«Жануарлар әлемін пайдалану мен қорғаудың құқықтық режимі»
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3
1. ЖАНУАРЛАР ӘЛЕМІН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕЖИМІ
1.1 Жануарлар дүниесін құқықты қорғау . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 5
1.2 Жануарлар дүниесін пайдалану мен қорғаудың құқықтық режимінің түсінігі және жалпы сипаттамасы. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 9
2. ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІН ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ.
2.1 Жануарлар дүниесін ұйымды пайдалану мен қорғауды қамтамасыз ететің мемлекеттік.құқықтық механизмі. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 11
2.2 Жануарлар дүниесін пайдаланудың түрлері. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 16
3. БАЛЫҚ АУЛАУ МЕН АҢ АУЛАУДЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ
3.1 Балық аулау мен балық шаруашылығын ұйымдастыру және жүргізуді құқықтық реттеу.. . . . . . . . . . . . . .. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 20
3.2 Аң аулау және аң аулау шаруашылығын құқықтық реттеу. . . . . . . . . . . . . 29
ҚОРЫТЫНДЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 31
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 33

Кіріспе
Жануарлар әлемі қоршаған ортаның құрамдас бөлігі ретінде қоршаған ортаның басқа бөліктерімен тұрақты экологиялық байланыстағы және табиғи бостандықтағы жер бетіндегі және судағы жануарларды қамтиды. Жануарлар дүниесі ұғымы дегеніміз жер қыртысында табиғи еркін жағдайда тұрақты немесе уақытша мекендейтін барлық жабайы жануарлар (сүт қоректілер, құстар, бауырмен жорғалаушылар, қосмекенділер, балықтар, ұлутектілер (молюскалар), насекомдар) жатады.
Жануарлар дүниесі құқықтық қорғау, өсімін молайту және пайдалану құқықтық ережелері – жануарлар тобын қорғау және пайдалану деген сөз. Осы саладағы барлық қатынастардың реттелуі мемлекеттік шаралар құқықтық сипатқа ие.
Жануарлар дүниесін қорғау мен олардың өсімін молайту, пайдалану ережелері, жануарлар дүниесінің өсіп-өну үрдісін өсімін қорғау, табиғи жағдай жасау, олардың табиғи ортасына қол сұқпау саласындағы қатынастары Қазақстан Республикасының тиісті заңдарымен реттеледі.
Біздің елімізде табиғатты қорғау және оның байлықтарын ұтымды пайдалану қоғамның дамуының конституциялық қағидаларына енгізілген, ол әрбір адамның парызы ретінде жалпы мемлекеттік, жалпы халықтық міндет болып табылады.
Экологиялық құқық – бұл осы кезең мен болашақтың адамдардың мүдделері үшін қоғам мен табиғат аясындағы қарым-қатынасқа байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін жаңа құқық салаларының бірі болып табылады. «Экология» - бұл біздің жалпы және жалғыз үйіміз – «жер» туралы ғылым.
Курстық жұмыстың мақсаты: жануарлар әлемін пайдаланудың шегін зерттеп, жалпы мағлұмат беру. Жануарлар әлеміне зиян келтірген үшін жауапкершіліктерді қарастыру.
Зерттеу мақсатына жету үшін курстық жұмыстың құрылымы мен зерттеу логикасын анықтайтын мынадай міндеттер қойылған: жалпы жануарлар әлемін пайдалануға түсінік бере отырып, оның қағидаларына талдау жасау.
Курстық жұмыстың зерттеу обьектісі: жануарлар дүниесі құқықтық қорғау, өсімін молайту және пайдалану құқықтық ережелері – жануарлар тобын қорғау және пайдалану деген сөз. Осы саладағы барлық қатынастардың реттелуі мемлекеттік шаралар құқықтық сипатқа ие.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Е.Мамбетказиев. қ.Сыбанбеков. Табиғат қорғау. Оқу құралы. Алматы қайнар.1990ж.
А.К.Бродский. Жалпы экологияның қысқаша курсы. Оқу құралы. Алматы, ғылым.1997ж.
3. Жамалбеков Е. ү., Білдебаев Р. М. Жалпы топырақтану және топырақ географиясы мен экологиясы. А. қазақ университеті 2001 ж.
4.А.Б.Бигалиев, Е.У.Джамалбеков. қазақстан топырақ экологиясы. Алматы. 1998ж.
5.Г.К. Сагимбаев. Экология и экономика. Алматы. 1997ж.
6.И.А.Шилов. Экология. Москва. Высшая школа. 2000ж.
7. А.А.Грелова. Экология. Москва. 1997ж.
8.В.И.Фурсов.Экологические проблемы окружающей среды. Алматы. 1991ж.
9.Ю.М.Одум. Экология в 2-х томах. Москва. Мир, 1986ж.
10.В.А.Радкевич. Экология. Минск. Высшая школа.1997ж.
11. А.В.Чигаркин. Геоэкология Казақстан. Алматы. Санат. 1995ж.
12.А.С.Бейсенова, Ж.Б.Шілдебаева, Г.З.Сауытбаева, Экология. Алматы. ғылым. 2001ж.
13. А.К.Саданов, З.С.Сванбаева. Экология. Алматы.1999ж.
14. В.А.Алексеенко. Экологическая геохимия. Учебник. М. Логос. 2000ж.
15. Ф.И.Гиренок. Экология. Цивилизация. Ноосфера. М. 1987ж.
16.М.И.Будько. Глобальная экология. М. Мисль. 1997ж.
17.Л. А.Муравей. Экология и безопасность жизнедеятельности. М. ЮНИТИ, 2000ж.
18.Э.В. Гирусов. Экология и экономика природопользования. М. ЮНИТИ, 1998ж.
19. Г.С.Оспанова, Г.Т. Бозшатаева.Экология.Алматы .Экономика.2002ж.
20. Стамқұлұлы.Ә “ҚР Экология құқығы” Алматы Жеті жарғы 1995ж.
21. ҚР Конституциясы. 1995ж. 30 тамыз.
22. Чусев Р.К - “Экологические право” Москва. 2000ж.
23. ҚР мемлекетімен құқығының негіздері. Баянов.Е Алматы 2003ж.
24. «Международные эколого-правовое сотрудничество» Алматы. Дәнекер 2001ж.
25. Сапарғалиев.Ғ. “Мемлекет және құқық негіздері” Алматы 2000ж.

Пән: Экология, Қоршаған ортаны қорғау
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3
1. ЖАНУАРЛАР ӘЛЕМІН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕЖИМІ
1.1 Жануарлар дүниесін құқықты қорғау . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 5
1.2 Жануарлар дүниесін пайдалану мен қорғаудың құқықтық режимінің түсінігі және жалпы сипаттамасы. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 9
2. ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІН ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ.
2.1 Жануарлар дүниесін ұйымды пайдалану мен қорғауды қамтамасыз ететің мемлекеттік-құқықтық механизмі. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 11
2.2 Жануарлар дүниесін пайдаланудың түрлері. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 16
3. БАЛЫҚ АУЛАУ МЕН АҢ АУЛАУДЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ
3.1 Балық аулау мен балық шаруашылығын ұйымдастыру және жүргізуді құқықтық реттеу.. . . . . . . . . . . . . .. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 20
3.2 Аң аулау және аң аулау шаруашылығын құқықтық реттеу. . . . . . . . . . . . . 29
ҚОРЫТЫНДЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 31
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 33
Кіріспе
Жануарлар әлемі қоршаған ортаның құрамдас бөлігі ретінде қоршаған ортаның басқа бөліктерімен тұрақты экологиялық байланыстағы және табиғи бостандықтағы жер бетіндегі және судағы жануарларды қамтиды. Жануарлар дүниесі ұғымы дегеніміз жер қыртысында табиғи еркін жағдайда тұрақты немесе уақытша мекендейтін барлық жабайы жануарлар (сүт қоректілер, құстар, бауырмен жорғалаушылар, қосмекенділер, балықтар, ұлутектілер (молюскалар), насекомдар) жатады.
Жануарлар дүниесі құқықтық қорғау, өсімін молайту және пайдалану құқықтық ережелері - жануарлар тобын қорғау және пайдалану деген сөз. Осы саладағы барлық қатынастардың реттелуі мемлекеттік шаралар құқықтық сипатқа ие.
Жануарлар дүниесін қорғау мен олардың өсімін молайту, пайдалану ережелері, жануарлар дүниесінің өсіп-өну үрдісін өсімін қорғау, табиғи жағдай жасау, олардың табиғи ортасына қол сұқпау саласындағы қатынастары Қазақстан Республикасының тиісті заңдарымен реттеледі.
Біздің елімізде табиғатты қорғау және оның байлықтарын ұтымды пайдалану қоғамның дамуының конституциялық қағидаларына енгізілген, ол әрбір адамның парызы ретінде жалпы мемлекеттік, жалпы халықтық міндет болып табылады.
Экологиялық құқық - бұл осы кезең мен болашақтың адамдардың мүдделері үшін қоғам мен табиғат аясындағы қарым-қатынасқа байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін жаңа құқық салаларының бірі болып табылады. Экология - бұл біздің жалпы және жалғыз үйіміз - жер туралы ғылым.
Курстық жұмыстың мақсаты: жануарлар әлемін пайдаланудың шегін зерттеп, жалпы мағлұмат беру. Жануарлар әлеміне зиян келтірген үшін жауапкершіліктерді қарастыру.
Зерттеу мақсатына жету үшін курстық жұмыстың құрылымы мен зерттеу логикасын анықтайтын мынадай міндеттер қойылған: жалпы жануарлар әлемін пайдалануға түсінік бере отырып, оның қағидаларына талдау жасау.
Курстық жұмыстың зерттеу обьектісі: жануарлар дүниесі құқықтық қорғау, өсімін молайту және пайдалану құқықтық ережелері - жануарлар тобын қорғау және пайдалану деген сөз. Осы саладағы барлық қатынастардың реттелуі мемлекеттік шаралар құқықтық сипатқа ие.
Курстық жұмыстың зерттеу пәні: экологиялық құқық - бұл осы кезең мен болашақтың адамдардың мүдделері үшін қоғам мен табиғат аясындағы қарым-қатынасқа байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін жаңа құқық салаларының бірі болып табылады. Экология - бұл біздің жалпы және жалғыз үйіміз - жер туралы ғылым.

1.1 Жануарлар дүниесін құқықты қорғау
Жануарлар дүниесін, әсіресе балық пен теңіз жануарларын қорғау мемлекет Заңдарына, халықаралық шарттар мен конвенцияларға сәйкес жүргізіледі.
Халықаралық шарттарда аулау тәртібі, теңіздерді ластаудан сақтау жолдары, балықты және теңіз жануарларын аулау мөлшері (квотасы), уақыты, ау торының кеңдігі, тағы басқа да шаралар көрсетіледі.
Мемлекетаралық 150-ден астам шарттар мен конвенцияларға қол қойылды. 1946 жылы келісілген халықаралық конвенция кит аулау жөнінде арнаулы комиссия құрылып, ауланатын киттердің түрі, аулауға рұқсат етілген теңіз алқаптары, аулау уақыты мен мөлшері (квотасы) бекітілді.
1974 жылы Балтық теңізі жағасындағы 7 мемлекет жануарларды қорғау жөніндегі конвенцияға қол қойылды.
Жапония мен Ресей - корольдік шаянды, АҚШ, Канада. Жапония мен Ресей - Тынық мұхиттың Солтүстік жағасындағы котиктерді қорғау туралы шарт жасасты.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1993 жылы қазан айында Қазақстан республикасының Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы Заңын қабылдады.
Онда Қазақстанның жануарлар дүниесі мемлекеттік меншік деп жарияланып, республика халқының игілігінде болатыны көрсетілген.
Заң жабайы жануарларды пайдалану және қорғау жөніндегі қоғамдық арақатынасты реттеуді көздеп, олардың ұстауға, қамауға, табиғи бірлестігін бұзуға жол бермей, ұтымды пайдаланып, заңдылықты қатаң сақтауды талап етеді.
Кәсіпорындар, ұжымдар, мекемелер, жеке азаматтар жануарлар дүниесі мен олардың өмір сүретін ортасына зияндарын тигізбес үшін мыналарды қамтамасыз етулері керек:
- жануарлардың барлық түрлерін табиғи бостандығынан (ұстамай) айырмау ;
- жануарлардың өмір сүретін ортасын, өсіп-өну жағдайын, жүретін жолдарын қалыптасқан қалпында сақтау;
- жануарлардың табиғи топтастығын бұзбай сақтау;
- жануарлардың өсіп-өнуі, оларды ұтымды пайдалану мәселелерін ғылыми негізде жүргізу;
- адамдардың денсаулығына, халық шаруашылығы мүддесіне зиян келмеуін көздеп жануарлардың санын реттеу.
Заңда жануарларды мынадай қажетке пайдалану көзделген:
- аң аулау;
- балық ұстау;
- ауланбайтын аңдар мен балықтарды ұстау;
- жануарлар дүниесін ғылыми зерттеулерге, мәдениет пен тәрбие, оқыту - үйрету қажеттеріне пайдалану;
- жануарларды олардан өнім алу үшін пайдалану;
- жануарлардың пайдалы қасиеттерін (топырақты қопсыту, табиғи ортаны тазарту, өсімдіктерді тозаңдату үшін т.б) пайдалану.
Жануарлар дүниесін қорғау үшін мынадай шаралар алынады:
- жануарларды қорғау, ұтымды пайдалану, өсіру, өндіру ережелері мен нормаларын бекіту;
- жануарлар дүниесін пайдалануға тыйым салу немесе кештеулерді белгілеу;
- өндірістік жұмыстар жүргізгенде жануарлардың өсуіне, қырылуына жол бермеу;
- қорықтар, басқа да ерекше қозғалатын территориялар ашу;
- сирек кездесетін, жойылу қаупі төнген жануарларды қолдан өсіріп көбейту;
- жануарларды зоологиялық парктерде, бұрыштарда, музейлерде көрсету үшін ұстауды азайту;
- адамдарды жануарлар дүниесіне аяныш,адамгершілік көз қарасқа тәрбиелеу;
- жануарлар дүниесін қорғау мәселелерін үнемі ақпарат құралдары арқылы насихаттап отыру.
Жаңа елді - мекен, кәсіпорын, басқа да құрылыстар салғанда жануарлар өмір сүруіне қажетті жерлеріне қол тигізбей, сол қалпында сақтау қажет.
Темір, тас жолдар, құбырлар салғанда, электр тоғы жүретін сымдар тартқанда, канал, су қоймаларын қазып, бөгеттер жасағанда жануарлардың дағдалы жүретін жолдарын бұзбай, сол қалпында қалдыру қажет.
Жаңа салынатын кәсіпорындар мен құрылыстар жануарлардың өмір сүру ортасына, өсіп -- өнуіне, жүретін жолына зиянды болса ондай құрылыстарды жүргізуге тыйым салынады. Ондай құрылыстарды салу, уытты химикаттар мен минералды тыңайтқыштар қолдану үшін жануарлар дүниесін қорғайтын келісімін алу керек.
Заңда төмендегі жат әрекет қылмыстар үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік белгіленген:
- пайдалануға берілген жануарларды рұқсатсыз басқаға беріп мемлекеттік меншік құқығын бұзғаны үшін;
- жануарлар өмір сүретін орта және жүретін жолдары туралы ережені бұзғаны үшін;
- аң аулау және балық ұстау ережелерін бұзғаны үшін;
жануарларды рұқсатсыз көшіргені, басқа климатқа үйреткені және будандастырғаны үшін;
- уытты химикаттар мен минералды тыңайтқыштарды қолдану ережесін бұзып, жануарлар дүниесіне зиян тигізгені үшін;
- зоология парктеріндегі, бұрыштарындағы, музейлеріндегі немесе жабайы жануарларды ұстап шетелдерге алып кету немесе беріп жіберу ережелерін бұзғаны үшін.
Кәсіпорындар, мекемелер, жеке азаматтар ережелерді бұзып, жануарлар дүниесіне тигізген зиянының орнын толтыруға, ол үшін жұмсалған шығынды қайтаруға міндетті,
Жануарлар дүниесіне келтірілген шыған, зиян - залалдарды өтеуде Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 26 наурыздағы № 281 қаулысының рөлі зор.
Онда бізде аз кездесетін, қырылып-жойылып кету қауіпі төнген жабайы аңдар, құстар, балықтар, тағы басқа да жануарлар дүниесінің өкілдері - түрлерінің тізбесі мен оларға келтірілген залалдарды өтеу мол жерлері нақтылы түрде берілген. Сондықтан да аталған өкімет қаулысының жануарлар дүниесін қорғай, көбейтуге тиетін, келтіретін ықпалы мол. Алдағы міндет - сол қаулыны барлық жерде біркелкі, бұлжытпай қолдану керек.
Сирек кездесетін немесе жойылу қаупі төнген жануарлар, құстар мен балықтар түрлері халықаралық табиғат қорғау Одағының (МСОП) қызыл кітабына жазылған.
Қазақстанда осындай Қызыл кітап 1978 жылы жарық көрді. Онда жойылу қаупі төнген омыртқалы жануарлардың 18 түрі енген, олардың 7 - сүтқоректілер,8 - құстар, 3 - балық.
Олар: Жұпар тышқан, құндыз, қарақал, барыс, гепард, құлан, қарақұйрық, қызыл жемсау қараша көз, алтай улары, ақтырна, жорға дуадақ, орақтұмсық, жұқа тұмсық жылқышы, реликт шағала, сақалта, сыр-дария тасбекіресі, арал албырты, шортан тәрізді ақ марқа.
Мұнан басқа Қызыл кітапта Сирек кездесетін жануарлардың 69 түрі бар.
Қазақстан Республикасында жануарлар дүниесін қорғау, пайдалану және өніп -- өсу туралы Заңның орындалуын Республиканың экология және биоресурстар министрлігі бақылайды. Оның құрамында реттеу жөнінде, аң аулау мен қорықтар жөнінде бас басқармалар құрылған. Олар жануарларды қорғау мәселесімен қатар, аң аулау, балық ұстау мөлшерін, мерзімдерін белгілейді, заңды бұзушыларды ұстап, қылмыстары жөнінде тиісті құжаттар жасап құқық қорғау орындарына тапсырады.
1.2 Жануарлар дүниесін пайдалану мен қорғаудың құқықтық режимінің түсінігі және жалпы сипаттамасы
Құқықтық қорғау - бұл жануарлар әлемін қорғаудағы міндеттемелерді орындаудың бір әдісі, құқықтық нормаларды қолдану мен шығарудың еркін білдіру, тұтастығын сақтауға бағытталады, жануарлар қауымының табиғи көп түрлілігі, оларды тиімді пайдалану мен ұдайы өндіру болып табылады.
Жануарлар әлемі қоршаған ортаның құрамдас бөлігі ретінде қоршаған ортаның басқа бөліктерімен тұрақты экологиялық байланыстағы және табиғи бостандықтағы жер бетіндегі және судағы жануарларды қамтиды. Жануарлар дүниесі ұғымы дегеніміз жер қыртысында табиғи еркін жағдайда тұрақты немесе уақытша мекендейтін барлық жабайы жануарлар (сүт қоректілер, құстар, бауырмен жорғалаушылар, қос мекенділер, балықтар, ұлу тектілер (молюскалар), насекомдар) жатады.

Біздің елімізде табиғатты қорғау және оның байлықтарын ұтымды пайдалану қоғамның дамуының конституциялық қағидаларына енгізілген, ол әрбір адамның парызы ретінде жалпы мемлекеттік, жалпыхалықтық міндет болып табылады.

Экожүйенің маңызды қасиеттер:
1) Тұйықтығы, экологиялық жүйенің өз алдына қызмет етуі. Экологиялық жүйенің тұйықтығы барлық азаматтар мен ұйымдардың әрекеттерін табиғатпен байланыссыз болса да, экологиялық нәтижелерін ескеруді міндеттейді;
2) Табиғи компоненттерді құруға әкелетін экологиялық жүйедегі өзара байланыс. Ол жер, су, орман және өзге де табиғи объектілерді атмосфералық ауамен байланыстырады. Ол табиғи объектілер қызметін жүзеге асыруға көмектеседі және мұндай қызмет процесінде өзі де өзгереді.
3) Био өнімділік. Экожүйесінің өз өндірісінде жердің әртүрлі құқықтық статусын анықтайтын қызметтерді орындауға көмектеседі. Құнарлылығы жоғары жерлер біріншіден, ауыл шаруашылық мұқтаждықтарына беріледі ,ал өз өнімді жерлер басқа мақсатқа беріледі.
Экожүйесінің өзінің ұдайы өндірісі - ол өзінің реттеу қабілеттілігі. Берілген белгілер экожүйе түсінігін анықтауға мүмкіндік береді.
Экологиялық жүйе - құрамдас компоненттерінің өзара байланысының жабық жүйесі бар, оған тұрақтылық, белгілі биожүйелермен өзара байланысқан қоршаған ортаның табиғи саласы. Қоршаған ортаны пайдалану және қорғау аясындағы заң шығарушылықтың негізгі міндеттерінің біріне адамның денсаулығын қорғау, оның өмір сүруін, жұмыс істеуін, толық демалуын қамтамасыз етуге бағытталған шараларды іске асыру. Осы мақсаттарда қаладағы және басқа елді мекенде, демалыс орындарында, емдеу орындарында қоршаған ортаны қорғауды жүзеге асырады.
2. ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІН ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІҢДЕТТЕРІ.
2.1 Жануарлар дүниесін ұиымды пайдалану мен қорғауды қамтамасыз ететін мемлекеттік-құқықтық механизмі
Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласын мемлекеттiк басқарудың негiзгi принциптерi:
1) жануарлар дүниесiнiң қорғалуын, өсiмiн молайтуды және орнықты пайдаланылуын қамтамасыз ету;
2) жануарлар дүниесiн iзгiлiк принциптерiне сәйкес жануарларға қатал қарауға жол бермейтiн тәсiлдермен пайдалану;
3) жануарлар дүниесiнiң пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру жөнiндегi қызметтiң жануарлар дүниесi объектiлерiн пайдалану жөнiндегi қызметпен қоса атқарылуына жол бермеу;
4) жануарлар дүниесiн пайдалану құқығын жердi, суларды, өсiмдiк дүниесiн және басқа табиғи ресурстарды пайдалану құқығынан бөлу;
5) жануарлар дүниесiн арнайы пайдаланудың ақылы болуы;
6) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңдарын бұзғаны үшiн жауапкершiлiктен бұлтартпау;
7) азаматтар мен қоғамдық бiрлестiктердiң жануарлар дүниесi объектiлерiн қорғау, өсiмiн молайту және орнықты пайдалану саласындағы мiндеттердi шешуге қатысуы болып табылады.
Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк басқарудың ерекшелiктерi.
Балық ресурстарының және басқа су жануарларының пайдаланылуын мемлекеттiк есепке алу, кадастры, мониторингi және бақылау, сондай-ақ олардың зерттелуi, қорғалуы мен өсiмiн молайту мемлекеттiк басқарудың бiртұтас жүйесiн құрайды және балық шаруашылығы су тоғандарында (учаскелерiнде) бассейндiк принцип бойынша жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы құзыретi.
Қазақстан Республикасының Үкiметi:
1) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi және iске асырылуын қамтамасыз етедi;
2) жануарлар дүниесiн иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығын жүзеге асырады;
3) уәкiлеттi органның және жергiлiктi атқарушы органдардың жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану мәселелерi жөнiндегi қызметiне басшылық жасауды жүзеге асырады;
4) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөнiндегi мемлекеттiк бағдарламаларды әзiрлейдi;
5) уәкiлеттi органды белгiлейдi;
6) Құрып кету қауіпi төнген жабайы фауна мен флора түрлерiмен халықаралық сауда туралы конвенция бойынша мiндеттемелердiң орындалуын ұйымдастыру үшiн әкiмшiлiк органды (бұдан әрi - әкiмшiлiк орган) белгiлейдi;
7) жануарлар дүниесi объектiлерiн алып қоюға арналған лимиттердi бекiтедi;
8) халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының (учаскелерiнiң) тiзбесiн бекiтедi;
9) аң аулау, балық аулау ережелерiн бекiтедi;
10) аңшылық шаруашылығын жүргiзу ережелерiн және балық шаруашылығын жүргiзу ережелерiн бекiтедi;
11) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңдарын бұзудан келтiрiлген зиянды өтеу мөлшерiн бекiтедi;
12) Қазақстан Республикасының қызыл кiтабы туралы ереженi бекiтедi;
13) сирек кездесетiн және құрып кету қауіпi төнген жануарлар түрлерiнiң тiзбесiн бекiтедi;
14) сирек кездесетiн және құрып кету қауіпi төнген жануарлар түрлерiн ғылыми-зерттеу және өзге де мақсаттарда алып қою үшiн төлемақы белгiлейдi;
15) жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсат беру ережелерiн бекiтедi;
16) жануарлар дүниесi объектiлерiн пайдалануға шектеулер мен тыйым салуларды белгiлеу ережелерiн бекiтедi;
17) жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қауіпi төнген түрлерiнiң санаттарын белгiлейдi және оларды басқа санаттарға ауыстырады;
18) жануарлар дүниесiн мемлекеттiк есепке алуды, оның мемлекеттiк кадастры мен мониторингiн жүргiзудiң тәртiбiн белгiлейдi;
19) зоологиялық коллекциялар жинау мен мемлекеттiк есепке алу ережелерiн бекiтедi;
20) аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерiн) бекiтiп беру жөнiндегi конкурс өткiзу ережелерiн және конкурсқа қатысушыларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiтедi;
21) аң аулау және балық аулау объектiлерi болып табылатын жануарлардың құнды түрлерiнiң тiзбесiн бекiтедi;
22) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы нормативтердi бекiтедi;
23) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi және аумақтық органдардың лауазымды адамдарының, сондай-ақ жануарлар дүниесiн қорғауды тiкелей жүзеге асыратын мемлекеттiк мекемелер мен ұйымдардың нысанды киiм (погонсыз) киюге құқығы бар қызметкерлерiнiң тiзбесiн бекiтедi;
24) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады.
Уәкiлеттi орган:
1) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асырады;
2) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөнiндегi салалық (секторлық) бағдарламаларды әзiрлейдi;
3) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;
4) бекiтiлген лимиттер негізiнде жануарлар дүниесi объектiлерiн алып қоюға арналған квоталарды бөледi;
5) аңшы куәлiгiн берудiң тәртiбiн белгiлейдi;
6) аңшылық шаруашылықтарының санаттарын белгiлейдi;
7) жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсаттар бередi;
8) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы нормативтердi әзiрлейдi;
9) жануарлар дүниесiн мемлекеттiк есепке алуды, оның мемлекеттiк кадастры мен мониторингiн жүргiзедi;
10) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы ғылыми зерттеулер мен жобалау-iздену жұмыстарын жүргiзудi ұйымдастырады;
11) Қазақстан Республикасының қызыл кiтабын жүргiзедi және басып шығаруды қамтамасыз етедi;
12) сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген санаттарға жатқызуды қоспағанда, жануарлар түрлерiнiң санаттарын белгiлейдi және оларды бiр санаттан екiншiсiне ауыстырады;
13) жануарлар дүниесiнiң объектiлерiн, олардың бөлiктерi мен туынды түрлерiн, оның iшiнде сирек кездесетiн және құрып кету қауіпi төнген санаттарға жатқызылған жануарлар түрлерiн әкелуге және әкетуге Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен рұқсаттар бередi;
14) жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн биологиялық негiздеме дайындаудың тәртiбiн белгiлейдi;
15) жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлемақы ставкаларын және Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңдарын бұзудан келтiрiлген зиянды өтеу мөлшерiн белгiлеудiң әдiстемесiн әзiрлейдi және бекiтедi;
16) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды;
17) жануарлар дүниесi объектiлерiн пайдалануға шектеулер мен тыйым салулар енгiзедi;
18) сирек кездесетiн және құрып кету қауіпi төнген жануарлар түрлерiн жасанды түрде өсiру жөнiндегi қызметтi ұйымдастырады;
19) аңшылық алқаптары мен балық шаруашылығы су тоғандарының (учаскелерiнiң) резервтiк қорында жануарлар дүниесiн қорғауды, өсiмiн молайтуды және мемлекеттiк есепке алуды ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
20) жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспектор актiлерiнiң нысандарын, оларды толтыру мен берудiң тәртiбiн бекiтедi;
21) аңшылық шаруашылығы және балық шаруашылығы ұйымдарының қорықшылық қызмет туралы үлгi ережесiн бекiтедi;
22) жолдаманың үлгi нысанын бекiтедi;
23) жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлардың арнайы құралдарды қолдану ережелерiн бекiтедi;
24) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi және аумақтық органдардың лауазымды адамдарының, сондай-ақ жануарлар дүниесiн қорғауды тiкелей жүзеге асыратын мемлекеттiк мекемелер мен ұйымдар қызметкерлерiнiң нысанды киiмiнiң (погонсыз) Үлгiлерiн, кию тәртiбiн және онымен қамтамасыз ету нормаларын бекiтедi;
25) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады.
Аумақтық органдар өз қызметiн уәкiлеттi орган белгiлеген құзыретi шегiнде жүзеге асырады.
Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарының құзыретi.
Қазақстан Республикасының жергiлiктi өкiлдi органдары:
1) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөнiндегi өңiрлiк бағдарламаларды бекiтедi;
2) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану мәселелерi бойынша жергiлiктi атқарушы органдар басшыларының есептерiн қарайды.
Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдары:
1) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөнiндегi өңiрлiк бағдарламаларды әзiрлейдi және олардың iске асырылуын қамтамасыз етедi;
2) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөнiндегi ведомстволық бағыныстағы органдар мен ұйымдардың қызметiн үйлестiру мен бақылауды жүзеге асырады;
3) жергiлiктi маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының тiзбесiн бекiтедi;
4) жануарлар дүниесiн пайдаланушыларға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерiн) бекiтiп беру жөнiнде шешiмдер қабылдайды.
2.2 Жануарлар дүниесін пайдаланудың түрлері
Жануарлар дүниесiн пайдалану жалпы және арнайы пайдалану тәртiбiмен жүзеге асырылады.
Жануарлар дүниесiнiң объектiлерi Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес пайдалануға берiледi.
Жануарлар дүниесiн арнайы пайдалануға жануарлар дүниесi объектiлерiн және олардың тiршiлiк ету өнiмдерiн мекендейтiн ортасынан алу арқылы пайдалану жатады.
Жануарлар дүниесiн жалпы пайдалануға жануарлар дүниесi объектiлерiн, сондай-ақ олардың пайдалы қасиеттерiн мекендейтiн ортасынан алмай пайдалану жатады.
Жануарлар дүниесiн мемлекеттiк орман қорының аумағында және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда пайдалану Қазақстан Республикасының орман заңдары мен Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдарының талаптары ескерiле отырып жүзеге асырылады.
Жануарлар дүниесi объектiлерiн биологиялық қару ретiнде пайдалануға тыйым салынады.
Жануарлар дүниесiн пайдаланудың түрлерi.
Қазақстан Республикасының аумағында жануарлар дүниесiн пайдаланудың мынадай түрлерiне жол берiледi:
1) аң аулау;
2) судағы омыртқасыз жануарлар мен теңiз сүтқоректiлерiн қоса алғанда, балық аулау;
3) аң аулау мен балық аулау объектiлерiне жатпайтын жануарларды шаруашылық мақсаттарда пайдалану;
4) жануарларды ғылыми, мәдени-ағарту, тәрбиелiк және эстетикалық мақсаттарда пайдалану;
5) жануарлардың пайдалы қасиеттерiн және тiршiлiк ету өнiмдерiн пайдалану.
Жануарлар дүниесiн арнайы пайдалану үшiн:
1) аңшылық және (немесе) балық шаруашылығын жүргiзу кезiнде - биологиялық-экономикалық тексерудiң, аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерiн) бекiтiп беруге арналған конкурсқа қатысушыларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарының, аңшылық шаруашылығы және балық шаруашылығы ұйымдарын дамыту жоспарларының негiзiнде конкурстық комиссия айқындайтын аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерiн) бекiтiп беру кезеңiне қарай он жылдан қырық тоғыз жылға дейiнгi;
2) қалған түрлерiне - бiр жылдан аспайтын мерзiмдер белгiленедi.
Жануарлар дүниесiн жалпы пайдалану үшiн пайдалану мерзiмдерi белгiленбейдi.
Жануарлар дүниесi арнайы пайдалануға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен берiлетiн жануарлар дүниесiн пайдалануға арналған рұқсаттар негiзiнде берiледi.
Жануарлар дүниесiн жалпы пайдалану қандай да бiр рұқсатсыз жүзеге асырылады.
Жануарлар дүниесiн пайдаланушылардың құқықтары мен мiндеттерi.
Жануарлар дүниесiн пайдаланушылар арнайы пайдалану кезiнде:
1) жануарлар дүниесiнiң өздерiне рұқсат етiлген түрлерiн ғана пайдалануды жүзеге асыруға;
2) жануарлар дүниесi объектiлерiн оларды беру шарттарына сәйкес пайдалануға;
3) ауланған жануарлар дүниесi объектiлерiн және бұл ретте алынған өнiмдi меншiктенуге;
4) жолдама беруге;
5) жануарлар дүниесi объектiлерiн пайдалану үшiн жеке және заңды тұлғалармен шарттар ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz