Құрылыс материалдарын өндіру


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:
Тақрыбы: Құрылыс материалдарын өндіру
Жоспар:
- Құрылыс материалдары өндірісі саласындағы басымдық факторларды эксперттік бағалау
- Құрылыс материалдарын өндірудің атмосфераға тигізетің зияны
1. Құрылыс материалдарының өндірісі ел экономикасының аса маңызды салаларының құрамына кіретін құрылыс кластерінің ажырамас бөлігі болып табылады. Құрылыс кластері арқылы отандық өндірістегі жоғары сапалы құрылыс материалдарымен қамтамасыз ету қазіргі уақытта күрделі құрылыс жұмыстарын жүргізудің тиімділігін арттыруда басым рөл ойнайды.
Қазақстанның құрылыс индустриясы 700-ге тарта өнеркәсіптік кәсіпорындарды құрайды, олардың негізгі қызметі құрылыс материалдарын өндіру болып табылады.
Реформалау жылдары құрылыс материалдары өндірісінде өнеркәсіптік кәсіпорындарға деген мемлекеттің монополиясы тәжірибе жүзінде жойылды.
Құрылыс индустриясы объектілерін жекешелендіру, құрылыс ұйымдарын қайта құру және мемлекет иелігінен алу кезеңінде құрылыс жұмыстарының көлемі күрт төмендеді, және сәйкесінше құрылыс индустриясы кәсіпорындарының өнімдеріне сұраныс та төмендеді. Бұл осы саладағы көптеген ірі кәсіпорындардың банкроттыққа ұшырауына және жойылуына алып келді. 2009 жылдың мәліметтері бойынша, экономиканың осы секторында 45, 7 мың адам жұмыспен қамтылған. Саланың өнеркәсіптік өндірістегі үлесі 2, 2%-ды құрайды [1] .
Біздің пайымдауымызша, құрылыс индустриясы саласының шешуші сипаттамасын қамтамасыз ететін негізгі факторлар болып мыналар табылады:
- құрылыс жұмыстарының жоғары көлемін және құрылыс материалдарының жеткілікті көлеміне деген қажеттілікті қамтамасыз ететін ел экономикасының басымдықты салаларын дамыту;
- елдің экономикалық дамуының жоғары қарқыны тұрғындардың әл-ауқатының өсуіне мүмкіндік береді, осының салдарынан олар өз қаржыларын баспаналық жағдайларын жақсартуға салады, ал бұл өз кезегінде тұрғын үй мүлігіне деген тұрақты сұранысты қамтамасыз етеді;
- құрылыс жұмыстарының үлкен көлемін орындауды көздейтін жергілікті және республикалық деңгейдегі бірқатар инвестициялық жобаларды жүзеге асыру.
Қазіргі уақытта тауарлық нарық құрылыс материалдарымен толық толтырылған, алайда отандық өнімнің ассортименті көлемі жағынан да, сапасы жағынан да қазіргі құрылыстың қажеттіліктерін толығымен қанағаттандыра алмай отыр.
Құрал-жабдықтардың тозуының үлкен көлемдегі дәрежесі құрылыс индустриясының кірпіш кәсіпорындарында байқалып отыр.
Қабырғалық, төбе жапқыш, өңдеу-әрлеу материалдарын және басқа да тиімді өнімдер мен құрал-жабдықтарды өндіретін кәсіпорындарды қайта қаруландыру үрдісі баяу қарқынмен жүргізіледі.
Қазіргі уақытта, құрылыс материалдары өндірісінің қызметін шектейтін, және сәйкесінше, отандық құрылыс материалдары өндірісінің дамуына басымдықты түрде әсер ететін бірқатар факторларды анықтауға болады.
Төмендегі суретте құрылыс материалдарының өндірісі бойынша қызметті шектейтін негізгі басымдықты факторлар көрсетілген.
Сурет 1. Құрылыс материалдары өндірісінің қызметін шектейтін басымдықты факторлар
Біздің ойымызша, негізгі ерекше орынды «бәсекелесуші импорт» факторы алады. Жоғарыда айтылғандай, отандық өнімнің ассортименті көлемі және сапасы жағынан қазіргі құрылыстың қажеттіліктерін толық қанағаттандыра алмайды.
1-кестеде ресурстар мен бірқатар құрылыс материалдары өнімдерін қолдануды қарастырамыз.
Кесте 1 - 2009 жылғы құрылыс материалдары өнімдерінің импорты мен экспорты
Жоғарыда келтірілген мәліметтер, Қазақстанның өте жақсы шикізаттық базаға ие болуына қарамастан, оның құрылыс материалдарының импортына тым тәуелді екенін тағы да дәлелдеп отыр.
Біз енді елдер бойынша ҚР-ның бірқатар құрылыс материалдарының импортын қарастыруды орынды деп санаймыз.
Кесте 2 - Елдер бойыша құрылыс материалдарының импорты, 2009 ж.
Беларусь
Ресей
Украина
Австрия
Германия
Қытай
1698, 454
11983, 1637
2430, 0278
243, 46
546, 56
10311, 9
741396, 36
42114979, 1
925103, 63
81485, 49
287772, 35
1003451, 9
Украина
Ресей
Германия
Қытай
Италия
4741, 02
1598, 75
1518, 7
598, 3
496, 6
1781603, 1
768007, 8
760170, 7
263339, 2
433394, 8
Ресей
Қыргызстан
Болгария
Иран
Қытай
79191, 7
2453, 0
1239, 9
1651, 6
23029
3293765, 6
104578, 8
43081, 5
61810
929217
ТМД елдері
Қытай
Германия
Австрия
73973, 2
32005
4620, 3
2070, 6
3555271
4405549
1192180
780209, 5
Страны СНГ
Өзбекстан
Украина
Иран
119395, 9
53649, 4
28597, 1
2147, 6
1684375, 7
308893, 3
838541, 4
102516, 04
2-кестенің мәліметтерінен біз көптеген құрылыс материалдарының Қазақстанға импортталатындығын көріп отырмыз, атап айтсақ: ағаш құрылыс құрастырмалары және ұсташылық өнімдер, түсқағаздар, табақ шыны, керамикалық отқа берік өнімдер, кірпіштер, плиткалар, күйдірілген балшықтан жасалған құрылыс өнімдері.
Кесте 3 - Құрылыс материалдарын өндірушілер
Елдің құрылыс индустриясындағы оң өзгерістерге қарамастан, құрылыс тауарлары нарығындағы орын алып отырған тапшылық негізінен, едәуір көлемде импорттық өнімдер есебінен толықтырылып отыр, бұл импорттық өнімдердің енгізілуі өспесе кеміген емес. Отандық өндірушілердің шығаратын өнімдері сыртқы нарықтарда бәсекеге төтеп беруге әрқашанда қабілетті емес.
Ресурстардың шектеулілігі құрылыс материалдары нарығына әлеуетті бәсекелестердің кіруіне қойылатын тосқауыл ретінде қарастырылады. Қорлардың үлкен көлеміне қарамастан, ресурстар ереже бойынша, жұмыс істеп тұрған шаруашылық субъектілерінің арасында бөлініп қойылған болып есептеледі, ал геологиялық жұмыстарды жүргізу және жаңа кен орындарды игеру үлкен көлемдегі бастапқы инвестицияларды қажет етеді, ал бұл өз кезегінде салымдардың тәуекелін арттырады.
Сонымен қатар, қандай да бір кен орындарын игеруге лицензияларды алумен байланысты әкімшіліктік шектеулер де орын алады.
Құрылыс материалдарын тұтынушылар болып көп жағдайда құрылыс кешенінің кәсіпорындары табылатындығын ескере отырып, баға мәселесі көбінесе аймақтағы инвестициялық белсенділікке және сәйкесінше, құрылыс материалдарына деген сұранысқа байланысты болып келеді.
Қазіргі уақытта монополист-кәсіпорындардың тарифтік және баға бойынша қысым жасауы (газға, жанар-жағар майға, бензинге, электр энергиясына бағаны өсіру және тасымалдау тарифтерін арттыру) құрылыс материалдарының өзіндік құнының және бағасының артуына алып келеді, олардың бәсекелік қабілеттілігін төмендетеді және импорттың көбеюіне ықпал жасайды.
ҚР-сы Статистика Агенттігінің мәліметтері бойынша, 2009 жылы бағалар индексінің және құрылыс материалдары орташа бағаларының динамикасында мынадай жағдай орын алды.
Кесте 4 - Бағалар индексі және құрылыс материалдарының орташа бағалары
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz