Экологиялық сараптама түрлері



МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ТҮСІНІГІ
1.1 Экологиялық сараптама түсінігі,мақсаты,міндеті,қағидалары ... ... ...5
1.2 Экологиялық сараптаманың объектілері ... ... ... ... ... ... ... ..7
1.3 Мемлекеттік экологиялық сараптама ... ... ... ... ... ... ... ... .9
2. МЕМЛЕКЕТТІК ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА
2.1 Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу ережесі ... ... ... ... ..11
2.2 Экологиялық сараптаманың мiндеттерi ... ... ... ... ... ... ... 12
2.3 Экологиялық сараптаманың принциптерi ... ... ... ... ... ... . . . .13
3. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ҚҰЗЫРЕТІ
3.1Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және орталық атқарушы органдарының экологиялық сараптама саласындағы құзыретi ... ... ... 14
3.2 Облыстардың жергiлiктi атқарушы органдарының экологиялық сараптама саласындағы құзыретi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
4. САРАПТАМА ТҮРЛЕРІ
4.1 Мемлекеттiк экологиялық сараптама және оны жүргiзу нысандары ... .17
4.2 Қоғамдық экологиялық сараптама... . .. ... ... ... ... ... ... ... 23
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. . . . .24
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... . . . 26
КІРІСПЕ
Экологиялық сараптама, экологиялық экспертиза (лат. expertus – тәжірибелі) –адам іс-әрекеттерініңтабиғатқа зиянды әсер етуіне жол бермеу және табиғат қорғау саласында қабылданған заңдардыңорындалуына қатаң бақылау жасау. Экологиялық сараптама мемлекеттік немесе қоғамдық негізде жүзеге асырылады. Экологиялық сараптаманың негізгі қағидалары – оның медицина-биология тұрғыданқауіпсіздігі, халық шаруашылығының барлық салаларының мүддесін қорғайтындығы, ешкімге тәуелді болмауы және іс-әрекеттерді кешенді түрде жүргізу.
Экологиялық сараптама міндетті түрде ұзақ уақытдамуға арналған бағдарламалы құжаттармен және сызбанұсқалармен қамтамасыз етіледі. Сонымен бірге,экологиялық сараптама жүргізу үшін техкика-экономикалық тұрғыдан ғылыми негізделген және алдын ала жоспарланған жобалар мен жоспарларға негізделіп қадағалау жасалынады. Бұларғақоса құрылыс, табиғатбайлықтарын қалпына келтіруге арналған, өндіріс орындарын, т.б. нысандарды қайта жабдықтау немесе олардың жұмысын біржола тоқтату туралы жобаларға талдау жасалынады. Табиғатты тиімді пайдалану мақсатында белгіленген ережелерге және әдістемелік нұсқауларға сүйене отырып, адамның іс-әрекеттерін шектейтін құжаттарды талдайды. Кейбір табиғи аумақтардағы телімдерге ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәртебесін беру үшін кешенді түрде экологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізуге немесе экологиялық апаттыжәне табиғатты пайдалану кезінде төтенше жағдайларға қатысты материалдарды, шараларды жүзеге асыруға арналған бағдарламаларға сараптама жүргізеді. Табиғатқа зияны жоқ жаңа техниканы, технологиялық әдістерді пайдалануға негізделген құжаттарды талдау; табиғатты тиімді пайдалану үшін шетелдік өндіріс орындарымен, фирмалармен бірге жұмыс істеуге қажетті құжаттарға сараптама жасалады.
Экологиялық сараптама әскери мақсаттағы өндіріс орындарының, т.б. нысандардың жұмыстарына да қадағалау жасауға құқылы. Экологиялық сараптама адамның барлық іс-әрекеттерінің экологиялық қауіпсіздігін сақтау мақсатын көздейді. Мемлекеттік Экологиялық сараптама ҚР қоршаған ортаны қорғау министрлігінің жанынан құрылған арнайы комиссияның сарапшылары арқылы жүзеге асырылады. Қоғамдық Экологиялық сараптаманы жеке қоғамдық ұйымдардың ұйытқысы болуы негізінде топтастырылған арнайы мамандар жүргізеді. Қоғамдық негізде жүргізілген Экологиялық сараптама мен мемлекеттікЭкологиялық сараптама жүргізетін мекемелер қорытындылары бір-бірімен үйлестіріліп отырады. Қазақстанда арнайы “Экологиялық сараптама туралы” заң қабылданған (1997).
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1.«Экология» Оспанова,Бозшатаева «Алматы» 2008ж
2.Экологиялық құқықтық реттеу Р.Омаров 2006ж.
3.Экологиялық құқық «Алматы» 2008ж
4.А.К.Бродский. Жалпы экологияның қысқаша курсы. Оқу құралы. Алматы, ғылым.1997ж.
5.Г.К. Сагимбаев. Экология и экономика. Алматы. 1997ж.
6.И.А.Шилов. Экология. Москва. Высшая школа. 2000ж.
7.Е.Мамбетказиев. қ.Сыбанбеков. Табиғат қорғау. Оқу құралы. Аматы қайнар.1990ж.
8.Ф.И.Гиренок. Экология. Цивилизация. Ноосфера. М. 1987ж.
9.Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің 2011 жылдың 1 жарты жылдығына есебі.
10.Экологиялық сараптама 2011 ж
11.Мемлекеттік және қоғамдық сараптама 2001ж.
12.ҚР Экологиялық Кодексі 2007ж
13.О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. “Ғасыр”, 2005 жыл.
14. “Қазақ Энциклопедиясы”, II-том
15.Кайыржанов Е. Уголовное право А., 1998г. /общая часть /
16.Моновенко И.П. Еңбек құқығын қорғау.1998ж.

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ТҮСІНІГІ
1.1 Экологиялық сараптама түсінігі,мақсаты,міндеті,қағидалары ... ... ...5
1.2 Экологиялық сараптаманың объектілері ... ... ... ... ... ... ... ..7
1.3 Мемлекеттік экологиялық сараптама ... ... ... ... ... ... .. ... ...9
2. МЕМЛЕКЕТТІК ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА
2.1 Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу ережесі ... ... ... ... ..11
2.2 Экологиялық сараптаманың мiндеттерi ... ... ... ... ... ... . ...12
2.3 Экологиялық сараптаманың принциптерi ... ... ... ... ... ... . . . .13
3. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ҚҰЗЫРЕТІ
3.1Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және орталық атқарушы органдарының экологиялық сараптама саласындағы құзыретi ... ... ... 14
3.2 Облыстардың жергiлiктi атқарушы органдарының экологиялық сараптама саласындағы құзыретi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
4. САРАПТАМА ТҮРЛЕРІ
4.1 Мемлекеттiк экологиялық сараптама және оны жүргiзу нысандары ... .17
4.2 Қоғамдық экологиялық сараптама... . .. ... ... ... ... ... ... ... 23
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... . . . .24
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... .. . . . 26

КІРІСПЕ
Экологиялық сараптама, экологиялық экспертиза (лат. expertus - тәжірибелі) - адам іс-әрекеттерініңтабиғатқа зиянды әсер етуіне жол бермеу және табиғат қорғау саласында қабылданған заңдардыңорындалуына қатаң бақылау жасау. Экологиялық сараптама мемлекеттік немесе қоғамдық негізде жүзеге асырылады. Экологиялық сараптаманың негізгі қағидалары - оның медицина-биология тұрғыданқауіпсіздігі, халық шаруашылығының барлық салаларының мүддесін қорғайтындығы, ешкімге тәуелді болмауы және іс-әрекеттерді кешенді түрде жүргізу.
Экологиялық сараптама міндетті түрде ұзақ уақытдамуға арналған бағдарламалы құжаттармен және сызбанұсқалармен қамтамасыз етіледі. Сонымен бірге,экологиялық сараптама жүргізу үшін техкика-экономикалық тұрғыдан ғылыми негізделген және алдын ала жоспарланған жобалар мен жоспарларға негізделіп қадағалау жасалынады. Бұларғақоса құрылыс, табиғатбайлықтарын қалпына келтіруге арналған, өндіріс орындарын, т.б. нысандарды қайта жабдықтау немесе олардың жұмысын біржола тоқтату туралы жобаларға талдау жасалынады. Табиғатты тиімді пайдалану мақсатында белгіленген ережелерге және әдістемелік нұсқауларға сүйене отырып, адамның іс-әрекеттерін шектейтін құжаттарды талдайды. Кейбір табиғи аумақтардағы телімдерге ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәртебесін беру үшін кешенді түрде экологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізуге немесе экологиялық апаттыжәне табиғатты пайдалану кезінде төтенше жағдайларға қатысты материалдарды, шараларды жүзеге асыруға арналған бағдарламаларға сараптама жүргізеді. Табиғатқа зияны жоқ жаңа техниканы, технологиялық әдістерді пайдалануға негізделген құжаттарды талдау; табиғатты тиімді пайдалану үшін шетелдік өндіріс орындарымен, фирмалармен бірге жұмыс істеуге қажетті құжаттарға сараптама жасалады.
Экологиялық сараптама әскери мақсаттағы өндіріс орындарының, т.б. нысандардың жұмыстарына да қадағалау жасауға құқылы. Экологиялық сараптама адамның барлық іс-әрекеттерінің экологиялық қауіпсіздігін сақтау мақсатын көздейді. Мемлекеттік Экологиялық сараптама ҚР қоршаған ортаны қорғау министрлігінің жанынан құрылған арнайы комиссияның сарапшылары арқылы жүзеге асырылады. Қоғамдық Экологиялық сараптаманы жеке қоғамдық ұйымдардың ұйытқысы болуы негізінде топтастырылған арнайы мамандар жүргізеді. Қоғамдық негізде жүргізілген Экологиялық сараптама мен мемлекеттікЭкологиялық сараптама жүргізетін мекемелер қорытындылары бір-бірімен үйлестіріліп отырады. Қазақстанда арнайы "Экологиялық сараптама туралы" заң қабылданған (1997).

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ТҮСІНІГІ
1.1 Экологиялық сараптаманың түсінігі, мақсаты,міндеті, қағидалары
Қазіргі әлемде экологиялық проблемалар өзінің қоғамдық мәні жағынан алдыңғы қатардағы мәселелердің біріне айналды, тіпті ядролық соғыс қаупі де оның көлеңкесінде қалып қойды. Адамның шаруашылық іс-әрекетінің қауырт дамуы, айналадағы ортаға үдемелі, көбіне білдірушілік сипатта әсер етуде. Азамттың табиғатқа әсері мыңдаған жылдар бойында қалыптасқан табиғи жүйелерді өзгерту, сондай-ақ, топырақты, су көздерін, ауаны ластау арқылы жүзеге асуда. Бұл табиғат ахуалының күрт төмендеуіне әкеліп соқты, көп жағдайларда орны толмас зардаптар қалдыруда. Қазіргі кезде экологиялық дағдарыс шын мәніндегі қауіпті төңдіріп отыр: іс жүзінде тез өріс алып бара жатқан дағдарыстық жағдайларды кез-келген аумақтардан көруге болады.
Экологияны қорғау жөніндегі жұмыстар қысқа мерзімді жұмыстар емес, жүйелі түрде, кешенді жүргізілетін, ұзақ мерзімді, халық шаруашылығының барлық саласын қамтитын мемлекеттік зор маңызы бар проблемаларға айналып отыр. Өйткені, жалпы айтқанда экологияны қорғау еліміздің тұрмысы мен әл-ауқатының артуына, денсаулығының мықты болуына, айналаның, қоршаған ортаның жақсара түсуіне, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының барлық салаларының өркендеуіне және т.б. жағдайларды жақсаруына әкеп соғады.
Еліміздің экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы - экологиялық қауіпсіздіктің негізгі стратегиялық бағыттарын айқындай отырып, қоршаған ортаны қорғаудағы және табиғат пайдаланудағы экологиялық шектеулер арқылы мемлекетіміздің экологиялық қауіпсіздігін және тұрақты дамуының негізгі ірге тасы болып табылады. Бірақ, қазіргі мекемелер белгіленген лимиттерді және қоршаған ортаны қорғау талаптарын үнемі орындай бермейді. Мекемелер экологиялық акцияларды жүргізу барысында қазіргі және болашақ ұрпақ алдында қоршаған ортаның ластануының алдын алу жауапкершілігін біледі. Бірақ, экологиялық зиянды қызметпен айналысатын адамдар пайда табудың арқасында, өз уақыттарын экологиялық жағдайдың қауіпсіздігіне және қоршаған ортаға қолайлы жағдай жасауға жұмсамайды. Сондықтан да мемлекет экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуші субъект ретінде барлық субъектілерге бірінші кезекте экологиялық мүдденің тұруына ықпал етуі қажет. Сол себептен азаматтардың экологиялық мүдделерін қорғау үшін қоршаған ортаны қорғауда қолайлы механизм табу қажет. Бұл үшін экологиялық сараптама институтының рөлі маңызды болып табылады.
Экологиялық сараптама институты іске қосылатын объектінің нақты экологиялық жағдайдағы мүмкіншілігін және қоршаған ортаға деген жағымсыз әсер ету дәрежесін анықтап, жобаны жүзеге асыруға экологиялық көзқарас тұрғысында ғылыми қортындылармен сипаттамалар береді. Яғни, экологиялық сараптама шаруашылық және өзге де қызметтің мүмкін болатын жағымыз әсерін ескертеді және бұл қызметтің экологиялық талаптарға сай келетінін анықтайды. Экологиялық сараптама жүзеге асырылатын объектінің экологиялық зиянды қызмет екендігін анықтайтындықтан табиғат қорғау қызметінің басты құрамы болып табылады. Себебі экологиялық сараптама қоршаған ортаның ластануынан сақтайтын алдын алу шарасы болып табылады.
Экологиялық сараптаманы дұрыс ұйымдастыру және жүзеге асыру үшін құқықтық реттеу қажет. Тәуелсіздігімізді алғаннан кейін шаруашылық қызметтің көп түрі дамуына байланысты қоршаған ортаны қорғау және де табиғатты ұтымды пайдалану мақсатында 18 1997 жылдың наурызында "Экологиялық сараптама туралың заң қабылданды. Бұл заңда "қоршаған ортаны қорғау туралың заңда бекітілген экологиялық сараптаманың жағдайы жетілдірілді.
Экологиялық сараптама - қоршаған ортаға келтірілетін зиянның алдын алу құралы болып табылады.
Мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер орындалады:
- экологиялық сараптаманың мақсатын міндеттерін саралау;
- экологиялық сараптаманың қағидаларын қарастыру;
- экологиялық сараптама субъектілерін зерттеу.
ҚазақстанРеспубликасында мемлекеттік экологиялық сараптама жәнеқоғамдық экологиялық сараптама жүзеге асырылады.
Экологиялық сараптаманың мақсаттары:1) жоспарланып отырған басқарушылық, шаруашылық, инвестициялық, норма шығару және өзге де қызметті іске асырудың қоршаған орта мен халықтың денсаулығына ықтимал теріс зардаптарын айқындау және шектеу;2) экономикалық даму мен қоршаған ортаны қорғау мүдделерінің балансын сақтау, сондай-ақ табиғат пайдалану процесінде үшінші тараптарға залал келтіруді болдырмау мақсатында жүргізіледі.
1.2 Экологиялық сараптаманың объектілері
Мемлекеттік экологиялық сараптама oбъектілерi
1. Міндетті мемлекеттік экологиялық сараптамаға мыналар жатады:
1)жоспарланып отырған шаруашылық және өзге де қызмет жобалары және оларға ілеспе, осы Кодекстің 37-бабында айқындалған кезеңдерге сәйкес қоршаған ортаға әсерді бағалау материалдары;
2)табиғат пайдалану мәселелеріне қатысты жоспарлау алдындағы және жобалау алдындағы құжаттаманың барлық түрлері, болжамдардың, экологиялық және өзге де бағдарламалардың жобалары, мемлекеттік органдар мен ұйымдар қызметі негізгі бағыттарының тұжырымдамалары, мемлекеттік инвестициялық бағдарламалар, шарттар, келісімшарттар, оның ішінде меншік және жекешелендіру нысандарын өзгертуге қатыстылары;
3)қолданыстағы oбъектілер үшін қоршаған ортаға әсерді бағалау материалдарымен қоса реконструкциялау жобалары;
4) қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерінің жобалары;
5) іске асырылуы қоршаған ортаға теріс әсерлерге әкеп соғуы мүмкін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің жобалары, нормативтік-техникалық және нұсқаулық-әдістемелік құжаттардың жобалары;
6) кәсіпорындарды, объектілер мен кешендерді, ғимараттар мен құрылыстарды орналастыруға, салуға, реконструкциялауға, дамытуға, техникалық қайта жарақтауға, қайта бейімдеуге, жоюға арналған техникалық-экономикалық негіздемелер (есептер) және жобалар, жануарлар мен өсімдіктер дүниесі ресурстарын өндіру мен пайдалануға арналған биологиялық негіздемелер;
7)аумақтарды ұйымдастыру схемаларының жобалары;
8)қалалар мен аумақтарды, оның ішінде арнайы экономикалық аймақтар аумақтарын және шаруашылық қызметті жүргізудің айрықша режиміндегі аумақтарды салудың (дамытудың) бас жоспарларының жобалары;
9)осы аумақтарға ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, экологиялық зілзала аймағы немесе төтенше экологиялық жағдай аймағы құқықтық мәртебесін беруді негіздейтін, аумақтар учаскелерін кешенді экологиялық зерттеу материалдары, сондай-ақ осы аумақтарды оңалту бағдарламалары;
10)көршілес мемлекеттердің қоршаған ортасына әсер етуі мүмкін немесе оны жүзеге асыру үшін көршілес мемлекеттермен ортақ табиғи ресурстарды пайдалану қажет болатын немесе көршілес мемлекеттердің халықаралық шарттарда белгіленген мүдделерін қозғайтын шаруашылық және өзге де қызмет жобалары;
11)технологияларды, техника мен жабдықты, оның ішінде Қазақстан Республикасына өткізілетіндерін (әкелінетіндерін) қолдану жөніндегі құжаттама;
12)табиғи ресурстарды пайдалануға және (немесе) алуға рұқсаттар (лицензиялар) беруді негіздейтін құжаттама.
2. Мемлекеттік экологиялық сараптама объектілері мынадай жағдайларда:
1)экологиялық сараптама объектісі бұрын жүргізілген мемлекеттік экологиялық сараптама ескертпелері бойынша жетілдірілген;
2)мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы алынғаннан кейін жобалау және өзге де құжаттамаға өзгерістер енгізілген жағдайда;
3)сот шешімінің негізінде, қайтадан мемлекеттік экологиялық сараптамадан өтеді.
3. Мемлекеттік экологиялық сараптама объектілері Кодекстің 40-бабында келтірілген объектілердің сыныпталуына сәйкес І, ІІ, III, IV санаттарға бөлінеді.
І санатқа орталық мемлекеттік органдар әзірлейтін нормативтік құқықтық актілердің жобалары да, сондай-ақ осы баптың 1-тармағының 6-9) және 11) тармақшаларында аталған объектілер жатқызылады.
II санатқа жергілікті мемлекеттік басқару органдарының нормативтік құқықтық актілерінің жобалары, өңірлік жоспарлар мен бағдарламалардың жобалары, облыстық және аудандық маңызы бар аумақтарда құрылыс салудың бас жоспарларының жобалары да жатады.
Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің 2011 жылдың 1 жарты жылдығына есебі.
1.3 Мемлекеттік экологиялық сараптама
Мемлекеттік экологиялық сараптама бөлігінде. 2011 жылдың I жартыжылында 3055 жобалық материалдардың атаулары қаралды, оның ішінде Комитетпен 629 жобалық материалдар қаралды.
Қаралған материалдар ішінде қоршаған ортаға әсерді бағалау және қоршаған ортаны қорғау бөлімдерімен шаруашылық қызмет жобалары; ЖШШ, ЖШТ, ҚТН нормативтерінің жобалары; қала құрылысы сипатындағы, сұлбалардың жобалары, жекелей алғанда, жер телімдерін бөлуді келісу; инвестицияларды алуға ТЭН және ЭЕТ жобалары; жер қойнауын пайдалануға келісім-шарттар және технологиялар, техникалар мен жабдықтар қолдануды негіздейтін құжаттамалардың жобалары.
Қаралған жобалардың ішінен ең маңыздылары мыналар болып табылады:
- Күкірт сақтау ұлттық орталы құрылысының техникалық-экономикалық негіздемесіне әзірленген алдын ала ҚОӘБ жобасы мемлекеттік экологиялық сараптаманың 2011 жылғы 27 қаңтардағы № 10-02-1590 қорытындысымен келісілмеді;
- Вест Дала ЖШС-ның мұнаймен ластанған жерлер мен топырақтарды микробиологиялық тазарту әдістемесін қолдану технологиясына әзірленген ҚОӘБ жобасы мемлекеттік экологиялық сараптаманың 2011 жылғы 15 наурыздағы № 10-02-16457 қорытындысымен келісілді;
- Каспий теңізінің Казақстандық бөлігіндегі биологиялық ресурстарының жағдайын бағалау бойынша кешенді теңіз зерттеулерін жүргізу биологиялық негіздемесі мемлекеттік экологиялық сараптаманың 2011 жылғы 28 ақпандағы № 10-02-05369-и қорытындысымен келісілген;
- Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи қоры аумағын кеңейтудің табиғи-ғылыми негіздеме жобасы мемлекеттік экологиялық сараптаманың 2011 жылғы 24 наурыздағы № 10-02-05369-и қорытындысымен келісілген;
- Урихтау мұнайгазконденсат кенорнының даму бағдарламасының техникалық-экономикалық негіздемесіне әзірленген қоршаған ортаға әсерді алдын ала бағалау жобасы 2011 жылғы 26 сәуірдегі № 10-02-161342 мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысымен келісілген жоқ.
Кәсіпорындарда жүргізілген тексерістердің сараптамалық көрсеткіші көрсеткен негізгі заң бұзушылықтар:
жобалық және шаруашылық қызметке мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысының болмауы;
қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаттың болмауы, ластаушы заттарды шығаруға, ағызуға және өндірістік және тұтыну қалдықтарын орналастыруға лимиттен асуы,
өндірістік және тұтыну қалдықтарының есебінің болмауы, жер ресурстарының ластануы;
өндірістік экологиялық бақылау жүргізу туралы талаптардың сақтамауы;
табиғат қорғау іс-шараларының жүргізілмеуі;
жобалық құжатта бекітілген нормалардың сақталмауы;
атмосфераға нормадан тыс ластаушы заттар шығаруға алып келетін технологиялық қондырғыларды пайдалану ережесінің сақталмауы.

МЕМЛЕКЕТТІК ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА
2.1 Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу ережесі
1-Жалпы ережелер
Терминдер мен анықтамалар
Экологиялық сараптама - шаруашылық және өзге де қызметтiң қоршаған орта сапасының нормативтерi мен экологиялық талаптарға сәйкестiгiнiң, осы қызметтiң қоршаған ортаға жасауы ықтимал терiс әсерлерiнiң және соларға байланысты зардаптардың алдын алу мақсатында сараптама объектiсiн iске асыруға қол жеткiзiлетiндiгiнiң анықтамасы.
Экологиялық сараптама жасалуға жататын құжаттаманың тапсырысшысы - жоспарланып отырған қызметтi жобалауға тапсырма берген және сараптама объектiсiн қаржыландыруды жүзеге асыратын заңды немесе жеке тұлға.
Сараптаманың бастамашысы - жобаның тапсырысшысын қоса алғанда, мемлекеттiк немесе қоғамдық экологиялық сараптама жүргiзудiң қажеттiгi туралы мәселе қойған заңды немесе жеке тұлға.
Сараптама объектiсiн iске асыру - жоспарлау алдындағы, жобалау алдындағы және жобалық құжаттамада көзделген шешiмдерге сәйкес өнеркәсiптiк және өзге де объектiлердiң құрылысын салу, пайдалану, тарату, қызмет көрсету, бұйымдар мен технологиялардың шаруашылық айналымына түсуi жөнiндегi жұмыстардың басталуы мен барысы, сондай-ақ заң актiсiнiң күшiне енуi, сараптама объектiсiнiң өзге де нақты пайдаланылуы.
Экологиялық қауiптi қызмет - адамның денсаулығы мен қоршаған ортаға зиянды әсерiн тигiзетін немесе тигiзуi мүмкiн басқарушылық және инвестициялық қызметтi қоса алғандағы тiкелей және жанама қызмет.
Экологиялық қауiптi объект - iске асырылғанда адамдардың денсаулығына және қоршаған ортаға зиянды әсерiн тигiзуi мүмкiн немесе зиянды әсерiн тигiзетiн сараптама объектiсi.
Экологиялық тәуекел - табиғат объектiлерi мен факторларының кез келген антропогендi өзгерiстерiнiң қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына (қасақана немесе кездейсоқ жасалған, бiртiндеп болатын және апатты) қолайсыз зардаптар тигiзу ықтималдылығы.
Стратегиялық объект - iске асырылуы табиғи ресурстарды барлау, өндiру, тасымалдау, өңдеу, пайдалану, республикалық маңызы бар инфрақұрылым мен энергетика, аэроғарыштық және әскери кешендер, байланыс саласындағы қызметпен байланысты сараптама объектiсi.
Трансшекаралық объект - iске асырылуы адамдар денсаулығына және екi және одан да көп облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) және (немесе) шектес мемлекет аумағындағы қоршаған ортаға - керi әсер ететiн немесе керi әсер етуi ықтимал сараптама объектiсi.
Қазақстан Республикасының экологиялық сараптаматуралы заңдары.
Қазақстан Республикасының экологиялық сараптама туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заңнан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының экологиялық сараптама мәселелерiн реттейтiн өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
2.2 Экологиялық сараптаманың мiндеттерi
Экологиялық сараптаманың мiндеттерi:
1) ықтимал, әлеуметтiк, экономикалық және экологиялық зардаптарға талдау жасауды қоса алғанда, объектiлерде атқарылған қоршаған орта мен халықтың денсаулығына, табиғи ресурстарға жоспарланып отырған басқарушылық, шаруашылық, инвестициялық және өзге де қызметтiң әсер етуiн бағалаудың толымдылығы мен дұрыстығын анықтау;
2) жоспарланып отырған басқарушылық, шаруашылық, инвестициялық және өзге де қызметтiң қоршаған орта мен халықтың денсаулығына әсерiн жан-жақты, ғылыми негiзделген талдау мен бағалауды ұйымдастыру;
3)Қазақстан Республикасының заңдарындағы, Қазақстан Республикасының аумағында қолданылып жүрген стандарттардағы, нормалар мен ережелердегi экологиялық талаптардың сараптама жасалып отырған құжаттамада сақталуын тексеру;
4) экологиялық сараптама қорытындыларын әзiрлеу, оларды сараптама объектiсiн iске асыру туралы шешiм қабылдайтын ұйымдарға беру және мүдделi органдар мен халыққа қажеттi ақпарат беру болып табылады.
2.3 Экологиялық сараптаманың принциптерi
Экологиялық сараптама:
1) мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзудiң мiндеттiлiгi;
2) министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттер мен ведомстволардың, өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың бақылаушы және қадағалаушы органдармен өзара iс-қимылы;
3) экологиялық сараптама тұжырымдарының объективтiлiгi мен ғылыми негiздiлiгi;
4) сараптама органдары мен сарапшылардың өз өкiлеттiгiн жүзеге асырған кезде тәуелсiз болуы;
5)жариялылық;
6) экологиялық сараптаманың кешендiлiгi мен оның алуан түрлi болуы;
7) экологиялық және медициналық-биологиялық мүдделердiң басымдығы принциптерiне негiзделедi.

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ҚҰЗЫРЕТІ
3.1Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және орталық атқарушы органдарының экологиялық сараптама саласындағы құзыретi
1. Қазақстан Республикасының Үкiметi экологиялық сараптама саласында шет мемлекеттер аумағында орналасқан және Қазақстан Республикасының мүдделерiн қозғайтын объектiлер мен кешендерге мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзу қажет болған жағдайда сол мемлекеттермен өзара iс-қимыл жасасу мәселелерiн шешедi.
2.Орталық мемлекеттiк органдар өз құзыретi шегiнде:
1) экологиялық сараптаманың талаптарына қатысты бөлiгiнде мемлекетаралық және өзге де бағдарламалардың қамтамасыз етiлуiне және орындалуына қатысады;
2) экологиялық сараптама ұсыныстарын iске асыруға бағытталған ғылыми-техникалық шешiмдердiң енгiзiлуiн ұйымдастырады;
3) халықты экологиялық сараптама қорытындылары туралы сенiмдi ақпаратпен қамтамасыз етудi ұйымдастыру жөнiндегi жұмысты жүзеге асырады;
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органның құзыретi
1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы орган мен оның жергiлiктi жерлердегi бөлiмшелерi стратегиялық, трансшекаралық және экологиялық қауiптi объектiлерге мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзедi, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы барлық экологиялық-сарапшылық қызметтi үйлестiрудi орындайды.
2. Орталық атқарушы орган қоршаған ортаны қорғау саласында өз өкiлеттiгi шегiнде:
1) стратегиялық, трансшекаралық және экологиялық қауiптi объектiлердiң мемлекеттiк экологиялық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік экологиялық сараптама
Табиғат пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы басқарудың ұйымдастырушылық- құқықтық нысандары
Табиғат пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау
Сараптама әдістері,түрлері
Экологиялық сараптама әдістері, түрлері
Ластаушы ретінде локомотив жөндеу депосының («сұлтанбай»жшс) негізгі қызметінің сипаттамасы
Экологиялық сараптама және аудит пәні бойынша Оқу-әдістемелік кешен
ҚР экология құқығы пәнінен лекция сабақтарының мазмұны
Қазақстан бойынша су ресурстары
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік құқықтық басқару тетігі
Пәндер