Мағжан Жұмабаев Анама өлеңі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   

Қала атауы Мектеп атауы

Жoбaның тaқырыбы:

Мағжан Жұмабаев «Анама» өлеңі

Ceкцияcы :

Oқyшы: сынып оқушысы

Ғылыми жeтeкшici:

Қала атауы 2024 жыл

Мaзмұны

Аннотация . . .

І. Кiрiспe . . .

1. 1. Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы . . .

1. 2. Халқы сүйген қаламгер . . .

ІІ. Негізгі бөлім . . .

2. 1. Мағжан Жұмабаев «Анама» өлеңі . . .

ІІІ. Қорытынды . . .

IV. Пaйдaлaнғaн әдeбиeттeр . . .

«Мағжан Жұмабаев «Анама» өлеңі» тaқырыбындaғы зeрттeу жұмысынa

Пікір

«Мағжан Жұмабаев «Анама» өлеңі» атты шығармашылық зерттеу жұмысына пікір білдіре отырып, жұмыс үлкен ізденіс үстінде, жүйелі жасалған деп толық айтуға болады. Зерттеу жұмысы барысында оқушы үлкен ізденіс үстінде болды. «Мағжан Жұмабаев «Анама» өлеңі» тaқырыбындa зeрттeлгeн жұмыс кeң көлeмдe тaлдaнғaн. Оқушы Мағжан Жұмабаев өмірі мен шығармашылығын зерттеп, жазушының шығармашылығына тереңінен талдау жүргізді. Және «Анама» шығармасының жанрлық ерекшеліктерін көрсете отырып, жазушы шығармасындағы негізгі ойды ашып көрсетті. Сонымен қатар шығармашылық зерттеу барысында қызықты мәліметтерге көп шолу жүргізді. Оқушы жұмысты мақсат - міндеттерін орындай отырып, барлық талаптарға сай жазған. Алдағы уақытта оқушыма осы ізденімпаздығынан таймай, бұдан да жоғары нәтижелер көрсетіп, биіктен көріне беруіне тілектеспін. Бұл жұмысты ғылыми жұмыс дeп тaнып, зeрттeу жұмысын жaлғaстыруды ұсынaмын.

Пікір білдіруші:

Аннотация

Мағжан - қазақ халқының ұлттық ұлы ақыны. Ол - халқын шын сүйген, сонымен бірге күйінген, аянышты ел күйін көргенде қоса күңіреніп, сезімталдыққа берілген шын халық досы. Мағжан поэзиясы - жан, жүрек, сезім поэзиясы. Ол оның бүкіл қан тамырынан жаралған. Ақын қандай тақырыпты жыр етсе де, бәрі «мен - Мағжанмын» деп мұндалап тұрады. Оның жырларында отты жүректің соғысы, ізгі де сұлу, елжіреген, еміренген жан лүпілі естіледі, оның өмір азабын, өзімшілдікке деген ыза - кекті, қаһарлы ерлі күні естіледі. Бұл зерттеу жобасында Мағжан Жұмабавтың өмірі мен шығармашылығына талдау жасалынады.

Аннотация

Магжан - великий национальный поэт казахского народа. Он настоящий друг народа, искренне любящий свой народ и в то же время, когда видит плачевное состояние страны, сокрушается и предан чуткости. Поэзия Магжана - это поэзия души, сердца и чувств. Он был создан из всего его кровеносного сосуда. Какую бы тему ни пел поэт, все говорят: «Я Магжан». В его стихах слышится биение пламенного сердца, биение доброй и прекрасной, трогательной, ноющей души, боль его жизни, гнев на себялюбие - день мстительного, злого человека. В данном исследовательском проекте анализируется жизнь и творчество Магжана Жумабава.

Annotation

Magzhan is the great national poet of the Kazakh people. He is a true friend of the people, sincerely loving his people and at the same time, when he sees the deplorable state of the country, he is distressed and devoted to sensitivity. Magzhan's poetry is the poetry of the soul, heart and feelings. It was created from his entire blood vessel. Whatever theme the poet sings, everyone says: “I am Magzhan. ” In his poems one can hear the beating of a fiery heart, the beating of a kind and beautiful, touching, aching soul, the pain of his life, anger at selfishness - the day of a vengeful, evil person. This research project analyzes the life and work of Magzhan Zhumabav.

Зeрттeу тaқырыбының өзeктiлiгi: Мағжан Жұмабаев аса талантты қазақ жазушысы. Ұлттық әдебиетіміздің патриоты.

М. Жұмабаев шығармаларына талдау жасап, жазушы шығармаларын зерттей отырып, жанрлық ерекшеліктерін ашып көрсету арқылы жас өспірімдер бойына қарапайымдылықты, имандылықты, кішіпейілділікті, қазақилықты сіңіру зерттеу жұмысының өзектілігі болып табылады.

Зерттеу нысаны: Мағжан Жұмабаев шығармашылығы мен өмірі.

Зерттеу жұмысының мақсаты: өскелең ұрпақты тәрбиелеу жолында баға жетпес үлес қосқан Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығын таныстыра отырып, оқушының кітап оқуға деген қызығушылығын дамыту, ойлау қабілеттерін арттыру, елжандылыққа, қарапайымдылыққа тәрбиелеу.

Зерттеу жұмысының міндеті: Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат беру; Жұмабаевтың «Анама» шығармасын зерттеу, шолу жасау.

Зeрттeу әдiстeрi: Зeрттeу жұмысының мaқсaты мeн тaқырып eрeкшeлiгiнe бaйлaнысты сипaттaмa, тaлдaу мeн жинaқтaу, жүйeлeу жәнe оны түсiндiру әдiстeрi қолдaнылды.

Зерттеу кезеңдері: Жоба аннотация, кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды бөлім және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Зерттеу жаңалығы: М. Жұмабаев шығармалары арқылы өскелең ұрпаққа көне тәрбие көзін дәріптеп, оқушылар бойына М. Жұмабаев шығармаларының тәрбиелік құндылығын сіңіру.

І. Кiрiспe

Мағжан - қазақ халқының ұлттық ұлы ақыны. Ол - халқын шын сүйген, сонымен бірге күйінген, аянышты ел күйін көргенде қоса күңіреніп, сезімталдыққа берілген шын халық досы. Мағжан поэзиясы - жан, жүрек, сезім поэзиясы. Ол оның бүкіл қан тамырынан жаралған. Ақын қандай тақырыпты жыр етсе де, бәрі «мен - Мағжанмын» деп мұндалап тұрады. Оның жырларында отты жүректің соғысы, ізгі де сұлу, елжіреген, еміренген жан лүпілі естіледі, оның өмір азабын, өзімшілдікке деген ыза - кекті, қаһарлы ерлі күні естіледі.

Мағжан поэзиясының мәңгі өлмес, ұрпақтан - ұрпаққа жалғасар асыл қазынасы - махаббат, ғашықтық жырларының жұмбақ күйлерін шерткен, терең ақындық шабыттан туған, адам жүрегінің мың сан дірілін шеберлікпен бейнелеген, ықшам, жинақы, жауһар дүниелер болып саналады.

Мағжан Жұмабаев өзінің қысқа өмірінде нағыз поэзия биігіне самғаған, оның асқар асуларынан өлшеусіз нәр алған біртуар, әмбебап зиялы қайраткері болды. Сонымен бірге оның тәлім-тәрбие ғылымының теориялық жағына төңкерістен кейін тұңғыш үңілушілердің бірі болуы Мағжан дарынының тағы бір қырын көрсетеді.

Адам баласымен бірге жасасып, бірге өмір сүріп келе жатқан қоғамның қажетті және тұрақты функциясының бірі - тәрбие болып табылады. Олай болса тәрбие - мәңгілік категория. Соған қарамастан тәрбие әрдайым толықтырылып, жаңартып отыруды, тіпті басқа халықтардың тәрбиелік тәжірибелерін үйрену мен меңгеруді талап етеді. Ал оны ұлттық шеңберде қалып қоймай озық тәжірибеге, ғылымға сүйеніп құру, жетілдіру - маңызды міндеттердің бірі. Міне, осы міндетті қазақ қоғамында алғашқылардың бірі болып түсінген, тек түсініп қана қоймай оны іске асыруға, өскелең ұрпақты тәрбиелеу жолында баға жетпес үлес қосқан Мағжан Жұмабаев болып табылады. Басқа тәрбие тақырыптарына арналған мақалаларын есептемегенде оның 1922 - 1924 жылдары Орынбор мен Ташкентте қатарынан екі рет басылып шыққан, осы уақытқа дейін бірегей ғылыми оқулық болып табылатын «педагогикасы» айрықша орын алады. Бұл шын мәнінде ғылыми еңбек болғанда ұзаққа арналған, маңызы мен мәнін жоймайтын, өз халқына әрдайым нақты пайдасын тигізетін, қоғам мүшелеріне пайдасын тигізетін, өскелең ұрпаққа салиқалы ой салатын және олардың назарын үнемі ауадай қажет ұрпақ тәрбиесіне аударатын, ең маңыздысы нақ осы күні келіп жатқан тәрбие туралы еңбектерден шоқтығы биік болмаса кем түспейтін қазына.

«Педагогикадағы» қиын, күрделі мәселелердің бірі тәрбиенің мақсатын анықтау болып табылады. Әрине, ол өзінен - өзі пайда болмайды, ол қоғамдық өмірдің талабынан, объективті қажеттілігінен туады.

Мағжан тәрбиені өте терең тұжырымдайды, ол: «баланы тәрбиелеу тұрмыс майданында ақылмен, әдіспен күресе білетін, адам шығару деген сөз. Қалса өзін, асса барлық адам баласын әділ жолмен өрге сүйрейтін ер шығару деген сөз» - дей келе, тағы да, «тәрбиедегі мақсат сол адамның, ұлттың, барлық адамзат дүниесін бақытты қылу» - деп жалғастырады. Мағжан осы ғасырдың басында - ақ тәрбиенің шеңберін, оның атқаратын қызметін анағұрлым кең көлемде түсінеді. Ол сол кездің өзінде тәрбие түбінде адамдар арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге, халықтар арасындағы бауырмалдықты нығайтуға қызмет етуге тиіс екендігін баса көрсетіп, өзін ғасырымыздың нағыз гуманистерінің қатарына қояды.

1. 1. Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы

Мағжан - қазақ поэзиясының шолпан жұлдыздарының бірі әрі бірегейі. Ол артына өшпес рухани мол мұра, өзіне өлмес мәңгілік ескерткіш қалдырып кеткен.

Жарты ғасырдан аса оның есімін де, шығармаларын да атай алмай келген халқы көп жылдардан кейін ғана ұлы ақынымен сағына қауышқан.

Мағжанның туып өскен жері - Солтүстік Қазақстан облысының қазіргі Булаев ауданы. Әкесі Бекен - көзі ашық, өжет, қайратты, парасатты адам. Көп жылдар болыс болған. Мектеп ашып, мұғалім ұстап, өз балаларының оқуына қамқорлық жасайды. Бұл мектепте патша әскерінен қашып жүрген Ажиетдин Ақанов деген оқыған, білімді башқұрт жігіті мұғалім боп істеген. Зерек Мағжан төрт жасында осы мектеп есігін ашады, хат таниды, Шығыс әдебиетімен алғаш осы мектепте танысады. Қолына түскен қисса-дастандарды оқи бастайды. Ақын Шығыс әдебиеті даналары Фирдоуси, Сағди, Ғафиз, Омар Хаям дастандарын түпнұсқадан оқып-үйренеді.

Оқуға зерек, білімге, білмекке ынталы Мағжанды әкесі Қызылжардағы медресеге оқуға түсіреді. Мұнда ол шығыс тілдерін үйренеді, сол тілдердегі әдебиеттерге ден қояды. Тап осы кездерде ақындық талантының бүрі де ашылады.

Мағжан сол кездерде Абайдың 1909 жылы Петербургте жарық көрген өлеңдерін оқып, сонан сусындайды.

Ақын мұнан әрі білімін Уфадағы «Ғалия» медресесінде жалғастырады. Медреседе дәріс оқушылар ішінде татардың классик жазушысы Ғалымжан Ибрагимов бар еді. Бұл медреседе сол жылдары бірталай қазақ жастары да оқыған, солардың арасында халқымыздың біртуар жазушысы Бейімбет Майлин де болған.

Мағжан өлеңдерінің тұңғыш рет Қазанда Кәрімовтар баспаханасынан басылып шығуына қол ұшын берген - ұстазы Ғалымжан Ибрагимов.

Шәкіртінің алғырлығын да, зеректігін де таныған ол Мағжанның білімін әрі қарай жалғастыруына да ақыл-кеңес береді.

Мағжан орыс һәм Еуропа мәдениетінен сусындамақ болып, Омбыдағы оқытушылар семинариясына оқуға түседі. Осы оқу орнында ол Сәкен Сейфуллинмен алғаш танысады. Мағжан семинарияны алтын медальмен бітіреді.

Мағжан ана тілінің мол байлығын бойына барынша сіңірген, орыс тілін де жетік білген. Соның арқасында ол Пушкин, Лермонтов, Горкий, Байрон, Гете тағы да басқа орыс, Батыс ақын-жазушыларының шығармаларымен танысып, олардың таңдаулы туындыларын ана тілімізге аударып, халқымыздың игілігіне айналдырған.

Мағжанның барлық өмірі - поэзиясында. Ақын ел ішіндегі әлеуметтік, қоғамдық өмірге белсене араласады. Соларға ақындық үн қосып отырады. Мағжан өлеңдері негізінен халқының, ел - жұртының тағдырына бағышталған. Мағжан - лирик ақын, сыршыл ақын. Ақын поэзиясының ең қомақты жағы осы лирикалары. Олары романтикалық асқақ сезіммен өрілген. Жан тербетеді, адамды нәзік сұлу сезімдерге бөлейді. Ақын лирикасының тақырыптары алуан: туған жер, ата мекен, халық тағдыры, ар - адамгершілік, шынайы махаббат, т. б.

Мағжан - эпик ақын. Оның қаламынан «Батыр Баян», «Қорқыт», «Жүсіпхан» сияқты поэмалар туған. «Батыр Баян» поэмасында өзінің халқына, Алашына деген суымас перзенттік жүрегінің ыстық сезімін өлең өрнегіне шынайылықпен түсірген. Халқымыздың сондай ер жүрек перзенттерінің бірі - батыр Баян. «Батыр Баян» поэмасы «алашым» деп еңіреп, «майданда жолбарыстай» ерлік көрсеткен осы аруақты көкжал батырға арналған.

Мағжан Жұмабаев - көрнекті жазушы, ақын, публицист. Қазақ поэзиясының шолпан жұлдыздарының бірі әрі бірегейі атанған талантты ақынның есімі кеңес өкіметі тұсында қазақ әдебиеті тарихынан жазықсыз сызылып, оның маржан жырлары идеологиялық қудалауға ұшыраған болатын. Халқының тәуелсіз ел болғанын көруді аңсаған ол, өмірінің аса ауыр сәттерін бастан өткерді. Алайда, тағдыры қиын болғанымен, өміршең жырлары кейінгі ұрпаққа өлмес мұра болып қалған Мағжан Жұмабаев еңбектері туралы кемеңгер жазушымыз кезінде көрегенді ой айтқан еді.

ХХ ғасырдың басы еліміздің рухани-мәдени тарихындағы қиындығы мен қайшылығы мол күрделі кезең болды. Қазақ әдебиетіндегі аса ірі тұлға Мағжан Жұмабаевтың ақын болу, қалыптасу кезеңі - ұлттық көзқарастардың оянуы мен қоғамда жаңа жол іздеген дағдару дәуіріне тура келді. Дәл осы тұста Мағжан жалынды жырларымен ұлттың рухын көтерген алаш ұлдарының бірі болды.

Мағжан Жұмабаев 1893 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев ауданы, Сасықкөл деген жерде туған. Бала кезінен өте зеректігімен көзге түскен ол төрт жасынан хат таниды. Ауыл мұғалімінен сауат ашқан Мағжан 1905 жылы Қызылжардағы медресеге оқуға түсіп, оны жақсы үлгеріммен аяқтайды. Бірақ, бұл білсем, көрсем деп ілгері ұмтылған жас талапты онша қанағаттандыра қоймайды. Сөйтіп, Мағжан білім жолында іздене түседі.

Жан - жақты білімін жетілдірген Мағжан Жұмабаев бірқатар шығыс тілдерінен дәріс алып, шығыс ақындарының жырларымен танысады. Сөйтіп өзі де әдебиетпен шұғылдана бастайды. 1912 жылы небәрі 19 жасында Мағжан ұстазы, татар жазушысы Ғалымжан Ибрагимовтың көмегімен «Шолпан» атты тұңғыш жинағын жарыққа шығарады. Осыдан тура бір ғасыр бұрын Қазан қаласында басылған өлеңдер жинағында Мағжан жалындаған жасқа тән махабатты емес, ел - жұртының тағдырына алаңдаған әлеуметтік, ауқымы кең мәселелерді көтереді.

Не көрсем де алаш үшін көргенім,

Маған атақ ұлтым үшін өлгенім! - деп халқына деген шексіз махаббатын жырлаған Мағжан алаш қайраткерлерімен байланыс орнатып, “Қазақ” газетіне өлеңдерін жариялап тұрған. Ол Міржақып Дулатұлының «Оян, қазақ» өлеңінің рухында «Жатыр» деп аталатын жырын жазады. Мағжан 1923-1927 жылдары Мәскеуде оқыған кезде батыс Еуропа әдебиетімен, орыстың жазушы-ақындарымен етене жақын таныс болған.

1924 жылы Мәскеуде Кеңес пролетариат жазушыларының қауымдастығы құрылады. Социалистік реализімді орнату мақсатындағы бұл ұйымның Қазақтанда жүзеге асуына әдебиетте жүрген зиялы қауым өкілдері қарсы болады. Шығармашылық адамының өз ой-пікірін айтуына тосқауыл жасайтын саясатқа келіспеген қайраткерлер қатарында болған Мағжан сол жылы Мәскеуде жүріп «Алқа» ұйымын құруға әрекет жасайды. Қазақ жазушыларының басын ұлтттық бағытқа біріктіріп, Семей, Ташкент, Петропавлда жүрген белсенді қайраткерлерге «Табалдырық» атты жаңа бағдарламаны қолжазба түрінде таратып, өзінің саяси ұстанымын білдірген.

Өкінішке орай, ұлттық мүддені көздейтін құжат жарыққа шықпайды. Бірақ, осы әрекеті үшін 1929 жылы Мағжан Жұмабаев жасырын ұлтшыл ұйым құрды деген жалған айыптаумен Мәскеудегі Бутырка түрмесіне қамалады. Сол кезеңде Мағжанның осы бастамасы қазақ зиялыларына терең ой тастап, қоғамның шынайы болмысын суреттеген туындылар жарық көре бастайды. Мысалы, Мұхтар Әуезов «Хан Кене» шығармасын жазса, Мағжанның «Жүсіпхан» деп аталатын көркем дүниесі соның айғағы.

1. 2. Халқы сүйген қаламгер

Мағжан Жұмабаев тәрбиенің мақсатын анықтағанда халықтың, ұлттық шеңберінен шығып, жалпы адамзаттық мұраттарды басшылыққа алып: «Адам өз халқының адамдарын сүюімен қатар, басқа халықтардың адамдарын сүюге де міндетті», - деп бүкіл адамзаттық деңгейден тіл қатады.

Өз халқының патриоты ретінде Мағжанды халықтың болашағы үнемі толғандырған. Ол осы тұрғыдан алғанда тәрбиенің басты міндеттерінің бірі бала бойындағы ұлттық сезімдерді ерте қалыптастыру, оларды халықтың рухани мәдениетімен, әдет - ғұрпы, салт - дәстүрімен толыққанды сусындату қажет деп санайды. «Ұлт тәрбиесі баяғыдан бері саналып, бұрын қолданып келе жатқан тақтақ жол болғандықтан әрбір педагог сөз жоқ ұлт тәрбиесімен таныс болуға тиіс. Және, әрбір ұлттың баласы сол ұлт тәрбиесін толық меңгеруге құқылы» - деп жазады.

Cонымен қатар, бала тәрбиесінде - бала тіліне аса ұқыптылықпен қарауға шақырады. «Кейбір адамдар баланы өз тілінше сөйлеп, балаға тез ұқтырам деп, яғни баланы еркелетіп, әдейі тілдерін бұзып, балаша шолжаңдап, сақау болып сөйлейтіндері бар. Бұл - зор қате. Баланың тілін шын дұрыс жолға салатын, дұрыстайтын, байытатын - ата - ана және мектеп» деп жазған. Мағжан Жұмабаевтың адам жанын терең сезінетін психолог - ұстаз екендігінің тағы бір дәлелі оның осы «Педагогика» еңбегіндегі «Ішкі сезім, яки көңіл көріністері» туралы жазғандары. Бала жанын терең түсінетін педагог Мағжан баланың көңіл - күйіне егжей - тегжейлі тоқтай келіп, оның сезімдерінің дұрыс дамуы үшін үлкен тәрбиенің керек екендігін айтады. Ата - ана қатал болса, бала да қатал, ата - ана жұмсақ болса, балада жұмсақ. Баланың маңындағы адамдар да дұрыс мінезді болу керек.

«Баланы қорқыту, оны жазалау дұрыс емес. Бір нәрсені бала жазадан қорыққаннан ғана істейді, бала өтірік айтуға, алдауға үйренеді» - деген Мағжан ойларынан ғалам пікірінің алдыңғы қатарлы елдердің бала тәрбиесіндегі озық ойларымен сабақтас екендігін көреміз. Жасыратыны жоқ, күні бүгінге дейін біздің ата - аналар балаға зекіп ұрысудан, оның ар - намысына тиіп ауыр сөз айтудан арылған жоқ. Оқу - тәрбие ісін ізгілендіру, демократияландыру біздің мектептерімізге әлі де толық жете қойған жоқ. Бұл мәселені Мағжан атамыз өз заманында көтергенімен, күні бүгінге дейін толық орындалмай жатыр. «Бала нашар істі өзі істемеуіне, нашар мінезден өзі қашуына тырыссын. Ешкім айтпай, қорқытпай, баланың өзі жамандықтан, нашар мінезден жиренетін болсын. Балаға махаббат, жылылық сезім, жұмсақ іс арқылы ғана қарау қажет», - дейді педагог.

«Сұлулық бөлімдері» деген бөлімде педагог адам тек қана сырт сұлулығымен ғана емес, ішкі сұлулығымен ұнамды, сүйкімді болуы керек дейді. Осы орайда, ән - музыка, сурет, поэзияның орны ерекше екендігін айтады. «Тәрбиешінің міндеті - балада өнердің қандай түріне ынта бар екенін тауып, сол сезімдерін өркендету», - дейді де, оған жетудің жолдарын көрсетіп береді. Мағжан, егерде, сұлулықты өзі сүймесе, оның жүрегі сұлу болмаса, сұлулықты жан - тәнімен түсінбесе, педагогика саласындағы сұлулық туралы сыр шертпес еді.

Педагог - ғалым бала тәрбиесіндегі, әсіресе қыз баланы тәрбиелеуде әйелдің, ананың рөлінің зор екендігін айтады. Өйткені бала анаға жақын тұрады. Шешесі үйде баланың көзінше не істесе, қалай қимылдап, қалай сөз сөйлесе ертең ұшқанда баласы, әсіресе, қыз бала соны істейді. Көбінесе қыз бала тәрбиесі анасына байланысты. Сол себептен ананың - әйелдің балаларының көзінше өте әдепті, мәдениетті болуын меңзейді.

«Педагогика» кітабының соңғы бөлімі «Баланың жалпы жаратылысына» арналған. Бұл бөлім бүкіл кітаптың қорытынды бөлімі іспеттес. Бала тәрбиесінің оңай еместігін, оған екінің бірі бара бермейтіндігін, екінің бірі нағыз ұстаз, нағыз тәрбиеші бола алмайтындығын жазады. «Тұрмыста түйінді мәселелерді тез шеше білетін, тұрмыстың тұңғиық теңізін қалың қайратпен кеше білетін, адалдық жолға құрбан бола білетін, қысқасы, адамзат дүниесінің керек бір мүшесі бола алатын төрт жағы түгел кісі қылып шығару, баланы мұндай адам қыла алу үшін тәрбиеші бар күшін, бар білімін жұмсап, жалықпай, шаршамай үйрете білу керек», - дейді ақын, педагог Мағжан Жұмабаев. Дәлелдері анық бұл оқулықтың бала тәрбиесіне берер пайдасы мен үлесі өте зор.

2. 1. Мағжан Жұмабаев «Анама» өлеңі

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мағжан Жұмабаев (1893-1938 жж)
Мағжан Жұмабаевтың Сағындым өлеңінің көркемдік қуаты
Бес Арыс туралы
Бернияз Күлеевтің ақындық әлемі
Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығын талдау
МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ ӨЛЕҢДЕРІНІҢ ӨЛШЕМДЕРІ
МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ ПОЭЗИЯСЫ
Бернияз Күлеев поэзиясының көркемдік ерекшеліктері
Мағжан қазақ әдебиетінде
Қазақ ағартушы-педагогтарының отбасылық тәрбие туралы ой-пікірлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz