Жырау - қазақ әдебиетінің көрнекі өкілі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ… . . . 4

1 ЖЫРАУЛАР ПОЭЗИЯСЫНЫҢ ДАМУ ЖӘНЕ ҚАЛЫПТАСУ КЕЗЕҢДЕРІ

  1. Жыраулық және ақындық поэзияның даму жолдары . . . 8
  2. Жыраулар мен ақындар мұрасының ауыз әдебиетіменбайланысы . . . 13
  3. ХҮІІ ғасырдағы қазақ мәдениеті мен әдебиеті мұраларының тәрбиелік мәні . . . 17
  1. ЖЫРАУЛАР МЕН АҚЫНДАР МҰРАСЫНЫҢ КӨРКЕМДІК - жыраулар поэзиясының басты тақырыбы . . . 30Жыраулар поэзиясындағы публицистикалық сарын . . . 35Жыраулар поэзиясындағы отбасы құндылықтары . . . 42Жыраулар поэзиясындағы рухани құндылық тақырыбы . . . 59

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 64

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 69

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі Қазақ хандығы дәуіріндегі жы­раулар поэзиясында ерлік тақырыбының басымдық алып, өз мемлекетінің тәуелсіздігі мен оның даңқын арттыру жолында күрескен батырлардың ержүректігі мен қайтпас қай­сарлығын жыр­лау ең өзекті мәселе болды. Жырау­лар билеушілердің және адамдар жоқшылық дегенді білмей, молшылықта өмір сүретін қоғам­ның мінсіз бейнелерін жасады. Олар өздерінің поэтикалық монолог-толғауларында маңызды мемлекеттік проблемалармен қатар, әдеп пен мораль, ар-намыс пен қадір-қасиет мәселелерін қорғады. Өмір мен өлім туралы, дүниенің құбылмалылығы мен жалғандығы туралы өз ойларын толғады.

Жыраулар поэзиясы ұлттық болмысымыздың қалыптасуында аса қуатты ықпалдылығымен ерек­шеленді. Мемлекетті басқар­ған хандардан бастап, балаға тә­лім-тәрбие беретін эстетикалық есті дүниелер қалдырды. Қазақ хал­қы сөз өнерін киелі санайды. «Сөз - сүйектен, таяқ еттен өтеді» дейді дана халқымыз.

Өмірден ерте кеткен ақын, профессор А. Егеубай жыраулар поэзиясының қазақ ұлтының рухани қалыптасуына жасаған ықпалы туралы: «Жыраулар толғаған адамшылық, имандылық, қаһармандық, жігерлілік һәм жайсаңдық жаңа қалыптаса бастаған қазақ ұлысының рухани келбетін кестелеуі тиіс еді. Солай болды да. Қазақ елінің ажары мен жан дүниесі сол шығармалардан танылды. Білім-білік, ақиқат, тіл, жаратылыс жайлы толғамдар да сол арнада желі тартты. Ежелгі түркі дүниесінің бар болмысы мен арман-мүддесі бір кезеңде қазақтың классикалық мәдениеті арқылы жаңғыра көрінді. Жырау­лар дәуірінің ішкі мәніне үңілсек, төрт-бес ғасыр бойына тұтастай құбылыс ретінде дамыған әлеуетті әлеуметтік-көркемдік ұлы самғау бұрын-соңды болмаған еді. Ол поэзияда, елдік құрылыста, тұр­мыста материалдық һәм рухани мәдениетте бірдей айқын мүсін­делді», - дейді.

Жыраулар поэзиясы - дербес мемлекеттік дәрежеде өмір сүрген Қазақ хандығы атты дәуірдің әдеби мұрасы. Көрнекті ғалым-жазушы М. Мағауиннің айтуынша: «Қазақ халқының жалпы түркілік ортақ этнос құрамынан бөлініп, дербес Орда құрған хандық заманы төрт ғасырға жуық ұзақ дәуірге созылды». Ол тағы бірде «ХV-ХVІІІ ғасырларда жасалған әдебиет ел мүддесін, жұрт мұратын бірінші орынға қойды. Өзіндік түр тауып, айқын ұлттық сипатта қалыптасты. Алаштың жайсаң жанын, өр рухын бедерлей таңбалап, келер ұрпақ үшін ешқашан ескірмес үлгілер тудырды. Көркемдік танымның асқар биігіне көтеріліп, әлемдік өредегі ұлы шығармалар қалдырды», дейді. Яғни, жыраулар поэзиясы - қазақ сөз өнерінің әлемдік классикалық шығармалар шоғырына қосылатын біздің ұлттық рухани қазынамыз.

Жыраулар шығармаларында ой-пікірлерін ашық айтып, әмірші, хандарды, сұлтандарды «бас кеспек болса да тіл кеспек жоқ» қағидаттарын ұстанып сынап отырған. Жыраулар өздерінің сынында мемлекет мүдделерін жеке бас мүдделерінен жоғары қойған.

Жыраулар поэзиясының атасы, абызы Асан Қайғы болатын.

Оның толғауларынан Қазақ хандығының құрылу дәуірінің тарихи белгілерін көреміз. Ғалым Б. Кенжебаев: «Асан Қайғының шығармалары өз тұсының айнасы, ол өз дәуіріндегі қазақ халқының мұңын, тілегін көрсетеді», деп жазған еді.

Асан Қайғы - халқының бір­лігін, мемлекеттің тұтастығын сақтаған жырау.

Оған төмендегі толғау мысал болады:

«…Қырында киік жайлаған,

Суында балық ойнаған,

Оймауыттай тоғай егіннің

Ойына келген асын жейтұғын,

Жемде кеңес қылмадың,

Жемнен де елді көшірдің.

Ойыл деген ойынды,

Отын тапсаң, тойынды.

Ойыл көздің жасы еді,

Ойылда кеңес қылмадың,

Ойылдан елді көшірдің».

Асан Қайғының, Қазтуғанның, Доспамбеттің, Шалкиіздің, Жием­­беттің, Марғасқаның, Ақтамбердінің, Тәтіқараның, Үмбетейдің, Бұқардың толғау­ларында қазақтың ата мекендері шығармалардың тақырыптық-идеялық, көркемдік-стильдік әр­түрлі ерекшеліктеріне орай жырланады. Жыраулар поэзиясындағы жер-су атауларының ішінде Алтын Орда дәуіріндегі қазақ халқының иеленген мекендері сағынышпен, қимастық сезіммен жырланады. Атап айтқанда, Еділ, Жайық, Сырдария, Қара Ертіс өзендері, Азау (Азов) теңізі, Түркістан, Ташкент қалалары, т. б. мекендер жыр арқауының негізін құрайды.

Бүгінгі таңда жыраулар поэзия­сының көркемдік ерекшелігі мен құндылығы - Тәуелсіздігіне қол жеткізген Қазақ елінің өс­кін ұрпақтарын еліне, жеріне, Тәуелсіз Қазақстанына деген сүйіспеншілігі мен отансүйгіштік сезімін оятып қалыптастырады. Қазақ елінің мемлекеттілігін, ежелгі ата жұртын мәңгілік мақтанышпен, асқақ сезіммен жырлау - жыраулар поэзиясында қалыптасқан ұлттық болмысымыздың нақты көрінісі.

Қазақ хандығының мемле­кеттік құрылуы дәуірінде өмір сүрген көркем сөз шеберлері - қазақ әдебиетіндегі жыраулар поэзиясының қалыптасуында Доспамбет пен Шалкиіз жырау­лардың алатын орны ерекше. Доспамбет жырау поэзиясында атамекенді сүю, ардақтау, отаншылдық-патриоттық рух өте басым.

«Бетегелі Сарыарқаның

бойында,

Соғысып өлген өкінбес!» деп, одан соң:

«… Айналайын Ақ Жайық,

Ат салмай өтер күн қайда?!

… Кетбұғадай билерден

Кеңес сұрар күн қайда?!» дейді.

Еділдің бойын ен жайлап,

Шалғынға бие біз байлап,

Орындықтай қара сабадан

Бозбаламен күліп-ойнап,

Қымыз ішер күн қайда?!»

дейді.

Доспамбет жыраулар поэзия­сында өзіндік қолтаңбасы бар, жорықшы, батыр жырау болған. Қазақ хандығы дәуірінде мемлекет мүддесін жоғары ұстанған ақын, елінің бірлігін, тұтастығын жырлаған.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері

Зерттеудің басты мақсатына жыраулық және ақындық поэзияның Қазақ ұлттық менталитетіне және ұлттық мәдениетіміздің қалыптасуына тигізген әсері және оның рухани байлықтарымызды сараптаудағы өзіндік құндылықтарын талдау жатады.

Зерттеу объектісіне жыраулық мәдениетті қоғамдық сананың құрамдас бөлігі әрі тұрақты мәдени құбылыс ретінде әлеуметтік-философиялык тұрғыдан зерттеу жатады.

Зерттеу пәні ретінде жыраулық және ақындық поэзияның пен қоғамдық сананың қарым-қатынасы және жыраулық мәдениеттің ұлттық мәдениеттің деңгейінде жан-жақты көрініс табу ерекшіліктері қарастырылады.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Зерттеу жұмысында отандық және әлемдік әдебиеттегі алғашқы ізденістердің бірі болғандықтан және соны әдістеме қолданылғандықтан төмендегідей ғылыми нәтижелер айқындалды:

  • жыраулық және ақындық поэзияның тек қана архаиқалық санаға тән құбылыс емес, ол сондай-ақ қоғамдық сананың құрамындағы тұрақты бөлігі әрі этномәдениеттің қайнар көзі екендігі мәдениет философиясы тұрғысынан талданады;
  • Қазақ философиялық ойлауының дүниетанымның бір түрі ретіндегі ақын-жыраулар мұрасы құрамына діни, философиялық, әдеби факторлары менбілімдерді қамтитын сана ретінде қарастырылады;
  • жыраулық және ақындық поэзияның ұлттық мәдениеттің өмір сүру тетіктерінің бірі, қоғамдық сананы ұйымдастырушы, ұлттың басын біріктіруші күш ретінде зерделенеді;

Зерттеудің теориялык және әдістемелік негіздері. Зертету батыстық, ресейлік және отандық акпарат арналарынан сусындағанымен, өзіндік әдістемслік және деректемелік Бұлақтарымен айшықталынады.

Қазақ хандығы дәуірінің жырлары кейіпкерлерінің кейбіреулері тарихи деректерде там-түмдап кездеседі. Сондықтан, Бұл дәуір әдеби мұраларын карастырғанда, тарихи мырза, билерді жыр кейіпкерінің өмірдегі прототипі деп қараудан сақ болу керек. Бұл әлі терең зерттеуді қажет ететін күрделі, қат-қабаты көп мәселе. Хандық дәуіріндегі Қазақ әдебитеінде батырлық, ерлікті жалғыз дастанмен емес, толғау, арнау, мадақ, өсиет түрінде шығаратын қолбасы-жыраулар дарыны назар аударарлық. Мұндай қолбасы-жырау шығармаларында дала жауынгерінің арман-тілеп, қайғы-мұңы, қуаныш-шаттығы, көшпелі өмір заң-жоралғысы, салт-санасы, қысқасы қоғам қайшылықтары философиялық терең иірімдермен көрінеді. [1, 65 б. ] .

Зерттеудің әдістемелік негіздерінде ислам аясындағы түркі мәдениетіндегі ментальдық өзғерістерді концептуальды сараптау ерекше рөл аткарады. Қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуы барысындағы этномәдениет ерекшеліктерін ой елегінен өткізу (ақындық-жыраулық, сал-серілік, би-шсшсндік дәстүрлер) диссертацияның маңызды аркауына жатады.

Диссертацияда қолданылган басты методтарға жататындары: тарихилық пси логиқалықтың бірлігі, гермсневтиқалық және салыстырмалы зерттеу, құрылымдық-фупкцияналдық талдау және т. б.

Зерттеудің тсориялық және қолданбалы маңызы. Жұмыстың нәтижелерін философия, саясаттану, мәдениеттану пәндерінде пайдаланып, жыраулык мәдениет ұғымын әлеуметтік ғылымдарда әлеуметтік философияның жәй күйін көрсететін лекция ретінде қолдануға болады. Сонымен қатар диссертация негізінде қазақ ұлттық негізін ашып көрсетуге болады. Бұл жұмыс жыраулык мәдениеттің коғамдық санадағы дүниетанымдық ролін көрсетуге талпыныс жасайды.

Диссертациялык жұмыстың құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, үш бөлімнен (алты параграфтан), қорытынды және пайдаланылған деректер тізімінен тұрады.

1 ЖЫРАУЛАР ПОЭЗИЯСЫНЫҢ ДАМУ ЖӘНЕ ҚАЛЫПТАСУ КЕЗЕҢДЕРІ

1. 1 Жыраулық һәм ақындық поэзияның даму жолдары

Әдебиетімізде өзінің жанрлық белгі сипаттары арқылы ертеден-ақ жеке
сала болып дамыған ақындық және жыраулық поэзияның алатын орны ерекше. Жыраулар әлеуметтік мәні зор ірі, келелі мәселелерді жырласа, ақындар өмірмен қоян-қолтық, бетпе-бет келіп, санқилы тақырыпта өлеңдер
шығарады. Көне дәуірлерден бері фольклорлық туындылармен өзектесе, жарыса дамып келген бұл сала халқымыз бастан кешкен тарихи оқиғалардың көркем шежіресі іспеттес ел тұрмысының сан алуан қырларын қамтып, бейнелеуге әркез елеулі үлес қосып отырған. [2, 31 б] .

Халықымыздың поэзиялық мұрасын атадан балаға ұластырып, айтып жеткізушілер -жыраулар мен ақындар. Ол мұралар ішінде жыраулар мен ақындар төл шығармалары да, оларға әріден жеткен бағзы жырлар да, сол дәуірде туған эпостық туындылар да болуы мүмкін. Демек, жыраулар мен ақындар желілі жырларды тудыруға атсалысып, өзі қадір тұтқан поэзиялық мұраларды жырлап, таратып отырған. Ақын, жырулар мұрасында сол дәуірдегі талай тайпалар басынан өткен тарих іздері сайрап жатыр.
Толғау жанрының қалыптасып, өркен жаю кезеңінің ірі өкілдері Асан
Қайғыдан басталып, Қазтуған, Шалкиіз, Доспамбет, Ер Шобандар сол өздерінен бұрынғы қалыпты дәстүрді жалғастырып дамытты. Бұл тұста толғаудың әлеуметтік қоғамдық мәні артып, арнау, дидактика үлгісіндегі жырлармен толыса түсті. Асан Қайғы өмір сүрген кезеңнің қат - қабат қиындығы мен күрделігі де елеулі әсер етті. Керей мен Жәнібек бастаған елдің көшіп, Шу бойында жеке хандық құруының өзі өте маңызды мәселе еді. Асан көші-қонға қарсы болса да, болашаққа зор үміт артып, қазақтың алғашқы ханы Жәнібек (ХҮғ. ) ел басқару ісіне жиі араласып отырады. Осы мәселелерге сәйкес ол Әй, хан, мен айтпасам білмейсің, Қырында киік жайлаған, Алты атанға қос артып атты толғауларын тудырып, ел бірлігі мен іргелі қоныс жайында арнайы тоқталады. Ханның мін кемшіліктерін бетіне айтады. Бейқамдық пен менсінбеудің мастанудың жақсылыққа алып келмейтінін ескертеді.

Ақындық және жыраулық поэзияның өзіндік сипат-белгілерін бұлардың өмір шындығын суреттеудегі көркемдік тәсілдері мен белгілі бір тарихи кезеңге шыққан авторлардың нақтылығынан, ғасырлар бойы өзара үзілмей келе жатқан дәстүр жалғастығын танытатын стильдік ерекшеліктерін көреміз. Дәл осы аталған поэзияның жазба әдебиетіміздің негізін қалаған ұлы Абайға дейін де, одан кейін де дамып келгені мәлім.
Белгілі бір дәуір талабына орай ұлы Абай бір кезде:

Шортанбай, Дулат пенен Бұхар жырау

Өлең бірі-жамау, бірі -құрау.

Әттең, дүние -ай, сөз таныр кісі болса, [3, 31 б]

Кемшілігі әр жерде- ақ көрініп тұр-ау, - деп, өзіне дейінгі бір топ ел
ішінде аты белгілі ақын, жырауларды қатты сынға алса да, олардың
шығармаларын оқып білді. М. Әуезов кезінде дәл басып танып: Жырау демек,
ақын деу емес. Жыраудың ақын атаулыдан, жыршыдан бөлек өз жанры бар. Бұның өз шығармасы - толғау. Жыраудың мақсаты міндеті - не болса сол көңіл ашар, әлдене дерліктей сөзді айту емес. Ол заман сыны, мезгіл, дәуір
болжамын, тарихи оқиғаның мазмұн бағасын сөз қылады. Көбінесе әрі жырау, әрі би болады, - деп бағаласа, ақындық дарынның ерекшелігін Е. Ысмайылов: Ақын өмірдегі құбылысты, тарихи оқиғаны өзінің ой - өрісі дәрежесінде таниды. Ақын естігенінен гөрі, көзі көргенін тез сезіп, жылдам жырлап кетеді, -деп жазады. Бұл тұста ең алдымен М. Мағауиннің Қобыз сарыны атты кітабы мен Қ. Сыдиықовтың Ақын - жыраулар, Е. Тұрсыновтың Қазақ ауыз әдебиетін жасаушылардың байырғы өкілдері деген зерттеулерін,
Ә. Дербісалиннің Дәстүр және жалғастығы атты монографиясы мен Ерте
дәуірдегі қазақ әдебиеті атты бірлескен еңбекті бөліп атауға болады. [4, 45
б] .
М. Мағауин аталған зерттеуінде ХҮ -ХҮІІІ ғасырларда жасаған ақын,
жыраулар шығармашылығын алғаш рет жеке алып арнайы қарастырумен қатар, сол кітаптың Ақын және жырау атты соңғы тарауында бұл күрделі мәселені жыр құрлысы ( ұйқас, ырғақ, бунақ, тармақ т. б. ) ерекшеліктері тұрғысынан да байыппен ашып талдайды.

Жырау деген термин өзіміздегі жырлау, жыр айту, жырламақ
сөзінен келіп шыққан. Мұның түп төркіні байырғы жыр, жыршы деген
ұғымдармен астасып жатыр. Ш. Уәлиханов кезінде жырдың белгілі бір әуенмен қобыз сүймелдеуі арқылы орындалып, батырлардың ерлік істерін дәріптеуге құрылатынын айта келіп: Жыр дегеніміз- рапсодия Жырламақ етістігінің өзі белгілі бір әуенмен жырлау мағынасын білдіреді. Бір жәйт: батырдың өмірі мен ерліктеріне қатысты оқиғаның бәрі қара сөзбен баяндалады, жыр поэма қаһарманы мен басты кейіпкерлерді сөйлету қажеттігі туған кезде ғана қолданылады, - деп жазды. [1, 35 б] .

Рас, жыр, жыршы деген ұғымдар әдебиеттімізде ерте кезеңдерде- ақ
туып қалыптасқан. Бұған өз жанынан шығарып айтуға мүмкіндігі бар әр алуан суырып салма ақындар жатқызылып келген. Қазақтағы жыр өлеңнің түр мазмұн құрлысындағы айырмашылық белгілерін алғаш танып әңгімелеген кісінің бірі - Құрбанғали Халидұлы ол ақын мен жыршының өлеңшілердей емес, өз жанынан шығарып айтатын дарын қасиеті бар деп санап: Ақындардың бір бөлігін жыршы дейді. Бұлар ақынмен тең түседі. Шығармаларында айырмашылық бар.

Ақын шығармасын өлең дейді. Олардың бір жолы төрт немесе одан да көп сөзден тұрады. Ал жыр болса, одан гөрі қисынға құрылған қиыннан қиысқан үш сөзден тұрады. Мысалы, Бұхар жыршының жыры (поэзиясы), Асан атаның мақал сөздері және Абылай хан қайтыс болғандағы Бұхардың көңіл айтуы да жырға жатады. В. В. Радлов жырды шумаққа бөлінбейтін импровизация, қайғылы жыр жоқтау деп жіктеп, ал жырауды - жыршы, көнені жырлаушы, алдын болжаушы (предсказатель) деп түсіндіреді.

Сондай- ақ, қазақ жырының көнелі сипатын
әңгімелегенде Қайсібір жырларда көне түрік ұйқастарының заңдылық іздері
сайрап жатыр, бұны, әсіресе сондағы аллитерация, акростих және ішкі
ұйқастар мен көне мәтелдерден айқын аңғаруға болады, - дейді. Сөйтіп, жыр
мен жыраудың импровизация тарихында ең көне тип екендігі Ш. Уәлиханов,
Ә. Марғұлан, В. В. Радлов, Жирмунский, Х. Зарифов, М. Әуезов, С. Мұқанов,
М. Мағауин, Ә. Дербісалин, З. Ахметов, Х. Сүйіншалиев, Н. Келімбетов,
Е. Ысмайлов, Р. Бердібаев, Н. С. Смирнова, Е. Тұрсынов, Қ. Айымбетов зеттулерінде түгел мақұлданған. Е. Ысмайылов, Ә. Марғұлан, З. Ахметов сияқты әдебиетшілер жыраулардың эпикалық жыр тудырудағы рөлімен қатар, алдын болжағыш, білгір көрегендік қасиеттері баса көрсетеді.
Е. Ысмайылов жыраулардың қоғамдық рөлін аса жоғары бағалай келіп:
Жыраулар өмірдің ұсақ мәселесіне аз араласып көбінесе заман- дәуір, өткен
мен келешек, адамгершілік, жақсылық пен жамандық жайында ойлар мен
болжаулар, қағидалы сөздер айтып отырған, - деп ой түйсе, Ә. Марғұлан:
Жырау ру басы ақсақал, халықтың көкейтесті арманының мұңшысы, жыршысы ретінде өте қажетті тұстарда ғана болмаса, суырып салып жыр бермеген.

Ел құрметіне бөленген жырауларға жұрт болашағына қауіп төніп, қалың бұқара жол таба алмай, тығырық тығылған екіталай ауыр сағаттарда ғана ақыл салып, кеңес сұрайтын болған. Болашақты барлап болжам айту -көреген де білгір жыраулардың поэтикалық өнердің басты тәсілі болып саналған, - деп жазады. Ал, З. Ахметов жыраудың әлеуметтік қызметтін эпостық жырлармен байланыстыра қарап: Жыраулар творчестовасының жанрлық ерекшеліктері, олар өз жырларын қазақ халқының көне поэтикалық үлгісі-толғаулар арқылы таратқан. Жырау сөзінің көп мағынасы эпостарда ғана сақталып қалған. Мұны эпостық кейіпкерге айналған Сыпыра бейнесінен анық аңғарамыз. Бертін келе бұл ұғым
өзгерген, жаңа мағынасында қолдана бастады, -дейді.

Жыраулар импровизация дәстүрін қалаушылар емес, оларды жалғастырушылар Ә. Тәжібаев: Жырау- сөз жоқ ақын. Ақын болмай жұрт қадірлейтін жырау атану мүмкін емес. Ақындығы күшті жыраулардың жалынды жырлары үнемі жаңғырып, кейінгі ұрпаққа сиқын
бұзбай көрікті күйінде жетіп отырады. Ал, жыраулық - ертеден келе жатқан
халық поэзиясының үлкен бір дәстүрлі саласы, - деп жыраулық дәстүрді
әдебиетте орны бөлек, жеке сала ретінде қарасытырады. Ал, Ә. Марғұлан:
Жыраулар эпикалық жырды жасаушылар болумен қатар, қоғамдық өмірдің
барысын, болашақты болжап айтатын жеке профессионалдық топтың да ірі
өкілдері. Бұл пікірді Ә. Қоңыратбаев әрі қарай жалғастырып:Ертегі, ұсақ
салт жырлары жәй айтушылардан басталса, эпос профессионал жыраулардың
үлесінде болған- дейді. Бұл- әдебиетіміздің дамуындағы өзге де қайталанбас
басты ерекшеліктерінің бірі болып табылады. [1, 38 б] .

Қазақ жырларының сан ғасырлық шығармашылығын негізінен үш кезеңге бөліп қарастырған жөн сияқты. Бірінші топқа жыраулық дәстүрдің негізін қалағаналғашқы өкілдері: Қорқыт, Аталық ( Кетбұға), Сыпыра жыраулар жатады. Бұл дәуір ХІ-ХІҮ ғасырларды қамтиды. Жыраулықтың қалыптасу кезеңін белгілейтін екінші топқа Асан Қайғы, Қазтуған, Шалкиіз, Доспамбет шығармалары кіреді.

Мұның кезеңі ХҮ-ХҮІ ғасырлар. Үшінші топты жыраулықтың әбден
толықсып, кемелденген кезеңіндегі өкілдері: Үмбетей, Жиембет,
Тәтіқара, Ақтамберді, Бұқар жыраулар құрайды. Бұған ХҮІІ -ХҮІІІ ғасырлар
жатады. Сондықтан бұл кезеңдердің ерекшеліктерін ашып әңгімелеуді жыраулық поэзиясының бірде-бір көрінісі- толғау жанрының қалыптасуынан бастау қажет. Толғау - әдебиетіміздің өз ерекшеліктерімен көрініп, көне дәуірлерде туып қалыптасқан поэзиялық шығарманың бір түрі-, дейді Б. Әбілқасымов.

Толғау қазақтың жыр толғау, толғап айту деген сөзінен алынып, жеке
термин ретінде әдебиетімізде кейінгі Кеңестік дәуірде ғана қалыптасты.
Толғаулар өзінің жүйелі табиғатымен оқиғасы бар жырға тонның ішкі
бауырындай жақын, үндес. Бізге жеткен толғаулардың халық өмірінің аса бір
жауапты, күрделі қиын бір тұсында айтылып таралғаны аңғарылады. Жыраулар толғаған суырып- салма жырлар философиялық ойға құрылған тұжырымдармен де, жеке адам бейнесін жасаған салиқалы да тартымды, мазмұнымен де дараланады. Мұнда ел, жер, халық тағдыры, болашағы жүйелі сөз болады. Осы ерекшеліктермен мұны эпикалық жырларға көп ұқсатады. Мәселен, Сыпыра жырларының жеке күйінде жетпей, эпостарда кездесуі де көп мәселенің сырын аңғартса керек.
Әрбір әдеби туындылардың алғаш пайда болуы мен қалыптаса дамуы соның
авторларының аренаға шығуы мен тікелей байланысты десек, толғау жанырының ең алғашқы өкілдерінің бірі деп, ең алдымен, Сыпыра жырауды айта аламыз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жыраулар тарихы
Жыраулық поэзияның қалыптасу тарихы
Жырау кім
ЖЫРАУ МЕН ЖЫРШЫЛЫҚ ДӘСТҮРДІҢ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ҚАЛЫПТАСУЫ
Жырау және тарих
Қазақ ақын жырауларының дүниетанымының қалыптасуы
Шортанбай - қазақ әдебиетіндегі зар заман дәуірінің көрнекті өкілі
Қазақ поэзиясында жырау - ақынның ерекше ежелгі түрі
XIX ғасыр қазақ әдебиетіндегі жыраулық дәстүрдің көрінісі
ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы әдебиет
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz