САУАТ АШУ ӘДІСТЕМЕСІ



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ М.МӘМЕТОВА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Сауат ашу кезеңдері, қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдер
Мамандығы: 0105000- Бастауыш білім беру
Біліктілігі: 0105083- Ағылшынша білімі бар бастауыш білім беру мұғалімі
Тобы: ББ-Б-20

Орындаған: ... ... ... ... ... ... ... ... Қаршығақызы Г
қолы

Жетекшісі: ... ... ... ... ... ... ... ... ... .Орманова З. А
қолы

Қызылорда, 2024 жыл

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...1
1. САУАТ АШУ ӘДІСТЕМЕСІ
1.1 Сауат ашу әдістемесінің ғылыми негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..
1.2 Сауат ашу кезеңінде жүргізілетін оқу-тәрбие ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2. САУАТ АШУ КЕЗЕҢІНДЕГІ ЖҰМЫСТАР
2.1 Сауат ашу кезеңдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.2 Сауат ашу кезеңіндегі міндеттер, олардың мән - мағынасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.3 Сауат ашуға үйретудің инновациялық әдіс-тәсілдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қолданылған әдебиет тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Зерттеу жұмысының өзектілігі:
Білім беру саласында жүріп жатқан демократияландыру мектепті қазіргі кездегі дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты.
Балабақшадан бастап сауат ашу, есептей білу темптілік, үйретуге сияқты бетбұрыс, бастауыш сыныпта күрделеніп оқу мен жазуды байланыстыру, көркемдей шапшаң жазу сияқты талпыныс жасауда.
Кез-келген елдің білім беру жүйесі қоғамның әлеуметтік - экономикалық және мәдени дамуына ықпал етуге бағытталған. Өйткені мектеп, жоғарғы оқу орындары болашақта қоғамның экономика, мәдениет, саяси өмірі салаларында белсенді қызмет ететін адамдарды дайындайды.
Қазіргі заманғы ғылыми-техникалық үрдістің қарқыны білім беру жүйесінің алдына мүлдем жаңа міндеттер қойып отыр. Қоғам мен техниканың ғарыштап дамуына байланысты адамның да сана - сезімі өзгеруінен жаңа оқушылар пайда болды. Олардың мақсаттары да, құндылықтары да, табылатын идеялары да бұрынғыдан әлдеқайда өзгерген.
Сондықтан болашақ ұрпақ ғылым мен білімнің тұтқасын ұстап отырған ғалымдар мен ұстаздарға ерекше жауапкершілік артады. Ел боламын десең, бесігіңді түзе, - ғұлама ғалым М.Әуезов айтқандай, жаңа қоғамның болашақ маманы ғылымның қазіргі өзекті мәселелерге сай зерттелуіне, білімнің сапасы мен тиімділігіне, практикалық -тәжірибелік, нәтижелігіне байланысты қалыптасады және тәрбиеленеді.
Мектептегі оқыту процесі сауат ашудан басталатыны белгілі. Сондықтан оның балаға ана тілін оқытып үйретуде алатын орны да ерекше. Қазіргі Қазақстан бастауыш мектебіндегі жаңа өзгерістер әлемдік білім беру тәжірибелерін пайдалана отырып, баланың жеке дара күшінің дамуын қамтамасыз ететін жаңа технологияларды іздестіру және оларды қолдануға бағытталған. Мұнда, негізінен оқытуды ізгілендіруге сүйеніледі: ол оқытудың жеке тұлғаға бағдарлануын, жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуының үрдісі мен нәтижесін, оның тұрақтылығы мен әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етеді. Бұл оқытудың мақсаттары, мазмұны, түрлері мен әдістерін анықтап, оларға жаңа мазмұн-мағына береді.
Соңғы онжылдықта көптеген шет елдердегі білім беру жүйесінде өзгерістер жүріп жатқаны байқалады. Білім беру пәлсапасында дәстүрлі жалпыға бірдей сауаттылықтан жоғары қызметі бар білім парадигмасының жетекші бағытына айналуда. Білім берудің бастауыш сатысы сол білімнің тәуелді негізі болуға бағдар алып, оқытуды ақпараттандыруға, соған сәйкес жаңа технологияларға баса көңіл бөлінуде.
Сауаттылықтың өрісін кеңейтіп, білім берудің үзіксіздігі мен сабақтастығын қамтамасыз ету. Барлық бұл қағидалар Білім беру туралы ҚР Заңында орын алған.
ЮНЕСКО тұжырымдамаларында көрсетілгендей тәуелді сауатсыздық өркениет көшінде жалпы адамзаттық қатер болып отырғаны барған сайын айқындала түсуде. Ол ғылыми-практикалық ілгерілеудің жедел қарқынмен дамуымен түсіндіріледі.
Халықаралық білім беру жүйесіне кірігу проблемасы өзгермелі (жылжымалы) білім беруді күшейте отырып, тәуелді білім парадигмасына ауысуда жаңа педагогикалық технологиялармен инновациялық оқумен байытылу арқылы іліктестірілген құрылымда жүзеге асады.
Зерттеу мақсаты:
Сауат ашу кезеңіндегі тіл дамыту жұмысының әдістемесін ғылыми тұрғыдан негіздеп жасау және оның тиімділігін анықтау. Оқу, жазуды үйретуді зерттей келе, оқу, жазудың жаңаша жүргізілу мүмкіндігін қарастыру білім беру саласында өте маңызды, әрі өзекті.
Зерттеу міндеттері:
Сауат ашу барысында жүргізілетін тіл дамыту жұмыстық көлемін, мазмұнын, жүйесін анықтау.
Озат мұғалімдер тәжірибелерін зерттеп, қолданылып жүрген тиімді әдіс-тәсілдерді саралап, жинақтау;
Сауат ашу кезеңінде тіл дамыту жұмыстары жүргізілудің ғылыми негізделген әдіс - тәсілдер жүйесін жасап, оны тәжірибеде қолдану.
Зерттеудің ғылыми болжамы:
Егер бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдыларын қалыстастыруға оң ықпал ететін әртүрлі озық педагогикалық технологиялардың негізінде,саут ашу барысында ұлттық педагогиканы қолданылса,онда оқушылардың сауатты оқу дағдыларының дамуына қол жеткізіледі және олардың пәнге ынталылығын арттыру мүмкіндігі толық жүзеге асырылады. Өйткені Сауат ашу пәні жалпы білімнің негізін құрайтын аса маңызды пәндердің біріне жатады.
Зерттеу әдістері:
Педагогика, психология, әдістеме саласындағы әдебиеттерді талдай отырып, оларға зерттеу мәселесіне қатысты негізгі ұғымдар,оқу дағдыларының мәні, мазмұны, түрлері,оқыту әдістері мен талаптары контент-анализ (материалдардың мазмұнын талдау) әдісін қолдану арқылы анықталады;
-мектептердің бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдыларын қалыптастыру негізінде оқушылардың оқуларын анықтау мақсатында педагогикалық бақылау әдісі қолданылады;
Бүгінгі таңда бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдыларын қалыптастырып, дамытудың мәселесі оқушыларды сауаттылыққа, білім мен біліктіліктің дамуының алғы шарты болып отыр. Сондықтан мен өз курстық жұмысымда аталған тақырыптың мәнін ашуға тырысамын.
1 САУАТ АШУ ӘДІСТЕМECI
1.1 Сауат ашу әдістемесінің ғылыми негіздері
Сауат ашу әдістемесінің ғылыми негізіне олардың жасалуы тіл білімінің басты бір саласы фонетика болып табылады.
Адам баласының тілі дыбыстық тіл. Тіл дыбыстары әрбір тілдің өмір сүруінің тәсілі. Егер сөздер дыбыстардың тіркесі ретінде айтылмаса, онда тілдің өзі:
1) қатынас құралы;
2) пікір алысу құралы;
3) танымдық құрал;
4) ойлау кұралы болмас еді.

Тілдің дыбыстық жағы оның замандар бойы өмір сүруіне, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отыруына мүмкіндік жасады.
Тілдің дыбысталу жағы сөздер мен грамматикалық тәсілдердің өмір сүруінің формасы болып табылады. Сөздік пен грамматикалық құрылыс тілдің мазмұнын құрайды да, дыбыстық жағы оның материалдық жамылғышын, оның физикалық формасын кұрайды деуге болады. Тіл дыбыстары сөз ішінде айтылады. Бірақ белгілі дыбыс арнаулы бір сөздің құрамында қолданылуымен шектеліп қалмай, одан белгілі дәрежеде оңашаланып, абстракцияланады. Бұған дәлел дыбыстардың барлық сөздерде кездесетіндігі. Тілдегі лексикалық, грамматикалық кұбылыстар тілдің дыбыстық жүйесіндегі фонетикалық күбылыстармен әрдайым байланыста, қарым-қатынаста, яғни бір дыбыс тірекесімен айтылады.

Мектепте дұрыс оқыту, дұрыс жаздыру әдістемесінің көптеген мәселелері фонетикаға негізделеді. Сауаттылыққа үйрету тілдің жазба түрі мен ауызша түрінің арасындағы айырмашылықтар мен күрделі байланысты бірдей ескерген жағдайда ғана нәтижелі болмақ. Тілдің орфографиясы мен орфоэпиясына қатысты алуан түрлі мәселелерді оқып меңгеру ең алдымен, тілдің дыбыстық жүйесін, ондағы жеке дыбыстардың табиғаты мен фонетика заңдарын жете білуді қажет етеді. Бұрын жазуы болмаған халықтардың алфавиті мен графикасын жасау, сондай-ақ бұрыннан жазуы бар халықтардың орфографиясын өңдеп жетілдіру мәселелері фонетикаға негізделе отырып шешіледі. Тілдің орфографиялык нормасы да фонетиканың басты мәселелерінің бірі болып салады. Шет тілді оқып үйрену де, ең алдымен, сол тілдің дыбыстық жүйесін, ондағы жеке дыбыстардың табиғатын танып білуден басталады. Шет тілді оқытуда ондағы дыбыстардағы ерекшеліктер ана тіліндегі дыбыстармен салыстырыла үйретіледі. Шет тілді оқытуда да фонетика әдістерін қолданады. Бұл әдіс шет тілдегі дыбыстар мен сөздердің, сөз тіркестерінің айтылуын үйретіп, саналы түрде меңгерту үшін, шет тілі мен ана тілінің артикуляциясын бір-бірімен салыстырып отыруды басшылыққа алады. Фонетика ғылым ретінде жалпы және жеке фонетика болып бөлінеді. Жалпы фонетика жалпы тіл білімінің бір саласы ретінде адамдардың сөйлеу аппаратының дыбыстық мүмкіндігін айқындайды, тіл дыбыстарының классификациясын, принциптерін белгілейді. Қазақ тілінде 38 дыбыс бар. Олар дауысты, дауыссыз болып, екіге бөлінеді. Бұлайша болу дыбыстардың буын құрау қызметіне негізделеді. Қазақ тілінде 13 дауысты дыбыс буын құрайды да, 25 дауыссыз дыбыс буын құрай алмайды. Дауыстылар: а, о, о, о, е, ы, і, ұ, ү, е, э, и, у. Дауыссыздар: б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, к, л, м, н, ң, п, р, с, т, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ. У дыбысы дауыстыдан кейін келсе, буын құрай алмай, үнді дыбыс болады (бау, тау т.б.); ендеше, у бірде дауысты, бірде дауыссыз дыбыс қызметін атқарады. Дыбыстарды дауыстылар, дауыссыздар деп топтастырғанда балаларға әсіресе олардың акустикалық жақтары мен физиологиялық жақтары баса үйретілуі қажет. Физиологиялық тұрғыдан алып карағанда, дауыстыларды айту үстінде ауа: 1) кедергіге ұшырамай, тосқауылсыз, еркін шығады; 2) дыбыстау мүшелеріне күш түспей, лепсіз, бірқалыпты шығады; 3) созып айтуға келеді. Ал дауыссыздарды айтқанда ауа: 1) кедергіге ұшырайды; 2) тосқауылдан өту кезінде дыбыстау мүшелеріне күш түседі де, ауа лап етіп шығады; 3) созып
айтуға келмейді. Дауыстылар мен дауыссыздардың жасалуын Бодуэн де Куртенэ: дауыссыз дыбыста қысым дыбыстау аппаратының бір ғана мүшесіне түссе, дауыстыда бүкіл дыбыстау аппаратына жайылады да, жалпылама өтеді деп, айқындаған болатын.
Сөйтіп, тіліміздегі дыбыстарды дұрыс айтып үйрену сауат ашу кезіндегі ерекше көңіл аударатын жұмыс. Мұнда дауыстылар мен дауыссыздар салыстырмалы түрде айтылады, балалар бұл дыбыстардың қалай айтылатынын әрі аңғарады, әрі өздері айтып үйренеді.

Мұғалім тілдің артқы тандайға карай жайылуы мен бүктеліңкіреп айты луынан жуан дауыстылар (а, о, ы, ү), тілдің тандайдың алдыңғы жағына жуықтауынан жіңішке дауыстылар (ә, ө, і, ү, е) шығатынымен таныстырады. Әсіресе айтылуы киындық келтіретін дыбыстар дауыссыздар. Тіпті кейбір балалар дыбыстарды мектепке келгенде айта да алмайды (мысалы, р, с). Осыған орай, кейбір дауыссызды айтқанда тілдің ұшы күрек тіспен жымдасып, бірден кілт ажырап кететінін (д, т), кейбіреулері астыңғы еріннің үстіңгі ерінге немесе тіске тиюінен (п, б, м, ф, в), енді біреулері тіл ұшының астыңғы тіске жуысуынан (с, з), ал тілдің артық шенінің жұмсақ таңдайға жуықтасуынан (к, к, г, х), жұтқыншактың тарылуынан (һ) дыбысының пайда болаты- нын байқатып айтқызып балаларды дағдыландырады.

Сауат ашу кезеңінде балалар дыбыстарды айтуға дағдыланумен бірге олардың қалай таңбалатынымен де танысады. Дыбыстардың таңбасын білу, әріптерді үйрену сауатты болудың алғашқы баспалдағы. Әріптерді білу арқылы жазуды меңгереді.

Сауат ашу кезінде балалар сөздің дыбыс, буын құрамын меңгереді, сөйлеммен танысады. Буындардан қалайша сөз кұрауға болатынын біледі, жаңа сөздер үйреніп, сөздік қорларын байытады, практикалық түрде қазақ тілінің нормасына сай сөйлем кұрастырып, өз ойларын айтып беруге дағыдалана бастайды. Мұғалім балаларға айтылатын дыбыстарды қағаз бетіне түсіру үшін және оларды оқу үшін бұл дыбыстардың белгілі бір графикалык таңбалармен белгіленетіндігін айтады.

Бірінен кейін бірі рет-ретімен орналасқан өріптердің жиынтығы алфавит деп аталады. Қазақ тілінде орыс графикасы аркылы белгіленген 42 әріп бар. Олар: а, о, б, в, г, ғ, д, е, е, ж, з, и, й, к, к, л, м, н, ң, і, ы, ұ, ү, о, о, п, р, с, т, у, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ, э, ю, я, ь (жіңішкелік белгі), ъ (жуандық белгі). Қазақ тілінде бір таңба екі дыбысты белгілейтін жағдайлар да бар: е, я, ю, у, ц, ч, щ. Дыбыс тіркестерінің, сөздердің дұрыс айтылу ережелері орфоэпия деп аталады.

Қазақ тіліндегі сөздердің айтылуы мен жазылуында аса көп айырмашылық жоқ. Дегенмен сөз ішіндегі және сөз аралығындағы дыбыстардың барлығы бірдей айтылуынша жазылмайды. Үндестік заңына сай, қатар келген екі дыбыс бір-біріне
ықпал жасап, өзгеріліп естіледі (түнгі-түңгі, Амангелді- Аманкелді, Жампейіс-Жанпейіс, башшы-басшы, баралмай-бара алмай т.б.). Оқу-жазуға үйретудің алғашқы кезеңдерінде анық естілетін, созып айтуға келетін және дыбысталуы мен таңбалануы бірдей дыбыстардан құралған сөздер іріктеліп алынады. Балалар сауат ашу кезінде өздері көріп тұрған не жазған әріптерінен буын құрай алады. Олар талдау арқылы сөздің кандай буындардан, дыбыстардан құралып тұрғанын ажыратса, жинақтау арқылы дыбыстардан буын, буындардан сөз кұрап үйренеді. Дара айтуға және басқа дыбыстармен қосып айтуға ең қолайлы келетін дыбыстар дауыстылар болады, сонан кейін үнді дауыссыздар мен ұяң дауыссыздар. Ең киындары қатаң дауыссыздар. Сондықтан да оқу-жазуға үйреткенде ең алдымен дауыстылар, сонан соң дауыссыздарды оқытқан орынды болады. Өйткені сауат ашудың ең алғашқы кезінде балалар бірден екі әріпті біріктіріп оқи алмайды. Алғашқы кезде бала бір-екі әріпті қабылдай алады. Үйрене келе, бірте-бірте жалғас тұрған әріпті де қабылдайды. Бірінші әріптен екінші әріпке көшіп, екі әріпті қосып оқи алатын кезде, созып айтуға болатын дыбыстардың берілгені жөн. Сондай-ақ алғашқы кезде оқуға ұсынылған сөздер буын жағынан да жеңіл (ашық, буын) көбінесе жуан дауыстылар мен созып айтылатын дауыссыздардан құралғаны қолайлы.

Балалар жуан буынды оқып үйрене бастаған кезде, жіңішке буындарды оқуға онша қиналмайды.

Сауат ашу кезінде дыбыстар және буын түрлерімен катар сөздің кұрамындағы дыбыстардың аз-көптігінің де әсері болады. Яғни, алғашқы сабақтарда екі-үш дыбысты сөздер үйретілгені дұрыс. Бірақ қазақ тілінде екі-үш дыбысты ашық буыннан кұрылған сөздер өте аз. Сондыктан бір-екі сабақтан кейін-ак бірнеше дыбыстан (өткен әріптердің кайталанып келуі арқылы) кұрылған сөздер мен тұйық буын қатар өтіледі. Екі дыбысты ашық және тұйық буыннан үдету амалымен үш немесе төрт дыбысты сөздер кұрастырылып үйретіледі (Шо-ра, ша-на, ал, ал-ма, ар-ша, Са-ра т.б.).
1.2 Сауат ашу кезеңінде жүргізілетін оқу- тәрбие жұмысының түрлері
1. Оқушылар оқу сабақтарында, экскурсияларда табиғат құбылыстарын бақылап үйренеді (маусымдық өзгерістерді). Жылдың әр маусымындағы өзгерістерді салыстырады, жалпылайды және көктемнің, жаздың, күздің, қыстың белгілері жөнінде қорытынды шығарады. Маусымдық, өзгерістердің себептерін түсіндіреді (күннің сәулесі мен жылуына байланысты). Табиғат күнтізбесін жасайды. Жыл маусымдарына қарай, адамдардың бау- бақшадағы, егістіктегі, мал шаруасындағы қызметінің өзгерістерін байқайды.
2. Адамдардың тұрмысы мен қызметінде білімнің рөлі туралы қарапайым елес қалыптасады. Оқу әрекетінің негізгі ережелерімен танысады, танымдық ойындар ойнайды, жұмбақтар шешеді, тату болу, сәтсіздіктерге күлмеу, оқудағы өздерінің және жолдастарының табыстарына қуану т.б.с.с. үйренеді.
3. Оқушы режимінің негізгі бөлімдерімен танысады. Оқулықтарды, оқу жабдықтарын ұқыпты үстауға дағдыланады, ертеңгіліктерге қатысады (Кітап мерекесі, Әліппемен кездесу, Әліппемен қоштасу т.б.).
4. Қоғам өмірімен танысады. Отаны туралы, туған жері, елі, халқы туралы, оның басынан өткен уақиғалар мен бүгінгі жайы және болашағы, салт, дәстүрі туралы, түрлі мейрамдар және оларды неге мейрамдайтынымызды т.б. біледі.
5. Адамдардың еңбектерін бағалауға үйренеді, мектеп мүлкін сақтау, киімдерін күту, нан, басқа да тағамдарды төгіп-шашпау, ағаштардың бұтақтарын сындырмау, жер бетінде шыққан көгалды таптамау т.б.с.с. біледі және сондай әрекеттерге дағдыланады.
6. Мектептегі және қоғамдық орындардағы мінез-құлық нормаларымен танысады. Жақсы деген немене, жаман деген немене екенін айырады. Кішіпейілділік, мейірімділік, адалдық, қарапайымдылық т.б. қасиеттерінің не екенін, олардың мәнін түсінеді.
7. Көшеде жүру тәртібімен, жол ережесімен танысады.
8. Санитарлық-гигиеналық ережелерді орындауға үйренеді.
Бұл жұмыстар сабақ үстінде де, сабақтан тыс уақытта да жүргізіледі.
Сөздердің ұқсастықтары мен ерекшеліктерін, теріс жазылуынан мағына бұзылатынын балаларға ережені түсіндіргенде де, жаттығулар жүргізгенде де, олардың жазуларындағы қателерді түзеткенде де көрсетіп, түсіндіріп отырудың пайдасы көп (тұзшы-тұщы, барма-бар ма т.б.).
Сауат ашу кезінде оқу мен жазу жұмыстары өзара тығыз байланыста болады.
Жақсы оқи алатын бала таза да сауатты жаза біледі, ал, жазуды жақсы меңгерген оқушы оқуды жеңіл меңгереді.
Бір сабақтың өзінде оқу қызметі мен жазу жұмысы бірін-бірі алмастырып және бірін меңгеруге екіншісінің көмегі тиіп отырады. Бұл байланыс баланың алғаш А дыбысын танып, оны оқумен бірге А әрпін жазып үйренуден басталады да, ол бүкіл сауат ашу кезеңінде бірлікте жүріп отырады. Демек, әліппені оқып үйрену кезеңінде ана тілі пәнінен бір күнде жүретін екі сабақтың біреуі дыбыс пен әріпті тануға арналады. Бұл, әлбетте, оқуға үйрету сабағы болады. Ал, екінші сабақта сол күнгі үйренген дыбыстың әрпін және жаңа әріп қатысқан буын, сөз, сөйлем жазу жұмысы жасалады.
Ақыл-ой әрекетін бағыттаудың толық болуы: яғни қандай да болмасын дағдыны қалыптастырудың өзі балаларға бағыт беру, түсіндіруден басталады. Оқушы осы бағытпен өздігінен орындауға кіріседі; әрекеттің материалдық түрде қалыптасу кезеңі. Оқушы көргенін орындайды, бірақ бұл әлі сыртқы, материалдық формада (мысалы: оқушының таяқша салуға кірісуі: басын қисайтып, иығын бүкірейтіп, бүкіл кеудесін бір жағына қисайтып, шынтағымен көтеріп, саусақтарының барлығын бүгіп, бар күшін жұмсауы); әрекеттің сыртқы сөйлеу ретінде көрінуі (балалар дауыстап сөйлеп отырады) Бұл кезеңде күрделі әркеттер бөліп-бөліп орындалады (мысалы: сауат ашу барысында бір әріпті жазуға үйрену үшін бірнеше элементтерді бөліп-бөліп жазып жаттығады); әрекетті ішінен сөйлеп отырып орындайды. Яғни дағды мен шеберлікке сапалы түрде үйренеді; әрбір қимылды не үшін, не мақсатпен орындайтынын біледі. Бұл сатыда бірқатар артық қимыл-қозғалыстар жойылып, жинақталады; дағды мен шеберліктің толық қалыптасып бітуі.
Сауат ашу кезеңінде мұғалімдер балаларды жазу әрекетіне үретуде осы көрсетілген сатылы қалыптастыру жүйесін сақтауға тиіс. Бұл процесті психолог П.Я.Гальперин және оның шәкірттері зерттеді. Қай заманда болмасын алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттердің ең бастысы- өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, сауатты, білімді ұрпақ тәрбиелеу.
2 САУАТ АШУ КЕЗЕҢІНДЕГІ ЖҰМЫСТАР
2.1 Сауат ашу кезеңдері
Сауат ашу кезеңдерінің мақсаты мен міндеттері.
Сауат ашу пәні үш кезеңнен тұрады:
Әліппеге дейінгі кезең
Әліппе кезеңі
Әліппеден кейінгі кезең.

Әліппеге дейінгі кезеңнің міндеттері:
-оқу әрекетіне деген қызығушылығын қалыптастыру;
- фонематикалық есту-тыңдауын дамыту;
- дыбыс, буын, сөз, сөйлем туралы алғашқы ұғымдары мен түсініктерін қалыптастыру;
- сызба-модельдерді колдана отырып, сөзге дыбыстық талдау жасау, дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырату, сөздерді буынға бөлу дағдыларын қалыптастыру;
- қолдың ұсақ бұлшық еттерін дамыту (бояу, сурет салу, түрлі бағытта сызықтар жүргізу, сұлбасын салу, элементтерді жазу);
- ойлау, есте сақтау, елестету, қабылдау қабілеттерін және тұрақты зейінін дамыту;
- ауызша, жазбаша тілін дамыту.

Әліппе кезеңінің міндеттері:
- оқу әрекетіне деген қызығушылығын дамыту;
- фонематикалық есту-тыңдауын дамыту;
- дыбыстық талдау-жинақтау дағдыларын жетілдіру;
- әліпби әріптерін меңгерту, әріптердің баспа және жазба түрлерін, бас әріп және кіші әріпті ажыратуға үйрету;
- тіл бірліктері (дыбыс, буын, сөз, сөйлем) туралы ұғымдары мен түсініктерін кеңейту;
- біртіндеп сөзді тұтас, дұрыс, түсініп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әріптерден сөз жасау
Cауат ашу әдістемесі пәнінен дәрістер
Сауат ашу әдістемесі дамуының қазіргі проблемалары
Сауат ашу - практикалық (семинар) сабақтар
Сауат ашу әдістемесі. Сауат ашудың мақсаты мен міндеттері
Сауат ашу кезеңіндегі оқыту типтері
Сауат ашу кезеңі - бала тілінің дамуы процесіндегі ең жауапты да күрделі кезең
Сауат ашу кезеңінде бірінші сынып оқушыларының сөйлеуін дамытудың теориялық негіздері
«Қазақ тілі сабақтарында тіл дамыту жұмыстарын ұйымдастыру»
Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының ұлттық білім беру салаларында қоғамның экономикалық – саяси және ғылыми-техникалық өркендеуі
Пәндер