Жоғары көркемдік білім берудегі ұлттық сана , мәдени құндылықтар ұғымдарының лингвистикалық мәні


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 43 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті

ШМҚ РМК Абай атындағы ҚазҰПУ

«БЕКІТЕМІН»

Абай атындағы ҚазҰПУ

ректоры Т. Балықбаев

“ ” 2019 ж.

ӘОЖ 378. 016:73/76

ҒТМРА14. 35. 07

Мемлекеттік тіркеу № 0118РК00335

ЖТН: AP05130242

Инв. №

«ЖОҒАРЫ КӨРКЕМДІК БІЛІМ БЕРУДЕГІ ҰЛТТЫҚ САНА МЕН МӘДЕНИҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ «МӘҢГІЛІК ЕЛ» ИДЕЯСЫ КОНТЕКСТІНДЕ ӨРКЕНДЕУІ»тақырыбындағы

ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫНЫҢ

Е С Е Б І

(аралық)

Ғылыми жұмыс және халықаралық

ынтымақтастық жөніндегі

проректор Құлсариева А. Т.

Жобаның жетекшісі Сманова А. С

Алматы 2019

ОРЫНДАУШЫЛАР ТІЗІМІ

Жобаның жетекшісі,

п. ғ. к., қауымд. профессор Сманова А. С ( кіріспе, қорытынды) .

Жобаның орындаушылар Ибраева К. Е (реферат) .

Какимова Л. Ш (1-бөлім) .

Бекболатова Қ. М (1. 1-тарау) .

Жиренов С. А (1. 1-тарау) .

Небесаева Ж. О (1. 2-тарау) .

Берікбол Р. Р (1. 3-тарау) .

Ғылыми зерттеу жобаларының

мониторинг және норма

бақылау бөлімінің бастығы Кириллова Г. Р.

РЕФЕРАТ

Есеп 44 беттен, 1 бөлімнен, 3-тараудан 36-пайдаланылған қайнар көзден, 4-қосымшадан тұрады.

Кілтті сөздер : көркем білім беру, ұлттық сана, мәдени құндылықтар, педагогикалық шарттар, педагогикалық технология, сәндік қолданбалы өнер, Артдизайн, Аруарт, этнодизайн, экодизайн.

Ғылыми жобаның жаңалығы жоғары көркемдік білім берудегі «Мәңгілік ел» идеясы контекстінде ұлттық сана мен мәдени құндылықтардың өркендеуі концепциясының педагогикалық шарттарын анықтау, тәжірибеге бағдарланған оқу үдерісін қәзіргі педагогикалық технологиялар тиімділігімен жүзеге асыру.

Зерттеу әдіснамасы - ұлттық сана мен мәдени құндылықтардың лингвистикалық мәні, философиялық, тарихи, әлеуметтік-педагогикалық, мәдени, психологиялық концепциялар, өнертанымдық білімдер, жүзеге асырылатын ортаны айқындау болып табылады.

Зерттеу объектісі - жоғары көркемдік білім берудегі оқу-тәрбие және тәжірибеге бағдарланған даярлау үдерісі.

Жұмыстың мақсаты - жоғары көркем білім берудегі ұлттық генетикалық таңбамыздан хабар беретін - ұлттық сана мен мәдени құндылықтардың өркендеуін жүзеге асырудың материалдарын нақтылап, бейнелеу өнері, сәндік қолөнер, музыкалық білім бағытындағы концепцияның қолданыс ортасын ғылыми-әдістемелік негіздеу.

Зерттеу барысында жоғары көркем білімнің жаңартылған мазмұны ашылады; көркемдік білім берудегі отандық және шетелдік тәжірибеге талдау жасалды; «ұлттық сана», «мәдени құндылықтар» ұғымдарының тілдік мәні; Көркемдік білім берудегі заманауи педагогикалық технологиялардың тиімділігі анықталды, бейнелеу өнері, қолөнер мен қолөнер және музыкалық білім беру материалдары «Мәңгілік ел» идеясы аясында ұлттық сананы және мәдени құндылықтарды жандандыруда жүйеленді; Тәжірибеге бағдарланған «Аруарт» оқу-өндірістік орталығы құрылды, оның мақсаты мен міндеттері анықталды.

Қолдану аумағы - жоғары көркемдік білім берудің оқу-тәрбие үдерісінде, қосымша білім беру мекемелері тәжірибесінде, біліктілікті көтеру орталықтарында.

Енгізу дәрежесі - зерттеу нәтижелері жоғары көркем білім беру (бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер, музыкалық білім беру) элективті пәндер мазмұнына, қазақтың ұлттық музыкасын, қолөнері мен этникалық дизайнын дамытуға бағытталған «АруАрт» практикалық-бағдарлау орталығының қызметіне енгізілген.

Нәтижелердің тиімділігі - «Аруарт» (Art Design) тәжірибеге бағдарланған орталықтың қызметі арқылы ұлттық сана мен мәдени құндылықтарды жандандыру үшін жоғары көркем білім беру тұжырымдамасын жүзеге асырумен анықталады. Бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарын жасау бойынша әдістемелік ұсыныстар дайындалып, шетелдік жоба консультантының қатысуымен халықаралық дөңгелек үстел өткізілді. Зерттеу нәтижелері ғылыми журналдарда, халықаралық конференциялардың материалдарында жарияланған.

РЕФЕРАТ

Отчет 44 стр, 1 раздел, 3-подраздел, 36-источников, 4-прил.

Научная новизна проекта заключается в определении педагогических условий концепции высшего художественного образования (изобразительное, декоративное искусство, музыкальное образование) в возрождении национального сознания и культурных ценностей в контексте идеи «Мәңгілік ел»; а также реализован практико-ориентированный образовательный процесс с применением эффективных технологий обучения.

Методология исследования: философские, исторические, социально-педагогические, культурологические, психологические концепции, искусствоведческие теории, лингвистическое значение национального сознания и культурных ценностей в высшем художественном образовании, определена образовательная среда для реализации концептуальных положений исследования.

Объектом исследования являются практико-ориентированная учебно-воспитательная подготовка в высшем художественном образовании.

Цель исследования - раскрытие значения художественного образования как феномена генетического кода нации и научно-методическое обоснование концепциивысшего художественного образования (изобразительное, декоративное искусство, музыкальное образование) .

В процессе исследования раскрыто обновленное содержание высшего художественного образования; проанализирован отечественный и зарубежный опыт художественного образования; лингвистическая сущность понятий «национальное сознание», «культурные ценности»; выявлена эффективность современных педагогических технологий в художественном образовании, систематизированы материалы изобразительного искусства, декоративно-прикладного искусства и музыкального образования в возрождении национального сознания и культурных ценностей в контексте идеи «Мәңгілік ел»; внедрен практико-ориентированный учебно-производственный центр «Аруарт» и определены его цель и задачи.

Область применения - результаты исследования могут применяться в учебно-воспитательном процессе образовательных учреждений разных типов, в системе повышения квалификации и переподготовки специалистов.

Степень внедрения - результаты исследования внедрены в содержание элективных дисциплин в высшем художественном образовании (изобразительное и декоративно-прикладное искусство, музыкальное образование), в деятельность практико-ориентированного учебного центра « АруАрт», направленного на освоение казахской национальной музыки, декоративно-прикладного искусства и этнодизайна.

Эффективность результатов определена реализацией концепции высшего художественного образования по возрождению национального сознания и культурных ценностей через деятелтьность созданного практико- Аруарт (АртДизайн) . Подготовлены методические рекомендации по изготовлению изделий изобразительного и декоративно-прикладного искусства, проведен международный круглый стол с участием зарубежного консультанта проекта. Опубликованы результаты исследования в научных журналах, материалах международных конференции.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 10

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1 Жоғары көркемдік білім берудегі «ұлттық сана», «мәдени құндылықтар» ұғымдарының лингвистикалық мәні . . . 11

1. 1 Жоғары көркемдік білім берудегі ұлттық сана мен мәдениқұндылықтардың «Мәңгілік ел» идеясы контекстінде өркендеуі (бейнелеу өнері, сәндік қолөнер және музыкалық білім) педагогикалық шарттарын анықтау . . . 20

1. 2 Жоғары көркемдік білім берудегі ұлттық сана мен мәдениқұндылықтардың «Мәңгілік ел» идеясы контекстінде өркендеуіне ықпал етуші заманауи педагогикалық технологиялар ролі . . . 23

1. 3 АруАрт оқу-өндірістік орталығының құрылуы мен жұмысы . . . 29

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 32

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 33

ҚОСЫМШАЛАР . . . 36-44

АНЫҚТАМАЛАР

«Ұлттық сана - белгілі бір ұлттық қауымға енетін адамдардың осы қауымның идеалдарын, мәдени нормаларын, тұрмыстық стереотиптерін меңгеруін, сондай-ақ, олардың жалпы ортадағы әлеуметтік-этникалық топтың мүдделер мен жағдайларын түсінуді сипаттайтын елестетулер деңгейі» болып табылады.

Сән және қолданбалы өнер - сән өнерінің бір саласы, тұрмыска кажетті көркем, жиһаздық заттарды жасайтын шығармашылық түрі.

Шеберлік-(мастерство) - кәсіби немесе әуесқойлық білімдердің каңдай да болсын түрінде істі терең танушылықпен, дамыған іскерлікпен үйлестіріп тиімді әрекеттерді жүзеге асырушылық.

Кәсіби маман - үлкен тәжірибеге ие, өз саласында жоғары шеберлігі бар, шығармашылық еңбекпен айналысатын және өзін-өзі жұмыспен қамтушылар қатарына жататын, яғни өзінің тәжірибесі бар, өз ісіне ие адамдары айтады. Кәсіби бағдарлау - әр адамның жекелік қасиеттеріне, қызығушылығына, қабілетіне, қоғамдық қажеттілікке байланысты мамандық таңдап алуына ықпал жасау.

Киім - адамның денесіне киюге арналған бұйым, жасанды жамылғы түрлері. Киім адамды қоршаған ортаның, табиғаттың түрлі әсерлерінен қорғайды. Оның тұтыну мәнімен бірге ғұрыптық және белгілі бір мақсатқа қызмет ететін маңызы бар.

Сән - ( modus деген латын сөзі) - өлшем, тәсіл, іс - қимыл бейнесі.

Стиль ( лат. Stylus) - мәнер, сипат, ерекшелік.

Костюм ( франц. Costume - киім - кешек ) - белгілі бір ұлттың, дәуірдің, әр түрлі қоғамдық топтардың тұрақты киім үлгісі.

ҚЫСҚАРТУЛАР

ҚР - Қазақстан Республикасы

ЖКББ - жоғары көркемдік білім беру

БӨ - бейнелеу өнері

СҚ - сәндік қолөнер

МБ- музыкалық білім

КІРІСПЕ

Көкейкестілігі. Бүгінгі таңда қоғамдық өмір мен тұрмыстың әр саласында болып жатқан жаңалықтар білім беру жүйесінен дербес айналып өтпесі анық. Ал білім беру жүйесі бүтіндей қоғамдық жүйенің қозғаушы күші, басты барометрі екендігі ықылым заманнан бері келе жатқан құбылыс. «Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк - экономикалық дамуында жетекшi роль атқарады, сондай - ақ оны әрi қарай айқындай түседi. Ал бiлiмнiң қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негiзгi мәселесi - рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетiн iлiм таным теориясы деп аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбiрлi айырмашылығы - ол бiлiмнiң қалыптасуы мен негiзделуiнiң жалпы ұстанымдарын, объективтiк қатынастарды қалыптастырады» [1] .

Білім беру жүйесі өз ішінен кәсіби салалық ғылымдарға сәйкес түрлі бағытта дамиды. Білім беру кеңістігіндегі үлкен бір сала көркем білім беру жүйесіне негізделеді. Көркемдік білім беру жүйесі өнер мен ғылымның жетістіктерін арқау еткен синкретті сала болып табылады.

Тақырыптың жаңашылдығы Көркемдік білім беру үрдісі әлемді өнер арқылы, эстетикалық талғам арқылы, ғылым арқылы (өнер, эстетика, ғылым) тануға мүмкіндік беретін қатпары қалың, сан тараулы жолдан тұратын ғылым саласы деуге де болады. Отандық ғылымдағы көркемдік білім берудің дамуы мен қалыптасуы ұлт тарихы мен мәдениетінің тарихымен сабақтас сала деп те атауға болады. Білім кеңістігі мен оқу үдерісінде сырт қарағанда көркемдік білім беру үдерісіне қатысты пәндердің (музыка, сәндік қолөнері, сурет, т. б. ) өзге пәндермен салыстырғанда бәсі төмен, статусы әлсіз (сағат саны аз) елеусіздеу саналатын пәндердің бірінен саналады. Ал шын айтуына келгенде көркемдік білім беру ұлттық өнер мен мәдениеттің жаршысындай саналатын пәндердің бірі. Көркемдік білім беру жүйесіндегі өнер жалпыхалықтық және ұлттық өнерге негізделеді.

Ғылыми жоба жұмысының басқадай ғылыми зерттеулермен байланысы жан-жақты себебі, жоғары көркем білім беру педагогикалық мамандықтарда қарастырылуына орай, психология, философия, әлеуметтану, мәдениеттану ғылыми зерттеулерімен тығыз байланыста жүзеге асырыалды. Зерттеу нысанымыз жоғары көркем білім беру үдерісіндегі оқу, тәрбие және тәжірибеге бағытталған оқыту болғандықтан, өнертану, тарих, бейнелеу өнері, сәндік қолөнер, музыкалық білім бағыттарындағы өзара пәндік зерттеу мәселелеріне де негізделген. Білім беру жүйесінің құраушылары оқу әдістемелік материалдар сапасына, инновациялық қырларына, теориялық материалдардың мазмұнына, таңдау пәндерінің жаңашылдығы мен білім беру бағдарламалары құзіреттілігіне өзара жақын байланыста жүргізілуі жалғасын табуда.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

  1. Жоғары көркемдік білім берудегі «ұлттық сана», «мәдени құндылықтар» ұғымдарының лингвистикалық мәні

Көркемдік білім беру үрдісі дегенде өнер деген ұғым қатар айтылатын егіз ұғым іспетті категория. Ал өнер дегенді немесе «Өнер» терминін екі мағынада анықтауға болады. Кең мағынасында өнер адам баласының жасампаздығын білдіреді де, « ендіру» , « жасау» , « құру» деген негізден өрбиді. Яғни, өнер халықтың тұрмысы мен мәдениетімен бірге жасасып, бірге өмір сүретін сала. Өнердің жасампаздығы мен дамуы, халықтың тұрмыстық өмірі мен тарихына, қоғамдағы өзгерістері мен ғылыми техникалық прогресіне тікелей қатысты болатындығын есте ұстау қажет. Әрбір ұлт тарихына зер салатын болсақ, әрбір этнос өз өнерін тұрмыстық өмірде және арнайы бала тәрбиесінде саналы түрде өнерге баланы жас ерекшелігіне сәйкес ерте жастан баулуға мән беріп отырғандығы тектен текке жолға қойылған құбылыс деп қарауға болмайды.

Сол сияқты қазақ халқы да бала тәрбиесінде ерте кезден-ақ өз ұрпағын өнерге баулып, баланың әлемді эстетикалық тұрғыдан қабылдауына ықпал етуші көркемдік тәрбиесіне басымдық берген. Көркемдік білім беру жүйесінің өзегі өнерге негізделген ілім болғандықтан, көптеген ғылыми пәндердің тоғысынан тұратын ғылым деп те атауға болады. Ал ғылым көрсеткішінің бір парасына терминдік бірліктер жатады. Әр ғылым саласының қолданыс аясына сәйкес терминдік қабаты болады. Көркемдік білім беру жүйесіндегі терминдік қабаттың қалыптасуы - қазақ лингвистикасы мен білім беру ісіндегі үздіксіз үдеріс. Демек, көркемдік білім саласындағы терминдік бірліктер тұтастай жинақтап, қалыптасу кезеңіне қарай жүйелеп, қолданыс ерекшелігін саралап, лингвистикалық табиғатын зерттеуді қажет етеді.

Білім беру жүйесіндегі яки ғылыми кеңістіктегі қандайда бір терминдер болмасын өзіндік қолданысқа ие болады. Терминдердің қолданысы термин табиғатына сәйкес, халықаралық сипаттағы терминдер және ұлттық мәнді терминдер ретінде прагматикалық сипатқа ие болады. Көркемдік білім саласындағы терминдердің қолданысына қарап, олардың әралуан саланы қамтитынына көз жеткізуге болады. Мәселен, көркемдік білім беру жүйесінің мазмұнына сөз өнері, музыка өнері, мүсін өнері, кескіндеме өнері, театр өнері, кино өнері, би өнері, сәулет өнері, графика өнері, дизайн өнері, қолданбалы сән өнері, зергерлік өнер, т. б. көптеген өнер түрлері жатады. Осы аталған өнер түрлерінің барлығының өздеріне тән терминдік қолданысы бар екендігін ескерсек, осының барлығының басын қосатын көркемдік білім жүйесінің терминдік қабаты күрделі құрылымдық жүйе екендігін аңғаруға болады.

Ғылым әлемінде терминология ғылымы мен терминдік бірліктер айырықша орын алатын категория. Білім беру жүйесіндегі терминдер тақырыбы мен олардың теориялық мәнін, практикалық маңызын анықтауда білім беру саласымен сабақтастықта қарастыратын мәселелер жеткілікті. Терминологиялық кеңістікте салалық терминдерге қатысты көптеген еңбектер ғылыми өндірісте жүргендігі белгілі. Алайда солардың ішінде әлі де болса теориялық және практикалық жағынан жетілдіруге тиісті терминдердің қатарына көркемдік білім беру саласының терминдерін атап өтуге болады. Көркемдік білім беру саласына қатысты терминдерді жүйелеу арқылы білім алушыларға теориялық және терминдік мәліметтерді алуына қолжетімді жасауға болады. Күнделікті тұрмыс пен өндірістегі тәжірибиеге сәйкес, терминдік сөздер мен арнайы атаулар жүйесі кез келген салада, соның ішінде көркем білім беру кеңістігінде қолданылатынын әрі онда олардың елеулі бөлігі орысша нұсқасында берілетінін байқауға болады. Осы себепті термин сөздердің білім саласында, түрлі сынып оқулықтарында, қайсысының және қаншасының қалай қолданылу жайын арнайы түрде қарастыру, анықтау өзекті мәселе болып табылады.

Жалпы термин және терминологиялық бірлік дегенге аз-кем тоқталсақ. Қазақ тіл білімінде терминологиялық лексика ең өткір мәселелердің қатарына жатады. Қазақ лингвистикасында терминдерді арнайы зерттеп, ғылыми-терминологиялық негіздерін анықтауда А. Байтұрсынұлы, Х. Досмұхамедұлы, Қ. Кемеңгерұлы, Ж. Аймауытұлы, Т. Шонанов, Қ. Жұбанов, Н. Сауранбаев, С. Аманжолов, А. Ысқақов, М. Балақаев, Ә. Қайдар, Ш. Сарыбаев, Ө. Айтбайұлы, Ш. Құрманбайұлы т. б. ғалымдардың еңбектерінің орны ерекше.

Академик Ө. Айтбайұлы: «Жалпы, термин жасау дағдысында Ахмет Байтұрсынұлы ұстанған ең басты принципті анық аңғарамыз. Оның бірі және ең негізгісі - термин жасауда қазақ сөзінің өз мүмкіндігін сарқа пайдалану. Термин жасау принципінде ана тілдің ішкі сырын жете пайдаланды дегенде де, біз А. Байтұрсынұлының өзге озық ел тілдерінің грамматикалық категориялар түзудегі тәжірибесін терең меңгергенін байқамай тұра алмаймыз», - дейді [2] . Ғалымның пікірінше «ұлт ұстазы» А. Байтұрсынұлының терминологиялық мұрасы қазақ тіл білімі ғылымының ғана емес, бүтіндей ғылыми жүйесінің негізі деп айтсақ артық айтқандық бола қоймайды.

«Ұлт» және «этнос» ұғымдарының өзара байланысы туралы мәселе ғылыми көздерде әлі күнге дейін қызу пікірталас тудыруда. «Этнос» және «ұлт» ұғымдарының анық емес қолданылуы әлеуметтік философияда, этнологияда ғана емес, мәдениеттануда да, психологияда да ұлттық этникалық ұлтты ауыстыру тенденциясы бар екендігіне әкелді. Этникалық қауымдастықтар ұлттық, этникалық санамен ұлттық, этникалық мәдениеті бар ұлттық мәдениетке ие. «Олар ұлттық салт-дәстүр», «ұлттық киім», «ұлттық тағамдар» дегенде, көбінесе олар белгілі бір этникалық мәдениеттің тиісті көріністерін білдіреді деп санайтын К. Колинмен келісуге болмайды. Сонымен бірге, «ұлттық идея», «ұлттық мүдде», «ұлттық қауіпсіздік» және т. б. сияқты тіркестер енді этникалық топтарға ғана емес, тұтастай ұлтқа қатысты, яғни. жоғары дәрежедегі адамзат қоғамына» [3, 29б. ] .

«Этнос», «ұлт» - көптеген әлеуметтік параметрлер бойынша бір-бірімен байланысты, бірақ ғылымның тақырыбына және оның зерттеу міндеттеріне байланысты әртүрлі семантикалық және функционалдық жүктемелерді көтеретін «адамдар» ұғымымен қатар «адамдар» ұғымы да екіұштылыққа ие. Ол әрдайым этникалық түске ие бола бермейді және әдебиетте контекстке байланысты «мемлекеттің барлық халқы» және «ұлт, ұлт» мағынасында қолданылады. Осыған байланысты біз В. Г. Бабаков пен В. М. Семеновтің көзқарастарын береміз, соған сәйкес, семантикалық жақындығына қарамастан және көптеген жағдайларда негізделген, қарастырылған анықтамалардың өзара алмасуы, олардың әрқайсысы объективті сенімділікке ие. Сонымен, «этнос» ұғымында ғалымдар территориялық-лингвистикалық және мәдени-психологиялық компоненттерді жинақтайды, «ұлт» анықтамасында әлеуметтік процестер этникалық сипаттамадан басқа маңызды атрибуты деп аталады, ал «адамдар» термині әлеуметтік қауымдастық ретінде, олардың пікірінше сыныптарды бөледі және бөледі қоғамның әлеуметтік қабаттары [4, 26 б. ] .

Айта кету керек, этнос және ұлт теориясы туралы ғылыми әдебиеттерде ғылыми ұстаным басым, оған сәйкес этностар этноәлеуметтік субьект ретінде қарастырылады, ал мемлекет жетекші рөл атқаратын және олардың көпшілігі көп ұлтты болғандықтан, әлеуметтік-этникалық құрылымдар ретінде түсініледі [5, 18 б. ] .

Сондай-ақ этникалық көріністер ұлттың міндетті атрибуты болып табылатындығын атап өткен жөн. Ағылшын тарихшысы Э. Смит ұлт этникалық топ негізінде құрылады, сондықтан этникалық құндылықтар ұлттық бірегейліктің негізі болып табылады деген пікірді айтады [6] .

Ұлттық (этникалық) өзін-өзі тану процесс ретінде объективті және субъективті, логикалық және тарихи факторларды қамтиды. Оның мазмұны ажырамас және анропо-, этно-, ұлттық- және социогенез аясында өтеді. Осы немесе басқа адамдардың генетикалық дамуының осы аспектілерінің әрқайсысы ұлттық өзін-өзі тануда көрініс табады және оның қалыптасуына әсер етеді.

Зерттеушілердің көпшілігіне ұлттық өзіндік сана құрылымындағы когнитивті (танымдық), аффективті (эмоционалды) және реттеуші (мінез-құлықтық) элементтер кіреді (В. Н. Павленко, С. А. Таглин, З. Ф. Мубинова Г. Ф. Хасанова, Л. П. Чағай) [7-10] . Зерттеушілер ұлттық сана-сезімнің өзіндік жақтары бар екенін - идеологиялық және психологиялық тұрғыдан және екі деңгейде әрекет ететінін дәлелдеді: жеке тұлға және тұтастай алғанда қоғам. Алайда, , . Жеке деңгейдегі этникалық (ұлттық) өзін-өзітануды нақты зерттеу адамның объектісі - ұлттық қауымдастықтың өкілі немесе дәлірек айтқанда топтағы адам болып табылады [11, 4 б. ] .

Көркемдік білім беру жүйесіндегі терминдік бірліктер ұлттық өнердің қалыптасуымен басталып, өнертану ілімінің даму тарихымен сабақтасып, замануи үдеріске сәйкес даму үстіндегі лексикалық бірлік болып табылады. Қоғам өмірінде елеулі өзгерістер тілімізде бұрыннан бар сөзбен немесе жаңа жасалған баламамен алмастыру үрдісі термин табиғатына тән десекте болады. Көркемдік білім беру жүйесіндегі графика, дизайн, артдизайн, галерея, картина, композиция, кубизм, мозаика, натюрморт, т. б. көптеген терминдік бірліктер өзге тілдерден қабылданған терминдермен қатар, ұлт тіліндегі кенеп, кескіндеме, құрылым, көрме, жақтау, сурет галериясы, бейнелеу, жинақ, бояу, т. б. терминдер ұлт тілінде жарыса қолданылып жүр. Көркемдік білім беру жүйесіндегі терминдердің халықаралық және ұлттық терминдердің жарыса қолданысы, өнердің ұлттық және жалпыхалықтық (интернациналдық) сипатқа ие екендігімен байланыстыруға болады. Байқап отырғанымыздай көркемдік білім беру жүйесіндегі терминдер мен терминологиялық лексиканың лингвистикалық болмысы көп қырлы және күрделі ұғым. Сондықтан да осы күнге дейінгі қолданыстағы көркемдік білім беру терминдері прагматикасы лингвистикалық мәнін көрсететін және оның барлық типологиялық түрлерін қамтитын терминологияда қабылданған бірізді тұжырым жоқ.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тіл біліміндегі қазіргі когнитивті парадигмала
Когнитивті лингвистика – жеке ғылым саласы
Қазақ тіл біліміндегі когнитивтік парадигма
Қазақ тіл біліміндегі тіл мен таным бірлігі
ТІЛДІК ТҰЛҒАНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Американдық саяси дискурс
Эстетикалық мәдениеттің мәні мен қалыптасу ерекшеліктері
Қазақ тілінің экспрессивтік стилистикасы
ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІ АУДАРУ
Тұтынушылардың рухани санасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz