Батырлық жырлар, батырлар жыры
Батырлық жырлар, батырлар жыры— ауыз әдебиетіндегі ең бай да көне жанрлардың бірі. Қаһармандық эпос деп те аталады. Батырлық жырлар халық өмірінің тұтас бір дәуірін жан-жақты қамти отырып, сол тарихи кезеңдегі батырлардың сыртқы жауларға қарсы ерлік күресін, ел ішіндегі әлеум. қайшылықтар мен тартыстарды бейнелеп береді. Бірақ онда тарихи оқиғалар тізбегі өмірде болған қалпында емес, жырдың көркемдік шешіміне лайықты өріледі.[2] Бас кейіпкердің жүріс-тұрысына, өзге елге ерлік сапарға шығуына және өз елін жаудан азат етуіне байланысты оқиғалар бір қаһарманның маңына топталып, соның бейнесін ашуға қызмет етеді. Эпос желісі белгілі бір тарихи дәуірге табан тіреп, соны көрсетіп отырғанымен, оған көбіне түрлі заманның оқиғаларын бір қаһарманға теліп жырлап беру тән. Батырлық жырлардың осы өзгешелігіне байланысты ғылыми ортада көптен бері түрлі тұжырымдар орын алып келеді. Ресейлік зерттеушілер (Б.А. Рыбаков, Р.С. Липец, т.б.) және кейбір қазақ ғалымдары (Әлкей Марғұлан, Әуелбек Қоңыратбаев, т.б.) эпостық жырлардағы тарихи оқиғалар мен тарихи тұлғаларға сүйене отырып, жыр мен тарихтың жақындығын тілге тиек етсе, енді бір топ ғалымдар (В.Я. Пропп, Б.Н. Путилов, т.б.) эпостың нақты тарихи оқиғаларға қатысы жанама түрде ғана көрінеді деген пікірді алға тартады.
Батырлық жырлар, батырлар жыры— ауыз әдебиетіндегі ең бай да көне
жанрлардың бірі. Қаһармандық эпос деп те аталады. Батырлық жырлар халық
өмірінің тұтас бір дәуірін жан-жақты қамти отырып, сол тарихи кезеңдегі
батырлардың сыртқы жауларға қарсы ерлік күресін, ел ішіндегі әлеум.
қайшылықтар мен тартыстарды бейнелеп береді. Бірақ онда тарихи оқиғалар
тізбегі өмірде болған қалпында емес, жырдың көркемдік шешіміне лайықты
өріледі.[2] Бас кейіпкердің жүріс-тұрысына, өзге елге ерлік сапарға шығуына
және өз елін жаудан азат етуіне байланысты оқиғалар бір қаһарманның маңына
топталып, соның бейнесін ашуға қызмет етеді. Эпос желісі белгілі бір тарихи
дәуірге табан тіреп, соны көрсетіп отырғанымен, оған көбіне түрлі заманның
оқиғаларын бір қаһарманға теліп жырлап беру тән. Батырлық жырлардың осы
өзгешелігіне байланысты ғылыми ортада көптен бері түрлі тұжырымдар орын
алып келеді. Ресейлік зерттеушілер (Б.А. Рыбаков, Р.С. Липец, т.б.) және
кейбір қазақ ғалымдары (Әлкей Марғұлан, Әуелбек Қоңыратбаев, т.б.) эпостық
жырлардағы тарихи оқиғалар мен тарихи тұлғаларға сүйене отырып, жыр мен
тарихтың жақындығын тілге тиек етсе, енді бір топ ғалымдар (В.Я. Пропп,
Б.Н. Путилов, т.б.) эпостың нақты тарихи оқиғаларға қатысы жанама түрде
ғана көрінеді деген пікірді алға тартады.
Соңғы кездері, эпостық жырларда тарихтың да, көркемдік шарттылықтың да
белгілі бір дәрежеде орын алатынын, бұл екеуінің үнемі бірге әдіптеліп
отыратынын негіздеген зерттеулер жарыққа шықты (В.П. Аникин, В.М. Гацак, Р.
Бердібаев, Ш. Ыбраев, т.б.). Қалай болғанда да, Батырлық жырлар — ең
алдымен көркем шығарма. Ол өзінің жанрлық нысанасына қарай шындықты өзінше
қорытып, оны өзінің көркемдік өзгешелігіне қарай өріп отыратыны даусыз.
Эпостық жырлар адамзат қоғамының тарихи даму үрдістерімен бірге жасап
келеді. Осыдан болса керек, эпостық жырларды кейде тарихи кезеңдерге қарай
топтастыру орын алып келе жатыр. Эпостық жырларды іштей саралап, жанрлық
белгісіне, шығу дәуіріне қарай топтастырып отыру ғылымның жеткен деңгейін
танытады және мұндай жинақтаушылық сипаты бар ой-пікірлер бұрын-соңды
жүргізілген ізденістердің нәтижесіне сүйенеді. Қазақ эпосын пайда болған
дәуіріне қарай топтастыру үлгісін Шоқан Уәлиханов, Г.Н. Потанин, В. Радлов,
Ә. Диваев, Ахмет Байтұрсынов зерттеулерінің тәжірибесіне сүйеніп Марғұлан
ұсынған болатын. Ол эпосты бес салаға бөлсе, кейіннен Қоңыратбаев эпосты он
салаға бөледі. Мыңдаған жылдық тарихы бар қазақ эпосының шығу дәуірін,
жанрлық түрлерін ішкі көптеген ерекшеліктеріне қарай топтастыру оңай іс
емес.
Батырлық жырларын пайда болу кезеңдеріне қарай ірі үш топқа жинақтауға
болады:
1) “Ең көне заманғы эпос”, “ертегілік эпос”, “архаикалық эпос”, “көне
эпос”, “мемлекетке дейінгі эпос” дейтін атаулар ғылымда алғашқы кезеңдегі
эпостық жырларды атау үшін қолданылып жүр. Бұлардың қатарына “Ергенеқон”,
Аттилла, Ер Төстік, мергендер туралы эпостық жырлар жатқызылады.
2) Тарихи кезеңдердің эпосы: Түрік қағанаты, Оғыз хандығы, ноғайлы дәуірі,
Қазақ хандығы кезеңіндегі эпостар (“Қорқыт Ата кітабы”, “Алпамыс”,
“Қамбар”, “Қобыланды”, “Ер Тарғын”, т.б.).
3) Жаңа дәуір эпосы (тарихи жырлар, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске
байланысты жырлар, “Еспенбет”, “Өтеген”, “Нарқыз”, т.б.).
Батырлық жырлар байырғы көне эпостың жалғасы ретінде дами отырып, қоғамдық
қарым-қатынастың, саяси-әлеум. жағдайлардың өзгеруіне, бұрынғы жекелеген
рулар мен тайпалардың біртіндеп халық болып құрала бастауына сәйкес
қалыптасты. Осыған байланысты бұрынғы мифтік түсініктердің іргетасы
сөгілді. Қайшылық, күрес идеясының түпқазығы болып бұрынғы кездегідей дию-
перілер емес, енді адамдар дүниесіндегі (басқа діндегі, тілдегі,
мемлекеттегі) қайшылықтар тақырыбы алынды. Мифтік дәуірден бері қалыптасып
келе жатқан батырға қаһармандық дәуірде жеке отбасы, үй-іші, қалыңдық үшін
күреске шығу секілді әрекеттер жеткіліксіз еді. Енді оның ерлігі біртіндеп
халықтың бостандығы, елдің бірлігі, көптің тілегі мен мүддесі үшін қызмет
етуі керек болды. Мұның бәрі байырғы миф пен көне эпостың жанрлық
белгілерін өзгертіп, мүлдем жаңа жанрдың — Батырлық жырлардың қалыптасуына
жағдай жасады. Дегенмен, байырғы көне эпостың дәстүрі негізінде пайда
болған Б. ж. бірқатар архаикалық белгілерін сақтап та қалды. Солардың бірі
— батырдың болашақ жарын іздеп шығуы және осы сапарда кейбір қиыншылықтарды
жеңуі. Мәселен, “Қобыланды”, “Алпамыс” жырларындағы батырдың алғашқы
жорықтары осымен байланысты. Алайда, бұл жорықтың мәні біршама бәсеңдеп,
жырдың түпқазығы батырдың елі-жұртын азат етуге аттанған сапарларына
ауысқан. Мысалы, “Қобыланды” жырындағы Құртқа — батырға ат таңдап,
болашақта қандай қиындық боларын алдын ала болжап отыратын көреген адам.
Қарлыға Қобыландымен бірдей дәрежеде ерлік көрсетіп, батырлардан асып
түспесе, кем түспейді. Әйтсе де, әйелеркі (матриархат) дәуірімен байланысты
орын алған белсенді әйел қаһармандардың қызметі кейінгі Батырлық жырларда
біршама шектелген. Әйелдер отбасы, үй-ішінің ғана көркі болып қалған.
Қолына қару алып, ерлермен бірге жүретін, болмаса аға-інілерін үйлендіріп,
олардың орнына өзі кек алатын әйел қаһармандар мұнда жоққа тән. Батырлардың
іс-әрекетін, жүріс-тұрысын, тұлғасын әсірелеп, ұлғайтып көрсету батырлық
жырларда маңызды орын алады. Аттың сөйлеуі, биік таулар мен қамал-
қорғандардан ұшып өтуі, қысылғанда батырға ақыл-кеңес беріп, қиындықтан
құтқаруы сияқты байырғы түсініктерге тән белгілер Батырлық жырларда үлкен
орын алады. Алайда бұл да біртіндеп шындыққа, реалды өмірге жақындай
бастаған.
Батырдың жеңілмейтіндігі және оған зақым келмейтіндігі де — эпикалық
дәстүр. Қаһарманның өліп-тірілуі, “атса мылтық өтпейді, шапса қылыш
кеспейді” сияқты ажалсыздық, батырға деген шексіз идеалдық түсінік, әрине,
жалпы мифтерден бастау алатын “мәдени ілкі қаһарман” (Е.М. Мелетинский
термині) ұғымымен төркіндес. Фольклордың өзге жанрларына қарағанда,
Батырлық жырлардың көтерер жүгі анағұрлым үлкен. Халық тарихында орын
алған, не орын алуға тиіс оқиғалар мейлінше жинақталып, әрі іріленіп
суреттелумен бірге, олардың ел-жұрт, мемлекет тағдырындағы шешуші мәніне де
көңіл бөлінеді. Елді біріктірген, немесе ынтымағын ыдыратқан оқиғалар саяси-
әлеум. түп-тамырымен бірге ашылып көрсетіледі. Осының бәрінің бел ортасында
халықтың аңсары ауған, әсіре мадақталған, мұраттас қаһарманы жүреді. Оның
іс-әрекетінде қара басының қамынан мейлінше жоғары елдік, халықтық мүдде
қашан да бірінші кезекте тұрады. Сондықтан болар, жырлардағы үлкенді-кішілі
оқиғалардың бәрі де сол қаһарманның іс-әрекеті мен түсінігі арқылы
тізбектеліп өтіп жатады. Сол арқылы халық іс жүзінде тарихи оқиғалар мен
қоғамдық-әлеум. жағдайларға өз көзқарасын білдіреді. Сөйтіп, қаһармандық
эпос тарихтағы оқиғалардың халықтық тұрғыдан бейнеленген, оның халық
санасындағы көркем тілмен баяндалған шежіресі қызметін атқарады. Батырлық
жырлардың ғасырлар бойы қалыптасқан көркемдік дәстүрі бар. Оны жыр
құрылымынан да, оқиғалардың орналасу ретінен де, кейіпкердің бастан-аяқ
атқарған ісіндегі бірыңғай тектестіктен де көреміз.
Қазақ қаһармандық эпосының әрқайсысын жалпылама белгілеріне қарай жинақтар
болсақ, ең алдымен, олардың сюжеттік құрылымындағы ұқсастықтарды инвариант
(қайталанатын мотивтің жалпы тобы мен рет тәртібі) түрінде төмендегіше
жіктеуге болады.
Батырға тән балалық шақ және кейіпкердің үйленуі (батырларға лайық
құдалық):
1) суреттеу, орта (тайпа, ата-ана, ел-жұрт) туралы сөз;
2) кейіпкердің ғажайып жаратылысы;
3) батырға тән балалық шақ;
4) алғашқы ерлік;
5) қалыңдық туралы хабар (қалыңдығын іздеу);
6) қалыңдықпен сынға түсу, белдесу (немесе күйеу жігіттер арасындағы
бәсеке);
7) жеңіс және кейіпкердің қалыңдығымен оралуы.
Батырларға тән ерліктер:
1) жаудың шабуылы туралы хабар;
2) жорыққа аттану;
3) батырлардың белдесуі (кейде жорық сәтсіз болып, батыр тұтқынға түседі);
4) жекпе-жек және кейіпкердің жеңісі;
5) жеңіспен елге оралу.
Жаудан (құлдан, бақталастан) елін (тайпаны, қалыңдықты, туған-туысты, елін)
азат ету:
1) қалыңдық туралы немесе туған-туыстың тұтқынға түскені (қорлық көргені)
жөнінде хабар (түс көру, белгі берілуі);
2) дұшпанның, бәсекелестің немесе құлдың кейіпкердің қалыңдығына үйленуді
ниет етуі;
3) қалыңдықпен жасырын кездесу немесе қалыңдығының тойына бөтен адамның
кейпінде келу;
4) кейіпкердің күрес (жарыс) үстінде танылуы;
5) туған жерге оралу, бәсекелестерді, құлдарды жазалау;
6) той.
Бұл жіктелуден байқалатын жағдай — бірқатар батырлық жырларда осы үш
сюжеттің бәрі де бір-бірімен осы қиюласқан рет тәртібімен толық
көрінетіндігі. Мәселен, “Қобыланды”, “Алпамыс”, “Қарабек” жырларында осы үш
сюжет тұтас қамтылады. Ал атақты Мұрын жырау жырлаған “Қырымның қырық
батыры” сияқты жыр тізбегі негізінен І және ІІ сюжеттерден тұрады. “Дотан”,
“Құбығұл”, “Құламерген”, “Жоямерген”, т.б. көне эпостар, жоғарыда
айтқанымыздай, үйлену, үй-ішін қорғау оқиғаларына құрылатындықтан, олар І
сюжеттің төңірегіне топталады. Екі не одан да көп сюжеттердің кіруі
(контаминация) Батырлық жырлардың қалыптасуы үшін айрықша қызмет атқарған.
Көптеген эпостарда әрбір жеке сюжет өз алдына дербес жырланатындығын да,
бір жырда бір-бірімен жалғасып, тұтас баяндалатынын да байқаймыз. Оның
үстіне, жеке сюжеттің кеңістік (мекендік) бойынша құрылымы бірдей болып
шығады: батырдың мекені — жау елі — батырдың мекені. Жау елінде қаза
таппаған батыр өзге елде дүниеге, малға, патшалыққа қызықпай қайтып келеді.
Батырлық жырлардың оқиғасына жыршы мен жырау да, тыңдаушы көпшілік те
болған шындық деп қарайды. Эпостың оқиғасы “Баяғы заманда”, “Бұрынғы өткен
заманда”, “Ноғайлы заманында” деп көрсетіледі. Бұл батырлар өмір сүрген
айрықша бір дәуір, тыңдаушылар мерзіміне ұқсамайтын, елдің бірлігі мен
берекесі мол кезең деп түсіндіріледі. Міне, осындай дәуірде өмір сүріп,
“ішкенге мас, жегенге тоқ” жүріп жатқан елдің тыныштығын бұзатын жаулар
қалмақ, ындыс немесе қызылбас болады. Жыр оқиғасына қозғау салатын да,
батырдың үйден шығып, жорыққа аттануына себепші болатын да — осы қалыпты
өмірдің бұзылуы. Батыр — бұзылған жағдайды қалпына келтіруші тұлға. Ол
жауды жеңіп, әділеттілікті асқақтатып, алғашқы мамыражай дәуірді қайта
орнатады. Оқиға өзінің басталған жерінде аяқталады. Жай ғана емес, тоймен
аяқталады. Себебі, халық ұғымында жамандықты жақсылық, жауыздықты
қайырымдылық, зорлықты әділдік жеңу—батырдың ерлігімен болатын іс. Ол кезең
— айрықша қаһармандық дәуір, батырлар заманы. Той — сол жақсылық атаулының
жеңіс мейрамы.
Қазақтың Батырлық жырларына негіз болған екі түрлі эпикалық (қаһармандық)
дәуір бар:
1) жеке рулар (тайпалар) дәуірі. Мәселен, “Алпамыс” жырында — қоңырат,
“Қобыланды” эпосында — қыпшақ заманы;
2) ноғайлы дәуірі.
Жеке рулар дәуірі жыр тізбегіне (циклына) енбейтін дара тұрған эпостық
жырға тән әрі ондай жыр көбіне жоғарыда көрсетілген инварианттың үш сюжетін
де қамтиды. Батырлардың жорығын бірнеше рет қайталау, оқиғасын өмірбаяндық
жолмен құру арқылы мұндай эпос өзі суреттеп отырған дәуірді мейлінше мол
бейнелейді. Мәселен, “Қобыланды”, “Алпамыс” жырларында сюжеттердің
толықтығын былай қойғанда әлеум. орта, жағдай, ел тіршілігі, біршама
нақтылы баяндалады. Ал ноғайлы дәуірі қазақ эпосының тізбекті топтама жыр
үлгілерінде көрініс береді. Бұларға қаһарманның дүниеге келуін, балалық
шағын, үйлену тарихын толық баяндау тән емес. Бір жырдан кейін бір жыр
тізбектеліп, қайта-қайта бір ізбен, бірыңғай өмірбаяндық жолмен баяндалып
отырса іш пыстыратын қайталаушылыққа әкеліп соқтырған болар еді. “Қырымның
қырық батыры” сияқты орасан зор тізбекті жырды жырлаған атақты Мұрын жырау
бұл өзгешелікті өте терең түсінген. Сондықтан да, ол әр батырға тән жеке
сюжеттерді (көбіне ІІ және ІІІ сюжеттер) іштей барынша ширықтыра отырып,
бірер оқиға болса да, оларға бірегейлік қасиет дарытып жырлаған. Батырлық
жырлардың құрылымына қатысты осындай ерекшеліктер олардың мезгіл мен
мекендік және тізбектік сипатымен тығыз байланысты. Батырлық жырлардың өлең
құрылысы, негізінен, табан астында өлең жолдарын суырып салып айтуда,
әсіресе, қимыл-қозғалысты, түрлі динамикалық оқиғаларды баяндауда ойнақы,
оңтайлы, еркін көсілуге мүмкіндік беретін жеті-сегіз буынды жыр өлшемі.
Қазақ халқының Батырлық жырлары туралы алғаш зерттеулер жазып, жарыққа
шығарған ғалымдар Уәлиханов, Радлов, Потанин, И.Н.Березин, Диваев, Т.,
Беляев, И. Мелиоранский, Г. Саблуков, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz