Саяси технологиялар


Жоспар:
- КіріспеСаяси технологиялар
- Негізгі бөлімПаблик Рилейшнз технологиясыҮгіт-насихат, мақсатыКәсіби пиаршы
- Қортынды
- Пайдаланылған әдебиеттер
Саяси технологиялар - нақты субъектінің белгілі бір уақыт пен белгілі бір жерде мақсаттары мен міндеттерін оңтайлы және тиімді жүзеге асыруға бағытталған, бірінен соң бірі қолданылатын процедуралар, қызмет әдістері мен тәсілдер жиынтығы. Саяси технологиялар мақсатты бағытталған қызметтің әдіс-тәсілдерінің жиынтығы ретінде мақсатқа қол жеткізу құралдарын реттеп қана қоймайды, ол іс- әрекеттің кезектілігін бекітіп, соған сай субъектінің мінез-құлық алгоритмін дайындайды.
Саяси технологияның сан алуан түрлері бар. Олардың маңыздылары: саяси маркетинг, саяси жарнама, қоғаммен байланыс орнату (паблик рилейшнз), саяси консалтинг.
Саяси партиялардың, мүдделі топтардың, БАҚ-мен қоғамдық пікірдіѓ, азаматтық қоғам институттарыныѓ бірлескен әрекеттерімен қатар, ішінаралық саяси процестерге ықпал етуде заманауи түрдегі саяси Паблик Рилейшнз технологияларды қолдану үлкен роль атқарады.
Паблик Рилейшнздің қызмет ету саласына дағдарысты жағдайларды басқару да кіреді.
Саяси технологиялар заңдылығының сөзсіз, ең сенімді факторы ретінде саяси кампаниялардың Паблик Рилейшнз технологияларын қолдануын атап айтуға болады. Паблик Рилейшнз технологиясын дамыған демократиялық жүйедегі тиімділігі мен қауіпсіздігіне көпжылдар бойы қолдану тәжірибесі дәлел бола алады. Паблик Рилейшнз механизмдерін қолдану - саяси мәдениетті көтереді. Тікелей жарнама және үгіт-насихат технологиясымен салыстырғанда Паблик Рилейшнз технологиясын қолдану - мақсаттарды талдау барысында-ақ әлдеқайда тиімді басымдылыққа ие екені айқындалады.
Үгіт-насихаттың негізгі мақсаты - әсер етуші объектіде қажетті және тиімді көзқарас субъектісін қалыптастыру болады. Ал, қандай Паблик Рилейшнз шаралары болмасын, ол алдымен екі тараптың мүдделерін іздеп табудан бастау алады да, барлық қатысушылардың мақсаттарын келісе шешумен бірге, тараптардың бірлесіп әрекет етуде қабылдаған еркін шарттарынан тұрады.
Біздің жағдайымыздағы «паблик рилейшнзтің» пайда болу факторын, оның талдау мен жүйелеуден кейінгі жағдайын Паблик Рилейшнздің саяси институт ретінде тиімді қызмет шарттарына теңеуге болады. Сол шарттардың ішінен төмендегілерді бөліп қарасақ болады:
1) Саяси: демократиялық типтегі саяси режим; негізгі азаматтық құқықпен тәуелсіздіктің заңмен қорғалуы; азаматтар уәкілдігімен биліктегі мүдделерінің нақты механизмі; азаматтардың нақты ақпарат көздеріне еркін қол жеткізе алуын қамтамасыз ететін қарым-қатынас каналдарының дамыған жүйесі;
2) Экономикалық: бәсекелестік механизмінің мейлінше дамыған түрі; өндіріс пен жұмысшы күшінің жоғары дәрежедегі шоғырландырылуы; нарықты тауарлар мен қызметке толықтыру; ақпараттық технологиялар дамуының жоғары дәрежесі; инвестициялық тартымдылыққа ие болған БАҚ-ы нарығының дамуы;
3) Әлеуметтік-мәдени: дағдарысты зорлық-зомбылықсыз әдістермен шешу дәстүрі; жалпы, арнайы және жоғары білім салаларының дамыған жүйесі; тұрғындардың жалпы білім алу саласының мейлінше дамыған жүйесі; ақпараттың жедел тарауын қамтамасыз ететін әлеуметтік қатынастың дамыған жүйесі; қажетті технологиялық, интеллектуалдық және мамандық базаларының болуы.
Саяси технологиялар заңдылығында, заң шығарушы базаларды және Паблик Рилейшнз технологияларын қолдаумен қатар, біздің ойымызша, саяси кеңес беру саласында қызмет көрсету нарығының өз-өзін ұйымдастыруда ішкі дәстүрлері мен кәсіби сертификация жүйесі қатар қолданылады. Яғни саяси технологтың өзіндік ар-намыс кодексін жасауы, біздің пікірімізше, бұл тұрғыда алдымен, батыста қолданылатын тікелей импорттаудан аулақ болу қажет. Себебі оларда бізге қажетті саяси, экономикалық және мәдени дәстүрлер мен заңдылықтардың кемеліне жетпегендігі себепті ондай әдістер Қазақстан үшін тиімді бола алмайды. Екіншіден ірі Паблик Рилейшнз агенттіктерінің нарықты монополизациялау әрекеттерін-лицензияландыруды бақылауды орнату арқылы бейтараптандыру тиімсіз.
Аталған шарттардан өзге, саяси технологиялардың маңызды факторлары ретінде - саясат технологтарының кәсіби сапасын көтеріп, олардың білім дәрежелерін жоғарылатуды атап өту қажет. Бүгінгі таңда бірқатар жоғары оқу орындары осы сала бойынша мемлекеттік билік пен саяси компаниялардың қоғамдық байланыс қызметі мамандарын дайындайтын білім беруге құқылы, лицензияландырылған білім ошақтары бар. Мамандарға яғни жақсы кәсіби пиаршыға тән он түрлі негізгі мінездемелер ұсынылады.
- Ойын жазбаша баяндау қабілеттілігі. Бұл барлық шарттардың ішіндегі маңыздысы. Фирмада атқаратын іс-әрекеттердің барлығы және де көбіне ойды қағазға нақты және айқын баяндау қабілеттілігіне байланысты. Мақалалар, жылдық есеп беру, кітапшалар, сюжетке құрылған сценариилер, баяндамалар, анкеталар және клиентке есеп беру мен баяндама жасау - мұның бәрі жазбаша қабілеттілікті талап етеді.
- Кәсіптік саладағы арнайы білімі.
- Түйсік сезімталдығы. Бұған адами өзгешеліктер мен корпоративті саясатқа сезімтал адамдарды бағалайы. Олар адамдарды зейін қойып тыңдай отырып, айтайын деген ойын және де айтылмай қалған ойын түсініп алған соң ғана тиісті әрекеттерге көшеді.
- Адамдарда қалаған мінезге қалай жетуді түсіну. Паблик рилейшнзде психология немесе жантану негізгі «құрал» болып табылады
- Қаржылық сезгіштік. Паблик Рилейшнз маманы бюджеттің құрылымдық және шығынын процестерін түсіне білуге тиіс. Ол клиенттің қаржылай мүмкіндіктерін ұғуы тиіс. Аталған қаржылық жағдайдан шығу үшін не істеу керек және қалай істеу керек екендігін білуі керек.
- Икемділік. Паблик Рилейшнз агенттігінің қызметкерлері әрдайым жағдайдың талап-шарттарына қарай, тез әрекет жасаумен қатар, бір жобадан екінші жобаға бейімделе білу қабілеттілігіне ие болуы тиіс.
- Өз уақытын дұрыс ұйымдастыра білу:Паблик Рилейшнз агенттігіндегі жұмысты орындау шарттарының қаталдығы - қалыпты жағдай болып есептеледі.
- Байсалдылық. Егерде жеке тұлға тасқынды немесе ашулы сезімде тұрып, егер де оның 6- 7 жобасы бір уақытқа тап келіп, және барлық жобасы жаман күйде жүріп жатқан болса да Паблик Рилейшнз агенттігінің қызметкері клиентпен жұмыс барысында сырттай сабырлылық пен байсалдылық танытып тұруға тиісті.
- Жеңуге ықыластылық: Мұндай қасиет спортшыларға тән. Қажырлылық, жігер және ынта, жеңіс рухын үйретуге мүмкін болмағанмен, білімді Паблик Рилейшнз кеңесшісінің бойынан табылуға тиіс ажырамас элементтер болып табылады.
- Клиентпен ұқсастыр:. Кәсіби Паблик Рилейшнз маманы клиентпен және оның бизнесі жайлы әңгіме барысында «біз» және «бізді» деген сөздерді қолданады. Және де осы сөздер оның клиентке деген қарым-қатынасының шынайылығын көрсетеді: ол, шынымен клиент жұмысының бір бөлігіне айналып, оған толығымен еніп, онымен барлық жағдайда бірдей ойлауға үйренеді. Паблик Рилейшнз кәсіпші клиенттің ойына өзі
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz