Ғылым және дін



Ғылым және діннің арақатынасы – қарама-қайшы көзқарастарға толы күрделі тақырыптардың бірі. Бір топ ғалымдар олардың арасында ешқандай қайшылық жоқ деп дәлелдесе, тағы бір топ зерттеушілер бұл екі ұғымның қашан да қақтығысып келген деп сендіруге тырысты. Дін мен ғылымды еш уақытта бітіспейтін мүлдем қарсылықты дүниелер ретінде көрсету XVIII ғасырда кең жайыла бастағаны мәлім. Ал ол үрдіс әлемде коммунистік режим дүрілдеп тұрған XX ғасырдың орта шенінде нағыз шарықтау шыңына жетті. Тіпті, қаншама зерттеушілер расында солай екен деп ғылым мен дінді бір-бірінен бөліп қарауды қағида қып ұстанды.
Бүгінгі күні ақиқат көзімен тарихи мәліметтерде, дін мен ғылымның бір-бірімен ұдайы үйлесімділікте болғанын көреміз. М.Борн, М.Планк, В.Гейзенберг, К.Ф. фон-Вейцзекер, П.Иордан және басқа да әйгілі физиктер осы шындықты тілге тиек еткен. Тіпті «ғылыми» атеизмнің ең ірі өкілдерінің бірі Шахнович өзінің шығармасында бұған таңырқағаны да белгілі.
Дін мен ғылымды бір-біріне қайшы етіп көрсету олардың арасындағы қайшылыққа емес, саяси билік пен тарихи-қоғамдық қозғалысқа әсер ету күшіне байланысты. Мәселен, орта ғасырларда христиан діні патшалық мемлекеттің мүддесін қорғаған идеологияға айналды. Сондықтан дін

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ДІН

Ғылым және діннің арақатынасы - қарама-қайшы көзқарастарға толы күрделі тақырыптардың бірі. Бір топ ғалымдар олардың арасында ешқандай қайшылық жоқ деп дәлелдесе, тағы бір топ зерттеушілер бұл екі ұғымның қашан да қақтығысып келген деп сендіруге тырысты. Дін мен ғылымды еш уақытта бітіспейтін мүлдем қарсылықты дүниелер ретінде көрсету XVIII ғасырда кең жайыла бастағаны мәлім. Ал ол үрдіс әлемде коммунистік режим дүрілдеп тұрған XX ғасырдың орта шенінде нағыз шарықтау шыңына жетті. Тіпті, қаншама зерттеушілер расында солай екен деп ғылым мен дінді бір-бірінен бөліп қарауды қағида қып ұстанды.
Бүгінгі күні ақиқат көзімен тарихи мәліметтерде, дін мен ғылымның бір-бірімен ұдайы үйлесімділікте болғанын көреміз. М.Борн, М.Планк, В.Гейзенберг, К.Ф. фон-Вейцзекер, П.Иордан және басқа да әйгілі физиктер осы шындықты тілге тиек еткен. Тіпті ғылыми атеизмнің ең ірі өкілдерінің бірі Шахнович өзінің шығармасында бұған таңырқағаны да белгілі.
Дін мен ғылымды бір-біріне қайшы етіп көрсету олардың арасындағы қайшылыққа емес, саяси билік пен тарихи-қоғамдық қозғалысқа әсер ету күшіне байланысты. Мәселен, орта ғасырларда христиан діні патшалық мемлекеттің мүддесін қорғаған идеологияға айналды. Сондықтан дін танымның өзге салаларының барлығын өз құрсауында ұстап, басқа көзқарастардың жұртқа тарамауын ерекше қадағалады. Ал тарихта ғылым мен діннің қақтығысын дәлелдеген ғалымдар ретінде көрсетіліп келген Коперник, Галилей, Дж. Брунолардың ешқайсысы дінсіз болған емес. Қайта керісінше олар діндар еді. Бірақ Рим католик шіркеуі Інжілді түсіндіру тізгінін өз қолында ұстағандықтан, басқаша көзқарастардың өмір сүруіне жол бермеді. Мәселен батыста Декарт, Бойль, Гассенди, Ньютон секілді ғалымдар дін кітабы мен дүние кітабын қатар оқығанда ғана ақиқатты тереңірек тануға болатындығын айтқан-ды. Орта ғасырларда ғалымдардың көбінің дін қызметкері болуы қайшылықтың ғылым мен дінде емес, түсініктің жаңсақтығында екенін айқын көрсетеді.
Өз кезегінде Аристотель, Платон секілді көне дәуірдің данышпандары да, астрономияның негізін салушы Николай Коперник те, бактериялар ілімін ашқан Луи Пастер де, физиканың жарқын шамшырақтары Ньютон, Паскаль, Фарадей, Вольта және Амперлер де Жаратушыларын танып мойындаған жандар болатын. Әйгілі Линней мен Кювье, геологияның атасы Ляйель, сонымен қатар Эйнштейн, Бергсон, Планк, Джине, Лодж секілді танымал ғалымдар да құдайға сенген.
Ал енді мәселені дұрыс бағамдау үшін, ғылым мен дін қақтығысының тарихи алғышарттарына қысқаша шолу жасап өтелік. Антикалық кезеңде ғылым мен дін арасында қақтығыс жайлы сөз қозғаудың өзі артық. Өйткені ол кездері дін саяси биліктің панасында болатын. Содықтан дінге қайшы келу, мемлекетке қарсы келу дегенге саятын.
Антикалық кезеңнен қайта өрлеу дәуіріне дейін ғылым мен дін бір-бірінен ажырағысыз, қоян-қолтық күй кешті. Ал XVIII ғасырда батыста жаңа мәдениет туды. Ғылым мен өндіріс дамыды. Бұл жағдай мәселеге мүлдем жаңа қырынан қарауға жол ашты. Атап айтқанда, әлемнің өмір жасы, биологиядағы механизм мәселесі, эволюция теориясы, элементтердің табылуы, жүйке жүйесі мен мидың функцияларын түсіну бағытында жасалған талпыныстар батыс әлемінде ғылым мен діннің қақтығысына негіз қалады.
Ғылым мен діннің қақтығысы дегенде, негізінен, материалистік батыс әлемі еске түседі. Оның ислам дініне қатысы жоқ екенін ашып айтуымыз керек. Өйткені һижра жыл санауы бойынша екінші ғасырдан бесінші ғасырға дейін жалғасқан және қазіргі батыс әлемінің ойлау жүйесіне де сүбелі үлес қосқан мұслымандардың ғылым-білімдегі жетістіктері бұған дәлел бола алады.
Дінді қате түсінуге себеп болған негізгі себептердің бірі - діннің материалистік пәлсапа, әлеуметтану және антропология тұрғысынан зерттеу нысанына айналуы, ал екіншіден, дін дегенде адам санасына бірден бұрмалаушылыққа ұшыраған христиандықтың сап ете қалуы. Осылайша соңғы ғасырларда жалпы дін сонымен қатар ислам діні де материалист батыс ой-санасының құрбанына айналды.
Материалистік түсінік бойынша күллі болмысты тек қана көзге көрінетін материалдық заттардан, ал адам баласы тәннен және сол тәннің туындысы саналған ой-сана мен сезім-түйсіктерден ғана тұрады деп пайымдауынан туындап жатты. Өкінішке қарай, ғылымилық шапанын жамылған осындай қысыр көзқарас дінмен қоса адам өміріне қатысты басқа да барлық құндылықтарға адамның өз қолынан жасалған өнім деп баға берді.
Сонымен қатар, сол шолақ түсінік бойынша, жасалған ғылыми емес ғылымға, яғни нақты лабораторияларда көзге шұқып көрсеткендей дәлелденбеген нәрсеге шындық деп қарауға болмайды. Себебі ол нақты емес. Ал дінді тек сенім мәселесі ретінде қарауға болады. Міне, осы түсінік батыста білу мен сенуді бір-бірінен бөле-жарып, екі бөлек ұғым деп қалыптастыра бастады.
Сондай-ақ лабараторияда сынақтан өтіп дәлелденген жағдайларды ғана ғылыми деп тауып, оның тысындағылардың ақиқаттығын мойындамай, таным шеңберін шектеп қойды, әрі осы шектеулі әдіс арқылы қол жеткізген жетістіктерді ақиқаттың шыңы деп қабылдап, дінге қарсы күресте соны өзінің жойқын құралына айналдырды. Яғни әлемдегі бүкіл жаратылыс атаулы физика, химия мен астрономияның, ал адам биология мен психологияның зерттеу нысанына айналды. Осы ғылым салаларының қолданған әдіснамалары мен құралдары арқылы қол жеткен нәрселер ғылыми, оның тысындағылар қияли болып қала берді.
Міне, дінге ең алғаш жойқын соққы болған осы түсінік еді. Осының арқасында ғылым мен діннің, ғылымилық пен діни түсініктің арасы бір-бірінен жер мен көктей алшақтап кетті. Бұл болса кейбір зиялылардың дінді өмірде ешқандай мәні жоқ догмалар жиынтығы деп қабылдауына әкеліп соқты.
Иә, қайта өрлеу дәуірінен кейін қалыптасқан аристократия мен оған одақтас буржуазия, өздері аңсаған толық билік пен өз қалауынша еркін өмір сүру үшін шіркеуді өзінің тар дуалының ішіне тықсырып, христиандықтың іргесін шайқап, жою жолында аянбай күресті.
ХІХ ғасырдың орта кезеңдерінен бастап Огюст Конт (1798-1857) және позитивизм, білім мен технологияның жетістіктерінің күшіне сенген бірқатар ғалымдар ХХ ғасырда дін кезеңінің аяқталып, адамдардың бұдан кейін құдайсыз әлемде, ешқандай рухани күштердің көмегінсіз-ақ, өз болашақтарын өз қолдарымен, ақылдарына сүйене отырып жасайтындығын айтқан-ды.
О. Конттің көзқарасы бойынша, заманауи технологияның құрған зауыт-фабрикалары позитивистік жаңа әлемнің ортақ ғибадатханасына айналса (шіркеуі), К. Маркстің ойынша, өз құтқарылулары жолында көздері ашылған жұмысшы пролетариат адам санасын улайтын апиынды қоғам өмірінен аластады. Позитивист Макс Вебер де осы ғасырда дін дәуірі толықтай бітеді деп топшылады. Тіпті неміс пәлсәпашысы Ницше құдай өлді деп жар салып үлгерді.
Сонымен қатар киелі кітаптың түрлі тілдерге аударылып, әр түрлі мағынада түсінуге қолайлы мәліметтердің де болуы, екінші жақтан позитивист, натуралист зерттеушілердің, әсіресе Дарвин мен Ламарктің көзқарастары нәтижесінде туған экономикалық, әлеуметтік, мәдени сілкіністер және солардың ықпалында туындаған жаңа пәлсапалық бағыттар мен түсініктер батыс әлеміне қайта соққы беріп, барлық нәрсенің астаң-кестеңін шығарды. Бұл үрдіс буржуазияның шіркеуге қарсы күресін жеңілдетті. Міне, осының нәтижесінде танып-білу мен иман келтіруді екі бөлек етіп көрсетіп, дінді догма ретінде ұсыну пайда болды.
Ғылым мен діннің арасында үлкен алшақтық пайда болды. Қайта өрлеу дәуірінде батыс әлемінің алдында христиандық тұрғандықтан, дін мен ғылым қарама-қайшы ретінде көрсетіліп, иманнан гөрі ақыл мен ғылыми таным басты негізге алынды. Карл Марксқа ең көп ықпал жасаған Фейербах осы ақиқатты Христиандық біздің тіршілік және өрт қауіпсіздігімізге, темір жолдар мен кемелерімізге, әскери және техникалық мектептерімізге, театрларымыз бен ғылыми мұражайларымызға қарама-қайшы қатып қалған пікірден басқа ешнәрсе де емес деп білдірген (Илим ве дин, 53-б.). Осылайша, ғылым дінді өз негіздерінен қопарып алып, материалистік шеңберде зерттеу обьектісіне айналдырды.
Анторполог Фрейзер діннің бастауы ретінде магияны, Тайлор, анимизмді, Броссес фетишизмді көрсетті. Фрэйдтің көзқарасы бойынша, діннің қайнары Бала кезде бастырылып қалған хаиуани сезімдердің бертін келе қайта көрініс табуы болса, В. Джеймс дінді салиқалы ақыл-ес пен науқас рухтың нәтижесі деп санады. Карл-Густав Юнг дінді аңыздарға, рәміздерге, қоғамдық түп-сананың рухани қазыналарына апарып теліді. Діннің бастауын іздеушілерге кейін әлеуметтанушылар да қосылды. Дюркгейм діннің негіздерін қоғам мен оның аңсар-армандарынан іздесе, Маркс пен оның ұстаздары ождансыз бір әлемнің жүрегі және халықтың санасын улайтын апиын деп көрсетті.
Осылайша әр саланың мамандары дінге өз мүдделеріне қарай анықтама жасап шығарып, дінді орынсыз қаралады. Бір әлеуметтанушы жеке тұлғаның қалыптасуын әлеуметтік себептерге негіздесе, саясаттанушы саяси негіздер, ал психолог өз қағида-құралдары шеңберінде негіздер іздеді. Осының нәтижесінде бір-біріне қарама-қайшы көптеген теориялар пайда болды. М. Вебердің атйқанындай, қайсысына сенеріңді білмейтін көптеген (білім) пайғамбары шықты.
Міне, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дін мен ғылым жаратылыс мәселесінде кереғар пікірде
Дін этнологиясы
Діннің пайда болуы туралы теориялар
Әлемді діни тұрғыда зерттеуге ғылымның әcepi
Дін және ғылым пәнінен дәрістер
Дін психологиясы жайында
Дін анықтамалары мен құрылымы. Шығу тегі туралы тұжырымдамалар
Ғылым және дін туралы ұғым
Дін және мәдениеттің арақатынасы жөнінде қыруар пікірлер айтылуда
Психология және дін психологиясы
Пәндер