Команда құрамы және ойыншыны айырбастау


Авторлық бағдарлама тақырыбы:
«Волейбол ойыны.
Ойыншыларды алаңға орналастыру»
9-11 сыныптарына арналған
Құрастырушы:
Давлетов Талгат Рахимович -Орал қаласы №19 ЖОББМ КММ-нің дене шынықтыру пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші
Масанғалиев Қайрат Ерболатұлы -Орал қаласы №19 ЖОББМ КММ-нің дене шынықтыру пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші
Рецензенттер:
*. *. -
*. *. -
Ұсынылып отырған авторлық бағдарлама волейбол ойыны туралы теориялық мәліметтермен қатар, практикалық тұрғыда үйретуге бағытталған. Сабақтан тыс спорттық үйірме, факультатив білім беру жүйесінде волейбол спорт түрін үйрету арқылы оқушылардың жеке қабілеттіліктерін айқындап, жетілдіре отырып, оның әр түрлі қимылдары мен жылдамдықтарын түрлі қарқында дамытуға негіздейді.
Жинаққа бағдарламаның білім мазмұнымен қоса, күнтізбелік- тақырыптық жоспары және қысқа мерзімді жоспар көрсетіліп енгізілген.
Авторлық бағдарлама жалпы білім беретін мектептердің дене шынықтыру пәні мұғалімдеріне, жаттықтырушыларға арналған.
МАЗМҰНЫ
3. 4Шабуыл жүйесінің тәсілідерін жетілдіру . . .
4. Волейбол ойынының күнтізбелік-тақырыптық жылдық жоспары және
қысқа мерзімді сабақ жоспар . . .
33
35
КІРІСПЕ
Бүгінгі тандағы қоғам өмірінің экологиялық, экономикалық және әлеуметтік жағдайларының түрлі себептерінен, сондай-ақ жалпы білім беретін мектептер мен басқа да жоғары білім беретін оқу орындарында дене шынықтыру мен спорт жүйелерінің нашарлауына байланысты оқушылар мен жас жеткіншектердің денсаулықтары төмендеп, жылдан-жылға аурулардың саны көбеюде. Бұл жағдай қоғамның да, мемлекет басшыларының да аландаушылығын туғызуда. Осыған орай халықты, әсіресе, болашақ жастардың дене тәрбиесі жүйесін жақсартуға мемлекет тарапынан әр жыл сайын бірнеше шаралар қолданылып, заңдар қабылдануда.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев "Қазақстан Республикасының 1996-2000 жылдар аралығында жалпы бұқаралық спортты дамытудың мемлекеттік бағдарламасы" туралы Жарлығына қол қойса (1996ж. ), 1997 жылы "Қазақстан-2030" бағдарламасын жолдады. Ал 1999 жылы "Қазақстан Рсспубликасының дене мәдениеті жоне спорт туралы" заңы қабылданса, 2001жылы "Қазақстан Республикасының 2001-2005 жылдар аралығындағы дене тәрбиесі мен спортты дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы" жарлығы шықты. Бұл бағдарламалар мен зандардың ең өзекті негізгі мақсаты дене тәрбие саласын дамытуды әлеуметтік тұрғыда анықтап, жеке тұлғаны дамытуды жаңаша көзқараспен қарап, оған әлемдік ғылым мен прогресс деңгейіндс білім мен тәрбие беру. Сонымен қатар, жас ұрпақтан өркениетті қоғамның ерікті, өз бас бостандығын қорғай алатын, бүкіл адамзат құндылығын бағалайтын адамгершілік, имандылық, ізгілік мінез-құлқы қалыптасқан іскер, дені сау, ой еңбегі мен дене еңбегіне бірдей қабілетті азамат тәрбиелеу. Сол себепті дене тәрбиесінің бала тәрбиесіндегі әлеуметтік ықпалы зор деп есептеуіміз қажет.
«Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасында салауатты өмір салтын ұстану, дене тәрбиесімен, спортпен шұғылдану мәселелері қарастырылған. Сондай-ақ, 2020 жылға дейінгі даму бағдарламасында да аталмыш мәселелер онан ары нақтылана түсті. Жастардың салауатты өмір салтын ұстануымен қатар спортпен жүйелі түрде айналысып, жоғары жетістіктерге жетіп, отанының абыройын одан ары жоғарылатса, ұлтымыздың мерейі одан ары үстем бола түсер еді. Міне осындай жастар жағынан кең қолдауға ие спорт түрінің бірі волейбол ойыны.
Спорттық ойындардың ішінде волейбол ойынының ролі өте зор. Волейбол қимылы адам денесін жетілдіреді, волейбол қимылдарына үнемі қатысу, жылдамдық, күш-қуат, төзімділік, сәйкестілік және иілгіштік сияқты дене сапасын жетілдіріп, дене қабілетін жоғарлатады, денсаулықты жақсартып дененің қалыпты өсіп-жетілуін ілгерілетіп, денені бір келкі жетілдіреді, сондай-ақ ұстамдылық, байсалдылық, ақылдылық және батыл болу сынды қасиеттерді баулиды. Ол әсіресе жас өспірімдердің дамуы мен жан-жақты жетілуінде маңызды рол ойнайды. Сондықтан жастар арасында волейбол спортын насихаттау мен жүргізі бүгінгі күннің басты талабы. Курстық жұмыстың мақсаты- жас волейболшылар арасында волейбол ойынының техникасы мен тактикасын үйрету.
Lesson Study зерттеу жұмыстарының мақсаты: Волейбол ойыншысының техникалық-тактикалық дайындықтарын жетілдірудің тиімді жолдары көрсету.
Міндеттері:
- Теориялық ақпарат көздерін оқу, талдау, зерттеу арқылы волейбол спортының техникалық дайындығын зерттеу, жүргізілген жұмыстармен танысу, анықтау;
- Волейбол ойынның дұрыс техникаларын зерттеп, жас волейболшылардың техникалық дайындығын жоғарылатудың тиімді жолдары мен әдістемелерін анықтау;
- Техникалық дайындығын жетілдіру жолдары мен әдістерін эксперименталдық зерттеп, дәлелдеу;
- Еліміздегі аталмыш спорт түрін жастар мен жасөспірімдер арасында кеңінен насихаттау
Зерттеу объектісі: жас волейболшыларды жаттықтыру дайындау үрдісі.
Зерттеу сыныптары: волейболмен айналысатын 9-11 сынып оқушылары.
Зерттеудің негізгі дерек көздері ресми жалпы мемлекеттік құжаттар болып табылады: Президенттің «2030 - даму бағдарламасы», «Дене мәдениеті және спорт заңы», «1996-2000, 2001-2005, 2007-2011 Қазақстан Республикасында дене мәдениеті және спортты дамыту туралы мемлекеттік бағдарламалары», Жалпы білім беретін мектептердегі 1-11 сыныптарға арналған дене тәрбиесі бағдарламалары, Дене тәрбиесінің стандарты. «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Президенттің халыққа Жолдауы (2007), Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы (2007), Қазақстан Республикасының «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңы (2000), 050108 «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша Мемлекеттік білім стандарты (2007) .
Зерттеудің әдіснамалық негіздері. Дене мәдениеті және спорттың теориясы мен әдістемесі, педагогика, психология, медицина, физиология саласындағы жетекші мамандардың ғылыми жұмыстары болып табылады.
Волейбол ойыны жайында көптеген ізденістер жасаған Н. М. Рагозин., Л. П. Матвеев., О. Спасский., Ю. Д. Железняк, Ю. Н. Клещев., О. С. Чехов., Л. Барбара., Виера Бонни Джилл Фергюсон., Т. Ботағариев қатарлы маман ғалымдардың еңбектері талданды, көз қарастары ескерілді.
Ал, жалпы спорттық жаттықтыру үрдісінідегі спорттың теориясы мен әдістемесін зертегенде Е. Қ. Уанбаев., Ф. Ж. Уанбаевалардың «Дене мәдениетінің ілімі мен әдістемесі» еңбектері негізге алынды.
Зерттеу әдістері. Ғылыми жұмысты орындау кезінде негізгі міндеттер мынандай ғылыми-зерттеу жұмыстары көмегімен іске асырылды: ретроспективті ақпарат алу әдістері: әдебиеттерді оқу, талдау, құжаттарды оқу, талдау, сұрақ, әңгіме-интервью алу; ағымдық құжаттарды талдау әдістері.
Зерттеу көздері: Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Ж. Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми кітапханаларындағы әдебиеттер, ғылыми еңбектер, кандидаттық диссертациялар, авторефераттар. Республикалық, облыстық газет-журналдардағы мақалалар, интернеттегі ақпараттар. Дене мәдениеті және спорт, валеология, спорттық жаттықтыру, спорттық ойындар туралы жазылған әдебиеттер, ғылыми еңбектер, мақалалар.
Lesson Study кезеңдері.
1 -кезең - дайындық кезеңі. Тақырыпты анықтау, мақсаты мен болжамы, зерттеу әдістерімен танысу.
2-кезең - теориялық кезең. Зерттеу тақырыбы бойынша әр түрлі әдебиеттерді оқу және талдау, қажетті деректерді жинақтау.
3-кезең - қорытындылау. Жиналған деректерді пайдаланып, қорытынды жасау.
Бағдарлама жұмысның құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, авторлардың еңбектері пайдаланылған 35 әдебиеттер тізімінен тұрады
1. Волейболдың шығу тарихы
1. 1 Волейбол туралы жалпы ұғым
Әр өнердің дүниеге келу тарихы бар. 1895 жылы америкадағы колледждің мұғалімі вильям морган волейбол ойынын ойлап тапты. Талапты оқытушы оны үлкен творчестволық ізденістің перзенті ретінде спорт сүйгіш қауымға сыйлаған еді. Алғашқы кезде бұл ойын қарапайым ережелермен ғана шектелді. Осыдан болса керек, оның даму, өркендеу жолы тым саябыр басталды.
Волейбол өнері біздің елімізге октябрь революциясының жеңісінен кейін келді. Қазір волейбол өнері мыңдаған, миллиондаған адамдардың сүйікті ісіне айналды. Волейболы әлемде алдыңғы қатарға шықты.
СССР құрама командасы әлемнің үш дүркін чемпионы тұғырына көтерілді. Екі рет олимпиадалық ойындарда алтын медальды жеңіп алды. Бүл, сөз жоқ, волейболшыларының тамаша да татымды жеңісі. Ал елімізде қаншама шеберлер командалары бар десеңізші? Осы командаларда не бір талапты спортшылар қанаттанып келеді.
Республикада волейболшылар қозғалысы отызыншы жылдардың басында басталды. Сонан Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан кейін бірден кең өріс алып кетті. Бұл ойынның жалпы халықтық сипат алуы оның коллективтік өнер екендігінде. Мұнда команда бір адамның мүддесіндей мақсатқа ойын жүйесін тұжырымдағанда ғана жеңіске жете алады. Сондықтан да ол ұжымдық ойын, коллективтік жеңіс болып аяқталады. Мұның қуаттылығы мен тартымдылығы осында жатса керек. Ауыл-селолардағы физкультура ұжымдарында волейболшылар үйірмесін ұйымдастырудың еш қиындығы жоқ. Мұның үш түрлі себебі бар: біріншіден - волейбол алаңын жасап алу қиын жұмыс емес. Екіншіден - волейбол добы мен торы ауылдық жерлерге алдымен жететін спорт құралдарының бірінен саналады. Үшіншіден - үйірмеге екінің бірі мүше болуға әзір тұрады десек артық айтқандық болмайды.
Ендігі мәселе - үйірме құрамын дұрыс іріктеу. Осы арада волейбол ойнауға бейімі бар, оған жан-тәнімен ден қоятындарды аңғара білу керек. Бұл үшін әр түрлі орталарда жарыстар өткізілуге тиіс. Біріншіліктерді өткізу дәстүрге айналып келеді. Мұның өзі халықтың дұрыс демалуына, дене тәрбиесін денсаулықтың қайнар бұлағына айналдыруыңа ықпал етеді.
Спорт жарыстарын өткізу жүйесінің тұрақты кестесін жасап, оны ұйымшылдықпен белгіленген уақытта еткізіп тұрудың мәні зор. Бұл спорт өнеріне хадықтың дұрыс ден қоюына, үйірме жұмысының сәтті қадамына себін тигізетін жәй болып табылады.
Үйірме жұмысын жастар тілегіне сай біркелкі жүргізіп отыру үшін үйірме кеңесін кұрған жөн. Бұл орта үйірме жұмысының жоспарлы түрде нақты іс төңірегінде реттелуін қамтамасыз етеді. Әрбір ауылда, елді мекенде, волейболшы жастардың өкілі болғаны дұрыс.
Жарыс өтер кезде әдіскер-нұсқаушы төрешілер мен волейбол үйірмесі мүшелеріне жарысқа қатысушылардың тізімін алуды тапсыруы керек. Ойыншының туған жылын, мамандығын, қай кезден ойнай бастағанын қысқаша жазып алған жөн. Оның үйірме жұмысына тұрақты түрде қатысып тұруын да әңгіме еткен дұрыс.
Осындай алдын ала жүргізілетін іс үйірме жұмысының белгілі бір жүйеде қалыптасуына үлкен ықпал етеді.
Үйірменің жұмыс жоспарын нақты әрі өміршең етіп құра білу керек.
Дене тәрбиесімен тұрақты түрде шұғылданған ортада еңбек өнімділігі жоғары болып, адамдардың өз ісіне деген жауапкершілігі артады. Ұжымдық еңбек жемісті болады.
Төменгі коллективтегі әдіскер-нұсқаушы үйірме кеңесімен тығыз байланыста болуы шарт. Үйірме кеңесіне жетекшілік жасап, оларды спорттық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіп отыруға тиіс. Сонда ғана жұмыс жанданады, көп қолдауын табады.
Әдіскер-нұсқаушы жастардың денсаулығы мықты, рухани байлығы мол болуы үшін оларға жан-жақты тәрбие беру мәселесіне зор көңіл бөлуі керек.
Айталық, еліміздін, тандаулы волейболшы жігіттері мен қыздарының шеберлікті қалай игергені жайында, халықаралық жарыстарда еліміздің намысын қалай қорғағандығы жөнінде қысқаша әңгімелеп беруге болады. Мұның өзі жастардын спортқа ынта-ықыласын арттырады. Бір үлгілі ұйымшыл ұжымның өмірінен мысал келтіре кеткен дүрыс.
Тәрбие мәселесіндегі ең басты мәселе- үйірме жетекшісінің педагогке тән принципшілдігі мен оқу-жаттығу жұмысын ойдағыдай ұйымдастыра білуі болып табылады.
Үйірме жүмысы жемісті болуы үшін оқу-жаттығу ісін дұрыс жолға қоя білу кереқ. Кейбір үйірме жетекшілері, мұғалімдер волейболды үйретуді екіжақты ойын тәсілімен бастайды. Олар бұл арқылы тактикалық және техникалық білім беру жүйесін тым ауырлатып алады. Осыдан барады да шеберлік шыңдау, әрбір әдіс-айланың жеке детальдарын терең игеру сияқты тәрбиелік мәні бар талап-тілектер жеңілдеп кетеді. Демек әр ойыншының жауапкерлігі азаяды. Міне, сондықтан үйірме ұйымдасқан күннің алғашқы сәтінен бастап, мұндай дәстүрлерден іргені аулақ салған жөн.
Нұсқаушы оқу-жаттығу жүйесінің жоспарын жасағанда әрбір сабақ сайын спортшының алдына жаңа міндеттер қойып отыру жағын ескертуі керек. Сонда ғана үйірме мүшелері оқу-жаттығу ісіне творчестволықпен қарайтын болады.
Ең бір мықтап ескеретін жай- спортшының ынталылығы. Ынталылық дегенде алға қойған міндетті игеруге барлық салатын табандылықты айтамыз. Жасыратыны жоқ кейде ең шебер деген команданың өзі әлсіз деген әріптесінен жеңіліп қалады.
Демек, бұл команда мүшелері ең қиын-қыстау сәтте «бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып» бір кісідей қимыл жасай алмады деген сөз. Міне, ынталылық пен қажырлылықтың ауадай қажет жері осы. Волейболшының төзімді және табанды болуы - ең бір керек қасиет. Әр ойыншыны жарыстың өне бойына біркелкі қимылдайтындай етіп жаттықтыру керек. Сонда жаттықтырушының теккен тері далаға кетпейтін болады.
Волейболшы әрбір тактикалық және техникалық әдіс-айланы салмақты, сабырлы түрде ақылмен жасауы шарт. Мысалы, жаттығу кезінде допты ойынға қосу, беру, қабылдау және т. Б. Сол сияқты тосқауылға соқтырмай допты қиғаштай, құлдилата ұру немесе алаңның ашық қалған жеріне тастау әдістері ойыншыдан үлкен шеберлікті талап етеді. Сондықтан оқу жаттығу жүйесін жарыстың басынан аяғына дейін төтеп бере алатындай деңгейге құрған көп пайдалы.
Теориялық сабақ үстінде жас волейболшылар ең қарапайым әдіс-айланы, комбинацияны үйренеді және кейбір командалардың ойынын талдайды. Осыны іс жүзінде байқап көру үшін үйірме жарысын, мектеп оқушылары арасында мектепішілік, аудандық біріншілігін өткізу керек. Тіпті көрші ауылдың жасөспірімдерімен жолдастык, кездесу өткізуге де болады. Бір ескеретін жай - мұндай жарыстарды оқу-жаттығу жүйесінің жарты жылдық программасын өткеннен кейін ұйымдастырған дұрыс. Өйткені бұл кезде әр ойыншы жекелеген әдіс-айланы, допты қабылдау, беру, құлдилата ұру, сол сияқты тосқауыл қоюды біршама жақсы меңгереді. Сөйтіп, жаттықтырушы әр спортшының жарты жылда жеткен жетістігін өз көзімен көруге мүмкіндік алады.
1. 2 Волейбол ойының ережелері
Жарысқа ерлер және әйелдер командалары қатысады. (Сан жағынан шек қойылмайды) . Балалар мен жасөспірімдер командалары мынадай топтарға бөлінеді: 13-14, 15-16 және 17-18 жастағылар.
Дәрігердің қорытындысы (тұжырымы) бойынша әрбір топтағы командаға ересек топтағылардан 1-2 ойыншы қосылады. Ересек жас өспірімдер тобындағылар дәрігердің рұқсатымен ересектер командасында ойнай алады.
1. Ойыншылардың міндеті мен құқықтары
- Ойыншы ойын тәртібін жақсы білуге тиіс.
- Ойын кезінде ол төрешімен өз командасының қапитаны арқылы сөйлесе алады.
- Ойынға қатысатын ойыншыда дәрігер берген рұқсат қағазы болуы керек.
2. Ойыншылардың киімі
Ойыншылардың спорттық формасы - майка, труси және тапочкадан тұрады. Оларға жаттығу костюмдерімен ойнауға рұқсат беріледі.
3. Команда құрамы және ойыншыны айырбастау
1) Алаңға екі команда шығуға тиіс. Әр командада 6 адамнан болады. Ойын үстінде команданың кез келген ойыншысын запастағылармен айырбастауға болады. Әр командада негізгі құрамға жататын 5-6 ойыншының болуы заңды. Ал, командада запастағы мен негізгі кұрамдағыларды қосқанда ойыншының саны 12-ден аспауы керек.
2) Ойын басталардан бұрын жарыс протоколына команданың барлық мүшелерінің фамилиясы жазылуы керек.
Егер запастағы ойыншылардың бірі жаңағы тізімге ойын басталар алдында ілікпей қалса, оны келесі партияның ойыны басталғанша жазып қоюға жаттықтырушының еркі бар.
3) Ойыншыларды алмастыру немесе бір минуттік үзіліс алу тек доп ойыннан шығып кеткенде команданың капитаны не жаттықтырушының талабы бойынша ғана жасалады. Бұған төрешінің рұқсаты керек.
4) Ойыншыны алмастыру төрешінің рұқсатымен ғана жасалады.
5) Алаңнан төрешінің талабы бойынша қуылған ойыншының қайтып ойынға кіруіне, оны екінші бір ойыншымен алмастыруға рұқсат етілмейді.
6) Егер екі команданың бірінде 5-ақ ойыншы қалып, запастағы ойыншылармен толықтыратын мүмкіндігі болмаса, ойын тоқтатылады да, командаға бұл партияда жеңіліс жазылады.
7) Егер бір команданың ойыншысы қатты жарақаттанып қалса, оның орнын басатын қосалқы ойыншы болмаса, онда команда капитанының өтініші бойынша жарыс төрешісі ойынды 3 минутқа тоқтатады. Осы уақыт өткеннен кейін команданың құрамы толықпаса, ойын онан әрі жалғастырылмайды, командаға жеңіліс жазылады.
4. Ойыншыларды алаңға орналастыру
- Әр кез допты ойынға қосар алдыыда оны қабылдайтын жақтың ойыншылары алаңға үш-үштен екі қатар түзейді. Егер командада бес-ақ адам қалса, жаңағы екі қатардың соққысында екі ойыншы тұруға тиіс. Торға таяу тұрғандарды алаңның алғы сызығының, ал қалғандарын алаңның артқы сызығының ойыншылары деп атайды.
Доп ойынға қосылар алдында алаңның артқы сызығы ойыншыларының, алдыңғы сызықтың ойыншыларынан оза тұруына болмайды. Өйткені ойынға қосылатын доп көбіне алаңның артқы сызығының аймағына түседі.
- Ойыншылардың аландағы орналасу жүйесін ойын өтіп жатқан кезде өзгертуге болмайды. Егер жаттықтырушы қажет деп тапса, жаңа партия басталар алдында алаңдағы ойыншылардың орналасу жүйесін өзгертуінеболады.
5. Жаттықтырушы, өкіл және команда капитаны
- Жарысқа катысушы әрбір ұйымның команданы басқаратын жаттықтырушысы не өкілі болуға тиіс. Егер бұл талап орындалмаса, онда жаттықтырушы мен өкілдің міндетін команда капитаны атқаруға тиіс.
- Жаттықтырушы, өкіл немесе команда капитаны ойыншылардың тәртібі мен жарысқа дер кезінде қатысып отыруына жауап беретін болады.
- Жаттықтырушы, өкіл немесе команда капитаны жарыстың өту барысы мен командалардың кездесу жүйесін анықтайтын жеребеге қатысады.
Егер жарыс төрешілерінің кеңесі өтетін болып, оған команда басшыларының қатысуы қажет болса, бұл талаптан да команда жетекшісінің бас тартуына қақысы жоқ.
Жаттықтырушының немесе команда өкілінің төрешілер мен жарысты өткізушілер алқасының шешіміне қарсылық жасауға қақысы жоқ.
Әрбір қарсы пікірді жарыс аяқталғаннан кейін жарыс төрешілерінің коллегиясына жазба түрде тапсыруға болады.
5. Команда капитаны ойын алаңындағы бірден-бір жетекші ретінде саналады. Сондықтан да ойын жүйесінің барысы жайлы төрешіге капитан ғана арыз ете алады.
6. Төреші және оның міндеті
- Әр кездесуге төрешіні жарысты өткізіп отырған ұйым тағайындайды.
- Ойын үстінде кеткен қателікке қолданылған шараға ойыншылар мен көрермендер дау айтатын болса, қателіктің қалай кеткендігін төреші түсіндіріп беруге тиіс.
7. Ойын ережесі
Алаң таңдау және ойынның созылу уақыты
- Екі команданың жеңімпазды аныктау ойыны үш партиядан тұрады. Екі партияда ұтқан команда жеңімпаз атанады.
- Кездесу басталар алдында алаң таңдау мен ойынды қай команданың бастайтындығы жайлы төреші жеребе тастайды. Жеребені тапқан команда ойынды бастайды да екінші команда алаң таңдайды.
- Бірінші партия аяқталысымен екі команда алаңды айырбастайды. Бұл жолы ойынды алғашқы партияда алаң таңдаған команда бастайтын болады.
- Жарыс басталар алдында тізімге іліккен 12 ойыншының кез келгенін ойын үстінде алмастыруға болады.
8. Ойынның басталуы және допты ойынға қосу
Төреші ойын есебін хабарлағаннан кейін допты ойынға қосуға болады. Егер төреші ойын есебін хабарлағанда допты ойынға қосып қойса, бұл тәсілді қайыра қайталайды. Демек, жаңағы спортшы допты қайтадан ойынға қосады.
Егер допты ойынға қосу кезінде ойыншы допты ұра алмай қалса, ол допты ойынға қосу тәсілін қайыра қайталайды.
1. 3 Дене тәрбиесі сабағындағы жас волейболшылардың күш-қуатын арттыруда волейболдың рөлі
Балалар мен жасөспірімдердің қозғалыс қабілеттері олардың морфофункцияналдық негіздерімен тығыз байланысты. Оқушы жасөспірімдердің дамулары үздіксіз, бірақ бәрінде бірдей емес. Әрине, мектеп оқушыларының өсуіне негізгі жүгіру, секіру сияқты дене жаттығулары белсенді әсер етеді.
Мектеп оқушыларының дамуын үш кезеңге бөлуге болады:
- Төменгі мектеп жасында /6-10 жас/
II. Орта мектеп жасында /11 -14 жас/
III. Үлкен мектеп жасы /15-17 жас/
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz