Өскемен қаласының қатты және тұрмыстық қалдықтармен ластануы


Тақырыбы: Өскемен қаласының қатты және тұрмыстық қалдықтармен ластануы

МАЗМҰНЫ

I. ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНДАҒЫ ҚАТТЫ ЖӘНЕ ТҰРМЫСТЫҚ ҚАЛДЫҚТАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ.

1. 1 Өскемен қаласындағы қатты және тұрмыстық қалдықтардың құрамы.

1. 2 Өскемен қаласындағы қатты және тұрмыстық қалдықтардың жинақталу көздері.

II ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНЫҢ ҚАТТЫ ЖӘНЕ ТҰРМЫСТЫҚ ҚАЛДЫҚТАРМЕН ЛАСТАНУЫ

2. 1 Қатты және тұрмыстық қалдықтардың қаладағы қоқыстар орнында жинақталу жағдайы және оның қоршаған орта компоненттеріне ықпалы (атмосфералық ауаға, топырақ жамылғысына, жер асты суларына) .

2. 2 Қатты және тұрмыстық қалдықтар мәселесін шешудегі қазіргі жүргізіліп отырған шаралар.

2. 3 Қатты және тұрмыстық қалдықтар мәселесін шешудің кешенді жолдары.

2. 4 Қалдықтарды пайдаланудың проблемалары мен тәсілдері.: 2. 4 Қалдықтарды пайдаланудың проблемалары мен тәсілдері.

2. 5 Қалдықтар пайдаланудың биохимиялық әдісі.

2. 6 Қатты және тұрмыстық қалдықтар ықпалынан табиғатты қоғаудың бағдарламалары мен шаралары.

I ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНДАҒЫ ҚАТТЫ ЖӘНЕ ТҰРМЫСТЫҚ ҚАЛДЫҚТАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ

1. 1 Өскемен қаласындағы қатты және тұрмыстық қалдықтардың құрамы

Адам баласының кез-келген шаруашылық іс-әрекеті әр түрлі қалдықтармен биосфераны ластайды, бүкіл халықтың денсаулығы мен өміріне, флора мен фауна түрлерінің қысқарылуына, қоршаған ортадағы тепе-теңдікке қауып-қатер тудырады. Қалдықтарды шығарудың негізгі көздеріне: өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, тұрмыстық болып табылады. Әрине, салыстырмалы түрде өнеркәсіп қалдықтарының мөлшері бір адамға шаққанда тұрмыстық қалдықтарынан жиырма еседен артық келеді. Жалпы, қалдық дегеніміз-пайдаланылған соңғы өнімдерді айтуға болады. Агрегатты күйіне байланысты топтастыруда сулы ерітінділер мен шламдарға араласқан (органикалық және анорганикалық), бейтарапты, сілтілі және қышқылды сұйық ерітінділер жатса, сусыздарға пайдаланылған шайырлар, май мен өсімдік майлары, органикалық еріткіштер (өртеуге болатын және болмайтындар) жатады. (суретте көрсетілген) . Шыққан көздеріне байланысты өндірістегі қалдықтар екі үлкен топқа бөлінеді - өндіріс қалдықтары және тұтыну қалдықтары. Өндіріс қалдықтарына - бұйым алу процесінде шыққан және жартылай немесе түгелімен өзінің бастапқы тұтыну сапасын жоғалтқан шикізаттың, материалдың, шала бұйымдардың қалдықтары жатады. Бұл топқа сонымен қатар шикізатты физико-химиялық жолмен өндегенде, пайдалы кендерді шығарғанда немесе байытқанда шыққан, бірақта өндірістік процестің бағытталған мақсатына жатпайтын өнімдер кіреді. Оларды шамалы өндегеннен кейін халық шаруашылығында немесе шикізат ретінде басқа өндірісте, немесе отынға пайдалануға болады. Өндіріс қалдықтарына сыртқа тасталынатын технологиялық газдарды немесе ақаба суларды тазалағанда шыққан қатты заттарда жатады.

Тұтыну қалдықтарына - пайдалануда болғаны үшін тозып, өздерінің тұтыну қасиетін жойған бұйымдармен материалдар жатады. Олар өндіріс жағдайында белгілі тәртіппен шығынға жығарылады, ал тұрмыста тасталынады. Өндіріс пен тұтыну қалдықтары пайдаға асырылатын және пайдаға асырылмайтын болып бөлінеді. Пайдаға асырылатындарға - өндейтін технология бағытына байланысты өнеркәсіптің өзінде немесе халық шаруашылығының басқа салаларында шикізат, шығарылатын өнімге қосымша зат, отын, жем, тынайтқыш ретінде пайдаланылатын қалдықтар жатады. Осы кезеңде өңдеу жүргізетін технологияның болмағанына және алынған өнімдеріне тұтынушының жоқтығына байланысты немесе экономикалық тұрғыдан қолдануға тиімсіз қалдықтарды пайдаға асырылмайтындарға жатқызылады.

Осы пайдаға асырылатын және асырылмайтын қалдықтар жанатын және жанбайтын топтарға бөлінеді.

Жанбайтын - пайдаға асырылмайтын тұрмыстың және өндірістік қалдықтарға мәселен: өндірісте; кектер, руданы байытқанда шыққан қалдықтар т. б. Тұрмыстық бағытта: шыны сынығы, плассмасса бөлігі, целлулоза т. б қарастырамыз. Бұларды өндейтін технология әзірше болмағандықтан зиянсыздандыру үшін көмеді.

Жанатын - пайдаға асырылатын қалдықтарға тұрмыста: ағаш қалдығы, макулатура, тоқыма материалдарының қалдығы, құрамында резина бар қалдықтар, істен шыққан жарамсыз шайларды, еріткіштерді жатқызуға болады. Бұл қалдықтарды зиянсыз түрге айналдыру үшінкамералық цехта жағады да, жағу процесінің нәтижесінде шыққан қалдықтарды көмуге жіберіледі. Фазалық жағадай бойынша қалдықтар қатты, сұйық және газ тәрізді фазалардың қоспасы болып бөлінеді.

Өскемен қаласы бойынша қатты және тұрмыстық қалдықтардың шығарылуына байланысты ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған жинақталу көздеріне негізделген. Осы көздерге табиғат құбылыстарының (күннің ысуы, жауын-шашын, т. б. ) нәтижесінде жинақталған қалдықтарда физика-химиялық және биохимиялық үрдістердің жүруін туғызады. Олардың өнімі - сұйық, қатты, газ тәрізді көптеген улы химиялық қосылыстар. Сақтау үрдісінде қалдықтар басқа физико-химиялық және улы қасиеттері бар заттарға айналуға икемді. Сондай-ақ қоршаған ортаға биогенді әсерінің нәтижесінде жәндіктердің, микроағзалардың көбеюіне қажетті жағдай туғызады. Бұл биосфераға және адамзат өміріне үлкен қауіп төндіреді.

Қалдықтар

Тұрмыстық Өнеркәсіптік Ауылшаруашылық

Газ тәрізді Қатты Сұйық

Органикалық Анорганикалық

Зиянды Зиянсыз

Пайдаға асырылатын Пайдаға асырылмайтын

Жанатын қатты Жанатын сұйық Жанбайтын қатты Жанбайтын сұйық

1 сурет. Қалдықтардың жалпы жіктелуі

Басқа елдердегідей тұрмыстық қатты қалдықтармен ластану Өскемен қаласында да басты мәселе болып отыр. Қалалық аумақтардың экономикалық және шаруашылық жағдайларының ерекшелігі, әсіресе қала аумақтары тұрмыстық қорының ерекшеліетері ТҚҚ морфологиялық құрамын айқындайды. Тұрмыстық қатты қалдықтардың құрамы бойынша әр-түрлі: тағам қалдықтары, қағаз, метелл сынықтары, резина, шыны, ағаш, синтетикалық заттар т. б болып келеді. Олардың арасында орама материалдардың - қағаз, картон, пластик, (оның ішінде полиэтилен), ағаш, сондай-ақ құрғақ кезінде ықтималды жану компоненті болып табылатын текстиль мен резина көптеп кездеседі. Тұрмыстық қатты қалдықтардың талдауының көрсетуінше олардың негізгі массасы органикалық компанентерден тұрады (80%-ға дейін), зерттеу нәтижелері бойынша тұрмыстық қатты қалдықтардың ылғалдылығы (3-5%-ға), күлділігі (50%-ға дейін), бөлшектер мөлшері (1-3мм 70%) . Химиялық құрамы бойынша органикалық заттарға: аммияк және нитрат азоты, жалпы фосфор және калий, кальций, көміртегі, хлориттер, сульфаттар енеді. Органикалық сипаттың құрамында органикалық көміртектің жалпы мөлшері - 90%-дай бар, ал көміртектің азотқа қатынасының индекісі орташа 14%-ды құрайды. Сондай-ақ тұрмыстық қалдықтардың жиналған құрамында жоғары мөлшерде тынайтқыш қасиеттері бар: азот-2%, фосфор-5% және калий-4%, органикалық заттардың құрамы - 40-75%, көміртегі - 35-40%, құрғақ қалдықтар массасына күлділігі - 40-50%. ТҚҚ-дың минералды бөлігі калций, магний, темір, силициум қосылыстарынан тұрады.

Жалпы, күн сайын қалалық орталық полигонға тұрмыстық қалдықтардың 7т жинақталады екен. Оның негізгі бөлігінің 30%-ы әр түрлі орауыш материалдар, сондай-ақ 10%-ы пластикалық заттар. Соңғы жылдары, тұрмыстық қатты қалдықтарының құрамында тағам қалдықтарының, терінің, резинананың, шынының бөліктері азайып, сәйкесінше орауыш материалдардың құрамы өсуде (қағаз, картон, синтетика, тоқыма қалдықтары) . Осы полигонға жинақталған тұрмыстық қатты қалдықтардың морфологиялық құрамы бойынша: қағаз, картон қалдықтары (25-30% массасы бойынша), тамақ қалдықтары (30-38%), ағаш (1, 5-3%), қара және түсті металдар (0, 2-3%), тоқыма қалдығы (4-7%), шыны (5-8%), т. б. 1 таблицада қарастырылған.

Кесте1. Қалалық полигонға қабылданған ТҚҚ-ң морфологиялық құрамы

Қағаз, картон
25-30%
Шыны
5-8%
Қағаз, картон: Тамақ қалдықтары
25-30%: 30-38%
Шыны: Былғары, резенке
5-8%: 2-4%
Қағаз, картон: Ағаш
25-30%: 1, 5-3%
Шыны: Тастар
5-8%: 1-3%
Қағаз, картон: Қара металл
25-30%: 2-3, 5%
Шыны: Пласмасса
5-8%: 2-5%
Қағаз, картон: Түсті металл
25-30%: 0, 2-0, 3%
Шыны: Қалғаны
5-8%: 1-2%
Қағаз, картон: Тоқыма
25-30%: 4-7%
Шыны: Отсев(15мм)
5-8%: 7-13%
Қағаз, картон: Сүйек
25-30%: 0, 5-2%
Шыны:
5-8%:

Өскемен қаласында қалдықтарды алдын-ала іріктеу дәстүрі болмағандықтан тағам қалдықтары, қара және түсті металлдар сынықтары, пластмасса сынықтары, құрылыс және өндіріс қалдықтары аралас жатады. Қалдықтардың жеке компонентері бойынша пайыздық есепте 2 таблицада көрсетілген.

Кесте2. Тұрмыстық қатты қалдықтардың жеке компонентерінің құрылымдық элементері

Қалдықтар компоненті.

Көміртегі

Сутегі

Көміртегі

Оттегі

Азот

Күкірт

Күл

Қалдықтар компоненті.: Қағаз
Көміртегі℅: 27, 7
Сутегі℅: 3, 7
Көміртегі℅: 28, 3
Оттегі℅: 0, 16
Азот℅: 0, 14
Күкірт℅: 15, 0
Күл℅: 25, 0
Қалдықтар компоненті.: Тамақ қалдықтары
Көміртегі℅: 12, 6
Сутегі℅: 1, 8
Көміртегі℅: 8, 0
Оттегі℅: 0, 95
Азот℅: 0, 15
Күкірт℅: 4, 5
Күл℅: 72, 0
Қалдықтар компоненті.: Тоқыма
Көміртегі℅: 40, 4
Сутегі℅: 4, 9
Көміртегі℅: 23, 2
Оттегі℅: 3, 4
Азот℅: 0, 1
Күкірт℅: 8, 0
Күл℅: 20, 0
Қалдықтар компоненті.: Ағаш
Көміртегі℅: 40, 5
Сутегі℅: 4, 8
Көміртегі℅: 33, 8
Оттегі℅: 0, 1
Азот℅: -
Күкірт℅: 0, 8
Күл℅: 20, 0
Қалдықтар компоненті.: Отсев
Көміртегі℅: 13, 9
Сутегі℅: 1, 9
Көміртегі℅: 14, 1
Оттегі℅: -
Азот℅: 0, 1
Күкірт℅: 50, 0
Күл℅: 20, 0
Қалдықтар компоненті.: Пластмасса
Көміртегі℅: 55, 1
Сутегі℅: 7, 6
Көміртегі℅: 17, 5
Оттегі℅: 0, 9
Азот℅: 0, 3
Күкірт℅: 10, 6
Күл℅: 8, 0
Қалдықтар компоненті.: Күл, шлак
Көміртегі℅: 25, 2
Сутегі℅: 0, 45
Көміртегі℅: 0, 7
Оттегі℅: -
Азот℅: 0, 45
Күкірт℅: 63, 2
Күл℅: 1, 0
Қалдықтар компоненті.: Былғары, резенке
Көміртегі℅: 65, 0
Сутегі℅: 5, 0
Көміртегі℅: 12, 6
Оттегі℅: 0, 2
Азот℅: 0, 6
Күкірт℅: 11, 6
Күл℅: 5, 0
Қалдықтар компоненті.: Қалғандары
Көміртегі℅: 47, 0
Сутегі℅: 5, 3
Көміртегі℅: 27, 7
Оттегі℅: 0, 1
Азот℅: 0, 2
Күкірт℅: 11, 7
Күл℅: 8, 0
Қалдықтар компоненті.: Шыны, металл, тастар
Көміртегі℅: -
Сутегі℅: -
Көміртегі℅: -
Оттегі℅: -
Азот℅: -
Күкірт℅: 100
Күл℅: -

Сондай-ақ, тұрмыстық қатты қалдықтардың жеке компонентерін тығыздығы, ылғалдылығы және күлділігі бойынша 3 кестеде көрсетілген.

Кесте 3.

Компонентер
Тығыздығы, кг/м
Ылғалдылығы, %
Күлділігі, %
Компонентер: Қағаздар дәрежесі бойынша;
Тығыздығы, кг/м:
Ылғалдылығы, %:
Күлділігі, %:
Компонентер: - таза
Тығыздығы, кг/м: 40-60
Ылғалдылығы, %: 20-30
Күлділігі, %: 10-20
Компонентер: - ластанған
Тығыздығы, кг/м: 70-80
Ылғалдылығы, %: 40-58
Күлділігі, %: 15-23
Компонентер: Картон
Тығыздығы, кг/м: 50-70
Ылғалдылығы, %: 8-25
Күлділігі, %: 6-8
Компонентер: Тамақ қалдығы
Тығыздығы, кг/м: 450-550
Ылғалдылығы, %: 70-92
Күлділігі, %: 5-40
Компонентер: Ағаш
Тығыздығы, кг/м: 220
Ылғалдылығы, %: 15-25
Күлділігі, %: 2, 3-10, 0
Компонентер: Металл
Тығыздығы, кг/м: 220
Ылғалдылығы, %: 3
Күлділігі, %: 98
Компонентер: Тоқымалар, дәрежесі бойынша
Тығыздығы, кг/м: 160-180
Ылғалдылығы, %: 20-40
Күлділігі, %: 5-10
Компонентер: - таза күйінде
Тығыздығы, кг/м: 120-160
Ылғалдылығы, %: 80-120
Күлділігі, %: 2-3

1. 2 Өскемен қаласындағы қатты және тұрмыстық қалдықтардың жинақталу көздері.

Қоқсық қалдықтарымен жұмыс бойынша кез-келген интегралды жоспар негізін қалыптастырады. Қалдықтарды өндеудің бірде-бір нұсқасы өздігінен жұмыс істей алмайды. Бүкіл дүние жүзінде қатты қалдықтардың көбі қоқсыққа лақтырылады, Ұлыбритания, Ирландия, Финляндия, Португалия сияқты мемлекеттерде қатты қалдықтарды жинау пайызы 83% және 100% арасында құбылып тұрады. Қоқсықтар орыны қалдықтардың типі бойынша анықталады.

Қоқсықтарды үш типке бөлуге болады:

  • Қауіпті қалдықтар қоқсығы;
  • Қала қалдықтарының қоқсығы;
  • Инертті қалдықтарының қоқсығы.

Сондай-ақ, қоқсықтарды басқарудың төрт категориясына бөлуге болады:

  1. Қалдықтарды тастаудың бақылаусыз орыны. Қазіргі уақытта көптеген мемлекеттерде қалдықтарды тастаудың осындай орыны бар, әсіресе бұл бағытта денсаулыққа үлкен зиян тигізетіні айғақ.
  2. Жалпы герметизация. Бұл әдіс бөлектеуші қабаттың зиянды заттарды қоршаған ортаға өткізбеушілік қасиетімен ерекшеленеді. Бұл бағыт соңғы жылдары көп жағдайда қамтамассыз етілмейді, себебі қоқсық генметизациясы қалдықтардың ыдырау үрдісін баяулатып, қоқсықтың зиян келтіру мерзімін ұзартады екен.
  3. Сүзіндіні бақылаумен герметизациялау. Бұл тұнбаның бір бөлігі қалдықтарға еніп, пайда болатын сүзіндінің артық бөлігі жиналып, аластатылады.
  4. Қалдықтарды тастаудың бақылану орыны. Бұл бағыт қалдықтардың жинақталу орыны - полигондар болып саналады, онда инертті материалдардың маңызы зор болып келеді.

Сонымен қатар қоқсықтарды жинаудың бесінші әдісі бар - «биореактор» деп аталатын жылдамдатылған тұрақтандыру әдісі. Ол ыдырау үрдісін жылдамдату үшін жинақталған қалдықтарда ылғалдылық айналымына негізделген. Жылдамдатылған әдісінің құны қымбат, бірақ аз уақыт ішінде қоқсық тұрақтанып, қысқарады.

Облыстың қалаларында тұрмыстық қалдықтарды жинау арнайы полигонда іске асырылып пайдалану, оларға қызмет көрсететін ұйымдардың жұмысымен қамтаммасыз етіледі. Барлық ауылды мекендерде қалдықтарды жинау орындары рұқсат етілмеген жерлерде орналасқан. Қалдықтарды орналастыру нысандары табиғат қорғау заңының талапарына сай рорналастырылмаған. Оларды орналастыруға жер бөлінуі және берілуі тек қана кейбір жағдайларда ғана асады. Өскемен қаласы бойынша қоқсықтар типі қала қалдықтарының қоқсығына негізделген, қалдықтарды тастаудын бақылану және бақылаусыз категорияларына жіктелген. Өскемен қаласының қоқсық үйіндісінің саны жағынан Шемелева Лога тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауда алдыңғы қатарда, содан кейін Славский ат жағалауы, бұнда бес қоқыс үйіндісі орналасқан. Бақылаусыз орындары бойынша 6 ірі және 25 шағын қоқыс үйіндісі бар екендігі аңғарылды. Өскемен қаласының ТҚҚ-дың жинақталу орыны қаланың шығыс бөлігінде Шмелева лога ауданында орналасқан - полигонында жүзеге асырылады. Бұл учаскі 1957 жылдан бастап осы уақытқа дейін пайдаланылады.

Полигонды орналастыру және қондыру үшін жобалық құжатнама жасалған жоқ. Өскемен халық депутаттары одағының 19. 02. 81 шешімімен коммуналдық шаруашылықтың қалалық бөліміне полигонды орналастыру үшін 14, 4 га ауданы бар учаскі берілді. Өскемен қ. әкімінің 5. 08. 1997ж. № 1103 шешімімен бұл ТҚҚ полигонын орналастыру учаскісінің 22, 5 га ауданы 50 жыл мерзімге «Воробьев и К» коммандит серіктестігіне уақытша ақысыз пайдалануға берілді.

Жалпы, полигондар дегеніміз кәдеге асыруға жатпайтын өнеркәсіп, тұрмыстық қалдықтарын зиянсыздау мен көмуге бағытталған арнайы табиғат қорғау құрылыстары. Полигон құрудың негізгі мақсаты - қалдықтарды көмуге бөлінген жерді, экономикалық тұрғыдан тиімді түрде қолдану арқылы топырақты, атмосфераны, жер асты мен жер бетіндегі суларды улы компонентермен ластанудан сақтау. Полигондар ретінде пайдаланылатын жер 20-25 жылдай мерзімге бөлініп беріледі. Ол қонысты аймақтан аулақтандырылады, санитарлық қорғау зонасының ені 3 км-ге тең болуға тиіс. Ал, ауылшаруашылық егістік жерден және транзитті жолдан 200 м-ден, орман алқабынан 50 м-ден кем болмауы қажет. Санитарлық қорғау зонаны көгалдандыру және периметрі бойымен ені 50 метрдей келетін орман қорғау алқабымен полигонды жабдықтандыру қарастырылады. Жергілікті суды қорғау мен санитарлық эпидемиологиялық қызмет мекемелерін келісілген нұсқауларда полигонға қабылданатын және қабылдауға жатпайтын улы қалдықтардың түрлері анық көрсетіледі. Қалдықтар міндетті түрде паспорттандырудан өткізіледі. Әр өнеркәсіп мекемесі санитарлық ережелерді негізге ала отырып, қалдықтарды жинауға сақтауға, буып-тү юге, тасымалдауға, көмуге т. б. істерге қатысатын адамдарға арналған қауіпсіздік техникасының нұсқауларын жасайды. Қалдықтарды орналастыру үшін арнайы обьектілер жасалады (полигондар, шламсақтау орындары, тау жыныстарының үйінділерін сақтайтын орындар және т. б. ) . ТҚҚ сақтайтын обьектілер салар алдында геологиялық, гидрогеологиялық және басқада барлау жұмыстары жүргізіледі, осыны негізге ала отырып, мемлекеттік экологиялық сараптау қорытындысы жасалып, полигонға рұқсат беріледі. Полигондар оңашалау, үйлер салынбаған, жақсы желденетін, нөсер, жаңбыр жауғанда, қар ерігенде және тасқын болғанда судың астында қалмайтын жерлерге орналастырылады. Полигон аймағында жер асты сулары 20 м-ден артық тереңдікте жатуға тиіс, сонымен қатар осы палигон орналасқан жерде топырақтың фильтрация коэффициенті 1мкм/тәулік артық болмауы керек. Әсіресе ішуге қолданылатын жер астындағы сулардың үстінде қалдықтарды көмуге болмайды.

Қоршаған табиғи ортаны ластау деңгейін төмендету мақсатында бұрынғы бақылаусыз қоқыс тастайтын жерлердің орнына үлкен қалаларда палигондар салу кеңінен дамып келе жатыр. Таңдалған алаңның табанына фильтратты жинақтау үшін үлкен астауға ұқсатып, тереңдігі 1, 5 метр немесе оданда тереңдеу етіп қазады. Егерде сазды жер болмаса, бірақ су жақсы өтетін жерлерге полигон салу қажет болса одан астаудың түбінен қалындығы 1, 5 метр сазды басқа жерлерден әкеліп салады

Өскеменде орналасқан тұрмыстық қатты қалдықтар полигоннының алып жатқан жер учаскісі жартылай ШҚО Глубокий ауданы және Өскемен жалпы пайдаланатын жерде (шамамен 8 га) оңтүстік-шығыстан (Өскемен қаласы Пристань ауданы) солтүстік-батысқа қарай («Бабкина мельница» ауданы) тау төбелерінің солтүстік-шығыс беткейі жыраларында орналасқан. 2000 жылы ШҚО ОУГСЭН бекіткен полигонды санитарлық қорғау аймағы - полигон шекарасын айнала орналасқан ені 300 метр сызық. ТҚҚ полигонының учаскісіне іргелес жатқан және санитарлық-қорғау аймағында орналасқан жер пайдаланылады: солтүстікте- полигон шекарасынан 250 м қашықтықта жануарлар фермасы, полигон шекарасынан 500 м қашықтықта Степное с. тұрғын үй құрылысы; солтүстік-шығыста полигон шекарасынан 150-350 м қашықтықта саяжай учаскілері; оңтүстік-шығыста полигон шекарасынан 250-300м қашықтықта «Октябрьский» орман шаруашылығы құрылысы; оңтүстікте полигон шекарасынан 500 м қашықтықта «Красин» атындағы поселоктың тұрғын үй құрылысы; батыста полигон шекарасынан 300 м қашықтықта «Шмелев лог» поселогының өндірістік құрылысы; солтүстік-батыста полигон шекарасынан 1000 м қашықтықта Өскемен қаласының Ушановское мазары ретінде қалыптасқан. Балтикалық координаттар жүйесінде полигон учаскісі шекарасының абсолют белгілері оңтүстік-батыста 401, 0 м-ден 390, 0 м дейін. Солтүстік-шығыста 354, 8 м-ден 368, 0 м дейін.

Рельефтың жоғарғы қабатының орташа еңісі:

  • оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай солтүстік-батыс шекара бойынша 8, 9 %, оңтүстік-шығыс шекара бойынша 4, 2 %;
  • солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай оңтүстік-батыс шекара бойынша 2, 8 %;
  • оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай солтүстік-шығыс шекара бойынша 2, 3 %.

17. 5. 1. 02-05 ГОСТ бойынша техногенді рельеф бойынша бұзылған жер классификациясына сай полигон биіктігі бойынша биік емес болып жіктеледі (қалдықтар ұнтағының максималды биіктігі 20 м дейін. ), ауданы бойынша орташа ауданды болып жіктеледі. Техногенді ландшафт түрі- индустриялық- «қоқсықтық»- опырылғыш.

Алғаш, 1957 жылы полигонның оңтүстік-батыс бөлігінде қалдықтарды қабылдаудан басталып 1981 жылға дейін жалғасты. 1982 жылдан бастап техногенді ландшафттың қалыптасуы батыстан-шығысқа таралып, бүгінгі күні учаскіні кеңейтусіз биіктікке жалғасуда. Учаскі алаңының оңтүстік-батысында ТҚҚ ұнтағы 1981 жылы тоқтатылып, қалдықтар жатып қалды. Органикалық заттардың жоғарғы қабаты шіріп, ол жылдам әрі белсенді түрде өздігінен өсіп, қоршаған ортаға оның әсері елеулі түрде жоғарылады. 2000-2001 жылдары бұл учаскінің техногенді рельефі жатып қалған қалдықтардың рельефтың төменгі жеріне ығыстыруымен және жеке жыраларды толтырумен өзгертілді. Шамамен 6 га жерді алып жатқан территориялар да өзгерді. Бүгінгі күні бұзылған рельефті қайтадан шөп басып өздігінен өсе бастады. ТҚҚ полигоны алып жатқан учаскіден рельефтың жалпы төмендеуі батыс, солтүстік-шығыс бағытта байқалады. Полигон ауданынан жақын орналасқан ашық өзендерге дейін қашықтық:

  • Ертіс өзеніне дейін оңтүстік-батыс бағытта-2, 5 км;
  • Ушановский жылғасына дейін солтүстік бағытта-2, 0 км;
  • Үлбі өзеніне дейін батыс бағытта-2, 8 км.

Жинақталу учаскісінің территориясының периметрі бойынша биіктігі 1-ден 3 м дейін саздақ белдігімен қоршалған. Қоршаған белдіктің жалпы ұзындығы 2120 м. Полигон периметрі бойынша қоршаған белдіктің сыртқы жағынан Өскеменнен «Октябрьский» орман шаруашылығына қарай бағытталған асфальт жолмен сақиналанған жол бар. Қоршайтын белдіктің ішкі жағынан және полигонның батыс және оңтүстік шекарасының бойымен полигон шекарасының солтүстік-батысыснан оңтүстік-шығысына дейін полигон территориясына кіру жолынан салынған, орталық жүріспен сақиналанған жол бар. Орталық жүрістен қалдықтарды жүктеп түсіру орындарына кіреберіс жолдарының желісі салынған. Сыртқы орағыту жолының жалпы ұзындығы 1500 м. Полигон территориясы бойынша салынған жолдардың жалпы ұзындығы: сақиналы-1000 м, орталық жүріс - 650 м, қалдықтарды жүктеп түсіру орнына тұйық - 700 м.

Қалдықтарды қабылдау учаскісінің жалпы алаңы - 2 га. Ол бір жыл ішінде пайдаланылады. Содан кейін өңделген алаң биіктігі 0, 3 м жер қабатымен рекультиваторланады. Толтыру схемасы-биіктіктік. Қабылданатын ТҚҚ қауіптің 4-5 кластарына жатады. Тәулік ішінде полигонның бір аланына қалдықтарды орналастырып, оларды әр 2 м биіктікте С-100 бульдозерімен 3-4 рет тығыздап отырады. Екінші тәулікте қалдықтарды басқа алаңға әкеліп орналастыра береді, ал алдыңғы алаң қалындығы 0, 25 м жекелегіш қабат инертті материалдармен (шлак, күл немесе топырақпен) жабылады. Бұл жекелегіш қабатпен жабу және тығыздау жұмыстарын жүргізу ауаның ластануы мен шыбын шіркейлердің және кеміргіштердің таралуын шектейді. Полигонның алатын жерінің көлемін азайту мақсатында қалдықтарды 60 м биіктікке дейін қабат-қабатпен орналастырады. Құрамында 1-3 қауіптілік кластарына жататын заттары бар қалдықтарды көмуге тыйым салынған, сондықтан полигонға жіберер алдында өнеркәсіптің өзінде оларды сусыздандырып пасталық күйге айналдырады.

Жұмыс барысы бойынша қатты және тұрмыстық қалдықтарды жинау бағыты 3 негізде жүргізіледі. Олар:*проектілік, *шектеулі, *деректер бойынша қабылдайды. Проектілік есептелінген құжат бойынша қаралады, олар жыл бойынша және квартал бойынша шешіледі. Шектеулі (допустимый) қоршаған ортаға әсерді белгілеу күйінде қаралып барып жинақталады. Деректер (фактический) күнделікті қалдықтардың санын есептеу бағытында жинақталады. Жұмыстың негізгі шарты - келісім шартқа негізделген.

Жалпы келісім шарт бойынша: Өскемен қаласының көп қабатты тұрғындары мен жеке сектор үйлері, оқу орындары, медициналық орындары, магазин, кафе, столовый, ұйымдар (өздігінен тасушы) бағыттары енеді.

Кесте 4.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЕРТІС ӨЗЕНІНІҢ ЭКОЛОГИЯСЫ
Семей полигонына қарасты территориялардың қазіргі экологиялық жағдайы
Өсімдіктер мен жануарлар әлеміне антропогендік әсер
Өскемен қаласының қоршаған ортаға әсерін бағалау
Өндіріс қалдықтары және оларды жіктеу
ЕРТІС ӨЗЕНІ АЛАБЫНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ
Ауаның ластануын талдау әдістері
Ертіс алабындағы өзен
Өскемен қаласының атмосфералық ауасы және агроценоздарының ластануын бағалау
Экология және табиғи ресурстардың қоғамда пайдалануы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz