Халықаралық экологиялық құқықтық жауапкершілік»



МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3
1. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ
1.1 Халықаралық экологиялық құқықтың түсiнiгi, қағидалары және қайнар көздерi. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 5
1.2 Әлемдiк мұхит халықаралық . құқықтық қорғау объектiсi. . . . . . . . . . . . . . 11
2. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1 Экологиялық заңдарды бұзғаны үшін жауапкершіліктің түсінігі және оның түрлері. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 14
2.2 Экологиялық заңдарды бұзғаны үшін материалдық жауапкершілік және оның құрамы. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 17
3. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ТАРИХЫ ЖӘНЕ ҚАЙНАР КӨЗДЕРІ
3.1 Экологиялық құқықтың пайда болуы, өркенуі және болашағы. . . . . . . . . . 24
3.2 Қазақстан Республикасының Конституциясы және экологиялық құқықтық ережелер мен талаптар. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 25
ҚОРЫТЫНДЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 30
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 32
Кіріспе
Табиғатты аяусыз эксплуатациялау объектісіне айналдырған өндірістің күрт өсуі және ғылыми техникалық прогресс, адамның қызметінің масштабының ұлғаюы қоршаған ортаға елеулі зиян келтіріп отыр.
Қоршаған ортаға мына факторлар жағымсыз ықпал етіп отыр: а) табиғаттың жекелеген компоненттерін ұтымсыз, тіпті шектен тыс тұтыну, кейде жойып жіберу; б) қоршаған ортаны ластау; в) қарулы қақтығыстар және т.б. Сонымен қатар қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін тағы бір фактор - адамның қызмет ету нәтижесінде антропогендік ластау. Өткен ғасырдың ең басты мәселесі – қышқыл жауындар жауып,с оның нәтижесінде табиғатты ластау болып табылды. Суларға сұйық қалдықтарды төгу таза тұщы сулардың қорын азайтты, ол барлық су қорларының биологиялық қайыршылығына әкелді.
Табиғат және оның объектілері (ауа, теңіздер мен мұхиттар, ормандар, жан-жануарлар, ғарыш және т.б.) адамзаттың ортақ игілігі болып табылады. Табиғатты қорғаужәне оның ресурстарын ұтымды пайдалану – қазіргі уақыттың өзекті мәселесі және ол үшін бүкіл әлем қауымдастығы мүдделі болып отыр. Осы проблеманы шешудің басты шарты: бүкіл мемлекететрдің табиғатқа қатысты бірыңғай саясат жүргізу және өз территориясында табиғатты қорғау бойынша барлық шараларды қабылдау; қоршаған ортаны қорғау бойынша ұтымды заңнама әзірлеп қабылдау; БҰҰ шегінде және аймақтық деңгейде өткізілетін қоршаған ортаны халықаралық қорғау бойынша акцияларға қатысу.
Халықаралық құқықтың барлық негізгі қағидалары қоршаған ортаны қорғау және ұтымды пайдалану сферасындағы басты реттеуші болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты: халықаралық экологиялық құқықты зертеп оның орындалуын тексеру және оның негізгі қағидаларын зертеу.
Зерттеу мақсатына жету үшін курстық жұмыстың құрылымы мен зерттеу логикасын анықтайтын мынадай міндеттер қойылған: жалпы халықаралық экологиялық құқыққа түсініг бере отырып, оның мақсаттарына талдау жасау.
Курстық жұмыстың зерттеу обьектісі: Экологиялық заңдар мен заң актілерін шығарудың жүйелері Конституция мен жергілікті атқарушы органдар туралы заңдармен белгіленеді.
Курстық жұмыстың зерттеу пәні: халықаралық экологиялық құқықтық жауапкершілікті қарастыру.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. ҚР Конституциясы. 1995ж. 30 тамыз.
2. Стамқұлұлы.Ә “ҚР Экология құқығы” Алматы Жеті жарғы 1995ж.
3. ҚР мемлекетімен құқығының негіздері. Баянов.Е Алматы 2003ж.
4. Чусев Р.К - “Экологические право” Москва. 2000ж.
5. «Международные эколого-правовое сотрудничество» Алматы. Дәнекер 2001ж.
6. Сапарғалиев.Ғ. “Мемлекет және құқық негіздері” Алматы 2000ж.
7. Наумов А.В. // Қылмыстық құқығы/ Астана – 2001 ж.
8. Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы //Алматы – 2001ж 164-203б.
9. 4 Наумов А.В. //Осы заманғы тұжырымдамалары. Алматы – 1999 ж. 113б., 205-208б.
10. Е.Баянов «Мемлекет және құқық негіздері» Алматы 2001ж
11. А. Ибраева, Г. Әлібаева, Қ.Айтхожин «Құқықтану» Алматы 2006 ж.
12. Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау
13. Кажымуратова А. «Влияние экологического фактора на уровень жизни населения
14. Айтуғанова З.Ш. «Экологиялық қауіпсіздіктің экономикалық мәселелері» дисс. жұмыс. 2003
15. Ақиқат журналы, «Экологияның экономикалық залалдары» атты мақала, 2006 ж
16. Қазақстан Республикасының «Қоршаған ортаны қорғау туралы» заңы, Алматы. Юрист,
17. Айтуғанова З.Ш. «Экологиялық қауіпсіздіктің экономикалық мәселелері» дисс. жұмыс. 2003
18. Қазақстан және оның аймақтары. Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі.
19. Н.Ә. Назарбаев «Сындарлы он жыл». Алматы: Атамұра, 2003. —
20. Нарибаев К.Н. Научно-технический прогресс и занятость: современные мировые тенденции.

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3
1. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ
1.1 Халықаралық экологиялық құқықтың түсiнiгi, қағидалары және қайнар көздерi. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 5
1.2 Әлемдiк мұхит халықаралық - құқықтық қорғау объектiсi. . . . . . . . . . . . . . 11
2. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1 Экологиялық заңдарды бұзғаны үшін жауапкершіліктің түсінігі және оның түрлері. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 14
2.2 Экологиялық заңдарды бұзғаны үшін материалдық жауапкершілік және оның құрамы. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 17
3. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ТАРИХЫ ЖӘНЕ ҚАЙНАР КӨЗДЕРІ
3.1 Экологиялық құқықтың пайда болуы, өркенуі және болашағы. . . . . . . . . . 24
3.2 Қазақстан Республикасының Конституциясы және экологиялық құқықтық ережелер мен талаптар. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 25
ҚОРЫТЫНДЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 30
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 32

Кіріспе
Табиғатты аяусыз эксплуатациялау объектісіне айналдырған өндірістің күрт өсуі және ғылыми техникалық прогресс, адамның қызметінің масштабының ұлғаюы қоршаған ортаға елеулі зиян келтіріп отыр.
Қоршаған ортаға мына факторлар жағымсыз ықпал етіп отыр: а) табиғаттың жекелеген компоненттерін ұтымсыз, тіпті шектен тыс тұтыну, кейде жойып жіберу; б) қоршаған ортаны ластау; в) қарулы қақтығыстар және т.б. Сонымен қатар қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін тағы бір фактор - адамның қызмет ету нәтижесінде антропогендік ластау. Өткен ғасырдың ең басты мәселесі - қышқыл жауындар жауып,с оның нәтижесінде табиғатты ластау болып табылды. Суларға сұйық қалдықтарды төгу таза тұщы сулардың қорын азайтты, ол барлық су қорларының биологиялық қайыршылығына әкелді.
Табиғат және оның объектілері (ауа, теңіздер мен мұхиттар, ормандар, жан-жануарлар, ғарыш және т.б.) адамзаттың ортақ игілігі болып табылады. Табиғатты қорғаужәне оның ресурстарын ұтымды пайдалану - қазіргі уақыттың өзекті мәселесі және ол үшін бүкіл әлем қауымдастығы мүдделі болып отыр. Осы проблеманы шешудің басты шарты: бүкіл мемлекететрдің табиғатқа қатысты бірыңғай саясат жүргізу және өз территориясында табиғатты қорғау бойынша барлық шараларды қабылдау; қоршаған ортаны қорғау бойынша ұтымды заңнама әзірлеп қабылдау; БҰҰ шегінде және аймақтық деңгейде өткізілетін қоршаған ортаны халықаралық қорғау бойынша акцияларға қатысу.
Халықаралық құқықтың барлық негізгі қағидалары қоршаған ортаны қорғау және ұтымды пайдалану сферасындағы басты реттеуші болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты: халықаралық экологиялық құқықты зертеп оның орындалуын тексеру және оның негізгі қағидаларын зертеу.
Зерттеу мақсатына жету үшін курстық жұмыстың құрылымы мен зерттеу логикасын анықтайтын мынадай міндеттер қойылған: жалпы халықаралық экологиялық құқыққа түсініг бере отырып, оның мақсаттарына талдау жасау.
Курстық жұмыстың зерттеу обьектісі: Экологиялық заңдар мен заң актілерін шығарудың жүйелері Конституция мен жергілікті атқарушы органдар туралы заңдармен белгіленеді.
Курстық жұмыстың зерттеу пәні: халықаралық экологиялық құқықтық жауапкершілікті қарастыру.

1. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ
1.1 Халықаралық экологиялық құқықтың түсiнiгi, қағидалары және қайнар көздерi
Табиғатты аяусыз эксплуатациялау объектісіне айналдырған өндірістің күрт өсуі және ғылыми техникалық прогресс, адамның қызметінің масштабының ұлғаюы қоршаған ортаға елеулі зиян келтіріп отыр.
Қоршаған ортаға мына факторлар жағымсыз ықпал етіп отыр: а) табиғаттың жекелеген компоненттерін ұтымсыз, тіпті шектен тыс тұтыну, кейде жойып жіберу; б) қоршаған ортаны ластау; в) қарулы қақтығыстар және т.б. Сонымен қатар қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін тағы бір фактор - адамның қызмет ету нәтижесінде антропогендік ластау. Өткен ғасырдың ең басты мәселесі - қышқыл жауындар жауып,с оның нәтижесінде табиғатты ластау болып табылды. Суларға сұйық қалдықтарды төгу таза тұщы сулардың қорын азайтты, ол барлық су қорларының биологиялық қайыршылығына әкелді.
Табиғат және оның объектілері (ауа, теңіздер мен мұхиттар, ормандар, жан-жануарлар, ғарыш және т.б.) адамзаттың ортақ игілігі болып табылады. Табиғатты қорғаужәне оның ресурстарын ұтымды пайдалану - қазіргі уақыттың өзекті мәселесі және ол үшін бүкіл әлем қауымдастығы мүдделі болып отыр. Осы проблеманы шешудің басты шарты: бүкіл мемлекететрдің табиғатқа қатысты бірыңғай саясат жүргізу және өз территориясында табиғатты қорғау бойынша барлық шараларды қабылдау; қоршаған ортаны қорғау бойынша ұтымды заңнама әзірлеп қабылдау; БҰҰ шегінде және аймақтық деңгейде өткізілетін қоршаған ортаны халықаралық қорғау бойынша акцияларға қатысу.
Халықаралық құқықтың барлық негізгі қағидалары қоршаған ортаны қорғау және ұтымды пайдалану сферасындағы басты реттеуші болып табылады. Сонымен қатар қоршаған ортаны халықаралық - қорғаудың арнайы қағидалары да бар:
1) мемлекеттік шекарадан тыс қоршаған табиғи орта бүкіл адамзат игілігі болып табылады. Бұл қағида 1967ж. ғарыш туралы Келісімшартта (ІХб.), 1982ж. теңіз құқығы бойынша БҰҰ Конвенциясында (континенталдық шельфтің шегінен тыс кеңістік пен теңіз түбінің қорларына қатысты) (ХІ бөлімі) бекітілген.
2) Қоршаған ортаны және оның компоненттерін зерттеу және пайдалану еркіндігі. Барлық мемлекет және халықаралық үкіметаралық ұйымдар қандайда болмасын дискриминациясыз қоршаған ортада құқыққа сай бейбіт ғылыми қызметпен айналысуына құқылы. Бұл қағида 1959ж. Антарктика туралы Келісімшартта (ІІ б.), 1967ж. ғарыш туралы Келісімшартта (2б.), 1982ж. теңіз құқығы бойынша БҰҰ Конвенциясында (ХІІІб.), 1979ж. Ай туралы Келісімде бекітілген.
3) Қоршаған ортаны ұтымды пайдалану. Табиғи ресурстарды эксплуатациялау барынша тұрақты деңгейде жүзеге асырылуы тиіс. Мемлекеттер табиғи ресурстарды өндіру және қайта өңдеу бойынша тиімді шараларды жүзеге асыруға міндетті. Бұл 1958ж. ашық теңіздің балық алу және оның тірі ресурстарын қорғау туралы Конвенциясында; 1973ж. жағалу қауіпі төнген жабайы фауна мен флораның түрлерінің халықаралық саудасы туралы Конвенцияда; 1979ж. көшіп-қонушы түрлерін қорғау бойынша Конвенция;
4) Қоршаған ортаны ластауды болдырмау. Қоршаған ортаны зерттеу және пайдалану кезінде мемлекеттер тосинді және өзге де заттарды қоршаған ортаның заласыздандыру мүмкндігінен асып кететіндей мөлшерде және концентрацияда шығармаулары тиіс. Бұл қағида 1979ж. үлкен арақашықтықта ауаны трансшекаралық ластау туралы Конвенцияда, 1982ж. теңіз құқығы бойынша Конвенцияда (ХІІ бөлімде), 1972ж. теңізді қалдықтар мен басқа да материалдарды төгумен ластауды болдырмау бойынша Конвенцияда, 1977ж. әскери немесе табиғи ортаға кез келген өзге де ықпал ету құралдарын қастықпен пайдалануға тыйым салу туралы Конвенцияда және т.б. халықаралық келісімшарттарда қарастырылған.
5) Қоршаған ортаны зерттеуде және пайдалануда халықаралық ынтымақтастыққа жәрдемдесу. Қоршаған ортаны сақтаумен байланысты халықаралық проблемаларды барлық елдердің ынтымақтастығы, тең құқылық және өзара пайда негізінде шешу қажет, сондай-ақ қоршаған ортаға жағымсыз әсерлерді және табиғи қорларды өңдеп шығаруды азайту және болдырмау мақсатында шешу қажет. Бұл қағида қоршаған ортаны халықаралық қорғаудың негізгі қағидаларының бірі болып табылады және барлығына дерлік келісімшарттарда бекітілген, мысалы, 1976ж. Тынық мұхитының оңтүстік бөлігіндегі табиғатты қорғау туралы Конвенцияда; 1980ж. Антарктиканың теңіздік тірі ресурстарын сақтау туралы Конвенцияда, 1982ж. теңіз құқығы бойынша БҰҰ Конвенциясында бекітілген.
6) Қоршаған ортаның сақталуы үшін халықаралық жауапкершілік. Қоршаған ортаны және оның компоненттерін зерттеуде және пайдалануда мемлекеттермен бірге халықаралық ұйымдар, заңды тұлғалар, қоғамдық ұйымдарда қатысуы мүмкін. Бірақта кез келген жағдайда да қоршаған ортаға зиян келтіргені үшін тек мемлекеттер ғана тартылады. Бұл қағида 1982ж. теңіз құқығы бойынша БҰҰ Конвенциясында, арнайы конвенцияларда, мысалы, 1963ж. ядролық зиян келтіргені үшін азаматтық жауаптылық туралы Вена Конвенциясында, 1981ж. ядерлік материалдарды теңізде тасымалдау облысындағы азаматтық жауаптылық туралы Конвенцияда бекітілген.
Халықаралық ынтымақтастықтың басымдықтары мен деңгейлерi.
Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа қатысуы мынадай:
1) адамның өмiрi мен денсаулығына қолайлы қоршаған ортаны қорғау;
2) орнықты дамуға қол жеткiзу;
3) Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы мүдделерiн қорғау;
4) трансшекаралық ластануларды болғызбау, оларды азайту және бақылау;
5) еркiн халықаралық сауда мен инвестицияларды экологиялық стандарттар мен талаптарды сақтау негiзiнде дамыту және қолдау;
6) төтенше экологиялық жағдайлар болғанда халықаралық көмек көрсету;
7) трансшекаралық және өңiрлiк экологиялық проблемаларды шешу үшiн халықаралық құқықтың нормалары мен принциптерiн қолдану;
8) қоршаған ортаны қорғау және орнықты даму саласындағы халықаралық бастамаларға қатысу басымдықтарына негiзделедi.
Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың басым мiндеттерi жаhандық, трансшекаралық, өңiрлiк және екiжақты негiзде шешiледi.
Халықаралық ынтымақтастықтың принциптерi.
Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастығы:
1) халықаралық мiндеттемелердi адал орындау;
2) мемлекеттердiң өз табиғи ресурстарын игеруге деген егемендi құқығын құрметтеу;
3) орнықты дамуға қол жеткiзу үшiн қоршаған ортаны қорғау мен экономикалық дамудың интеграциясы;
4) басқа мемлекеттердiң немесе Қазақстан Республикасының юрисдикциясынан тысқары жатқан аудандардың қоршаған ортасына келтiрiлетiн залалдың алдын алу жөнiндегi шараларды қамтамасыз ету үшiн мемлекеттiң жауапкершiлiгi;
5) алдын ала сақтанушылық және алдын ала ескеру шараларын қабылдау;
6) халықаралық дауларды бейбiт жолмен шешу;
7) қоршаған ортаға ықтимал елеулi трансшекаралық әсерi бар қызмет жөнiнде алдын ала хабарлау және өзара консультациялар алысу;
8) жаhандық, өңiрлiк, ұлттық және жергiлiктi деңгейлерде жұмсалатын күш-жiгердiң өзара бiрiн-бiрi толықтыруы;
9) қоршаған ортаны ластауға байланысты шығындар үшiн ластаушының жауапкершiлiгi принциптерiне негiзделедi.
Халықаралық ынтымақтастықтың экономикалық негiзi.
Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастықтығының экономикалық негiзiн:
1) халықаралық ұйымдарға төленетiн мiндеттi және ерiктi жарналар;
2) халықаралық бағдарламаларды, форумдар мен өзге де халықаралық iс-шараларды қаржыландыруға қатысу;
3) трансшекаралық әсердiң салдарынан келтiрiлген залал үшiн жауапкершiлiк;
4) табиғи ресурстарды бiрлесiп пайдалануға арналған құрылыстарды пайдалануға беруге жұмсалған шығындарды пайдаланылатын табиғи ресурстарға үлестiк қатысу принципiне орай өтеу;
5) бiр мемлекеттiң басқа мемлекетке Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың негiзiнде белгiленген өз табиғи ресурстарының үлесiн (үлесiнiң бiр бөлiгiн) өтемақылық негiзде беруi құрайды.
Экологиялық құқық бұзушылықтар үшiн халықаралық жауапкершiлiк.
Экологиялық құқық бұзушылықтар, шектес мемлекеттердiң қоршаған ортасы мен табиғи ресурстарына келтiрiлген залал, халықаралық шарттардың мiндеттемелерiн сақтамағаны үшiн халықаралық жауапкершiлiк шаралары Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының ережелерiне сәйкес қолданылады.
Қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы мемлекетаралық ынтымақтастықтың тетiгi.
Қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы мемлекетаралық ынтымақтастықтың тетiгi Қазақстан Республикасының халықаралық шарттар жөнiндегi мiндеттемелерге сәйкес мынадай халықаралық және трансшекаралық рәсiмдерге:
1) экологиялық ақпараттың деректерiн алмасу;
2) келiсiлген талаптар мен стандарттар негiзiнде қоршаған ортаның бiрлескен мониторингiн жүргiзу;
3) халықаралық маңызы бар биологиялық түрлер мен табиғи объектiлердi анықтау және сақтау;
4) қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық реттеу нысанасы болып табылатын белгiлi бiр қызмет түрлерiн жүзеге асыруға алдын ала негiзделген келiсiм алу;
5) қоршаған орта мен адам денсаулығына ықтимал қатер төндiретiн белгiлi бiр қызмет түрлерiне қатысты арнаулы рұқсаттар беру;
6) қоршаған ортаға әсердi бiрлесiп нормалау және оларды қолданудың тиiмдiлiгiн бағалау;
7) қоршаған ортаға әсердi трансшекаралық бағалау;
8) трансшекаралық әсердiң ықтимал қаупi болған кезде төтенше жағдайлар туралы хабарлау;
9) трансшекаралық әсердiң қаупi болатын төтенше жағдайлар кезiнде басқа мемлекеттердiң сұрауы бойынша көмек көрсету, оған қоса тиiстi бiрлесiп назар аудару жоспарларын әзiрлеу;
10) халықаралық мiндеттемелердiң орындалғаны туралы ұлттық баяндамалар әзiрлеу және ұсыну;
11) арнайы уәкiлеттi халықаралық ұйымдар жүргiзетiн халықаралық шарттар жөнiндегi мiндеттемелердiң сақталуын бағалау;
12) басқа мемлекеттердiң немесе Қазақстан Республикасынан тысқары жатқан аудандардың қоршаған ортасына залал келтiргенi үшiн жауапкершiлiк шараларын қолдану рәсiмдерiне қатысуын көздейдi.
Халықаралық шарттарда белгiленген жағдайларда Қазақстан Республикасы екiжақты және көпжақты ынтымақтастық негiзiнде Эколгия кодекстің қажеттi рәсiмдердi әзiрлейдi.
Халықаралық ынтымақтастық тетiгiнiң тиiмдi жұмыс iстеуiн және осы баптың 1-тармағында аталған рәсiмдердiң орындалуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi мен мемлекеттiк органдар өз құзыреттерiне сәйкес мемлекетаралық органдар құруға бастамашы болуға құқылы.
Халықаралық шарттар.
Халықаралық шарттар қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы мемлекетаралық ынтымақтастықтың құқықтық нысаны ретiнде болады.
Қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы халықаралық шарттарды жасасу, орындау, өзгерту және тоқтату тәртiбi Қазақстан Республикасының халықаралық шарттар туралы заңнамасымен реттеледi.
Қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы халықаралық шарттарды iске асыру:
1) олардың орындалуын қамтамасыз ету жөнiндегi қажеттi iс-әрекеттер жоспарын әзiрлеу мен бекiтудi;
2) қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық шарттың орындалуын қамтамасыз етуге жауапты мемлекеттiк органды айқындауды;
3) Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы халықаралық шарттарға қатысу тиiмдiлiгiне тұрақты талдау жүргiзудi қамтуы мүмкiн.

1.2 Әлемдiк мұхит халықаралық - құқықтық қорғау объектiсi
Әлемдік мұхит - халықаралық - құқықтық қорғау объектісі. Әлемдік мұхит - Жердегі тіршілік үшін ерекше маңызды. Мұхит-бұл Жердің тынысы. Жер шарының тұрғындарын қоректендіру (белок) көзі және пайдалы қазбалардың орасан зор байлығы шоғырланған жері. Бірақ ғылыми-техникалық прогресс мұхиттың тіршілік ету қабілеттілігіне теріс ықпал етті - интенсивті кеме жүзу; континенталдық шельф суларындағы мұнай мен газды өндіруді арттыру, теңізге мұнай және радиоактивті қалдықтарды төгу ауыр зардаптарға: теңіз кеңістіктерінің ластануына, Әлемдік мұхитта экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуына әкелді. Қазіргі уақытта адамзат алдында ғаламдық міндет тұр, бұл - мұхитқа келтірілген зиянды тезірек жою, бұзылған тепе - тедікті қалпына келтіру және оның болашақта сақталуына кепілдіктер белгілеу.
Әлемдік мұхитты қорғау мақсатында көпжақты және аймақтық келісімдердің бірқатары қабылданды. 1958ж. теңіз құқығы бойынша Женева Конвенциясы мен 1982ж. теңіз құқығы бойынша БҰҰ Конвенциясы мемлекеттерді теңізді қорғауға міндеттейді. 1982ж. Конвенцияла мемлекеттердің теңіз түбін эксплуатациялау, радиоактивті заттарды көмумен, кемелерді пайдалану бойынша қызметтерінің нәтижесінде Әлемдік мұхитты ластауға тыйым салу туралы жалпы жағдайлар баяндалған.
Қазіргі уақытта Әлемдік мұхитқа оны мұнаймен ластау орасан зор зиян келтіріп отыр. Жыл сайын әртүрлі көздерден теңізге 12-14млн. тонна мұнай түседі. 1973ж. кемелердің ластауын болдырмау туралы Конвенция мыналарды қарастырады:
а) мемлекеттік коммерциялық емес қызметте пайдаланылатын әскери кораблдер мен кемелерден басқа кез келген кемелердің Әлемдік мұхитты ластауына тыйым салуды;
б) кемелердің теңізге мұнайды және мұнайлы - сұйық қоспаларды төгуге тыйым салу;
в) қатаң режимдегі ерекше аудандарды белгілеу, бұл жерде қауіпті заттарды төгуге толғымен және қатаң түрде тыйым салынған (Балтық, Қара, Жерорта және қызыл теңіздер, Парсы және Оман шығанақтары).
Конвенция кемелерді эксплуатациялау нәтижесінде зиянды заттардың барлық түрлерінен теңіздің ластануын болдырмау бойынша бірыңғай халықаралық стандарттарды белгіледі және осы талаптарды оған қатысушылар үшін ғана емес, сондай-ақ оған қол қоймаған мемлекеттер үшін де міндеттеді. Бұл Конвенциялардағы стандарттарды ғаламдық деңгейде орындағанда ғана Әлемдік мұхиттың ластануын болдырмауға толығымен қол жеткізуге болады.
1969ж. 29 қарашада екі Конвенция қабылданған болатын: ашық теңізді мұнаймен ластануына әкелетін апаттар кезінде қол сұғуға қатысты Конвенция және мұнаймен ластаудан зиян келтіргені үшін азаматтық жауаптылық туралы Конвенция. Бірінші Конвенцияда апаттық жағдайларды жою бойынша қажетті шаралар туралы және жағалаудағы мемлекеттердің апатты ликвидациялау бойынша мәжбүрлеу шараларын қолдануға, ал егерде жағалауды ластау қауіпі туындайтын болса, осыған кінәлі кемені суға батыру құқығы туралы айтылған.
Екінші Конвенция теңіз жағалауын мұнаймен ластануына әкелетін кеме апат болған жағдайда жауапкершілікке тартуға және зиянын өтетіруге арналған.
Әлемдік мұхитты ластап қана қоймай, сондай - ақ улануына әкелетін екінші бір құбылыс бұл көптеген мемлекеттердің оның теңіз түіне радиоактивті заттарды және мұнай мен химиялық өндірістің өңделген шикізаттарын көму үшін пайдалануы өте қауіп болып отыр. Бұл мұхиттың жануарлар менөсімдіктер әлеміне ғана емес, сонымен қатар уланған сулар адамзаттың өз тіршілігі үшін де қауіп төндіріп отыр. Осындай қылмыстық практиканы болдырмау үшін 1972ж. 29 желтоқсанда қалдықтар мен басқа да материалдардың төгінділерімен теңізді ластауды болдырмау туралы Конвенция қабылданды.

2. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1 Экологиялық заңдарды бұзғаны үшін жауапкершіліктің түсінігі және оның түрлері
Экологиялық заңдарды бұзғаны үшін Қазақстан Респубоикасында түрлі жауаптылық қолданылатыны жайлы білу және оның ауырлығына қарай бөлінетіні ескерілуі қажет.
Жауаптылық - жүріп-тұру нормаларын орындау міндеттілігі сияқты оларды бұзғаны үшін қолайсыз салдарды алып жүру міндеттілігінен көрініс табады.
Жауаптылық институты - біздің қоғамдық өміріміздің барлық аясынан өтеді. Экология мәселесі бойынша бұл - мемлекеттің, адамның, қоғамның болашақ ұрпақ және табиғи пайдаланушы алдындағы жауапкершілігі.
Экологиялық жауаптылық - бұл кешенді әлеуметтік-экономикалық және құқықтық инститіт. Экономикалық жауаптылықтың жалпы түсінігінен басқа, алдағы уақытта, экологиялық қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершіліктіңерекшеліктерін, экологиялық құқық бұзушылық үшін әкімшілік жауптылықтың ерекшеліктерін алып көрсетеміз.
Экологиялық жауаптылықтың екі түрлі нысаны бар - экономикалық және заңды. Мұндай нысанға бөлу, оның қатынасының сипатымен реттеу әдістеріне байланысты. Экономикалық немесе эколого- экономикалық жауаптылық ластанушының материалдық мүддесінің құқықтық қызметіне негізделеді және экономикалық әдістермен реттелінеді. Ол қоғам мен табиғат арсындағы қарым-қатынастың ластаушы-өтейді деген қағидасынан шығады. Заңды жауапкершілік құқыққа қайшы әрекеттерден туындайды және әкімшіліқ құқықтық әдістермен реттеледі. Бұл нысанлар қолсылып, жалпы экологиялық жауапкершілік институтын құрайды. Заңдылық жауапкершілік табиғатты құқықтық қорғаудағы маңызды құралы болып табылады, оның тағайындалуы табиғатты қорғауға байланысты заңдарды дұрыс орындауы қамтамасыз етуден тұрады. Құқықтық тәртіпті сақтаумен қатар заңды жауаптылық адамдарды табиғат ресустарына, жерді, суды, жер қойнауын, орманды, өсімдіктер әлемін, жануарлар дүниесін, ауаны қорғауға байланысты шаруашылық қатынасқа тәрбиелеуді мақсат тұтады. Заңдылық жауапкершілікті-құқықтық нормада көрсетілген негіздері бұзғанда пайда болатын қолайсыз салдар деп анықтауға болады. Табиғатты қорғауға байланысты заңдарды бұзғаны үшін жауаптылық заңды жауапкершіліктің жалпы қағидаларына сүйенеді. Бұндай қағидаларға, құқыққа қайшы әрекет немесе әрекетсіздік үшін жауаптылық, кінәсі үшін жауаптылық, заңдылық, жауаптылықтан бас тарту тарту принципі жатады.
Қазіргі кездегі құқықтық тұжырымдамалық негізінді табиғатты қорғау мемлекеттің арнайы функциясы болып табылады. Экологиялық - экономикалық жауапкершіліктің құқықтық жауапкершіліктің басты айыпмашылығы, біріншіден, келтірілген зиянның құқықтық шарасы арқылы құрылады, екіншіден, құқық бұзушылық айғактар болып табылады. Ең алдымен экологиялық құқықтық жауапкершілік - едәуір, ауқымды шартты түрі. Ол қоршаған ортаны қорғауға байланысты кең кешенді, заңды жауапкершіліктің түр болатын - әкімшілік, қылмыстық, азаматтық - құқықтық, материалдық және тәртіптік.
Келтірген зиян туралы факті анықталса, онда экологиялық жауаптылықтың туындауының жалпылама негізі болып табылады. Оның қоғамға қауіптілігінің ауырлығына байланысты қылмыстық және әкімшілік жаза шараларын айырып көрсетуге болады. Сөйтіп, оның нормативті дәрежесі келтірілген зиянға байланысты құқықтық және құқықтық емесе экономикалық жауаптылықтың арасындағы шектеуліктерді анықтаушы құрал ретінде қолданылады. Келтірілген жағдайлар бұл экологиялық - экономикалық құбылысты құқықтық реттеу арқылы арнайы қарау қажеттілігін туғызады.
Зиян - арнайы ұғым. Зиян экономикалық, экологиялық, құлықтық (моралдық), мемлекеттік, мемлекет аралық халықаралық т.б. болады. Бұған қарамастан зиянның жалпы ұғымның негізінде экономикалық факторлар жатады. Осының негізінде зиянның ұғымы экономикалық қатынастарды реттеуші азаматтық заңдармен реттелуі тиіс. Азаматтық заңдар бойынша зиян біртекті ұғым, ал залал және шығын оның құрамдас бөліктері болып табылады.
Қоршаған ортаны қорғау туралы заңының 1 бабында қоршаған ортаның сапасы - қоршаған ортаның құрамы мен қасиеттерінің сипаттамасы деп көрсетілген.
Табиғи қоршаған ортаның сапасына экологиялық жүйенің үнемі және тұрақты, табиғат пен адам арасындағы зат және энергия алмасу процесін қамтамасыз етуді және өмірді қалпына келтіруді жатқызамыз. Табиғат сапасы табиғаттың өзімен өзін реттеу және өзін зиянды заттардан тазарту арқылы қамтамасыз етіледі. Табиғаттың өндірістік циклі ауытқымайтын процесс принципінде құрылады. Ол бойынша соңғы берілген өнім, келсі циклдегі өнімнің шикізаты ретінде қолданылады. Адам өндірісі табиғат өндірісіне қарағанда қалдық технологиясында құрылған. Аздаған процентте өндірілетін соңғы өнім, келесі циклге шығуына қызмет етпей қалдыққа жіберіледі. Табиғи ортаға адамзат өндірісінің әсері, адамның өзі тұратын ортаның сапасын реттеу туралы көптеген сұрақ қойылады. Қоршаған ортаның сапасын нормалау экологиялық қауіпсіздікке және халықтың денсаулығын қорғауға кепілдік беретін, қоршаған ортаның ластануына дол берілмеуін табиғи ресурстардың толықтырылуы мен ұтымды пайдалануын қаитамасыз ететін қоршаған ортаға ықпал етудің ғылыми негізделген шекті жол берілетін нормаларының мақсатын көздейді.
Қоршаған табиғи ортаға әсер ету шаралары норма болып табылады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Заңды жауапкершіліктің жекелеген мәселелері
Экологиялық құқықтық қатынастардың түсінігі,объектілері, субъектілері және мазмұны.
Экология құқығы пәнінің дәрістері
Экологиялық құқық бұзушылық үшін жауапкершілік
Қоршаған ортаны халықаралық – құқықтық қорғау жолдары
Қазақстан Республикасының экологиялық құқығының дәрістері
Экологилық қылмыстың жалпы сипаттамасы
Табиғат пайдалану құқығы
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗАҢДАРДЫ БҰЗҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты нормативтік-құқықтық актілердің көмегімен жүзеге асыру
Пәндер