«Экологиялық – құқықтық реттеудің түсінігі, мәні. Қоғам мен табиғаттың өзара байланысы.»


МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ТҮСІНІГІ МЕН МӘНІ

1. 1. Экология құқығының түсінігі, мәні мен әдістері . . . 5

1. 2. Экологиялық құқықтық қатынастардың объектілері мен субъектілері . . . 9

1. 3. Экологиялық құқықтың принциптері мен жүйесі . . . 12

2. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ҚАЙНАР КӨЗІ

2. 1. Экологиялық құқықтың қайнар көзінің түсінігі . . . 17 2. 2. Экология заңдарын бұзудың түсінігі мен белгілері . . . 18

3. ҚОҒАМ МЕН ТАБИҒАТТЫҢ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫ

3. 1. Табиғи ресурстарды пайдалану құқығы . . . 33

3. 2. Айналадағы табиғи ортаны қорғау мен пайдаланудың мазмұны . . . 35

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 38

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 41

Кіріспе

Қоғам мен табиғаттың қатар өмір сүруі бір-біріне тығыз байланысты заңдылық. Егемендік алған аз уақыттың ішінде Республикада осындай шараларды жүзеге асыру үшін көптеген жұмыстар атқарылуда, Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды. Ол - барлық басқа заңдардың түпнұсқасы. Айналадағы табиғи ортаны қорғау, Жер, жер қойнауы мен минералды шикізатты ұқсату. Су, орман кодекстері, жануарлар дүниесін қорғау, оның өсімін молайту және пайдалану туралы заңдар қабылданды.

Осы және басқа да экологиялық заңдар экология құқығының мақсаттары мен міндеттерін белгілеумен бірге, адамның денсаулығы мен өміріне экологиялық қолайлы жағдайлар жасауға, табиғатты жаңартуға, оны тиімді пайдалануға, қорғауға, тәртіпті нығайтуға жіне заңдылықты орындауға қызмет етеді.

Экология ( грекше oikos - үй, мекен, logos - ғылым) - жанды организдердің тіршілік ортасы мен ара қатынасын зерттейтін биологиялық ғылым. Алғашқы бұл ғылыми терминді 1866 жылы неміс ғалымы Геккель ұсынып және ұзақ уақыт бойы тек биология ғылымы негізінде тар аяда қолданылды. Ол өзінің әйгілігіне ХХ ғасырдың екінщі жартысында ие болды., өйткені тура осы кезден бастап адам мен орта қоғам мен табиғат арасындағы қатынастар шиеленісе түсті. Экология - тірі организмдер мен олардың өмір сүру негізі қоршаған табиғи орта арасындағы қарым - қатынастарды анықтайтын ілім ретінде қолданылады.

Қазіргі заманда экология табиғат пен қоғам ара қатынастарын зерттейтін ғылымға айналған. Онда адам мен табиғаттың өзара тікелей ортаны қорғау ісіне кеңінен мән беріліп отыр.

«Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы» - айналадағы табиғи ортаны қорғауға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық ережелердің жиынтығын зерттейтін оқу пәні немесе ғылым саласы

Экология құқығының негізгі тақырыбы табиғи ресурстарын тиімді пайдалну, ұдайы молайту және қорғау салаларындағы қатынастар болып табылады. Ол қатынастар белгілі бір принциптерде жүзеге асырылады. Бұл ретте табиғат қорларын пайдалануды оны қорғаудан, табиғатты қорғауды оны пайдаланудан бөліп алып қарауға болмайды. Бірақ, кейде табиғат қорларының объектілерін пайдаланудың, жаңғыртудың немесе қорғаудың басымдылығы да болуы мүмкін.

Табиғат пен қоғамның өзара байланысы негізі 2 нысандағы қоғамдық қатынастар негізінде - табиғат ресурстарын пайдалану мен табиғатты қорғауда көрініс табады. Табиғат ресурстарын пайдалану - материалдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған қоғамнан экономикалық мүддесімен анықталады. Табиғатты қорғау қазіргі кезең және болашақ ұрпақтар үшін қоршаған табиғи ортаның сапасы мен байланысты қоғамның экологиялық даму мүддесі болып табылады. Бірақ, тірі организмдердің (соның ішінде адамның да, қоғамның да) жалпы қоршаған ортамен емес, табиғи ортамен байланысты екендігін де көрсету керек. Сондықтан, экологияны сөзбе-сөз түсіну үшін, тек табиғи ортамен ғана өзара қарым - қатынас болған жағдайды айту керек. Міне, тек осы жерде ғана табиғатты дамыту (жақсарту) туралы, экологиялық заңдарды сақтауға аса назар аудару керек. Қоршаған ортада - бұл әлеуметтік экологияның заты емес.

1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ТҮСІНІГІ МЕН МАҢЫЗЫ

1. 1 Экология құқығының түсінігі, мәні мен әдістері.

Экологиялық құқық - экологиялық-заңдылық нормалардың (тәртіп ережелері) жиынтығы. Ол қоршаған ортаны корғау экологиялық зияндардың зардаптарын алдын ала ескерту, адамды қоршаған табиғи ортаны сауықтыру және сапасын арттыру жолында адам мен табиғаттың өзара қоғамдық (экологиялық) қатынасын ретгейді.

Қоғам мен табиғаттың өзара әрекеттері аясындағы, адамдардың қазіргі және келешек ұрпақтарының мүдделері үшін табиғат байлығын қорғау және ұтымды пайдалану саласындағы қоғамдық (экология) қатынастарды реттейтін заңы нормаларының жиынтығы. Экологиялық Құқықтың негізгі көздері: Қазақстан Республиксының Конституциясы (1995), (1999), Қазақстан Республиксының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республиксының Жер кодексі (2003), Қазақстан Республиксының Су кодексі (2003), Қазақстан Республиксының Орман кодексі (2003), Қазақстан Республикасының «Жануарлар дүниесін қорғау, ұдайы өсіру және пайдалану туралы» (1993) , «Әуе кеңістігін пайдалану және Қазақстан Республиксының авиациясының қызметі туралы» (1995), “Қоршаған ортаны қорғау туралы” (1997), Қазақстан Республикасы Президентінің “Мұнай туралы” заң күші бар Жарлығы (1997), Ұлттық қауіпсіздік туралы Қазақстан Республиксының Заңы (1998), “Өсімдіктер карантині туралы” (1999) заңы, министрліктердің қаулылары мен өкімдері, нормативтік актілері болып табылады. Экологиялық құқық нормалары құқықтың көптеген көздерінде, соның ішінде заңнаманың басқа салаларында да кездеседі.

ҚР-ның экологиялық құқығы - айналадағы табиғи ортаны қорғауға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық ережелердің жиынтығын зерттейтін оқу пәні немесе ғылым саласы.

Экологиялық құқықтың пәні - бұл экологиялық-құқықтық нормалардың қолданылу саласында қалыптасатын тарихи тұрғыда қазіргі және болашақтағы ұрпақтар мүдделері үшін қоршаған ортаны сақтап қалу мақсатында табиғи объектілерді сақтау, жақсарту, қалпына келтіру, тиімді пайдалану тұрғысында міндетті түрде мемлекеттің қатысуы жағдайында азаматтар мен ұйымдар арасындағы өндірістік қатынастармен байланысты болуы.

Құқық саласының сипаттамасын реттеу экологиялық құқықтың мәнін анықтаудан басталады. Құқық теориясынан біз мынаны білеміз: белгілі бір саланы реттеудің мәні қоғамдық қатынастар болып табылады, олар іштей бірлікпен, ерекшелігімен, жақындық белгісімен, кейбір басқа да қасиеттерімен сипатталады және адам қызметінің белгілі бір саласын реттеуге бағытталған. Осы қисынды ұстана отырып мынаны мойындау керек: экологиялық құқықтың адамзат қоғамы мен табиғаттың, мемлекеттің және оның субъектілерінің табиғат ресурстарын пайдалану мен сақтау тұрғысындағы өзара әрекетінің саласында туындайтын экологиялық қатынастар болып табылады.

Экологиялық құқық мәнінің ұғымын ғалымдар ертеректе зерттеген. Ресей оқулықтарын ерекше атап көрсеткен жөн, олардан біз мынадай анықтамаларды ұшыратамыз: "Экологиялық құқықтың мәні қоғам мен табиғаттың өзара әрекеті саласындағы қоғамдық қатынастар болып табылады, олар тұтастай алғанда табиғи объектілер мен қоршаған табиғи ортаны қорғау тұрғысында туындап, дамиды", "Экологиялық құқықтың мәні - бұл экологиялық-құқықтық нормалардың қолданылуы саласында қалыптасатын тарихи тұрғыда қәзіргі және болашақтағы ұрпақтар мүдделері үшін қоршаған ортаны сақтап қалу мақсатында табиғи объектілерді (экологиялық жүйелерді) сақтау, жақсарту, қалпына келтіру, тиімді пайдалану тұрғысында міндетті түрде мемлекеттің қатысуы жағдайында азаматтар мен ұйымдар арасындағы өндірістік қатынастармен байланысты болуы".

Экологиялық құқықтың мәні - бұл экологиялық-құқықтық нормалардың қолданылу саласында қалыптасатын тарихи тұрғыда қазіргі және болашақтағы ұрпақтар мүдделері үшін қоршаған ортаны сақтап қалу мақсатында табиғи объектілерді сақтау, жақсарту, қалпына келтіру, тиімді пайдалану тұрғысында міндетті түрде мемлекеттің қатысуы жағдайында азаматтар мен ұйымдар арасындағы өндірістік қатынастармен байланысты болуы.

Экологиялық құқықтың белгісі экологиялық қатынастарды құқықтық реттеуі әдістерінің болуы. Құқық теориясынан мына жайт т белгілі: құқық саласының әдісі ретінде қоғамдық қатынастарға қатысушыларға ықпал ету тәсілдері, осы қатынастарды реттеу тәсілдері танылады. Экологиялық құқық біршама жуықта ғана дербес ала ретінде танылуымен байланысты экологиялық құқық әдісін анықтау тұрғысында әлі де болса бірегей пікір болмай отыр.

Экологиялық құқық әдісі туралы мәселе елеулі ғылыми проблема болып табылады және ол жеке зерттелуі тиіс. Әдістің ерекшелігі құқық саласы мен реттеу мәні сипаттамасынан бастау алумен анықталады. Экологиялық құқықтың анықтауыш белгісі саланың кешенділігі ұғымынан, табиғат ресурстарын пайдаланудың ішкі салалық процесстерін ортақ мақсатқа - адамның тіршілігі үшін жарамды табиғат сапасын сақтаудан бастау алады. Ғалымдар мынаны дәлелдеп отыр. экологиялық құқық құрамына жататын жекелеген салалардың (жер, су, тау және т. б. ) өз жүйесі, өз мәні мен өз әдісі болады. Алайда экологиялық құқық әдісі - бұл неғұрлым күрделі құбылыс. Экологиялық құқықтың әдістеріне мыналар жатады:

1. Экологияландыру әдісі. Бұл әдістің мазмұнынан экологиялық құқық қатынастарын құқықтық реттеу тәсілін ұғынған жөн, бұл ретте қоршаған табиғи ортаға немесе оның жекелеген ресурсын пайдалану немесе кез келген шаруашылық және өзге де ықпал ету бүкіл табиғат сапасын сақтау мақсатына бағындырылуға тиіс. Пайдалы қазындыларды өндіру, өнеркәсіп объектілерін салу кезінде, республика аумағына шетелдік өнеркәсіп технологияларын әкелу кезінде, ғарыш объектілерін пайдаланған кезде және т. б. кездерде барлық жерде экологияландыру әдісі қолданылады;

2. Тараптардың теңдігі әдісі. Бұл әдіс, егер экологиялық құқық қатынасының мазмұны азаматтық құқықтық мәмілелер, заладың орнын толтыру болып табылатын жағдайларда қолданылады. Бұл қатынастардың субъектілері, әдетте бірдей жағдайда болады, бір-біріне тәуелсіз құқықтар мен міндеттердің бірдей көлеміне ие болады. Оларды тек шарт қана байланыстырады;

3. Биліктің ықпал ету әдісі. Бұл әдіс субъектілер бағынышты, тәуелді болған, олардың құқықтары мен міндеттерінің көлемі жоғары тұрған субъекті анықтаған жағдайда экологиялық құқық қатынастарында қолданылады. Айталық, ҚР-сы аумағында табиғат ресурстарын пайдалану жөніндегі барлық құқық қатынастары іс жүзінде мемлекеттік орган беретін рұқсаттың (лицензияның) негізінде жүзеге асырылады, бұл орган осы қатынастың туындауына, өзгеруіне және тоқтатылуына ықпал етеді. Биліктің ықпал ету әдісі табиғат ресурстарын пайдалану жағдайында, кінәлі адамдарды жауапкершілікке тарту жөнінде министрліктер мен ведомстволар басқаруды жүзеге асыру кезінде, бекітілген табиғат қорғау шараларын жүзеге асыру кезінде қолданылады;

4. Мәжбүрлеу әдісі. Бұл әдіс кінәлі адамды жауапкершілікке тарту жөніндегі қатынастарды реттеу кезінде қолданылады. Бұл әдіс биліктің ықпал ету әдісінің құрамдас бөлігі ретінде толық заңды түрде қарастырылады, себебі кінәлі адам мемлекет белгілеген тәртіп ережесін бұзған кезде құқық қатынасын реттеу болып табылады;

5. Экономикалық әдіс. Бұл әдістің көмегімен табиғат ресурстарын пайдаланғаны үшін, қоршаған табиғи ортаны ластағаны үшін төлемдерді алу жөніндегі құқық қатынастары реттеледі;

6. Халықаралық-құқықтық әдіс. Экологиялық қатынастарды реттеудің халықаралық-құқықтық әдісі қажет әдіс, себебі экологиялық құқықпен табиғат ресурстары қорғалады және пайдаланылады, олар бірнеше мемлекеттің аумағы бойынша көшіп отырады. Объектиті құрылым ретінде табиғат кешені мемлекеттерге, құқықтық режимге тәуелді болмайды, бірақ ол табиғат процесстеріне тәуелді болады, олар әр алуан мемлекеттердің аумағы арқылы өтеді. Бір мемлекеттің меншігі болмайтын табиғат объектілері бар, қайта бүкіл адамзатқа тиесілі болады (әлемдік мұхит, ауа, озон қабаты және т. б. ) . Қазақстан Республикасының заңнамасы бұл жағдайларда қәзіргі халықаралық экологиялық конвенциялар мен шарттарға бағынады. Атап айтқанда осы жағдайларда халықаралық әдіс қолданылатын болады. Сөйтіп экологиялық құқықта негізгі әдіс ретінде экологияландыру әдісі танылады, қалған әдістер қосымша әдістер болып табылады.

1. 2. Экологиялық құқықтық қатынастардың объектілері мен субъектілері.

Экологиялық қатынастар дегеніміз - бұл объектісі табиғат пен оның құрамындағы элементтер болып табылатын қатынастарды айтамыз.

Табиғатта Күн, оның сәулесі, Ай, оның жарығы, алып су қоймалары (мұхит, Каспий сияқты теңіздер), олардың табаны, минералды заттары, жануарлар мен өсімдіктер дүниесі, Арктика мен Антарктида, жел және басқа байлықтар бар. Егер мемлекет сондай су қоймаларының жағасында болса, континентті қайраң аумағында олардың жер қойнауын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін пайдалану құқығына ие бола алады. Ал алып су қоймаларындағы Арктика мен Антарктидадағы табиғат байлықтарын пайдалану тек халықаралық келісім бойынша жүргізіледі. </h4>

Мемлекет аумағындағы табиғат байлықтары дүние жүзі немесе Жер шары байлықтарының иемденген бір бөлігі болғандықтан, оларды табиғи ресурстар дейміз.

Экологиялық құқықтың объектілері дегеніміз - айналадағы табиғи ортаны құрайтын, адамның тіршілік қажеттіліктеріне жұмсалатын табиғи ресурстар мен адамдардың экологиялық денсаулығы мен өмірін айтамыз.

Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарына - мемлекет аумағындағы жер, жер қойнауы, су, орман, атмосфералық ауа, жануарлар мен өсімдіктер дүниесі, табиғаттың көрікті жерлері мен ескерткіштері және басқа осы сияқты байлықтар жатады.

Республиканың жер көлемі батыста - Еділ өзенінің төменгі ағысынан, шығыста - Алтайға дейін 3000 шақырымға созылып, Батыс Сібір кеңістігінен Тянь-Шань тауларына дейінгі 1600 шақырым қашықтықты алып жатыр. Бұл аумаққа (2 717, 3 мың км 2 ) Франция, Португалия, Испания, Италия, Греция, Швеция, Норвегия және Финляндия мемлекеттері түгелімен сыйып кетеді. Пайдалы қазбалардың Менделеев кестесінде көрсетілген барлық элементтері Қазақстан Республикасының аумағында кездеседі. Оның ішінде, әсіресе ол мұнай, газ, түсті металл қазыналарына бай.

Орман қоры республика аумағының бар болғаны 3 процентін алып жатыр. Ол көлемі жағынан бұрынғы Кеңестер Одағында Ресейден кейінгі екінші орын алатын. Оның көлемі 21775 мың гектарға жуық. Еліміздің аумағында құстың 475, аңның 152 түрі, 6 мыңнан астам су қоймасында балықтар бар.

Осы қысқаша шолудың өзінен-ақ Қазақстан Республикасында табиғи ресурстар мол екені аңғарылады. Олар халықтың сан алуан қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін пайдаланылады.

"Қазақстан Республикасында айналадағы табиғи ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасының заңында құқықтық реттеуге жататын жоғарыда көрсетілген табиғи ресурстардың түрлері аталған. Солардың ішінде жер, жер қойнауы, су, орман, сан алуан түрлі жануарлар мен өсімдіктер дүниесі, дағдылы және сирек кездесетін ландшафтар (өңірлер), табиғи қорықтар, табиғи заказниктер, ұлттық табиғи парктер, табиғат ескерткіштері, жердің климаты мен озонды қабаты, сондай-ақ атмосфералық ауа, табиги экологиялық жүйелер мен биосфераның құрамдас бөлігі ретінде өзге де табиғи объектілер бар.

Құқықтық қорғалуға тиісті объектінің ерекше түріне адамның денсаулығы мен өмірі де жатады. Адамның денсаулығы мен өміріне айналадағы табиғи ортаның қолайлы болуы, шаруашылық және өзге де қызметтің зиянды ықпалына жол бермеу сияқты экологиялық қатынастар экология құқығының объектісі бола алады.

Аталған табигат объектілері мемлекет меншігіне айналған және оған жатпайтын объектілер болып бөлінеді. Мемлекет меншігіне жататындар - жер, оның қойнауы, су, орман, жануарлар мен өсімдіктер дүниесі. Олардың ішінде кешенді табиғат объектілері де табиғи қорықтар, табиғи заказниктер, ландшафтар, ұлттық парктер және табиғат ескерткіштері бар. Бұл табиғат объектілері тек қана мемлекеттің меншік объектілері болып саналады. Жердің климаты, озонды қабаты, атмосфералық ауа, биосфераның құрамдас бөліктері табиғат объектілері болғанымен, мемлекеттік меншік объектісі емес.

Қазақстан Республикасының меншік туралы заңында ауа кеңістігі тек қана мемлекеттің меншігі болып табылады. Себебі ауа кеңістігі - ұшақтар, тік ұшақтар және басқа ұшатын аппараттар үшін табиғи орта және республика аумағының аспандағы биосфера қабаты. Бірақ Қазақстан Конституциясында және "Қазақстан Республикасында айналадағы табиғи ортаны қорғау туралы" заңында ауа кеңістігі мемлекеттің меншігі және табиғат объектісі есебінде көрсетілмеген.

Қазақстан Республикасының ауа кеңістігі туралы арнайы қабылданған заңы да жоқ. Сондықтан Қазақстан Республикасының ауа кеңістігін экология құқығының объектісі деуге қазірше заңды негіз де жоқ.

Табиғат қорларына заңдарда құқықтық мәні бар қосымша нышандар беріледі. Мысалы, жер қорғалатын табиғат объектісіне оның жоғарғы қабаты, құнарлы топырағы және теңіздердің, көлдердін, өзендердің табандары жатады. Жер қойнауына шаруашылыққа пайдаланатын табиғи ортаның бір бөлігі - жер асты мен пайдалы қазбалары жатады. Су көзіне - жер үстіндегі және жер астындағы сулар мен табиғи мұздақтар, ормандарға табиғи ағаштар мен бұталы алқаптар жатады.

Табиғи ресурстар - азық-түлік, дәрі-дәрмек, киім, құрылыс материалдары, тағы басқа пайдалы заттар алынатын байлық көздері.

Табиғи ресурстар қалпына келетін, жанартылатын, қалпына келмейтін, жаңартылмайтын, сарқылатын, сарқылмайтын түрлерге бөлінеді. Мысалы, топырақтың құнарлылығы, орман қалпына келтірілетінге, жаңартылатынға, кен қалпына келмейтін және су сарқылатын байлықтарға жатады. Сондықтан табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және оны қорғау экологиялық құқықтың негізі болып табылады.

Айрықша қорғалатын табиғат объектілеріне қорықтар, ұлттық, тарихи, табиғи және мемориалдық парктер, заказниктер, табиғат ескерткіштері, қорық аймақтары, ботаникалық және зоологиялық бақтар, дендрарийлер, сондай-ақ Қызыл кітапқа енгізілген жануарлар мен өсімдіктер, курортты және рекреациялық аймақтар жатады.

Экологиялық қатынастар субъектілеріне мыналар жатады:

  1. Қазақстан Республикасы, себебі біздің мемлекетіміз табиғат ресурстарының меншік иесі болып табылады.

2. Шетелдік мемлекеттер - Қазақстанның табиғат ресурстарын пайдалану мәселелері бойынша экологиялық қатынастардың субъектілері болып табылады, республикаға табиғи ортаға келтірген залалы үшін жауап береді (шекаралық су объектілері бойынша бірлесіп су пайдалануы және т. б. ) .

3. Халықаралық ұйымдар.

4. Заңды тұлғалар.

5. Жеке тұлғалар.

1. 3. Экологиялық құқықтың принциптері мен жүйесі.

Экология құқығының принциптері - мемлекет, қоғам, кәсіпорындардың, өкімет орындарының, ұйымдардың және басқа құрьшымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың экологиялық құқықтық қатынастардағы түпкі бастамасы.

"Қазақстан Республикасында айналадағы табиғи ортаны қорғау туралы" заңында айналадағы табиғи ортаның жай-күйіне ықпал ететін шаруашылық, басқару және өзге де қызметті өкімет органдарының, министрліктер мен ведомстволардың, кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдардың, сондай-ақ азаматтардың мынадай принципте жүзеге асыруын қарастырған:</h4>

- адамның өмірі мен денсаулығын қорғаудың басқа да қызмет түрінен басымдылығы, айналадағы табиғи ортаның тұрмыс, еңбек және демалыс үшін қолайлы болуына азаматтар құқығының нақты кепілдіктерін қамтамасыз ету;

- қоғамның экологиялық және экономикалық мүдделерін, соңғысына басымдық бере отырып, ғылыми түрғыдан негіздеп ұштастыру;

- айналадағы табиғи ортаға ұқыпты қарау және айналадағы табиғи ортаға зиянды зардаптар жасалуын шектеу;

- табиғатты жалпы тегін пайдалану;

- табиғатты ақы төлеп арнайы пайдалану;

- табиғатты қорғау және табиғатты қалпына келтіру тиімділігін арттыруға бағытталған шараларды көтермелеу;

- шаруашылық және өзге де қызмет міндеттерін шешудегі жариялылық;

- қоғамдық ұйымдармен және халықпен тығыз байланыстыру;

- айналадағы табиғи ортаны қорғау саласында ұлттық және халықаралық мүдделерді ұштастыру;

- табиғат қорғау заңдарын бұзу арқылы айналадағы табиғи ортаға, кәсіпорындарға, мекемелер мен ұйымдарға, сондай-ақ азаматтарға келтірілген зиянды толық өтеу;

- шаруашылық және өзге де қызметтің айналадағы табиғи ортаға жасайтын ықпалын нормалап отыру;

- табиғи ресурстарды үнемдеу және айналадағы табиғи ортаны қорғау мәселелерін кешенді түрде шешу;

- айналадағы табиғи ортаны қорғау туралы заң талаптарын қатаң сақтау, оны бұзғаны үшін жауапқа тартуды қадағалау;

- айналадағы табиғи ортаға ықпал ететін шаруашылық және өзге де қызметтің кез келген түрлеріне міндетті түрде экологиялық сараптама жасау және оны ғылыми негізде жүзеге асыру.

Құқық саласының принциптерімен негізгі басшылыққа алатын ережелер танылады, оларға сәйкес белгілі бір қатынастар реттеледі.

ҚР-ның "Қоршаған ортаны қорғау туралы" заңында былай делінген: қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты ұтымды пайдалану мына принциптер негізінде жүзеге асырылады:

- адамның өмірі мен денсаулығын қорғаудың басымдығы, халықтың өмірі, еңбегі мен демалысы үшін қолайлы қоршаған ортаны сақтау және қалпына келтіру;

- ҚР-ның нарықтық қатынастар жағдайында тұрақты дамуға көшуі, адамдардың қазіргі және болашақ ұрпақтарының салауатты және қолайлы қоршаған ортаға деген қажеттіктерін қанағаттандыру мақсатында қоршаған ортаның әлеуметтік-экономикалық міндеттері мен проблемаларын теңдестіре отырып шешу;

- экологиялық жағдайы қолайсыз аймақтардағы экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және бұзылған табиғи экологиялық жүйелерді қалпына келтіру;

- табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану және молықтыру;

- биологиялық алуан түрлілікті және экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше маңызы бар қоршаған орта объектілерін сақтауды қамтамасыз ету;

- қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды мемлекеттік реттеу мен мемлекеттік бақылау, оларды бұзғаны үшін жауапкершіліктің ымырасыздығы;

- қоршаған ортаға нұсқан келтіруге жол бермеу, қоршаған ортаға ықпал ету мүмкіндігін бағалау;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялық мәні мен оның обьектілері
Экологиялық құқықтың түсінігі, пәні, жүйесі
Республикасының экологиялық жағдай
Халықаралық экологиялық құқықтың қағидалары
Құқықтың түсінігі
Экологияның заңдылық жүйесі. Көздері және жіктелуі
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ҚАЙНАР КӨЗДЕРІ
Құқық жүйесі
Экологиялық мәселенің мәні
Экология құқығы пәнінің дәрістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz