Туристік бизнесті жоспарлау
Жоспары:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Туристік фирманың егізгі сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.1 Туристік фирманың қалыптасуы, мақсаты мен міндеті ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2 Туристік фирманың басқару құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
2. «KAZ GLOBAL TRAVEL» туристік фирмасының шаруашылығы ... ... ... 9
2.1 Туристік фирмада қызмет көрсету сапасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
2.2 «Kaz Global Travel» туристік фирмасының маркетингі ... ... ... ... ... ... ... ..10
2. 3 «Kaz Global Travel» туристік фирмасының қызмет көрсету түрлері ... ...16
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26

Кiрiспе
Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру мен жүзеге асыру кезінде жоспарлау жетекші орынға ие болады. Әсіресе, қазіргі эконмоикалық жағдай фирма ішіндегі жоспарлаудың жаңа прогрессивтік тәсілдерін қолдануды талап етеді. Ал бизнес жоспар фирма ішіндегі жоспарлаудың негізі болып табылады және ол ағымдағы немесе болашақтағы жағдайды таладуға мүмкіндік береді.
Бизнес жоспарлау экономикада процестерді түбегейлі қалпына келтіреді. Қаржылық жоспарлау халыққа салынатын салықты, халыққа бөлінетін қаржыны жоспарлап, ретті де кезекті жерінде қалыптасуына әрекет етеді. Қаржылық жоспарлаудың қаржылық процестердегі ролі өте үлкен болып келеді. Мәселен, Ресей Федерациясы қаржылық жоспарды үш жылға бірден қалыптастырады. Орта мерзімдегі қаржылық жоспарлау процесінде бұл бюджеттегі қаржыны үнемдеуді талап етеді.
Жоспар жасау кездегі шартты нәрсе-өндіріс көлемі мен сатылатын өнімнің тепе-теңдігін сақтау. Кәсіпорын үшін барлық өндіріс күшін дұрыс іске қосып, материалдық қордың көлемін көбейту тиімді.
Қаржылық жоспарлау статьясы кәсіпорынның экономикалық көрсеткіш жұмыстарымен байланысты: өнім өндіруге, қызмет көрсетуге, ғылыми техникалық дамуға өндірісті жетілдіруге, өндірістің тиімділігін арттыру, күрделі құрылыс жүргізу. Бизнес жоспарлау кәсіпорын қызметінің барлық саласына ықпал етеді. Бизнес жоспарлау процессі бірнеше кезеңнен тұрады:
Бірінші кезең-бұрынғы қаржылық көрсеткіштер сұрыпталады. Бұл үшін кәсіпорынның негізгі қаржылық документтері пайдаланылады: есептік баланс, түсі мен шығын жөніндегі есеп, қаржы қорының қозғалысы туралы есеп. Бұл құжаттардың кәсіпорынның қаржы көрсеткіштерін талдауға және есептеуге керек нәтижелері бар, осы құжаттарды келесі жылға болжауға көмектеседі.
Екінші кезең-негізгі болжамдық құжаттарды жасау кезеңі: баланс болжамы, түсі мен шығын есебі, ақша қозғалысы туралы есеп.
Үшінші кезеңде қаржы құжаттарының көрсеткіштері ағымдағы қаржы жоспарының көмегімен нақты белгіленеді.
Төртінші кезеңде қаржылық жоспарлау процесі іске асырылады.
Бизнес жоспарлауды бірнеше түрде сұрыптауға болады: болашақтың қаржылау жоспары, жылдық жоспар, шұғыл қаржылық жоспар.

1. Азар В.И. Экономика и организация туризма.- Москва., 2006г.- 298 с.
2. Адасбаева Е. По Шелковому пути // Понорама – 2005 г. - 7 декабрь.
3. Байпаков К.М. Средневековые города Казахстана на Великом Шелковом пути.- Алматы: Ғылым, 2007.- 216 с.
4. Балабанов И.Т., Балабанов А.И. Экономика туризма: Учебное пособие. – М.:Финансы и статистика. 2007-176с.
5. Биржаков М.Б. Введение в туризм.- Санкт-Петербург., 2011г.-356 с.
6. Васильева Н.А. Жемчужина на Шелковом пути.- Казахстанская правда, 2005-6 март.-5 с.
7. Годорова В.Е. Что нам мешает развивать туризм // Казахстанская правда – 2005 г. 13 май – 4 с. //
8. Дүйсен Г.М. «Основы формирования и развития индустрии туризма в Казахстане».- Алматы., 2006 г.-245 с.
9. Имангали К. Казахстан делает предложение // Национальный бизнес – 2007-№6 - 70-74 с.
10. Ердавлетов С.Р. Основы географии туризма.- Алматы, 2006г. – 235 с.
11. Ердавлетов С.Р. Казахстан – Туристский ,.
12. Закон Республики Казахстан от 13 июня 2005 г. № 211-11 « О туристической деятельности в Республике Казахстан »
13. Кабушкин Н.И. Менеджмент туризма: Учебное пособие.- Москва: БГЭУ, 2008 г. – 239 с.
14. Кабушкин И.Н., Дурович А.П. Организация туризма: Учебное пособие – Мн.:Новое знание, 2005.
15. Квартальнов В.А. Туризм и отраслевые системы.- Москва, 2006 г. – 346

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Туристік фирманың егізгі
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.1 Туристік фирманың қалыптасуы, мақсаты мен
міндеті ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2 Туристік фирманың басқару құрылымы ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
2. KAZ GLOBAL TRAVEL туристік фирмасының шаруашылығы ... ... ... 9
2.1 Туристік фирмада қызмет көрсету
сапасы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...9
2.2 Kaz Global Travel туристік фирмасының
маркетингі ... ... ... ... ... ... . ... .10
2. 3 Kaz Global Travel туристік фирмасының қызмет көрсету
түрлері ... ...16
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...25
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
Кiрiспе
Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру мен жүзеге асыру кезінде жоспарлау
жетекші орынға ие болады. Әсіресе, қазіргі эконмоикалық жағдай фирма
ішіндегі жоспарлаудың жаңа прогрессивтік тәсілдерін қолдануды талап
етеді. Ал бизнес жоспар фирма ішіндегі жоспарлаудың негізі болып табылады
және ол ағымдағы немесе болашақтағы жағдайды таладуға мүмкіндік береді.
Бизнес жоспарлау экономикада процестерді түбегейлі қалпына
келтіреді. Қаржылық жоспарлау халыққа салынатын салықты, халыққа бөлінетін
қаржыны жоспарлап, ретті де кезекті жерінде қалыптасуына әрекет етеді.
Қаржылық жоспарлаудың қаржылық процестердегі ролі өте үлкен болып келеді.
Мәселен, Ресей Федерациясы қаржылық жоспарды үш жылға бірден
қалыптастырады. Орта мерзімдегі қаржылық жоспарлау процесінде бұл
бюджеттегі қаржыны үнемдеуді талап етеді.
Жоспар жасау кездегі шартты нәрсе-өндіріс көлемі мен сатылатын
өнімнің тепе-теңдігін сақтау. Кәсіпорын үшін барлық өндіріс күшін дұрыс
іске қосып, материалдық қордың көлемін көбейту тиімді.
Қаржылық жоспарлау статьясы кәсіпорынның экономикалық көрсеткіш
жұмыстарымен байланысты: өнім өндіруге, қызмет көрсетуге, ғылыми
техникалық дамуға өндірісті жетілдіруге, өндірістің тиімділігін арттыру,
күрделі құрылыс жүргізу. Бизнес жоспарлау кәсіпорын қызметінің барлық
саласына ықпал етеді. Бизнес жоспарлау процессі бірнеше кезеңнен тұрады:
Бірінші кезең-бұрынғы қаржылық көрсеткіштер сұрыпталады. Бұл үшін
кәсіпорынның негізгі қаржылық документтері пайдаланылады: есептік баланс,
түсі мен шығын жөніндегі есеп, қаржы қорының қозғалысы туралы есеп. Бұл
құжаттардың кәсіпорынның қаржы көрсеткіштерін талдауға және есептеуге керек
нәтижелері бар, осы құжаттарды келесі жылға болжауға көмектеседі.
Екінші кезең-негізгі болжамдық құжаттарды жасау кезеңі: баланс болжамы,
түсі мен шығын есебі, ақша қозғалысы туралы есеп.
Үшінші кезеңде қаржы құжаттарының көрсеткіштері ағымдағы қаржы жоспарының
көмегімен нақты белгіленеді.
Төртінші кезеңде қаржылық жоспарлау процесі іске асырылады.
Бизнес жоспарлауды бірнеше түрде сұрыптауға болады: болашақтың
қаржылау жоспары, жылдық жоспар, шұғыл қаржылық жоспар
1 ТУРИСТІК ФИРМАНЫҢ НЕГІЗГІ СИПАТТАМАСЫ
1.1 Туристік фирманың қалыптасуы, мақсаты мен міндеті
Kaz Global Travel туризм индустриясында жақсы дамыған туристік фирма
болып табылады. Kaz Global Travel 1997 жылдан бастап жұмыс істейді.
Турфирманың реквизиттері: ЖШС Гелиос, ТҰ №41 лицензия Қ. Р., Қарағанды
қ., Бейбітшілік даңғылы д., 3 үйде орналасқан, тел\факс:. +7 (87212) 42-
64-95. Ген. Директор: Баедилова А.С. Офис қызметкерлері мен тұтынушылары
үшін ыңғайлы демалатын орын жасалған, сонымен қатар қысқаша мәліметтер алу
үшін брошюралар, видеолар ұсынылады.Кеңседе сонымен қатар авиабилеттерді
онлайн брондау жүйесі бар,осы жүйе арқылы авиабилеттерді сатуға
болады.Билеттерді брондау AMADEUS жүйесі арқылы жүзеге
асырылады.Турфирманың өзінің эмблемасы бар (сурет 1).
Cурет 1 - Турфирма эмблемасы
Туристік фирма құрылғаннан бастап, өзінің мәдени ой-өрісін көтеруге
келген туристердің қажеттіліктерін қанағаттандыруға негізделген.
Компания өзін былай бейнелейді: Сіздердің демалысыңыз – біздің
мамандығымыз. Бұл ұран – фирма басшысы мен оның қызметкерлері клиенттерге
барлық жағдай жасайды.
Бұл жағдай үш негізгі принципке негізделген:
- әрбір клиентке жекелей қызмет көрсету;
- тұтынышының қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жаңа
технологияларды қолдану;
- тез арада және нақты жауап қайтару.
Kaz Global Travel туристік фирманың негізгі мақсаты саяхатты,
экскурсияларды, жорықтарды ұйымдастыру мен жүргізу, өткізілетін іс –
шараларына қатысуына адамдардың максималды санын тарту, туристерді жоғары
сапалы қызмет көрсетуде іс – шараладың танымдылық, тәрбиелік, сауықтыру
құндылықтарымен қамтамасыз ету, сонымен қатар шаруашылық – қаржылық
қызметке және адамдардың қауіпсіздігін көрсететін талаптардың орындалуын
қадағалау.
Бірақ бұл туристік фирманың негізгі мақсаттары болып табылады:
- туризмді дамыту;
- туристерді барынша, мүмкіндігінше Қазақстан Республикасына тарту,
шақыру;
- ҚР мәдениетін дамыту;
- туристік нарыққа толық шығу;
- қаржының тұрақтылығына қол жеткізу;
- кәсіпорынды кеңейту, шығарылатын туристік өнімдер көлемін өсіру;
- бәсекелестік орта туралы маркетингті ақппараттарды жинау және
талдау, тұтыну және талдау, тұтыну тауарлардың туристік нарықтағы
сиымдылығы;
- баға билігіндегі бірегей және серпімді жүйесін құрау;
- жаңа туристік қызмет түрін қосу,
- туризімдегі қызметтің басқа түрлерін жүзеге асыру, ол қызметтің
пайдалылығына, нарықты алатын орны мен пайданы ҚР ешбір
заңдарына қайшы келмей арттыру.
Kaz Global Travel туристік фирманың орындайтын міндеттері:
- Тұтынушыларды жалпы маршрут туралы ақпаратпен қамтамасыз ету;
- Туризм саласына байланысты мәліметтер жинау, сонымен қатар
жіберілетін маршруттарды зерттеу, олар туралы мәліметтерді толық
қанды жіберу.
- Фирма республиканың көптеген ірі туристік ұйымдармен келісім
жұмыс жасауды тырысады. Kaz Global Travel туристік топтарға,
жеке туристер, қалаға жұмыспен немесе жеке іс шаруаларымен
келетін шет ел азаматтарына да кызмет көрсетеді.
Бүгінгі таңда Kaz Global Travel туристік фирмасының филиалы Қарағанды
қаласында, ондағы қызметкерлер штат саны 7 адамды құрайды. Турфирма
еліміздің көптеген ірі қонақ үйлермен, демалыс орындарымен,
санаторийлерімен тығыз жұмыс істейді.
Kaz Global Travel туристік фирма өздігінен маршруттар мен демалыс
экскурсияларын құрастырады. Туристік фирма Греция, Италия, Тайланд, БАӘ
және т.б шетел елдерімен келісім шартқа отырған.
Туристік фирманың қауіпсіздік ережелері.Kaz Global Travel туристік
фирмасына бірінші барған күні фирма директоры мекемедегі техника
қауіпсіздіктерімен таныстырды.Онда компьютерді қалай қосып-өшіру керектігін
көрсетті. Және де электр сымдарына абай болу керек екенін айтып отырды.
Компьютерді жұмыс істеп болғаннан кейін міндетті түрде сөндіріп қою
қажеттігін, компьтердің алдында міндетті түрде кактус гүлін қойып қою
көзге қауіпсіз екенін ескертті. Бөлмеден шығарда бөлменің терезелерін
жауып, бөлмедегі электр жарығын сөндіріп кету керектігін айтты. Мен өзіме
тиесілі жұмыстарды техника қауіпсіздігін сақтай отырып жұмыс істедім.
Техника қауіпсіздік шараларымен толық қанды таныстым. Сонымен жалпы
алғанда мына техника қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет:
- Есептеуіш техника бөлмесінде әрбір қызметкер қауіпсіздік техникасының
ережесін қатаң тәртіпте орындау керек.
- Электр тогымен зақымдалған қызметкерге алғашқы көмек көрсете білу
керек.
- Электр тоғымен зақымдалған кезде тезірек тоқты өшіріп, зақымдалған
адамды сымнан босату керек.
- Егер демалысы тоқтап қалған болса, онда дәрігер шақырып жасанды
тыныс алу жәрдемін көрсету керек. Ол минутына 16-18 рет бірқалыптыөту болып
табылады.
Бұл мекемеде мен көбінесе Microsoft Word – пен, Microsoft Excel жұмыс
жасадым. Мекеменің бухгалтерлік бөлімінде жұмыс жасап, төлемдік ақы не
екендігін, онымен қалай жұмыс жасау қажет екендігінен, мекемесінің қандай
банктермен жұмыс жасайтындығынан толыққанды мәлімет алдым. Жалпы төлем
ақыға келер болсақ, бұл көрсетілген соманы бенефициар пайдасына ақшалар
жіберушінің оған қызмет көрсететін қабылдаушы-банкке ақшаны берерде бірнеше
банктермен жұмыс жасайды.
Фирмада тәжірибеден өткен уақытта жолдамалар, акциялар дайындадым.
Кеңседегі жұмыс номенклатурасымен таныстым. Аймақтағы туристік бизнестің
негізгі объектілерімен таныстым. Статистикалық есептеулердің барлық
түрлерімен танысып, оларды даярлауға көмектестім. Сонымен қатар
қонақүйлердің жарнамалық бөлімдерімен, ұсынатын акцияларымен таныстым.
Басқа шетел қонақүйлері мен авиакомпаниялармен таныстым. Потенциалды
туристер мен тұтынушылармен жұмыс істеуді үйрендім. Тұтынушылар үшін
авиабилеттерді брондап, сатумен айналыстым. Әртүрлі авиакомпаниялар
тарифтерімен және акцияларымен таныстым. Тәжірибе уақытында менеджер
міндеттерімен таныстым, менеджерге турпакет даярлауға көмектестім.
Тұтынушылармен қарым-қатынаста болып, оларға турпакеттерді көрсетіп,
жарнамаладым. Тур объектілерде, қонақүйлерді таңдауға көмектестім, визалық
көмек, авиабилеттерді брондау, сақтандыру, анкеталық және т.б. қызметтер
бойынша жұмыс істедім. Қонақүйлерге ұсыныс дайындап, номерлерді таңдауды
үйрендім. Визалық онлайн-анкеталарды толтырдым.
Турпакет – бұл негізгі және қосымша қызметтер жиынтығы және оны саяхат
жасау мақсаты бойынша туристерге ұсыну.

болып табылады.
1.2 Туристік фирманың басқару құрылымы
Қандайда бір турда сұраныс болса, сол клиентке оның бағасы, тұру
шарттары, сол елдің ерекшеліктері, қонақ үйлер жайлы ақпаратпен қамтамассыз
етуді және пайдалы кеңестер береді, буклеттер мен жарнамалық проспектілерді
ұсынады.
Туристік фирманың жетістікке жетуінің негізгі факторы−персоналды
басқару құрылымы.Негізгі басқару күші құрылтайшылар кеңесінде ең маңызды
жүйесі болып табылады. Осы сатылардың негізінде басқарушылық функцияларды
атқарады. Неғұрлым тиімді болса, соғұрлым басшылық қызметі дамиды (сурет
2).
Сурет 2 - Kaz Global Travel туристік фирманың ұйымдастырушылық
құрылымы
Схемадан көріп отырғанымыздай,Kaz Global Travel туристік фирмасының
басқару құрылымы − функционалды болып келеді.Функционалды
департаментализация –бұл Kaz Global Travel фирмасын жеке элементтерге
бөлу. Әр элементтің өзінің нақты атқаратын қызметі бар.
Kaz Global Travel фирмасының басқару шенінің жоғарғы сатысында – бас
директор отырады. Ол кәсіорынға қатысты барлық мәселелерді шешуге қатысады.
Сонымен қатар, басшы өзіне берілген құқығын пайдалана отырып,
қызметкерлерді жұмысқа ала немесе босата алады.Кәсіпорын атынан сенім
хаттар беруге, банктерде шоттар ашуға бұйрық беруге құқығы бар.
Бас есепші(бас бухгалтер) – ұйымның шаруашылық ісін , қаржылық және
еңбек ресурстарын тиімді пайдалану есебін жүргізетін тұлға.Ол−түсетін
қаржы, негізгі және тауарлы-материалды қорларды, өндіріс шығындарын және
айналуларды есептейді. Сонымен қатар, қаржылық есептерді, несие
операцияларын, есеп айырысуларды жасайды.
Бас есепшінің қармағында – есепші-кассир. Ол әр бөлім ішіндегі
бухгалтерлік есептерді орындайды.
Одан кейінгі директор бағындыруында туристік бөлім басшысы болып
табылады. Ол жабдықтаушылармен келіссөздер жүргізеді , келісім-шартқа
отырғызды. Сонымен қатар көрмелер, презентациялар
ұйымдастырады.Турпакеттердің және авиабилеттердің сатылуларымен
айналысатын агенттер туристік бөлімнің басшысына бағынады. Олардың негізгі
мақсатына, клиенттерге көрсетілетін қызметтерді таныстыру, жаңа
клиенттердің іздеуі.
Кадрлық саясат – персоналмен дұрыс жұмыс істеуді анықтайтын формалары
мен әдістердің, теориялық көзқарастардың, ойлардың, талаптардың,
принциптердің жиынтығы.Ол − ұйым меншік иелерімен, жоғары деңгей
басшылығымен, кадрлармен жұмыс істейтін бөлімдер өңдейді.
Kaz Global Travel туристік фирмада кадрлар сұрақтарын бас
директордың орынбасары және бөлім басшысы біріге жасайды.
Кәсіпорынның негізгі бағыттарына:
- персоналға қойылатын негізгі талаптар;
- жаңа кадрлар құрылымын құру және оларды басқару механизмдерін
ұйымдастыру;
- дамыту стратегиясын іске асыратын:персоналдың еңбекақы
концепциясын, материалды және моральды ынталандыру ережелерін
құру;
- кадрларды оқыту және дамытуда жаңа технологияларды қолдану;
- ұйым ішінде моральды-психологиялық климат орнату.
Қызметкерлердің фирма басшылығына араласуы, жұмыстарының өрге
басуына әсер етеді.Оларды ынталандыру кәсіпорын басшысының негізгі
функциясы.
Мотивация − тұрақтану еңбек нәтижелілік жоғарылауы және
мобильділікте құштарлықтың ( ең алдымен кәсіпшіліктің ), мамандық жүйелі
өсу шегі қамтамасыз етуі сияқты мақсаттарды шешуге рұқсат етеді.
ЖШС Kaz Global Travel туристік фирмасындағы − қызметшіні басқару
құралы әкімшілік пен қызметкер арасындағы еңбек қатынастарын көрсетеді.

болып табылады. Kaz Global Travel туристік фирманың негізгі мақсаты
саяхатты, экскурсияларды, жорықтарды ұйымдастыру мен жүргізу, өткізілетін
іс – шараларына қатысуына адамдардың максималды санын тарту, туристерді
жоғары сапалы қызмет көрсетуде іс – шараладың танымдылық, тәрбиелік,
сауықтыру құндылықтарымен қамтамасыз ету, сонымен қатар шаруашылық –
қаржылық қызметке және адамдардың қауіпсіздігін көрсететін талаптардың
орындалуын қадағалау. Туристік фирманың жетістікке жетуінің негізгі
факторы−персоналды басқару құрылымы болып табылады.
2. KAZ GLOBAL TRAVEL ТУРИСТІК ФИРМАСЫНЫҢ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
2.1 Туристік фирмада қызмет көрсету сапасы
Туризм – бұл негізгі қызмет көрету. Бірақ қызмет көрсету
барысында туристік қызмет көрсетулер бір реттен емес, бірте-бірте бірінің
артынан көрсетіліп отырады. Бұл оның ерекшелігі ретінде саналады.
Мысалы, көліктік қатынас қызметі туристерді жылжу үшін көлікпен
қамтамасыз етеді, қонақ үйлер жатын бөлмелер мен тамақтаныу
орындарымен қаматамасыз етеді.
Сонымен қатар кез келген кәсіпорынды құру кезінде ең алдымен
оның құрылымының негізін ұстаушы болып өндірген тауарлар мен
қызмет көрсетулерін адлдыға жылжыту әрекеттері саналады (сурет 3).
Сурет 3 - Туристерді тарту құралдары
Сонымен қатар турфирмалардың бір-бірімен әрекеттесу маңыздылығы
ортақ турөнім шығару кезінде байқалады. Аталғанды ескере отырып,
турқызметтердің бірін-бірі толықтыру екрекшеліктеріне де тоқталған жөн.
Олардың негізінен, үш аспектісі белгілі:
- әр турфирма ішіндегі кірме факторлар мен өндірістік
факторлар арасындағы бірін-бірі толықтырушылық;
- әртүрлі туркәсіпорындарының бірін-бірі толықтырулары;
- турқызмет кәсіпорындары мен туристік еоекшеліктер арасындағы
бірін-бірі толықтырушылық.
Сонымен қатар тауар өнімділігі сапалы болу үшін ең алдымен
білікті қызметкерлер болуы шарт. Мысалы Отель менеджері
қызметкерлерді сұрыптап, таңдағаннан кейін оларды қызықтыра отырып,
дайындаулары тиіс. бҰл ол үщін маңызды болып келеді. сонымен
қатар таулы мекендердегі отелдер тек турагент пен тур оператаорларға
ған тәуелді болмайды. Олар, жаңа жоғарыда аталғандай, көлік
кәсіпорындарына және т.б. тығыз байланысты болып келеді.
Туризм – бұл клиентке ақылы түрде түрлі қызметтерді көрсететін
экономика бөлімі. Сол себепті туризм экономика салаларының ішіндегі тез
дамып келе жатқан, келешегі зор қызмет көрсету аясы болып отыр.
Туристік фирмаларда қызмет көрсету дегеніміз бір жақтың екінші жаққа
ұсынатын қандай да бір іс-шаралары немесе пайдасы болып табылады, олар
көбіне білінбейді және ешқандай материалдық нәрсені алуды меңземейді.
Туристік фирмаларда қызмет көрсету нарығы басқа нарықтардан негізінен
екі себеппен ерекшеленеді:
1. Қызмет көрсетуді өткізгенге дейін оның барлығы білінбейді. Бұл
жағдай қызмет көрсетуді өткізгенге дейін оның салыстырылуы мен бағалануына
мүмкіндік бермейді. Сол себепті, тек күтілетін және алынған пайданы
бағалауға болады.
2. Қызмет көрсетуге белгісіздік тән болады, бұл клиентті тиімсіз
жағдайға қояды да, сатушыларға көрсететін қызметтерін нарыққа жылжытуын
қиындатады.
Туристік фирмаларда қызмет көрсету нарығының бұл ерекшеліктері және
қызмет түрлерінің өзгешеліктері, атап айтқанда, олардың көзге
түспейтіндігі, сақтауға жарамсыздығы, сапасының өзгергіштігі, жасалынуы мен
пайдаланылуының ажырамастығы қызмет көрсету маркетингінің өзгешелігін
айқындай түседі.
Туристік фирмаларда қызмет сапасының орны мен роліне терең тоқталып
өтсек сапа көпшіліктің естіп, білетін ұғымдарының қатарына жатады. Бұл
термин мағынасының тым субъективті пайымдалуын күшейтеді, себебі әрбір адам
оған өз тәжірибесінен алған нәрсесін қосады.

2.2 Kaz Global Travel туристік фирмасының маркетингі
Туризмдегі маркетинг — әлемдік туристік нарықтағы үдерістерді есепке
алу мен туристік өнімнің сапасын арттыру негізінде пайда табу мақсатында
туристік-экскурсиялық қызметтің жаңа тиімді түрлерін дайындау, оларды
өндіру мен өткізу бойынша туристік компаниялардың қызметін ұйымдастыру және
басқару жүйесі болып табылады.
Туристік фирма жас және кішігірім болғандықтан, фирманың басшылығы жеке
маркетинг бөлімін ашпай, оның жұмысын бір адам орындайды. Ол қызметкердің
көрмелерге қатысуын, жарнама орналастыруды, жаңа туристік қызмет құру
туралы келісімдерді ұйымдастырады.
Әрине, бұл жеткіліксіз. Өңдеу, талдау және т.б маркетингтік
зерттеулер үшін туристік кәсіпорында бірнеше адамнан тұратын маркетинг
қызметі болу керек.
Бұл фирма толық маркетингтік бөлімді ашпай, маркетингтік қызметпен
бір адам айналысатындығы туралы жоғарыда айтылды.
Маркетингтік қызметі сапалы іске асыру үшін бір адам жеткіліксіз.
Әрине, бұл фирманың қызметкері өз жұмыстарында маркетингті қолдану үшін
нақты туристік қызметтерге сұраныс пен ұсынысты зерттейді, жаңа жобаға баға
белгілейді, қызметтерін жарнамалайды және т.б. Фирманың қызметін қауіпсіз
тәсілмен жүзеге асыру үшін маркетинг қызметі қажет. Мұндай құрылымды дербес
орган ретінде құру жетістікке жетуге, нарықтың бұл секторында жетекші
орынды алуға көмектеседі. Бұл агенттікке, қайта құрылу, яғни фирманың
нарықта ұзақ өмір сүруіне ең аз талаптарға болса да жауап беруіне, жалпы
маркетингтік саясатты зерттеу жұмыстарына қолайлы жағдай жасау қажет.
Себебі жедел дамитын нарықтың қатаң бәсекелестік жағдайында аса маңызды
факторлардың жетік бағаланбауы банкротқа әкелуі мүмкін.
Келесі нұсқа – фирмада маркетинг қызметінің ең қарапайым құрылымын
құру, яғни маркетинг мәселелелрімен айналысатын адамның үлкен тәжірбиесі,
басқа фирмалардың дамымауы мен бұл бағыттағы қуатты құрылымды құрмауға
фирма басшылығын мәжбүрлейтін факторлар. Бұл нұсқаның шығыны аз болса да,
тиімділігі аз.
Фирманың жарнамалық саясаттарына келсек, онда жүргізілген
зерттеулерге қарамастан, ол аса тиімді емес, зерттеулер көрсеткендей,
сұралған келушілердің негізгі пайызы жарнаманы радиодан тыңдады да,
кейбіреулері бизнес тақырыбындағы журналдардан, ең сирегі газеттен оқыған.
Жарнаманың тиімділігін арттыру үшін бұл факторларды ескеріп және дыбыстық
жарнамаға, INTERNET-жарнама, жапсырмалар мен сыртқы жарнама – орталық
жолдардағы штендерлерге бейімделу керек.
Сатуды ынталандыру саясатына қатысты, жеңілдіктер жүйесін жетілдіруге
болады, мысалы, жаңа жылдық және рождестволық қана емес, мерекелік, топтық
– 10 адамнан көп топтық турға тапсырыс беру кезінде жеңілдік 2%, тұрақты
келушінің карточкасы бойынша жинақтама жеңілдігі, қымбат турды сатып алу
жағдайында бір экскурсия тегін ұсынылады. Бұл фирма мұндай жеңілдіктерді
жасай алады, себебі негізгі келушілері қымбат VIP-турларды сатып алатын
қалталы кәсіпкерлер.
Сонымен бірге, маркетинг қызметінің тиімді жұмысы үшін бұл саладағы
қызметкерлердің тәжірбиесін арттыру қажет. Басшылық қызметкерлердің түрлі
конференцияларға, семинарлар мен конгресстерге баруын қолдау қажет.
Ең басты фирмада маркетинг қызметінің толық бөлімі – Маркетингтік
Жоспарлау бөлімі бар екендігін айту керек. Тәжірбие алу мен маркетинг
бойынша білім деңгейін арттыру үшін бұл фирмаға менеджерлерді бағыттау
қажет.
Маркетингтік зерттеулерді жүргізу фирманың қызметін жақсарта
алатындықтан, турфирма басшылығынан қолдау табу қажет.
Мақсатқа жету үшін келесі әрекеттер іске асырылу керек:
– маркетингтік жоспар жыл сайын түзетілуі керек;
– фирманың қызметі бағдарламасын жасау үшін топтар құру;
– нарыққа бірге қатысу жағдайында индустриалды қамтамасыз ету бойынша
туроператормен коорператив жүргізу;
– туристік нарықта өнімді өткізу бойынша біріккен шаралар жасау;
– жаңа тауарды, қызметтерді сынау, т.б.
Маркетинг стратегиясы туристік өнімді жарнамалау, өндіру мен
ілгерілетуге негізделеді. Туристік компаиядағы маркетологтың рөлі нарықтағы
барлық талаптарды талдаудан, оларды қанағаттандыру үшін стратегияны
менеджерлерге жасатудан тұрады.
Маркетингтік ойларды жүзеге асыру келесі жағдайларға байланысты:
– жоспарлау үдерісіне басшылардың қатысуы;
– нақты фактілер мен қорытындылар негізінде тауар мен нарық
стратегияларын жасау;
– стратегияны ретімен іске асыру.
Туристік фирмалардың маркетингті қолданудың маңыздылығы оның пайда
болуын қамтамасыз ететін жағдайларды жасаумен жоғарылайды, рынокты
қалыптастыру, экономикалық еркінділік, бәсекелестің дамуы.
Туристік қызметтегі маркетинг концепциясы:
- Рынокты зерттеу және болжау;
- Рынокта туристік өнімді тарату әдістерін өңдеу;
- Тиімді баға саясатын анықтау;
- Ақпараттық қамтамасыз ету жүйесін құру;
- Маркетинг жоспарын өңдеу.
Туристік маркетинг дегеніміз – ірі туристік ұйымның туристік
экскурсиялық қызметтің жаңа, тиімдірек түрін жасауда және оны жасап, өткізу
арқылы, ол туристік өнімнің сапасын жақсарту негізінде пайда табуға
бағытталған қызметін үйымдастыру және басқару жүйесі.
Туристік маркетингтің негізгі қызметтері – рекреациялық мұқтаждықты,
сұранысты, монопольды және коммерциялық бағаны, рынокты сегменттеуді
қалыптастыруға бағытталған әрекет.
Туристік маркетингтің қызметтеріне келесілер жатады:
- Рыноктық сұранысты анықтау;
- Өнімнің оңтайлы ассортиментін анықтау;
- Өндірістің құрылымын анықтау;
- Тиімді шешімдерді қабылдау;
- Өткізу саясатын жасау.
Туристік фирма баға құрудың белгілі бір саясатын ұстана отырып, сату
көлеміне де, және түсетін пайдаға да әсер етеді. Баға көлеміне ішікі
факторлар (кәсіпорын мен маркетинг мақсаттары, маркетинг кешенінің
стратегиялары, шығындар, баға құруды ұйымдастыру) және сыртқы факторлар
(рынок түрі; турөнімнің бағасы мен құндылығы арсындағы байланыс;
бәсекелестік; экономикалық жағдай; делдалдардың мүмкін болатын реакциясы).
Баға құру саясатына әсер ететін туркәсіпорынның мақсаттары; рынокта көп
уақыт әрекет ету, пайданы көбейту, рыноктық үлесін ұлғайту, турөнімнің
сапасы жағынан жетекшілікке ие болу. Баға құруға әсер ететін негізгі
факторлар – шығындар, тұгынушылар көзқарасы, бәсекелестер бағалары. Бағаны
анықтаудың ең оңай тәсілі, ол шығындарға негіздеп баға құру. Баға құрудың
дұрыс тәсілі-қажеттіліктерді анықтау және турөнімнің бағасы мен тұтынушының
құндылығының ара-қатынасын анықтау. Баға құрудағы саясатқа сондай-ақ
бәсекелестер бағасы мен олардың бағаның өзгеруіне қатысты мүмкін болатын
реакциясы. Сондықтан, бәсекелестердің бағасын зерттеу-баға құру кезіндегі
негізгі элемент болып табылады.
Турөнімді жылжытудың негізгі қүралының бірі болып, халықаралъқ көрмелер
мен кездесілерге қатысу болып табылады. Олар турөнімге ғана емес және
турфирмаға назар аударуға мүмкіндік береді. Маркетингтік бөлімнің мұндағы
қызметі болып жатқан, болашақта болатын кәсіби көрмелер туралы ақпарат
жинау болып табылады. Осыған байланысты екі стратегиялық бағыт орнатылады –
біреуі әлуетті агенттерді бірге жүмыс істеуге тарту (риsһ) және екіншісі
тұтынушыларға бағытталған (рull). Кәсіби көрермендер көрменің үшін
бірінші күн арналады. Көрмеге турфирманың өнімін көрсететін жарнамалық
материал дайындалады. Көрмеге дайындалу кезінде шетел тілдерінде визиттық
карточкаларды қажетті көлемде дайындайы қажет. Ең негізгісі жарнамалық
стендті жасауы қажет.
Туристік көрмелерге қатысудың екі мақсаты бар: 1) партнерлік
байланыстарды және агенттік тораты кеңейту; 2) өзінің өнімдеріне түпкілікті
тұтынушыларды тарту.
Стендте жұмыс істеу үшіе турфирма ең көзге түсімді, эрі пысық
қызметкерлерін қояды. Олар шетел тілдерін білуі қажет. Стенд – турфирманың
қызметі жайлы толық мәлімет беретін витрина.
Тур операторлармен жұмыс істеуге агенттерді тартудың тағы бір
құралы презентацияларды ұйымдастыру. Презентация кәсіби көрме жүмыс
істеп жатқан күндері, аумақтардағы жаңа филиалдардың ашылуына
байланысты немесе туристік мерзімнің ашылуымен байланысты
ұйымдастырылады. Презентацияны ұйымдастырумен маркетинг бөлімі айналысады.
Презентация салтанатты түрде мейрамханаларда, клубтарда
жүргізіледі.Ұйымдарга демеушілк көмек, Турфирмалар әр түрлі қоғамдық
шараларда демеуші ролін атқаруы болады. Маркетинг бөлім елде, қалада қандай
шаралар өтіп жатқандығын іздестіріп, ол жерлерге қатысу туралы шешім
қабылдайды. Негізі қоғамдық өмірде мағызы бар және БАҚ – да үлкен резонанс
алатын оқиғаларға демушілік жасайды.
Оперативті маркетинг. Турфирманың маркетингтік бөлімі агенттік торап
арқылы және Интернет жүйесі арқылы жүргізілетін барлық сатулардың
мониторингін жүргізеді. Сатулардың жүргізілуінің бағытын бақылау мақсатында
есеп беру бланктары жасалады.
Жарнамалық қызмет. Турфирманың жарнамалық қызметін жүргізудің негізгі
бағыттары болып жарнамалық стратегияны және медиажоспар жасау,
медиажоспардың орындалуын бақылау, БАҚ – да жарнаманы ұйымдастыру,
каталогтар жасау, пресс – конференцияларды жүргізу және т.б. жарнамалық
әрекеттер.
Шетелде турөнімнің жарнамасымен тек турфирмалар ғана емес, сонымен
қатар, федералды және жергілІкті құрылымдар, қонақ үйлер, театрлар,
музейлер, тематикалық парктер, мейрамханалар және басқалар. Мысалы,
Голландидағы қызғалдақтардың өскендері жайлы БАҚ – ғы күшті жарнама рақылы
білуге болады. Аты әйгілі Кекенхоф өзінің ғажайып гүлдері бар брошюраларын
элемнің түпкір – түпкіріне жібереді. Бұл брошюраларда парктың тарихы
туралы, қандй көлікпен ол жерге жетуге болатындығы жэне бағаларының қандай
екендігі туралы толық ақпарат бар. Қазіргі кездегі турфирманың қызметі
рыноктық ортада жүргізіледі. Сұраныс пен ұсыныс қаңдары, еркін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz