Халықаралық теңіз құқығы


ЖОСПАР

КІРІСПЕ . . . 3

1. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕҢІЗ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҰҒЫМЫ, ОНЫҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ ҚАҒИДАЛАРЫ

1. 1 Халықаралық теңіз құқығының ұғымы және оның дамуы . . . 5

1. 2 Халықаралық теңіз құқығының қағидалары . . . 10

2. ТЕҢІЗ КЕҢІСТІКТЕРІНІҢ ТҮРЛЕРІ МЕН ТЕҢІЗ ТҮБІНІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АУДАНДАНДАРЫ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШЫҒАНАҚТАР МЕН КАНАЛДАР

2. 1Теңіз кеңістіктерінің түрлері . . . 15

2. 2Теңіз түбінің халықаралық аудандандары және халықаралық шығанақтар мен каналдар . . . 25

3. ЕРЕКШЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҚ, ЖАҒАЛАУЫНДАҒЫ АЙМАҚ ЖӘНЕ КОНТИНЕНТАЛДЫҚ ШЕЛЬФ

3. 1 Ерекше экономикалық аймақ . . . 28

3. 2 Жағалауындағы аймақ және континенталдық шельф . . . 32

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 36

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 38

Кіріспе

Халықаралық теңіз құқығы халықаралық құқықтың негізгі саласының бірі болып табылады. Сондықтан халықаралық қатынастарды реттейтін қазіргі халықаралық құқықтың көпшілікке танылған қағидалары мен нормалары, сондай-ақ Әлемдік мұхит кеңістіктері мен ресурстарын игеру процесіндегі мемлекеттердің қатынастары мен қызметтері - құқықтық реттеудің негізі болады.

Алғашында теңіз құқығы жай нормалар нысанында құрылған; оның кодификациясы ХХ ғасырдың ортасында жүргізілді. 1930ж. Ұлттар Лигасының қамқорлығымен құрылған Гаага конференциясында басталған іспен, аймақтық сулардың құқықтық режиміне қатысты нормаларын бірінші жүйеге келтіруге әрекет, теңіздік ірі мемлекеттердің алауыздықтарынан табысты аяқталмады. Келешекте қайта қарап талқылауға Конвенцияның жобасы ғана дайындалды.

28 жыл өткен соң Женевада БҰҰ-ның І Конференциясы барысында 86 елдің қатысуымен теңіз құқығы бойынша бірінші рет теңіз құқығының әмбебап деңгейде барлық маңызды әдетті құқықтық қағидалары мен нормаларын жүйеге келтіруге мүмкіндік туды. Теңіз құқығының дәстүрлі нормаларымен қатар, “Континенттік қайраң” деген жаңа құқықтық ұғым, оның режимінің толық тәртіп белгілеуімен енгізілді.

Нәтижесінде 1958ж. БҰҰ І Конференциясында 4 Конвенция қабылданды: “Аймақтық теңіз және іргелес аймақ жөніндегі” Конвенция; “Ашық теңіз жөніндегі” Конвенция; “Балық аулау және ашық теңіздің тірі ресурстарын қорғау жөніндегі” Конвенция; “Континенттік қайраң жөніндегі” Конвенция.

Конференцияда тағы да, Ашық теңізде ядролық қаруды сынақтан өткізу жөнінде, Теңіздің радиоактивтік қалдықтармен ластануы жөнінде, Балық аулау жөнінде, Тарихи сулар жөнінде қарарлар мақұлданды.

БҰҰ теңіз құқығы жөніндегі І Конференциясының нәтижесі халықаралық теңіз құқығы конвенциялық құқық болуымен қорытындыланды. Халықаралық теңіз құқығының негізгі қайнар көзі конвенциялар болып табылады. Халықаралық теңіз құқығы біржолата халықаралық құқықтың ерекше саласы болып қалды.

Курстық жұмыстың мақсаты: Халықаралық теңіз құқығынның жалпыдаму тарихы мен қағидаларымен танысу. Халықаралық теңіз құқығының негізгі ішкі суларын зерттеу және халықаралық теңіз құқығы халықаралық құқықтың негізгі саласының бірі ретінде қарастыру. Халықаралық теңіз құқығының аймақты экономикалық, жағалау аймақты және континенталдық шельф аймақтарын қарастыру. Халықаралық теңіз құқығының қоршаған ортаға пайдасын қарастыру.

Зерттеу мақсатына жету үшін курстық жұмыстың құрылымы мен зерттеу логикасын анықтайтын мынадай міндеттер қойылған: жалпы халықаралық теңіз құқығына түсінік бере отырып, оның қағидаларына талдау жасау. Халықаралық теңіз құқықғында қарастырылған басқа да құқық негіздеріне талдау жасау.

Курстық жұмыстың зерттеу обьектісі: Халықаралық теңiз құқығы - теңiздер және мұхиттар кеңiстiгiндегі әрекет үдерісінде оның субъектілерi арасындағы қатынастарды реттейтiн халықаралық құқық нормаларының жиынтығы.

Курстық жұмыстың зерттеу пәні: халықаралық теңiз құқығы, жалпы, халықаралық құқықтың органикалық бөлiгi болып табылады: субъектілер, қайнар көздер, қағидалар, келiсiмдер құқығы, жауапкершiлiк туралы халықаралық құқық ұйғарымдары негiзге алынады, сонымен бiрге халықаралық құқықтың басқа салаларымен тығыз байланыста және өзара әрекеттеседi.

1. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕҢІЗ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҰҒЫМЫ, ОНЫҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ ҚАҒИДАЛАРЫ

1. 1 Халықаралық теңіз құқығының ұғымы және оның дамуы

Халықаралық теңіз құқығы - бұл сауда саласында, сондай-ақ әскери теңіз жүзулерінде, әлемдік мұхитта минералды ресурстарды алу, оны зерттеу, игеру қатынастарында және басқа да қызмет түрлерінде қалыптасатын құқықтық нормалар мен институттардың жиынтығын көрсететін қазіргі заманғы халықаралық құқықтың бір саласы. ХХғ. бірінші жартысына дейін халықаралық теңіз құқығы жөнінде мемлекеттердің көпшілік-құқықтық қатынастарын реттеу ережелері негізгі әдеттік-құқықтық және көбінесе теңіз кеңістіктерінің құқықтық мәртебесіне, теңізде жүзу және балық аулаудың нақты тәртібін белгілеудің анықтамаларына шоғырландырылған болатын. Сол уақытта теңізде жүрудің бөлек арнайы мәселелері жөнінде мемлекеттер халықаралық келісімдер жасасты. Бұл жасалғандарға ХVІІІғ. Ресейдің басқа елдермен Ашық теңізде салют болдырмау жөніндегі келісімдері, 1780ж. “Қарулы бейтараптық жөніндегі” Декларация, 1856ж. “Теңіз соғысы жөніндегі” Декларация, 1884 ж. “Су асты телеграф кабельдерін қорғау жөніндегі” Конвенция, 1888ж. “Суэц каналының режимі жөніндегі” Конвенция жатады. Алайда халықаралық әдет-ғұрыптарды барлық мемлекеттер тани білмейді, соның салдарынан осы немесе басқа да халықаралық-құқықтық норма жалпы міндеттеме ретінде бар ма деген мәселеге мемлекеттер арасында жиі дау туып отырған.

Сондықтан халықаралық теңіз құқығының әмбебап деңгейдегі нормаларын бір жүйеге түсіру қажет болды. Әсіресе мұндай қажеттілік ғылыми-техникалық төңкеріс кезеңінде жетілді, теңіз шаруашылығында жаңа технология пайда болғанда теңіз ресурстарын және кеңістіктерін жан-жақты және кешенді игеруге өту үшін дәйекті талаптар құрылды, бұлар Әлемдік мұхитта мемлекеттер қызметінің жаңа түрлерін қамтыды, яғни ғылыми зерттеулер, барлау және мұнай мен газды пайдалану мақсатында бұрғылау, іздеулер және теңіз түбінің пайдалы қазылған терең аудандарын өңдеу, мұхиттық экспедициялық барлық кәсібі және т. с. с. Барлық осы мәселелер халықаралық деңгейде егжей-тегжейлі құқықтық тәртіп белгілеуді керек етті.

Алғашында теңіз құқығы жай нормалар нысанында құрылған; оның кодификациясы ХХ ғасырдың ортасында жүргізілді. 1930ж. Ұлттар Лигасының қамқорлығымен құрылған Гаага конференциясында басталған іспен, аймақтық сулардың құқықтық режиміне қатысты нормаларын бірінші жүйеге келтіруге әрекет, теңіздік ірі мемлекеттердің алауыздықтарынан табысты аяқталмады. Келешекте қайта қарап талқылауға Конвенцияның жобасы ғана дайындалды.

28 жыл өткен соң Женевада БҰҰ-ның І Конференциясы барысында 86 елдің қатысуымен теңіз құқығы бойынша бірінші рет теңіз құқығының әмбебап деңгейде барлық маңызды әдетті құқықтық қағидалары мен нормаларын жүйеге келтіруге мүмкіндік туды. Теңіз құқығының дәстүрлі нормаларымен қатар, “Континенттік қайраң” деген жаңа құқықтық ұғым, оның режимінің толық тәртіп белгілеуімен енгізілді.

Нәтижесінде 1958ж. БҰҰ І Конференциясында 4 Конвенция қабылданды: “Аймақтық теңіз және іргелес аймақ жөніндегі” Конвенция; “Ашық теңіз жөніндегі” Конвенция; “Балық аулау және ашық теңіздің тірі ресурстарын қорғау жөніндегі” Конвенция; “Континенттік қайраң жөніндегі” Конвенция.

Конференцияда тағы да, Ашық теңізде ядролық қаруды сынақтан өткізу жөнінде, Теңіздің радиоактивтік қалдықтармен ластануы жөнінде, Балық аулау жөнінде, Тарихи сулар жөнінде қарарлар мақұлданды.

БҰҰ теңіз құқығы жөніндегі І Конференциясының нәтижесі халықаралық теңіз құқығы конвенциялық құқық болуымен қорытындыланды. Халықаралық теңіз құқығының негізгі қайнар көзі конвенциялар болып табылады. Халықаралық теңіз құқығы біржолата халықаралық құқықтың ерекше саласы болып қалды.

Сол уақытта Конференцияда жағадағы мемлекеттің тірі ресурстарға қатысты құқықтарын жүзеге асыра алатын аймақтық сулар және тікелей оған жанасатын ерекше аймақтардың сыртқы шегі жөнінде мәселелерді шеше алмады. Бұл сондай-ақ, аймақтық су ені және балық аулау заңдылығының аймағы 12 мильден аспайтын жай нормалардың тууына әкеліп соқты. Мемлекеттердің біржақты тәжірибесінде алалық болды.

Жоғарыда айтылған мәселелерді шешу үшін арнайы құрылған БҰҰ-ның 1960ж. ІІ Конференциясы нәтижесіз аяқталды. Бұдан басқа, 1958ж. Женева Конвенциясын өңдеуге қатыспаған көптеген дамушы мемлекеттер Әлемдік мұхиттың барлық режимдерін қайта қарауды талап етті.

Осы мақсатпен БҰҰ Бас Ассамблеясы 1970ж. 17 желтоқсанда №2570 С (ХХҮ) қарар қабылдады. Ол 1973ж. БҰҰ-ның барлық теңіз кеңістіктерінің жаңа құқытық режимін өңдеу мақсатында теңіз құқығы бойынша ІІІ Конференциясын шақырту жөнінде шешім шығарды. БҰҰ-ның ІІІ Конференциясы 1973 жылдан 1982 жылға дейін созылды және 1982ж. жаңа халықаралық-құқықтық акт - “Халықаралық теңіз құқығы жөніндегі” БҰҰ-ның Конвенциясына қол қоюмен аяқталды. Бұл Конвенция халықаралық теңіз құқығының, оның ішінде бұрын 1958 ж. Женева Конвенциясында бекітілген, барлық жалпы танылған қағидалар мен нормаларды жүйелендірді және жетілдірді. Мұнымен қоса, “ерекше экономикалық аймақ”, “архипелагтық сулар”, “аудан” және басқа жаңа ұғымдар, институттар өңделіп қосылды.

1994ж. 16 қарашада БҰҰ-ның Конвенциясы күшіне енді (2000 жылдың бірінші қаңтарынан ҚР осы Конвенцияның қатысушысы емес), сонымен бірге БҰҰ-ның 1982ж. 10 желтоқсандағы Теңіз құқығы бойынша Конвенциясының ХІ бөлімін жүзеге асыру жөніндегі Келісімі күшіне енді.

1982ж. БҰҰ Конвенциясы және 1958 ж. Женева Конвенцияларымен бірге қазіргі уақытта 40-қа жуық Конвенциялар өз күшінде, бұл арнайы көпжақты және екіжақты Конвенциялар. Оларға жататындар теңіздік орта және биоресурстарды қорғау, теңізде адам өмірін қорғау, халықаралық кеме қатынастарын жеңілдету бойынша, кемелердің теңізді ластамауы және басқа да мәселелер бойынша. Олардың ішінде Қазақстан мынадай конвенциялар-дың толық құқықты қатысушысы болып табылады: “Мұнаймен ластаудан залалға азаматтық жауапкершілік жөніндегі” халықаралық Конвенция 29. 11. 1969 ж., “Кемелердің теңізді ластауын жою жөніндегі” Конвенция 17. 02. 1978 ж., хаттамамен өзгертулер енгізілген; “Теңізде кемелер тоғысуының алдын алудың халықаралық ережелері жөніндегі” Конвенция; 20. 10. 1972 ж., “Теңізшілерді дипломдау және вахтаны түсіруге дайындық жөнінде” халықаралық Конвенция 07. 07. 1978 ж., “Теңізде адам өмірін қорғау жөнінде” халықаралық Конвенция 01. 11. 1974 ж. және 05. 04. 1966 ж. “Жүкті маркалар жөнінде” халықаралық Конвенциялар Қазақстанда 1994 ж. 5-7 маусымда бекітілді.

Сонымен бірге, қазіргі халықаралық теңіз құқығын халықаралық құқық субъектілерінің қатынастарын әлемдік мұхиттағы қызметтері бойынша реттейтін заңдылық қағидалар мен нормалардың жүйесі ретінде сипаттауға болады.

Халықаралық теңіз құқығы жалпы халықаралық құқықтық жүйенің құрамдас бөлімі болғандықтан, жалпы халықаралық құқықтың негізгі қағидаларын басшылыққа алады. Бұл қағидалар: өзара күш қолданбау, қорқытпау, халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу, мемлекеттердің ішкі істеріне араласпау, мемлекеттердің қызметтестігі, барлық халықтар теңдей өз тағдырын өздері шеше алады, мемлекеттердің егемендігі бірдей, барлық мемлекеттер өздеріне алған міндеттерді ойдағыдай орындауға тиісті.

Өз мәні бойынша әмбебап және барлық мемлекеттерге кез келген қызметтер де міндетті, соның ішінде, әлемдік мұхитты зерттеу және пайдалану жөнінде мемлекеттердің қызметтері, олар барлық халықаралық құқықтық қатынастарда болатын негізгі заңды ережелер мен нормалардан тұрады.

Халықаралық теңіз құқығының ерекшеліктеріне мынадай ережелер жатады:

1. Халықаралық құқық халықаралық құқық субъектілерімен бірге екі және одан да көп мемлекеттер арасында қалыптасатын құқықтық қатынастырды реттейді, яғни шетелдік элементі бар қатынастар. Теңіз құқығының құқықтық нормаларында шетелдік элементті қолданудың алғы шарттары қаланған. Ұлттық элемент аз каботажда (жағадағы жақын жерлерге жүк, жолаушы тасушының) - бір теңіздің шегінде жүзгенде және бір мемлекеттің порттарының арасында болады. Мұндайда теңіз тасымалының қатысушылары теңіз тасымалын жоспарлаудың ұлттық нормаларына жүгінеді. Үлкен каботаж - бұл бірнеше теңіздердің шегінде жүзу, бірақ бір мемлекеттің портында. Шекаралық рейс - бұл екі және одан да көп мемлекеттердің бір немесе бірнеше теңіз шегінде жүзу.

2. Халықаралық теңіз құқығы техникалық нормалармен тығыз байланысты құқықтық нормаларды мазмұндайды. Құқықтық нормалар адамдардың, мемлекеттердің арасындағы қатынастарды реттейді. Техникалық нормалар - адам мен техника арасындағы қатынастарды реттейді. Мысалы, теңіз кемесінің капитаны теңіз құқығының нормаларына сәйкес, апат болған кемеге, корабльдің күйреуіне байланысты суда қалған адамдарға көмек жасауы керек. Бірақ мұндай көмек теңіз кемесінің техникалық мүмкіндіктеріне сай болуы керек және де кеме мен экипажға қауіпті қатер туғызбауы қажет. Теңіз кемесі беретін дабылдардың мазмұнын түсіну үшін теңіздегі соқтығысулардың алдын алуға жол беретін халықаралық ережелерге жүгіну керек. Бұл өте мықты жарылыстар немесе бір минут аралығында болған қару атысы; дыбыс ракеталары; смола бөшкесін жаққанда алынатын қызыл немесе сары от; қызыл ракеталар; радиотелефондық және радиотелеграфтық дабылдар; қолдардың баяу көтерілуі мен түсірілуі; қара жалау немесе қара шар бейнеленген жалау және тағы басқалар болуы мүмкін. Теңіз іс-тәжірибесіндегі халықаралық стандарттарға сәйкес SOS дабылын алған кеме капитаны, батып бара жатқан корабльдің координаттарын нақты көрсетуге, дабылды қабылдаған уақытын, өзінің орналасқан жерінің координаттарын нақты көрсетуге міндетті.

3. Халықаралық теңіз құқығы мемлекеттерге тиесілі жеке кемелер қатынасатын қарым-қатынастарды реттейді. Мемлекетке қарасты теңіз кемелеріне мемлекеттік теңіз кемелерінің иммунитеті таралады. Бұл мұндай кемелерге шетелдік сот мекемелерінде талаптар қоюға, сонымен қатар кемеде жалауы ілінген мемлекеттің келісімінсіз мәжбүрлеу шараларын қолдануға болмайтындығын көрсетеді. Осындай иммунитет мемлекеттік егеменділікті құрметтеу қағидасына негізделеді және осыдан шығатын иммунитет қағидасы - халықаралық құқықтың көпшілікпен мойындалған қағидасы болып табылады. Мемлекеттердің дербес теңдігіне байланысты бірде бір мемлекет басқа мемлекеттің меншігіне, оның келісімінсіз биліктік өкілдігін жүзеге асыра алмайды және бір де бір мемлекет басқа мемлекеттің сотына бағынбайды.

Мемлекеттік теңіз кемелеріне қатысты қамау және кеменің юрисдикциясын қамтамасыз ету тәртібінде ұстау немесе талап-арыз ұсыну, сондай-ақ шығарылған сот шешімін мғжбүрлі түрде орындау сияқты мғжбүрлеу шараларын жүзеге асыруға жол берілмейді.

4. Халықаралық теңіз құқығы теңіз кемесі мен оның иесі арасындағы бөліністік сипаты тән құқықтық қатынастарды реттеумен сипаталады. Рейсте болатын теңіз кемесінің капитанында ерекше өкілеттіктер болады, ол бір мезгілде кеме иесі және жүк иесі ретінде көрінеді.

Қазіргі заманғы халықаралық теңіз құқығына негізгі және көмекші қайнар көздер жүйесі тән болады. Халықаралық құқықтың барлық салаларының ішінде салт-дәстүр өз мазмұнын халықаралық теңіз құқығында көп мөлшерде сақтап қалған. Оны халықаралық құқықтың бұл саласы ғасырлар бойы баяу қарқынмен дамып келгендігімен түсіндіруге болады. Мемлекеттердің теңіздегі қызметтерінің дамуы және үдемелі қарқындауы бара-бара халықаралық теңіз құқығының нормалары ретіндегі белгілі бір ережелерді орнататын және бекітетін халықаралық шарттар мен конвенциялар санының артуына ғкеле бастады. Мәселен, халықаралық теңіз іс-тәжірибесінде теңіз порттарының дәстүрлері сақталынған ол - порттардағы қауіпсіздікті реттейтін ережелер. Теңіз порты бастығының міндетті қаулыларында жүк тиеу және жүк түсіру кезіндегі экипаж мүшелерінің тәртіп ережелері, санитарлық және кедендік режимнің ережелері көрсетіледі. Теңіз тәжірибесіндегі кейбір халықаралық дәстүрлер шарттық немесе конвенциялық нормаларға айналды.

1. 2 Халықаралық теңіз құқығының қағидалары

Халықаралық теңіз құқығының негізгі қағидалары халықаралық құқықтың басқа да көпшілік мойындаған қағидаларымен өзара байланысты. Мұндай байланыс халықаралық құқықтық тәртіптің тиімділігін қамтамасыз ету үшін Әлемдік мұхитта құқықтық тәртіптің үлкен маңызға ие болуымен негізделеді.

Ашық теңіз еркіндігінің қағидасы - осы қағидаға сәйкес аумақтық теңіздің сыртқы шегіндегі теңіз кеңістіктері ашық теңіз болып саналады. Ол іс-жүзіндегі халықаралық құқықта анықталған жағдайлар бойынша барлық мемлекеттердің еркін және тең пайдалануына ашық. Ешқандай мемлекет ашық теңіздің бір бөлігін өзінің иелігіне алуға, бағындыруға құқығы жоқ. Бұл ереже 1958 жылғы ашық теңіз туралы Женева Конвенциясында бекітілген.

Ашық теңіз еркіндігінің қағидасы әлемдік мұхиттың түрлі су кеңістіктерінің құқықтық мәртебесі мен тәртібін анықтады және белгіледі. Бұл қағида теңіздің, оның түбінің табиғи қорларын игеруге, құқықтық реттеуге маңызды әсерін тигізді. Ашық теңіз еркіндігі кеме қатынасының, балық шаруашылығының, кабель және құбырлар жүргізудің, теңізде ғылыми зерттеулер жүргізудің, жасанды аралдарды және басқа құрылыстарды салу еркіндігінің пайда болуына, әры қарай бекуіне негіз болды. Осы қағида ашық теңіз және халықаралық бұғаздардың үстінен ұшып өту еркіндігінің пайда болуын және іске асуын анықтады.

Адамзаттың ортақ мұраларының қағидасы - оның мазмұнының ажырамас элементі ретінде терең су қорларының құқықтық мәртебесін анықтайтын және халықаралық аудандағы теңіз түбіндегі мемлекеттің нақты қызметін реттейтін жеке ережелерді айтуға болады. Төмендегі ережелер осы қағиданың негізгі мазмұны болып табылады:

  • бірде бір мемлекет халықаралық ауданның және оның қорларының бірде бір бөлігіне өзінің иелігін және егеменді құқығын жүргізе алмайды;
  • мемлекеттер, жеке не болмаса заңды тұлғалар терең су қорларын меншіктене алмайды;
  • халықаралық ауданның қорларына деген барлық құқық бүткіл адамзат баласына ортақ;
  • халықаралық ұйымның бақылауымен жеке мемлекеттер мен олардың компанияларына терең су қорларын барлау мен өңдеуге рұқсат беріледі;
  • халықаралық аудандағы жұмыстар барлық адамзаттың пайдасы үшін жүзеге асырылады; теңіз түбі мен оның қойнауының қорларынан түскен қаржылық және басқа экономикалық пайдалар әділ және дамушы елдер мен халықтардың мүдделері мен қажеттерін ерекше ескере отырып бөлінеді;
  • халықаралық аудан тек бейбіт мақсаттарға пайдалану үшін ашық болады.

Дүниежүзілік мұхитты бейбіт мақсатта пайдалану қағидасы. Дүниежүзілік мұхитты бейбіт мақсатта пайдалану және толық қарусыздандыру режимін бекітуді қамтитын 1959 ж. Антарктика жөніндегі шарттың, 1971 ж. Теңіздер және мұхиттар түбіне және рның қойнауына ядролық қарулар мен жаппай қарулардың басқа да түрлерін орналастыруға тыйым салу жөніндегі шарттың және 1963 ж. “Ауада, ғарыш кеңістігінде және су астында ядролық қаруды сынақтан өткізуге тыйым салу жөніндегі” шарттардың маңызы зор. Қазіргі уақытта бұл қағиданың бөлек нормативтік мазмұнын ашатын жалпы түсінік шығарылған жоқ. Бірақ әлемдік мұхитты бейбіт мақсатта пайдалану қағидасының мазмұны - сөзсіз мемлекеттердің Дүниежүзілік мұхитты пайдалану жөніндегі қызметтерін күшпен немесе күш қаупімен іске асыруды болғызбаудан тұрады.

1982ж. БҰҰ Конвенциясының кіріспесінде осының көмегімен “теңіздер мен мұхиттарды бейбіт мақсатта пайдалануға жәрдем беретін” Дүниежүзілік мұхитта құқықтық режим бекітілетіні жарияланған.

Бұл қағиданың мазмұнын ашатын жалпы тұжырымды айтылған қорытынды бойынша, 301-бапқа сәйкес қатысушы мемлекеттер күш қаупінен немесе кез келген мемлекеттің аумақтық тұтастығы және саяси тәуелсіздігіне қарсы қолданудан немесе БҰҰ жарғысында іске асырылған халықаралық құқық қағидаларына сыйыспайтын басқа да түрлерден тыйылады.

Теңіздің тірі қорларын тиімді пайдалану және сақтау қағидасы. Ашық теңіздің барлық кеңістігінде әрбір мемлекеттің тең құқылы негізде осы кғсіппен айналыса алатын қағидасына сәйкес, балық аулау еркіндігі бұл қағиданың арқауы болып табылады. әлемдік мұхиттың тірі қорларының кәсібі теңіздің тірі қорларының ауланатын түрлерінің көбеюін қолдауды, болмаса қалпына келтіруді қамтамасыз ететіндей етіп, барлық мемлекеттердің жүргізуі керек.

Теңіздің тірі қорларын тиімді пайдалану және сақтау қағидасы мемлекеттердің екіжақтық немесе көпжақтық негізде кең халықаралық ынтымақтастығын қарастырады. Сонымен қатар, мұндай ынтымақтастық осы қағиданы іс-тәжірибеде жүзеге асыру үшін халықаралық ұйымдардың шеңберінде мүмкін болады. Экономикалық аймақта және ашық теңіздің басқа да аудандарында кәсіптің шарттарын келісу жолымен, ғылыми ақпараттармен, аулау деңгейінің, кәсіптік күштер туралы статистикалық мәліметтермен алмасу жолымен жетуге болады. Сонымен осы қағиданы жүзеге асыра отырып, мемлекеттер Әлемдік мұхиттың тірі қорларын сақтау, қалпына келтіру үшін өз күштерін үйлестіреді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық теңіз құқығы ұғымы және оның дамуы
Халықаралық теңіз құқығы туралы білімдер жүйесін қалыптастыру
Халықаралық теңіз құқығының негізгі қағидалары
Ашық теңіз еркіндігі қағидасы
Халықаралық теңіз құқығы туралы түсінік
Аймақтық теңіздер
Халықаралық теңіз құқығның негізгі қағидалары
Халықаралық теңіз тасымалы
Халықаралық теңіз құқығы жайында
Халықаралық құқықтың қағидалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz