Партия ұғымы, мәні


Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

I. Кіріспе

1. 1. Партия ұғымы, мәні;

ІІ. Негізгі бөлім

2. 1. Партияның қызметтері, белгілері;

2. 2. Партиялардың пайда болуы, қалыптасуы эволюциясы.

ІІІ. Қорытынды

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

Саяси жүйеге мемлекетпен қатар саяси партиялар да кіреді. «Партия» деген сөз латын тілінен шыққан, бөлу, бөлшек деген мағынаны білдіреді.

Саяси партия қоғамның саяси өміріндегі ең күрделі және сан қырлы құбылыс болғандықтан саяси партияның мәнін дәлірек анықтаған жөн. Қазіргі саясаттануда саясатты дәріптеушілердің арасында саяси партияның мәні мен мазмұны туралы әр түрлі пікірлер бар. Партияға анықтама да көп.

Партия деген не дейтін болсақ, ол туралы түсінікті бірнеше бағытқа бөлуге болады.

Бірінші бағыттағылар: партия-адамдардың идеологиялық байланыстарына негізделген тобы деп анықтама береді. Бұл бағыттың пікірінше, партия-өзара идеологиялық байланыста болатын топтар.

Б. Констан былай деп жазады: «Партия-бір ғана саяси доктринаны мойындайтын адамдар тобы».

Екінші бағыт партияның мәнін ашуда оның саяси жүйесімен байланыстығына баса назар аударады. Сондықтан саяси партия сайлау жүйесіне ықпал етіп отыратын, өз өкілдерінің сайлауда жеңіске жетуін қамтамасыз етуге тырысатын және сол арқылы мемлекетті бақылап тұратын «ерікті ассоциация» ретінде түсіндіріледі. Италия саясаттанушысы Дж. Сартори саяси партияны сайлау процесінде өз өкілдерін ұсынуды мақсат етіп қоятын және оның сайлауда жеңіске жетуін қадағалайтын, ол үшін күресетін азаматтардың автономиялы тобы ретінде түсіндіреді. Сонымен бірге олардың пікірінше, заң шығарушы органдарға өз өкілдерін ұсынуды мақсат етіп қоятын және оның сайлауда жеңіске жетуін қадағалайтын, ол үшін күресетін азаматтардың автономиялы тобы ретінде түсіндіреді. Сонымен бірге олардың пікірінше, заң шығарушы органдарға өз өкілдерін ұсынып отыру кез келген саяси партиының негізгі қасиеттерінің бірі болып есептеледі. Мысалы, гректің революционер-демократы Фереос Ригас былай деген: «Барлық партиялар заң шығарушы органдардағы орынға кандидаттарын ұсынуы тиіс, әйтпесе олар партия бола алмайды».

Жоғарыда көрсетілген тенденцияларының кемшілігінің бірі партияның мәнін ашуда олар оңның бірі ғана жеке қасиетіне көңіл бөледі. Мұнда партияның функциялық қызметінің ауқымы тарылып отыр, алайда партияның қызметі дәстүрлі саяси жүйеге, нақты елдің саяси дамуының ерекешелігіне байланысты көпжақтылы болып отырады. Сондай-ақ, саяси партияға сипат беріп отыратын оның басқа да қасиеттері бар. Мысалы, оның таптық және бағдарламалық негізі, мақсаты, идеологиясы, партияны ұйымдастыру тәртібі.

Батыс саясаттануындағы партияның мәнін түсіндіретін үшінші бағыт партияның құрылымдылық ерекешелігін, ұйымдастыру ерекешеліктерін бірінші орынға қоюмен байланысты. Бұл бағыт бойынша, партия ерекеше құрылымы бар, ұзақ уақыт өмір сүретін әлеуметтік құрылым ретіндегі адамдардың қауымдастығы тұрғысынан қарастырады. Мұндай партия мемлекеттік билікті жеңіп алуға тырысуы қажет. Ол өзінің қатарына парламенттік көшбасшылардырды біріктіруі тиіс. Әрине мұндай партия өмір сүруге құқылы, бірақ мұндай партия да өзінің бір жақтылығымен шектеледі.

Батыс зерттеушілерінің келесі төртінші тобы партияның мәнін ашуда оның қызметіне баса назар аударады. Осы бағытты қуаттаушы ағылшын саясаттанушысы К. Лоусон былай деп көрсетеді: «Партияға анықтамалардың ешқайсысы оның мәнін толық ашып көрсете алмайды, дегенмен оның қызметі тұрғысынан берілген анықтама біршама дұрыс, партия мәніне жақын анықтама».

Бұл бағыттың өзіндік кемшіліктеріне келсек:

1) партияны негізгі қызметтерін әр автор әр түрлі көрсетеді;

2) партияның кейбір негізгі қызметтері көрсетілмейді, мысалы, партияның иделогиялық қызмет;

3) партияның түпкі мақсаты ескерілмейді.

Партияға құрылымдық және оның қызметі тұрғысынан берілген анықтамалардың біржақтылығын жоюға тырысқан батыс саясаттанушыларының бір бөлігі партияға «синтездік» тұрғыдан анықтама береді. Осы бағытты ұстанушы С. Нойман партия-ол қоғамның белсенді саяси агенттерінің жарлығы бар ұйымы деп көрсетеді. Олар өкімет билігін қадағалайды және халықтың қолдауына сүйенеді. Партия, Нойманның пікірінше, әлеуметтік күштер мен идеологияны өкімет органдарымен байланыстырушы қызметін атқаруы керек. Бұл пікір партияның ішкі мазмұнына біршама жақын болғанына саяси партияның шынай мәнін, әлеуметтік табиғатын толық аша алмайды.

Бесіншісі әлеуметтік-таптық көзқарастағы бағыт. Бұл негізінен марксистік көзқарас. Осы бағыт бойынша, саяси партияға былайша анықтама беріледі: «Саяси партия-таптың не әлеуметтік таптың мүддесін білдіретін, олардың белсенді өкілдерін біріктіретін, саяси күресіне басшылық ететін саяси ұйым». (Қаз. Совет. Энцклопедия. 10т. : 71 бет. ) . Марксизм тұрғысынан алғанда партия белгілі бір тап пен топтың саяси және идеологиялық ұйымы.

Осы тұрғыда саяси партиялардың мәні негізінен олардың қай таптың немесе әлеуметтік топтың мүдделерін көрсетіп, соны қорғау үшін дүниеге келген ұйым болып есептеледі.

Батыстың кейбір саясаттанушылары да партияға марксистік көзқарасты, яғни оған таптық-әлеуметтік пікірді жақтайды. Американ социолігі Липсет Сеймур Мартин өзінің «Саяси адам » деген еңбегінде: «Кез келген демократия жағдайындағы әр түрлі топтар арсындағы шиеліністер саяси партия арқылы көрініп отырады. » - деп көрсеткен. Оның пікірінше де, партия белгілі бір таптың мүддесін қорғайды.

Партиялардың құрылу әдістері де әр қилы. Негізінен партиялардың кұрылуының үш жолы: «жоғарыдан», «төменнен», «бірігу әдісі» туралы айтуға болады.

«Жоғарыдан» - бұл әр түрлі парламенттік топтардың, саяси элитаның, қысым жасау топтарының негізінде құрылған партиялар.

«Төменнен» - бұл қоғамдық қозғалыстар негізінде (кәсіподақ, кооператив) құрылған, яғни этникалық қауымдастықтардың әлеуметтік топтарының мүдделерін қорғау мақсатында ұйымдастырылған партиялар.

Мұндай партиялардың мынандай қағидаттары болады:

1) олардың мүшелерінің тәртіптілігі;

2) өз қағидаттары мен өз мұраттарына мейлінше идеялық адалдық.

«Бірігу әдісі» - бұл элиталық адамдар мен қатардағы азаматтардың күш біріктіруі нәтижесінде ортақтасуы (мәселен, әлде бір кандидатты немесе саяси лидерді қолдау жөніндегі парламенттік топтардың азаматтармен бірігуі) . Ресейде партиялар XIX ғасырдың ортасы мен XX ғасырдың басында құрыла бастады. Ресейдегі алғашқы бұқаралық партия - бұл РСДРП (1898 ж. ) еді. Ресейлік социал-демократиялық жұмысшы партиясы, бұдан соң 1901 - 1902 жылдардағы социалист-революцио-нерлер партиясы осының негізі болды.

1906 жылы оларды мынандай түрлерге бөлуге болатын еді:

1) қаражүздіктер;

2) октябристер;

3) кадеттер;

4) еңбекшілдер;

5) социалдемократтар. Осы партиялардың әрқайсысының өзіндік әлеуметтік негіздері болды, олар өз табының әлеуметтік тобының мүдделерін білдіруге ұмтылды.

Саяси партияларды зерттеумен айналысатын ғылым қазіргі танда партология деп аталады. Оның көшбасында Дж. Брайс, М. Я. Острогорский және Р. Михельс тұрды. Саяси партиялардың жалпы теориясының негізін француз ғалымы М. Дюверже қалады. Сонымен, партия деп мемлекеттік билікті қолға алуға немесе билік жүргізуге қатынасуға бағытталған, ортақ мүдде, бір идеология негізінде құралған адамдардың ерікті одағын айтады. Партиялар сайлауға, мемлекеттік органдар құруға, мемлекеттік маңызды шешімдер қабылдауға және оларды іс жүзіне асыруға белсенді қатынасады.

Партияның белгілері мен қызметтері: Американың белгілі саясаттанушысы Дж. Ла Паломбараның ойынша партиялар мынадай 4 белгімен сипатталады:

1) партия белгілі бір идеологияны қорғайды немесе кем дегенде адамды, дүниені ерекше көре біледі;

2) партия - адамдарды жергілікті ұйымнан бастап, халықаралық дәрежеге дейін саясаттың әр түрлі деңгейінде әжептәуір ұзақ біріктіретін ұйым;

3) партияның басты мақсаты - билікті қолға алып, жүзеге асыру (көбінесе ол коалициялық жолмен жасалады) ;

4) әр партия өзіне халықтың дауыс беруінен бастап, мүше болуына дейінгі қолдауын қамтамасыз еткісі келеді.

Саяси партия тапты немесе әлеуметтік топты ұйымдастырады, олардың саяси сауаттылығын арттырады, жұмысына ұйымшылдық және мақсаттылық сипат береді. Оның белгілі бір идеологиясы болады. Ол идеология саясаттың басты принциптерін белгілеуге, саяси партияның ұйымдық құрылысы мен практикалық іс-әрекетін анықтауға негіз болады. Олар партияның бағдарламалары мен жарғыларында айқындалады.

Саяси жүйеде партиялар үлкен әлеуметтік жіктердің (топтардың, таптардың, бірлестіктердің) мүддесін көздейді. Партиялардың өмір сүруінің өзі сол жіктеудің арасында дау-жанжалдардың тууы мен оларды шешу қажеттігінен шығады.

Поляктың белгілі саясаттанушысы А. Боднардың көрсеткеніндей, қазіргі қоғамда саяси партиялар мынадай қызметтерді атқарады:

1) қоғамның ірі топтарының мақсат-мүдделерін анықтау, тұжырымдау және негіздеу;

2) олардың белсенділігін арттырып, жинақтау;

3) саяси идеология мен саяси ілімдерді жасау;

4) саяси жүйелерді, оның жалпы принциптерін, элементтерін, құрылымдарын қалыптастыруға қатысу және т. б. ;

5) мемлекетте билік үшін күреске қатынасу және оның жұмысының бағдарламасын жасау;

6) мемлекеттік билікті іске асыруға қатынасу;

7) қоғамдық пікірді қалыптастыру;

8) жалпы қоғамды, яки оның белгілі бір бөлігін (топты, тапты, жікті) саяси тәрбиелеу;

9) мемлекеттің, кәсіподақтарының, қоғамдық ұйымдардың аппараты үшін кадрлар даярлау мен ұсыну және т. б. .

Ең басты қызметі - мемлекет билігі үшін күрес. Қазір дүниежүзі көлемінде алатын болсақ, көптеген партиялар өмір сүріп, қызмет етуде. Олар өздерінің сипатына, шығу тегіне қарай, саяси жүйеде алатын орны мен рөліне қарай әр түрлі болып келеді. Дегенмен оған қарамастан оларды жоғарыда көрсетілген критерий бойынша бір-бірімен жақындастыратын ортақ белгілері де бар. Осы ортақ белгілеріне байланысты саяси партияларды белгілі бір топқа немесе түрге біріктіруге болады.

Сонымен қатар партиялар сайлау науқанын дайындау мен өткізу, өз мүшелерінің санын көбейту, орталық және жергілікті ұйымдардың материалдық ахуалын күшейту, өз еліндегі және шетелдердің мақсаттары жақын партияларымен байланысты нығайтумен үнемі байланысады.

Қазіргі демократиялық қоғамдағы партилардың маңызды міндеті - азаматтық қоғам мен мемлекеттің арасындағы байланысты баянды ету. Партиялар арқылы әр түрлі әлеуметтік топтар өздерінің саяси талаптарын мәлімдейді. Бұрынғы әлеуметтік-экономикалық саясатты одан әрі жүргізу немесе оны өзгерту керектігі жөнінде өздерінің көзқарастарын білдіреді. Соның арқасында қоғамның саяси саласындағы қайшылықтардың басы ашылады, әлеуметтік қопарылысқа соқтырарлық өткір, ойда жоқ шиеліністердің мүмкіншілігі азаяды.

Саяси партиялардың бір-біріне ұқсас міндеттері және белгілі бір ортақ сипаттары болады. Осыған орай саяси партияларды әр түрлі белгілері бойынша - шығу тегі, орны мен саяси жүйедегі ролі, ішкі құрылымы мен қызмет тәсілдері, әлеуметтік негізі мен идеологиясы бойынша сұрыптауға болады.

Партия құрылымдары былайша жіктеледі:

1) партиялық аппарат;

2) партиялық актив;

3) қатардағы мүшелері (партиялық көпшілік) ;

4) партияның жақтастары.

Сонымен саяси партиялардың негізгі қызметтері томендегідей.

Саяси: Билік үшін күрес. Мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатың жасауға, қалыптастыруға, іске асыруға тікелей қатынасу. Балама ұсыныстар асыру. Сайлау науқаңына белсенді түрде ат салысып, оған байланысты бағдарламаны орындау. Саяси бағатты тұжырымдау.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси партиялар мен қоғамдық - саяси қозғалыстар жайлы ақпарат
Саяси партия ұғымы туралы
Саяси ойдың даму кезеңдері
САЯСАТТАНУ ПӘНІНІҢ ТИПТІК БАҒДАРЛАМАСЫ
Саясаттану пәнінен дәрістер
Қазақстан Республикасындағы саяси партиялар имиджі
Демократиялық мемлекеттің құрылыс формасы мен режим
Саяси партияның қызметтері
Саясаттану ғылым және пән ретінде
Мемлекет және саяси партиялар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz