«Қазақстанның экологиялық мәселелері»


Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ІШКІ СУЛАРЫНЫҢ ПРОБЛЕМАСЫ
1. 1 Арал теңізінің экологиясы . . . 7
1. 2 Каспий теңізінің экологиясы . . . 12
1. 3 Балқаш көлінің экологиялық жағдайы . . . 21
2. АЙМАҚТЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАР
2. 1. Ормандардың азаюы . . .
2. 2 Шөлейттену . . . 18
3. СЕМЕЙ ЯДРОЛЫҚ ПОЛИГОНЫ
3. 1 Семей ядролық полигонының өмірге келуі . . . 29
3. 2 Семей ядролық полигонындағы сынақтардың әсері . . . 29
ҚОРЫТЫНДЫ. Семей полигонының адамға әсері . . . 34
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 37
КІРІСПЕ
Қарағанды облыс аумағында əлемдегі ең ірі экологиялық қауіпті үш обьекті - Семей ядролық сынақ полигоны, Сарышаған əскери полигоны жəне Байқоңыр ғарыш айлағы орналасқан.
Ұлан-байтақ елімізді тоталитарлық, əкімшілік жүйенің темір құрсауында ұстап, азат ой мен ұлттар бостандығын тұншықтырып келген кеңестік коммунистік өктемдіктің айқын бір көрнісі-Семей ядролық сынақ полигоны.
Атом жарылыстары бірінен- соң бірі жасалған 40 жыл ішінде полигон маңайындағы жарты миллионнан астсм халық радиоактивті тозаңмен тұншығып, оның үштен екісі ертелі-кеш мəңгілікке көз жұмды. Осы 40 жылға созылған атом сынақтарының жалпы қуаты 25 мың Хиросима бомбасына тең екен.
Семей ядролық полигонындағы ең алғашқы сталиндік-берияляық атом бомбасы 1949 жылдың 29 тамызы күні жарылған болатын. Жер үстінде жасалған 26 ядролық жарылыстың кезінде атом сəулесі полигон маңайындағы 800 елді мекенді отты құйынға орап кеткен. Ауада жасалған 90 атом жарылысының 11- інде радиациялық уы полигон территориясының шегінен асып ауа жайылған. Ал 1962 жылдан бастап жүргізілген 300 жерасты сынақтарының əрбір үшіншісінде радиоктивті газдар ауаға жайылып кетіп, 30 жарылыстың кезінде атом сəулесі топырақ пен өсімдікті улаған.
Семей тұрғындарымен бірге ядролық жарылыстардың зардабын Қарқаралы, Егіндібұлақ жұртшылығы бірдей көріп, зəрлі уын бірдей жұтты. 1990-шы жылдардың бас кезінде Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі мен Ғылым академиясы жинақтаған қужаттар бойынша Қарағанды облысының да біраз аумағы радиоактивті заттармен ластанғандығы дəлелденді. Егіндібұлақ, Қарқаралы атырабында радионуклидтердің таралуы облыстың басқа жерлеріне қарағанда 1, 5-2 есе көп. Осының нəтижесінде тұрғындар əжептəуір көлемдегі сыртқы радиациялық сəулелердің əсеріне ұшыраған.
Ақтоғай ауданының экологиялық жағдайына Семей ядролық сынақ полигонының тигізген зардабы орасан зор. Ақтогай территориясы Семей сынақ полигонының тəжірибе алаңынан солтүстік-шығыс шекарасы 230 км, оңтүстік-шығыс шекарасы 330 км қашықтықта. Тəжірибе алаңынан азимут бойынша 215-240 градустар аралығында. Сы жағдайларды ескере отырып, аудан территориясы радияциялық заттармен ластанып, халқы радиациялық сəулелену дозаларына ұшырағаны ақиқат. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының қорытындысы бойынша аудан халқының Семей полигондағы жарылыстар салдарынан белгілі бір мөлшерде радиациялық сəулелену дозасын алғаны ғылыми тұрғыда дəлелденді
Ақтоғай ауданында арнайы əдістемемен радиация зардабыннан болатын аурулардың бір организмде қабаттасуы зерттелді. Аурулардың қабаттасуы жасы ұлғайған сайын көбейе беретіні көрсетеді жəне басқа жерлермен салыстырғанда жоғары дəрежеде болған. Əсіресе жүйке жүйесі мен сезім органдары ауруларына асқазан шек ауруларымен, жүрек-қан тамырлары ауруларының зəр жолы, жыныс органдары жəне ас қорту органдарынан ауруларымен қабаттасуы байқалады.
Қарағанды облысының халқы күрделі экологиялық жағдайға байланысты түрлі ауруларға, əсіресе, ядролық сынақтарға байланысы бар ауруларға жиі шалдығады. Оның негізгі жəне басты себебі - Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақтар жүргізген кезде радиактивті шөгінділердің əсеріне ұшырағанында деген қорытынды жасауға болады.
Байқоңыр ғарыш айлағы Адамзат ғылымының аса үлкен жетістігі екендігі мəлім. Бірақ сол тұрып жатқан халық үшін оның тигізер пайдасы көп болды ма, зияны көп болды ма?
«Байқоңырдан» ғарышқа бірінші адам аттанғаннан бері қаншама жер серіктері, ғылыми-зерттеу станциялары, ғарыш корабльдері ұшырылды. Соның нəтижесінде ғылымымыз өркендеп, табиғаттың талай тылсым құпиялары ашылды. Демек, «Байқоңыр» ғарыш айлағының адамзат баласы үшін де, еліміз үшін де алар орны ерекше.
Бұл ғарыш айлағының басқа да полигондармен қатар айналадағы орта мен табиғатқа орасан зиян келтіріп отырғандығы жасырын емес. Оның қауіпті аймағы бір миллион шаршы метр жерді қамтиды. Аспаннан жауған ғарыш аппараттарының сынықтары мен қалдықтары, бұлаодың құрамындағы зиянды заттар топыраққа да, ауаға да, өсімдікке де аз залалын тигізбейтіндігі нақты зерттеулер арқылы дəлелденген. Солардан жан-жануарлар мен адамдар да зиян шегіп келе жатқанын осы кейінде ғана айтылып жүр. Байқоңырдан алғашқы зымыран ұшқан сонау 1957 жылдан бері қазақ даласына қаншама зиян əкелді. 1986 жылы Бетпақдалада миллиондаған киіктің қырылып қалуы осы зымырандардың кесірі. Əсіресе, «Протон» зымырантастағышының тіршілік атаулыға тигізер кері əсері шаш етектен. Өйткені ол ұшырылғаннан кейін аспанда отынының біраз бөлігін жандырған соң, бірінші жəне екінші сатылары бөлініп, жерге түседі. Бұл отынның құрамында улы отын- гептил бар.
Ресейдің «адасқан» зымырандары Атырау облысының Махамбет, Қызылқоға жəне басқа аудандарының жеріне жиі құлады. Ал «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшырылған «Протон» зымырантасығышының 1999 жылы екі рет құлап, Қарағандының Қарқаралы, Жаңаарқа аудандарының жері мен ауасын гептил отынымен ластады. Құлаған зымыран сапарға аттанғанда оған 466 тонна қышқылдатқыш, 181 тонна отын толтырылған. Ал зымыран отынының компененттері (КРТ) сан алуан. Солардың ішінде аса улы жəне өте жылдам тұтанғыш несмметричный диметилгидразин (НДМГ) немесе гептил. Бұдан соң басты айналдырып, жүректі айнытатын нитродиметиламин (НДМА) жəне тетрамитилтетразин (ТМТ), сол сияқты жүректі айнытуы біршама төмен, қауіптілігі 4-ші сыныпқа жататын формальдегид деген бар.
Бұл заттар ағзаға тыныс жолдары, тері жəне асқазан арқылы түскенде адамды уландырады. НДМГ тыныс жолдарын, қан құрамын бұзады. Қимыл-əрекеттерге, аяқ-қолдың сіңірінің тартылуына əсерін тигізеді. Тағы бір ғалымдардың айтуына қарағанда гептил адамның табиғи клеткаларының түзілісін бұзады. Демек бұл ұрпақ үшін қауіпті. Екінші буында дене бітімі, іш құрлысы жəне ақыл-ойы кеміс балалардың тууына себепкер. Байқоңыр ғарыш айлағы мен Сарышаған зымыран полигоны 40 жылдан бері айналадағы ортаға кері əсерін тигізіп, сынағын тоқтатқан Семей полигоны мен Байқоңыр космодромы, Сарышаған зымыран полигоны облыстың экологиялық жағдайын қиындатып, нашарлатып келеді.
Сарышаған ядролық, ракеталық сынақтарды жүзеге асыру үшін салынған полигон. Бұл ерекше кешен. Онда ракетаға қарсы қорғаныс жұмыстары (ПВР) жүргізілді. Соған орай Ресейдің Капустин Яр, Жаңа Жер, Плесецк полигондарынан оқу-жаттығу мақсатында ұшырылған зымырандарын Сарышағаннан жіберілген зымыранмен Сарыарқа жерінде атып түсірген. Осы туралы кезінде нақты деректер берілген жоқ.
Сарышағанда адам өміріне кері əсер ететін зымыран отыны мен оның құрамды қоспалары өте көп мөлшерде сақталады. Зымыран ұшырылған кезде оның ұшыру аппараттары жерге жанып құлайды. « Сарышаған» зымыран сынау полигоны бойынша табиғат қорғау заңнамасын орындау жөнінде келісім жоқ болғандықтан зымыран полигонының қоршаған ортаға ықпалы қаншалықты екендігін зерттеу мүмкін емес. Осы Сарышаған туралы əлі күнге дейін жабық тақырып болып келеді, оның қаншалықты зиян əкелетіні айтылмай жүр. Өйткені, бұл өте аз зерттелген объекті. Ол үшін Қазақстан-Ресей үкіметаралық келісім қажет.
1. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ІШКІ СУЛАРЫНЫҢ ПРОБЛЕМАСЫ
1. 1 Арал теңізінің экологиясы
Бұл проблеманың тууына себепші болған - адам әрекеті. Ұзақ жылдар бойы Аралға құятын ірі өзендер Әмудария мен Сырдарияның суын теңізге жеткізбей, түгелдей дерлік егістіктерді (мақта, күріш) суландыруға пайдаланылып келді. Буланушылық дәрежесі жоғары болатын шөл зонасында орналасқан теңіз суының көбірек булануы оның тартылуына әкеп соқты. Қазіргі кезде Арал теңізі екі су айдынына Үлкен және Кіші теңізге бөлінген. Арал теңізіндегі суы тартылған бөліктің ауданы 30 мың км² жетеді. Ғалымдардың есептеуі бойынша, теңіз табанынан атмосфераға жылына 200 млн тоннаға дейін тұзды шаң-тозаң ұшады. Теңіз суының шегінуінен оның жағалауындағы 800 гектар тоғай, жануарлар дүниесі жойылып , теңіз айналасы бұл күнде тіршілігі жоқ құмды, сортаң жарамсыз жерлерге айналды. Теңіз суының тартылуынан мұнда теңдесі жоқ Барсакелмес қорығы жойылды. Бұл өзгерістер өз кезегінде сол аймақ тұрғындарының денсаулығына кері әсерін тигізді. Аралды сақтап қалуға арналған Халықаралық қордың құрылғанына 15 жыл толды. Осы жылдар аралығында аткарылған жұмыстар аз емес. Аралды қалпына келтіру үшін көптеген іс-шаралар қаралып, жобалар жасалды. Кіші аралдың оңтүстігіне ұзындығы 12 км болатын Көкарал бөгені салынды. Соның салдарынан Кіші Аралдың (Солтүстік) деңгейі 42 метрге, аумағы 800 шаршы километрге ұлғайды. Суы тартылып қалған тұзды көлдің табанын жауып, көлге тіршіліктің нышаны енді. Ғалымдардың айтуынша Аралдан ұшқан тұзды дауылдың бір ұшы Гренландиямұздықтары мен Норвегияның орманды алқабына да жеткенін дәлелдеген еді. Еліміздің көлемді атқарып жатқан іс-шараларының алды, аймақтың және жергілікті жердің экологиялық жағдайын көтеру. Бүгінгі күні Солтүстік Арал маңына халықтар қайта қоныстанып, үй салып, балық шаруашылығымен қайта айналыса бастады. АРАЛ ТЕҢІЗІ - Өзбекстан мен Қазақстан (Қызылорда және Ақтөбе облысы) жерінде, Тұран ойпатының шөлді белдемінде, Үстірттің шығыс шетінде орналасқан тұйық көл. Алабындағы қарқынды антропогендік әрекеттерге дейін (1960 - 70 ж. ) дүн. жүз. теңіз деңгейінен 53, 0 м биіктікте жатқан (кестені қ. ) . Осы деңгейдегі айдынының ауданы 66, 1 мың км² (аралдарымен қоса), суының көл. 1064 км3, орташа тереңд. 16, 1 м (ең терең жері 67 м), ұзындығы 428 км, ені 235 км, су жинау алабының ауданы 69000 км² болған. Алабындағы шаруашылық мақсаттарға үздіксіз су алу барысында 1998 ж. теңіз деңгейі 18 м-ге төмендеді (1997) . Нәтижесінде теңіз 2 суқоймаға - Үлкен Арал және Кіші Аралға бөлініп қалды. А. т. көне замандардан белгілі. Ежелгі гректер мен римдіктер теңізді Каспийдің "сақ шығанағы" деп есептесе, А. Македонский кезінде Окс теңізі (Окс - Сырдарияның грекше аты) деп атаған. Кейін Птолемей оның геогр. орнын анықтаған. А. т-нің Хорезм т., Жент т., Кердері т. сияқты аттары да бар. Араб саяхатшылары Әбу Әли Ахмед ибн Русте (10 ғ. ), Әбу Исхақ әл-Истахри (10 ғ. ), Әбу Абдал-лаһ Мүхаммед ол-Идриси (12 ғ. ), Әбу-л-Фида (14 ғ. ), сондай-ақ Әбілғазы жазбаларында А. т. туралы деректер кездеседі. 1850 ж. Аралдың алғашқы толық картасы жасалды. Теңіздің морфометриялық сипаттамаларын тұңғыш рет (1874, -1889) И. А. Стрельбицкий анықтады. Арал ойысы жоғарғы плиоценде жер қыртысының төменге майысуы нотюкесінде қалыптасқан. Табанының бедері жота-жоталы жазық болып келеді. Деңгейі күрт төмендегенге дейінгі тереңд. 20 - 25 м, А. т-нде жалпы ауданы шамамен 2235 км² (айдынның 3, 5%) болатын 1100 аралдар тобы болған, кейін олардың бірқатары түбектерге айналып, құрлыққа қосылған. А. т-не Орталық Азияның 2 аса ірі өзені (Әмудария мен Сырдария) құяды. Климаты континенттік, кұрғақ, ауаның орташа температурасы жазда 24 -26°С, қыста -7, 0 - 13, 5°С. Жьылдық жауын-шашынның орташа мөлш. шамамен 100 - 150 мм. Табиғи жағдайдағы теңіздің су теңдестігінің құрамы: көл бетіне жауатын жауын-шашынның мөлш. 5, 9 км3, өзен ағындысы 54, 8 км3, көл бетінен буланған ылғал 60, 7 км'. 1970 ж. бастап көлге құятын өзен ағындысы жоққа тән болғандықтан, булануға кеткен шығынды толтыруға шамасы жетпейді, сондықтан теңіз суы жылдан жылға тартылып келеді. Су деңгейінің маусымдық тербелісінің орташа мәні 25 см, көп жылдық (ғасырлық) ауытқуы 3 м-ге дейін жеткен. Соңғы кезде маусымдық кұбылмалылық болмаса, су деңгейінің көпжылдық ауытқу көрсеткіші тек төменге бағытталған. Судың беткі қабатының темп-расы жазда 26 - 30°С, қыста 0°С-тан төмен. Қыс бойы теңіз айдынын толығымен мұз басады. Суының тұзд. табиғи жағдайда 9 - 14%с болатын, соңғы он жыл ішінде (1988-98) 25 - 30%-ға дейін өсті. Суы өте мөлдір, 25 м-ге дейінгі тереңдікті көруге болатын еді. Теңіздегі ағыстар сағат тілінің бағытымен айналым жасайды. А. т-нде балықтан арал шоқыры, сазан, каяз, торта, т. б. бар. Соңғы кезде камбала жерсіндірілген. Кеме байланысы шамамен 7 айға созылатын, қазіргі кезде тек иірімдерде ғана қатынайды. А. т-нің жағалауында халық аз тұрады, жергілікті халық балық аулау, мал ш-мен жөне көкөніс-бақша өсірумен айналысады. Арал балық аулау ауданына А. т-не құятын өзендердің атырау аумағы кіреді. Балықөндеу (тұздау) зауыттары бұрын Әмударияның атырауында, Аван кентінде (Көкаралда), Бөген ауылында (шығыс жағалау), бұрынғы Ұялы және Ұзынқайыр аралдарында орналасқан болатын. Алғаш Әмударияның атырау тұсы А. т. Аталып, кейін теңіз түгелімен Арал аталған.
Арал теңізінің экологиясы Арал теңізі - Қазақстаныың інжу-маржаны, шөл белдеміндегі бірден-бір көгілдір су айдыны еді. Оның апатқа ұшырағанға дейінгі көлемі -1066 км², тереңдігі - 30-60 метр, тұздылығы - 10-12% болған. Қойнауы кәсіптік бағалы балықтарға бай, жағасы қоға мен қамысты теңіз еді. Сол кездерде жылына 50-150 мың балық ауланса, теңіз жағасынан едәуір мөлшерде бұлғын терісі игерілген. Арал өңірінің тұрғындары 1970 жылдарға дейін әлеуметтік-экономикалық тұрғыда жақсы қамтамасыз етілген тіршілік көшті. Теңіз өңіріндегі елді мекендерде 17 балық колхозы, 10 балық өңдейтін зауыт және 2 балық комбинаты тұрақты жұмыс істеген. 1960 жылдардан бастап Арал өңірін игеру қолға алынды. Осы аймақтағы игерілетін жер көлемі бұрынғыдан Өзбекстан мен Тәжікстанда 1, 5, Түрікменстанда 2, 4, Қазақстанда 1, 7 есеге өсті. Ал Әмудария мен Сырдария бойындағы халықтың саны 1960-1987 жылдар аралығында 2, 2 есеге артты. Халық санының өсуіне орай суға деген қажеттілік те артты. Осыған орай, 1970-1980 жылдар аралығында Аралға құйылатын су мөлшері азайды. Оның негізгі себептері - антропогендік факторлар еді. Екі өзен бойындағы суды мол қажет ететін күріш пен мақта өсіру ісі қаркындап дамыды (Шардара) . Оның үстіне ауыл шаруашылығының басқа да салалары барынша дамыды. Өзен бойлары игеріліп, суды ысырапсыз пайдалану жүзеге асты. Мәселен, Аралға 1960-1965 жылдар арасында 44 мың м3 су құйылса, бұл көрсеткіш 1974-1978 жылдары 13 мың м3, ал 1990 жыл-дары екі есеге қысқарды. Нәтижесінде, Арал теңізінің деңгейі 23 метрге дейін төмендеп, оның су айдыны 30-200 км-ге дейін қусырылды. Судың тұздылығы 40 пайызға дейін артты. Оның үстіне екі өзен бойындағы шаруашылықтарда тыңайтқыштар мен химиялық препараттарды қолдану бұрын-соңды болмаған көрсеткішке жетті. Тыңайтқыштарды қолдану 10-15 есеге өскен. Осындай антропогендік факторлар Арал өңірін экологиялық апатқа ұшыратты. Құрғап қалған теңіз түбінен жыл сайын айналаға зияндылығы өте жоғары 2 млн. т тұзды шаңдар көтеріліп, желмен тарай бастады. Сонымен, Арал апатына себеп болған факторларға: - жергілікті жердің тарихи-табиғи ерекшеліктерін ескермеу; - ауыл шаруашылығын дұрыс жоспарламау, судың қорын есепке алмау; - суды өте көп қажет ететін күріш, мақта дақылдарын барынша көбейтіп жіберу; - жерді игерудің агротехникалық шараларын сақтамау және суды үнемді пайдаланбау; табиғат ресурстарын пайдаланудағы жіберілген қателіктер мен оны меңгерудің ғылыми тұрғыдан негізделмеуі болып табылады. Осы аталған фактілер Арал теңізі экожүйесіндегі тіршілік атаулыны экологиялық дағдарысқа әкелді. Бұл жағдайлар адам баласының қолдан істеген қателігі ретінде дүние жүзіне белгілі болды. Арал өңірінде туындап отырған қазіргі экологиялық апаттар нышаны жыл өскен сайын теңіз суын тарылтуда. Оның фаунасы мен флорасы жойылып бітуге жақын. Топырақтың тұздануы өте жылдам жүруде. Арал теңізінде балық өсіру шаруашылығы тоқталып, соңғы 1-2 жылда ғана қайта қолға алынды. Ондағы тұрғындардың әлеуметтік жағдайы төмендеп кетті. Теңіз түбінен көтерілген улы тұздың мөлшері жылына 13-20 млн. т деп есептеледі. Тіптен, тұзды шаңдар әсері сонау Орта Азия республикалары аумағына жетіп, ауыл шаруашылығына зардабын тигізуде. Топырақтың тұздануы Өзбекстанда - 60%, Қазақстанда -60-70 %-ға артып отыр. Мұның өзі жалпы шаруашылыққа зиянын тигізуде. Арал өңіріндегі климаттың өзгеруі шөл белдемінің табиғи ландшафтар бірте-бірте күрделі әрі қайтымсыз антропогендік экожүйелерге қарай ығыстыруда. Арал өңіріндегі антропогендік факторлар ондағы тұрғындардың салт-дәстүріне, экономикалық-әлеуметтік жағдайына тікелей әсер етуде. Жұмыссыз қалған балықшылар әлеуметтік жағынан қорғаусыз қалып, басқа аймақтарға еріксіз қоныс аударуда. Қазіргі Арал өңірінде адамдардың денсаулығы күрт төмендеп кетті. Бұл өңірде соңғы мәліметтер бойынша туберкулез, бүйректе тас байлану, сарысу, өкпе-тыныс жолдарының қабынуы, жұқпалы аурулар республиканың басқа өңірімен салыстырғанда жоғары көрсеткішті беріп отыр. Арал теңізінің болашағы дүние жүзі халықтарын толғандыруда. Оның біржола жойыльш кетуі Орта Азия мен Қазақстанды ғана емес көптеген ШЫҒЫС елдеріннің тыныс-тіршілігіне өзгерістер әкелмек. Ал әлемдік климаттың өзгеруі, шөлге айналу, атмосферадағы ауытқу-шылықтар, антропогендік экожүйелердің тұрақсыздығын тудырады. Арал мәселесі соңғы 10 шақты жылда географ және эколог ғалымдар арасында жиі-жиі пікірталастар туғызуда. Арал мәселесі туралы халықаралық конференциялар ұйымдастырылды. Өркениетті елдер қаржылай көмек көрсетуде. Олар негізінен Орта Азия республикалары, Ресей, АҚШ, Жапония, т. б. мемлекеттер.
Арал теңізін құтқару жөнінде бірнеше ғылыми болжамдар мен жобалар бар. Олар: 1. Сібір өзендерін Қазақстанға бұру. 2. Әмудария мен Сырдария өзендерінің суын реттеу арқылы суды молайту. 3. Арал теңізін жартылай сақтап қалу. 4. Каспий теңізінің суын жасанды канал арқылы әкелу. 5. Жер асты суларын пайдалану. 6. Арал теңізінің өздігінен табиғи реттелуін немесе толысуын күту. Әрине, бұл жобалар болашақтың ісі болғанымен, уақыт талабы оны күттірмейді. Бәрі де қаражатқа тірелуі мүмкін. Ал оның іске асуы адамзат кауымының білімі мен біліктілігіне байланысты екені анық. Қазіргі кезде Аралды құтқару бағытында батыл да жоспарлы түрде ғылыми негізде жұмыстар жасалуда. "Арал тағыдыры - адам тағдыры" болғандықтан оны сақтап қалу.
1. 2 Каспий теңізінің экологиясы
Каспий теңізінің алып жатқан географиялық орнына байланысты (шөл зонасы) еліміздің шаруашылық саласында атқаратын маңызы өте зор. Сонымен қатар сол маңдағы шөлді алапқа ылғал әкелуші су айдыны ретінде де үлкен рөлі бар. Солтүстігіне құятын Еділ өзенінде бөгендердің салынуы, мұнай кәсіпшілігінің өркендеуі теңіздің экологиялық жағдайын нашарлатты. Соңғы жылдары бұл аймақ мұнай мен газды өндірудің маңызды экономикалық ауданына айналды. Теңіз деңгейінің көтерілуіне байланысты бұл аймақ табиғи апат жағдайына ұшырады. Табиғи қорларын игеруде де, бұл аудандағы табиғат компоненттерінің өзгеруіне байланысты мынадай проблемалар туындауда:
- экологиялық апатты аймаққа жататындықтан, негізгі әрекет етуші Капустин Яр, Азғыр полигонының ұзақ уақыт бойы жұмыс істеуіне байланысты тұрғын халықтардың денсаулығының күрт нашарлауы;
- мұнай мен газдың өндірілуіне байланысты тіршілік дүниесінің өзгеруі, балықтардың (бекіре) қырылуы, уылдырық шашатын көксерке балықтарының кеміп кетуі;
- осы теңізге ғана тән (эндемикалық) итбалықтың мезгіл-мезгіл қырылуы;
- аңызақ жерлердің шаруашылыққа тигізетін кері әсері (жел эрозиясы) .
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz