Табиғатты пайдалану мен қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық тетігінің құқықтық негіздері.



МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3
1. CУБЬЕКТІЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
1.1 Субьектілердің құқықтары. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 5
1.2 Субьектілердің міндеттері. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 6
2. ҚОРТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
2.1 Қортынды ережелер. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 8
3. ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУ ҚҰҚЫҒЫ
3.1 Табиғатты пайдалану құқығының мазмұны. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 11
3.2 Табиғатты жалпы және арнайы пайдалану. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 15
4. ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУ МЕН ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕТІГІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ.
4.1 Табиғатты пайдалану мен қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық тетігінің түсінігі мен құрамдас элементтері. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 19
4.2 Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды жоспарлау мен қаржыландыру. . . . . . . . . . . . . . . . . . . 20
4.3 Экологиялық төлемдер мен алымдарды алу және есептесу тәртібі. . . . . . . 22
ҚОРЫТЫНДЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 24
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 26
Кіріспе
Әрекет қабілеттік шектелуі мүмкін. Конституцияда бекітілгендей, азаматтардың құқықтары мен міндеттері заңмен ғана және конституциялық құрылымды, адамгершілікті, басқа тұлғалардың құқықтары мен міндеттерін, денсаулығын қорғау, елдің қорғанысы мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсаттарын-да қажет болған шамада ғана шектелуі мүмкін.
Құқықсубъектілік – бұл тұлғаны құқық субъектісі ретінде сипаттайтын құқыққабілеттік пен әрекетқабілеттік.
Құқықтық қабілеттілік пен әрекеттілікке заң актілерінде қарастырылған тәртіп пен жағдайларда ғана болмаса, ешкімге шектеу қойылмайды.
Құқыққабілеттік пен әрекетқабілеттік бір-бірінен ажыратылмайды және көп жағдайда бір мезетте пайда болады. Азаматтық құқықтан басқа көптеген салаларда осындай жағдай орын алған. Шет елдің азаматтары толық құқықты, тек олар сайлауға қатысуға, сайлануға, әскер қатарына шақырылуға құқығы жоқ.
Заңды тұлғалар: мемлекет, мемлекеттік аппарат-мекемелер, лауазымды тұлғалар, қоғамдық бірлестіктер, одақтар, ұйымдар, ұжымдар заңды түрде құрылып, бекітілсе, тіркелсе толық түрде құқықтық қабілеті мен әрекеттілігі бар деп саналады, оның шеңбері олардың ережелері мен Уставында толық көрсетілуге тиіс. Соған сәйкес олар жұмыс жасайды. «Оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болатын, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады».
Курстық жұмыстың мақсаты: борышкерді өз міндетін уақтылы және сапалы орындауға тарту. Міндеттеме көбінесе оның орындалуымен аяқталады, ал орындалмаған жағдайда қарызды қарызбен жабады, екі жақ келіседі, заңды тұлғаларды жояды.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Стамқұлұлы.Ә “ҚР Экология құқығы” Алматы Жеті жарғы 1995ж.
2. ҚР Конституциясы. 1995ж. 30 тамыз.
3. Чусев Р.К - “Экологические право” Москва. 2000ж.
4. ҚР мемлекетімен құқығының негіздері. Баянов.Е Алматы 2003ж.
5. «Международные эколого-правовое сотрудничество» Алматы. Дәнекер 2001ж.
6. Сапарғалиев.Ғ. “Мемлекет және құқық негіздері” Алматы 2000ж.
7. Наумов А.В. // Қылмыстық құқығы/ Астана – 2001 ж.
8. Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы //Алматы – 2001ж 164-203б.
9. Лейкина Н.С. // Личность преступника и уголоная ответственность
10. М. 1995 г. 118-119б., 149-152б.
11. 4 Наумов А.В. //Осы заманғы
12. тұжырымдамалары. Алматы – 1999 ж. 113б., 205-208б.
13. Е.Баянов «Мемлекет және құқық негіздері» Алматы 2001ж
14. А. Ибраева, Г. Әлібаева, Қ.Айтхожин «Құқықтану» Алматы 2006 ж.
15. Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау
16. Бекмаганбетов Р. «Экономико-экологические факторы и механизмы их развития в
17. Кажымуратова А. «Влияние экологического фактора на уровень жизни населения
18. Айтуғанова З.Ш. «Экологиялық қауіпсіздіктің экономикалық мәселелері» дисс. жұмыс. 2003
19. Ақиқат журналы, «Экологияның экономикалық залалдары» атты мақала, 2006 ж
20. Айтуғанова З.Ш. «Экологиялық қауіпсіздіктің экономикалық мәселелері» диссерт. 2003ж. 29-33
21. Қазақстан Республикасының «Қоршаған ортаны қорғау туралы» заңы, Алматы. Юрист,
22. Қазақстан Республикасының Конституциясының 31-бабы
23. Айтуғанова З.Ш. «Экологиялық қауіпсіздіктің экономикалық мәселелері» дисс. жұмыс. 2003
24. Қазақстан және оның аймақтары. Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі.
25. Н.Ә. Назарбаев «Сындарлы он жыл». Алматы: Атамұра, 2003. —
26. Нарибаев К.Н. Научно-технический прогресс и занятость: современные мировые тенденции.

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3
1. CУБЬЕКТІЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
1.1 Субьектілердің құқықтары. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 5
1.2 Субьектілердің міндеттері. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 6
2. ҚОРТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
2.1 Қортынды ережелер. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 8
3. ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУ ҚҰҚЫҒЫ
3.1 Табиғатты пайдалану құқығының мазмұны. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 11
3.2 Табиғатты жалпы және арнайы пайдалану. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 15
4. ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУ МЕН ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕТІГІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ.
4.1 Табиғатты пайдалану мен қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық тетігінің түсінігі мен құрамдас элементтері. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 19
4.2 Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды жоспарлау мен қаржыландыру. . . . . . . . . . . . . . . . . . . 20
4.3 Экологиялық төлемдер мен алымдарды алу және есептесу тәртібі. . . . . . . 22
ҚОРЫТЫНДЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 24
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 26

Кіріспе
Әрекет қабілеттік шектелуі мүмкін. Конституцияда бекітілгендей, азаматтардың құқықтары мен міндеттері заңмен ғана және конституциялық құрылымды, адамгершілікті, басқа тұлғалардың құқықтары мен міндеттерін, денсаулығын қорғау, елдің қорғанысы мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсаттарын-да қажет болған шамада ғана шектелуі мүмкін.
Құқықсубъектілік - бұл тұлғаны құқық субъектісі ретінде сипаттайтын құқыққабілеттік пен әрекетқабілеттік.
Құқықтық қабілеттілік пен әрекеттілікке заң актілерінде қарастырылған тәртіп пен жағдайларда ғана болмаса, ешкімге шектеу қойылмайды.
Құқыққабілеттік пен әрекетқабілеттік бір-бірінен ажыратылмайды және көп жағдайда бір мезетте пайда болады. Азаматтық құқықтан басқа көптеген салаларда осындай жағдай орын алған. Шет елдің азаматтары толық құқықты, тек олар сайлауға қатысуға, сайлануға, әскер қатарына шақырылуға құқығы жоқ.
Заңды тұлғалар: мемлекет, мемлекеттік аппарат-мекемелер, лауазымды тұлғалар, қоғамдық бірлестіктер, одақтар, ұйымдар, ұжымдар заңды түрде құрылып, бекітілсе, тіркелсе толық түрде құқықтық қабілеті мен әрекеттілігі бар деп саналады, оның шеңбері олардың ережелері мен Уставында толық көрсетілуге тиіс. Соған сәйкес олар жұмыс жасайды. Оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болатын, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады.
Курстық жұмыстың мақсаты: борышкерді өз міндетін уақтылы және сапалы орындауға тарту. Міндеттеме көбінесе оның орындалуымен аяқталады, ал орындалмаған жағдайда қарызды қарызбен жабады, екі жақ келіседі, заңды тұлғаларды жояды.
Зерттеу мақсатына жету үшін курстық жұмыстың құрылымы мен зерттеу логикасын анықтайтын мынадай міндеттер қойылған: Міндеттемелер әртүрлі негізде туындайды. Бұл негіздер заңда көрсетілген, сондай-ақ заңда көрсетілмесе де, азаматтық заңдардың жалпы негіздері мен мәнісіне байланысты азаматтар мен ұйымдардың құқықтарды және міндеттерді тудыратын әрекеттерінен пайда болады.
Курстық жұмыстың зерттеу пәні: құқық пәні бойынша зертеулер жүргізілді.

1. CУБЬЕКТІЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
1.1 Субьектілердің құқықтары
Субъектілер жүзеге асыратын қызметіне сәйкес
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аумақтың және (немесе) өндіру объектісінің және ішкі сауда объектілерінің санитарлық-эпидемиологиялық және ветеринарлық-санитарлық жай-күйі туралы уақтылы дұрыс ақпарат алуға
2) санитарлық-эпидемиологиялық қадағалануға тиісті тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалардың, гигиеналық нормативтердін, техникалық регламенттердің, нормативтік құжаттардың, ветеринариялық-санитариялық бақылануға және қадағалануға тиісті тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы ветеринарлық (ветеринарлық-санитарлық) ережелер мен нормативтердің, техникалық регламенттердің, нормативтік құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету мақсатында зерттеулер жүргізу үшін мемлекеттік органдарға жүгінуге;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда санитарлық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) және ветеринарлық-санитарлық іc-шараларға қатысуға;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, техникалық регламенттерді әзірлеуге қатысуға;
5) Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес ұйым стандарттарын әзірлеуге және бекітуге;
6) тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін өндірістік бақылау бағдарламаларын әзірлеуге;
7) тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі менеджменті жүйесін енгізуге;
8) экологиялық таза тамақ өнімдерін оларды өндіру стандарттарының талаптарына сәйкес болған кезде экологиялық таза тамақ өнімдерінің белгісімен таңбалауға;
9) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де құқықтар алуға құқылы.

1.2 Субьектілердің міндеттері
Субъектілер жүзеге асыратын қызметіне сәйкес:
1) Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптарды сақтауға;
2) субъектілер персоналын алдын ала және мерзімді медициналық тексеруді және гигиеналық оқытуды қамтамасыз етуге;
3) Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасына сәйкес уәкілетті органдармен келісім бойынша тамақ өнімдерінің жарамдылық мерзімдерін белгілеуге;
4) тамақ өнімдерін өндіру (дайындау), айналымы және кәдеге жарату процестерінде (сатыларында) олардың әрбір партиясының қауіпсіздігіне өндірістік бақылауды қамтамасыз етуге;
5) тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы және кәдеге жарату процестерінде (сатыларында) қауіпті сипат алуына әкелген жөнсіздіктер туралы ақпаратты уәкілетті органдарға беруге;
6) осы баптың 5) тармақшасында аталған тамақ өнімдерін тиісті сараптамаға жіберуге;
7) егер тамақ өнімдерінің қауіпті сипат алуына әкелген жөнсіздікке жол берілген жағдайда, тамақ өнімдерін өндіру (дайындау), айналымы және кәдеге жарату процестерін (сатыларын) дереу тоқтатуға, оларды ішкі сауда объектілерінен қайтарып алуды және тиісті сараптама жүргізілуін қамтамасыз етуге, содан кейін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен оларды кәдеге жаратуды немесе жоюды ұйымдастыруға;
8) тамақ өнімдерін сатып алушыларға (тұтынушыларға), уәкілетті органдарға олардың талап етуі бойынша тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін куәландыратын құжаттарды табыс етуге;
9) өздері өндірген, өткізген немесе кәдеге жаратқан тамақ өнімдерімен байланысты қатерлерді болдырмау немесе азайту мәселелері бойынша уәкілетті органдарға жәрдемдесуге;
10) тамақ өнімдерін әзірлеудің (жасаудың), өндірудің (дайындаудың), айналымының, кәдеге жаратудың және жоюдың барлық процестерінде (сатыларында) олардың сәйкестендірілуін және қадағалануын қамтамасыз етуге міндетті.

2. ҚОРТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
2.1 Қортынды ережелер
33-бап. Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
34-бап. Өтпелі кезеңде генетикалық түрлендірілген объектілері бар тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестерінің (сатыларының) ерекшеліктері
Тамақ өнімдеріндегі генетикалық түрлендірілген объектілер қауіпсіздігінің ғылыми негізделген расталуы белгіленгенге дейін олардың Еуропалық Одақ мемлекеттерінде белгіленгеннен аспайтын тамақ өнімдері құрамындағы деңгейі қабылданады.
35-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
1. Осы Заң 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
2. Тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі туралы 2004 жылғы 8 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., №6, 43-құжат) күші жойылды деп танылсын. Құқықтық қатынас категориясы құқықтың жалпы теориясында негізгі, орталық категориялардың бірі болып табылады және адамдардың жүріс-тұрысына құқықтың қандай жолмен әсер ететінін түсінуге мүмкіндік береді. Құқықтық қатынас - бұл қатысушылары субъективтік құқықтар мен заңды міндеттерді иеленетін, құқық нормаларымен реттелген қоғамдық қатынас.
Қоғамдық қатынастар әртүрлі болады: саяси, моральдық, экономикалық, әлеуметтік, ұлттық, діни т.б. байланыстар. Бұл байланыс -- қатынастар моральдық, әдет-ғұрып, діни, құқықтық нормалармен реттеледі. Мысалы, отбасы қатынастардың көпшілігі дәстүр, діни нормалармен реттеліп жатады.
Қоғамдағы барлық қатынастар құқықтық нормалармен реттелмейді, тек әлеуметтік, қоғамдық мүдде-мақсаттарды қамтитын қатынастарды реттеп, басқарып отырады.
Құқықтық қатынас дегеніміз -- мемлекеттік кепілдіктегі екі жақты құқықтары мен міндеттері бар қоғамдық қатынас. Құқықтық қатынастардың нышан-белгілері:
Бірінші - құқықтық қатынастар тек нормативтік актілер арқылы реттеліп отыратын қарым-қатынастарды біріктіреді. Нормативтік актілерде қатынастың мазмұны, субъектілердің құқықтары мен міндеттері, дұрыс орындалмаса жауапкершіліктің түрлері көрсетіледі. Құқықтық қатынастар арқылы нормативтік актілер іске асады, орындалады.
Екінші -- қатынастың субъектілерінің екі жақты құқықтары мен міндеттерінің толық көрсетілуі. Бір жағының құқығы екінші жағының міндеттеріне сәйкес, тең келеді. Субъектілердің бостандығы тең болады.
Үшінші - субъектілер өз еріктерімен, өз мүдде-мақсаттарын іске асыру үшін құқықтық қатынас жасайды.
Төртінші -- егер қатынаста нормативтік актінің мазмұны бұзылса немесе субъектілер өз міндеттерін дұрыс, толық орындамаса, мемлекеттің қатынасуымен бұл кемшіліктер түзетіліп, жауапкершіліктің түрін анықтауға тиіс.
Құқықтық қатынастарды түрлерге бөлу, құқық нормаларын түрлерге бөлудегі сияқты, әр түрлі негіздер бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.
Құқықтық қатынастардың түрлері:
1. Қоғамдағы барлық қатынастар және нормативтік актілер құқықтың жүйе -- саласына сәйкес бірнеше түрге бөлінеді: мемлекеттік, әкімшілік, азаматтық, қылмыстық, қылмыстық-процессуалдық, азаматтық-процессуалдық, т.б. құқықтар.
2. Құқықтық норманың атқаратын ісіне қарай қатынастар екіге бөлінеді: реттеуші және қорғаушы. Реттеуші нормалар қатынастарды реттеп, басқарып, дамытып отырады. Қорғаушы нормалар қарым-қатынастардың дұрыс, заңға сәйкес орындалуын қамтамасыз етеді.
3. Құқықтық қатынастар мазмұнына қарай екіге бөлінеді: жалпылық және нақты. Жалпылық түрде құқықтық қатынас мемлекет пен жеке азаматтардың арасында болады. Нақты түрдегі қатынастар заңды себептер, фактілер болғанда басталады. Мысалы, сауда-сату шарты, біріккен фирма құрылысы т.б. себептер.
4. Құқықтық қатынастардың субъектілерінің жағдайларына карай екіге бөлінеді: абсолюттік және салыстырмалы. Абсолюттік түрде қатынастан туатын құқық бір жағындағы субъектіде болады, ал екінші жағындағы субъектісінде тек міндеттер болады. Бұл жағдай нормативтік актіде анық көрсетіледі. Мысалы, жеке меншіктің иесі құқықтық қатынаста болса, оның құқығын ешкім бұза алмайды және ол меншікке қатынастың субъектілері нышан келтірмеуге міндетті. Салыстырмалы түрдегі қатынастардың субъектілерінің құқығы мен міндеттері бірдей болады.
Құқықтық қатынастар қоғамдағы әлеуметтік құбылыстардың ең күрделісі және ерекше түрі. Себебі бұл қатынастар толығымен құқықтық нормалар арқылы реттеліп, басқарылып, мемлекеттік статус, кепілдік алып, қоғамның дұрыс, прогрестік жолмен дамуын қамтамасыз етеді.

3. ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУ ҚҰҚЫҒЫ
3.1 Табиғатты пайдалану құқығының мазмұны.
Экология құқығының принциптері - мемлекет, қоғам, кәсіпорындардың, өкімет орындарының, ұйымдардың және т.б құрылымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың экологиялық құқықтық қатынастардағы түпкі бастамасы.
ҚР айналасындағы табиғи ортаны қорғау туралы заңында айналадаға табиғи ортаның жай - күйіне ықпал ететін шаруашылық, басқару және өзге де қызметті өкімет органдарының, министрліктермен ведомстволардың, кәсіпорындар, мекемелермен ұйымдардың, сондай-ақ азаматтардың мынадай принципте жүзеге асыруын қарастырған:
- адамның өмірімен денсаулығын қорғаудың басқа да қызмет түрінен басымдылығы, айналадағы табиғи ортаның тұрмыс, еңбек және демалыс үшін қолайлы болуына азматтар құқығының нақты кепілдіктерін қамтамасыз ету
- қоғамның экологиялық және экономикалық мүдделерін, соңғысына басымдық бере отырып, ғылыми тұрғыдан негіздеп ұштастыру.
- айналадағы табиғи ортаға ұқыпты қарау және зиянды зардаптар жасалуын шектеу.
- табиғатты жалпы тегін пайдалану.
- табиғатты ақы төлеп арнайы пайдалану.
- табиғатты қорғау және табиғатты қалпына келтіру тиімділігін арттыруға бағытталған шараларды көтермелеу.
- шаруашылық және өзге де қызмет міндеттерін шешудегі жариялылық.
- қоғамдық ұйымдармен және халықпен тығыз байланыстыру.
- айналадағы табиғи ортаны қорғау саласында ұлттық және халықаралық мүдделерді ұштастыру.
- табиғатты қорғау заңдарын бұзу арқылы айналадағы табиғи ортаға, кәсіпорындарға, мекемелермен ұйымдарға, сондай-ақ азаматтарға келтірілген зиянды толық өтеу.
- шаруашылық және өзге де қызметтің айналадағы табиғи ортаға жасайтын ықпалын нормалап отыру.
- табиғи ресурстарды үнемдеу және айналадағы табиғи ортаны қорғау мәселелерін кешенді түрде шешу.
- айналадағы табиғи ортаны қорғау туралы заң талаптарын қатаң сақтау,оны бұзғаны үшін жауапқа тартуды қадағалау.
- айналадағы табиғи ортаға ықпал ететін шаруашылық және өзге де қызметтің кез келген түрлеріне міндетті түрде экологиялық сараптама жасау және оны ғылыми негізде жүзеге асыру.
Аталған принциптер "Айналадағы табиғи ортаны қорғау туралы", табиғи ресурстар туралы және басқа да табиғат туралы заңдарда көрініс тапқан. Олар заңның принциптік ережелері.
Айналадағы табиғи ортаны қорғау туралы заңнан басқа жер, жер қойнауы, су, орман, жануарлармен өсімдіктер дүниесін қорғау туралы заңдарда да салалық принцип ережелері бар. М:Жер кодексіндегі ереже бойынша ауыл шаруашылығына жарамды жер, ең алдымен ауыл шаруашылығы мақсаты үшін берілуге тиіс.(18 бап). Су кодексінде су ең алдымен халықтың ауызсу немесе тұрмыстық мұқтаждарын қанағаттандыру үшін берілетіні көрсетілген.(5 бап).
Орман кодексі мұндай принцип ержелерін көрсетпегенімен,оның ережелерінде жоғарыда айтылған принциптер бар.
Принцип ережелерін табиғи ресурстардың мазмұнымен қорғалуына қарай табиғи ресурстарды пайдалану принциптері, табиғат ресурстарын иемдену, билеу немесе басқару принциптеріне бөлуге болады. Принцип ережелерінің мұндай түрлері табиғи ресурстар туралы заңдарда жеке топталып көрсетіле бермейді.
ҚР суды басқару, су ресурстарын қорғау мен толықтыруды, айналадағы ортаның экологиялық тұрақтылығын сақтауды қамтамасыз ететін су шаруашылығы - бассейндік және әкімшілік - аумақтық принциптерді үйлестіру негізінде ж.а.
Су шаруашылығы бассейндік принцип өзен, көл бассейндері және басқа су тоғандары ішінде әкімшілік - аумақтық бірліктер арасында су ресурстарын бөлу арқылы іске асырылады.
Жер қойнауы және Минералдық шикізатты ұқсату туралы кодексте (6 бап) заңның принцип ережелерінің жинақталған 12 түрі бар. Олардың жоғарыда көрсетілген жалпы түрлерінен басқа жер қойнауын пайдалануға және қорғауға тікелей қатысы бар өзіндік принцип ережелері бар. М: жер қойнауын тиімді және кешенді пайдалану, жер қойнауын пайдалануда оған қатысты жұмыстардың қауіпсіздігін сақтау сияқты принциптер олардың өздеріне тән ерешеліктерінен туындайды. Экологиялық сараптамалардың принциптері:
1. Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізудің міндеттілігі.
2. Министрліктердің мемлекеттік комитеттермен ведомстволардың өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдардың бақылаушы және қадағалаушы органдармен өзара іс - қимылы.
3. Экологиялық сараптама тұжырымдарының объективтіліктері мен ғылыми негізділігі.
4. Сараптама органдарымен сараптаушылардың өз өкілеттілігін жүзеге асырушылардың өз өкілеттігін жүзеге асырған кезде тәуелсіз болуы.
5. Жариялылық болуы.
6. Экологиялық сараптамамен оның алуан түрлі болуы.
7. Экологиялық және медициналық биологиялық мүдделерінің басымдылы принциптеріне негізделеді.
Экология саласындағы мамандар "экологиялық жүйенің - жалпы аумақта ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының экологиялық құқығының дәрістері
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫНЫҢ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ
Қоршаған ортаны халықаралық – құқықтық қорғау жолдары
Қазақстандағы табиғатты пайдаланудың басқару жүйесі
ҚР экология құқығы пәнінен лекция сабақтарының мазмұны
Экология құқығының дәрістері
«Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені
Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі қағидаттары
«Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы» пәнінің оқу-әдістемелік кешені
Экологиялық құқықтың қоғамдағы ролі
Пәндер