Қазақстан Республикасының мемлекеттік декларациясы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Жұмыстың өзектілігі: 1991 жылғы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңды қабылдады. Тәуелсіз Қазақстанның бұл тұңғыш құжаты халқымыздың қуатты және пәрменді мемлекет құру арманының жүзеге асын айғақтады. Заң Қазақстан егемендігінің оның ұлан-ғайыр аумағында және әлемнің саяси картасында мызғымастығын мәңгілікке бекітіп берді. Еліміздің басты құжаты- Қазақстан Республикасы Конституциясын 1995 жылғы 30 тамыздағы референдумда бүкіл Қазақстан халқы бірауыздан қабылдады. Конституция егемендіктің саяси және құқықтық негіздерін бекітіп, адамның өмірін, құқықтары мен бостандығын, тегіне, әлеуметтік жағдайына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге қатыстығына қарамастан, адам мен азамат құқықтарының теңдігін мемлекеттің жоғары құндылықтары деп жариялады.

Тәуелсіз Қазақстан конститутциясы мемлекет пен қоғаамның тұрақтылығы мен өркендеуінің мызғымас негізіне айналды. Елімізде жаһандық сын-қатерлерге төтеп беруге қабілетті мемлекеттік құрылымның тиімді жүйесін құруға мүмкіндік берген тарихи маңызды эконннооомикалық және саяси реформалар жүргізілді. Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап еліміздің саясаты ұзақ мерзімге негізделді, қазақстандықтардың әл-ауқаты, өмірдің жоғарғы сапасына жүйелі де мақсатты ұмтылысы оның басты ұстанымдары болды және солай болып қала береді.

Жұмыстың мақсаты: Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы декларацияның маңыздылығын анықтап, олардың рөлін анықтау.

Жұмыстың міндеті: Мақсатқа қол жеткізу үшін келесі мәселелерді қарастыру қажет:

- декларация түсінігіне тоқталып, мемлекеттік егемендік туралы декларацияның қыр-сырын ашу.

- Конституциялық құқықтағы декларацияның маңызы мен рөлін қарастыру.

Жұмыстың обьектісі: Қазақстан Республикасының мемлекеттік декларациясы.

Жұмысың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспе бөлімінен басталады. Негізігі бөлімі екі тараудан құралған. Әр тарау өз кезегінде тараушаларға бөлінген. Соңғы бөлімінде қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімі бар.

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ДЕКЛАРАЦИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1. 1 Декларация түсінігі

Мемлекеттік саясат пен құқықтық, халықаралық қарым-қатынастардың негізгі принциптерін салтанатты түрде жариялайтын құжат;

Елдің саяси-экономикалық даму принциптерін мәлімдейтін мемлекеттік құжат (Мысалы, 1990 жылы 25 қазанда жарияланған Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы декларациясы) ;

Халықаралық саясаттың өзекті мәселелері бойынша бірнеше мемлекет немесе халықаралық ұйым қабылдайтын құжаттың түрі (мысалы, БҰҰ Бас Ассамблеясының 1948 жылы 10 желтоқсандағы Адам құқықтары туралы жалпыға бірдей Декларациясы) .

Салық декларациясы, Салық мағлұмдамасы - салық төлеушінің салық агентінің Салық кодексінде белгіленген тәртіпке сәйкес салық органдарына берілген жазбаша мәлімдемесі немесе электрондық құжаты. Онда салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілер, сондай-ақ салық міндеттемелерін есептеу және салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу мен төлеуге байланысты басқа да деректер туралы мәліметтер болуға тиіс. Мағлұмдамада салық төлеуші табыстың, мүліктің, т. б. мөлшерін, қажетті салық шегерімдерін, жеңілдіктер мен шегермелерді көрсетеді және әрбір салық кезеңі аяқталған бойда өзінің тіркелген жеріндегі салық органдарына берілетін салық сомасын есептейді. Мағлұмдамадағы деректер саналы түрде бұрмаланған жағдайда заңи және экономикалық жауапқа тартылады.

Кеден мағлұмдамасы, кеден декларациясы - мағлұмдаушының кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдары туралы, олардың кеден режимдері туралы дәл мәліметтерді, кеден мақсаттары үшін қажетті басқа да мәліметтерді белгіленген нысанда мәлімдеуі. Қазақстанда кеден мағлұмдамасы кеден органына тауар берілген күннен бастап 15 күннен аспайтын мерзімде беріледі. Жеке тұлғалар сатуға арналмаған тауарларды, қолжүктер мен бірге алып жүретін жолжүктерді Қазақстанның кеден шекарасынан алып өтуі кезінде тауармен қоса беріледі. Кеден мағлұмдамасын беру кезінде кеден органына қажетті құжаттар бірге ұсынылуға тиіс. Кеден органы кеден мағлұмдамасында және ұсынылған құжаттарда мазмұндалған ақпаратты тексеру мақсатымен қосымша мәлімдемелер сұратуға құқылы. Берілген кеден мағлұмдамасын кеден органы қабылдап алады. Оның қабылданғаны ресімделген сәттен бастап ол заңи мәні бар фактілерді куәландыратын құжатқа айналады. Кеден органының рұқсатымен кеден мағлұмдамасын тексеру басталғанға дейін, не тауарлар мен көлік құралдарын тексеру басталғанға дейін, не кеден органы көрсетілген мәліметтердің рас еместігін анықтағанға дейін бұл мәліметтердің өзгертілуі немесе толықтырылуы мүмкін, ал берілген мағлұмдама алынуы мүмкін. Сыртқы саудада:кеден мағлұмдамасы сыртқы сауда мәмілесіне қатысушының мемлекттік шекара арқылы алып өтетін тауар туралы құқықтық ережелерге сәйкес кеден органдары бекіткен нысанда толтырылған ресми мәлімдемесі. Әкелінетін (әкетілетін) тауарларды мәлімдеу тәртібі сыртқы экономикалық қызметті мемлекетті реттеудің ұлттық ерекшеліктерін ескере отырып‚ баждар мен салықтарды жинау үшін жағдайды қамтамасыз ете отырып белгіленеді. Кеден мағлұмдамасын сыртқы экономикалық операцияларға қатысушылар тұрақты тұратын жерінен‚ заңи мәртебесіне‚ кеден жеңілдіктерін пайдалануына қарамастан шекарадан өткізілетін тауардың әрбір топтамасына толтырады. Онда операциялардың түрі (экспорт‚ импорт) ‚ тауардың аты‚ сауда жасаушы ел‚ тауар апарылатын жер, валюта‚ тауардың жалпы нақты құны‚ т. б. көрсетіледі. Ол экспорт пен импортқа салынатын салықтың‚ сыртқы сауда мәмілелері туралы өзара шартқа сәйкес шет елге ақшалай қаражаттың дұрыс аударылуын тексерудің негізгі құжаты болып табылады.

Мағлұмдама(лат. declaratio - жариялау, құлақтандыру) - қандай да болсын қағидаларды немесе ұстанымдарды ресми түрде немесе салтанатты түрде жариялау; белгілі бір ақпарат (мәлімет) баяндалатын кейбір ресми құжаттардың атауы. Саяси мағлұмдама, кеден, пошта, салық мағлұмдамалары түрлеріне бөлінеді. Заңдық мәні бар мәліметтерді хабарлайтын кейбір ресми құжаттар (мысалы, салық декларациясы, кеден декларациясы) .

Қазақстан Республикасының Конституциясында жария етiлген, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының басымдығы, құқықтың үстемдігі, бiртұтас мемлекеттiк билiктiң тармақтарға бөлiнуi және олардың тежемелiк әрi тепе-теңдiк жүйесiн пайдалану арқылы келiсе қызмет iстеуi принциптерiне негiзделген демократиялық, құқықтық, зайырлы және әлеуметтiк мемлекет құру бағытының заңнамада дәйектi түрде iске асырылуын қамтамасыз ету керек.

Бұл орайда адам құқықтарының басымдығын қоғам мен мемлекеттің мүдделерiмен үйлесiмдi сәйкестендiрген жөн.

Құқықтық жүйенi бұл бағытта дамыту, оны халықаралық құқықтың жалпыға бiрдей танылған принциптерi мен нормаларына, халықаралық стандарттарға дәйектi түрде сәйкес келтiру қажеттiлiгi Мыңжылдық басқосуында (2000 ж. ) қабылданған БҰҰ-ның Мыңжылдық декларациясында бекiтiлген. Декларация мемлекеттердiң, әлемдiк қоғамдастықтың "демократияны қолдау және құқықтық тәртіптi нығайту" үшiн күш-жiгер жұмсау қажеттiгiн ерекше атап көрсетедi.

Бұл тұрғыда Құқықтық саясат тұжырымдамасы тек құқықтық жүйе дамуының бағытын айқындап қоймай, сонымен бiрге құқықтық саясаттың әлеуметтiк-экономикалық және саяси салалардағы реформалармен үйлесiмдiлiгiн қамтамасыз етуi тиiс. Құқықтық даму мақсаттарының бiрi саяси жүйенi жетiлдiру болып табылады. Халықтың саяси белсендiлiгiнiң заңдық нысандарының алуан түрлiлiгi мен мәдениетiн шынайы қамтамасыз ету қажет. Үкiмет туралы заңнама оның қызметiнiң тиiмдiлiгiн және қабылдаған шешiмдерi үшiн жауапкершілігiн арттыру мақсатында жетілдiрудi қажет етедi. Сайлау заңдарын, сайлау процесiн ұйымдастыруды одан әрi жетiлдiру, бұқаралық ақпарат құралдарының сайлау iс-шараларын әділ де толық көрсетудегi рөлiн нығайту және жауапкершілiгiн арттыру қажет. Мемлекеттiк басқарудың тиiмдi жүйесiн құру мақсатында бiртұтастық пен басқарушылық талаптарының бұлжымай орындалуы жағдайында мемлекеттiк билiктiң түрлi деңгейлерi арасындағы қызметтер аясын, функциялары мен жауапкершіліктерiн нақты ажыратуды қамтамасыз ететiн заңдарды одан әрi жетiлдiрiп, сонымен бiрге жергiлiкті мемлекеттiк басқарудың тиiмдi жұмыс iстеуi үшiн жағдайлар туғызу мақсатқа сай болмақ.

Жергiлiктi өзiн-өзi басқару институттарын кезең-кезеңмен қалыптастыру азаматтық қоғам институттарын нығайтуға ықпал етпек. Қазақстан Республикасында Адам құқықтары жөнiндегi уәкіл институтын (омбудсмен) құру қажеттілігі туындап отыр. Бұқаралық ақпарат құралдары нарығын дамыту, оның экономикалық дербестігін, сондай-ақ оларға қоғамдық және мемлекеттік бақылау жасау тетiгiн қамтамасыз ету саласындағы заңдарды одан әрi жетiлдiру қажет. Азаматтық-құқықтық қатынастарды реттейтін заңдар жетілдіру талап етеді.

Мемлекеттiк қызмет туралы заңдарға мемлекеттiк қызметтiң кәсiбилiгi мен тұрақтылығын арттыруға, мансаптық өсудi ынталандыруға, ықпалды кадрлық резерв қалыптастыруға, кадрларды оқытудың жалпы мемлекеттiк жүйесiн құруға, мемлекеттiк қызметшiлердi әлеуметтiк және құқықтық қорғау шараларын күшейтуге бағытталған өзгерiстер енгiзу қажеттілiгi болып отыр.

Бұл орайда мемлекеттік қызмет туралы заңдарды жетiлдiру процесiнiң басты бағыттарының бiрi қызметтiк баспалдақ бойынша өсудiң мансаптық жүйесiне ауысу болмақ.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығына қарсы күрестiң құқықтық тетiктерiнiң тиiмдiлiгiн арттыру проблемасы үнемi назарда ұстауды талап етедi.

Сонымен қатар сыбайлас жемқорлық қылмысы үшiн деп адамдарды негiзсiз жауапқа тартуды болдырмау мақсатында сыбайлас жемқорлық қылмыстарының шеңберiн заңдық тұрғыдан белгiлеп алған жөн.

Сол сияқты, сыбайлас жемқорлық әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жасағаны үшiн жауапкершiлiктен жалтартуға жол бермеу мақсатында қолданыстағы заңдарға мұндай құқық бұзушылықтарды орау мерзiмiн ұлғайту тұрғысында тиiстi өзгерiстер енгiзу маңызды болмақ.

Шетелдiк азаматтар асырап алатын кәмелетке толмаған балалардың құқықтарын қорғау мәселелерiн заңмен реттеу, сондай-ақ мүгедектердiң құқықтарын қорғау туралы заң қабылдау қажеттiлiгi туып отыр.

Экономиканы мемлекеттiк реттеу саласындағы заңдар экономиканы мемлекеттiк реттеудiң оңтайлы тетiгiн жасау және оның қызмет iстеуiне қолайлы жағдайлар туғызу саласындағы қатынастарды реттеуге, нарықтық қатынастарға қатысушылардың әлеуметтiк-экономикалық даму процесiндегi өзара iс-қимыл тәртiбiн реттеуге тиiс.

Экономиканы мемлекеттiк реттеу қажеттiлiгi, соның iшiнде жеке меншiк иесiнiң инфрақұрылымдық дамыту, өнеркәсiптiң бiрқатар салаларын айта құру, табиғи монополиялар қызметiне оңтайлы тарифтер белгiлеу, көптеген эксперименттiк және тәжiрибе-конструкторлық жұмыстардағы iргелi ғылыми зерттеулердi жалпы мемлекеттiк ауқымда қаржыландыру және ұйымдастыру мәселелерiн шешуге мүдделi еместiгiнен туындайды. Бұл мiндеттердi шешудi мемлекет инвестициялық, тарифтiк, салық және сауда саясатын жүргiзу арқылы өзiне алуға мәжбүр болып отыр.

Әлемдiк тәжiрибенi зерделеу көптеген дамыған елдер орнықты даму сатысына экономиканың белгілi бiр салаларындағы мемлекеттiң белсендi рөлiнiң нәтижесiнде қол жеткiзгенiн, оның мемлекеттiк экономикалық реттеу жүйесi арқылы iске асырылғанын көрсетедi.

Сондықтан экономиканың одан әрi дамуы рынокқа қатысушылар қызметiн осыған барабар мемлекеттiк реттеу арқылы, бiрақ олардың кәсiпкерлiк қызмет еркiндiгiне деген конституциялық құқығын сақтау және терiс пиғылды бәсекеге жол бермеу жағдайында жүзеге асырылуы тиiс. Және де бiрiншi кезекте шағын және орта бизнесте, сол секілдi аграрлық секторда жұмыс iстейтiн отандық тауар өндiрушілердi мемлекеттiк қолдауға бағытталуы тиiс. Сол секілдi экономикалық қызметтiң импорт алмастыру, өндiрiстiң негiзгi құралдарын жаңғырту, сонымен бiрге инновациялық қызметтi дамыту секiлдi бағыттарын үйлестiре дамытуды қамтамасыз ететiн нормативтiк құқықтық актiлер мен тетiктер әзiрлеудi қарастыру керек.

1. 2 Мемлекеттік егемендік туралы декларация

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кедендік Жүк декларациясы кедендік ресімдеуде қолданылатын негізгі құжат
Тасымалданатын тауарларды кедендік рәсімдеудің мәні
Қазақстан Республикасында кедендік ресімдеудің жеңілдетілген түрін жетілдіту
Кедендік жүк декларациясы
Жүкті кеден шекарасы арқылы өткізу тәртібі
Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеуін бақылау
Мемлекеттік бюджеттің қалыптасуындағы кеден төлемдері
Тауарларды кедендік ресімдеу
Көлік құралдарына қолданыланатын кедендік режимдер
Қазақстан Республикасындағы кеден режимдерінің түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz