Тұрлаулы мүшелердің тіл біліміндегі зерттелуі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
ТҰРЛАУЛЫ МҮШЕЛЕРДІ ФУНКЦИОНАЛДЫ АСПЕКТІДЕ ОҚЫТУДЫҢ ЖОЛДАРЫ

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

I. ТҰРЛАУЛЫ МҮШЕЛЕРДІҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ СИПАТЫ

Тұрлаулы мүшелердің тіл біліміндегі зерттелуі

Тұрлаулы мүшелердің функционалдық қызметі

II. ТҰРЛАУЛЫ МҮШЕЛЕРДІ ЖАҢА БІЛІМ БЕРУ ПАРАДИГМАСЫНДА ОҚЫТУДЫҢ МАҢЫЗЫ

2.1 Тұрлаулы мүшелерді функционалды аспектіде оқытудағы интербелсенді әдіс-тәсілдерді қолданудың әдістемесі

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

ҚОСЫМШАЛАР

Дипломдық жұмыстың өзектілігі:
Зерттеу мақсаты:
Тұрлаулы мүшелерді қызметін саралап, оны функционалды аспектіде оқытудың тиімді жолдарын ұсыну
Зерттеу міндеттері:
қазақ тілі біліміндегі тұрлаулы мүшелердің функционалдық қызметін анықтау;
тұрлаулы мүшелерді функционалды аспектіде оқытудың маңызын ашу;
тұрлаулы мүшелерді функционалды аспеткіде оқыту үшін интер-белсенді әдістерді қолдану
Зерттеудің нысаны: тұрлаулы мүшелерді функционалды аспектіде оқыту, функционалдық сауаттылықты арттыру жолдары мен тың әдістемесін қарастыру.
Зерттеу пәні: Жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларын тиімді әдістермен қоса тұрлаулы мүшелерді фунционалды аспектіде оқыту әдістемесі.
Зерттеу әдістері:
Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы:
Зерттеу жұмысының теориялық маңызы: Зерттеу жұмысымыздың теориялық негізі ретінде тіл мамандары мен ғалымдар ұсынған ғылыми еңбектер қолданылды. Дипломдық жұмыстың зерттеу нысанын түсінуде, әдістемелік негізін тануда белгілі ғалымдар: А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, М.Балақаев, М.Серғалиев, І.Бәйтенов, Х.Басымов, С.Аманжолов, Т.Сайрамбаев, Х.Арғынов, Р.Әміров, А.Жаппаров, Н.Сауранбаевтың еңбектері мен ой-тұжырымдамалары әдістемелік бағыт-бағдар ретінде пайдаланылды.
Зерттеу жұмысының практикалық маңызы:
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
Қорғауға ұсынылатын қағидалар:
Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі:

ТҰРЛАУЛЫ МҮШЕЛЕРДІҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ СИПАТЫ

Тұрлаулы мүшелердің тіл біліміндегі зерттелуі

Синтаксис мәселелері ХХ-ғасырдың 20-шы жылдарында қарастырыла басталды [1. ]. Сол уақытта сөйлем, сөйлем мүшелері, тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелер, жай сөйлем, құрмалас сөйлем терминдері жарық көріп, талданды. М.Н.Петерсон 1923 жылы жарық көрген еңбегінде: синтаксистің ең түйінді мәселесі және негізгі нысаны сөздер тіркесі, сөйлем сөздер тіркесінің бір түрі, - деп айтқан [18. ]. Ал 30-шы жылдары бастауыш сыныптарға арналған 3-4 грамматикалық оқулық, синтаксис бойынша 20 мақала жарыққа шықты. Қазақ тіл білімінде сөйлем мүшелерінің зерттелу кезеңін үш кезеңге бөлуге болады. 1936 жылдан бастап 1940 жылға дейін қарастырылған зерттеу жұмыстарына назар салсақ. Сөйлем мүшелері туралы бұл кезде А. Байтұрсыновтан бастап Қ. Жұбанов, І. Байтенов, Х. Басымов, С. Аманжолов, Ә. Ермеков, М. Балақаев қарастырған [2. ]. Олар сөйлем мүшелерінің тек жасалу жолын ғана емес, оның қалыптасып дамуы тұрғысынан зерттеген. 1938 жылы Х. Басымов: Қазақ тіл білімінде аяғы жерге тимей келген мәселенің бірі - сөйлем мүшелері деп пікір айтқан [9. ]
Ең алғаш рет қазақ тіл білімінде тұрлаулы мүшелерді зерттеп, қағаз бетіне түсірген - А.Байтұрсынұлы. бас мүшені - бастауыш, баяншы мүшені - баяндауыш деп атаған. Кез-келген сөйлемнің жүрегі, сөйлем байланып тұратын негізгі бастаушысы болғандықтан бас мүше деп атаған. Оның 1924 жылы басылып шыққан Тіл танытқыш еңбегінің үшінші оқулығы сөйлем мүшелеріне арналған [1. ]
Сөйлем мүшелері жайлы зерттеген Қ. Жұбановтында біршама еңбектері бар. Ғалым сөйлем мүшелерін жасалу жолы, орын тәртібі туралы мәселелері жөнінде мақалалар жазып, кітаптарында айтқан. Из истории порядка слов в казахском предложении, О построении речи казахском языке және Қазақ тілі грамматикасы туралы еңбектерінде сөйлем мүшелері туралы жазған [2. ] Бірақ, сол кездегі сөйлем мүшелері жайлы туындаған ғылыми талас пікірге тоқталмай, тек негізгі ережелер мен сөйлем мүшелері атқаратын қызметі мен жасалу жолына баса назар аударған. Жаңа грамматикалық жаңалықтар жайынан атты мақаласында өзінің сөйлем мүшелеріне қатысты ғылыми пікірін білдіреді. Сөйлем мүшелерінің саны, оның атаулары, тұрлаулы мен айқындауыш деп бөліп, соның ішінде тұрлаусыз мүшелерге өзіндік ұсыныстарын білдіргенін көре аламыз. Ғалым сөйлем мүшелерін топтастыруда өзінен бұрын бұл мәселеде пікір білдірген барлық ғалымдарды сынайды. А. Байтұрсыновтың бөлген сөйлем мүшелерінің топтастыруына келіспейді. Қ. Жұбанов тек сөйлем мүшелерін мағыналық принциптен қарастырмай, олардың тұлғалық жағынан қарастыруды жөн көрген. Тұрлаусыз мүшелер деген терминнің орнына айқындауыш деген терминді қолдануды орынды санаған. Ол 1936 жылы тұңғыш мектепке арнайы оқулық шығарған[2. ]. 1940 жылы С.Аманжоловтың екі бөлімнен тұратын оқулығы жарық көрді. Арнаулы бөлімінде сөйлем мүшелеріне тоқталып, анықтама берген. С. Аманжолов сөйлем мүшелерін ескі және жаңаша жіктеу деп өз мақаласында бөлген. Ғалым Қ. Жұбановтың сөйлем мүшелері туралы айтқан пікіріне келісіп, А. Байтұрсынұлының жіктеуіне сын айтады. С. Аманжолов:
1) Тұрлаусыз мүшенінің аты көп;
2) Анықтауыш пен пысықтауыш, толықтауыштың сұрақтары араласып келеді;
3) Олардың бір-бірінен айыру үшін ешқандай ғылыми негіз жоқ деп пікір білдіреді және сөйлем мүшелерін бастауыш, баяндауыш, анықтауыш деп бөлген [3. ].
Қ. Жұбанов пен С. Аманжоловтың пікірлері бір-біріне өте ұқсас. Екі ғалым да бастауыш пен баяндауышты негізгі мүше деп беріп, сөйлемнің тұрлаулы мүшелері деген ұғымды мүлдем жоққа шығарады. Қ. Жұбанов тұрлаусыз мүшені айқындауыш, ал С. Аманжолов анықтауыш деп көрсеткен. Олардың тек аттары әртүрлі болғанымен, қолданылу аясы бірдей, яғни тұрлаусыз мүшерге толықтауыш пен анықтауышты жатқызып, олардың тұлғалық жағынан қарастырған. Қ. Жұбановтың осы пікірі әлі күнге дейін еш өзгеріссіз жүр. Ал С. Аманжоловтың пікірі кейінгі еңбектерінде басқаша берілген. Яғни, сөйлем мүшелерін тұрлаулы және тұрлаусыз деп бөліп, бастапқыдай тек олардың тұлғалық жағынан қарастырмай енді мағыналық жағынан зерттеу жүргізгенін бірқатар еңбектерінен байқай аламыз [2. ]
І. Байтенов, Ә. Ермеков, М. Балақаев сынды ғалымдар сөйлем мүшелері жайлы біршама мақалалар жазған. Бірақ, сөйлем мүшелерінің топталуына назар аудармай, олардың тек жасалу жолын қарастырған. Х. Басымов сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерін анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш деп бөлген [9. ]. І. Байтенов сөйлем мүшелеріне қойылатын сұрақтар, қайсысы сөйлем мүшесіне тән, тән емес деген жағдайларға тоқталған [10. ]. Сөйлем мүшелері туралы біраз мәлімет М. Балақаевтың еңбектерінде бар. Ол тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелердің әрқайсысын жіктеп, арнайы мақалалар жазып, жоғары оқу орынында оқу дәрежесіне дейін жеткізген [4. ].
Тіл біліміндегі көне логикалық зерттеулерге назар салсақ, сөйлем - пікір, бастауыш - субьект, баяндауыш - предикатқа негізделеді. Сондықтан да тіл туралы зерттеулерде осындай дәстүр қолданылған. Сөйлемнің негізі болып тұратын предикативтілік осы атаудан пайда болған. Бастауышқа әр оқулықта әртүрлі анықтама берілген. Х.Басымов: Бастауыш болатын сөз мағынасы жағынан сөйлемдегі ой іргесінің иесі болады, - десе [9. ], С.Аманжолов: Сөйлемдегі айтылған ойдың иесі болып тұрған сөйлемнің мүшесін бастауыш, - деп айтты [3. ]. М.Балақаев: Сөйлемнің кім? не? туралы екенін білдіретін, айтылған ойға негіз болатын тұрлаулы мүшені бастауыш, - десе [14. ], Р.Әміров: Сөйлемде айтылған ойдың кім, не туралы екенін атап, баяндауыш арқылы айтылған қимылдың, сапаның кімге қатысты екенін білдіретін сөйлем мүшесі, - деген ережені айтқан [7. ].
Бастауыштың сұрақтары туралы мәселелер қазақ тіл білімінде де қарастырылды. Соның ішінде Н. Сауранбаев, М. Томанов, Р. Әміров еңбектерінде бастауыштың сұрақтары қозғалмайды. М. Балақаев, Х. Арғынов зерттеулерінде де бастауыштың сұрақтары толық қарастырылымағанын байқауға болады. Х. Арғынов бастауыштың тек кім, не, кімі, несі деген сұрақтарын ғана көрсеткен [13. ] Бастауыштың көптік тұлғасында келуі ескерілмей, тәуелдік жалғаулы сұраулардың тек үшінші жағы ғана алынып, ал бірінші, екінші жақтағы сұраулары еленбей қалып жатады. М. Балақаев 1971 жылғы жазылған еңбегінде бастауыштың сұрақтары көптік, тәуелдік жалғаулардың жалғануына қарай өзгеріп кетуі мүмкін деген болжам жасайды [14. ]. С. Аманжоловтың еңбектерінде бастауыштың біраз сұрақтары берілген. Ғалымның 1939 жылы басылып шыққан мектеп грамматикасында бастауыштың мына сұрақтары берілген: кім, не, кімі, несі, кімің, нең, нем, кімдер, нелер, нешеуі, қаншасы. Бұл сұрауларда кім, не, неше, қанша сұраулары негіз болады да, неше, қанша сұрауларының тек III жағы берілген, ал кім, не сұрауларының III жақта тәуелденіп келуі берілген [8. ]. Жалпы айтқанда, бастауыштың сұрақтары мектептің оқулықтарында және педучилищеге арналған арнайы еңбектерде қаралғанымен, жоғарғы оқу орнындарында мүлдем берілмейді десе де болады. Осы күнгі кітаптарда да бастауыштың сұрақтары толық деп айтуға келмейді, кім, не деген сұрақтары беріледі де, оның көпше түрде келетін сұрақтары бірде беріліп, бірде берілмейді. Ал тәуелдік жалғау тұлғалы бастауыштың сұрақтары екі түрлі бағытта беріледі. Көбіне тек III жақтың кімі, несі деген сұрақтарының жекеше түрін көрсетіп қана қояды. Бастауышты жақсы тану үшін оның барлық сұрақтары қамтылу керек. Осы тұрғыдан келгенде бастауыштың сұрақтарына осыларды жатқызамыз: Кім? Не? Кімім? Нем? Кімің? Нең? Кімі? Несі? Кімдер? Нелер? Кімдерім? Нелерім? Кімдерің? Нелерің? Кімдеріңіз? Нелеріңіз? Кімдері? Нелері? Қайсысы? Қаншасы? Нешеуі? Нешесі?
Қазақ тіл білімінде бастауыштың тұлғасы жайлы көптеген ғалымдар зерттеген. Р. Әміров бастауышты толық зерттегенімен, оның тұлғалық қасиетіне тоқталмайды [7. ]. М. Томанов бастауыштың тек атау тұлғада қолданылуын айтып өтсе, С. Аманжолов, Х. Арғынов көптік жалғаулы тұлғаға баса назар аудармайды. Бірақ С. Аманжолов Біздің еліміздің балалары бақытты деген сөйлемде балалары зат есім бастауышы деп қарағанын арнайы айтпағанымен, негізінен бұл мәселеген тоқталып өткенін көруге болады [8. ]. М. Балақаев, Н. Сауранбаев, Ғ. Әбуханов сынды ғалымдар бастауыштық тұлға ретінде нөлдік, көптік тұлғалы сөздерді жатқызса, М. Балақаев формаланбаған ілік септігінде келетін сөздерді бастауыш тұлғалы сөздерге қарастырған [4. ]. Менің оқығым келіп тұрады, саған үйге бару керек деген сөйлемдерде А. Жапаров менің, саған деген сөздер логикалық тұрғыдан бастауыштық мән бар екенін, бірақ олар грамматикалық жағынан бастауыш бола алмайтынын көрсетеді. Бірінші сөйлемдегі оқығым тәуелдік жалғаулы сөз, яғни грамматикалық жағынан бастауыш тұлғасында тұрған сөз. Бірақ ол сөзді бастауыш дейтін болса, онда келіп тұрады тіркесінде тиянақтау жағы жетіспейтіндігін, менің сөзі қосылған кезде тиянақты бастауыш бола алатындығы айқындап көрсеткен. А. Жапаров ілік, барыс жалғаулы сөздер бастауыш туралы ақпаратты бере алады деп қарастырады [15. ]. Қазіргі өзбек әдеби тілінің синтаксисін қарастыратын болсақ, бастауыштың нөлдік, көптік, тәуелдік тұлғалы екенін, бір бастауыш тұлғасында бірнеше жалғаудың қабат келуін де өз тілдерінде дәлелдейді. Моңғол тілінде ғалым Г. Д. Санжеев шығыс жалғаулы сөздер бастауыш тұлғасына жатады деп көрсетеді. Екі тілді зерттеуші ғалымдар мұндау жалғау тек логикалық тұрғыда ғана жасалатындығын айтады [2. ].
Якут тілінің ғалымы Е. И. Убрятова бастауышты атау тұлғада болатынын айта келіп, бірақ атау тұлғада келетін сөздердің анықтауыш, баяндауыш сөйлем мүшелері болатындығын көрсетеді және бастауыш болатын сөздерді мағыналық жағынан ажырату керек деген ой айтады. Осы мәселелерге қарап отырса, қазақ тіл білімі мен түркологияда бастауыштық тұлға жөнінде әртүрлі көзқарастар бар. Қазақ тілі білімінде барлық ғалымдарда бастауыштың тұлғасы әртүрлі айтылғанымен, жалпы қарастырып отырған мәселесі бір бағытта. Тек М. Балақаев өз еңбегінде формаланбаған ілік септігі де бастауыштық тұлғаға жатады деген бір ерекшелік айтып өтті [14. ]. Түркітану еңбектерінде А. Н. Баскаков бастауыштық тұлға туралы еш пікір білдірмесе, А. Н. Кононов ұйғыр, қарақалпақ тілдерінде бастауыштық тұлға тек атау септігінде келуін қарастырады [16. ] Кейбір тілдерде, соның ішінде қазақ тілінде бастауыштық тұлға ретінде барыс, жатыс, шығыс септіктерін алу бастауыштың логикалық тұрғысынан назар аударудан туған пікір деп бағамдай аламыз.
А. Жақыпов қырғыз тілінде логикалық бастауышқа ілік, барыс, шығыс септігін жатқызса, С. Аманжолов барыс, ілік септігіндегі сөздерді жатқызады. М. Балақаев логикалық бастауышқа ілік жалғаулы сөздер жатады деген пікір білдірген [2. ].
Баяндауыш жайлы қазақ тіл білімінде көптеген ғалымдар тұжырым жасаған. Соның бірі Х. Басымов: Баяндауыш бастауыштың іс-әрекетін, жай-күйін, сын-сапасын білдіретін сөйлем мүшесі деп көрсетеді. І. Бәйтенов баяндауыш жайлы бірнеше пікір білдірген:
а) сөйлемнің соңында және етістіктен болған сөзді баяндауыш;
ә) сөйлем ішінде барлық сөздің мағынасын айқындайтын баяндауыш;
б) баяндауыш бастауышқа бағынышты болып, оның күйін, сапасын, қимылын көрсетеді деп берген [9. 10]. С. Аманжолов: Баяндауыш бастауышқа бағынып, онымен жекеше, көпше түрде байланыса келіп, сөйлемде тиянақты ойды білдіретін тұрлаулы мүшенің бірі деп айтады [8, ]. М. Балақаев: Бастауыштың жай-күйін білдіретін сөйлем мүшесі баяндауыш болады. Х. Арғынов: Баяндауышты бастауыштың сын-сапасын, санын, мезгіл-мекенін, мөлшерін көрсететін сөйлем мүшесі деп айтқан. Р. Әміров: Баяндауыш предивкативтілік іс-әрекетті көрсетеді [2. ]. Баяндауыш туралы түркітанушы ғалымдары да өз пікірлерін білдірген. Н. К. Дыронкованың айтуы бойынша: Баяндауыш бастауыштың іс-әрекетін білдіреді, ал Н. А. Кононов Баяндауыш бастауышпен грамматикалық жағынан жақын сөйлем мүшелерінің ең басты мүшесі деген пікір білдіреді [16. ]. А. Жапаров: Баяндауыш бастауышпен қатар жүретін, онымен грамматикалық тұрғысынан байланыста болатын, бастауыштың қимылын, кім екенін, қасиетін, санын көрсетіп тұратын бас мүшелерінің бірі деген [15. ]. Түркологтардың бірқатары баяндауыш деген ұғымды етістік ұғымымен байланыста қарастырады. Жалаң есімдердің баяндауыш болуын оңша ескермейді. Орыс тілімен салыстырғанда, мен - мұғаліммін және я - учитель, - деген сөйлемдерді салыстыратын болсақ, айырмашылық тек жіктік жалғауында емес. Қазақ тілінде баяндауыш баяндауыштық мүшелік дербестікке ие. Мен мұғаліммін деген сөйлемді бастауышсыз да айтуға болады. Яғни мұғаліммін деп бір құрамды етіп айтсақ, ал орыс тілінде учитель деп дара сөйлем ретінде айта алмаймыз. Сонда қазақ тілдінде баяндауыш ықшамдылыққа ие бола алады. Бұл қазақ тілінің - ерекшелігі.
Баяндауыштың ең қиын мәселесі - оның сұрақтары. Баяндауыштың сұрақтарын зерттеу барысында мына жайттар айқындалады:
1. А. Н. Кононов, Н. К. Дмитриев, қазақ тіл ғалымдары Н. Сауранбаев. Р. Әміров, Ә. Нұрмұханова зерттеулерінде баяндауыштың сұрақтары жөнінде пікір жоқ.
2. Баяндауыштың сұрақтарын қарастырған көптеген ғалымдар оның сұрақтары жөнінде жалпылама ақпарат берген, толық, жан-жақты зерттелмеген.
А. Байтұрсынов баяндауыштың сұрақтарына мынау сұрауларды жатқызады: Не етпек? Не қылмақ? Қай етпек? Не болмақ? Нешік? Немене? Қалай? Кімдікі? Ненікі? Қайсы? С. Аманжолов: не қылдың? кім? не? қандай? нендей? қанша? неше? не еткен? не қылған? қайда? неде? Х. Арғынов: не істеді? не болды не етеді? қайтеді? кім? не? қайда? қанша? М. Серғалиев: қайтты? не қылды? не қылады? не қылмақ? не қылам? не етеміз? не істейміз? неше? қанша? қаншасы? кімі? несі? Ғ. Абуханов: не істеді? не қылады? не қылды? қандай? неше? қанша? нешінші? кім? не? деген сұрақтарын ғалымдар көрсеткен [1. 2]. Осы сұрақтар арқылы бірнеше құбылыстарды байқауға болады:
а) етістікті және есімді баяндауыштардың сұрақтары толық емес;
ә) бір сұрақтың бірнеше нұсқасын келтіріп, сұрақтың аясын кеңейтіп жібереді;
б) берілген бірнеше сұрақтар тілдік жағынан келе бермейді, мысалы нешік, қай етпек, не еткен;
в) тәуелді жалғаулы сұрақтың тек үшінші жағы ескеріліп, оның бірінші және екінші жағы ескерілмей қалады;
г) сұрақтардың тек дара түрін айтып өткен, көпше түрде келетін сұрақтарды мүлдем қарастырмаған;
ғ) септік жалғауларының тек жатыс септігінің сұрағын көрсеткен.
Морфологиялық еңбектерді қарайтын болсақ, есімдік сөз табысндағы келетін сұрақтар тек дара болып келеді. Сол дара сұраулар есім сөздерден тұратын сөз таптарына тән болса, ал етістік сөз табының сұраулары дара сөз таптарына екінші сөздің тіркесуі арқылы не істеді, не қылды деп күрделі сұрақ пайда болуы арқылы жасалады. Етістіктің күрделі сұрақтарының бірінші сөзі көбінесе не есімдігі болып келеді де, екінші тіркесіп келген сөзі көбінесе істеді етістігі. Демек, етістік сөз табының сұрақтары есім сөзден де, етістіктен де тұрады. Сол үшін А. Байтұрсынов баяндауыш сұрақтарына не есімдігі мен қай есімдігін жатқызады.
Сұрақтардың осындай құрамды болып келуі синтаксисте де қолданылады. Етістіктің де баяндауыштың (етістіктен болған баяндауыш) да сұрақтары бірдей. Бұл тек қазақ тілі ғана емес орыс тіліне тән құбылыс. Орыс тілінде етістікті баяндауыштың ең негізгі ретінде что делает? сұрағы қарастырылады. Осы что делать сұрағын Л. Д. Чеснокова грамматикалық жағынан қарастырып оны тұрақты қалыпқа ие болған деп көрсетеді, ал А. И. Зарецкий бұл сұрақтар есімдік пен етістіктің тіркесуі арқылы жасалғанын айқындап, бұндай сұрақтарға местоимение-глагол деген атау берген. Осы пікірлерге назар салсақ, орыс тілінде де етістіктің сұрақтарына қатысты әртүрлі көзқарастар бар.
Етістік пен баяндауыштың орыс тілі және қазақ тілі бойынша ең негізі сұрағы - не істейді? Осы сұрақтың негізінде қазақ тілінде не есімдігіне қыл, ет, бол көмекші сөздердің тіркесуі арқылы бірнеше құрама сұрақтар пайда болады. Сонда баяндауыштың сұрақтары не істейді? не қылды? не болды? не етпек? болады және етістіктің мағынасына қарай бірнеше тұлғалық артықшылықтары мен ерекшелігі пайда болады. Сөйтіп, баяндауыштың сұрақтары осы тәсіл арқылы құралғанын байқай аламыз.
Баяндауыш сұрақтарының ішінде ең ерекше сұрағы қайтеді? сұрағы. Бұл сұрақ кіріккен сөз. Бастапқы қалпы есімдік пен көмекші етістік арқылы жасалған. С. Аманжолов баяндауыштың сұрақтар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сөйлем мүшелері
Сөйлем мушелерінің зерттелуі
Пысықтауыш сөйлем мүшесінің ғылыми зерттелуі
Бір құрамды сөйлемдер
Қазақ тіл біліміндегі сөйлем мүшелерін оқыту
Қазақ тілі мамандығының магистратураға қабылдау емтиханның бағдарламасы
Тұрлаусыз сөйлем мүшелерінің зерттелуі
Жақты сөйлем
Белгісіз жақты сөйлем
Күрделі пысықтауыш сөйлем мүшесінің ғылыми зерттелуі
Пәндер