«Атмосфераның құқықтық режимі»


Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1. АТМОСФЕРАЛЫҚ АУА . . . 4

1. 1. Атмосфералық ауаны қорғау туралы заңның міндеттері . . . 4

1. 2 Атмосфералық ауаны қорғау туралы заңдардың мынадай талаптары бұзылған жағдайлары кезіндегі жауапкершілік . . . 7

2. 1. Атмосфераның ластануы мен ластаушы көздер . . . 8

2. 2. Еліміздегі атмосфералық ауаның қорғалуы . . . 9

Қорытынды . . . 15

Қосымша . . . 16

Қолданылған әдебиеттер . . . 21

Кіріспе

Атмосфералық ауа айналадағы табиғи ортаның өмірге маңызды негізгі элементтерінің бірі болып табылады. Жер шарында, оның құрлық бөлігінде өсімдіктер мен жануарлар ауасыз тіршілік ете алмайтыны баршаға мәлім. Атмосфера ауасы бірнеше газ заттарының жиынтығынан тұрады. Ол ғарыш кеңістігі әлемімен, әлемдік мұхитпен, жерден, өсімдіктермен (орманды қоса) үздіксіз араласып қатқан тіршілік тынысы. Ауа құрамындағы оттегінсіз тіршіліктің болмайтыны белгілі. Адам денесінің үштен екі бөлігі - оттегі. Отгегінсіз тыныс алу мүмкін емес. Оны өсімдіктер түзейді. Атмосферада оттегінің азаюы тіршілік үрдісін баяулатады. Ормандарды орынсыз кесу, өртке ұшырату, жасыл ұландардың азаюы, тұздардың аспанға ұшуы, мұхиттардың, су қоймаларының бетіне мұнай және жанармай мен өндіріс қалдықтарының төгілуі ауаның тазалығына зиянын тигізбей қоймайды. Өндірістер мен қатынас жолдар техникасы көп мөлшерде отгегін жағып, жыл сайын 20 миллиард тонна көмір қышқыл газын ауаға бөліп шығарады екен. Ал бір жеңіл автомашина бір мың километр жер жүргенде, бір адамға бір жылға жететін оттегін жағады. Аталған шараларды жүзеге асыру барысында қоғамдық қатынастарды реттеу, ең алдымен, бұл қатынасқа қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін белгілеу қажеттілігі туады.

  1. АТМОСФЕРАЛЫҚ АУА

1. 1 Атмосфералық ауаны қорғау туралы заңның міндеттері

Қазақстан Республикасы адам еңбегінің, тұрмысының, демалысы мен денсаулығының, өмірінің ең жақсы жағдайын қамтамасыз ету, материалдық өндірісті одан әрі жаңа тұрғыда дамыту үшін атмосфералық ауаның қолайлы жайының сақталуына, оны қалпына келтіріп, жақсартуға зор мән береді және осы орайда бірқатар құқықтық шараларды жүзеге асырады. Құқықтық шаралардың ішінде «Атмосфералық ауаны қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы ерекше орын алады. Атмосфералық ауаны қорғау туралы заңның міндеттеріне ауаны таза сақтау және оның жайын жақсарту, адамдардың денсаулығы мен өміріне, халық шаруашылығы мен өсімдіктер, жануарлар дүниесі үшін атмосферада залалды зардап туғызатын химиялық физикалық, биологиялық және өзге де зиянды ықпалды болғызбау және оны азайту мақсатындағы қоғамдық қатынастарды реттеу, сондай-ақ атмосфералық ауаны қорғау саласындағы эаңдылықты нығайту жатады. Атмосфералық ауаны қорғау туралы заңдар қатарына Қазақстан Республикасында «Айналадағы табиғи ортаны қорғау туралы» заңы жатады. Онда атмосфералық ауаны қорғау туралы мемлекеттік жүйелердің қызметі мен атмосфералық ауаны қорғау туралы бірнеше ережелер бар.

Басқару саласында атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі тапсырмалар мен атмосфера ластануының алдын алу және оның себептерін жою, сондай-ақ атмосфералық ауаның жайын жақсарту жөніндегі шаралар экономикалық және әлеуметтік дамудың мемлекеттік жоспарларында көзделеді. Атмосфералық ауаның жайына баға беру үшін ластағыш заттардың шоғырлануына және берілу шегінің және атмосфераға зиянды физикалық ықпал деңгейінің нормативтері белгіленеді. Бұл нормативтер адамдардың денсаулығын және айналадағы табиғи ортаны қорғау мүдделеріне сай келуге тиіс. Қажет болған реттерде жекелеген аймақтар үшін атмосфералық ауа ластағыш заттардың шоғырлануына жол берілу шегінің неғұрлым қатаң нормативтері белгіленеді. Атмосфералық ауаны қорғау мақсатында тұрақты және жылжымалы ластағыш көздердің лас заттар шығаруына, сондай-ақ зиянды физикалық ықпалдың жол берілуі шегінің нормативтері бар. Бұл нормативтер атмосфералық ауаға зат шығарудың әрбір тұрақты көзі үшін немесе өзге зиянды ықпал көзі үшін, сондай-ақ көлік және өзге қозғалыс құралдары мен қондырғыларының әрбір үлгісі үшін белгіленеді.

Рұқсатта көзделген шарттар мен талаптар бұзылған жағдайда, сондай-ақ халықтың денсаулығына қатер төнгенде атмосфераға лас заттар шығару атмосфералық ауаның қорғалуына мемлекеттік бақылау жасайтын органның шешімі бойынша шектелуге, тоқтатыла тұруға немесе тыйым салынуға, жекелеген өнеркәсіп қондырғыларының, цехтардың, кәсіпорындардың мекемелер мен ұйымдардың қызметін тоқтатуға дейін шаралар қолданылуға тиіс.
Автомобильдер, ұшақтар, кемелер басқа да қозғалыс құралдары мен қондырғыларын жобалауды, өндіруді және пайдалануды жүзеге асыратын министрліктер, мемлекеттік комитеттер мен ведомстволар, кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдар ол құралдар мен қондырғылардың лас заттарды атмосфераға шығаруын болғызбау әрі азайту жөніндегі шаралар жиынтығын жасап, жүзеге асыруы қажет.

Көлік және қозғалыс құралдары мен қондырғылары шығаратын ластағыш заттардың мөлшері тастанды заттардың жол берілу шегінің белгіленген нормативтерінен аспауға тиіс. Пайдаланудағы барлық көлік және өзге қозғалыс құралдары мен қондырғыларының лас заттар шығаруға жол берілу шегі нормативтерінің сақталуы бақылауға алынып отырады. Тастанды заттарында лас заттардың мөлшері белгіленген нормативтерден асып түсетін көлік және өзге қозғалыс құралдары мен қондырғыларын өндіріске ендіруге және пайдалануға жол берілмейді. Атмосфералық ауаға қандай да болсын зиянды физикалық ықпал жасауға жол берілу шегінің белгіленген нормативтері сақталған жағдайда, ал оған рұқсат берілген реттерде осы рұқсатта көзделген басқа да талаптар сақталған жағдайда жол беріледі. Аталған талаптар бұзылған кезде атмосфералық ауаның қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүргізетін органның шешімі бойынша жекелеген өнеркәсіптік және өзге қондырғылардың цехтардың, кәсіпорындардың мекемелер мен ұйымдардың тиісті қызметі жол берілетін шектің нормативінен асып кетуді немесе рұқсатта көзделген талаптардың бұзылуын туғызған себептер алдағы уақытта жойылғанға дейін тоқтатыла тұруы, шектеулі немесе оған тыйым салынуы мүмкін. Халық шаруашылығында қолдануға рұқсат етілетін өсімдік қорғау құралдарының, өсімдіктердің өсуін шапшаңдататын заттардың, минералдық тыңайтқыштар мен басқа да препаратттардың тізбесі, сондай-ақ оларды қолдау тәсілдері атмосфералық ауаны қорғау туралы заңдарда белгіленетін тәртіп бойынша ауаның қорғалуын бақылайтын органдармен келісілуге тиіс. Пайдалы қазбалар өндіру, түрлі жарылыс жұмыстары, үйінділер мен төгінділерді орналастыру және пайдалану атмосфералық ауа ластануының алдын алу немесе оны азайту жөніндегі ережелерді сақтай отырып, атмосфералық ауаның қорғалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдармен және заңдарда көрсетілген басқа да органдармен келісілген тәсілдер бойынша жүргізілуге тиіс .

Елді мекендерде үйінділерді жайғастыруға, өнеркәсіп қалдықтарын, өндірістік, тұрмыстық қоқыстарды және атмосфералық ауаны тозаңмен, газ тектес зиянды және сасық иісті заттармен ластаудың көзі болып табылатын басқа да қалдықтарды үйіп қоюға, сондай-ақ атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі талаптар сақталып, өртеуге арнайы қондырғылар пайдаланылған кезден басқа реттерде, аталған қалдықтарды кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың, сондай-ақ елді мекендердің территориясында өртеуге тыйым салынады. Егер метеорологаялық факторлардың, атмосфераға лас заттар шығарылуы және атмосфералық ауаға басқа да зиянды ықпалдың қолайсыз жүргізілуі салдарынан жекелеген аймақтарда адамдардың денсаулығына қатер туса, табиғи ортаның ластану дәрежесіне байқау мен бақылау жасайтын жалпы мемлекеттік қызмет органдары бұл туралы дереу Қазақстан Үкіметіне, жергілікті өкілді және атқарушы органдарға, мүдделі кәсіпорындарға, мекемелер мен ұйымдарға хабарлауға міндетті.

Атмосфералық ауаны қорғау туралы заңдардың мынадай талаптары бұзылған жағдайларда:

- атмосфералық ауаға лас заттар шығарудың жол берілу шегінің нормативтерінен асып кеткені;

- атмосфералық ауаға зиянды физикалық ықпалдың жол берілу шегінің нормативінен асып кеткені;

- атмосфераға шығарылатын заттарды тазалау және бақылау үшін орнатылған құрылыстарды, жабдықтарды, аппаратураларды пайдалану ережесін бұзғаны, сондай-ақ оларды пайдаланғаны;

- атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі талаптарды қанағаттандырмайтын жаңадан салынған және қайта құрылған кәсіпорындарды, құрылыстарды және басқа объектілерді пайдалануға қосқаны;

- шығаратын заттарында лас заттардың құрамын белгіленген нормативтерден, мәселен, автомобильдер, ұшақтар, кемелер және басқа қозғалыс құралдары мен қондырғыларын артық өндіріп, оларды пайдаланғаны үшін;

- өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарды жинап қою, өсімдік қорғау құралдарын, өсімдіктің өсуін шапшаңдататын заттарды, минералдық тыңайтқыштар мен басқа да аппараттарды тасымалдау, сақтау және қолдану ережелерін бұзғаны, атмосфералық ауаны ластағаны немесе ластайтын қатер төндіргені;

- мемлекеттік бақылауды жүзеге асырушы органдардың атмосфералық ауаның қорғалуын қамтамасыз ету жөніндегі нұсқауларын орындамағаны үшін кінәлы адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қылмыстық, әкімшілік, тәртіптік, материалдық және басқадай жауапқа тартылады .

Атмосфераның ластануы мен ластаушы көздер.

Өндiрiстiң қарқындап дамуына жəне отын түрлерiн кең масштабта жағуға байланысты атмосферадағы бос оттектiң қоры азайып, ал көмiрқышқыл газының мөлшерi жоғарылауда. Нəтижесiнде табиғаттағы көмiртектiң айналымы бұзылды деуге болады. Академик А. П. Виноградов зерттеулер нəтижесiнде көмiрқышқыл газының концентрациясы жыл сайын 0, 2% ғаұлғайып отырғанын анықтады. Адамзат қоғамында адам баласы отты ең алғаш рет қолданған күннен бастап осы күнге дейiн түрлi жану процестерiнде 273 млрд. тонна оттегi жұмсаған болса, соның 246 млрд. тоннасы, яғни (90% ға жуығы) соңғы жарты ғасырда ғана жұмсалған. Көмiртек айналымының бұзылуы мен атмосферада көмiрқышқыл газының концентрациясының жоғарылауы Жердегi барлық химиялық тепе-теңдiкке үлкен əсер етедi.

Атмосфера табиғи жəне жасанды (антропогендiк) жолмен ластанады.

Табиғи ластану. Атмосферада үнемi белгiлi мөлшерде шаң болады. Шаң табиғатта жүретiн табиғи процестер нəтижесiнде түзiледi.

Шаңның үш түрi болады: минералдық (органикалық емес), органикалық жəне космостық. Тау жыныстарының үгiтiлуi мен бұзылуы, вулкандар атқылауы, орман, дала, торфтардың өртенуi, теңiз беттерiнен судың булануы минералдық шаңның түзiлуiне себеп болады. Органикалық шаң ауада аэропланктондар - бактериялар, саңырауқұлақтардың споралары мен өсiмдiктердiң тозаңдары, т. б. түрiнде жəне өсiмдiктер мен жануарлардың ыдырау, ашу, шiру өнiмдерi түрiнде болады. Космостық шаң жанған метеориттердiң қалдықтарынан түзiледi.

Еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағынан қарыштап алға басуы қоршаған ортаны қорғау мәселесіне де ерекше назар аударуды алға тартуда. Бұл жәйтті Президент Н. Назарбаевтың биылғы Жолдауында басым бағыттардың бірі ретінде атап өткені мәлім. Онда экологиялық апаттарды болдырмау мәселелерін алдағы уақытта нығайта беру алға тартылды.

Еліміздегі атмосфералық ауаның қорғалуы

Біз қазақ жерінің кеңдігін, оның орасан зор байлығын, әсем табиғаты мен жағымды ауа райын мақтан етеміз. Ал, оның ішінде Алматы облысы орналасқан, ежелден жер жәннаты - Жетісу атанған өлкенің орны өз алдына бір төбе.

Жетісудың табиғатын аялап, оның байлықтарын қаз-қалпында сақтап, қолдан келсе, көркейтіп отыру - баршаға ортақ парыз екені анық. Бұған тікелей жауап беретін мемлекеттік деңгейдегі құзырлы мекемелер жұмыс істеп жатыр. Солардың бірі - Алматы облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы.

Басқарманың басты міндеті - қоршаған ортаны қорғау жөніндегі біртұтас мемлекеттік экологиялық саясатты жүргізу және салалық бағдарламалардың орындалуын ұйымдастыру, орталық, жергілікті атқарушы органдардың бұл бағыттағы қызметін үйлестіріп, табиғатты тиімді пайдаланудың бірқатар түрлеріне лицензиялар беру. Сонымен бірге, жердің, судың, ауаның ластануына жол бермеу шараларын қарастырады. Аймақтарда экологиялық сараптама жүргізеді және экологиялық аудит жасауға құқылы.

Үстіміздегі жылғы белгіленген жұмыстарды басқарма қызметкерлері биыл қабылданған Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің баптары негізінде жүргізуде. Басқармадағы инспекциялық жұмыстардың барлығы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Табиғат қорғауды бақылау комитетімен келісілген жоспарға сәйкес жүргізілуде. Өткен мерзім ішінде қоршаған ортаны қорғау нысандарына 688 тексеру жасалып, 10 миллион 213 мың теңгенің айыппұлы салынды. Басқарманың мемлекеттік экологиялық сараптама бөліміне 865 құжат түсіп, оның 796-ы қаралды.

Сонымен бірге, облыс көлемінде қоршаған орта туралы халық арасында экологиялық білім беру, насихаттық жұмыстарды жүргізу, тұрғындардың экология жөніндегі танымын кеңейту, бұл бағытта үкіметтік емес, қоғамдық саяси, жастар ұйымдарының, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің мүмкіндігін пайдалануға баса назар аударылып отыр. Мәселен, Текелі және Талдықорған қалаларында үкіметтік емес, жастар ұйымдары өкілдерінің қатысуымен үш мәрте экологиялық сенбілік өткізілді. Бүкілдүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне байланысты дәстүрлі облыстық экологиялық форум болып, оған 600 адам қатысты.

Қоршаған ортаны қорғау жөнінде 7 дөңгелек үстел өткізіліп, 38 лекция оқылды, 13 семинар ұйымдастырылды. Санитарлық тазалық айлығы қураған ағаштарды кесу, орнына ағаш егу және басқа да науқандық жұмыстар кезінде басқарма қызметкерлері 25 экологиялық рейдке қатысты. Экологияға байланысты тұрғындардан 112 өтініш түсті. Оның 111-і қаралып, қанағаттанарлық жауап берілді. Басқарманың қызметіне және өткізілген шаралар жөнінде газеттерге 80 мақала жарияланып, телеарналардан 19 телебейне көрсетілді. Сол секілді, дәстүрлі “Іле - Балқаш” регатасына арналған шаралар да өз нәтижесін беріп келеді.

Тікелей министрліктің ұсынысымен аймақтардағы басқарма басшыларының экологиялық мәселелер жөніндегі есебін тыңдау дәстүрге айналды. Осы кездесулердің пәрменділігі қандай? Енді осыған тоқталғанды жөн көріп отырмын. Басқосуларда жергілікті тұрғындар, табиғат пайдаланушылар, үкіметтік емес ұйымдардың, жастар және саяси партиялар өкілдері аймақтардағы экологиялық проблемалар жөнінде нақты мағлұмат алды және олардың қоршаған ортаны қорғау жөніндегі ой-пікірлерін тыңдауға мүмкіндік жасалды. Табиғат ресурстарын пайдалану жөніндегі қолданыстағы заң талаптары бойынша түсініктемелер берілді. Қазіргі кезде облыстың аудандары мен қалаларында басқарманың 18 мемлекеттік өкілетті инспекторы жұмыс істейді. Инспекторлардың халықпен байланысын нығайту, экология жөніндегі жергілікті проблемаларды талқылау және нақты шараларды айқындау мақсатында олардың аудандар мен қалалардағы есебі тыңдалды.

Алайда, мемлекет тарапынан қоршаған ортаны қорғауға осындай заңдық негізде бақылау жұмыстары жүргізілгенмен, табиғатты пайдалануда қамқорлық емес, қорқаулық көзқарастың жойыла қоймағанын мойындауымыз керек. Мәселен, Қапшағай қаласындағы бұрынғы “Вимпекс” арақ зауытының қалдықтары ауаны ластап, қала тұрғындары мен демалушыларға қиындық келтіруде. Сондай-ақ, Іле ауданындағы “Филипп Морис Қазақстан” серіктестігі де өндіріс қалдықтарын жасырын сақтап, қоршаған ортаға мол зиян келтіргені анықталды. Алматы қаласына таяу орналасқан Қарасай, Іле және Талғар аудандарының экологиялық жағдайы баса назар аударуды қажет етеді. Тау аймақтарының бірқатар көрікті жері аталған аудандарға қарайды. Аудандар территориясындағы шатқалдардың орманы оталып, беткейі түзетіліп, шағын тау өзендері бойына зәулім үйлер салынып, оның айналасы дуалдармен қоршалып жатқаны жасырын емес. Кез келген тексерушіні жолата қоймайды. Олардың қарулы күзетшісі және бар. Сән салтанатты сауналар мен моншалардан шыққан лас су тау өзендеріне құйылып жатыр. Осындай нысандарға уақтылы экологиялық сараптама жасап, заңдық тексеру жүргізу мүмкін болмай отыр.

Қазіргі кезде ірі елді мекендерде тұрмыстық қалдықтарды сақтау жөніндегі мәселелер күн тәртібіне қойыла бастады. Мәселен, Талдықорған қаласындағы тұрмыстық қатты қалдықтарды сақтауға арналған полигон әлі күнге шешілмей келеді. Бір таңқаларлығы сол, оған жыл сайын жергілікті бюджеттен мол қаржы бөлініп игерілгенімен, ешқандай нәтиже жоқ. Полигонның қазіргі жағдайы экологиялық-санитарлық талаптарға сай келмейді. Ол Қаратал өзені ғана емес, Балқаш көліне де қауіп төндіруде. Сонымен бірге, облыс орталығының маңайындағы елді мекендерде қалдықтарды сақтау жайы да сын көтермейді.

Басқармаға қарасты арнайы жабдықталған топырақ, су және атмосфералық ауаға сараптама жасау жөніндегі зертханалардың қорытындысына сүйенсек, облыстың экологиялық жағдайы тұрақты деп баға беруге болатындай.

Алайда, облыстың бүгінгі өсу, өркендеу және даму қарқыны қоршаған ортаны қорғау, табиғат ресурстарын тиімді пайдалану, елді мекендерді көркейту, көріктендіру бағыттарында бірқатар мәселелерге назар аударуды қажет етуде.

Мысалы, Талдықорған қаласынан жылына 100 мың тонна, Қапшағай қаласынан 30 мың тонна қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылады. Соны өңдейтін зауыт салудың уақыты келген сияқты. Алакөл, Балқаш көлдерінің тазалығын сақтауға мемлекеттік қолдау көрсетілуі керек. Оған Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының да ортақ көзқарасы, көмегі болуы тиіс.

Облыс территориясындағы Достық, Қорғас, Қалжат және Қарқара кедендері арқылы Қытай және қырғыз елдерінен өтетін көліктерден экологиялық төлемдер алынбайды. Бұл елдер бізден баратын көліктерден нақты төлемдер алады. Аталған кедендерге арнаулы пункттер орнатып, халықаралық стандарттарға сәйкес төлемдер алуды жүзеге асыратын уақыт жетті деп ойлаймын. Бұл қаржы еліміздегі экологиялық мәселелерді шешуге, тұрақтандыруға, жақсартуға жұмсалар еді.

Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 292-бабы бойынша жергілікті атқарушы органдарға қалдықтарды сақтау, оны өңдеу, тиісті орындарға тасымалдау, оларды полигондарға орналастыру, қалдықтармен жұмыс істеу кезінде экологиялық талаптардың қатаң сақталуын қамтамасыз ету, жауапты кәсіпорындар құру және басқа да міндеттер жүктелген. Сондықтан да аудандық және ауылдық әкімдіктер қоршаған ортаны қорғауға арналған заң талаптарына сәйкес өз аймақтарындағы жер, су ресурстарын сақтауға, оны заң талаптарына сәйкес пайдалануға қатаң бақылау орнатуы керек.

Әсіресе, табиғаттың тепе-теңдігін сақтайтын құндылықтарға ерекше көңіл аудару қажет. Оның ішінде аң, құстың жөні бөлек. Асқар таулар әлеміндегі бұғы, маралға, арқар, елікке, қырғауылға, далалы жерлердегі қарақұйрыққа, ақбөкенге қаруын ала жүгіретіндер, қызық үшін қызықтаушылар жоқ деп айта алмасақ керек. Олардың жолын кесу кейде бізге оңай соқпайды. Табиғат аясына шығып демалушылардың барған жерін жаудай жапырып, қалдықтарды шашып кететіні, өрт қауіпсіздігін сақтамайтыны және бар. Жалпы, табиғатты қорғау жағынан мәдениетіміздің кемшіндігі әр жерде көрініп қала беретіні өкінішті.

Қорыта айтқанда, қоршаған ортаны қорғау, табиғат байлығын сақтау - болашаққа деген қамқорлық, ұрпаққа қалдырар мұра. Сондықтан да Елбасы Жолдауларын қоршаған ортаны қорғаудағы, табиғи ресурстарды пайдаланудағы сындарлы ұсыныстары бізге жаңа міндеттер мен мол жауапкершілік жүктейді. Бұл ең бірінші қоршаған ортаны қорғаудың да бәсекеге барынша қабілетті болуына жағдай жасайды деген сөз. Демек, біз табиғи байлығымызды аялы алақанда сақтауға мүдделіміз, әрі міндеттіміз.

Атмосфераның негiзгi ластануы түстi металлургия, жылу энергетикасы, қара металлургия, мұнай-газ кешенi кәсiпорындары мен көлiк шығарындыларымен байланысты. Атмосфералық ауаның ластануынан қатердiң нақтылығы халық денсаулығының нашарлауына да және қоршаған ортаның тозуына әсер етедi.

Атмосфералық ауаның ластану проблемасы негiзiнен республика халқының жартысына жуығы өмiр сүретiн iрi қалалар мен өнеркәсiптiк агломераттарға тән.

Барынша ластанғандар қатарына 10 қала, оның iшiнде 8 қала ауасы жоғары деңгейде ластанған қалаға жатқызылады. Қалаларда ауа ластануының жоғары деңгейiнiң себебi - өндiрiстiң ескiрген технологиялары, тиiмсiз тазартқыш құрылыстар, қолданылатын отынның төмен сапасы, қуаттың жаңғыртылатын және дәстүрлi емес көздерiнiң аз пайдаланылуы болып табылады. Кәсiпорындардың 20%-тен астамының нормативтiк санитарлық-қорғау аймағының болмауы себептi өндiрiс орталықтары халқының басым бөлiгi зиянды шығарындылардың әсерi жоғары аймақта тұрып жатыр.

Автомобиль санының күрт көбеюi iрi қалаларда (Алматы, Өскемен, Шымкент) көмiртегi оксидi мен азот диоксидi жиналуын ұлғайтады, мұндай заттардың орташа жылдық шоғырлануы бұл қалаларда шектi мөлшерден асып түседi.

Ауа бассейнiнiң ластануы, сондай-ақ көмiрсутегi шикiзатының бұрынғы кен орындарын дамытумен және жаңа кен орындарын игерумен де байланысты, бұл атмосфераның күкiртсутегiмен, меркаптандармен ластануын ұлғайта түседi. Алауларда iлеспе газдың жағылуы қызған газдардың, күкiрт пен азот оксидтердiң едәуiр көлемiн атмосфераға шығарумен қатар жүредi, кен орындарының төңiрегiнде жоғары жылу аясы қалыптасады.
1993 жылдан 2000 жылға дейiн зиянды заттардың атмосфераға шығарылуы негiзiнен өндiрiс құлдырауының есебiнен 5, 1 млн. тоннадан 3, 2 млн. тоннаға дейiн кемiдi. Соңғы жылдары экономиканың өрлеу жағдайларының өзiнде атмосфераға зиянды заттардың шығарылуын 3, 2 - 3, 4 млн. тонна деңгейiнде тұрақтандыруға мiндеттi мемлекеттiк экологиялық сараптаманың жаппай енгiзудiң және қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылау жүргiзудiң нәтижесiнде қол жеткiзiлдi. Мұндай тетiктердi одан әрi жетiлдiру 2010 жылдан кейiн қоршаған ортаны мөлшерден тыс ластайтын кәсiпорындарға қойылатын экологиялық талаптарды күшейту арқылы шығарындыларды жоспарлы түрде төмендетуге кiрiсуге мүмкiндiк бередi.

Aуa бассейнi ластануының жоғарылау қаупiн болдырмау жөнiндегi қажеттi шаралар қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi қысқа мерзiмдi бағдарламаларда көзделетiн болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Каспий теңізінің экологиясы мен құқықтық мәртебесі
Қазақстан Республикасының Озон қабатын бұзатын заттар жөніндегі Монреаль Хаттамасына қосылуы туралы
Экология және даму
Қоршаған ортаны құқықтық қорғау»
Биосфераны автокөлік әсерінен қорғау
Шектеулі рауалы шығарындылар нормативтерін есептеу және анықтау
ШОРТАНДЫ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ БІЛІМ ОРТАСЫНЫҢ ЖЫЛТУ ҚАЗАНДЫҒЫ ЖӨНІНДЕ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР ЖӘНЕ АТМОСФЕРАНЫ ЛАСТАУШЫ КӨЗ РЕТІНДЕ СИПАТТАМАСЫ
Атмосфераның температуралық режимі
Мемлекеттік қызметтің түсінігі және мемлекеттік қызметшінің түрлері
Байқоңыр ғарыш айлағы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz