Мектеп жасына дейінгі балалардың қиялының даму үдерісі


Кіpіcпe
Адам миында бұрыннан бар елестерді мәнерлеп жаңа бейне жасау процесі -қиял деп аталынады. Сонымен қиял-нақты шынайылықты білдіретін және осының негізінде жаңа көріністі жасайтын, түсініктерді қайта жасау процесі. Қиял, еңбек процесінде адамның белгілі-бір құралдарды қайта жасау қажеттілігінің тууы негізінде пайда болды деп есептелінеді. Мысалы: адам өзінің сипаты мен қасиеті жағынан әлі толық жетілмеген еңбек құралдарын ала отырып, басқа еңбек операциясын жасау үшін қажет өзінің көзқарастарына сәйкес келетін басқа құралдарды көз алдына елестетеді.
Қиял дегеніміз - тек адамға тән, меншікті психикалық процесс. Жануарлар дүниесінде мұндай функция болмайды. Өйткені, қиял - адамның еңбек әрекетімен дамитын психикалық қызмет. Ол басқа да психикалық процестердің түрлері сияқты шындықты бейнелеп, болмыстағы оқиғалармен бірлікте пайда болып отырады. Қиял арқылы пайда болып отыратын жаңа бейнелер адамның білім қорына, нақты образдарға, тұрақты елестерге негізделеді. Адамның әрқилы психикалық әрекеттерінде бір ғана процестің дараланып жеке кездесуі мүмкін емес. Осындай процестер бір бағытпен, арнамен өзара ұштасып, араласып жатады. Солардың ішінен адам әрекетінде бір-екеуі жетекшілік қызмет атқарады. Сонымен, қиял дегеніміз - бізді қоршаған сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстардың образдарын жаңартып, оларды өңдеп бейнелеуден тұратын, тек адамға ғана тән психикалық процесс [1] .
Қиялдың ойлау процесінде алатын орны ерекше. Өйткені ойлау белсенділігі адамды шығармашылық әрекетке жетелейді. Ал ондай әрекет қиялдың өте күшті дамуын қажет етеді. Ойлау мен қиял бір-бірімен тығыз байланысты. Жан қуаттарының осы екеуі де мәселені шешуге, сұраққа жауап беруге қатысады. Бірақ қиялда мәселені шешудің өзіндік ерекшелігі болады. Қиял - мәселені суреттеу, жанды көрініс арқылы шешсе, ойлау оны тірі суретсіз жалпылай, ұғым, пікір, тұжырым түрінде шешеді;
Баланың қиялы ересектерге қарағанда әлсіз. Л. С. Выготскийдің тұжырымына сүйенсек, «Бала қиялының дамуы біртіндеп, шамасына қарай қабылдауынан басталады. Қиялда болатын барлық образдар, қаншама таңғажайып болып көрінгенмен де, баланың өмірден көрген-білгенінен негізделеді. Кейде бала өмірде кездескен кейбір жағдайларды өзіндік қабылдаумен түсіндіргенде, бізге үлкендерге күтпеген таңқаларлықтай болып естіледі». Мектеп - бала қиялын дамытуда үлкен рөл атқарады. Мұндағы оқылатын сабақтардың мәніне түсіну қиялсыз мүмкін емес [2] .
Зерттеу жұмысының мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалардың қиялының дамуы мәселесін қарастыру.
Зерттеу нысаны: Мектеп жасына дейінгі балалардың қиялының даму үдерісі.
Зерттеу пәні: Мектеп жасына дейінгі балалардың қиялының даму жолдары.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер мектеп жасына дейінгі балалардың қиялын инновациялық технологиялар арқылы арттырсақ, онда, онда балалрдың қиялы дамып, шығармашылық қабілеттері жоғарылайды.
Зерттеу жұмысының идеясы: Мектеп жасына дейінгі балалардың қиялының даму принципін дамыту.
Зерттеудің міндеттері:
- Қиял туралы жалпы ұғымды анықтау;
- Қиялдың түрлері және дамуын қарастыру;
- Жаңа инновациялық технологиялар мен дәстүрлі емес технологияларды пайдалана отырып, балалардың қиялын дамытуды зерттеу;
Зерттеудің әдіснамалық негіздері: Зерттеуде мектеп жасына дейінгі балалардың қиялының дамуы жайлы ғылыми - әдістемелік, педагогикалық әдебиеттер, оқулықтар және оқу құралдары, ойлау технологиясы туралы еңбектер негізге алынды.
Зерттеудің әдістері: Зерттеу алдына қойған мәселелерді шешу және ғылыми болжамды тексеру - педагогикалық еңбектерге теориялық талдау жасау, салыстыру, нақтылау мен жинақтау, тәжірибелік - әдістемелік жұмыстарды жүргізу, әдістері қолданылды.
Зерттеу көздері: Зерттеу мәселесі бойынша педагогикалық еңбектер, алдыңғы қатарлы педагогтардың іс-тәжірибесі, педагог ғалымдардың ғылыми еңбектері, оқу - әдістемелік кешендер, бастауыш білім беру стандарты, бағдарламалар, оқу құралдары, оқулық.
Жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімідерінен, қосымшадан тұрады.
1 Мектеп жасына дейінгі балалардың қиялының дамуының тeopиялық нeгіздepі
1. 1 Қиял туралы түсінік
Адамда қиял пайда болған кезде ми қабығында бүрын жасалған уақытша байланыстар түрлі комбинацияларға туседі де, жаңа нәрселердің бейнесі туып отырады. Уақытша байланыстарды қайта жасап, өндеу процесінде екінші сигнал жүйесі шешуші рөл атқарады.
Адамдардың қиялына тән кейбір ерекшеліктерді төмендегіше топтастыруға болады:
1) әр адамның қиял ерекшеліктері оның жеке қызығулары мен қасиетгеріне, алдына қойған мақсатына байланысты болып келеді. Бүл арада суды аңсап шөлдеген жолаушының қиялы мен екі-үш күннен кейін емтихан тапсыратын студенттің машинасының тетігін жетілдіруді ойлап жүрген инженердің қиялын салыстырып көруге болады;
2) қиялдың мазмүны мен формасы адамның жас және дара ерекшеліктеріне де, білім тәжірибесіне де байланысты. Мәселен, көргені де, түйгені де көп, өмір тәжірибесі мол, әр тарапты білімі бар ересек адамның қиялы мен енді ғана өмірге аяқ басайын деп түрған жеткіншектің қиялын бір өлшемге салуға болмайды;
3) қиял адамның өскен ортасына, этностық ерекшелігіне, табиғат, жер-су қоршауына байланысты да көрініп отырады. «Жаратылыстың қүшағында, -деп жазады М. Жұмабаев, - меруерт себілген көк шатырдың астында, хош иісті жасыл кілем үстінде, күнмен бірге күліп, түнмен бірге түнеп, желмен бірге жүгіріп, алдындағы малымен бірге өріп, сары сайран далада түрып өсетін қазақ баласының қиялы жүйрік, өткір, терең болуға тиісті».
4) қиял адамның барлық психикалық құбылыстарымен ұштасып жататын процесс. Мәселен, алға қойған мақсатты жоспарлап, жүзеге асырудың жолдарын іздестіру қиялсыз мүмкін емес.
Бұл - қиялдың ерікпен байланысына жақсы мысал. Қиялдың ойлау процесінде алатын орны ерекше. Өйткені ойлау белсенділігі адамды шығармашылық әрекетке жетелейді. Ал ондай әрекет қиялдың өте күшті дамуын қажет етеді [3] .
Қиялға тән және бір ерекше белгі - оның бастау деректері толық әрі дәл талдауға келмейтін, мазмұны өте күмілжі жағдайларда болжауда қолданылады. Мұндайда белгілі деректерде қатаң заңдылықтарға негізделетін ойлауды қолдану қиын. Бұл тұрғыдан қиял ойлаудың қандай да бір «орынбасар» формасы ретінде қызмет атқарады.
Ой мсн қиялдыи арасындагы тығыз байланысты атай отырып К. Д. Ушинский: « Мықты, кемелденген қиял - ақылдылықтың нышаны», - деген.
Сонымен, қиял - алда күтілген проблемдік жағдайлар анық болмаган кездерде оқиғаның соңғы нәтижесін күні бұрын болжастырумен қандай да әрекет бағдарламасын тузуге жәрдемдесетіп психикалық процесс [4] .
Ойлау мен қиял бір-бірімен тығыз байланысты. Жан қуаттарының осы екеуі де мәселені шешуге, сұраққа жауап беруге қатысады. Бірақ қиялда мәселені шешудің өзіндік ерекшелігі болады. Қиял - мәселені суреттеу, жанды көрініс арқылы шешсе, ойлау оны тірі суретсіз жалпылай, ұғым, пікір, тұжырым түрінде шешеді;
5) адам қиялы еңбек процесінде, іс-әрекет үстінде жарыққа шығып, дамып отырады. Мұндағы негізгі шарт: саналы мақсаттың болуы, болашақты болжай алу, істейтін еңбектің нәтижесін күні бүрын көре білу, яғни оны өңдеп, өзгертіп, елестете алу - адам қиялына тән негізгі белгілер.
Қиялда адамның дүние жөніндегі әр түрлі таным-түсінігі әртүрлі формада қиюласып, жаңа сапаға ие болады.
Қиял бейнелері адам қажеттігінен тәуелді бола түрып, оны белсенді кызметке итермелейді, творчестволық ісіне күш-жігер қосады. Қиял тек теориялық және практикалық қызметте ғана емес ол адамның бүткіл рухани өмір жүйесінде елеулі орын алады.
Кісінің өмір жолы, жеке басының ойдағыдай дамуы, даралық қасиеттері, іс-әрекетінің қүрылымы, өмір салтының қалыптасуы мүнсыз мүмкін емес.
Адам санасының жануар психикасынан басты айырмашылығы адамда ойлаумен қатар қиял әрекетінің олғандығында.
Айдаһардың бейнесін Италияның атақты суретшісі Леонардо да Винчи қиял арқылы былайша суреттейді: «Көкжал аңшы иттің не жай иттің басын аламы, оған басқа мысықтың көзін саламыз, құлағы үкінікі болады, мұрыны тазынікі секілді, қасы арыстандікі, самайы - әтештікі, мойны суда жүзетін тасбақанікі сияқты» [5] .
Осы бейненің өзі шындықта бар нәрселерді топтастыру арқылы туып отыр. Бірақ осы топтастыру нәтижесінде келіп шыққан тұтас образдың өзін көре білу үшін адамға ең күшті, өрен жүйрік қиял қажет.
Қиял процесінің адам әрекетінің қандай саласында болмасын зор маңызы бар. Қиялдың өзі осы әрекет арқылы өзгеріп, дамып отырады.
Тіпті бала қиялындағы фантастикалық образдардың өзі де оның танымын кеңейтетіндігі, қоғамдық тәжірибені меңгеруге жағдай жасайтыны, мұның өзі баланың психологиясына қатты әсер ететіні байқалады.
А. П. Чехов «Үйде» деген әңгімесінде осы жайлы өте жақсы көрсеткен. Шылым шегіп әдеттенген жеті жасар балаға ешбір сөз әсер етпей қойған. Бірде әкесі оның қиялына әсер етуді ойлайды.
Ол баласына мынадай әңгіме айтады: «Кәрі патшаның патшалыққа мұрагер болатын жалғыз ғана ұлы болыпты, - өзі дәл сен сияқты кішкентай бала екен. Өзі жақсы бала екен. Еш уақытта өкпелемейді, ерте жатады, столдағы нәрселерге тимейді екен . . . өзі ақылды болыпты . . . Оның бір ғана кемшілігі - шылым тартады екен . . .
Патшаның баласы шылымнан көкірек ауру болып жиырма жасында өліпті. Қаусаған ауру шал ешбір қолғанатсыз қалыпты. Мемлекетті басқарып, сарайды қорғайтын ешкім болмапты. Жау келіп, шалды өлтіріп, сарайды қиратып тастапты, сонымен, енді бақша да, шие де, құстар да, қоқыраулар да қалмаған . . . ». Эмоциялы әсерге толы осы әрекеттің оған күшті әсер еткендігі сонша, бала «қараңғы терезеге ойланып сәл қарап отырып, селк етті де, мұңайған дауыспен: - Мен енді шылым тартпаймын . . . - деді» . . . [6] .
Қиялдың адам қажетіне асуы, оның шындықпен байланысты болып келуі адамға ерекше қанат бітіріп, оның ілгері өрлеуіне себепші болады. Халық «Қыран жетпеген жерге қиял жетеді» деп өте тауып айтқан. Бір кезде талантты орыс ғалымы Қ. Э. Циолковский (1857-1935) космосқа ұшуды армандап еді. Космос кораблімен аспан әлеміне тұңғыш жол салған Ю. Гагарин мен қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтің және басқаларының ерліктері осындай шындықпен тығыз байланысты қиялдың іске асуы болып табылады [7] .
1. 2 Қиял түрлері
Ескі психологияда қиял біздерге әсер еткен нәрселердің бейнесін байланыстар нәтижесінде қиысатын психикалық процестердің барлық түрлеріне қатысты адам әрекетінің ерекше түрі мәселердің сипатталатын.
Ұзақ уақытка дейін қиялдың сырын ашу қиын мәселелердің бірімен санальш келді. Қиялдың өзіндік сипатына сәйкес психологтар оны ерекше процесс деген түсінікті қолдан келді, Адамның әр алуан атқаратын қызметіне орай қиялды біздерге бұрын әсер етуші нәрселерді жинақтап, оларды жаңаша деп қайта жасалған түрде бейнелейді деп санады.
Бұл пікірді өзгеше айтқанда санада сақталған әсерлер жаңарып, қайта жасалып, өзгеше болып құрылып, тық бейнелер пайда болады деп түсіндіріліп келді, Мұндай беймелер негізінен адамнын іс-әрекеті арқылы жүзеге асып, қиял процесі пайда болады.
Сондықтан ассциация психологиясында қиял бұрыннан адам санасында ірге тепкен нәрселердің қисынды бейнелері мен бөлшектері житалып әсер етеді, солай болғандықтан да қиялдын сырын ұғу қиынға түседі деген пікір өктем болып саналғанды.
Қиялға байланысты қиын сырдың мәнін ашу ниетімен бұрынғы психология оны өзге психикалық процестердің қызметіне қызу үшін де әрқилы әрекеттер жасараны мәлім.
Т. Рибо қиялдың мән-жайын зерттуге арнаған еңбегінде оның негізінен түрін атап көрсетеді. Оның бірі - қайта жаңғырту қиялы, ал еніншісі - шығармашылық қиялы.
Қайта жаңғырту қиялын ес деп айтуға да болады. Қиялдың түрі бойынша біз санамызда бұрын бастан кешіріп, көріп-білген нәрселер мен құбылыстардын түр-сипатын қайтадан жаңғыртып көз алдымызға келтіреміз.
Ес процесіне тән мұндай кызмет нәрселердің бұрынғы бейнесі дәл қазіргі кезде біздерге тікелей әсер етіп тұрмағандақтан оларды санада жаңғыртуымыз қиял деп аталады [8] .
Қиялдың бұл түрінің естен айырмашылығын түсіндіруде оны қазіргі көріп тұрган нәрселеріміз біздің санамызда бұрын әсер еткен нәрселердің бейнесін еске түсіріп, олар қайтадан жанғырады деп түсіндіреді. Дұрысын айтқанда мұндай жайт әдеттегі ассоциациялық қозғалыстар арқылы еске түсіру қызметін атқаралды.
Егер мен ешқандай табиғат көріністерін көрмей-ақ өзіммен-өзім болып, ойым мен мақсат-мүлдем жайында қиялданатын болсам бір кезде менің есіме пәленбай уақытта көрген көрініс елес береді. Ойлану әрекетіндегі мұндай жайт ес процесінен өзгешелеу. Өйткені менің қиялымды тудырушы сол нәрсенің бейнесі емес, бөтен бір процестердің ықпалы.
Бұл жайтгы басқаша айтатын болсақ, онда психологтардың айтқанындай ойдың мағынасы дұрыс жеткізіліп тұр. Себебі қиялдану әрекетінде бүрынғы бейнелерді жаңғырту еске түсіру әрекетінен әлдеқайда өзгеше сипатта болатындығын көрсетеді
Психологтар бұл ретте мынадай жайтқа кезігеді: белгілі жердің атын естігенде, сол бұрынғы көзбен көрген нәрселердің бейнесін көз алдына келтіріп, бұрынғы бейнелерді жаңғыртады
Сол көріністі еске түсіруден мәселенін түпкі мәні өзгере қоймайды. Сондықтан қиял мен естің. өзара айырмашылығы қиялданудан көрі сол әрекетті тудыру себебіне байланыстылық басымырақ әсер етеді.
Мұндай жағдайларда әрекет түрлері өзара ұқсас келіп, атомистік психологиясының қағидасына орай ұқсас бөлшектерден әрекеттің күрделі түрлері пайда болады. Осы орайда қиялдану әрекетінен бір бейне көрінісінен ассоциация бойынша жаңа бейне пайда болады. Қайта жаңғырту қиялы бұл түрі толығымен ес процесімен бірігіп кетеді де оның алуан қызметгерінін біріне айналады [9] .
Психолог мамандардың пайымдауынша адамның іс-әрекет күрделірек маңызы бар қиялдын түрі - шығармашылық Қиялдың бүл түріне тән сипат - санада бұрын ірге теуіп тәжірибеде кездеспеген жаңа тын бейнелердің жасалуы.
Ассоциация психологиясы жаңадан пайда болатын бейне; түрлі бөлшектердің кездейсоқ бірігіп кетуі деп түсіндірге Творчестволық қиялда бөлшектер сана арқылы бірігіп, бейнеге айналады. Алайда ондай бөлшектерді тың нәрселер атауға болмайды.
Шығармашылық қиялдың бөлшектерден құралатыны туралы алғаш рет пікір айтқандар - В. Вунт пен Т. Е Олар творчестволық қиял сан алуан бөлшектерден құра дейді де, қиялдың бұл түрі өздігінен бірде-бір жаңа бөлшек жасай алмайтынын атап айтады.
Қиялдың функциялары
Қиялдың 2 негізгі қызметі бар, олар өз дамуының белгілі бір сатысынан өтеді.
Когнитивті. Бұл функция өмірлік тәжірибесінің аздығынан баланың басында жиі туындайтын қайшылықтарды жоюға бағытталған. Бұл пішіндегі қиял нәресте әлемінің тұтас бейнесі үшін құрылысшы рөлін атқарады. Танымдық қиялдың қалыптасуы ойын барысында жүзеге асады.
Әсерлі. Нәрестенің басындағы кескіндер мен нақты сурет арасында қайшылықтар туындаған кезде қорғаныс функциясын орындайды. Аффективті қиял балаға мінез-құлық нормаларын меңгеруге көмектеседі. Ол баланың жағдаяттарды және одан кейінгі тәжірибелерді ойнау процесінде дамиды.
Қиялдың түрлері
Қиялдың келесі түрлері болады:
- қайта жасау - ең көп тараған түрі, бастағы бейнелер қандай да бір ақпарат негізінде қайта жасалғанда, мысалы, кітапты оқығанда кейіпкерлерді, орындарды, оқиғаларды елестетеміз;
- шығармашылық - бейнелер бұрыннан бар ақпаратқа сүйенбестен жаңа форматтарда баста пайда болады. Қиялдың бұл түрі өздігінен қалыптаспағандықтан, мақсатты түрде дамуы керек;
- бақыланбайтын - бұл түр қиялдар ағынын басқара алмайтын, бейнелердің бірізділігі мен логикасы жоқ, көбінесе шындық пен фантастиканы ажырата алмайтын «зорлықшыл арманшылдар» мен өнертапқыштарға тән.
Қиялдың даму кезеңдері
Қиялдың дамуының келесі жас кезеңдері бөлінеді:
0-3 жаста қиял
Қиял бір жарым-екі жаста, нәресте суреттердегі таныс заттарды тани бастағанда басталады. Оның қиялы пассивті процесс және ешқандай жаңа бейнелер жасамайды.
Ерте жаста қиялдың бастапқы формалары ойын әрекеттері мен заттарды жалпылау негізінде қалыптасады. Сонымен қатар, 2-3 жастағы бала ойынның жаңа әдісін - алмастыратын заттарды пайдалануды үйренеді. Ойынның өзі алмастыру арқылы қиялдың болуын болжайды, бала саналы түрде заттарды таңдайды және ойын әрекеттерін айтады. Осылайша, балабақшаға барар алдында балада шығармашылық элементтердің негізі бар.
3-4 жаста қиял
Ерте мектеп жасына дейінгі балалардың қиялының дамуы қиялдың сөздік формаларын қалыптастыру арқылы жүзеге асады.
2 жаста баланың ойынға деген қажеттілігі тәуелсіз болады, бірақ ересек адамның қолдауы мен көмегі әлі де қажет.
Мектеп жасына дейінгі бала ересектердің іс-әрекетіне еліктейді және осының негізінде таныс заттар мен жағдайларға негізделген дербес шығармашылықты дамытады.
Бұл кезеңдегі дамыған қиялдың көрсеткіштері: ойын сюжеттерінің әртүрлілігі, алмастырушы объектілерді пайдаланудағы дербестік, ойындағы іс-әрекеттерді ауыстырудың өзіндік ерекшелігі. Бұл жаста қиялдың аффективті түрі пайда болады, бұл кезде бала өзінің басқа адамдардан бөлінетінін сезіне бастайды. Сонымен, ерте мектепке дейінгі жаста қиял дербес сипатқа ие болады.
4-5 жаста қиял
Мектепке дейінгі орта жаста шығармашылық өрнектер ойында, шығармашылық әрекетте және әңгімелерде көбірек пайда болады. Балалар армандай бастайды, болашақ мамандығын, отбасын, үйін елестете бастайды.
Қиял еріксіз болып қалады және негізінен эмоционалды жауап ретінде пайда болады, бірақ қазірдің өзінде интеллектуалдық әрекет болып табылады. Бейнелерді жасау тек таныс бейнелер мен құбылыстарға ғана емес, сонымен қатар сөздік бейнелеуге де негізделеді. Бұл кезеңдегі бала өз қиялын әлі басқара алмаса да, ол басқа адамдардың эмоционалдық күйлерін елестете алады, эмпатия дамиды.
6-7 жаста қиял
Мектеп жасына дейінгі балалардың қиялының дамуы белсенді болады.
Фантазия оқығанда, фильмдерді, суреттерді көргенде, сөйлескенде көрінеді. Баланың назарын бірнеше күн бойы ұстай алатын идея пайда болады [10] .
Мектеп жасына дейінгі балалар өз бетінше ойындарды ойлап табады, ережелерді белгілейді және рөлдерді тағайындайды. Сонымен қатар, ойынның сюжеті мен басқа компоненттері басқа шешімдердің әсерінен жиі өзгереді. Мектепке дейінгі жас - бұл саналы армандардың қалыптасатын, шығармашылық ойлаудың және стандартты емес шешімдердің дамуының негізі нығайтылатын кезең
1. 3 Қиялдың жасалу жолдары
Қиял жақсартуға және дамуға бейімділікпен сипатталады. Өмірдің алғашқы 3 жылында балаларға қабылдауға қол жетімді заттардың тікелей әсерлері әсер етеді. Одан әрі қиялдың қалыптасуы жоқ объектілерді көру және оларды ойда манипуляциялау, түрлендірулерді жүзеге асыру, қалау немесе қорқу қабілеті ретінде пайда болады.
Осы сәттен бастап 2 тенденция пайда болады, олардың бірі қиялда бейнеленген объектілерді табанды түрде меңгеруден тұрады (қажетті ойыншықты алу, ойын алаңына бару және т. б. ) . Екінші тенденция - қол жеткізуден бас тарту (бала тек өз қиялымен ғана жүреді) . Бұл тенденциялардың тепе-теңдігі отбасылық орта мен баланың жеке басында қалыптасқан қасиеттерге байланысты болады.
Қиялдағы елестерді топтастырудың қарапайым түрі агглютинация деп аталады. Осы әдіс арқылы мифологиялык, бейнелер (кентавр, сфинкс, жезтырнақ) мен түрлі механизмдердің, машиналардың конструкциялары (амфибия - танк, судан өте алатын жеңіл танк, аэрошана - суға қонып, ұша алатын самолет) қүрастырылады. Агглютинация әдісі ежелгі Мысыр елінде, сондай-ақ, Солтүстік Америка индеецтерінің өнер ескерткіштерінен үлкен орын алған [11] .
Адамға тән қиялдың ерекшеліктері:
Әр адамның қиял ерекшеліктері оның жеке қызығулары мен қасиетгеріне, алдына қойған мақсатына байланысты болып келеді. Бұл арада суды аңсап шөлдеген жолаушының қиялы мен екі-үш күннен кейін емтихан тапсыратын студенттің машинасының тетігін жетілдіруді ойлап жүрген инженердің қиялын салыстырып көруге болады;
Творчестволық қиял деп
- қиялдың мазмұны мен формасы адамның жас және дара ерекшеліктеріне де, білім тәжірибесіне де байланысты. Мәселен, көргені де, түйгені де көп, өмір тәжірибесі мол, әр тарапты білімі бар ересек адамның қиялы мен енді ғана өмірге аяқ басайын деп түрған жеткіншектің қиялын бір өлшемге салуға болмайды;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz