«Табиғатты пайдалану құқығы»
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3
1. ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ТАБИҒАТТЫ ЖАЛПЫ ЖӘНЕ АРНАЙЫ ПАЙДАЛАНУ
1.1 Табиғатты пайдалану құқығының мазмұны. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 5
1.2 Табиғатты жалпы және арнайы пайдалану. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 9
2. ТАБИҒАТ ОБЬЕКТІЛЕРІНЕ МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ
2.1 Табиғи обьектілеріне мемлекеттік меншік құқығының түсінігі және жалпы сипаттамасы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 13
2.2 Құқықтық қорғау обьектілері мен мемлекеттік меншік құқығының арақатынасы. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 14
3. ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУ МЕН ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ БАСҚАРУДЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ.ҚҰҚЫҚТЫҚ НЫСАНДАРЫ.
3.1 Табиғатты пайдалану мен қоршаған ортаны қорғауды басқаратын жалпы және арнайы органдар. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .19
ҚОРЫТЫНДЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 29
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .31

Кіріспе
Жалпы мағынасында табиғат пайдалану деп адамның өзінің әралуан өмірлік қажеттерін (экономикалық, экологиялық, рухани, мәдени-сауықтыру, имандылық - эстетикалық қажеттерін) қанағаттандырумен итермелейтін адамның табиғатпен өзара әрекеті ұғынылады. Мысалы, ҚР "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Заңына сәйкес табиғат пайдалану — адамның шаруашылық және өзге де қызметінде табиғи ресурстарды пайдалану.
Табиғат пайдалану құқығы объективтік мағынасында — табиғат объектілерін пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы болып табылады.
Субъективтік мағынасында табиғат пайдалану — бұл адамның әр алуан өмірлік қажеттерін қанағаттандыру үшін табиғат объектілерін пайдалану жөніндегі табиғат пайдаланушылардың заңмен белгіленген құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы.
Сөйтіп, тұтастай алғанда табиғаттың пайдалы қасиеттерін немесе жекелеген табиғи ресурстарды қолданыстағы заңмен белгіленген шектерде және шарттарда өздерінің қажеттерін қанағаттандыру үшін пайдалану құқығы деген анықтама беруге болады.
Барлық уақытта да мынаны ескерген жөн: табиғат пайдалану тек адамның өмірлік қажеттерін қанағаттандыру құралы қызмет атқарып қоймай, сонымен бір мезгілде қоршаған ортаға теріс ықпал етуі де мүмкін.
Табиғат пайдалану құқығын беру негіздерінің бірі — бүл табиғи ресурстарды пайдалануға берілетін лицензия және қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметің жекелеген түрлерін жүзеге асыру.
Курстық жұмыстың мақсаты: Табиғат пайдалану ұғымын экологияны пайдалану ұғымынан айыра білу керек. Егер табиғат пайдалану адамның әр алуан өмірлік қажеттерін қанағаттандыру үшін табиғи ресурстардың тәртібі ретінде ұғынылатын болса, онда экологияны пайдалануда ең алдымен қоршаған ортаны және тұтастай алғанда экологиялық жүйені барынша сақтау мүддесі үстем болады.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. ҚР Конституциясы. 1995ж. 30 тамыз.
2. Стамқұлұлы.Ә “ҚР Экология құқығы” Алматы Жеті жарғы 1995ж.
3. «Международные эколого-правовое сотрудничество» Алматы. Дәнекер 2001ж.
4. Е.Баянов «Мемлекет және құқық негіздері» Алматы 2001ж
5. А. Ибраева, Г. Әлібаева, Қ.Айтхожин «Құқықтану» Алматы 2006 ж
6. Айтуғанова З.Ш. «Экологиялық қауіпсіздіктің экономикалық мәселелері» дисс. жұмыс. 2003
7. Ақиқат журналы, «Экологияның экономикалық залалдары» атты мақала, 2006 ж
8. Айтуғанова З.Ш. «Экологиялық қауіпсіздіктің экономикалық мәселелері» диссерт. 2003ж. 29-33
9. Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау»
10. Н.Ә. Назарбаев «Сындарлы он жыл». Алматы. Атамұра, 2003.
11. Сапарғалиев.Ғ. “Мемлекет және құқық негіздері” Алматы 2000ж.
12. Наумов А.В. // Қылмыстық құқығы/ Астана – 2001 ж.
13. Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы //Алматы – 2001ж 164-203б.
14. Қазақстан Республикасының «Қоршаған ортаны қорғау туралы» заңы, Алматы. Юрист,
15. Қазақстан Республикасының Конституциясының 31-бабы
16. Қазақстан және оның аймақтары. Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі.
17. ҚР Заңы. “Қоршаған ортаны қорғау” Алматы. 1998ж.
18. 1959 жылы 22 шілдеде қабылданған Қазақ КСР Қылмыстық кодексі
19. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне түсінік /А-2001
20. Қазақстан Республикасының Экологиялық құқығы /Алматы 2008/ Култелеев
21. Қазақстан Республикасының Экологиялық құқығы /Тараз 1995/ Стамқұлов

Пән: Экология, Қоршаған ортаны қорғау
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3
1. ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ТАБИҒАТТЫ ЖАЛПЫ ЖӘНЕ АРНАЙЫ ПАЙДАЛАНУ
1.1 Табиғатты пайдалану құқығының мазмұны. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 5
1.2 Табиғатты жалпы және арнайы пайдалану. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 9
2. ТАБИҒАТ ОБЬЕКТІЛЕРІНЕ МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ
2.1 Табиғи обьектілеріне мемлекеттік меншік құқығының түсінігі және жалпы сипаттамасы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 13
2.2 Құқықтық қорғау обьектілері мен мемлекеттік меншік құқығының арақатынасы. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 14
3. ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУ МЕН ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ БАСҚАРУДЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ НЫСАНДАРЫ.
3.1 Табиғатты пайдалану мен қоршаған ортаны қорғауды басқаратын жалпы және арнайы органдар. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .19
ҚОРЫТЫНДЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 29
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .31
Кіріспе
Жалпы мағынасында табиғат пайдалану деп адамның өзінің әралуан өмірлік қажеттерін (экономикалық, экологиялық, рухани, мәдени-сауықтыру, имандылық - эстетикалық қажеттерін) қанағаттандырумен итермелейтін адамның табиғатпен өзара әрекеті ұғынылады. Мысалы, ҚР "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Заңына сәйкес табиғат пайдалану -- адамның шаруашылық және өзге де қызметінде табиғи ресурстарды пайдалану.
Табиғат пайдалану құқығы объективтік мағынасында -- табиғат объектілерін пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы болып табылады.
Субъективтік мағынасында табиғат пайдалану -- бұл адамның әр алуан өмірлік қажеттерін қанағаттандыру үшін табиғат объектілерін пайдалану жөніндегі табиғат пайдаланушылардың заңмен белгіленген құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы.
Сөйтіп, тұтастай алғанда табиғаттың пайдалы қасиеттерін немесе жекелеген табиғи ресурстарды қолданыстағы заңмен белгіленген шектерде және шарттарда өздерінің қажеттерін қанағаттандыру үшін пайдалану құқығы деген анықтама беруге болады.
Барлық уақытта да мынаны ескерген жөн: табиғат пайдалану тек адамның өмірлік қажеттерін қанағаттандыру құралы қызмет атқарып қоймай, сонымен бір мезгілде қоршаған ортаға теріс ықпал етуі де мүмкін.
Табиғат пайдалану құқығын беру негіздерінің бірі -- бүл табиғи ресурстарды пайдалануға берілетін лицензия және қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметің жекелеген түрлерін жүзеге асыру.
Курстық жұмыстың мақсаты: Табиғат пайдалану ұғымын экологияны пайдалану ұғымынан айыра білу керек. Егер табиғат пайдалану адамның әр алуан өмірлік қажеттерін қанағаттандыру үшін табиғи ресурстардың тәртібі ретінде ұғынылатын болса, онда экологияны пайдалануда ең алдымен қоршаған ортаны және тұтастай алғанда экологиялық жүйені барынша сақтау мүддесі үстем болады.
Зерттеу мақсатына жету үшін курстық жұмыстың құрылымы мен зерттеу логикасын анықтайтын мынадай міндеттер қойылған: жалпы табиғатты пайдалану барысында қандай ережелер мен тәртіптер сақталу екенін зертеу. Зерттеу барысында ол ережелердің орындалуы туралы жалпы мағлұмат беру.
Курстық жұмыстың зерттеу обьектісі: экологиялық құқықтың негізгі бөлімдерінің бірі - табиғатты пайдалану құқығы. Табиғатты пайдалану дегеніміз адам мен қоғамның экономикалық, экологиялық, мәдени-сауықтырушылық, рухани-әдептілік қажеттіліктерін табиғи ортаның қасиеттерін бөлумен түсіндіріледі.
Курстық жұмыстың зерттеу пәні: қазіргі уақытта табиғатты үнемді пайдалану мақсатындағы заңдар жинағы.

1.1 Табиғатты пайдалану құқығының мазмұны
Қазақстан Республикасының мемлекеттік табиғи қорларды пайдалануы заңда көрсетілген реттерде пайдаланғаны үшін ақы алу және басқа нысандарда жузеге асырады.
Табиғи қорларды пайдаланғаны үшін төленетін ақының нормативтерін тиісті табиғи қорлардың кадастрлық бағалары негізінде, олардың аралуын, жаңғыртылуын, мүмкіндіктерін, оңайлылығын, кешенділігі, өнімділігін, орналасқан жерін және басқа факторларды ескере отырып ҚР-ның Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдар белгілейді. Кадастрлық бағалар болмаған жағдайда нормативтер шарт негізінде белгіленеді.
Жер иемдену мен жер пайдалануға төленетін ақы жер учаскесінің сапасына, орналасуына және оның су мен қамтамасыз етілуіне қарай белгіленетін жер салығы немесе жалдау ақысы арқылы алынады.
Табиғи қорларды пайдалануға байланысты белгіленген жарналар мен төлемдер айналадағы табиғи ортаны қорғау жөніндегі шараларды қосымша қаржыландыру үшін алынып, республиканың, жергілікті және қоғамдық табиғат қорғау қорларына жұмсалады.
Жер үшін алынатын төлемдер жердің тиімді пайдалануын экономикалық әдістермен қамтамасыз етуге және жерге орналастыруға, жердің құнарлылығын арттырып,оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыруға, сондай-ақ аймақты әлеуметтік - мәдени дамытуға жұмсалады.
Мемлекеттік табиғи ресурстарды мемлекеттік құрылымдар арқылы да пайдаланады. Ондай реттерде мемлекеттік кәсіпорындарды, ұйымдарды, ауылшаруашылық тәжірибе, ғылыми мекемелерді және басқа да мемлекеттік құрылымдарды құрып, оларға табиғи ресурстарды атқаратын қызметіне қарай мақсатты пайдалануға береді. Олар өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, орман немесе басқа да салалар өнімдерін өндіруді, сондай-ақ халықтың әлеуметтік - мәдени қажеттерін қанағаттандыруды қамтамасыз етеді.
Қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды пайдалану саласыңда мына төменде аталған шаруашылық қызметінің экологиялық жағынан қауіпті түрлері міндетті түрде лицензиялауға жатады:
Улы, радиоактивтік және басқа да қауіпті зиянды заттармен ластанған жерлерді техникалық қалпына келтіру;
Су объектілерін ластануға және бітеліп қалуға жеткізетін аса қауіпті химиялық және биологиялық заттар мен радиоактивтік материадарды өндірістік мақсаттарға пайдаланатын кәсіпорыңдар мен құрылыстарды су жинайтын алаңдарда салу мен орналастыру;
1-3 -топтағы қауіптілігі бар өндірістің қауіпті қалдықтарын жағу, химиялық өндеуден өткізу, сақтау мен көму, Казақстан Республикасының қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалы мен оларды жоюды бақылау туралы Базель конвенциясы бойынша міңдеттемелерін орыңдаумен байланысты трансшекаралық тасымал;
Қоршаған ортаға зиянды ықпал ететін техногендік минералдық түзілістерді сақтау;
Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде мемлекеттік қорық аймағы шегіндегі кәсіпорындарды, құрылыстарды және өзге де объекгілерді орналастыру, салу мен қайта құру;
Қоршаған ортаға зиянды ықпал ететін химиялық және биологиялық заттарды өндіру.
Сондай-ақ, қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды пайдалану саласында экологиялық аудиторлық қызмет, сонымен бірге табиғат қорғау жобалауы, нормалау және экологиялық сараптама саласындағы жұмыс міндетті түрде лицензиялануға тиіс.
Лицензиядан басқа табиғи ресурстар табиғат пайдалануға облыстың жергілікті атқарушы органдарының (республикалық маңызы бар қалалардың -- Алматы, астана -- Астана қалаларының әкімдіктерінің) табиғи ресурстарды пайдалануға беру туралы шешімдерінің негізінде, сондай-ақ табиғат пайдалануға жасалған шарттар (келісім шарттар) негізіңде берілуі мүмкін.
Қазіргі уақытта табиғат пайдалану құқығы көптеген табиғи ресурстарға лимиттеледі және квотталады. Бұл мынадан туындап отыр: көптеген табиғи ресурстар сарқылатын ресурстарға жатады немесе жалпы жаңартылмайтын ресурстар болып табылады. ҚР-ның "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Заңына сәйкес қоршаған ортаның ластануына лимиттер және табиғи ресурстарды альш қоюға лимитгер, сондай-ақ табиғи ресурстардың ластануына және оларды алып қоюға квота бар.
Қоршаған ортаны ластау лимиттері -- бұл ластайтын заттардың, өндіріс пен тұтыну қалдықтарының жалпы көлемінің түсу шектері, сондай-ақ қолайлы қоршаған орта сақталатын деңгейлердегі қоршаған ортаға шудың, тербелістің, магнитті өрістердің және өзге де зиянды физикалық ықпалдардың әсері;
Табиғи ресурстарды алып қою лимиттері -- бұл табиғи ресурстарды ықтимал мөлшерде пайдалану шектері, бұл жағдайда биологиялық ресурстарды табиғи молайту бұзылмайды және пайдалы қазыңдыларды ұтымды пайдалануға кепілдік беріледі;
Ластануға берілетін квота -- бұл белгілі бір мерзімге нақты табиғат пайдаланушыға берілетін ластануға арналған лимиттің бір бөлігі;
Табиғи ресурстарды алып қою квотасы -- бұл белгілі бір мерзімге нақты табиғат пайдаланушыға берілетін алып қою лимитінің бір бөлігі;
Қоршаған ортаның ластануына берілетін лимиттер мен квоталарды жергілікті өкілді органдар (мәслихаттар) және облыстардың әкімдіктері (Астана және Алматы қ. әкімдіктері) Қазақстан Республикасының Үкіметі облыстар (республикалық маңызы бар қалалар, астана) үшін белгілейтін, ал табиғи ресурстарды алып қоюға - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі белгілейтін лимиттер мен квоталар шектеріңде анықталады.
Табиғат пайдалану құқығының принциптері деп табиғи ресурстарды пайдалану жөніндегі құқық қатынастарын реттеудің негізгі бастаулары мен негізгі қағидаттары ұғынылады. Табиғат пайдалану құқығының негізгі принциптеріне мыналар жатады:
Адамның өмірі мен денсаулығын қорғаудың басымдығы халықтың өмірі, еңбегі мен демалысы үшін қолайлы қоршаған ортаны сақтау және қалпына келтіру. Бүл табиғат пайдалану кезінде бірінші кезекте адамның экологиялық мүдделері және әрбір адамның өмірі, еңбегі мен демалысы үшін қолайлы қоршаған ортаға құқығы ескерілуге тиіс дегенді білдіреді;
Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен ұдайы молайту. Табиғатты ұтымды пайдалану сонымен бір мезгілде адамның экологиялық, экономикалық, әлеуметтік және өзге де мүдделерін ескеру дегеңді білдіреді, онда табиғат пайдалану ақылға қонымды, ойластырылған, үнемді және өтемді болуға тиіс. Тек осындай көзқарас қана бүгінгі ұрпақтың қажеттерін қанағаттандырып қана қоймай, сонымен бірге болашақ ұрпақтар үшін табиғи ресурстарды сақтай алады.
Табиғатты арнайы пайдаланғаны үшін кезең-кезеңмен ақы төлеуді енгізу жөне қоршаған ортаны қорғауды экономикалық ынталандыруды енгізу. Табиғатты жалпы пайдаланған кезде әрбір адамның қолайлы қоршаған ортаға табиғи құқығы жүзеге асады және өтеусіз болады. Табиғатты арнайы пайдаланғаны үшін ақы төлеуді енгізумен байланысты қолайлы экологиялық жүйеге қолдау жасағаны үшін және табиғи ресурстарды қалпына келтіруге жауап береді.
Табиғи ресурстарды пайдаланудың мақсатты сипаты. Осы мақсат үшін жер учаскесі беріледі, жер қойнауының учаскесі, су ресурстары, орман ресурстары учаскені пайдалануға беру туралы шешімде, жер қойнауын пайдалануға жасасылған келісім шарттарда, суды пайдалануға берілген рұқсатқа, орман билетіңде міндетті түрде белгіленеді. Табиғат объектілерін нысаналы мақсатында пайдаланбаған жағдайда бұл заңды бұзу ретінде қарастырылады және жауапкершілікке тартуға әкеп соқтырады.
Қолайсыз экологиялық ахуалы бар аумақтарда экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және бұзылған табиғи экологиялық жүйелерді қалпына келтіру;
Ерекше экологиялық, ғылыми және мәдени маңызы бар биологиялық алуан түрлілікті және қоршаған ортаның объектілерін сақтауды қамтамасыз ету;
Мемлекеттік реттеу және мемлекеттік бақылау, қоршаған ортаны қорғау туралы заңды бұзғаны үшін жауапкершіліктің ымырасыздығы;
Қоршаған ортаға нұқсан келтіруді болдырмау, қоршаған ортаға ықтимал ықпалды бағалау.
1.2 Табиғатты жалпы және арнайы пайдалану
Табиғатты пайдалану дегеніміз адам мен қоғамның экономикалық, экологиялық, мәдени-сауықтырушылық, рухани-әдептілік қажеттіліктерін табиғи ортаның қасиеттерін бөлумен түсіндіріледі.
Табиғатты пайдалану құқығының объективтік мағынасы - бұл табиғатты пайдаланушыларды құқықтары мен міндеттерін, табиғи ресурстарды пайдаланудың шарттары мен тәртіптерін реттейтін құқықтық нормалар жиынтығын көрсетеді.
Табиғатты пайдалану құқығының субъективтік мағынасы - бұл (экологиялық заңдар) табиғи ресурстарды пайдалану мен билік етудегі нақты табиғатты пайдаланушының экологиялық заңдар мен белгіленген құқытарының жиынтығы болып табылады.
Табиғатты пайдалану құқығының қағидалары болып - ғылыми дәлелдеген, сипаттамалары мақсаты, тиімділік, кешендік, лицензиялау, квоталау лиметтеу табылады.
Табиғатты пайдаланудың ғылыми дәлелдегенділігі бұл экологиялық және экономикалық мүдделерді қамти отырып, табиғаттың даму заңдарына сүйенетінін білдіреді. Табиғатты пайдалану құқығы мақсатты сипатта жүргізіледі. Бөлек табиғатты пайдаланушыға пайдалану құқығын шешуге байланысты міндетті түрде фиксацияланып отыратын, нақты табиғи ресурстарды, учаскелерді, объектілерді және белгіленген мақсатына сай оның бөлігін мемлекет береді. Мемлекет жер учаскесін азаматқа пайдалануға беру, бұндағы мақсат - крестьяндық шаруалық жүргізу - жер пайдалану құқығы актісі әкімдікпен берілетінін көрсетеді. Берілген объектілермен учаскілерді мақсатына сай пайдаланбағандығы заң бұзушылық болып табылады және табиғат пайдалану құқығын тоқтатумен алып қоюға әкеп соқтырады Азаматтардың қолайлы қоршаған ортаға құқықтары - ҚР-ғы жалпы табиғатты пайдалану құқықтық негізгі бөлігі және азаматтардың денсаулығын сақтауға байланысты конституциялық құқықтардың құрамдас бөлігі болып табылады.
ҚР-ң Конституциясы бойынша адамдардың құқықтары табиғатты қорғауға байланысты тазарту шараларын кең түрде жүргізумен қамтамасыз етіледі.
Қоршаған ортаны тазарту - адамның өмір сүру ортасының санасы мен адамның денсаулығы үшін шаруашылық қызметтердің ұйымдастырылған, құқықтық, санитарлық-гигиеналық шаралардың жиынтығын құрайды. Азаматтық қолайлы қоршаған ортаға құқықтық объектісі болып, табиғи ресурстар табылады: таза атмосфералық ауа, су, табиғи аймақтар, ормандар, ұлттық табиғи парктер, рекрациялық аймақтар, санитарлық-курорттық орындар, т.б. Азаматтық бұл құқықтары ҚР-ң заңдарында ары қарай даму көзделген.
Азаматтарды қолайлы қоршаған ортаға құқықтарына - адамдар және оны қоршаған орта үшін зиянды салдарын төмендеуге және ескертуге, халықтық демалысқа, еңбек пен тұрмысты жақсарту шарттарына, қоршаған ортаны жақсартуға бағытталған мемлекеттік органның, кәсіпорынның, мемлекеттік, ұйымдастырудың және басқа да қоғамдық ұйымдардың санитарлық-гигиеналык шараларды жүргізу міндеттілігі сәйкес келеді.
1997ж.15 шілдеде қабылданған ҚР- Қоршаған ортаны қорғау туралы заңның 5-ші бабында сәйкес, азаматтардың қоршаған ортаны қорғауға байланысты құқықтары мен міндеттері көрсетілген.
Әрбір азаматтың және ҚР-ң аумағында тұратын азаматтығы жоқ адамның, сондай-ақ шетелдіктердің аз өмірі мен денсаулығына қолайлы қоршаған ортаға, оның жай-күйі туралы дұрыс ақпарат алуға, қоршаған ортаны қорғау туралы заңдардың бұзылуы салдарынан өз денсаулығы мен мүлкіне келтірген залалдың өтеуін алуға құқығы бар.
Азаматтардың:
белгіленген тәртіппен табиғи ресурстарды пайдалануға оларды қорғау және толықтыру жөніндегі шараларды жүзеге асыруға, қоршаған ортаны қорғау мен сауықтыруға қатыстыруға;
қоршаған ортаны қорғайтын қоғамдық бірлестіктер мен қоғамдық қорлар құруға;
- қоршаған ортаны қорғау жөніндегі жиналыстарға, митинйлерге,
пикеттерге, шерулер мен демонстрацияларға, референдумдарға
қатысуға;
- қоршаған орта мәселелері бойынша мемлекеттік, органдар мен
Ұйымдарға хаттар, шағымдар, арыздар мен ұсыныстар беруге және оларды қорғауды талап етуге;
қоғамдық экологиялық сараптама өткізу туралы ұсыныс жасап,оған қатысуға;
кәсіпорындарды, құрылыстар мен экологиялық жағынан зиянды өзге де объектілерді орналастыру, салу, қайта құру және пайдалануға беру туралы, сондай-ақ заңды жеке тұлғалардың қоршаған орта мен адам денсаулығына теріс ықпал ететін шаруашылық және өзге де қызметін шекте, тоқтата тұру және тоқтату туралы шешімдердің әкімшілік немесе сот тәртібі мен күшін жоюды талап етуге;
айыпты ұйымдарды, лауазымды адамдар мен азаматтарды жауапқа тарту туралы мәселелер қоюға, қоршаған ортаны қорғау туралы заңдардың бұзылуы салдарынан өз денсаулығы мен мүлкіне келтірілген залалдың өтелуі туралы сотқа талап арыз беруге;
заң актілері мен өзге де нормативтік құқық көзделген басқа да құқықтарын белгілеген тәртіппен іске асыруға құқығы бар;
Әрбір азамат қоршаған ортаны қорғауға және табиғи ресурстарға ұқыпты қарауға, қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды орындауға, өзінің экологиялық білім деңгейін арттыруға және жеткіншек ұрпаққа экологиялық тәрбие беруге жәрдемдесуге міндетті.
ҚР-ң Конституциясы және басқа да экологиялық заңдар азаматтарға қоршаған табиғи ортаға байланысты белгілі құқықтар мен міндеттер жүктейді. ҚР Конституциясының 38-ші бабына сәйкес,азаматтар табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті.
Табиғатты қорғауға байланысты заңдарды орындау әрбір азаматтың өмірлік нормасы болып табылуы керек.
2. ТАБИҒАТ ОБЬЕКТІЛЕРІНЕ МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ
2.1 Табиғи обьектілеріне мемлекеттік меншік құқығының түсінігі және жалпы сипаттамасы
Табиғи ресурстар - қоғамның тұтыну қажеттігін қанағаттандыратын табиғат объектілерінің игілікті де құрамдас бөлігі.
Табиғи ресурстар қалыптасқан экологиялық кешен. Бірақ шардың кейбіреулері ғылым мен техниканың дамуы нәтижесінде ғана пайдалану қорына айналуы мүмкін. Сондықтан меншік объектілеріне қоғамның қажеттігі үшін пайдаланылатын табиғи ресурстар жатады.
Табиғат ресурстарын тек қана мемлекет меншігі дегеніміз - аталған және басқа да табиғат ресурстары ҚР-нан басқа субъектілердің - министрліктер мен ведомстволардың, ұйымдар мен бірлестіктердің, лауазымды адамдардың, азаматтардың меншігінде болуы тиіс еместігі.
Республика аумағындағы табиғи ресурстарға тек қана мемлекеттің ерекше меншік құқығының болуы ҚР-ң тәуелсіздігін және оның дербес экономикалық жүйесінің негізі екенін дәлелдейді.
Аталған табиғи ресурстарға меншік иесінің құқықтарын мемлекет атынан жүзеге асырудың шектері мен субъектілері тек заңмен ғана белгіленеді. Атап айтқанда, Жер, Жер қойнауы, Су, Орман және өсімдіктер мен жануарлар дүниесі туралы атқарылатын іс-әрекеттер ҚР-ң заңдары мен реттеледі.
Жердің жер қойнауының, судың, орманның, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің мемлекеттегі басқа меншік объектілерінен айырмашылығы - олардың табиғи ортада бір-бірімен тығыз экологиялық байланысты болуында.
Егер табиғат объектісі өзінің табиғи ортасынан алынатын болса, онда ол мүлікке айналады. М: орманнан кесіліп алынған ағаш отынға немесе өндіріс құрылыс қажетіне жұмсалады. Сөйтіп мүлікке (тауарға) айналады. Табиғи ортадан ұсталып алынған таутеке мемлекеттік хайуанаттар паркінде ұсталса, ол мемлекет меншігінде болады. Бірақ оған мемлекеттік (меншік) ерекше меншік сипаты сақталмайды.
Табиғи ресурстардың түрлеріне қарай, оларды меншік иесінің пайдалану, қорғау (сақтау) қалпына келтіру құқықтарының да ерекшеліктері бар. Бұл саладағы экономикалық және экологиялық қатынастарды реттейтін республикамыздың заңдары да бар. Олар экология құқығының жүйесін құрайды.
Экология саласындағы заңдарға мемлекет табиғи ресурстардың меншік иесі ретінде адамның өз өмірімен денсаулығы үшін айналадағы табиғи ортаның қолайлы болуы құқығын қамтамасыз ететін, қазіргі және болашақ ұрпақтың мүдделерін көздейтін айналадағы табиғи ортаны қорғаудың құқықтық экономикалық және әлеуметтік негіздерін белгілеп, адам қызметінің айналадағы табиғи ортаға зиянды ықпал жасауына жол бермеу, табиғи тепе - теңдікті сақтаумен табиғат қорларын тиімді пайдалану шараларын жүзеге асырылады.
2.2 Құқықтық қорғау обьектілері мен мемлекеттік меншік құқығының арақатынасы
ҚР Президентінің 1997ж 4 наурызда қабылданған ҚР мемлекеттік органдардың жүйесін реформалау жөніндегі кезекті шаралар туралы жарлығын орындау мақсатында ҚР үкіметінің 1997ж 23 мамырында қабылданған қаулысы мен экология және био ресурстар мин-дің ережесі бекітілді. Осы қаулыға сәйкес бұл министрілік Қазақстан аумағында қоршаған ортаны қорғау табиғи байлық қорларын пайдалану сондай-ақ табиғи ортаның атмосфералық гидролитиреологиялық және мониторлық құбылыстарын бақылауда мемлекеттік басқаруды іске асыратын орталық атқару органы болып табылады.
Қазақстандық Экологиялық басқару мәселелері туралы құқықтық актілер атап айтқанда ҚР Конституциясы, Жер туралы және жер қойнауын пайдалану туралы және жер қойнауы, ҚР Президентінің екі жарлы су және орман кодексі, қоршаған ортаны қорғау, атмосфералық ауданы қорғау, санитарлық, эпидемиялық жағдайды жақсарту туралы заңдар мен 20-дан астам үкіметтің қаулылары қабылданған. Экологиялық басқаруды ж.а. мемлекеттік органдар жүйесіне жапсырылған. Бұл органдардың қызметтерінің негізгі бағыты мемлекеттік экологиялық басқаруды жүзеге асырылып болып табылады және ол барлық органдар үшін ортақ болып келеді. М:Қазақстанда үкімет және жергілікті өкілді атқарушы органдар прокуратура, экология және табиғи ресурстар министрлігі, жер ресурстарын басқару комитеті, санитарлық эпидемиологиялық қызметі, су ресурстары жөніндегі комитетпен ҚР-ның Ішкі істер министрлігі экологиялық басқару қызметтерін атқарады. Осы аталған органдардың лауазымды адамдары үкіметтің заңдылығын қанағаттандырады және олар жобаны мақұлдауға аяқталған құрылыс объектінің орнын қабылдауға қатысуы шаруашылық қызметтерін тоқтату мен тыйым салу құқықтық іс қорғау материалдарын прокуратураға беруге құқылы. ҚР экология және табиғи ресурстар министрлігі қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы болып табылады және ол қоршаған ортаны қорғау туралы заңның 8-бабына сәйкес ведомство үстінен экологиялық бақылауды жүзеге асырады.
ҚР-да табиғи ресурстарға меншік субьектісі Конституцияға сәйкес ҚР-ның меншік туралы заңымен белгіленеді. Меншік туралы заңның ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz