Құқықтық қатынастардың түсінігі, белгілері және алғышарттары


1 Құқықтық қатынастардың түсінігі, белгілері және алғышарттары
Құқықтық қатынастар - бұл мемлекетпен қорғалатын қоғамдық қатынастар оңды құқық нормаларының адам тәрбиесіне ықпал етуде пайда болады және субъективтік құқықтарының болуымен және оның қатысушыларындағы заңды міндеттермен сипатталады.
Қандай болмасын құқықтық қатынастардың арнайы-ланған белгілері болады:
- заңдық нормалардың негізінде құрылады, құқықтық қатынастардың нысанымен мазмұнын белгілейді;
- екі жақтың өзара субъективтік құқық пен заңды міндеттердің болғанына негізделген;
- бұл ерікті қатынастар себебі құқық нормаларынан басқа қоғамдық қатынастарға қатынасушылардың еркі қажет. Мұнда ерік екі жаққа бірдей (неке, сату-сатып алу) не біржақты (алдын ала тергеу процесінде қылмыстық іс қозғау - мемлекеттің еркі) ;
- әр уақытта мемлекетпен қорғалады.
Нақтылы құқықтық қатынастарды туғызуға қажетті белгілі жағдайлар керек алғышарттар: құқықтық қаты-настардың материалдық алғышарттары (әлеуметтік-экономикалық, мәдени жүйе және сол не басқадай құқықтық реттеу қажеттілігі, қоғамдық қатынастарды объективті қамтамасыз ететін жағдайлар) ; заңдылық қажеттілік (қажетті формальді-заңдылық жағдай, солардың болуына байланысты (өзгереді, тоқтатылады) құқықтық қатынастар пайда болады.
Ондай құқықтық қатынастардың алғышарттарына мыналар жатады: құқықтық қатынастардың қатысушыларын заңды құралдармен, құқықпен, міндеттілікпен толықтырады; заңды фактілер, яғни құқықтық қатынастар, құқықтық субъективтік, құқықтық қатынастарға белгілі қатысушылары ретінде пайда болатын жағдайлар; өкілеттілігі бардың мүддесі және құқықтық қатынастардың қатысушыларының тәртібі.
Қандай болмасын қатынастар, құқықтық қатынастар жеткілікті түрде күрделі құбылыс белгілі элементтерден тұрады. Олардың болуы өте қажет және құқықтық қатынастардың өзінің өмір сүруін қамтамасыз етеді. Көптеген бар құқықтық қатынастардың көптігіне қарай, олардың бәрі оларды құратын элементтерден құралады: субъектілерден және объектілерден. Мұнда құқықтық қатынастардың заңды мазмұны ретінде субъективтік құқық пен міндеттер көрінеді.
Құқықтық қатынастың құрамы - бұл қажетті элементтердің жиынтығы берілген үлестеріне сай, субъектілер мен субъективтік құқықтар және заңды міндеттер және белгілі объектілер, сол туралы олардың әрекеттістікке кіруі.
Құқықтық қатынастардың субъектісіне, құқықтық қатынастардың қатынасушылары, субъективтік құқығы мен заңды міндеттері болса ғана кіреді: физикалық және заңды тұлғалар.
Физикалық тұлғаға - индивидтерге құқықтық қатынастардың субъектісі ретінде жататындар: мемлекеттің азаматтары, шет ел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар, егер олар егеменді мемлекеттің аумағында өмір сүрсе. ҚР азаматтарына жататындар: ҚР азаматтығы бар адамдар жатады және ҚР заңына сәйкес азаматтық алғандар . . .
Құқықтық қатынастардың субъектісі болу үшін индивидтер не ұйымдардың құқықтық-субъективтігі болуы қажет, яғни құқық субъектісі болатын қабілеттігі болуы керек не субъективтік құқығы мен заңды міндеттері болып оларды өздерінің әрекеттерінде іс жүзіне асыруы керек.
Құқықтық-субъективтік, құқықтық қабілеттіліктен және деликт қабілеттілікпен қалыптасады.
Құқықтық-қабілеттілік - бұл заңдарда бекітілген өз әрекетімен құқықты алу және құқықты міндеттілікті іске асыру, оларды пайдалану және орындау. Физикалық адамның қабілеттілігі тікелей жасына және психологиялық, физикалық денсаулығының ерекшеліктеріне тікелей байланысты. Жалпы тәртіп бойынша қабілеттілік толығымен кәмелеттік жасқа толғаннан кейін ғана болады.
Әр түрлі негіздемелерге байланысты қабілеттілік толық болмауы да мүмкін. Ондай жағдайлар бар құқықтың көлемін (тежеу) субъектілердің ерекшеліктеріне байланысты: жекелен-ген қабілеттілік (14 жасқа дейінгі жасөспірімдер шектелген құқықты пайдаланады, яғни тұрмыстық ұсақ-түйек заттармен келісім жасау, одан артыққа құқықтарды шектеуге рұқсат жоқ) ; шектеулі қабілеттілік сотпен ғана белгіленеді (маскү-немдерге, нашақорларға және түрмеде отырғандарға), олар ке-лісім жасауда шектеледі, бірақ субъектілердің өз міндеттерін орындауға және өз әрекеті үшін жауапкершілікте болуы шек-телмейді; толық қабілетсіздік (алты жасқа дейінгі балалар, есінен ауысқандар), оларға өз еркімен келісім жасауға заң арқылы тыйым салынады және заңды жауапкершіліктен босатылады.
Қабілеттілік заңды тұлғалардың тіркеу кезінде ғана пайда болады, мұнда ол құқықтық қабілеттілікпен дәл келеді.
Деликтоқабілеттілік - бұл заңмен мойындалған, субъектінің заңды жауапкершілікті алып жүруімен қатар өзінің құқыққа қарсы тәртібін саналы мойындау қабілеттілігі.
Азаматтың құқықтық субъектілікке ие болуы, яғни бостандық құқығы мен міндеттіліктің жиынтығы құқықтық статус деп аталады (құқықтық жағдайы) .
Заңды тұлға құқықтық қатынастар субъектісі ретінде ұйымдар болады, олардың жекелеген меншікті мүліктері болуы қажет және оны басқаратын оперативтік жағдайына байланысты өз мүліктері бойынша міндеттеріне жауапкершілігі болуы қажет және өз атынан мүліктік және жекеше мүліктік емес құқықты иемденуге, міндеттілікті көтеруге арыздануға және сотта жауап беруге құқығы болады.
Құқықтық қатынастардың екінші элементтеріне объект жатады.
Құқықтық қатынастардың объектісіне кіруге мүмкін-дігі барларға материалдық және материалдық емес табыстар жатады, оларды көрсетумен не пайдаланумен құқықтық қатынастардың өкілеттігі бар жақтарының мүдделері қанағаттандырылады. Сонымен, құқықтық қатынастардың объектілері сол құқық нормаларының әрекетіне бағытталған шын мәніндегі оның қатысушылардың тәртібі.
Сол негіздерге байланысты әр түрлі құқықтық қатынастарда әр түрлі объектілер болуы мүмкін: материалдық табыс (ақша және басқадай мүліктер, яғни алып-сатуға арналған мүліктер, айырбастау, сыйлыққа беру, қарыз, т. б. ), жекелеген мүлік емес, құқық не материалдық емес табыс (өмір, денсаулық, жеке не отбасылық құпия, автор болуға, ақпарат алуға, т. б. ), құқықтық қатынастардың қатысу-шыларының тәртібі (олардың әрекеті не әрекетсіздігі) ; тәртіптің белгілі нәтижесі; рухани шығармашылықтың жемісі (әдеби, ғылыми, искусстволық) .
Құқықтық қатынастардың мазмұны - бұл өзара құ-қықтық қатынастардың жақтарында бар, олардың субъектив-тік құқықтарымен заңды міндеттерін іс жүзіне асыру.
Субъективтік құқық - бұл құқықтық қатынастарға қатынасушылардың тәртіптерінің нақтылы материалдық не материалдық емес табысқа жетуге жеткілікті мүмкіндік шарасы, заңды міндеттермен берілген құқықтық қатынас-тардың басқа қатынасушыларын қамтамасыз етуші.
Субъективтік құқық адамның нақтылы заңдылық күші ретінде әрекеттегі абстрактылы және жекешеленбеген заңды нормалардың негізінде пайда болады. Заңдылық қамтамасыз етілу субъективтік құқықта мына мүмкіндіктен көрінеді:
- белсенді тиімді әрекеттер,
- міндетті жақтардан соған сай тәртіпті талап ету;
- басқа жақпен өз міндеттері орындалмаған кезде, мемлекеттің мәжбүрлеу күшіне жүгінуі;
Заңды міндеттілік - бұл құқық нормаларымен алдын-ала белгіленген міндетті жақтың түрі және қажетті тәртіп мөлшері, мақсаты құқықтық қатынастардың өкілетті жақтарының мүддесін қанағаттандыру.
Заңды міндеттер мынадан тұрады:
- заңмен алдын ала белгіленген белсенді, тиімді әрекеттерді, құқықтық қатынастардың басқа жақтары үшін жасалу қажеттілігі (міндеттілігі) ;
- белгілі әрекеттен ұстанымдылық жасау қажет-тілігі (міндеттерді) ;
- алдын-ала белгіленген әрекетті орындамағандығы үшін жауапкершілікке тарту міндеттілігі.
Белгілі негіздерге байланысты құқықтық қатынастарды мынандай белгілермен әр түрлі түрлерге бөлуге болады:
- құқықтың функциясына: реттеуші құқықтық қатынас, субъектілердің бірізділік тәртіптерінің қалпында қалыпта-сатын және күзетушілік субъектімен құқық нормаларын бұзған кезінде пайда болатын;
- өздерінің қалыптасатын құқықтың саласына байланысты құқықтық қатынастарды, мынаған бөлуге болады: еңбектік, отбасылық, азаматтық-құқықтық, қылмыстық-процессуалдық, әкімшілік-құқықтық және басқа құқықтық қатынастарға;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz