«Ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың құқықтық режимі»



МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .3
ҚАЗАҚСТАНДА ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АЙМАҚТАР
1.1Ерекше қорғалатын табиғи аймақтар. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .8
1.2Биосфералық қорық. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 9
1.3Ұлттық табиғи саябақтар, табиғи қорықшалар,табиғат ескерткіштері. . . . . 10
ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АЙМАҚТАРДЫҢ ЗАҢНАМАСЫ
2.1Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы ҚР заңнамасы. . . . . . . . 13
2.2Жеке және заңды тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аймақтар саласындағы құзыреті. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .14
2.3Табиғат қорғау мекемелерiнiң мемлекеттiк инспекторлары. . . . . . . . . . . . .16
ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАРДЫ КҮЗЕТУ ЖӘНЕ ҚОРҒАУ, ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАРДЫҢ КҮЗЕТ ҚЫЗМЕТI МЕМЛЕКЕТТIК ИНСПЕКТОРЛАРЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСI
3.1Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды күзету режимiнiң түрлерi. . . . . . . 19
3.2Табиғат қорғау мекемелерiнiң мемлекеттiк табиғи.қорық қорының табиғи кешендерi мен объектiлерiн қорғау. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 21
3.3Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .22
ҚОРЫТЫНДЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 24
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 26
КІРІСПЕ
Ландшафрды қорғаудың ең жоғарғы формасы – қорықтар ұйымдастыру болып табылады. Бүкіл дүниежүзілік тәжірибелерге сүйенсек жер шарының жекеленген елдерінде қорық ұымдастыру XIX ғасырдың басқы кездерінен бастап жүзеге аса бастағанын көрсетеді. Қазіргі уақытта жер шарында қорықтарға қарағанда ұлттық бақтардың саны әлдеқайда көп. Бұрынғы Кеңес үкіметінің жағдайына тоқталсақ, КСРО, қазіргі ТМД елдері бойынша 141 мемлекеттік қорық, 2700 қорыққор, 12 ұлттық парк, бірнеше мың табиғат ескерткіштері болған. Әрине, шет елдермен салыстырғанда бұл өте аз екенін ұмытпаумыз қажет. Біздің Елімізде қазіргі таңда 9 мемлекеттік қорық, 66 қорықор (оның 44 зоологиялық, 20 ботаникалық, 2 палеонтологиялық) 6 ұлттық парк (бақ) және 24-тен астам табиғат ескерткіштер бар. Әрине біздің аумақтың көлеміне шаққанда қорғалатын жерлер барлық жердің 3 пайызын қамтиды.
Дегенмен, республикамызда қорықтар ұйымдастыру соңғы жылдары қолға алына бастады. Мәселен Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін Батыс Алтай мен Алакөл қорығының ұйымдастырылуы, сонымен қатар Алтынемел, Ордабасы, Қарқаралы, Іле Алатау, Қатонқарағай ұлттық парктерінің құрылуы осының айғағы екенін аңғартады. Қазақстан жеріндегі экожүйелердің антропогендік өзгерістері байырғы табиғатты пайдалану үрдістер мен тәжірибесін кеңінен ғылыми ізденістерді және арнайы жобалар енгізу ісін жеделдетуді талап етеді.
Аумақтағы ертеде қорғалатын аймақтардың болғандығын қазіргі кездесетін топонимдерден байқауға болады. Қорық - қоныс (2), тау атауы ҚХР – мен шекарада (Тарб. ауд.) , елді мекен, өзен атауы (Аягөз ауд.) Қалыбай және Ақтомар өзендерінің қиылысқан жерінде орналасқан және Сандықтас тауының онтүстік батыс бөлігіне жетпей құрғап қалады. Қорықшар – атауын (Жарма ауд.) Шар өзенінің маңында қорғауға алынған аумақ деп топшылауға болады. Сондықтан табиғат қорғаудың халықтық түрі қазақ жерінде әлдеқайда ертеде қалыптасқанын аңғаруға болады. Аңшылық кұрудың кезендері, уақыты, орманда аң аулаудың ережелері болған. Қазақ халқында табиғат оның нысандарын қорғау идеялары ертеден қалыптасып, ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып беріліп, экологиялық мәдениеттің қалыптасуына біршама ықпал етті.
Көшпенді елдің өмірінде, шаруашылығында табиғаттың тепе теңдігін сақтауға маңызды кеңес беретін салт дәстүрлері де қалыптасқан. Олар қыстаудан жайлауға көшу барысында төрт түлік малды өріске жайып бағуда ерекше бір жүйеге келтірілген тәртіп, реттілік сақтап отырған. Соның өзі қоршаған ортаға оның ішінде өсімдіктің көп түрлерін сақтау, топырақ эрозиясын болдырмау әрекетін қалыптастырады.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. «Экология және табиғатты қорғау» Алматы 2011ж.
2. Мемлекеттік құқық көздері.
3. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар Атамекен кітапшасы.
4. «Табиғи аумақтардың құқықтық режимі» Мейірбеков А.Қ
5. ҚРның жағрапиялық жағдайы инцеклопедия.
6. Атамекен 2009 ин.
7. Табиғатты пайдалану Е.М Үпішев.
8. Қоршаған ортаны қорғау С.Мұқаұлы.
9. Экологиялық кодекс 2007ж.
10. Н.Б.Мухитдинов, С.П.Мороз, Г.Б.Ахмеджанова (Қоршаған ортаны құқықтық қорғау);
11. Карабулова Р.К., Куставлетов С.М, Борчашвили (экологиялық құқықтық жауапкершілік).
12. Сапарғалиев.Ғ. "Мемлекет және құқық негіздері” Алматы 2000ж
13. ҚР Заңы. "Қоршаған ортаны қорғау” Алматы. 1998ж.
14. Қазақстан Республикасының азаматтық құқықғы, авторы – Ғазиз Төлеуғалиев, Алматы, 2001 жыл.
15. Құлпыбаев С., Ынтыкбаева С.Ж., Мельников В.Д. Қаржы: Оқулық / - Алматы. Экономика.

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .3
ҚАЗАҚСТАНДА ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АЙМАҚТАР
1.1Ерекше қорғалатын табиғи аймақтар. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .8
1.2Биосфералық қорық. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 9
1.3Ұлттық табиғи саябақтар, табиғи қорықшалар,табиғат ескерткіштері. . . . . 10
ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АЙМАҚТАРДЫҢ ЗАҢНАМАСЫ
2.1Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы ҚР заңнамасы. . . . . . . . 13
2.2Жеке және заңды тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аймақтар саласындағы құзыреті. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .14
2.3Табиғат қорғау мекемелерiнiң мемлекеттiк инспекторлары. . . . . . . . . . . . .16
ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАРДЫ КҮЗЕТУ ЖӘНЕ ҚОРҒАУ, ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАРДЫҢ КҮЗЕТ ҚЫЗМЕТI МЕМЛЕКЕТТIК ИНСПЕКТОРЛАРЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСI
3.1Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды күзету режимiнiң түрлерi. . . . . . . 19
3.2Табиғат қорғау мекемелерiнiң мемлекеттiк табиғи-қорық қорының табиғи кешендерi мен объектiлерiн қорғау. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 21
3.3Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .22
ҚОРЫТЫНДЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 24
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 26

КІРІСПЕ
Ландшафрды қорғаудың ең жоғарғы формасы - қорықтар ұйымдастыру болып табылады. Бүкіл дүниежүзілік тәжірибелерге сүйенсек жер шарының жекеленген елдерінде қорық ұымдастыру XIX ғасырдың басқы кездерінен бастап жүзеге аса бастағанын көрсетеді. Қазіргі уақытта жер шарында қорықтарға қарағанда ұлттық бақтардың саны әлдеқайда көп. Бұрынғы Кеңес үкіметінің жағдайына тоқталсақ, КСРО, қазіргі ТМД елдері бойынша 141 мемлекеттік қорық, 2700 қорыққор, 12 ұлттық парк, бірнеше мың табиғат ескерткіштері болған. Әрине, шет елдермен салыстырғанда бұл өте аз екенін ұмытпаумыз қажет. Біздің Елімізде қазіргі таңда 9 мемлекеттік қорық, 66 қорықор (оның 44 зоологиялық, 20 ботаникалық, 2 палеонтологиялық) 6 ұлттық парк (бақ) және 24-тен астам табиғат ескерткіштер бар. Әрине біздің аумақтың көлеміне шаққанда қорғалатын жерлер барлық жердің 3 пайызын қамтиды.
Дегенмен, республикамызда қорықтар ұйымдастыру соңғы жылдары қолға алына бастады. Мәселен Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін Батыс Алтай мен Алакөл қорығының ұйымдастырылуы, сонымен қатар Алтынемел, Ордабасы, Қарқаралы, Іле Алатау, Қатонқарағай ұлттық парктерінің құрылуы осының айғағы екенін аңғартады. Қазақстан жеріндегі экожүйелердің антропогендік өзгерістері байырғы табиғатты пайдалану үрдістер мен тәжірибесін кеңінен ғылыми ізденістерді және арнайы жобалар енгізу ісін жеделдетуді талап етеді.
Аумақтағы ертеде қорғалатын аймақтардың болғандығын қазіргі кездесетін топонимдерден байқауға болады. Қорық - қоныс (2), тау атауы ҚХР - мен шекарада (Тарб. ауд.) , елді мекен, өзен атауы (Аягөз ауд.) Қалыбай және Ақтомар өзендерінің қиылысқан жерінде орналасқан және Сандықтас тауының онтүстік батыс бөлігіне жетпей құрғап қалады. Қорықшар - атауын (Жарма ауд.) Шар өзенінің маңында қорғауға алынған аумақ деп топшылауға болады. Сондықтан табиғат қорғаудың халықтық түрі қазақ жерінде әлдеқайда ертеде қалыптасқанын аңғаруға болады. Аңшылық кұрудың кезендері, уақыты, орманда аң аулаудың ережелері болған. Қазақ халқында табиғат оның нысандарын қорғау идеялары ертеден қалыптасып, ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып беріліп, экологиялық мәдениеттің қалыптасуына біршама ықпал етті.
Көшпенді елдің өмірінде, шаруашылығында табиғаттың тепе теңдігін сақтауға маңызды кеңес беретін салт дәстүрлері де қалыптасқан. Олар қыстаудан жайлауға көшу барысында төрт түлік малды өріске жайып бағуда ерекше бір жүйеге келтірілген тәртіп, реттілік сақтап отырған. Соның өзі қоршаған ортаға оның ішінде өсімдіктің көп түрлерін сақтау, топырақ эрозиясын болдырмау әрекетін қалыптастырады.
Қазақтың жер шаруашылығын зерттеу, анықтау мәлімет жинау жұмыстарын жүргізген Ф. А. Шербинаның басқаруымен жинақталған 13 томнан тұратын ғылыми зерттеу еңбегінің маңыздылығын атап кету орынды. Экспедиция жұмысы барысында Ә.Бөкейхановтың қазақ қоғамындағы жүріп жатқан әр алуан өзгерістерді жетік білетіндегі айқындала түсті. Қазақтардың талай ғасырлық жинақталған тәжірибелерінің құпия сырларын зерделеп, ауыл шаруашылығының қазақи ұғымдарын тұнғыш рет ғылыми түсінікке еңгізіп, қыстау, жайлау, күзеу, шаңырақ меншігі, қой бөлік, ата бөлік тағы басқа қазақша төл ұғымдарымызды экономикалық категорияларға жіктеді. Қыстау маңындағы шөбі шүйгін жерлерді ауыл болып қорғаған сондықтан мұндай жерлер қорықтар деп аталып, әлсіз малдар үшін пайдаланған.
Ф. А. Шербина: әрбір рудың өздеріне тән жылдық әрбір мезгілдерінде қоныстайтын жекелеу жайылымдарын қой түлік, қой жаятын немесе ата түлік қор (ресурс) ретінде бағалап, шөп қорын, әртүрлі жағдайда қажеттілік үшін сақтаған деп жазады. Бұл жерден қорық сөзінің шығу тегі қоршалған жайылым, шабындықтар, аң аулайтын жерлерді қорғау әрекетінен туындаған деп топшылаймыз.
Сонымен жергілікті жердің ландшафт сипатын анықтайтын қорық сөзі, биогеноцездың қасиетті мен құрлысы жайында мол ақпарат береді деуге болады. Бір сөзбен айтқанда, қорық ұйымдастырылатын жердің табиғаты, сол аймақтың ландшафтылы географиялық белдеуінің үлгісі ретінде қорғалуы қажет. Қорықтарда тек саны азайып, жойылып кетуге жақын тұрған жануарлар мен сирек кездесетін өсімдіктер ғана қамқорлыққа алынып қоймай, сонымен қатар өлкеміздің көрікті табиғат ландшафтылары, жалпы табиғат кешендері сол қалпында сақталады.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін алғаш ашылған қорықтың (1992 ж.) жер көлемі 56,7 мын га, Қазақстандық Алтайдың Линей, Қалзың (Холзун), Көксу тау сілемдерін алып жатыр. Қорық аймағында Ақ және Қара Уба (Үбі) өзендері мен Кедрово және Щербакова көлдері, т.б. кішігірім су жүйелері бар. Қорық негізінен табиғат белдемдерінің тау етегінен бастап орманды дала, субальпі, альпі биіктігіндегі табиғаттың сан алуан тайгалы аралас ландшафттарын қорғауға бағытталған. Қорықта дәрілік (марал оты, алтын тамыр) өсімдіктермен қатар, орманның яғни қылқанжапырақты ағаштардың, көп түрі шоғырланған.
Туристерді ерекше қызықтыратын таза ауа, таулы ландшафт, көл, бұлақ, сарқырамалар, орман ландшафттары Қатонқарағай ұлттық саябағының келбетін қалыптастырады.
Аумақта Бұқтырма Ақ және Қара Берел өзендері, Язовое Рахман көлі, бұлағы, Көккөл құламасы, Өрел, Берел, Ақмарал (Парк) елді мекен атауларымен бірге көптеген микротопонимдер жүйесі бар. Ең көрнекті туристерді қызықтыратын жері - Рахман бұлағы емдік қасиеті мол ыстық су шығып жатқан табиғат сыйы. Антропомикрогидроним атауының өзіндік тарихы бар. осыдан 215 жылдай бұрын Рахманов атты аңшы биік тауда маралды атып жаралайды.
Ол екі күн жаралы аңның ізімен жүріп оның осы бұлақ басында екінші жұбымен аман-сау тұрғанын көріп таң қалады. Маралды атып өлтіріп, оның бірінші атқан оғы тиген аяғының жараланған терісі жіңішкеріп, жұқа қабықша болып жазылып жатқанының куәсі болады. Бұлақ суының емдік қасиеті бар екенін жобалап, оны сынап, зерттеп көргісі келеді. Бұлақ суына күніне үш рет шомылып, бір жұмада бірнеше жыл зардап шеккен құяң ауруынан құлан таза жазылады. Кейінірек бұлақ суы зерттеліп, оның басына емдік орындар салынып, рекреациялық аймақтарға айналады.
Су құрамында радон, күкірт, күкіртті сутегі, сульфат, сульфит, карбонат, нитрат тұзбасы бар екені анықталды. Бұлақ суы жүйке ауруларын емдеуге таптырмайтын емдік қасиеті бар киелі жер. 2002 жылы Қатонқарағай ұлттық саябағына АҚШ, Батыс Еуропа, Ресей елдерінен 569 турист келген. Қаракөл көлі маңынан туристік база құрылысы салына бастады.
Сондықтан табиғи ландшафтысын қорғау, ғылыми тәжірибелер және экологиялық мониторинг жүргізуде мол мүмкіндіктер бар деуге болады. Болашақта мәдени ағарту жұмыстарын ұйымдастыратын қорыққа айналатыны сөзсіз.
Қорықша (қорыққор) - табиғатты, оның өсімдіктер мен жануарлар дүниесін немесе табиғат кешенінің белгілі бөлігін қамқорлыққа алудың бір формасы ретінде қорғауға алынған аумақ және қорықтан айырмашылығы мұнда шаруашылық әрекеттер мен қорғау ісі бірге ұйымдастырыла береді.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы Қазақстан Республикасының заңында (ХІІ - тарау, 49-бап) мемлекеттік табиғи қорықшалар қорғалатын табиғат құрамбөліктеріне қарай: зоологиялық, ботаникалық, гидрологиялық, геологиялық, топырақты, ландшафты және кешенді болуы мүмкін-делінген.
Мемлекеттік табиғат ескерткіштері зоологиялық, ботаникалық, орман, дендрологиялық, гидрологиялық, геологиялық (палеонтологиялық), геоморфологиялық, топырақты, ландшафты және кешенді болуы мүмкін деген шешім жасалған.
Облыста қорық, ұлттық парктерден басқа, табиғи кешен компоненттерініңдегі өзгерістерді болдырмайтын арнайы қорғалатын аумақтар жұмыс істейді. Резерваттардың ұйымдастыру мақсаты мен ережелері қорықшыларға ұқсас. Табиғи ресурстардың қорғалуына байланысты және жүргізілген жұмыстың сипатына қарай бірнеше топқа бөлінеді.
Өсімдіктер мен жануарлардың жойылу қаупіндегі және сиреп кеткен кеткен түрлерін қорғау мақсатында құрылады
Қорғалатын табиғи аумақтарды өз ерекшеліктеріне қарай мәселесі КТА жүйесіне құрылымын сипаттайтына және ол өзінше қиын әрі қарама - қайшылы немесе даулы ғылыми - әдістемелік мәселе екендігі де шындық. Бұл мәселені жан-жақты қарастырып, тиімді шешу өз мезгіліндегі және дәл бағытталған жұмыс болары сөзсіз, әрі қорғалатын аумақтар жүйесін дамытуға мүмкіндік береді.
КТА жүйелерін құру қажеттілігі алғаш рет Н. Ф. Реймерс, Ф. Р. Штильмарк (1978), Ю. Б. Родоман (1981) және Ю. А. Исаковтардың (1983), Еуропа мен Балтық елдерінің ғалымдарының еңбектерінде мысалы, Латвия тәжірибесінде А. Ж. Меллуманы (1982), П.П.Каваляускас (Литва), ал Қазақстанда қорғалатын аумақтар жүйесі қандай ұстанымдарға сай келу қажеттілігі О.Т.Айдаровтың еңбектерінде алғаш рет (2006) қарастырылды.

ҚАЗАҚСТАНДА ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АЙМАҚТАР
1.1 Ерекше қорғалатын табиғи аймақтар
Биосферадағы экожүйелердің бастапқы қалпын сақтап калу және корғау тірі организмдердің сан алуан түрлілігін сақтау мәселелерімен тығыз байланысты.
Қазіргі кезде Жер шарында адамның аяғы тимеген және іс-әрекетінің әсеріне ұшырамаған алқаптар жоқтың қасы. Дегенмен де табиғаттың бастапқы табиғи қалпы сақталған немесе антропогендік факторлардың ықпалы онша байқала коймаған экожүйелердің біраз бөлігін табиғи эталон ретінде сақтап қалудың маңызы зор. Өйткені мұндай аумақтар антропогендік факторлар көбірек ықпал еткен аймақтармен салыстыру үшін қажет. Халықаралық қабылданған ережелерге сәйкес әрбір мемлекеттің жалпы жер аумағының 10%-ы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәртебесін алуы қажет.
Ерекше корғалатын табиғи аумақтарға биосфералық қорықтар, мемлекеттік табиғи қорықтар,мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар, қорықтық аймақтар, корықшалар және т.б. табиғи нысандар жатады. Соңғы деректер бойынша дүние жүзінің 100-ден астам ірі мемлекеттерінде 1000-нан астам ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ұйымдастырылған. Мұндай аумақтардың жалпы көлемі 230 млн га жерді алып жатыр. Бұл жер бетіндегі құрлықтың 1,6%-на тең.
Қазақстанда ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заң 1997 және 2006 жылдары қабылданды. Мұндай Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ұйымдастырылу мақсаттарына және табиғат корғау ережелеріне сәйкес бірнеше топқа бөлінеді.
1. Мемлекеттік ұлттық қорықтар.
2. Мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар.
3. Мемлекеттік табиғи резерваттар.
4. Мемлекеттік корықтың аймақтар.
5. Мемлекеттік табиғи қорықшалар.
6. Мемлекеттік табиғат ескерткіштері.
7. Мемлекеттік зоологиялық бақтар.
8. Мемлекеттік ботаникалық бақтар.
9. Мемлекеттік дендрологиялық бақтар және т.б.
1.2 Биосфералық қорық
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың соңғы кезде ұйымдастырылып жүрген түріне -- биосфералық қорықтар жатады. Биосфералық қорықтар дүние жүзіндегі кейбір ауқымды аймақтардың табиғатын қорғау және сақтап қалу мақсатында ұйымдастырылады. Онда табиғат қорғау шаралары халықаралық деңгейде жүргізіледі. Мұндай қорықтар табиғаты онша өзгеріске ұшырамаған экожүйелерде ұйымдастырылып, табиғатта үздіксіз болып жататын өзгерістерге бақылау жасалынып талданады. Биосфералық қорықтардың аумағы бірнеше белдемдерге (ішкі, шекаралық және шаруашылық) бөлініп, ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Қазір дүние жүзінде 350-ге жуық биосфералық қорық ұйымдастырылған Қазақстандағы Қорғалжын және Наурызым қорықтарына биосфералық қорық мәртебесі берілген.
Ақсу-Жабағылы, Алматы, Марқакөл және Батыс Алтай қорықтары таулы алқаптың табиғат байлығын қорғайды. Мысалы, Ақсу-Жабағылы қорығында сарыбауыр аяқсыз кесіртке, үнді жайрасы, Алматы қорығында орақтұмсық, ілбіс, т.б. қорғалады. Ал Алакөл қорығында қара мойнақ шағала, т.б. қорғауға алынған.
Мемлекеттік табиғи қорықтар.
Біздің елімізде ерекше корғалатын табиғи аумақтардың негізгі түрі -- мемлекеттік табиғи қорықтар. Қорықтар ғылыми мекемелер қатарына жатады. Қорық аумағында ешқандай шаруашылық жұмыстары жүргізілмейді, онда тек ғылыми-зерттеу жұмыстары ғана жүргізіледі. Сондықтан қорық аумағында жоғары білімі бар арнайы мамандар ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысады. Қазір Қазақстанда 10 мемлекеттік табиғи қорық бар. Қорық аумағындағы барлық табиғат байлықтары түгелдей катаң түрде қорғалады. Сонымен бірге қорықтар белгілі бір экожүйелерді қорғау мақсатында арнайы ландшафтыльщ аумақтарда ұйымдастырылады. Мысалы, шөлді, далалы, су-батпақты және т.б. экожүйелердің қорықтары деп бөлінеді.
Далалы аймақта ұйымдастырылған Наурызым, Үстірт және Барсакелмес қорықтары шөлді аймақтың табиғи бірлестіктерін қорғау мақсатында ұйымдастырылған. Бұл қорықта 1953 жылы Түрікменстаннан әкелініп құлан жерсіндірілді. Алтынемел ұлттық табиғи саябағында да жерсіндірілген. Ал Қорғалжын қорығы сулы-батпақты алкаптың табиғат байлығын қорғайды. Келешекте Торғай, Сарықопа жәнө Тарбағатай қорықтарын ұйымдастыру көзделуде.
1.3 Ұлттық табиғи саябақтар, табиғи қорықшалар,табиғат ескерткіштері.
Ұлттық табиғи саябақтарда табиғат қорғау жұмыстарымен бірге табиғат қорғауды насихаттау, экологиялық білім мен тәрбие беру, туризмді үгіттеу жұмыстары қоса жүргізіледі. Елімізде 10 ұлттық табиғи саябақ ұйымдастырылған. Ұлттық табиғи саябақтар көбіне табиғаттың көрікті жерлерінде ұйымдастырылып, шаруашылық жұмыстарды табиғат қорғау жұмыстарымен үйлесімді жүргізуге ерекше мән беріледі.
Елімізде соңғы жылдары Шарын (2004 ж.), Сайрам-Өгем (2006 ж.) және Көлсай көлдері (2007 ж.) ұлттық табиғи саябақтары ұйымдастырылды. Алдағы уақытта елімізде тағы да 5 ұлттық табиғи саябақ (Жоңғар Алатауы, Ақсу-Лепсі, Бұйратау, Зайсан, Ақжайлау) ұйымдастыру қарастырылуда.
Табиғи қорықшалар -- белгілі бір ерекше табиғи аумақтардағы барлық табиғат байлықтарын кешенді корғауға немесе өсімдіктер мен жануарлардың жеке түрлерін корғау мақсатында үйымдастырылады. Сондықтан қорықшалар кешенді, зоологиялық, ботаникалық, геологиялық және т. б. деп бөлінеді. Кейде қорықшалар уақытша (он не жиырма жыл мерзіміне) немесе тұрақты түрде ұйымдастырылады. Қорықшаларда табиғат корғау жұмыстары онша қатаң түрде жүргізілмейді және шаруашылық жұмыстардың жекеленген түрлеріне ғана тыйым салынады.
Табиғат ескерткіштері -- көбіне тарихи-табиғи және ғылыми мәні зор жеке табиғат нысандарын ғана (өсімдіктердің, жануарлардың жеке түрлері,үңгірлер, сарқырамалар және т.б.) қорғауды көздейді. Олардың ғылыми-танымдық мәніне ерекше көңіл бөлінеді. Елімізде республикалық мәні бар "Қаз қонақ" (Ертіс өзенінің жағалауында), "Шарын шаған тоғайы", "Шынтүрген шыршалары" (Алматы облысында) "Баум тоғайы" (Алматы қаласында) жәнө т.б. табиғат ескерткіштері бар.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жаңа түрі -- табиғи резерваттар. Елімізде Ертіс өзенінің алқабындағы реликті қарағайлы ормандарды қорғау мақсатында 2003 жылы "Ертіс орманы" және "Семей орманы" деген табиғи резерваттар ұйымдастырылды. Табиғи резерваттарда қорықтық белдем де, шаруашылық жүргізілетін алқаптар да бірге қорғалады. Табиғи резерваттарда, негізінен, биологиялық сан алуан түрлілікті сақтауға және оны қалпына келтіруге айрықша көңіл бөлінеді.
Алтын дала мемлекеттік табиғи резерват
2012-2013 жылдары 490 000 га жерге созылатын Алтын дала мемлекеттік табиғи резерват құрылысы жоспарлануда. Орталық Қазақстанда орналасатын аталмыш резерват үш кластерден тұрады - Сарыкопа көлдер жүйесі (қазіргі уақытты қаумал мәртебесіне ие), Тосынқұм және Ұлы-Жыланшық. Бұл аймақтар бірігіп үлкен ерекше қорғалатын табиғи аумақты құрайтын болады.
Алтын дала резератын құру 2008 жылы жоспарланған болатын, бірақ жериеленушілермен бірқатар мәселелер туған соң бұл жұмыс біршама уақытқа тоқтатылған. Бүгінгі таңда ҚБСА қажетті құжаттарды - жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерді дайындап болды.
Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерват
Резерват Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында орналасқан. Бүгінгі таңда резервать ауданы 764 мың га жерге тең. Алдағы уақытты резерват ауданын тағыда 400 мың га жерге ұлғайту жоспарланған. Нәтижесінде оның ауданы 1,15 млн. га болады. Осы аумақ үшін де ҚБСА жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерді дайындаған. Барлық негіздемелер Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығыжәне Қоршаған ортаны қорғау министрлігі мемлекеттік экспертиза тексеруіннен өтті.
Жоғарыда аталған резерваттар Алтын дала табиғатты қорғау бастамасының жобалық территориясына енеді. Бұл территорияда ҚБСА өзінің серіктестерімен жыл сайын авиаесеп, киік телеметриясын және басқа да жануарларды зерттеу мақсатында экспедициялар өткізеді.
Зерттеулер нәтижесінде алынған мағлұматтарға сүйене отырып, Алтын дала резеватын құру және Ырғыз-Торғай резерватын кеңейту туралы шешім қабылданған.

ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АЙМАҚТАРДЫҢ ЗАҢНАМАСЫ
2.1 Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы ҚР заңнамасы
1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерi саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
2. Ерекше қорғалатын табиғи ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ерекеше қорғалатын табиғи обьектілердің құқықтыұ режимі
Табиғатты қорғау іс-әрекетінің заң шығарушы және нормативті құқықтық базасы. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы ҚР заңы
Ерекеше қорғалатын табиғи обьектілердің құқықтыұ режимі туралы
ҚР экология құқығы пәнінен лекция сабақтарының мазмұны
Жайылым - ауыл шаруашылығы жануарларын жыл бойы немесе маусымдық жаю үшін берілетін және пайдаланылатын жер учаскелері
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда дамытуға қолайлы туризм түрі
Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі
Экологиялық құқық пәнінен дәрістер
Қазақстанда ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдардың қалыптасуы мен даму тарихы
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар
Пәндер