Жануарлар дүниесі биосфераның құрамдас бір бөлігі.



Жануарлар дүниесі биосфераның құрамдас бір бөлігі. Жануарлардың табиғатта және адам өмірінде маңызы зор. Олар табиғаттағы заттар мен энергия айналымында негізгі рөл актарады. Қазіргі кезде жер бетінде жануарлардың 2 млн-нан астам түрі белгілі, олардың ішінде тек жәндіктердің ғана 1 млн-ға жуық түрі бар.
Жануарлар дүниесі ұғымы дегеніміз жер қыртысында табиғи еркін жағдайда тұрақты немесе уақытша мекендейтін барлық жабайы жануарлар (сүтқоректілер, құстар, бауырмен жорғалаушылар, қосмекенділер, балықтар, ұлутектілер (молюскалар), насекомдар) жатады.
Жануарларды құқықтық қорғау – бұл жануарлар әлемін қорғаудағы міндеттемелерді орындаудың бір әдісі, құқықтық нормаларды қолдану мен шығарудың еркін білдіру, тұтастығын сақтауға бағытталады, жануарлар қауымының табиғи көптүрлілігі, оларды тиімді пайдалану мен ұдайы өндіру болып табылады.
Жануарлар әлемі қоршаған ортаның құрамдас бөлігі ретінде қоршаған ортаның басқа бөліктерімен тұрақты экологиялық байланыстағы және табиғи бостандықтағы жер бетіндегі және судағы жануарларды қамтиды. Жануарлар дүниесі құқықтық қорғау, өсімін молайту және пайдалану құқықтық ережелері – жануарлар тобын қорғау және пайдалану деген сөз. Осы саладағы барлық қатынастардың реттелуі мемлекеттік шаралар құқықтық сипатқа ие.
Жануарлар дүниесін қорғау мен олардың өсімін молайту, пайдалану ережелері, жануарлар дүниесінің өсіп-өну үрдісін өсімін қорғау, табиғи жағдай жасау, олардың табиғи ортасына қол сұқпау саласындағы қатынастары Қазақстан Республикасының тиісті заңдарымен реттеледі.
Біздің елімізде табиғатты қорғау және оның байлықтарын ұтымды пайдалану қоғамның дамуының конституциялық қағидаларына енгізілген, ол әрбір адамның парызы ретінде жалпымемлекеттік, жалпыхалықтық міндет болып табылады.
Қазіргі кезде жануарлар түрлерінің азаюына, негізінен, антропогендік факторлар әсер етеді. Ондай факторларға шектен тыс аулау, тіршілік ететін орта жағдайларының өзгеруі, ретсіз жерсіндіру, судың, топырақтың ластануы және т.б. жатады. Қазақстанда жануарларға арналған Қызыл кітап 3 рет (1978, 1991, 1996) жарық көрді.
Қазақстанның жануарлар дүниесі қазір сүтқоректілердің 178, кұстардың 489, балықтың 104 және омыртқасыздардың 50 мыңнан астам түрлерінен тұрады. Таралуы жағынан олардың мекендері бірнеше зоогеографиялық аудандарға бөлінеді. Оларға дала және орманды дала (Солтүстік Қазақстан, Ертіс өзені бойы), шөлейт және шөл (Каспий теңізінің солтүстік және шығыс жағалары, Жайық бойы, Торғай, Қызылқұм, Балқаш пен Зайсан көлінің жағасы, Бетпақдала, Сарысу, Сырдария жағалауы, Үстірт), таулы аудандар (Алтай, Сауыр, Тарбағатай, Жетісу Алатауы, Тянь-Шань, Қаратау, Ұлытау, Қалба, Сарыарқа) жатады.
Жануарлар дүниесінің дамуы. Жануарлар дүниесінің дамуы жағынан Қазақстан палеоарктикалық-зоогеографиялық облысқа кіреді. Ондағы жануарлар дүниесінің пайда болуы мен қалыптасуы өсімдік жамылғысының даму тарихымен ұқсас. Палеогон дәуірінде Қазақстанды тропиктік және субтропиктік жануарлар мекендеген. Олар Үндістан және Африка жануарларының түрлерімен ұқсас болған. Ал мұз басу дәуірінде жылы климатқа бейім жануарлардың кей түрлері қырылып, біразы жылы жаққа қоныс аударған.

Жануарлар дүниесі биосфераның құрамдас бір бөлігі. Жануарлардың табиғатта және адам өмірінде маңызы зор. Олар табиғаттағы заттар мен энергия айналымында негізгі рөл актарады. Қазіргі кезде жер бетінде жануарлардың 2 млн-нан астам түрі белгілі, олардың ішінде тек жәндіктердің ғана 1 млн-ға жуық түрі бар.
Жануарлар дүниесі ұғымы дегеніміз жер қыртысында табиғи еркін жағдайда тұрақты немесе уақытша мекендейтін барлық жабайы жануарлар (сүтқоректілер, құстар, бауырмен жорғалаушылар, қосмекенділер, балықтар, ұлутектілер (молюскалар), насекомдар) жатады.
Жануарларды құқықтық қорғау - бұл жануарлар әлемін қорғаудағы міндеттемелерді орындаудың бір әдісі, құқықтық нормаларды қолдану мен шығарудың еркін білдіру, тұтастығын сақтауға бағытталады, жануарлар қауымының табиғи көптүрлілігі, оларды тиімді пайдалану мен ұдайы өндіру болып табылады.
Жануарлар әлемі қоршаған ортаның құрамдас бөлігі ретінде қоршаған ортаның басқа бөліктерімен тұрақты экологиялық байланыстағы және табиғи бостандықтағы жер бетіндегі және судағы жануарларды қамтиды. Жануарлар дүниесі құқықтық қорғау, өсімін молайту және пайдалану құқықтық ережелері - жануарлар тобын қорғау және пайдалану деген сөз. Осы саладағы барлық қатынастардың реттелуі мемлекеттік шаралар құқықтық сипатқа ие.
Жануарлар дүниесін қорғау мен олардың өсімін молайту, пайдалану ережелері, жануарлар дүниесінің өсіп-өну үрдісін өсімін қорғау, табиғи жағдай жасау, олардың табиғи ортасына қол сұқпау саласындағы қатынастары Қазақстан Республикасының тиісті заңдарымен реттеледі.
Біздің елімізде табиғатты қорғау және оның байлықтарын ұтымды пайдалану қоғамның дамуының конституциялық қағидаларына енгізілген, ол әрбір адамның парызы ретінде жалпымемлекеттік, жалпыхалықтық міндет болып табылады.
Қазіргі кезде жануарлар түрлерінің азаюына, негізінен, антропогендік факторлар әсер етеді. Ондай факторларға шектен тыс аулау, тіршілік ететін орта жағдайларының өзгеруі, ретсіз жерсіндіру, судың, топырақтың ластануы және т.б. жатады. Қазақстанда жануарларға арналған Қызыл кітап 3 рет (1978, 1991, 1996) жарық көрді.
Қазақстанның жануарлар дүниесі қазір сүтқоректілердің 178, кұстардың 489, балықтың 104 және омыртқасыздардың 50 мыңнан астам түрлерінен тұрады. Таралуы жағынан олардың мекендері бірнеше зоогеографиялық аудандарға бөлінеді. Оларға дала және орманды дала (Солтүстік Қазақстан, Ертіс өзені бойы), шөлейт және шөл (Каспий теңізінің солтүстік және шығыс жағалары, Жайық бойы, Торғай, Қызылқұм, Балқаш пен Зайсан көлінің жағасы, Бетпақдала, Сарысу, Сырдария жағалауы, Үстірт), таулы аудандар (Алтай, Сауыр, Тарбағатай, Жетісу Алатауы, Тянь-Шань, Қаратау, Ұлытау, Қалба, Сарыарқа) жатады.
Жануарлар дүниесінің дамуы. Жануарлар дүниесінің дамуы жағынан Қазақстан палеоарктикалық-зоогеографиялық облысқа кіреді. Ондағы жануарлар дүниесінің пайда болуы мен қалыптасуы өсімдік жамылғысының даму тарихымен ұқсас. Палеогон дәуірінде Қазақстанды тропиктік және субтропиктік жануарлар мекендеген. Олар Үндістан және Африка жануарларының түрлерімен ұқсас болған. Ал мұз басу дәуірінде жылы климатқа бейім жануарлардың кей түрлері қырылып, біразы жылы жаққа қоныс аударған.
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІН ҚОРҒАУ
1.1 Жануарлар дүниесін қорғаудағы шаралар.қққ Қазақстанның жануарлар дүниесін қорғау, олардың адам өміріне, халық шаруашылығына келтіретін зиянына қарсы күресу - мемлекеттік шара болып табылады. Жануарлардың сирек және құрып кетуге таяу аз түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енгізіліп, ерекше қорғауға омыртқалылардың 125 түрі, омыртқасыздардың 96 түрі алынған. Елімізде бұрын көп болған құлан, қарақұйрық, ақбөкен сияқты аңдардың санын қалпына келтіру, сырттан әкелінген жануарларды жерсіндіру бағытында да жұмыстар жүргізілуде. Өзен бойларында ондатр, Алтай тауларында қара күзен мен балғын, Каспий жағалауында ит тәріздес жанат өсіру қолға алынған. Өзендер мен көлдерге балықтың жаңа тұқымдары жіберілуде.
Қазақстан табиғатының байлығы мен жануарларын қорғау мақсатында Ұлттық парктер (Баянауыл, Іле Алатауы, Қарқаралы, Алтынемел,Ордабасы) мен қорықтар (Ақсу-Жабағылы, Наурызым, Алматы, Барсакелмес, Үстірт, Қорғалжын, Батыс Алтай, Алакөл) ұйымдастырылған. Жануарлар дүниесін, әсіресе балық пен теңіз жануарларын қорғау мемлекет Заңдарына, халықаралық шарттар мен конвенцияларға сәйкес жүргізіледі.
Жануарларды халықаралық дәрежеде қорғау мәселесі 20 ғасырдың бас кезінде қолға алынды. 1902 ж. Париж қаласында алғаш рет Құстарды қорғаудың халықаралық конвенциясына қол қойылды. 1948 ж. ЮНЕСКО-ның жанынан Халықаралық табиғат қорғау одағы ұйымдастырылды. Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл кітабы 1966 ж. тұңғыш рет 2 том болып шықты.
Халықаралық шарттарда аулау тәртібі, теңіздерді ластаудан сақтау жолдары, балықты және теңіз жануарларын аулау мөлшері (квотасы), уақыты, ау торының кеңдігі, тағы басқа да шаралар көрсетіледі.
Мемлекетаралық 150-ден астам шарттар мен конвенцияларға қол қойылды. 1946 жылы келісілген халықаралық конвенция кит аулау жөнінде арнаулы комиссия құрылып, ауланатын киттердің түрі, аулауға рұқсат етілген теңіз алқаптары, аулау уақыты мен мөлшері (квотасы) бекітілді.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1993 жылы қазан айында Қазақстан республикасының Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы Заңын қабылдады.
Онда Қазақстанның жануарлар дүниесі мемлекеттік меншік деп жарияланып, республика халқының игілігінде болатыны көрсетілген.
Заң жабайы жануарларды пайдалану және қорғау жөніндегі қоғамдық арақатынасты реттеуді көздеп, олардың ұстауға, қамауға, табиғи бірлестігін бұзуға жол бермей, ұтымды пайдаланып, заңдылықты қатаң сақтауды талап етеді.
Жануарлар дүниесін қорғау үшін мынадай шаралар алынады:
- жануарларды қорғау, ұтымды пайдалану, өсіру, өндіру ережелері мен нормаларын бекіту;
- жануарлар дүниесін пайдалануға тыйым салу немесе кештеулерді белгілеу;
- өндірістік жұмыстар жүргізгенде жануарлардың өсуіне, қырылуына жол бермеу;
- қорықтар, басқа да ерекше қозғалатын территориялар ашу;
- сирек кездесетін, жойылу қаупі төнген жануарларды қолдан өсіріп көбейту;
- жануарларды зоологиялық парктерде, бұрыштарда, музейлерде көрсету үшін ұстауды азайту;
- адамдарды жануарлар дүниесіне аяныш,адамгершілік көз қарасқа тәрбиелеу;
- жануарлар дүниесін қорғау мәселелерін үнемі ақпарат құралдары арқылы насихаттап отыру.
1.2 Жануарларды қорғаудағы Қызыл кітаптың маңызы. Халықаралық табиғат қорғау одағының "Қызыл кітабы" -- халықаралық дәрежедегі құжат.
Қызыл кітапқа сирек кездесетін, жылдан жылға азайып не жойылып бара жатқан, сондықтан да айрықша қорғауды қажет ететін жануарлар мен өсімдіктердің түрлері тіркеледі. Жануарларды халықаралық дәрежеде қорғау мәселесі 20 ғасырдың бас кезінде қолға алынды. 1902 ж. Париж қаласында алғаш рет Құстарды қорғаудың халықаралық конвенциясына қол қойылды. 1948 ж. ЮНЕСКО-ның жанынан Халықаралық табиғат қорғау одағы ұйымдастырылды. Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл кітабы 1966 ж. тұңғыш рет 2 том болып шықты. Оның 1-томында сүтқоректілердің 211 түрі, 2-томына құстардың 312 түрі туралы деректер берілді. Бұл кітап күнтізбе парақтары тәрізді арнайы жасалды, түрлер 4 категорияға топтастырылды.
Адамның табиғатқа әсерінен жануарлар мен өсімдіктер қырғынға ұшырауда, соның салдарынан ағзаның көптеген түрлері жойылып кету шегіне жетті. Мәселен, 90-жылдардың ортасына дейін, 40 жыл бойы бөкен Қазақстандағы негізгі кәсіптік жануар болды. 1991-1993 жылдарда 800-900 мың бөкендер бар еді. 1998 жылы - 470 мың, 2001 жылы - 80 мың, ал 2003 жылы бар болғаны 21 мың бөкен қалды. Үкімет қаулыларымен бөкендердің барлық түрін аулауға тыйым салынды.
Адамның қырып-жою әрекетінің әсері. Адамның қырып-жою әсер етуінің тағы бір мысалы ретінде Арал теңізінің экологиялық опатын көрсетуге болады. Соның нәтижесінде теңіздің жартысынан астамы Әмудария және Сырдария өзендерінің ағысын бөліп жібергендіктен, тартылып кетті. Арал теңізі ірі балық кәсіпшілігі орнынан шағын суқоймаға айналып қалды. Теңіздің сорлануының тез өсуі нәтижесінде тұздылығы 60% (промиллеге) дейін көтерілді, сөйтіп суармалы егістіктің ақаба суынан пестицидтер мен нитраттардың жинақталуынан теңіз суынан балықтардың 28 түрі жойылып кетті. Қазақстанда жыртқыш құстардың жағдайы шұғыл нашарлап кетті. Оның негізгі себептері мыналар:
- ересек құстарды жаппай аулау, сондай-ақ сату үшін ұядан (ителгі,бидайық, лашын, ақ сұңқар; бүркіт, қарақұс тәрізді қырандардың) балапандарын алу;
- қаскерлік;
- жабайы тұяқтылардың санының кемуінен қоректік қордың азаюы (құмай, жұртшы, сақалтай);
- су қоймаларды шаруашылықтың игеруі, жағалаудағы ағаштарды шауып алу, балық қорының кемуі (балықшы тұйғын, аққұйрықты субүркіт);
- электрберіліс жолында қорғаныш құрылғыларының болмауы, химиялық ластану (жыланжегіш қыран);
- тоғайлы орманның құлдырауы (бақалтак қыран);
- тіршілік орындарының бүлінуі;
- тың даланы жырту;
- ірі қараны қайталап жаю.
Басылымдары. "Қазақстанның Қызыл кітабы" - Қазақстан Республикасы аумағында жойылып кету қаупі төнген және сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктердің сипаттамасы берілген арнайы басылым. 1978 жылдан шығарыла бастады. Оның омыртқалы жануарларға арналған бірінші бөлімі жеке кітап болып 1978 ж. жарық көрді. "Қазақстанның Қызыл кітабының" екінші бөлімі 1981 ж. өсімдіктерге арналып шығарылды.
Бірінші басылым. "Қазақстанның Қызыл кітабының" бірінші басылымына тіркелген өсімдіктер мен жануарлар түрлері екі категория бойынша: А категориясы - жойылып кету қаупі төнген түрлер; Б категориясы - сирек кездесетін түрлер деп берілді. "Қазақстанның Қызыл кітабының" жануарларға арналған бірінші басылымында омыртқалы жануарлардың 87 түрі:
- балықтың 4,
- қосмекенділердің 1,
- бауырымен жорғалаушылардың 8,
- құстардың 43,
- сүтқоректілердің 31 түрі тіркелді. (1991 ж.)
Екінші басылым. "Қазақстанның Қызыл кітабының" толықтырылған екінші басылымы шықты. Кітаптың екінші басылымына омыртқалы жануарлардың 129 түрі мен түр тармақтары тіркелді. Онда
- балықтардың 16,
- қосмекенділердің 3,
- бауырымен жорғалаушылардың 10,
- құстардың 58,
- сүтқоректілердің 42 түрі мен түр тармақтары туралы мәліметтер берілген.
"Қазақстанның Қызыл кітабының" екінші басылымында алғаш рет омыртқасыз жануарлардың 105 түрі берілді, онда
- жәндіктердің 96,
- шаянтәрізділердің 1,
- ұлулардың 6,
- құрттардың 2 түрі туралы деректер тіркелген. (1996 ж.)
Үшінші басылым. "Қазақстанның Қызыл кітабының" үшінші басылымы қайта өңделіп, әрі толықтырылып, қазақ тілінде шықты. Бұл үшінші басылымның бірінші томы "Жануарлар", оның бірінші бөлімі "Омыртқалылар" деп аталды. Онда омыртқалы жануарлардың 125 түрі мен түр тармағы туралы деректер берілген."Қазақстанның Қызыл кітабының" үшінші басылымында тіркелген жануарлар түрлері 5 категория бойынша:
1-категория - жойылып бара жатқан;
2-категория - саны жылдан-жылға күрт азайып бара жатқан;
3-категория - сирек кездесетін;
4- категория - ғылыми тұрғыдан толық зерттелмеген;
5-категория - қалпына келтірілген түрлер деп берілген. "Қазақстанның Қызыл кітабының" үшінші басылымында тіркелген омыртқалы жануарлар түрінің қандай отрядқа, қандай тұқымдасқа жататыны және әрбір жеке түрге қысқаша қазақша, ағылшынша деректер берілген. Сонымен бірге әрбір ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан биосферасы
Географиялық қабықтың құрылысы және қасиеттері
Адам жане биосфера жайлы
Адамзат - тірі табиғаттың дамуының жалғасы
Қазіргі Қазақстанның өсімдік жамылғысы
Экология құқығының объектілері
Биосфера - жердің тіршілік қабаты
Биосфераның ластануы туралы ақпарат
Экологияның абиотикалық факторлары
«Экологиялық – құқықтық реттеудің түсінігі, мәні. Қоғам мен табиғаттың өзара байланысы.»
Пәндер