлемі минимал болуы тиіс, себебі ADSL технологиясы басынан бастап массалық ендіруге бағытталған;
- қондырғыда немесе NGN желісінде болатын кез келген қателіктер кезінде дәстүрлі телефонды байланыс жұмыс істеуі тиіс;
- технологияда қандай жағдайда болмасын телефон желісінің абонентті линиялары қолданылады.
Осылардың негізінде ADSL технологиясының барлық құрылымы өсті және қарапайым телефонды линияның ADSL абонентті кең жиекті таратуы жүйесіне көшу процессі өтті.
Абонентті қосылудың типті сұлбасының негіінде жиілікті бөлу қағидасы жатыр. Абонентті линиядан өтетін барлық сигнал жиілікті диапазонды үш бөлікке бөлінеді:
- дәстүрлі телефония сигналдарын тарату диапазоны;
- ADSL жоғары линиялары үшін диапазон ;
- ADSL төменгі линиялары үшін диапазон .
Асимметриялық ауысу абоненттен желі түйініне (линия жоғарыға қарай) деректерді тарату жылдамдығы желі түйінінен (линия төмен қарай) абонентке тарату жылдамдығынан айтарлықтай төмен болатынын қарастырады. Сондықтан да линиядан жоғары қарай деректерлі тарату үшін телефонды каналда төменгі жиілікті диапазон беріледі. ADSL технологиясы 1, 1 МГц дейінгі жалпы диапазонды алады.
Телефонды сигнал 0, 3 пен 20 кГц аралығындағы диапазонды, жоғары линия бойынша ADSL - 30 кГц пен 140 кГц дейінгі диапазонды, ал төменгі линия бойынша ADSL - 140-тан 1100 кГц-қа дейінгі диапазонды алады.
Сигналдарды бұрынғы телефонды линияның екі жақтары бойынша жиілікті бөлуді қамтамасыз ету үшінтелефония тізбектері мен кең жиекті ADSL тарату жүйесінің тізбектері арасында бөлу функциясын атқаратын сигнал бөлгіштері (сплиттерлер) қолданылады. Телефонды байланыс (немесе ISDN байланысы) бұрынғысынша өзінің жиілікті диапазонында беріледі. Абонентті линия қарапайым телефонды желі немесе ISDN линиясы болғанына байланысты ADSL екі стандарты белгіленген:
1. Қарапайым телефонды линияды қолданған жағдайда телефонды байланыс 300 бен 3400 Гц диапазонында беріледі, ADSL 30 кГц бастап жиіліктерді алады.
2. ISDN линиясын қолданған кезде данные ISDN деректері 80 кГц дейінгі диапазонда беріледі, aл ADSL 138 кГц жиіліктен бастап диапазонға тұрақтайды.
Сплиттерлер екі фильтрлер негізінде жасалған пассивті элементтерді көрсетеді: жоғары жиілікті фильтрлер (ЖЖФ) және төменгі жиілікті фильтрлер (ТЖФ) .
Олардың негізгі тағайындалуы - ADSL трафигі мен дәстүрлі телефония/ISDN трафигінің бөлінуін қамтамасыз ету. Сплиттерлер пассивті элементерді білдіретініне байланысты өз жұмысы үшін қорек көзін қажет етпейді.
Кең жиекті таратуды қамтамасыз ету үшін абонентті іске қосуға қосылатын элементтерді қарастырайық. Станциялық жағынан ADSL сигналдарын біткен соң желіге берілетін ATM ұяшықтарына өзгерту функцияларын атқаратын DSLAM (DSL AccessMultiplexer - DSL таратуы жүйесінің мультиплексоры) қондырғысы қосылады.
2. Хаттамаларға байланысты ADSL жұмыс істеуі
ADSL-ды абонентті жұпты қолдану технологиясын ретінде қарастырудан ADSL абонентті қосылу құрамындаға барлық қондырғылар жиынтығын оқуға өтеміз. Бұл үшін кең жиекті тарату желісі қолданушының Интернет желісінде белсенді жұмыс істеуі үшін жасалынатынын негізге ала отырып, компьютерден Интернет-провайдерға (ISP) дейін әр түрлі хаттамаларда деректердің қайта құрылуын бақылаймыз.
Қолданушы мәліметтері Интернетте қолданылатын HTTP жоғарғы деңгейі хаттамаларының сұраулары түрінде беріледі. Деректерлі тарату үшін HTTP кадрлары TCP/IP тасымалдау кадрларына оралады және ADSL модеміне беріледі. Бұл үшін алмасудың әр түрлі интерфйстары қолданылуы мүмкін, жиі қолданылатыны- Ethernet немесе USB.
ADSL модем
ATM over ADSL технологиясы абоненттік қатынас құру желісіне кеңінен енгізуге бөгет болатын көптеген ұсақ жетіспеушіліктерге ие. ATM over ADSL құрылғысын орнатудағы бұл қиындықтар нақтылы абонент желісін байыпты түрде күйіне келтіруді қажет етеді (ереже бойынша, компанияның техникалық қызметшісінің қатысуымен - желі операторының), салыстырмалы түрде жоғары құнға ие.
Көрсетілген жетіспеушіліктерді ретке келтіретін ATM over ADSL технологиясының жаңа үлгісі шыққаны туралы хабарламаның шыққанына көп болған жоқ. Оны Universal ATM over ADSL (UATM over ADSL), немесе DSL Lite деп атайды. Шыны керек, бұл технологияларды қолданған кезде ATM/SDH технология over ADSL - ға қарағанда деректер неғұрлым төмен жылдамдықта таралады (3, 5 км ұзындықта абоненттік желінің жылдамдығы абоненке қарай - 1, 5 Мбит/с, кері қарай - 384 кбит/с; 5, 5 км ұзындықтағы абоненттік желі абонентке қарай 640 кбит/с жылдамдықта қамтамасыздандырылады, және 196 кбит/с - кері бағытта) . Алайда, бұл құрылғыларды орнату оңай; сонымен қатар, олардың құрамында жиілік бөлгіш болады, сондықтан оны жеке орнатудың қажеті жоқ. UATM over ADSL-модемді қарапайым модем сияқты телефон розеткасына қосу жеткілікті.
ADSL модемінің негізгі рөлі қолданушы мәліметтерін ADSL арқылы бере алатын ыңғайлы форматқа келтіруде болып табылады. Модем жоғарғы деңгей мәліметтерімен жұмыс істемейді, ол үшін тек TCP/IP кадрлары ғана бар. Абонентті тарату тізбегімен кадрларды тарату үшін модем құрамына ADSL хаттамасының физикалық деңгейін, ATM негізіндегі каналды деңгейді, нүкте-нүкте режимінде каналдардың байланысын бақылау үшін РРР деңгейін және сәйкесінше TCP/IP қосатын ADSL төрт деңгейлі құрылымын құрады.
Модемде мәліметтерлің өзгертудің негізгі мақсаты ADSL аса күрделі құрылымын құру болып табылады. Модульденген сигнал түрінде модемде қайта құрылған ADSL кадрлары тарату үшін қолданылатын телефонды линияға түседі және DSLAM беріледі. Әдетте бір DSLAM-ға бірнеше(кейде тіпті бірнеше жүз) модемдердің қосылуы қажет болады.
DSLAM тек ADSL және ATM деңгейінде ғана деректермен жұмыс істейтін қарапайым қондырғы болып табылады. DSLAM негізгі мақсаты- ADSL кадрларынан мәліметтерді қалпына келтіру және ары қарай желіден берілетін ATM ұяшықтарының ағынын құру. ADSL технологиясы 1990-жылдардың ортасында мультиқызметтік желілерді тұрғызудың стратегиялық концепциясы ATM технологиясы болған кезде пайда болғандығын ұмытпау қажет.
Бұл кезде қолдану мәліметтерінің желі жағындағы ATM ұяшықтарына өзгертілуі кең жиекті таратуды арнайы қамтамасыз етеді деп саналған. NGN қащіргі заманғы концепциясында ATM технологиясы тек қызметтік ретінде ғана сақталған. Осыған байланысты ATM ұяшықтарын TCP/IP негізінде қазіргі заманғы желілер үшін қалыпты формаға келтіру қажет болды. Абонентті тарату тізбегінің құрамына кең жиекті өшірілген тарату серверінің атауын алған тағы бір қондырғы қосылған болатын (, BRAS) . Мұндай қондырғы кең жиекті таратуды интеллектуалды басқару үшін IP аймақтық бағыттауышын білдіреді. BRAS пакетті трафикті деректерді тарату каналының деңгейінде ADSL қолданушыларынан трафик параметрлерін басқаруға жол ашады. Мысалы, тұтынушыдан деректерді тарату жылдамдығын реттеуді тура осы BRAS жүзеге асырады. Қазіргі уақытта DSL тарату желісінің операторлары тура және кері трафикті шектеу үшін ATM тарату түйіндерінде BRAS -тың көмегінсіз жүзеге асыруға болатын жылдамдықтың белгіленген пішіндерін қолданады. Алайда болашақта өте жақсы бейімделген тарату қасиетіне ие болу үшін өте жақсы қарастырылатын механизмдер керек болады, және аймақтық бағыттауышсыз мұндай функцияларды атқару өте қиынға соғады. Бұдан бөлек, тарату қасиетіне сұраныстың көбеюіне байланысты аймақтық желілер мен тарату желілерінің операторлары тез масштабтауды қажет етеді және мұнда BRAS та маңызды элементке айналады.
DSLAM-да IP пакетті трафигінің ағынын басқару мүмкін болмайды, DSLAM тек ATM деңгейінен жоғары деңгейлерді қолдай алмайды. Ағынды басқару функциясынан бөлек BRAS деректер форматын өзгертуге байланысты маңызды функцияны атқарады, бұл элемент шындығында аймақтық міндетті орындауына байланысты: бұдан соң деректер желі бойынша таратылады.
Жоғарыда айтылғандарды қорытындалай келе, ADSL жүйесінің құрылуына байланысты модем мен DSLAM байланысы өте қиын болатындығын айта кету керек, ал мұнда ADSL болады. Кең жиекті абонентті тарату (1. 5-суретін қара) сұлбасының барлық басқа элементтері NGN қондырғыларына немесе NGN тасымалдау желісінің құрамдық бөліктеріне жатқызылуы мүмкін.
ADSL (Asymmetrical Digital Subscriber Line) немесе ассиметриялы DSL пайдаланушыға мәліметтерді жоғары жылдамдықпен жіберуге мүмкіндік береді, сондай-ақ пайдаланушыдан Желіге келген сигнал Желіден пайдаланушыға келген сигналға қарағанда төменгі жиіліктерде жіберіледі.
Ең жаңа технологияларды пайдалануға байланысты ADSL бойынша ақпаратты жіберу жылдамдығы басқа қатынас түрлерімен салыстырғанда өте жоғары: 8 Мбит/с абонентке бағытталғанда, 1 Мбит/с абоненттен желіге бағытталғанда. Жоғары жылдамдық Web-сайттармен, мультимедиа-ақпаратпен ыңғайлы жұмыс істеуге, үлкен файлдарды жылдам тасымалдауға және интерактивті қосымшаларды толық пайдалануға мүмкіндік жасайды.
ADSL артықшылығы болып орнатылуының жеңілдігі табылады: пайдаланушы мен телефон компаниясын бірімен-бірін қосатын бұрыннан бар телефон кабелінің сымдары қолданылады. ADSL Интернетке үнемі қатынасты қамтамасыз еткеннің өзінде ADSL пайдаланушылары өткізу жолын басқа абоненттермен бөліспейді. Бірақ ADSL кемшіліктері де бар, ең алдыңғысы - алыстықтың шектелуі. ADSL-технологиясын қолданған кезде кері бағытта ақпаратты жіберу жылдамдығы ара қашықтыққа байланысты болады. Егер абонентке бағытталған ақпаратты 3 км қашықтықта 8 Мбит/с жылдамдықпен алуға болса, 5 км қашықтықта - тек 1, 5 Мбит/с.
Пайдаланушы ДК-і ADSL-модемге қосылады. ADSL-модемі жұмысының принципі 24 кГц-тен 1100 кГц-ке дейінгі жиіліктер диапазоны әрқайсысына виртуалды модем бекітілетін 4000-герцтік жолдарға бөлінетіндігіне негізделген. Соған байланысты виртуалды модемдердің әрқайсысы өз жиідіктер диапазонымен жұмыс істейді.
ADSL-модемі жиілікті айырымға қосылады. Жиілікті айырым (немесе сплиттер) кәдімгі телефон байланысының төменгіжиілікті сигналы мен жоғарыжиілікті ADSL-сигналын айыратын төменгі жиіліктердің фильтрі болып табылады. Жиілікті айырым үш ұяшыққа ие блок түрінде жұмыс істейді: біреуі - ADSL-модем қосылуы үшін, екіншісі - телефон құрылғылары қосылуы үшін, үшіншісі - ADSL желісінің қосылуы үшін. Жиілікті айырым бір желіге телефонды да, компьютерді де қосуға мүмкінік береді. Телефон станциясындағы дәл сондай жиілікті айырым абоненттік сымның басқа жағында жоғары және төменгіжиілікті сигналдарды бөледі.
Дыбысты сигнал телефонды желіге, ал цифрлы сигнал DSLAM (Digital Subscriber Line Access Multiplexer) қатынас мультиплексоріне бағытталады. Бұдан провайдер желісі арқылы Интернетке өтеді.
Қатынас мультиплексоры - барлық DSL-абоненттерін бір жоғарыжылдамдықты желіге қосатын, телефон компаниясының ғимаратында орнатылған механизм.
ADSL - экономды технология. Қарапайым жағдайда аналогты өткізу қабілеті бар бөлінген арнаға қарағанда, желі пайдаланушығ арзан түседі.
ISDN -технологиясы
Бөлінген телефонды желі -
екі абонентті үнемі қосатын телефонды байланыс желісі. Бөлінген желінің едәуір таралған технологиясы болып ISDN (Integrated Services Digital Network) табылады.
ISDN -
ақпаратты жіберудің цифрлы түрінің стандарты.
ISDN-
желісінің негізгі компоненті - 64 Кбит/с өткізу қабілеттілігі бар бірбағытталған bearer-арнасы немесе В-арна. Бұл арнамен цифрлы ақпарат жіберіле алады. Өткізу жолын кеңейту үшін В-арналар екі-екіден топтасады да, арналар тобына ақпарат алмасуды басқаратын D-арнасы (16 Кбит/с) қосылады. Ақпарат алмасу кәдімгі мыс сымның көмегімен атқарылады. Модемнің орнына ISDN-адаптерді орнатқан пайдаланушылар 128 Кбит/с дейін баратын жылдамдықтағы Интернетке қол жеткізе алады.
ISDN-адаптерлерін кейде ISDN-модемдері деп атайды. Бұл терминді дұрыс деуге болмайды, өйткені ISDN-адаптерлер модуляция және демодуляция функцияларын атқармайды, ISDN-желісі алдынан-ақ цифрлы болып табылған. ISDN-арнасын телефон компаниясы береді. ISDN-желісімен телефонмен сөйлесу және сол уақытта Интернетке ақпарт жіберуге болады.
Төменде әртүрлі технологиялар бойынша Интернетке қатынасудың максималды жылдамдықтары келтірілген.
Интернеттегі мәліметтерді қорғау. Цифрлық қолтаңба.
Криптография және Интернет. Симметриялық және асимметриялық кілттер. Цифрлық қолтаңбаның механизмі.
Қауіпсіздік проблемалары.
Нақты мысал қарастырайық. Фирмасының директоры В фирмасының директорына өте қажетті бір құжатты электрондық почта арқылы жіберді делік. Қарап отырсақ мұнда қандай коммуникация қауіпсіздігі пайда болады. В фирмасының директоры бұл хатты алғаннан соң келесідей сұрақтар пайда болады. Шыныменде осы хатты А фирмасының директоры жіберді ма? (Жіберуші идентификациясы) . Бұл сұрақтың туындау себебі, бұл құжатты А фирмасының директоры ретінде басқа біреудің де жіберуі мүмкін. Бұл құжатты жіберу кезінде жолдан ұстап өзгертулер енгізген жоқ а? (жіберу аутентификациясы) . Бұл құжатты қабылдаушыдан басқа адамдар оқыған жоқ па? (құпияның сақталуы) . Бәрімізге белгілі құпияны сақтау үшін мәліметтерді шифрлау арқылы жетуге болады. (жіберу конфиденциялы) . Берілген 3 мақсаттарды шифрлау базасы арқылы шешуге болады, онымен криптография айналысады.
Криптография - (Грекшеден аударылғанда Cryptos - құпия деген мағынаны береді) - бұл ғылым және шифрлау технологиясы мәліметтерді өзгертуге және авторлық құқықты сақтайды. Криптография тек қана тексттерді шифрланған формаға аударып қана қоймайды, сонымен қатар, жүйеде жұмыс жасап отырған кезде қолданушының аутентификациясын және идентификациясының берілуін қадағалап отырады. Криптография ең басты қауіпсіз комуникация болып табылады. Біз жүйеде жұмыс жасаған кезде тек қана адамдармен сөйлесіп қана қоймаймыз, сонымен қатар басақада қызметтер барысында араласатынымыз бізге мәлім. Мысалға, біз қандай да бір серверден программа көшіретін болсақ, біз үшін осы сервер шығарушы - фирманың сервері ма, әлде біздің компьютерімізге вирус болып түсетін пираттық фирманың сервері емес па деген ойлар келеді. Жіберу кезінде құжатты жеке және публикалық кілттер арқылы шифрлауға болады., ал оның шифрын екі пардағы кілттер арқылы ашуға болады. Құжатты шифрлап жеке кілт арқылы жіберсе, оның шифрын публикалық кілт арқылы ашуға болады, және де керісінше. Жеке кілт тек қана иесіне белгілі оны басқа біреуге беруге болмайды, осы уақытта публикалық кілт барлық корреспонденттерге ашық жария етіледі.
Қос кілттер - жеке және публикалық - оларды аутентификация және құпияны сақтау үішн қолдануға болады.
Екі адамның мәлімет алмасуы үшін екі қос кілттер болуы қажет.
Шифрлау кезінде қос кілттің арқасында сіз публикалық кілтті корреспонденттерге жіберіп отыру қажет емес. Бұл кілтті жүйеге ашық жазып қою сізге ыңғалы болады. Сол кезде барлық адамдар осы кілтті өздеріне жазып алып, сіздерге құпиялы мәліттерді жібере алады.
Симметриялық және асимметриялық кілттер арқылы шифрлау.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz