Махамбет Өтемісұлы шығармалары отансүйгіштік тәрбие берудің құралы ретінде


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ

«БІЛІМ БЕРУДІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҒЫ» КММ

БАЯНДАМА

Бейнеу ауданы, «Абай атындағы ЖББМ» КММ-нің қазақ тілі мен әдебиеті

мұғалімі Қыдырбаева Сандуғаш Ізбасарқызы

2023 жыл

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

Махамбет Өтемісұлы шығармалары отансүйгіштік тәрбие

берудің құралы ретінде . . . 5

Махамбеттің күй мәдениеті . . . 7

Қорытынды . . . 9

Әдебиеттер . . . 10

Кіріспе

ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ поэзиясының көрнекті өкілдерінің бірі - 1836-1837 жылдардағы қазақ шаруаларының антифеодалдық көтерілісінің басшысы Исатай Таймановтың досы, әрі одақтасы Махамбет Өтемісұлы.

Өтемістің ұлдарының бірі, хан төңірегіндегі беделді, бай адам Махамбет өзінің сергек ойымен, білімге құмарлығымен, өткір тілімен қатарластарының арасында ерекше көзге түсті. Замандастары оның Құранды жетік білетінін, ресми хат алмасу тілін де жетік білетінін және бұл білімді медреседе алғанын айтады.

1836 жылы Бөкей Ордасында хан Жәңгірдің халыққа көбірек алым-салық салып отырған озбырлығына қарсы көтеріліс басталды. Көтеріліс басшылары Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісұлы болды. Көтерілісті басуға тұрақты орыс армиясының бөлімдері жіберілді. Екі жыл бойы ханның нөкерлері мен тұрақты патша әскерлерінің күштілігіне қарапайым көшпелілер қарсылық көрсетті. Мылтықтар мен зеңбіректерге қарсы шоқпар-қылыштармен олар бірнеше рет жеңіске жетті. Бұған Махамбет ақынның шабытты өлеңдері мен жырлары көп септігін тигізді. Қарапайым және нақты, әсерлі және теріске шығаруға болмайтын, жарқын метафоралық табиғатымен олар бүлікшілерге Құран сүрелері сияқты дерлік әсер етті.

Зерттеу жұмысының мақсаты: Махамбет Өтемісұлының саз сабағындағы ерлік істерін, өлең -жырларын патриоттық тәрбие беруде зерттеу. Қай халықтың да қадір тұтары - өзінің сөзін сөйлеп, кегін қуар ақыны мен батыры. Екеуі де тек халықтың ғана бойынан табылар сарқылмас жігер мен шабыттың, сана мен сабырдың, тәуекел мен арманның түлегі. Екеуі де жұртын елдікке бастаса, қайсыбір жұмыр басты пенденің болсын өресі жетпес ерен ерлікке, кемел кісілікке бастары хақ. Екеуі де тасқындаған қайраттың ғана емес, ең алдымен, кең толғап, кемсіз пішер кемеңгер ақылдың көрінісі. Ал, осы екі қас қасиет те бір басына сыйып, бағына бітсе ше?

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Күрескер ақынның шығармалары түгел дерлік пафосқа негізделіп, өз дәуірінің өзекті мәселесін жырлады.

Беркініп садақ асынбай, Атқан оғы жоғалмай,
Біртіндеп жауды қашырмай, Балдағы алтын құрыш болат,
Білтеліге доп салмай, Балдағынан қанға боялмай,
Қорамсаққа қол салмай Қасарысқан жауына
Қозы жауырын оқ алмай Қанды көбік жұтқызбай,

Халыққа тентек атанбай,
Үйде жатқан жігітке
Төбеден тегін атақ болар ма?!

-деп ақын, елін -жерін қорғау - ер азаматтың ең ардақты міндеті екенін айта білді. Қолбасы Исатай мен Махамбет елі мен жерінің азаттығы жолында қаза болды. Кейбір ақындар өткен дәуірде жасаған тарихи адамдарды, аттары аңызға айналған атақты батырларды еске алып, солардың ерлік үлгілерін алға тартты. Махамбеттің ерлік жолы келешек ұрпақтың жүрегінде елге деген махаббат отын тұтатары сөзсіз. Ал оның шығармалары рух пен ерліктің қайнар көзі іспетті.

Зерттеу жұмысының жаңалығы: тақырыптың бағыты - Махамбет күйлері мен өлеңдерінің арасындағы байланысты табу және Махамбет шығармашылығының отансүйгіштік тәрбие беру жолдарын ажырату.

МАХАМБЕТ ӨТЕМІСҰЛЫ ШЫҒАРМАЛАРЫ ОТАНСҮЙГІШТІК ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ

«Бүкіл ХІХ ғасырдың әдебиетінде қимыл мен күрес жырын Махамбеттей қып жырлаған өзгеше ақын болған емес»

М. О. Әуезов

Ұлтымыздың ұлы кемеңгері Абайдың: «Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы, өлмейтұғын артына сөз қалдырған»-дегеніндей, өмірі мен өнегесі халқының жадына мәңгілікке жазылып, одан ойып тұрып лайықты орнын алған әрі батыр, әрі ақын, әрі тарихи қайраткер Махамбет Өтемісұлының есімін әрқашанда ерекше құрметпен атаймыз.

Бүгінгі жалпы білім беретін орта мектепте оқушыларға отансүйгіштік тәрбие беруде Махамбет Өтемісұлы шығармаларының тағылымдық маңызы зор. Себебі батыр ақын шығармаларының бәрі дерлік қаһармандық рух сюжетіне құрылған және де тарихи мағлұматтар реалистік бағытта суреттеледі. Сондықтан оқушыларға тарихта болған батыр ақын Махамбет Өтемісұлының тұлғасы нағыз қаһармандық, отансүйгіштік тәрбие берудің құралы болып табылады.

Тарихи деректерге сүйенер болсақ, Махамбет Өтемісұлының тарихи аренадағы көзге түскен шағы 1936-1938 жылдардағы көтеріліс уақытын қамтиды. Оны тарих беттерінде «шаруалар көтерілісі» деп атайды. Шындығына келгенде Исатай мен Махамбет батырлар бастаған бұл көтеріліс Жәңгір ханға қарсы күрес қана емес, ХІХ ғасырдағы халқымыздың трагедиясы - ымыраға келмейтін екі күштің соғысы, яғни Ресей империясына қарсы күрес екеніне әділ баға бергеніміз жөн. [1. 14] Мұны біз Махамбет Өтемісұлының өзі айтқандай:

«Аттанып шықтық көп үшін,

Дұшпанда кеткен сол көптің

Ежелден бергі кегі үшін . . .

Арманы бар ма жігіттің

Алысып өлсе жауы үшін . . . » - деген өлең жолдарынан байқаймыз. [3. 140]

Демек, Махамбет Өтемісұлы шығармаларының отансүйгіштік құндылығы жоғары, себебі оларды оқығанда рухы биік кез келген жас қайрат батырмен бірге соғысқа араласып, бойға қуат беріп, намысы қозып, «ал» десе, ереуіл атқа мініп ел үшін егесуге дайын болар еді. Адамды еліктіріп әкетер осындай қуат, қайрат, қаһармандыққа толы шығармалар әлі де болса терең зерттеуді, зерделеуді қажет етеді. Өз еліміз бен жерімізге иелік еткен қазіргі кезеңде бұл шығармалар бүгінгі оқушыға рухани әсер етіп, қаһармандық бейнені қалыптастыру үшін таптырмас тәрбие құралы деп айтуға болады. Мұндай шығармалар жастарымыздың бойында нигилизм мен космополитизмнің белең алуынан сақтайтын нағыз тәрбие қалқаны болып табылады, себебі Махамбет батырдың қаһармандық шығармалары қаһармандық, ерлік, отансүйгіштік пен шынайылықтан тұрады.

Мысалы:

«Көнбегенді көндірген,

Қына бешпет кидірген,

Керегесін қиратып

Қаптай соққан боранда

Қаптама киген тақарма;

Сырлы зерен аяқпен

Бал ұрттаған ер едім», - деп, ақын өз замандастарының ерлігіне оптимистік тұрғыдан сипаттама береді.

Өз заманындағы Махамбет Өтемісұлының бойындағы отансүйгіштік арман-мұрат оның шынайы келбетін айқындай түседі. Яғни:

«Еділдің бойы ен тоғай,

Ел қондырсам деп едім.

Жағалай жатқан сол елге,

Мал толтырсам деп едім», - деген жолдарды елдіктің, отансүйгіштіктің символы ретінде бағалағанымыз жөн.

Сондай-ақ бүгінгі ұлт мектебіндегі оқушыларға отансүйгіштік тәрбие беруде қазақ батырының қаһармандық тұлғасын насихаттауда толеранттық қасиетті біз Махамбет шығармаларындағы күндіз-түні жорықта жүру, аштыққа, шөлге, ұйқыға мойымау, терең төзімділікке ие болсақ қана шын мәніндегі «ер азамат» болуға бағыттайтынын ақынның өлең жолдарынан мысал келтіру арқылы байқаймыз:

«Толарсақтан саз кешіп,

Тоқтамай тартып шығуға.

Қас үлектен туған қатепті

Қара нар керек біздің бұл іске.

Қабырғасын қақсатып,

Бір-біріндеп сөксе де,

Қабағын шытпас ер керек,

Біздің бүйткен бұл іске». [2. 14]

Демек Махамбет Өтемісұлы шығармаларындағы нағыз қаһармандық идеалдылықты тануда:

езілген халықтың мүддесін жоғары қоюы, елдікті бағалауы;

атамекен, туған жердің қадір-қасиетін бағалауы;

жанашыр болуы, рақымды, мейірімді болуы;

қаһармандық, ержүректік қасиеттерге ие болуы, үрейді жеңе білуі;

қиын-қыстауда тез шешімге келуі;

төзімділік, т. б. бүгінгі тұлғаның шынайы азамат болып қалыптасуына әсер ететін ерлік қасиеттердің маңызы зор. Оны біз Махамбет Өтемісұлының жалынды жырлары арқылы «сегіз қырлы, бір сырлы» бүгінгі тұлғаны тәрбиелеуге бағыт береді. Қазақ батырының бойында батырға тән қаһармандық қасиеттердің жиынтығы да, азаматқа тән адамгершілік қасиеттер де, отағасына тән «сегіз қырлы, бір сырлылық» та, шешенге тән дуалы сөзділік те, данаға тән білгірлік те, биге тән көсемдік те, әулиеге тән көрегендік те табылады.

Махамбеттану ғылымының негізін салушы Халел Досмұхамедұлы «Исатай -Махамбет» атты зерттеу еңбегінде батырдың шыққан тегін баяндай келіп, «Махамбеттің өзі әрі батыр, әрі жырау, әрі домбырашы болған», -деді. «Өте қызулы адам болған екен . . . Махамбет көпті қыздырып, көңілін аударып ертетін адамның түрі болған» [1. 25] . Махамбет «сегіз қырлы, бір сырлы» жанның нағыз өзі десем, қате айтпаған болар едім. Ол жалынды жырларымен қатар, рухты күйлерінің арқасында қазақ елінің батылдығына қанат бітіре білген.

МАХАМБЕТТІҢ КҮЙ МӘДЕНИЕТІ

Қару мен қаламға қоса домбыраны өміріне серік еткен Махамбеттің осы күндері оннан астам күйі белгілі. Оның күйшілігіне алғаш рет академик А. Жұбанов назар аударды. Кейіннен Т. Мерғалиев, Қ. Ахмедияров күйлерінің ерекшеліктеріне үңіліп, насихаттады.

Әр күйдің өзінің шығу тарихы бар. Мәселен, «Қиыл қырғыны» күйінде 1838 жылы Исатай мен Махамбеттің Орынбор губернаторы, полковник Гекке бастаған, оған барып қосылған Баймағамбет сұлтан әскерімен шайқасы сипатталады. Сол сияқты «Қайран, Нарын», «Шілтерлі терезе», «Жайық асу», «Жорықта», «Исатайдың Ақтабаны-ай», «Жұмыр қылыш», «Өкініш», «Арысымнан айы­рылдым», «Мен, мен едім, мен едім» күйлері әртүрлі көңіл күйге жетелейді.

Махамбет 1838-1849 жылдары қуғыннан қашып жүргенінде, 1841-1845 жылдары айдауда болғанында Ақтөбе, Маңғыстау өңірлерін көп аралайды. Батырдың біраз күйі сол сапарларынан кейін туған. Махамбет Өтемісұлы қатардағы көп күйшінің бірі емес. Ол даланың қатал талабын қапысыз орындап, сыннан сүрінбей өткеннен соң ғана домбыраға білек артқан. Себебі, қазақ даласындағы еңбекші халық Махамбет батырды қадір тұтып, қажет етсе, батыр Махамбет елді, жерді қорғап, елдің мұңын жырға қосып, ханның көрсеткен зұлымдығынан қабырғасы қайысып, кеудесін зар басқанда, қасиетті қара домбырамен шерін тарқатқан. Мысалға «Жұмыр, Қылыш» күйінің шығу тарихын алар болсақ, 1838 жылы Исатай өлгеннен кейін жалғыз қалған Махамбет тағы да күш жинап, ханнан кегін алу үшін Жайық бойындағы Байбақты еліне барады. Байбақтының Жұмыр (шын аты Садыр) және Қылыш деген батырларымен кездесіп, жолдас болады. Махамбеттің «Жұмыр, Қылыш» күйі сол кезеңде шыққан. Осылай жасырын жүрген Махамбет, жанында Жұмыр мен Қылыш бар, Байбақты елінің бір ауылында төрелермен отырған Баймағанбет Айшуақовтың үстінен шығады. Міне осы жерде Махамбет пен Баймағанбет сұлтан бірінші рет кездеседі. Баймағамбет Махамбетті ұстауға әрекет жасайды. Ал Махамбеттің жанындағы Жұмыр, Қылыш батырлар Махамбетті арашалап, ұстатпай топтан шығарып аман әкетеді. Осы оқиғаға байланысты Махамбет жанына ерген жігіттерге разы олып, «Жұмыр, Қылыш» атты күй шығарыпты. [4. 76]

Ал, «Қайран Нарын» күйін Махамбеттің жан айқайы десек те болады. Қазақты өзге халықтың билігінен құтқару жолындағы Махамбет пен Исатайдың орыс патша әскеріне қарсы жасалған ұлт азаттық көтерілісі көп жағдайда жеңіліске ұшырап отырады. Осындай бір сәтсіз аяқталған күресте Махамбет Исатайдай батыр серігінен айрылып, елден кетіп нағашыларының ауылын паналайды.
Қазақ жерін биліктің астына алған орыс патша әскерімен олардың ескегін есіп, сөзін сөйлеген Баймағамбет сұлтан Махамбеттің соңына түсіп тыныштық бермейді. Махамбет бір күні ел ішінде болатын бір үлкен асқа келеді. Бұл аста Баймағамбет сұлтанмен де жолығудың сәті түседі. Махамбет өзіне тігілген ақ боз үйге түспей тікелей Баймағамбет сұлтанның отырған үйіне келіп кіреді. Батыр көңілді Махамбет сұлтаннан да қаймықпай ашық-жарқын сөйлеп, өзін емін-еркін ұстайды. Баймағамбет сұлтан Махамбеттің мұндай еркінсуін өзін басынғандай сезініп әбден ашуға булығады. Сонда Баймағамбет сұлтан: «Өзің елден қашып-пысып жүріп еркінсіп сөйлеуің не теңің», - дейді. Сонда Махамбет: «Тілім улы жыланның тіліндей екі айыр. Бірі сізге тисе, бірі өзіме тиеді», - деп жауап береді. Истайынан айрылған қам көңілді ер Махамбет дәл осы жерде Баймағамбет сұлтанға арнап жырын төгілте жөнеледі:
Мен, мен едім, мен едім,

Мен Нарында жүргенде

Еңіреп жүрген ер едім.

Исатайдың барында
Екі тарлан бөрі едім,
Қай қазақтан кем едім?

Бір қазақпен тең едім.
Өздеріңдей хандардың,
Қарны жуан билердің,
Атандай даусын ақыртып,
Лауазымын көкке шақыртып,

Басын кессем деп едім…

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Махамбет жырлары-ерлік пен елдіктің өшпес рухы
Махамбеттің күй мәдениеті
Патриоттық тәрбие беру
Патриоттық және интернационалдық тәрбие ұғымдарының мәні
Оқушыларды отансүйгіштік интерноционалдық тәрбиелеудің теориялық мәселелері
Мектеп жасына дейінгі балаларға патриоттық сезімін қалыптастыру
Қазақ батырларының қаһармандық бейнесі арқылы оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу
Ақын жыраулардың мұраларындағы эстетикалық тәрбие ойлары
Мектеп оқушыларының патриоттық тәрбие берудегі халықтық тәрбиенің ролі
Оқушыларды қазақ батырларының қаһармандық бейнесі арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz