Тарихты оқытудың әдістемесінің зерттелу деңгейі
КІРІСПЕ
Жұмыстың өзектілігі: Мектепте оқылатын тарих пәні өзінің негізін тарих ғылымынан алады, ол ғылымның аса маңызды салаларына жатады. Кез келген өркениетті, дамыған елдер өз мемлекетінің барлық азаматтарын тарихи біліммен қаруландыруға ұмтылады және де оны алдымен өз халқының, өз елінің тарихын оқытып үйретуден бастайды. Тарихи білімді меңгерген адам өзі өмір сүрген қоғамдағы орнын, атқаратын қызметін, басқа да іс-әрекеттерін дәл анықтай алады. Сондықтан да Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік саясат жөніндегі Ұлттық Кеңес бекіткен 1995 жылғы Қазақстан Республикасында тарихи сана қалыптастыру тұжырымдамасын қабылдаған болатын. Бұл тұжырымдамада оқу орындарында тарихты, әсіресе Қазақстан тарихын оқытуды алдын-ала межелеу жөнінде аса жауапты міндеттер қойылған. Ол міндеттер алдымен жалпы білім беретін мектептерде жүзеге асады. Өйткені елдің барлық азаматтарына жүйелі тарихи білім беретін оқу орны-мектеп. Ол пәнді оқытатын тарихшы мұғалімдер. Сондықтан да университеттердің тарих факультеттерінде болашақ тарихшылар 4 жыл оқып, орта мектептің тарихшы мұғалімі деген мамандық алады. Тарихты оқыту- бұл күрделі үрдіс өзара байланысты: оқытушының мақсатын анықтау,білім беру мазмұнын іріктеу,білімді оқытып үйрету және оны меігеруге басшылық ету-оқушылардың оқу қызметі - және оқытудың нәтижесі сияқты құрамдас бөліктерден құралады. Оқыту үрдісі үнемі дамып отырады. Тарихты оқыту теориясы мен әдістемесі бұл мәселені шешуде алдымен Қазақстан тарихы ғылымының әдіснамасына сүйенеді, соны басшылыққа алады.Соның негізгі ғылыми ұстанымдарына сүйене отырып, педагогика ғылымының білім мазмұнына қоятын талаптары мен критерийлерін ескеріп,Қазақстан тарихы мектеп курсының білім мазмұнын анықтайтын ұстанымдарды белгілейді. Осыдан кейін барып Қазақстан тарихының теориясы мен әдістемесі мектеп курсының ең қолайлы, тиімді мазмұнын, курстың құрылымын, нақты тарихи фактілер мен негізгі ұғымдарды қалыптастыратын білім көлемін және де тарихты оқыту барысында оқушылар игеріп, меңгеретін біліктерді анықтайды. Соған қарамастан тарихты оқытудың теориясы мен әдістемесі тарих ғылымдарына жатпайды, ол педагогикалық ғылымдарға қосылады.
Жұмыстың мақсаты: Тарихи білім берудің оқу-әдістемелік бағыттарына тоқталу. Тарихи білім берудің тарихнамалық, методологиялық, деректік негіздерін анықтау. Тарихты оқытудың әдістемесінің зерттелу деңгейінің бағыттарын көрсету. Тарихты оқыту әдістемесінің педагогикалық-психологиялық пәндермен байланысын анықтау.
Жұмыстың міндеті: Мақсатқа қол жеткізу үшін келесі мәселелерді қарастыру қажет:
- тарихи білім берудің оқу-әдістемелік бағыттарын айқындау.
- тарихи білім берудің тарихнамалық, методологиялық, деректік негіздерін анықтау.
- тарих пәнін мектепте оқыттудың әдіснамалық кешенін анықтау.
Жұмыстың обьектісі: Жалпы білім беретін мектептерде қазақстан тарихы пәнінің әдістемелік кешені.
Жұмысың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспе бөлімінен басталады. Негізігі бөлімі екі тараудан құралған. Әр тарау өз кезегінде тараушаларға бөлінген. Соңғы бөлімінде қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімі бар.
1 ТАРИХИ БІЛІМ БЕРУДІҢ ТАРИХНАМАЛЫҚ, МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ, ДЕРЕКТІК НЕГІЗДЕРІ
1.1 Тарихты оқытудың әдістемесінің зерттелу деңгейі
Қазақстан тарихы мектепте оқытла бастаған алғашқы жылынан бастап ақ, тарихшы мұғалімдерге ғылыми-әдістемелік көмек көрсету мақсатында мерзімді педагогикалық басылымдарда бірқатар мақалалар жарық көрді. 1958-1960 жылдары Қазақстан мұғалімі мен Учитель Казахстана газеттерінде және 1960-1965 жылдар аралығында Қазақстан мектебі журналында Н.Бекмахановтың бірнеше мақаласы жарық көрді. Ал, 1961-1965 жылдары мектепте Қазақстан тарихын оқыту әдістемесі мәселесін баяндайтын әдістемелік құралдар баспадан шыға бастады.
Зерттеуші И.Қадырбековтың 60-жылдары жүргізілген зерттеу жұмысының Қазақстан тарихын мектепте оқытудың өзекті мәселесінің бірі көрнекті құралдарды пайдалануға арналған. Мектепте тарих пәнін оқытуда қиындық келтіретін, соған қарамастан аз зерттелген әдістемелік проблеманың бірі мәдениет тарихын оқыту. Қазақстан тарихының өзіндік ерекшелігіне байланысты бұл әдістемелік мәселе оның тарихын оқытуда одан әрі күрделене түседі. К. М. Каменирдің жүргізген зерттеулері мен жарияланған еңбектері осы көкейтесті проблемаға арналған. Автордың еңбектерінде курстың мәдениет тарихына қатысты материалдары іріктеліп алынып, олардың бағдарлама талаптарын қаншалықты ашып көрсететіндігі анықталған және қажеттігіне қарай қосымша фактілермен толықтырылған. Мәдениет мәселелерінің ғылыми негізі болып табылатын ұғымдар сұрыпталып, жүйеге келтіріліп, оларды толық ашып көрсететін тарихы материалдар топтастырылып, ұғымдарды қалыптастырудың әдістемелік жолдары баяндалған. Қазақстан тарихының мәдениет тақырыбына қатысты материалдарын оқытқанда оларды КСРО тарихының, сондай-ақ, курстың өзінің өзге материалдарымен тиімді байланыстыру жолдары қарастырылған. Тарихи, мәдени материалдарды оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері анықталып, оларды тәжірибиеде жүзеге асырудың жолдары көрсетілген.
Е. В. Жеваконың еңбектерінде Қазақстан тарихын оқыту әдістемесінің күрделі проблемалардың бірі -- оқушыларда тарихи ұғымдарды қалыптастыру жолдары қарастырылған. Автор курстың мазмұнында кездесетін ұғымдарды іріктеп, жүйеге келтірген, оқу бағдарламасы мен оқулықтардағы ұғымдардың орналасуын жетілдіруге бағытталған ұсыныстар берген және ұғымдарды қалыптастырудың әдістемелік жолдарын анықтап, олардың тиімділігін эксперимент арқылы зерттеген. Бұл ұсыныстарды тек Қазақстан тарихында ғана емес, тарихтың басқа курстарын оқытқанда да пайдалануға болатынын тәжірибие көрсетті.
1961-1962 оқу жылынан бастап белгілі ғалым-әдіскер Т. Тұрлығұловтың 4 сыныпқа арналған ″Қазақ ССР тарыхынан эпизодтық әңгімелер″ атты оқу құралы жарық көрді. Ол көптеген ғылыми еңбектер мен мақалалардың, тұжырымдамалар мен стандарт, бағдарламалар мен оқулықтардың авторы. Қазақстан тарихын мектепте оқыту проблемалары бойынша алғашқы ғылыми-зерттеу жұмысын бастаған Т. Т. Тұрлығұлов, күні бүгінге дейін тарихшылар арасында осы көшті бастап келеді. Б. Қ. Әбдіғұлованың ғылыми-әдістемелік еңбектері Қазақстанның 4-5-сыныптардағы әңгімелер курсын оқыту мәселелеріне арналған Осы кластардағы Қазақстан тарихын оқытудың автор тереңірек зерттеген проблемасы оқушыларда халықтар достығы туралы білімдерді қалыптастырудың әдістемелік жолдары. Ол сонымен қатар өз еңбектерінде Қазақстан тарихы сабақтарында оқушылардың өздігінше атқаратын жұмыстарын ұйымдастырудың әдіс, тәсілдеріне, оқушылардың алған білімі мен біліктерін тексеру жолдарына да көңіл бөлген.
Аталған авторлардың еңбектері кезінде мектепте Қазақстан тарихын оқытудың бірқатар ғылыми-әдістемелік проблемаларын зерттеп, шешуге үлес қосты. Ал, жарияланған еңбектер Қазақстан тарихын оқытуды жақсартуға, курсты оқыту әдістемесінің қалыптасып, одан әрі жетіле түсуіне ықпал жасады. Зерттеу проблемасы бойынша авторлар жасаған кейбір ғылыми тұжырымдар мен әдістемелік ұсыныстар тарихтың басқа курстарын, әсіресе 70 -- 80-жылдары Кеңес Одағындағы басқа ұлттық-одақтық республикалардың тарихын мектептерде оқыту проблемаларын зерттеп-шешуге игілікті әсер етті.
Мектептерде одақтас республикалар тарихын оқытуды жетілдіре түсуге, оларды зерттеудің ғылыми-әдістемелік бағыттарын дұрыс анықтауға сол республикаларда жүргізілген зерттеу жұмыстары бойынша жарияланған еңбектер де пайдасын тигізді. Әсіресе, тілі, тарихы, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі ортақ түркі тілдес халықтар атымен аталып келген бұрынғы Кеңестік одақтас республикаларда көрген ғылыми-әдістемелік еңбектердің көмегі болды.
М. Алтаевтың қырғыз тарихын оқытуда оқушыларды халықтар рухында тәрбиелеу, Г. М. Аслановтың Әзербайжан бойынша кластан тыс жұмыстар жүргізу, Т. Мұратгельдыевтің Түрікменстан тарихын оқыту әдістемесінің негізгі мәселелері, Н. Ремеевтің Өзбекстан тарихының 7-8-сыныптардағы мектеп курсының білім мазмұнын анықтау, Н. Исмаилованың Түрікменстан мектептерінде Түрікмен халқының ұлттық мәдениетін оқытып үйрету мәселелері бойынша жарияланған еңбектері біз зерттеуге алған тақырыпқа тереңірек үңілуге, оған Кеңес еліндегі барлық одақтас республикалар тарихына ортақ ұстанымдар тұрғысынан қарауымызға әсер етті. Сондықтан тарих курстарының оқыту әдістемесіне ортақ проблемаларды анықтауға және зерттеу барысында олардың жаңадан туындайтындарына назар аударып отыруға тура келді. Бұлармен қатар басқа республикаларда жарияланған еңбектер, ондағы мектептерде өз республикасы тарихының оқытылу жайымен, олардың бағдарламаларымен, әдістемесінің қандай мәселелері зерттеліп, олар бойынша қандай еңбектердің жарияланғандығымен, бұл бағытта келешекте тағы нендей мәселелердің зерттелетіндігімен танысуға мүмкіндік берді. Одақтас республикалар тарихын оқыту проблемасын зерттеуге үлес қосқан осындай авторлар қатарына латыштың белгілі әдіскер-ғалымы Ю. Пилкаускас пен белоруссиялық әдіскер-ғалым М. С. Рывкинді қосуға болады.
Дидактикада, әсіресе жеке пәндерді оқыту әдістемесінде одақтас республикалар тарихын оқытудың жаңа, тың проблема, оны оқытуда шешуін таппаған қайшылықтар мен маңызды мәселелер барлығына қарамастан, Кеңес елінде бұл проблема бойынша қорғалған докторлық диссертация жоқ. Тарих пәнін мектепте оқыту, тәрбиелеу мәселесіне қатысты Кеңес елінде небары, онда да соңғы жиырма жылда төрт докторлық диссертация қорғалды. Солардың ішінде А. Г. Колосковтың диссертациясы мен Н. Г. Дайридің диссертация есебінде қорғалған монографиясы біз зерттеуге алған кейбір проблемаларды дәлірек анықтауға және оларды тиімді жүргізуге ықпал жасады.
1.2 Қазақстан тарихын оқытылуының методологиялық және деректік негіздері
Кеңес елінде 80-жылдардың соңына дейін үстемдік еткен коммунистік идеология диалектикалық және тарихи материализмді, олардың категориялары мен зерттеу әдістерін объективті пайдалануға жол бермеді. Осының салдарынан басқа қоғамдық ғылымдар сияқты педагогика ғылымы да көп зардап шекті, коммунистік идеологияның әрекеті әсіресе тарих ғылымында, мектепте тарих пәнін оқытуда ерекше байқалды. 60-70-жылдардағы жалпы білім беретін орта мектепке арналған тарих бағдарламаларында "Орта мектепте тарих курсын оқытудағы міндет - оқушыларға қоғам дамуының зандылығын ғылыми тұрғыда түсіндіру, оларда капитализм сөзсіз құриды, коммунизм жеңеді деген сенімді қалыптастыру" - деп керсетілген. Бұған 90-жылдарға дейін Кеңестік ғылымда шектеусіз үстемдік етіп келген Еуропоцентрлік пен Ресейцентрлікті қоссақ, мектепте тарихты оқытуда қаншалықты қателіктер мен олқылықтар болғанын байқау қиын емес. Осындай саясаттың салдарынан мектепте тарих пәнін оқытудың мақсаты мен міндеттері дұрыс анықталмады.
Тарих пәнін оқытуда ондаған жылдар бойы орын алып келген өрескел методологиялық қателіктер мен кемшіліктер: коммунистік идеологияның партиялық, таптық мүддесіне сай келмейтін фактілерді жасыру, жасыруға болмайтындарын барынша бұрмалау, бүкіл Кеңес елінде бірнеше ондаған ұлт тілдерінде жұмыс істейтін мектептер үшін тарих пәнінен бір ғана бағдарлама, оқулық шығару, олардың мазмұнын барынша идеологияландыру, әр ұлттың өз тарихын оқытуға бермеу, Еуропоцентрлік пен орыстандыру саясатын барынша дәріптеу т. б. тарих пәнін оқытуға қойылған міндеттерді орындауға үлкен кесел келтірді. Осындай қателіктер бүкіл халық ағарту саласында, орта білім беру жүйесінде мықтап орын алды. Мұның бәрі келіп бүкіл жүйені, педагогика ғылымын дағдарысқа ұшыратты. Ең басты қателіктің бірі -оқушының, тұлғаның мүддесі ескерілмеді. Оның жан-жақты дамуына, бойындағы табиғи қасиеттерін жетілдіріп, шығармашылықпен жұмыс істеуіне, өз ұлтының тамаша салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарынан сусындауына, өмірдегі өз орнын таба білуге, оқуды күнделікті тұрмыспен байланыстыруға мүлде көңіл бөлінбеді, оған жағдай да жасалмады. Мұндай пікірлер басқа да зерттеушілер еңбектерінде кездеседі.
Кеңес елінде 80-жылдардың екінші жартысынан басталған жариялылық, халық ағарту саласына енгізілген демократияландыру, ізгілендіру, дамытушылық үрдістері және де дүние жүзілік халық ағарту саласында болып жатқан жаңалықтар КСРО мен Қазақстан мектептерінің оқу тәрбие жұмысына көптеген өзгерістер жасауға соқтырды. Ал, 90-жылдардан Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін реформалау басталды. Мұның өзі орта білім беру саласында түбірлі өзгерістер жасауға жол ашты.
Ең бастысы - оқытудың мақсатында болған өзгеріс. Енді білім беруде бірінші кезекке адамзат жинаған тәжірибиедегі құндылықтарды, өркениетті, мәдениеттануды оқытып үйрету шығып отыр. Осындай тұжырымға көптеген ғалымдардың келгені белгілі. Білім беруде құндылық пен ізгілікті оқытып үйретуге басты назар аудару қажеттігі ғылымда көптен айтылып келген мәселе, бірақ та осы маңызды идея Кеңес елі мектептерінде өз дәрежесінде жүзеге аспады.
Қазақстан тарихы ғылымының қалыптасуында, оның кейбір методологиялық-ғылыми мәселелерін тарихи тұрғыда шешуде 1943 жылы жарық көрген "Қазақ ССР тарихының" (ерте заманнан қазірге дейін өзіндік орны бар. Соғыс жағдайына байланысты уақытша Алматыға орналасқан КСРО Ғылым академиясының бір топ тарихшы-ғалымдарының қолдауымен А. М. Панкратова Қазақстан КП Орталық Комитетіне хат жазып, ″Орта мектепке арналған Қазақ ССР тарихы″ оқулығын жазып, баспадан шығаруды жоспарлауды сұрайды. Хатта мұндай оқулықтың қажеттігі, оны мектеп оқушылары емес, республиканың партия активі де, қалың жұртшылық та пайдаланатындығы және де ол оқулық біздің еліміз халықтарының тарихын жасауда белгілі рөл атқаратындығы көрсетіледі. Қолжазба 1942 жылы қазанда дайын болады. "Оны жазуға Мәскеу мен Алматының белгілі тарихшыларымен қатар көрнекті жазушылар: М. Әуезов, С. Мұқанов қатысады. Бірақ та қолжазбаны алғашқы талқылағанда-ақ елеулі алауыздық туады. Негізгі пікір таласы ұлттық қозғалыстар төңірегінде болады. Сондықтан кітапты жалпы жұртшылыққа арнап, кішірейтпей осы көлемде шығарайық сосын онан қысқартып, 10 баспа табақ етіп, мектеп оқулығын жасайық деген шешім қабылданады. Кітаптың жарыққа шығуы үлкен оқиға болды, ал КСРО-да ұлт республикаларының тарихын жазудың тұңғыш тәжірибиесі еді. Алғаш бұл еңбек Сталиндік сыйлыққа ұсынылады. Бірақ та екінші рет жоғарғы партия ұйымдары басшыларының қатысуымен талқыланғанда "орыстарға қарсы жазылған" деген пікір байқалады. Кейінірек осы пікір күш алып, бұл кітапта ұлтшылдыққа, буржуазияшыл көзқарасқа жол берілген, барлық қозғалыстар мен көтерілістер Ресейге қарсы болған, оған қосылу жаулап алу деп көрсетілген деген теріс қорытынды жасалады. Кітаптың жауапты редакторлары партиялық жаза алады. Қазақстан тарихын мектепте оқытуды орыс ғалымдары арасында алғаш көтерген көрнекті ғалым А. М. Панкратова КСРО ҒА тарих институты директорының орынбасары қызметінен босайды. Кенесары бастаған қозғалыстың ұлт-азаттық сипатын дәлелдегені үшін қазақ халқының көрнекті тарихшысы Е. Бекмахановтың қандай жазаға ұшырағаны белгілі.
Коммунистік идеологияның теріс саясаты салдарынан Қазақстан тарихының Ресейге қосылу, отаршылдыққа қарсы болған ұлт-азаттық қозғалыстар сияқты маңызды проблемалары жарты ғасыр бойы бұрмаланып келді. Сондай-ақ, Қазақстан тарихы мектептерде сол 40-жылдардың бас кезінен бастап оқытылғанда бұл пәнді оқытудың методологиялық, ғылыми-әдістемелік тәжірибиесі қазіргіден әлдеқайда жол болар еді.
Қазақстан тарихының нағыз шындық методологиясының қалыптасуына, осы ғылымның аса маңызды да, күрделі салаларын зерттеп, кейінгілерге баға жетпес мұра қалдыруда академик Ә. X. Марғұланның үлесі зор. Ол, қазақ ғалымы Шоқан Уәлихановтың барлық еңбектерін қарастырып, жүйелеп, бес томдық шығармалар жинағын жарыққа шығаруға басшылық етті. Тікелей өзі Орталық Қазақстанның тарихын ежелгі дәуірден бастап зерттеді және үлкен жаңалық ашты. Ол-Қазақстан жерінде өркениеттің тым әріден Б. з. бұрынғы екінші мыңжылдықтан басталатындығы. Белгілі маман тарихшылар, олардың арасында Орталық Азияны көп зерттеген үлкен ғалым В. В. Бартольд те бар - ертеде Қаратау мен Сырдарияның жоғары жағында халық мекендемеген деп келсе, Ә. X. Марғұлан бұл пікірді теріске шығарды. Б. з. бұрынғы XIII -- VII ғасырлардағы Орталық Қазақстанда алынған түрлі тарихи ескерткіштер, құрылыс өнері, суғару жүйелері, Шығыс және Абыралы тауларынан бастап Ұлы тауға дейінгі аралықтан табылған құймалардың, пештердің, т. б. қалдықтары арқылы ежелгі Орталық Қазақстанда металлургия өркениетінің орталығы болғаны нақты тарихи деректермен дәлелденді. Ә. Х. Марғұлан қазақтың ежелгі рухани мәдениетін зерттеп, жинақтауға, жарыққа шығаруға көп еңбек сіңірді. Әсіресе ауыз әдебиеті шығармаларына, ақын-жыршылар шығармашылығына, қолөнер мұраларын зерттеуге үлкен үлес қосты. Бұл зерттеулердің нәтижелері Орталық Қазақстандағы Беғазы-Дәндібай мәдениеті", үш томдық "Қазақтың халықтық қолданбалы өнері" және басқа да еңбектерінде баяндалды. Ә. X. Марғұлан кейінгі ұрпаққа әрқайсысы 35-45 баспа табақтық 10 томдық еңбек қалдырды. Олардың арасында түркі халықтарының тамаша эпикалық мұралары. Орталық Қазақстандағы ежелгі сәулет өнерінің ескерткіштері, Сарыарқа жақтарындағы таңбалар, Қазақстан егіншілерінің тарихы сияқты тарихи зерттеулердің нәтижелері бар. Ұлы Отан соғысы аяқталып, халық шаруашылығы, мәдениет қалпына келтіріліп, оларды ілгері қарай дамытудың жоспарлары белгіленіп жатты. Ғылым, мәдениет қайраткерлері қайта түлеп, өз салаларын жетілдірудің жолдарын шығармашылықпен іздестіре бастады. Бірақ та 1950 жылдардың бас кезіндегі Коммунистік партияның идеологиялық жұмыстарға байланысты қабылдаған қаулылары тарих ғылымының дұрыс дамуына жол бермеді. Ғылымның, қазақ әдебиеті мен Қазақстан тарихының көптеген қайраткерлері жазықсыз жазаланды, қуғын-сүргінге ұшырады. Олардың арасында қатарын біз жоғарыда атап өткен Е. Бекмаханов, Ә. X. Марғұлан да болды. Қазақстан тарихы бірнеше ондаған жыл бойы методологиялық жағынан тоқырауға ұшырады.
80-жылдардың екінші жартысынан бастап Шығыстың, Орта Азия мен Қазақстанның ойшылдары мен ғалымдарының білім, тәрбие беру саласында жазып қалдырған өсиеттерін басшылыққа алуға айырықша назар аудардық.
Әбу Насыр әл-Фараби педагогика мен әдістеме бойынша арнаулы еңбектер жазған. Оның оқыту, білім беру, тәрбиелеу жөнінде айтқан пікірлерінің бәрі адамдарды ізгілікке тәрбиелеуге келіп тоғысады. Ол өз еңбектерінде дидактика мен әдістеме мәселелеріне ерекше мән береді. "Философтардың қойған сауалдарына жауаптар" деп аталатын еңбегінде жаттаудан гөрі түсініп оқудың артықшылығын, түсініп оқудың жолдарын баяндайды. Оқыту барысындағы көрнекіліктің, қайталаудың маңызына тоқталады. Оның ғылымды, білімді меңгеру туралы, ақылды, парасатты адам болу туралы айтқандары осы күнге дейін құнды.
Ы. Алтынсариннің оқу материалын түсіндіру, ұқтыру, көрсету, сұрақ-жауап арқылы оқушылардың алған білімдерін бекіту, ол білімді өмірде қолдануға үйрету туралы айтқандары үнемі назарда болды. Сондай-ақ оның білімнің жүйелілігі, шамаға лайықтылығы, жеңілден ауырға, белгіліден белгісізге, жақыннан алысқа, қарапайымнан күрделіге қарай оқыту жөнінде айтқандарының пайдалы екенін тәжірибие көрсетті. Оның "Қазақ хрестоматиясына" білімділік, тәрбиелік жағынан аса маңызды тарихи әңгімелер, өлеңдер енгізуі қазіргі оқулық жазатын авторларға үлгі. Олар жастарды елін, халқын, Отанын сүйе білуге, талапты, жігерлі, ұқыпты болуға, еңбек сүйгіштікке, басқа да жақсы қасиеттерді бойларына сіңіруге үлес қосады.
А. Құнанбаевтың өлеңдері мен қара сөздерінде оқу, білім, өнердің маңызы, оларды меңгерудің жолдары туралы небір тамаша өсиеттер айтылады. Сонымен бірге адамға қажетсіз, зиянды мінез-құлықтардың пайдасыздығы жеріне жете әшкереленеді. Бұған: "Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым, ойлап қой -- бес асыл іс көнсеңіз; өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ -- бес дұшпаның білсеңіз",-дегені дәлел. Кейбір өлеңдерінде татулық, ауызбірлік, достық уағыздалады.
Абай жастар тәрбиесіне, олардың келешегіне айырықша мән берген. Өз балаларын, қыз балаларын да жеті-сегіз жасынан бастап берген. Ауылда сабақ берген молдаға келіп, түрлі тақырыптарда, олардың арасында ұстаздық тақырып бойынша да әңгімелескен, балаларының оқуын қадағалаған. Балаларды жиі-жиі жиып алып, оларға өнегелі, тартымды әңгімелер айтып берген. Өзінің "Ғақлия" атты кітабының қолжазбасын молдаға беріп, оны молда барлық балаларға көшіртіп, оқулық есебінде пайдаланған.
Абай өзінің өлеңдерінде айтқан ойын қара сөздерінде одан әрі жалғастырады. Оларда халықты мәдени мешеулікке қарсы күреске шақырады, отырықшылықтың, ағарту ісінің, білімнің пайдалылығын көрсетеді. Жетінші сөзде дүниеге жаңа келген нәрестенің психологиялық ерекшелігіне назар аударады, ал он тоғызыншы сөзде осы пікірін одан әрі жалғастырады. Жиырма бесінші сөзде баланы оқытудағы мақсат және қандай оқуға беру, он үшінші сөзде өнерді үйрену және сол өнерді қалай, не үшін пайдалану, қырық екінші сөзде жалқаулық пен жұмыссыздықтың зияны, қырық төртінші сөзде талапсыздықтың пайдасы мен зияны туралы айтылады.
Ол Шәкәрімге: "40 жасқа толысыңмен саган қаражат беріп, жаңа білімді іздеуге жіберемін. Көне грек ғалымдарының еңбектерін Стамбұлдан табасың, Мекке мен Мединада араб елінің ғылым сусынданасың, ал Мысырда Ескендір Зұлқарнайын ашқан кітапханада әр дәуірдегі әр түрлі халықтың шығармаларымен танысасың, -деген екен. Шәкәрім бұл тілекті орындады, әрі Абайдың үмітін ақтады. Шәкәрім де өз еңбектерінде сауатсыздыққа қарсы күресуді, жұртшылықты білімге, өнерге шақыруды мақсат етті. Соның ішінде жас ұрпаққа Ар білімін үйретуді бірінші орынға қойды, сонда ғана дүниені Рахым, Ынсап, Мейірім, Ар билеп алар еді деген тұжырым "Жастарға" деген шығармасында қазақ жастарын Абайдан үлгі алуға, оқуға, үйренуге, уақытты босқа өткізбей, әркім өз бойына, ар, рахым, имандылықты сіңіруді, қажыр қайратын халық үшін сарқып жұмсауға,жалқаулықтан, жатып ішерліктен, мансапқорлықтан аулақ болуға шақырады. Ол білімнің сырын ұқ, ішін біл, терең түсін деген өсиет қалдырады. Білімді көңілге қондырып, бойға дарыту үшін төмендегі жеті шартты ақыл-ой тәрбиесінің басты құралы деп көрсетеді. Олар: мейірім, ынсап, әділет, шыдам, шыншылдық, қарекет, ақниет.
А. Байтұрсыновтың көптеген ғылыми еңбектер, оқулықтар жазумен бірге, әдістемелік еңбектер де дайындағаны белгілі ("Оқу құралы", "Баяншы", т. б.). Оларда оқыту үрдісінің: оқытуды ұйымдастыру, оқыту ұстанымдары, білім мазмұны және оны іріктеу жолдары, білімді меңгертудің тиімді әдіс-тәсілдері сияқты өзекті мәселелері баяндалады.
М. Жұмабаев дарынды ақындығымен қатар ұстаздықты мұрат, сабақ берген, лекциялар оқыған, оқулықтар мен әдістемелік құралдар жазған. Солардың арасында оның "Педагогика" кітабының орны бөлек. Ол 1922-23-жылдары қатарынан екі рет басылады. Мұның өзі еңбектің құндылығын және ұстаздарға арналған еңбектердің тапшылығына байланысты оған сұраныстың көп болғанын көрсетеді. Кітап авторына қатысты мына екі жағдай назар аударады. Біріншіден, автор кіріспе орнындағы "Сөз алдыдан" бұрын Тарту деген арнау сөз берген. Онда кітаптың мұғалімдерге арналғанын астын сыза айта отырып, олардың қызметін де, өздерін де бағалайды... осы тартуын қабыл алуын өтінеді. Автор келешекті дұрыс болжаған, бүкіл қазақ халқын жаппай сауатты етуде мұғалімге түсетін жауапкершілікті көре білген. Екіншіден, "Сөз алдында" кітаптың көшірме емес екенін, бірақ та белгілі педагог-психологтардың еңбектерін пайдаланғанын, ол авторлардың аттарын атай келіп, "шамам келгенше қазақ жанына қабыстыруға тырыстым"-дейді. Кітап екі бөлімнен тұрады: педагогика және психология. Алғашқы бөлімде: жалпы педагогика; дидактика; методика; мектепті басқару; педагогика тарихы қарастырылады. Ал, психология бөлімінде нерв системасы, әсерлену, абай, суреттеу, ес, қиял, ойлау, тіл, қайрат туралы, баяндалады. Аталған педагогикалық, психологиялық компоненттердің бәріне нақты мысалдар қазақ өмірінен, қазақ отбасынан алынады. Сондықтан да М. Жұмабаевтың бұл еңбегі жеке пәндерді оқыту әдістемесінің педагогикалық, психологиялық негіздеріне жатады.
1.3 Тарихты оқыту әдістемесінің педагогикалық-психологиялық пәндермен байланысы
Тарихты мектепте оқытудың әдістемесінің міндеттері оның мазмұны мен педагогикалық ғылымдар жүйесіндегі орнына байланысты болады. Әдістеме мұғалімдерді тиімді тарихи білім беруге қажет оқытудың мазмұнымен және педагогикалық құралдармен, біліммен және іскерліктермен қаруландырады.
Мектепте тарихи білім берудің құрылымы мен мазмұнының проблемасы арасында факті мен теориялық тұжырымның арақатынасы, оқушы санасында тарихи түсінік және қоғамдық даму заңдарын түсінуді қалыптастыру, тарихи үдерістер мағынасын ашу маңызды орын алады. Әдістеменің маңызды міндетінің бірі - оқушылардың ойлауын дамыту. Оқушылардың тарихи ойлауын дамыту, олардың ойлау тәуелсіздігін қалыптастыру міндеттері өздеріне сәйкес әдістер және оқу құралдарын қажет етеді. Тарихты оқыту әдістемесі оқушыларға жаңа материалды меңгеру кезінде өздерінің бұрын алған білімдерін неғұрлым толық пайдалануға мүмкіндік беретін жолдарды іздестіреді, сондықтан, әр тақырып беретін білімнің өзектілігін іздестіру барысында курсішілік және пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру проблемасы пайда болады. Тарих сабақтарында арнайы жұмыстар жүргізбейінше тарихи-саяси тақырыптарға реферат жазып, оны қорғау сол бетінде қалыптаспай қалатындығын тәжірибе көрсетті.
Пәнаралық байланысты жүзеге асырудың мынадай тәсілдері бар: мұғалімнің бұрын оқып, таныстырылған фактіні, түсініктерді, заңдылықтарды, идеяларды оқушы есіне түсіру; алдыңғы білімдерді қолдануды талап ететін сұрақтарды қоюы; қорытынды кестелер құру; оқушылардың басқа пәндердің деректерінің негізінде мәлімдемелер мен баяндамалар жасауы; тарих пәні сабағы үстінде басқа пәндерден жазған дәптерлерін пайдалануы және осыған ұқсас басқа да тәсілдерді қолдау жақсы нәтиже береді.
Пәнаралық немесе пәнішілік байланысты оқушылардың мұғалім сауалына жауап бере отырып өздері орнатқаны маңызды екендігі түсінікті. Бұл тәсіл оқушыға тәрбие беруші және дамытушы ықпалын жасайды, сонымен қатар оның есте сақтау қабілетінің қаншалықты дамығандығын,логикалық тұрғыдан ойлай алуының, білім жүйесін құрастыра алуын көрсетеді. Сондықтан, еске түсіру мен білім синтездеуді немесе басқа пәндерден үйренген іскерліктерін жаңа жағдайға пайдалануды қажет ететін репродуктивті және проблемалық сұрақтар мен тапсырмаларды беру - пәнаралық байланыстың басты мақсатын жүзеге асырудың маңызды әдістемелік тәсілі болып табылады. Алайда, бұл тәсіл барлық сыныптардың барлық сабақтарында толық қолданылмайды. Оны пайдаланудың тиімділігі сыныптың білім және іскерлік деңгейінің дамуына тәуелді болады.
Оқушылар тарихи материалды меңгергеннен кейін ғана жалпылаушы қорытындылар жасай алады. Оқушыларды оқиғаның басты және қосалқы себептерін анықтауға, себеп пен түрткіні, себеп пен қажетті тарихи алғышарттарды өзара ажырата алуға үйрету қажет.
Заңдылықтарды қалыптастыру оқушылардың белгілі-бір интеллектуалдық іскерліктерді білуін қажет етеді (мысалы, жалпылау және абстракциялау). Сондықтан, оқушылардың тарихи заңдылықтарды түсіну қабілетін көтеру үшін олардың жалпы ойлау қабілетін дамыту да қоса-қабат жүргізілу қажет. Ол әртүрлі әдіс-тәсілдер көмегімен жүзеге асады. Соның біреуі - салыстыру әдісі. Салыстыру барысында құбылыстар мен үдерістердің (процесс) жалпы белгілері мен ерекшеліктері, олардың даму идеясының өзі анықталады. Салыстыруға үйрету міндетті түрде төменгі сыныптардан бастап, жоғары сынытарға қарай бірте-бірте күрделілене береді. Алғашқы кезде оқушылар құбылыстардың тек ортақ белгілерін, немесе айырмашылықтарын ғана іздеп табады, ал салыстыру үшін оларға тарихи құбылыстардың аз ғана белгілері беріледі. Бірте-бірте ұқсастықтары мен айырмашылықтары бір мерзімде табылуы тиіс нысандардың саны көбейе береді, ал салыстыру неғұрлым абстрактылы түрде жүргізіледі.
Тарихты тану үдерісі фактіні меңгеруден басталады. Тарихи фактінің ерекшелігі - оның қайталанбайтындығында, оны бақылаудың мүмкін еместігінде. Сондықтан, қандай да болмасын тарихи факт туралы оқушының түсінігін қалыптастыру үшін оқушының қазіргі замандағы заттар мен құбылыстар туралы білімімен байланыстыру қажет. Мысалы, Фарос маягының әлемнің 7 кереметінің бірі екендігін түсіну үшін оқушының бәрінен бұрын қазіргі заманғы маяктар туралы түсінігі болуы керек (оның үлкендігі, неден жасалғандығы, не үшін жасалғандығы және т.б.).
Бірақ, жекелеген фактіні білуі - оқушының тарихты меңгергендігін көрсетпейді. Өзара байлнысы жоқ фактілердің қарапайым тізбегі тарихи материалды саналы түрде меңгеруді мүмкін ете алмайды. Сондықтан, тарихты оқыту үдерісінде фактілер өткен өмірде болған маңызды байланыстар мен өмір заңдылықтарын меңгеру үшін, өзара салыстыру үшін қажет. Тарихи фактілер өте көп. Тарихты оқыту үдерісін ұтымды жүргізу үшін, оларды дұрыс топтастыра алу қажет. Тарихи фактілер екі сипатта болуы мүмкін:
Біріншіден, бұл тарихта бір ғана рет, белгілі-бір жағдайларда ғана, тек белгілі бір адамдар ғана қатысқан, мерзім мен кеңістік ішінде қатаң шоғырланған жекелеген оқиғаларды көрсететін фактілер. Олар қайталанбайды. Мысалы, Мұз қырғыны - бұл жеке тарихи оқиға. Ол Чуд көлінде 1242 жылдың 5 сәуірінде болды. Онда А.Невскийдің әскері мен немістің төбат-рыцарьлары қатысты. Ресейдегі крепостнойлық құқықтың жойылуы да жеке ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz