Білім беру технологиялары негізінде мектеп жасына дейінгі білім алушылардың қабілеттерін дамытып қалыптастырудағы педагогика ғылымындағы зерттелу теориясы


Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі
Баяндама
«Білім берудің заманауи технологиялары мен әдіс-тәсілдерін енгізу»
Орындаған:
2023
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
- Негізгі бөлім
1. 1 Білім беру технологиялары негізінде мектеп жасына дейінгі білім алушылардың қабілеттерін дамытып қалыптастырудағы педагогика ғылымындағы зерттелу теориясы . . . 4
2. Мектеп жасына дейінгі білім алушылардың іс-әрекетін білім беру технологиялары негізінде тәжірибелік-эксперименттік жұмыс барысында сынақтан өткізу . . . 5 Қорытынды . . . 6 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 7
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі. Еліміздің болашағы білім беру жүйесінің және зиялылар қауымы деңгейіне байланысты болғандықтан, Республика халқына да әлемнің дамыған елдерімен тең дәрежеде білім беру қажеттілігі мақсат ретінде көрініс табады. Білім алушылардың ақыл-ойын барынша дамыту, дүниежүзілік ғылым мен техниканы, өндірістік технологияны меңгеру үшін білім беру жүйесін неғұрлым тиімді, ғылыми негізде құру білім беру ісіндегі негізгі міндет. Елімізде ғылым, мәдениет, өнер, технология, сондай-ақ қоғамның құқықтық, рухани-адамгершілік, діни негіздерінің қалыптасуы да білім беруге байланысты. 1999 жылы маусымда қабылданған Қазақстан Республикасы “Білім туралы” заңында, “Білім” мемлекеттік бағдарламасында көрсетілгендей, қоғамның экономикалық және әлеуметтік жағынан ілгерілеуінің маңызды факторы ретінде білім беруді дамыту, шығармашыл тұлға қалыптастыруға бағыт алу, мақсаттарын көздейді [1] . Білім мүмкіндіктерін дамыту мәселесі Қазақстан Республикасының Орта білімді дамыту тұжырымдамасында да білім беру мекемелерінің ең негізгі мақсаты дүниетанымдық, құзырлық, шығармашылық деп атап көрсетілген. Осы “Шығармашылық” ұғымына “… адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі” ретінде сипаттама берілген [2] . Білім беру жүйесіндегі оң өзгерістер біздің елімізде орын алып қалыптасып келеді. Жеке тұлғаның қасиеттерін, қабілеттерін дамытып, талантын ұштаудағы оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруды, білім берудің озық технологияларын пайдалануды жатқызуға болады. Оның себептерінің бірі қазіргі таңда ғылым мен техниканың дамуына, технология ғылым саласының озық жетістіктерінің өндіріске көптеп өзгерістер енгізуіне байланысты мектепте шығармашылық тұлғаға тән білім беру қажеттігі. Тұлға қабілеттер арқылы көрініс табады. Ол көріністер адамның қасиеттерінің психологиялық ерекшеліктері, жеке қасиеті немесе адамның психологиялық қасиеттерінің жиынтығы ретінде айқындалады.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Білім беру технологиялары негізінде мектепке дейінгі білім алушылардың іс-әрекетін қалыптастырудың теориялық тұрғыдан негіздеу және оны жүзеге асырудың педагогикалық жолдарын анықтау.
Зерттеудің міндеттері:
- Зерттеу тақырыбы бойынша педагогикалық тарихи еңбектерді зерттеу және талдау.
- «Білім беру», «технология» ұғымдарының педагогикалық мәнін айқындау.
- Білім беру технологиялары негізінде оқушылардың қабілеттерін
қалыптастырудың құрылымдық моделін жасау, мазмұнына сипаттама беру.
- Тәрбиеленушілердің білім беру технологиялары негізінде қалыптастырудың жолдарын анықтау.
Негізгі бөлім
1. 1 Білім беру технологиялары негізінде мектеп жасына дейінгі білім алушылардың қабілеттерін дамытып қалыптастырудағы педагогика ғылымындағы зерттелу теориясы
Қазіргі кезде бүкіл әлемде жүргізіліп жатқан ізгілендіру үрдістері қоғамның білім беру мекемелеріне қойылатын жаңа талаптарды анықтауда. Технологиялық прогресс пен ғылыми ақпарат көлемінің ұлғая түсуі, мектептегі білім беру мазмұнын қайта құру және оқу тәрбие орындарының іс-әрекет қағидаларын қайта құру, мұның бәрі мұғалімнің кәсіби біліктілігі мен тұлғасына, бүкіл педагогикалық үрдістің педагогикалық тұлғалық бағдарлауына қойылатын талаптардың сөзсіз арта түсуіне алып келеді. Бүгінгі таңда мектептің оқу үрдісін жетілдіру үшін жаңа педагогикалық технологиялар арқылы білім беру технологияларын пайдаланудың тиімділігін өмірдің өзі дәлеледеп отыр.
Білім мазмұны жаңа үрдістік біліктер мен ақпаратты қабылдау қабілетінің дамуы мен ғылымдағы шығармашылық және нарық жағдайындағы білім беру бағдарламаларының нақтылануымен байи түсуде. Атап айтқанда:
*Есте сақтауға негізделген оқып білім алуын, бұрынғы меңгергендерді
пайдалана отырып, ақыл-ойды дамытатын оқуға көшу;
*Білімнің статистикалық үлгісінен ақыл-ой әрекетінің динамикалық
құрылым жүйесіне көшу.
*Білім беру - аса күрделі әлеуметтік-экономикалық механизм.
Қазақстан мемлекетінде «инновация» ұғымын пайдалану соңғы бесжылдыққа жатады. Ең алғаш инновация ұғымы қазақ тілінде анықтаған ғалым, профессор Немеребай Нұрахметов. Ол: «инновация, инновациялық үрдіс деп отырғанымыз білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызметі»-деген анықтаманы ұсынады [3] .
Инновация дегеніміз білім беру, тәрбиелеу жұмысына жаңалықты енгізу, яғни жаңа әдіс тәсілдерді, амалдары, құралдарды, жаңа концепцияларды жасап, оларды қолдану деп анықталған.
Инноация ұғымын ғалымдар әртүрлі түсінеді:
- Жаңалық, жаңаны енгізу, жаңарту үрдісі.
- Өзгеріс.
- Құрал, әдіс.
Т. И. Шамова, П. И. Третьяковалардың еңбегінде «инновация дегеніміз- жаңа мазмұнды ұйымдастыру, жаңалық енгізу дегеніміз-тек қана жаңалық енгізуді ұйымдастыру, яғни инновация үрдісін мазмұнын дамытуды, жаңаны ұйымдастыруды, қалыптастыруды анықтайды, ал «жаңаша» деп жаңаның мазмұны, оны енгізудің әдіс-тәсілімен, технологиясын қамтитын құбылысты түсінеміз» делінген. Энциклопедиялық сөздіктерде бұл ұғым «жаңаша білім беру» деп түсіндіріледі [4] .
Жалпы білім беретін мектептерде бүгін белең алып отырған кемшіліктері баршылық:
- Білім сапасының төмендігі;
- Білім саласына мемлекет тарапынан реформалар жүргізілгенімен оқудың нәтижесінің болмауы;
- Директивалық құжаттар көптеп шығарылғанымен оның мардымсыздығы;
- Оқушылардың өздігінен білім алу дағдысының болмауы;
- Тәрбиеленушілердің және тәрбиешілердің бірлескен шығармашылық еңбегінің болмауы.
Бұл тығырықтан шығудың бірден бір жолы оқу-тәрбие үрдісіне инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу, оқушылардың білімге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жол салу. Кейінгі кезде ғалымдар өз зерттеулерінде оқу-тәрбие ісіне жаңалықтарды енгізіп, тарату мәселесін қарастырады. Жаңа технологияны қолдану төмендегідей кезеңдер арқылы іске асады:
Жаңа педагогикалық технологиямен жұмыс істеу үшін төмендегідей алғы шарттар қажет:
- Оқу үрдісін интенсивтендіруді жаппай қолға алу;
- Оқушылардың сабақтастығын болдырмау шараларын кешенді түрде қарастыру [5] .
2. Мектеп жасына дейінгі білім алушылардың іс-әрекетін білім беру технологиялары негізінде тәжірибелік-эксперименттік жұмыс барысында сынақтан өткізу
Жаңа педагогикалық технологияны меңгеру тәрбиешінің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, адамзаттық және адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізссе Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы - әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген Джинни Л. Стил, Куртис С. Мередит, Чарльз Тэмпл. Жобаньщ негізі Ж. Пиаже, Л . С. Выготский теорияларын басшьшыққа алады. Мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген жағдайда сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. Біздің елімізге Джордж Соростың ашық қоғам институты, «Сорос-Қазақстан» қоры арқылы келген бұл технология орыс және қазақ тілдерінде мектеп тәжірбиелеріне ене бастады. Бұл жобамен жұмыс жасаған мұғалімдер бұл сабақтарда баланың танымдық белсендігін арттыруға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал етсе, ал мектепке дейінгі білім алушылар сабақтың жеңіл қызықты өтетіндігін, ұжымда бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін білімнің тереңдігі тиянақтылығы байқағандарын айтады [6] . «Сын тұрғысынан ойлау» ұғымы белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-тендікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау деп түсіндіреді авторлар. Сын -тұрғысынан ойлау-сынау емес, шыншыл ойлау. Бұл деңгейдегі ойлау тек ересек адамдарға, жоғарғы сынып оқушыларына ғана тән деп ойлау дұрыс емес. Жас балалардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Оған осы жобамен жұмыс жасау барысында көз жеткіздік [7] .
Жоғарғы оқу жүйесі әр тәрбиеленушіге өз әлемін айқындап, оның құндылықтары мен қағидаларын белгілеуге көмек беру керек. Бұл арқылы мектеп жасына дейінгі білм алушы өзінің ішкі жан дүниесінің рефлексивті әлемін ашып, оны құруға үйренеді. Дәстүрлі оқыту жүйесінде тұлғаның дамуы парасаттық (интеллектуалдық) есу деңгейінде, жаңашыл жобалар бұл мәселені оқушылардың өзіндік рефлексиясына негіздейді, яғни зерттеліп жатқан болмысқа деген оқушылардың өзіндік қатынасы, оның құндылықтарын, себептері мен салдарын, мағынасын түсінуі. Рефлексия дегеніміз ойланып - толғану, өз түсінігін қалыптастыру, өзіңді тану мен түсіну [14] . Рефлексия арқылы алдында тұрған барлық мәселелермен проблемаларды шеше біледі. Оқытуда «Сыни ойлауды дамыту» жобасы тағы да бір мәселелерге назар аударады, ол- әлеуметтік тәжірибесін арттыру. Басқаша сөзбен айтқанда, оқыту процесінде әлеуметтік мазмұн басым болу керек. Әр сабақта тәрбиеленуші оқытудың басқа да қатысушыларымен араласып (тәрбиеші мен тәрбиеленуші), коммуникативтік қарым-қатынас процесінің белсенді мүшесіне айналады, әрі ұжымда қоғамда, әлеуметте қалайша өзара байланыс құру мәселесі төңірегінде ойланады. Аталмыш бағдарламаның ішкі құрылымында ерекшелік бар. Бұл құрылым 3 деңгейден тұратын оқыту мен үйренудің моделі. Білімнің болашақта пайдаға асуы, қажетке жарауын қалыптастырады. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйретеді [8] .
Сын тұрғысынан ойлау қызығушылығын ояту мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі. Осы кезеңдердің мақсат-міндеттеріне толығырақ тоқталып өтейік. Қызығушылықты ояту-үйрену процесі - бұрынғы білетіні мен жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді өзінің бұрышы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да ұйымдастырылған оқу қызметі қарастырылған мәселе жайлы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғау, ояту, ми қыртысына тітіркендіргіш арқылы әсер ету жүзеге асады. Осы кезеңге қызмет ететін «Топтау», «Түртіп алу», «Ойлану», «Болжау», «Әлемді шарлау», т. б. деген аттары бар әдістер (стратегиялар жинақталған, қызығушылықты ояту кезеңнің екінші мақсат - үйренушінің белсенділігін арттыру. Өйткені үйрену - енжарлықтан гөрі белсенділікті талап ететін іс-әрекет екені даусыз. Өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі, тобыңда талқылайды. Яғни айту, бөлісу, ортаға салу арқылы оның ойы ашылады, тазарады. Осылайша шыңдалған ойлауға бірте-бірте қадам жасала бастайды. Мектепке дейінгі білім алушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны байырғы біліммен ұштастырады [9] .
Ойлау мен үйренуге бағытталған бұл бағдарламаның екінші кезеңі мықтыны тану (түсіне білу) . Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасайды. Мектепке дейінгі білім алушы тақырып бойынша жұмыс жасауға көмектесетін оқыту стратегиялары бар. Соның бірі INSERT. Ол бойынша оқу, тақырыппен танысу барысында V- «білемін», - «мен үшін түсініксіз», «мен үшін жаңа ақпарат», - белгісі «мені таңқалдырады» белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады. INSERT - оқығанын түсінуге өз ойынша басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұғымды құрал. Бір әңгіменің соңына тез жету, оқығанды есте сақтау, мәнін жете түсіну-күрделі жұмыс. Сондықтан да тәрбиеленушілер арасында оқуға жеңіл-желпі қарау салдарынан түсіне алмау, өмірмен ұштастыра алмау жиі кездеседі. Мағынаны түсінуді жоғарыдағыдай ұйымдастыру - аталған кемшіліктерді болдырмаудың бірден-бір кепілі [10] .
Үйренушілер білетіндерін анықтап, білмейтіндерін белгілеп сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білім арасында көпірлер құрастыруға, яғни байланыстар құруға дағдыландырады. Сурет арқылы бейнелесек:
Тақырып туралы ой-толғаныс - бағдарламаның үшінші кезеңі, күнделікті оқыту процесіңде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарап, баға беруге үйретеді. Өз ойларын өздері байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта алады. Бұл сатыда тәрбиеленуші бір-бірімен әсерлі түрде ой алмастыру, ой-түйістіру өз үйрену жолын кестесін жасау мақсатында басқалардың әр түрлі кестесін біліп үйренеді. Бұл үйрену сатысы -ойды қайта түйіп жаңа өзгерістер жасайтын кезең болып табылады. Әр түрлі шығармашылықпен ой түйістіру болашақта қолданылатын мақсатты құрылымға жетелейді. Д. Жиксо - ұжымдық оқыту әдісі. Мақсаты жалпы мәселені алдымен орта, сосын ұжымда талқылау. Бұл жағдайда әрбір оқушы бір сәт өзін мұғалім ретінде сезінеді, оқуға деген жауапкершілігі артады[11] .
Әдісті қолдану TeMenflerime ұйымдастырылады. Алдымен 4 адамнан тұратын топтарға бөлінеді. Бұл «жанұя» топтар деп аталады. Содан кейін 1, 2, 3, 4-ке санау арқылы 1-лер бөлек, 2, 3, 4-өз атына «жұмыс» тобын құрады. Оқуға ұсынылатын материалдың тақырыбы талқыланған соң, осы мәтінді түсіну қажет екендігі ескертіледі. 4 логикалық бөлікке бөлінген мәтіннің 1-бөлігін 1-лер, 2-бөлігін 2 санын алғаңдар, 3, 4 нөмірлі топтарға оқуға тапсырылады. Жұмысты бастамас бұрын оқушыларға «жұмыс тобыңда» мәтіннің тиісті бөлігін жақсы меңгеру қажеттілігін, өйткені сол бөлікті «жанұя топ» тәрбиеленушілеге түсіндіруге жауапты екенін, мәтінді тұтас түсіну әр мектеп жасына дейінгі білім алушыны ыждағаттылығына байланысты екенін түсіңдіру қажет.
Келесі кезекте ұжым мүшелері бастапқы топтарымен қайта табысып, өздерінің үйреніп келген бөліктеріндегі мазмұнды ортаға салады. Осылайша ұжым мүшелері бірін-бірі оқытуға, сол арқылы ойлауға үйренеді [12] .
Екі түрлі түсініктеме күнделігі.
Тәрбиеленушілер дәптердің бетін (не сызықпен болу сұралады. Мәтінді оқу барысында олар: Бөліктің оң жағына, Мәтіндегі қатты әсер еткен тұстарды, үзінділерді жазады. (Пікір таратылып берген парақты) ортасынан вертикаль, сол жағына топ әсер еткен үзінділер жайлы жазады (нені еске түсіреді, себеп - салдары қаңдай т. б. ) [13] .
Әр мектеп жасына дейігі білім алушы мәтінмен танысып, ұжымда, топта талқылау ұйымдастырады. Жұмыс аяқталған кезде тәрбиеші қорытуға арналған әзірлеп қажет сұрақтарын қойып, жауаптар алады. Ол сұрақтар тәрбиеленушілерге баға беру, пікірін, көзқарасын білдіруге лайықталып қойылғандығы дұрыс. Мысалы: Сіздің ойыңызда не сақталып қалды? Автор оқырманды қалай қызықтырады? Кейіпкерлердің іс-әрекетін сіз қалай бағалайсыз? Т. б. түрінде. Бұл әдіс те алдыңғы сияқты ұжым болып жұмыс жасауға үйретеді. Ақпаратты өз бетінше меңгеруге жағдай жасайды. Сөз астарын түсінуге бағыттайды. Сондай-ақ әдістің тиімділігі ұйымдастырылған оқу қызметі тысқары қалатын білім алушы болмайды, оқыған мәтінді түсіну оны түсінікті етіп айтып беру, оған қатысты ойын, пікірін білдіру арқылы оқушының тілі дамиды. Осылайша ұйымдастырылған оқу қызметі арқылы сауатты оқырман қалыптастыру мүмкіндігі туады. Еркін жазу. Бұл әдісті сын тұрғысынан ойлау жобасындағы сабақтың үшінші ой толғаныс кезеңінде пайдалану тиімді. Тәрбиеші ұйымдастырылған оқу қызметі бойына қарастырылған жаңа ақпарат жайлы, одан алған әсерін, не үйренгенін, үнемі әлі де біле түсу керек екенін т. б. жайлы өз пікірін қағаз бетіне түсіруді тапсырады, Жазуға уақыт береді. Уақыт аяқталған кезде өз жазғандарымен топ мүшелерін таныстырады. Ең жақсы деп танылған жұмысты ұжымда оқуға болады. Мектеп жасына дейінгібілім алушылардың алған білімдерін қорытуға оған сын көзбен қарап, ойын түйіндеуге үйрететін бұл әдісті кез келген сабақта қолдануға болады [14] .
Білім алушы белсенділігін қандай тәсілдер арқылы арттыруға болады (өйткені оқытудың сапасы осы мәселеге тікелей байланысты емес пе?) деген сұраққа байланысты «Сыни ойлауды дамыту» жобасы келесі әдістерді ұсынады (Темпл Ч. ) :
> күтілетін нәтижелерді нақты айқындау;
> жазба жұмыстарын жиі орындау;
> бірлесе оқу тәсілдерін қолдану;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz