Ерекше қорғалатын табиғи аймақтар



1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақ
2. Ұлттық табиғи парктер
Ерекше қорғалатын табиғи аумақ — ерекше қорғау режимi белгiленген мемлекеттiк табиғи-қорық қорының табиғи кешендерi мен объектiлерi бар жер, су объектiлерi және олардың үстiндегi әуе кеңiстiгiнiң учаскелерi.

Ерекше қорғалатын аумақ - кеңістігінде бағалы табиғи немесе колдан жасалған (бағалы экожүйе, гейзерлер, бау- саябақ ескерткіштері, инженерлік құрылыстар, т.б.) немесе қоршаған ортаға қолайлы әсер ететін кеңістіктер (орман жолағы, көгерген аймақтар), аумақтар, акваториялар. Мүндай аумақтар тек заңмен ғана емес, арнайы бақылауда болып, адамдармен қорғалады.
1. Оспанов Г.C. Бозшатаев Т.Г. «Экологиядан оқу әдітемелік құрал» А.2000.
2. Бейсенова Ә., ШілдебаевЖ. «Экология эәне табиғатты тиімді пайдалану» А. 2000
3. Ақбасов А.Ж., Сагимбаев Г.Ә. «Экология» Алматы 2003.
4. А.А. Горелов. Экология. М., 2000.
5. Экология и безопасность жизнедеятельности (под ред. Проф. Л.А. Муравья ) М., 2000.
6. Панин М.С. Экология Казахстана. Семипалатинск. 2005ж.
7. Оспанов Г.C. Бозшатаев Т.Г. «Экология», Алматы , 2002.

___________________________________ ___________________________________ ___________________________________ ___________________________________ _________________

Тақырыбы:

Орындаған: ____________
Тексерген: _____________
Тобы: _________

СЕМЕЙ-2012
Жоспары:
1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақ
2. Ұлттық табиғи парктер

1 Ерекше қорғалатын табиғи аумақ -- ерекше қорғау режимi белгiленген мемлекеттiк табиғи-қорық қорының табиғи кешендерi мен объектiлерi бар жер, су объектiлерi және олардың үстiндегi әуе кеңiстiгiнiң учаскелерi.

Ерекше қорғалатын аумақ - кеңістігінде бағалы табиғи немесе колдан жасалған (бағалы экожүйе, гейзерлер, бау- саябақ ескерткіштері, инженерлік құрылыстар, т.б.) немесе қоршаған ортаға қолайлы әсер ететін кеңістіктер (орман жолағы, көгерген аймақтар), аумақтар, акваториялар. Мүндай аумақтар тек заңмен ғана емес, арнайы бақылауда болып, адамдармен қорғалады.

Қазақстан ерекше қорғалатын табиғи аумақтары
Қорықтар (тізім)
Ақсу-Жабағылы Алакөл Алматы Барсакелмес Батыс Алтай Қаратау Қорғалжын Марқакөл Наурызым Үстірт
Ұлттық парктер (тізім)
Алтынемел Баянауыл Бурабай Бұйратау Жоңғар Алатауы Катонқарағай Көкшетау Көлсай көлдері Қарқаралы Сайрам-Өгем Шарын Іле Алатауы
Резерваттар (тізім)
Ақжайық Ертіс орманы Семей орманы Ырғыз-Торғай
Қорық аймақтары
Солтүстік Каспий Арыс және Қарақтау Жусандала Кендірлі-Қаясан Оңтүстік Қазақстан
Қаумалдар
Қазақстан қаумалдары
Табиғат ескерткіштері
Қазақстан табиғат ескерткіштері

2.Ұлттық табиғи парктер.
Алтынемел табиғи ұлттық паркі

Орналасқан жері
Қазақстан, Алматы облысы
Координаттары
44.333333, 78.43333344°20′00″ с. е. 78°26′00″ ш. б. 44.333333° с. е. 78.433333° ш. б.
Көлемі
161 153 га
Құрылған кезі
1996 жыл, сәуірдің 10
Уәкілетті орган
Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті
Алтынемел -- Жоңғар Алатауы оңтүстік сілемдерінің арасында орналасқан ұлттық табиғи парк. Жер көлемі -- 520 мың гектар. Парк аумағында туристерді қат-ты қызықтыратын бірегей табиғи құрылымдар және байырғы та-рих ескерткіштері орналасқан. Шатқалдарында ежелгі адам-дардың тасқа қашап салған су-реттерін көруге болады. Қап-шағай мемлекеттік аңшылық ша-руашылығы негізінде 1996 жылы құрылды. Ол Алматы обл. Кер-бұлақ және Панфилов аудан-дарында орналасқан. Аумағы 469620 га. Бақтың құрамына Қапшағай бөгенінің солтүстігі бөлігі мен Іле өзенінің оң жағалауы, Жетісу (Жоңғар) сілемдері: Кіші және Үлкен Қалқан, Ақтау, Қатутау, Дегерес, Матай, Шолақ, Қояндытау таулары және өте сирек кездесетін табиғат ескерткішінің бірі - Әнші құм (Айғай құм) кіреді. Қапшағай бөгенінің оң жағалауындағы тау етегі жазықтығында көптеген қорғандар (мысалы, сақ хандарының қабірі - Тигрхауда, 7 - 4 ғасырлар), тау сайларында әр түрлі жануарлардың суреті салынған жартас көрмесі бар. Бақтың климаты қатаң континенттік, қысы суық, жазы ыстық. Жылдық жауын-шашын мөлшері 330 мм-ден аспайды. Қаңтардың орташа температурасы - 8,6°С, шілденің орташа температурасы 26°С. Қар аз түседі, ол жабайы жануарлардың қыстап шығуына қолайлы жағдай туғызады. Бақ флораға бай, онда жоғары сатыдағы өсімдіктердің 1500 түрі, Қызыл кітапқа енген 22 түрі (мысалы, Мүсілім сылдыршөбі, Қопал таспашөбі, Іле бөріқарақаты, т.б.) бар. Бақ жануарлар әлеміне де бай. Омыртқасыздардың ішінде ең көп кездесетіні - өрмекшітәрізділер мен жәндіктер. Жәндіктердің 5000-нан аса түрі белгілі, оның 25 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Мысалы, Галузо отынкескіш қоңызы, Сольский барылдауық қоңызы, дала сколиясы, жолақты тораңғы көбелегі, т.б. Омыртқалы жануарлар фаунасы да бай. Балықтың 20 түрі, оның ішінде 3 түр эндемиктер (балқаш алабұғасы, балқаш шармайы, бір түсті салпыерін) болып саналады. Қосмекенділерден жасыл құрбақа, қызылаяқ бақа және көлбақа бар. Бауырымен жорғалаушылардың 25 түрі кездеседі. Мысалы, қалқантұмсық жылан, дала тасбақасы, жалтырауық жармасқы, оқжылан, т.б. Құстардың 200 түрінің 174 түрі саябақта ұялайды. 18 түрі Қызыл кітапқа енгізілген, мысалы, қара дегелек, балықшы тұйғын, жұртшы, үкі, т.б. Сүтқоректілердің 70-тен астам түрі мекендейді, олардың ішінде ортаазия тас сусары, шұбар күзен, ортаазия өзен құндызы, Тянь-Шань арқары және бозтүсті ергежейлі қосаяқ қорғауға алынған. Саябақта 1976 - 77 жылдардан бері ақ бөкендер, 400-ден аса құлан мекендейді. Табиғатта сирек кездесетін бір түр - Пржевальский жылқысы дүние жүзінде бірнеше зообақта ғана сақталған. 2003 жылы саябаққа Германиядан бірнеше жылқы әкелініп, жерсіндірілді. Саябақта табиғат шежіресі жүргізіліп, жан-жақты жабдықталған бірнеше туристік маршруттар жұмыс істейді.
Саябақ археологиялық ескерткіштер мен ежелгі таңбалар және суреттер салынған үңгірлермен тастарға бай. Сақ дәуірінде салынған Бесшатыр обаларының маңызы үлкен. Ш.Ш.Уәлихановтың тарихи-мемориалдық мұражайы осында орналасқан. Саябақта өсімдіктердің 1800 түрі: балқаш сексеуілі, баялыш, шырша, үйеңкі, тораңғы, қызыл тал, жиде, жыңғыл, сексеуіл, қылша, т.б. өседі. Саябақтың жануарлар әлемі де алуан түрлі: сүтқоректілерден құлан, қарақұйрық, арқар, түлкі, тас сусары, қоян; құстардың 15 түрі: бүркіт, тазқара, ителгі, кекілік, қырғауыл, бұлдырық; балықтардан сазан, көксерке, ақмарқа, табанбалық, т.б. кездеседі. Омыртқасыз жануарлар дүниесі толық зерттелмеген. Саябақта 17 қорықша бекеті және бірнеше туристік маршрут жұмыс істейді.
Баянауыл ұлттық паркі

Орналасқан жері
Қазақстан, Павлодар облысы
Координаттары
50.816667, 75.66666750°49′00″ с. е. 75°40′00″ ш. б. 50.816667° с. е. 75.666667° ш. б.
Көлемі
68 453 га
Құрылған
1985 жылд, тамыздың 12
Уәкілетті орган
Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті
Баянауыл ұлттық мемлекеттік табиғи паркі 1985 жылы ҚССР Министрліг № 276 қаулысымен құрылған. Баянауыл ауданының аумағында орналасқан, жалпы аумағы 50 688 га құраған. ҚР Үкіметінің қаулысымен 2007 жылы 27 желтоқсанда №1305 парк аумағы кенейтілді. Қазіргі кезде БҰМТП 68 452,8 га құрайды. Орман және аңшылық ша-руашылығы комитетінің шешімімен Қызылтау қау-малы БҰМТП қорғауға бекітілді, жалпы аумағы 60 000 га құрай-ды. Ұлттық парктің аумағы төрт орманшылығына бөлінген.
+ Баянауыл орманшылығы -- 19 188 га,
+ Жасыбай орманшылығы -- 22 904 га,
+ Далба орманшылығы -- 8 596 га.
+ Кенейтілген парк аумағы -- 17 764,8 га
Климаты тым континенттік (жазы - ыстық, қысы суық). Жер бедері жекелеген жақпар тасты тау шоқыларынан тұрады. Баянауыл тауларының етегінде көптеген бұлақтар, суы мөлдір көлдер (Жасыбай, Сабындыкөл, Торайғыр) бар. Саябақта 20-дан аса археологиялық ескерткіштер, қола дәуірінен қалған қорғандар, тастағы жазулар мен таңбалар, үңгірлер ("Әулиетас", "Драверт", "Құмыра", т.б.) бар. Ұзақ жылдар бойы жел мен судың әрекетінен түрлі мүсіндерге айналған жартастар ("Найзатас", "Жұмбақтас", "Көгершін", "Атбасы", т.б.) саябақ табиғатына ерекше көрік береді. Саябақтың өсімдіктер дүниесі мен жануарлар әлемі де алуан түрлі. Өсімдіктердің 400-ден астам түрі (қарағай, қайың, қандыағаш, таңқурай, мойыл, долана, т.б.), сондай-ақ, Қазақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген жабысқақ қандыағаш, көктем жанаргүлі де осында өседі. Омыртқалы жануарлардың 100-ден аса түрі кездеседі. Сүтқоректілердің 40-тан аса түрлері (арқар, елік, қасқыр, түлкі, сілеусін, борсық, тиін, т.б.) мекендесе, құстардың 50-ден астам түрлері (аққу, қаз, үйрек, құр, шіл, бүркіт, т.б.) ұялайды. Арқар, бүркіт, сұңқылдақ аққу Қазақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген. Балықтың 8 түрі (шортан, сазан, оңғақ, алабұға, т.б.) бар. Саябақ аумағы атқаратын қызметіне қарай қорықтық, қорықшалық және демалыс белдемдеріне бөлінген. Қорықтық белдемде шаруашылық жұмыстардың қай түріне болса да тыйым салынып, биологиялық алуан түрлілік, экожүйелер қорғалады. Қорықшалық белдемде шаруашылық жұмыстар белгілі бір тәртіппен шектеулі түрде жүргізіледі. Демалыс аймағына келушілер саны да реттеліп отырады. Баянауыл ұлттық табиғи саябағының табиғат қорғауды, адам игілігі үшін ұқыпты пайдалануды насихаттау ісінде алатын орны ерекше, ғылыми, мәдени және эстетикалық маңызы зор.
Орталық Қазақстан үстірті бірегей дала экожүйелерін сақтау мақсатында 2011 жылдың 11 наурыз Қазақстан Республикасы № 247 Қаулысымен Бұйратау мемлекеттік ұлттық табиғи бағы құрылды.

Қазақстан ұлттық бақтарының қатарына он екінші ұлттық бағы болы, ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі Орман және аң шаруашылығы комитеті Жасыл Даму 2011-2014 бағдарламасы ауқымында БҰҰДБГЭҚ Далалық экожүйелерді сақтау мен орнықты басқару Жобасының қолдауымен құрылды.
Жаңа құрылған Бұйратау ұлттық бағы шамалы құрғақ пен құрғақ жерлер суб-зоналар арасында ауыспалы белдікте орналасқан және бұл аумақтың қайталанбас мәні далалы жерлер мен орманды жерлердің (қайың, қыршаңқы) үйлесіп келуінде. Бұйратау бағы Ақмола облысы Ерментау ауданы (60814 га) мен Қарағанды облысы Осакаров ауданы (28154 га) аумағында орналасқан. Оның жалпы ауданы 88 968 га.
Бұйратау ұлттық бағының флористикалық құрамында 450 түрден астам жоғарғы тамыр өсiмдiктерi бар. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың құқықтық режимі»
Биоресурстар. Өсімдіктер дүниесі, олардың биосфера мен адам өміріндегі маңызы
Табиғатты қорғауға арналған резерваттар
Рекреациялық ресурстар
Табиғат қорғауға арналған резерваттар
Экотуризмды дамыту жолдары
Биосфера туралы ақпарат
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар
Табиғи территорияларды қорғау ерекшеліктері
Қазақстандағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар
Пәндер