«Жер қойнауының құқықтық режимі»



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3
ЖЕР ҚОЙНАУЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕЖИМІ
1.1 Жер қойнауы. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 5
1.2 Жер қойнауы туралы заңдарды бұзғаны үшін жауаптылық. . . . . . . . . . . . . . .6
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖЕР ҚОЙНАУЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕЖИМІ ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАСЫ
2.1 Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану заңдарының мiндеттерi. . . . .7
2.2 Қазбаларға, техногендiк минералдық түзiлiмдерге, техногендiк суларға және минералды шикiзатқа меншiк құқығы. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 8
ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУҒА БАЙЛАНЫСТЫ ТӨЛЕМДЕР, САЛЫҚТАР ЖҮЙЕСІ
3.1 ҚР ның жер қойнауларының төлемдері. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 10
3.2 Жер қойнауын пайдаланушылардың бонустары. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 11
3.3 Тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 13
ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ ҚҰҚЫҒЫ
4.1 Жер қойнауын пайдалану құқығын беру. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 19
4.2 Жер қойнауын пайдалану құқығын басқа тұлғаға беру. . . . . . . . . . . . . . . . 22
ҚОРЫТЫНДЫ. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 25
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .29
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының жер қоры дегеніміз – мемлекет меншігіндегі, оның аумағын түгел қамтитын жер шарының құрылықтағы бір бөлігін айтамыз.
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 1 тарауының 1-бабына сәйкес
ҚР жер қоры нысаналы мақсатына сәйкес мынадай санаттарға-бөлінеді:
1. ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер;
2. елді мекендердің ( қалалардың, ауылдың елді мекендердің) жері;
3. өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және өзге де ауыл
шаруашылығы мақсатына арналмаған жер;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, сауықтыру
мақсатындағы және тарихи мәдени мақсаттағы жер;
орман қорының жері;
су қорының жері;
босалқы жер.
Жерді осы аталған санаттарға жатқызуды, сондай-ақ жерді оның нысаналы
мақсатының өзгеруіне байланысты бір санаттан басқасына ауыстыруды мемлекеттік органдар Жер кодексінде және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде белгіленген, жер учаскелерін алып қою және беру жөніндегі өз құзіреті шегінде жүргізеді.
Қазақстан Республикасындағы жер қатынастарын Жер кодексі және соған
сәйкес қабылданған басқа да Қазақстан Республикасының заң актілері реттеп отырады.
Жер қойнауы ұғымы кен байлығы ұғымынан кең. Кен байлығы – жер
қойнауының ең маңызды құрамдас бір бөлігі. Бағалы кен байлығы, пайдалы қазбалар мемлекеттің әлеуметтік экономикалық жағдайында өнеркәсіп өндірісін ұлғайтуда көрнекті орын алады. Республиканың кен байлықтарын неғұрлым халқымыздың игілігі үшін толығырақ пайдалану барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының мүдделі ісі. Ол үшін қолда бар мүмкіндіктерді, соның ішінде шет елдік заңды ұйымдар мен жеке тұлғалардың қатысуымен жер қойнауының байлығын пайдалану керек. Бұл салада туындайтын барлық қатынастарды «Жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен реттеледі.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Жалпы экология Мамыров Н.К 2003ж.
2. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Экология және табиғат қорғау А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» 2002.ж
3. Табиғат және қоршаған орта Е.Үпішев.
4. Құлпыбаев С, Ынтыкбаева С.Ж., Мельников В.Д. Табиғатты қорғау экономикасы:Алматы. Экономика.
5. Қазақстан Республикасының Конституциясы 30 тамыз 1995жыл.
6. ҚР Заңы. "Қоршаған ортаны қорғау” Алматы. 1998ж
7. Жер туралы заңнамалар 2001жыл.
8. Қазақстан Республикасының «Жер кодексі»2003 жыл 1 шілде.
9. 2004жылғы ҚРның Жер заңнамалары.
10. Сапарғалиев.Ғ. "Мемлекет және құқық негіздері” Алматы 2000ж.
11. Жер мәселесі бойынша нормативті актілер жинағы
12. «Международные эколого-правовое сотрудничество» Алматы. Дәнекер 2001ж.
13. Қазақ энциклопедиясы,3 том.
14. Қазақстан Республикасының азаматтық құқықғы, Ғазиз Төлеуғалиев, Алматы, 2001 жыл.
15. «Экология»терминдер жинағы.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3
ЖЕР ҚОЙНАУЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕЖИМІ
1.1 Жер қойнауы. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 5
1.2 Жер қойнауы туралы заңдарды бұзғаны үшін жауаптылық. . . . . . . . . . . . . . .6
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖЕР ҚОЙНАУЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕЖИМІ ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАСЫ
2.1 Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану заңдарының мiндеттерi. . . . .7
2.2 Қазбаларға, техногендiк минералдық түзiлiмдерге, техногендiк суларға және минералды шикiзатқа меншiк құқығы. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 8
ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУҒА БАЙЛАНЫСТЫ ТӨЛЕМДЕР, САЛЫҚТАР ЖҮЙЕСІ
3.1 ҚР ның жер қойнауларының төлемдері. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 10
3.2 Жер қойнауын пайдаланушылардың бонустары. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 11
3.3 Тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 13
ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ ҚҰҚЫҒЫ
4.1 Жер қойнауын пайдалану құқығын беру. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 19
4.2 Жер қойнауын пайдалану құқығын басқа тұлғаға беру. . . . . . . . . . . . . . . . 22
ҚОРЫТЫНДЫ. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 25
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .29

КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының жер қоры дегеніміз - мемлекет меншігіндегі, оның аумағын түгел қамтитын жер шарының құрылықтағы бір бөлігін айтамыз.
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 1 тарауының 1-бабына сәйкес
ҚР жер қоры нысаналы мақсатына сәйкес мынадай санаттарға-бөлінеді:
1. ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер;
2. елді мекендердің ( қалалардың, ауылдың елді мекендердің) жері;
3. өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және өзге де ауыл
шаруашылығы мақсатына арналмаған жер;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, сауықтыру
мақсатындағы және тарихи мәдени мақсаттағы жер;
орман қорының жері;
су қорының жері;
босалқы жер.
Жерді осы аталған санаттарға жатқызуды, сондай-ақ жерді оның нысаналы
мақсатының өзгеруіне байланысты бір санаттан басқасына ауыстыруды мемлекеттік органдар Жер кодексінде және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде белгіленген, жер учаскелерін алып қою және беру жөніндегі өз құзіреті шегінде жүргізеді.
Қазақстан Республикасындағы жер қатынастарын Жер кодексі және соған
сәйкес қабылданған басқа да Қазақстан Республикасының заң актілері реттеп отырады.
Жер қойнауы ұғымы кен байлығы ұғымынан кең. Кен байлығы - жер
қойнауының ең маңызды құрамдас бір бөлігі. Бағалы кен байлығы, пайдалы қазбалар мемлекеттің әлеуметтік экономикалық жағдайында өнеркәсіп өндірісін ұлғайтуда көрнекті орын алады. Республиканың кен байлықтарын неғұрлым халқымыздың игілігі үшін толығырақ пайдалану барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының мүдделі ісі. Ол үшін қолда бар мүмкіндіктерді, соның ішінде шет елдік заңды ұйымдар мен жеке тұлғалардың қатысуымен жер қойнауының байлығын пайдалану керек. Бұл салада туындайтын барлық қатынастарды Жер қойнауын пайдалану туралы Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен реттеледі.
Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану жағдайындағы заңның
міндеттері:
1.Қ.Р мүдделерін және оның табиғи ресурстарынқорғау;
2. Қазақстан Республикасының жер қойнауын тиімді пайдалану және қорғау;
3. Жер қойнауын пайдаланушылар мүдделерін қорғау;
4. Шаруашылық жүргізудің барлық нысандарының бірдей дамуына жағдай
жасау;
5.Жер қойнауын пайдалану жөніндегі қатынастар саласында заңдылықты
күшейту мақсатында жүргізуді реттеу болып табылады.
Экология заңдарын бұзушылық.
Экология заңдарын бұзу дегеніміз -- белгіленген экологиялық тәртіпті бұзатын
және табиғи ортаға зиян келтіретін заңға қайшы кінәлі әрекет немесе әрекетсіздік айтамыз.
Экологиялық құқық бұзушылықтың объектісіне айналадағы табиғи ортаны
қорғау және сақтаумен байланысты қоғамдық қатынастар жатады. Бұл қатынастар өзінің мазмұнына қарай табиғи ресурстарға меншік құқығын, таб пайдалану құқығы, айналадағы табиғи ортаны зиянды зардаптардан қорғау, экологиялық құқықты және адамдар мен азаматтардың заңды мүдделерін қорғау және т.б болып табылады.
Экологиялық құқық бұзушылықтың субъектісіне заңды, жеке тұлғалар, соның
ішінде ҚР-сының аумағындағы құқық бұзған ел азаматтары және изаңды тұлғалары жатады.
Экологиялық құқық бұзғаны үшін заңдық жауапкершілік дегеніміз- мемлекет
және оның органнаң заңның және заңдық тәртіптің сақталуы үшін, құқық бұзушыға қолданылатын мәжбүрлеу шараларын реттейтін құқық нормаларының жиынтығын айтамыз.

ЖЕР ҚОЙНАУЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕЖИМІ
1.1 Жер қойнауы
Табиғат ортасының біртұтас жүйелік де жер қойнауы жермен тығыз байланысты элемент болып табылады. Жер қойнауы дегеніміз - топырақ қабатынан, ол жоқ болса - су бетінен және су қоймаларының түбінен төмен орналасқан, ғылыми - техникалық праристі ескере отырып жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге болатын тереңдікке созылған жер қыртысының бөлігі. Қазақстан Республикасы Президентінің "Жер қойнауы және қойнауын пайдалану туралы" жарлығында осындай анықтама берілген. Осы жарлықта қоршаған ортаның бөлігі ретінде жер қойнауын қорғау міндетері көрсетімен, Жер қойнауын және табиғи ортаны қорғау:

* халықтың денсаулығы мен өмірін қорғау;
* пайдалы қазбаларды тиімді және кешенді пайдалану;
* табиғи ландшафтарды сақтау және бөлінген жерлерді, өзге де номорфологиялық құрылымдарды қалпына келтіру;
* Жер сілкінуді, көшкінді, су басуды, топырақтың отыруын болдырмау мақсатында жер қойнауының үстінгі бөліктерінің энергетикалақ жай-күйік сақтау бағыттарына негізделген құқықтық, ұйымдастыру, экономикалық жүйелерді және басқа шараларды қамтиды.
Жер қоры -- мемлекеттің аумағындағы бүкіл жер құрамы. Қазақстан Республикасы "Жер туралы" (2001) заңына сәйкес жер қоры нысаналы мақсатына сәйкес мынадай санаттарға бөлінеді:
1) ауыл шаруашылығы мақсатында пайдалануға жарамды жерлер;
2) елді мекендердің (қалалардың, кенттер мен ауылдық елді мекендердің) жері;
3) өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және өзге де ауыл шарушылығы мақсатына арналмаған жер;
4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жер;
5) орман қорының жері;
6) су қорының жері;
7) босалқы жер.
Қазақстанның "Жер туралы" заңы бойынша (1-бөлім, 1-бап) табиғи жағдайларға байланысты республика аумағындағы жер қоры орманды дала, дала,қуаң дала, шөлейт, шөл, тау етегіндегі шөлді дала, субтропикалық шөлді дала, субтропикалық тау етегіндегі шөлді дала, ортаазиялық таулы, оңтүстік-сібірлік таулы жер болып жіктеледі.
1.2 Жер қойнауы туралы заңдарды бұзғаны үшін жауаптылық.
Жер қойнауын пайдаланушылар жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды-жүргiзу-кезiнде:
1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы, жер қойнауын зерделеу және пайдалану, өнеркәсiп қауiпсiздiгi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органдармен, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген жерасты су объектiлерiне шектi жол берiлетiн зиянды әсерлердiң нормативтерiн сақтауға;
2)"Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген тәртiппен аккредиттелген өзiнiң немесе өзге де лабораторияларға ағызылатын сулардың химиялық құрамын анықтауды қамтамасыз етуге;
3) қоршаған ортаны қорғау, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органдарға және санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарына ластаушы заттардың авариялық ағызылғаны туралы, сондай-ақ жерасты суларын алудың белгiленген режимiнiң бұзылуы және оларға суларды ағызу (айдау) объектiсi туралы шұғыл ақпаратты беруге мiндеттi.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖЕР ҚОЙНАУЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕЖИМІ ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАСЫ
2.1 Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану заңдарының мiндеттерi
Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану жайындағы заңдардың мiндеттерi - Қазақстан Республикасының мүдделерiн және оның табиғи ресурстарын қорғау, Қазақстан Республикасының жер қойнауын тиiмдi пайдалану және қорғау, жер қойнауын пайдаланушылар мүдделерiн қорғау, шаруашылық жүргiзудiң барлық нысандарының бiрдей дамуына жағдай жасау, жер қойнауын пайдалану жөнiндегi қатынастар саласында заңдылықты күшейту мақсатында жүргiзудi реттеу болып табылады.
Жер қойнауын және жер қойнауын пайдалану туралы заңдардың принциптерi
Жер қойнауымен және жер қойнауын пайдаланумен байланысты құқықтық қатынастар мынадай принциптерге негiзделедi:
1) жер қойнауын ұтымды, кешендi және қауiпсiз пайдалануды қамтамасыз ету;
2) жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету;
3) республикалық және аймақтық мүдделердiң үйлесуiн қамтамасыз ету;
4) минералдық шикiзат базасын толықтыруды қамтамасыз ету;
5) жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жариялы түрде жүргiзу;
6) жер қойнауын пайдаланудың ақылы болуы;
7)жер қойнауын пайдалану жөнiнде операцияларды жүргiзуге инвестициялар тарту үшiн қолайлы жағдайлар туғызу;
8) Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес адам өмiрi мен денсаулығы және қоршаған орта үшiн жер қойнауын пайдалану саласында өнiмнiң, оның өмiрлiк циклi процестерiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету. .
Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңдар
1. Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзгенде пайда болатын қатынастар осы Заңмен және соған сәйкес қабылданған басқа нормативтiк құқықтық актiлермен реттеледi.
Пайдалы қазбалар мен техногендiк минералды түзiлiмдердiң кейбiр түрлерiне қатысты жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзуге байланысты ерекшелiктер, пайдалы қазбалардың осы түрлерi туралы және техногендiк минералды түзiлiмдер туралы заң актiлерiмен айқындалады.
2. Жер, су (жерасты және шипалы балшықтан басқа), орман, өсiмдiк және жануарлар әлемiн, атмосфералық ауаны пайдалану және қорғау жөнiндегi қатынастар арнайы заңдармен реттеледi.
3. Жер қойнауын пайдалану құқығына байланысты азаматтық құқықтық қатынастар осы Заң нормаларымен реттелмеген болса, азаматтық заңдар нормаларымен реттеледi.
4. Егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде өзгеше көзделмеген болса, шетелдiк азаматтар және заңды тұлғалар; сондай-ақ азаматтығы жоқ тұлғалар жер қойнауын пайдалану жөнiнде Қазақстан Республикасының азаматтарымен және заңды тұлғаларымен бiрдей құқықтармен пайдаланады және мiндеттер атқарады.
5. Осы Заң белгiленген азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары Үкiметтiң, орталық әрi жергiлiктi атқарушы органдардың және мәслихаттардың актiлерiмен шектелмейдi. Мұндай актiлердiң заң күшi болмайды және орындалуға жатпайды.
2.2 Қазбаларға, техногендiк минералдық түзiлiмдерге, техногендiк суларға және минералды шикiзатқа меншiк құқығы
1. Жер қойнауы және оның құрамындағы пайдалы қазбалар Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес мемлекет меншiгi болып табылады.
2. Егер контрактiде өзгеше көзделмеген болса, минералды шикiзат меншiк құқығымен жер қойнауын пайдаланушының меншiгiне жатады (Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кәсiпорнына - шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығымен).
3. Техногендiк минералдық түзiлiмдер мен техногендiк сулар жер қойнауын пайдаланушының меншiгi болып табылады. Техногендiк минералдық түзілімдерді игеру кезiнде жер қойнауын пайдаланушы не жер қойнауын пайдаланушыдан техногендiк минералдық түзiлiмдерге меншiк құқығын алған үшiншi тұлға кен орнын игеру кезiнде салық төленбеген пайдалы қазбалардың қорына мемлекеттiк сараптама жүргiзуге және құзыреттi органмен оны өндiруге келiсiм-шарт жасасуға мiндеттi.
4. Мемлекет меншiгiндегi техногендiк минералды түзiлiмдерден алынған пайдалы қазбаларға иелiк ету құқығы контрактыда айқындалады.
5. Минералды шикiзат, техногендiк минералдық түзiлiмдер мен техногендiк сулар немесе пайдалы қазбалар меншiк құқығымен жер қойнауын пайдаланушының иелiгiнде болса, ол минералды шикiзатқа, техногендiк минералдық түзiлiмдерге, техногендiк суларға немесе пайдалы қазбаларға иелiк етуге, олар жөнiнде Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған кез келген азаматтық-құқықтық мәмiлелер жасауға хақылы.

ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУҒА БАЙЛАНЫСТЫ ТӨЛЕМДЕР, САЛЫҚТАР ЖҮЙЕСІ
3.1 ҚР ның жер қойнауларының төлемдері
Қазақстан Республикасының салық жүйесінде табиғат ресурстарын, пайдалы казындыларды, жер қойнауын пайдалануға байланысты біркатар төлемдер бар, оларды шартты түрде салықтық сипаты бар табиғат ресурстары үшін теленетін төлемдер ретінде бір гопқа біріктіруіге болады. Оларға үсте.ме пайдага салынатын салық, жер қойнауын пайдалануіиылардың арнаулы төлемдері, пайдалы қазындыларды өндіру салығы, су үшін төленетін төлем, орманды пайдаланганы үшін төлем (орман табысы) және басқалары жатады. Аталған төлемдер негізінен ренталық сипатта болады, өйткені олардың пайда болуы мен мөлшерлемелерінің шамасы шығарылатын Және шаруашылық қызметте пайдаланатын материалды, шикізатты, минералдық ресурстарды алу, тұтыну, олардың сапасы табиғат факторларымен байланысты болады.
Қазақстан Республикасы заңнамасында айқындалған тәртіппен жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған контракттар шеңберінде жер койнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізген кезде жер қойнауын пайдаланушылар Салықтық кодексте белгіленген барлық салықтарды және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдерді, ал жер қойнауын пайдаланушылардың төлемдері мен салықтарын - қосымша, жер койнауын пайдалану бойынша операциялар жүргізген кезде төлейді.
Заңи және жеке тұлғалар, соның ішінде Қазақстан Республикасында жер койнауын пайдалану бойынша операцияларды, сонымен бірге мемлекет мен- шігіндегі техногендік минералдық құрылымдарды кайта өңдеуді жүзеге асыратын шетелдік тұлғалар жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салықтарын төлеушілер болып табылады. Жер қойнауын пайдаланушыларға белгіленген салық режімі жер койнауын пайдалануға Үкімет белгілеген тәртіппен жасалынған контрактта айқындалады.
Жер койнауын пайдаланушыларға салық салудың екі моделі белгіленген: бірінші модель жер койнауын пайдаланушының өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесін қоспағанда Салықтық кодексте көзделген салықтар мен басқа міндетті төлемдердің барлық түрлерін төлеуін көздейді; екінші моделъ жер қойнауын пайдаланушының өнімді бөлу бойыніиа Қазақстан Республикасының үлесін төлеуін (беруін), сондай-ак салық заңнамасында көзделген салықтар мен басқа міндетті төлемдердің барлық түрлерін төлеуін көздейді, оларға шикі мұнай, газ конденсатына салынатын рента салығы, шикі мұнайға, газ конденсатына салынатын акциз, үстеме пайда салығы, жер салығы, роялти, мүлік салығы қосылмайды.
Кен орындарын (кен орындар тобын, кен орындарының бір бөлігін) рентабелдігі төмен, коюлығы жоғары, суланган, шағын дебетті және игерілген санатка жатқызу тәртібін, олардың тізбесі мен салық салу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. Бұл роялти, өнімді бөлу боныншаҚазақстан Республикасының үлесі, өнімді бөлу туралы контракт бойынша қызметін жүзеге асырушы жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемісалық салудың екі моделіне сәйкес (контракттардың негізгі түрлерін негізге ала отырып) жер койнауын пайдалануға контракттарда айқындалатын жер койнауын пайдаланушылар үшін белгіленген салық режімінде жұмыс істей береді дегенді білдіреді. 2009 жылдан жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салықтары:
1. жер койнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдерін:а) қол қойылатын бонусты; ә) коммерциялық табу бонусын; б) тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемді;
2. пайдалы қазындыларды өндіру салығын;
3. үстеме пайда салығын кіріктіреді.
3.2 Жер қойнауын пайдаланушылардың бонустары
Бонустар жер койнауын пайдаланушының тіркелген төлемдері болып табылады. Жер койнауын пайдалануға арнап жасалған контракттың түрлері мен шарттарына қарай жер қойнауын пайдаланушы үшін бонустардың мынадай түрлері белгіленуі мүмкін: қол қойылатын бонус және коммерциялық табубонусы. Қол қойылатын бонус жер қойнауын пайдаланушының контракт аумағында жер қойнауын пайдалану құқығын сатып алу үшін алған біржолғы тіркелген төлемі болып табылады. Қол қойылатын бонус төлеушілері Қазақстан Республикасының жер койнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер койнауын пайдалану құқығын алу конкурсының жеңімпазы болған немесе жер койнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тікелей келіссөздер негізінде жер койнауын пайдалану құқығын алған, сондай-ак Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен жер койнауын пайдалануға арналған мынадай контракттардың бірін:
1. барлауға арналған контрактты;
2. пайдалы казындыларды өндіруге арналған контрактты жасаскан жеке немесе заңи тұлға болып табылады.
Қол койылатын бонустың бастапқы мөлшері жер қойнауын пайдалануға жасасқан әрбір контракт үшін айлық есептік көрсеткіштің еселенгенмөлшерлерінде жеке белгіленеді.
Жер қойнауын пайдалану құқығын алуға конкурс өткізілгенге дейінгі қол қойылатын бонустың бастапқы мөлшері құзырлы органның конкурстықкомиссиясының шешімі бойынша ұлғайтылуы мүмкін.
Қол қойылатын бонустың бастапқыдан төмен емес сомадағы түпкілікті мөлиіерін жер койнауын пайдалану құқығын алуға өткізілген конкурстықнәтижелері бойынша конкурстық комиссияның шешімі немесе жер койнауын пайдаланушымен тура келіссөздер жүргізу нәтижелері бойынша құзырлы орган белгілейді және ол жер койнауын пайдалануға арналған контрактқа кіріктіріледі. Қол койылатын бонус бюджетке салық төлеушінің тұрғылықты орны бойынша мынандай мерзімдерде: белгіленген соманың елу пайызы - салық төлеушіні Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен конкурс жеңімпазы деп жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде,қалған белгіленген елу пайызы жер қойнауын пайдалануға арналған контракт күшіне енген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей төленеді.
Коммерциялық табу бонусын контракт аумағындағы пайдалы казындыларды әрбір коммерциялық табу үшін, соның ішінде бастапқыда белгіленген алынатын пайдалы казындылар корларын ұлғайтуға алып келетін кен орындарың қосымша барлау жүргізу барысындағы, табу үшін жер; койнауын пайдаланушы төлейді. Коммерциялық табу бонусының салық салу объекті пайдалы қазындылар қорларының нақты көлемі болып табылады.Коммерциялық табу бонусынын сомасы салық салу объектінің, салық базасы мен мөлшерлемелерінің негіз шие айқындалады. Коммерциялық табу бонусы салық базасының 0,1 пайыз мөлшерлемесі бойынша төленеді.
3.3Тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем
Тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем жер қойнауын пайдалануға арналған контракт жасасқанға дейін тиісті контракт аумағын геологиялықзерттеу мен жайластыруға мемлекет шеккен жиынтық шығындарды өтеу бойынша жер қойнауын пайдаланушының тіркелген төлемдері тарихишығындарды өтеу бойынша төлемі болып табылады. Бұл шығындардың сомасын Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен осы мақсаттар үшін уәкілетті мемлекеттік орган есептейді және ол салық заңнамасының кағидаларына сәйкес бюджетке төленеді.Тарихи шығындар сомасының бір бөлігі (1,5%-дан 5%-ға дейінгі мөлшерде) мемлекет меншігіндегі геологиялық ақпаратты сатып алу төлемдері түрінде, калған бөлігі тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем түрінде бюджетке төленуге жатады.
Пайдалы қазындылирды өндіру салығы Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін минералдық шикізат, мұнай, жерасты сулары және емдік балшықтың әрбір түрі бойынша ақшалай нысанда жеке төленетін салық.
Салықтың төлеушілері жер қойнауын пайдалануға арналып жасалған әрбір жекелеген контракт шеңберінде техногендік минералдық құрлымдардан алынған пайдалы қазындыларды қоса алғанда, мұнайды, минералдық шикізатты, жерасты суларын және емдік балшықты өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар болып табылады.
Жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңінде өндірген шикі мұнайдың,газ конденсаты мен табиғи газдың нақты көлемі пайдалы казындыларды өндіруге салық салу объекті, ал бұл көлемнің құны салық базасы болып табылады. Құн өндірілген тауарлы шикі мұнайдың, газ конденсатының және табиғи газдың көлемі мен салық кезеңіне есептелген өнімнің бірлігі үшін әлемдік бағаның көбейтіндісі ретінде айқындалады.
Өндірілген минералдық шикізаттың,мұнайдың жерасты сулары мен емдік балшықтың барлық түрлері бойынша пайдалы қазындылары өндіру салығы жүргізілетін өндіру түріне қарамастан салық заңнамасында белгіленген мөлшерлемелер бойынша және тәртіппен төленеді.
Пайдалы қазындыларды өндіру салығын есептеу үшін жер койнауын пайдалануы Салықтық кодексте келтірілген шэкілге сәйкес жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жекелеген контракт бойынша ағымдағы салық жылына арналған өндірудің жоспарланған көлеміне сәйкес келетін мөлшерлемені колданады. Пайдалы казындыларды өндіру салығының құрамына: мұнайға арналған пайдалы қазыналарды өндіру салығы, кең таралған пайдалы қазындыларды коспағанда, минералдық шикізатқа пайдалы казындыларды өндіру салығы және кең таралған пайдалы казыналарға жерасты суларға және емдік балшықтарға, пайдалы казындыларды өндіру салығы кіріктіріледі.
Шикі мұнайға пайдалы қазындыларды өндіру салығының мөлшерлемелері газ кондесатын қоса алғанда, тіркелген тұлғанымда жылдық өндіру көлеміне қарай (10 мөлшерлеме,өндіру ауқымы 250 мың тоннаға дейін және 10 млн.тоннадан жоғары) 7%-дан 20%-ға дейінгі шэкіл бойынша белгіленеді. Қазақстан Республикасының ішкі рыноғында шикі мұнай мен газ конденсатын өткізген және (немесе) берген, соның ішінде мемлекет атынан алушыға пайдалы казындыларды өндіру салығын, экспортка рента салығын, роялтиді және Қазақстан
Республикасының өнімді бөлу жөніндегі үлесін төлеу есебіне заттай нысанда берген немесе өзінің өндірістік мұқтаждықтарына пайдаланған жағдайда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жердің құқықтық режимі туралы
Экологиялық құқық пәнінен дәрістер
Экология құқығы пәнінің дәрістері
Экология құқығының дәрістері
«Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені
Табиғат пайдалану құқығы
Жер қойнауының құқықтық режимі туралы ақпарат
Жер қойнауы және жер қойнауының пайдалану түсінігі
«Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы» пәнінің оқу-әдістемелік кешені
Қазақстан Республикасының экологиялық құқығының дәрістері
Пәндер