Жетім балалар құқығы және журналистика


Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Ержігітова Айгүл
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
ҚАЗІРГІ БАҚ-ТАҒЫ ЖЕТІМ БАЛАЛАР МӘСЕЛЕСІНІҢ ЖАЗЫЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
«6B03204 -Журналистика» білім беру бағдарламасы
Астана, 2024
ҚАЗІРГІ БАҚ-ТАҒЫ ЖЕТІМ БАЛАЛАР МӘСЕЛЕСІНІҢ ЖАЗЫЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
ЖОСПАР
І. ТАРАУ Жетім балалар құқығы және журналистика
1. 1. Газет-журналдар мен онлайн БАҚ-тағы жетім балалар мәселесінің көтерілуі
1. 2. Телевизиядағы шетелдіктер асырап алған жетім балалар тақырыбы
ІІ. ТАРАУ ЖЕТІМ БАЛАЛАР МӘСЕЛЕСІН ЖАЗУДАҒЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ-ЭТИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕР
2. 1. Жетім балалар тақырыбын жазудағы құқықбұзушылықтар мен журналистік этика
2. 2. БАҚ пен әлеуметтік желідегі жетім балалар тақырыбын көтерудегі тиімділік пен нәтижелілік.
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмыс БАҚ-тағы жетім балалар мәселесін жазу ерекшеліктерін талдауға және жетім балалар тақырыбын жазудағы құқықтық-этикалық аспектілерді саралауға бағытталған. Журналистің аталған нәзік тақырыпты жазудағы шеберлігі және этика мен құқықтық нормаларды жан-жақты зерттеп, жетім балалар тақырыбының орны мен маңыздылығы туралы тұжырымдамалар жасалды. Сәйкесінше жетім балалар мәселесінің БАҚ-тағы жазылу стилі мен нормалық ерекшеліктеріне назар аударып, халықаралық стандарттар бойынша дәйектемелер жасалды. Әртүрлі жылдарда жариялаған түрлі газеттердегі, интернет сайттары мен телеөнімдердегі жетім балалар жайлы мақалаларды талдап, этикалық және құқықтық көріністері бағамдалды. Дипломдық жұмыста теориялық және практикалық зерттеулер тұрғысынан БАҚ-тағы жетім балалар жайлы ақпараттардың жанрлық, формалық ерекшеліктері дәлелденіп, сипатталады.
Тақырып өзектілігі: БАҚ - қоғамда орын алған кез-келген оқиғаны дер кезінде жалпыға ұсынатын, ақпаратты таратуға, талдауға, сараптауға мүмкіндік беретін бірден бір сала. Ол қоғамды толғандыратын тақырыптардың себебін және салдарын айтып, шешімін табуға ықпалын тигізеді. БАҚ арқылы қоғамға қозғау салып отырған осындай тақырыптардың бірі - жетім балалар тақырыбы. Аталған өзекті мәселе жайлы жазған журналистердің бейтараптылықты қатаң сақтауы және жеке өмірге қол сұқпауды қамтамасыз етуі аса маңызды. Яғни қоғамымыздағы аса сезімтал тақырыпты қозғағанда журналистік этиканың және құқықтың сақталуы ешқашан назардан тыс қалмауы керек. Жалпылай алғанда мақаладан моральдық аспектіні белгілейтін ережелер жиынтығы шеңберінде журналистің әдебі мен этикасын көруімізге болады. Бұл тұрғыдан алып қарағанда аталған этикалық нормалар негізінде жетім балалар құқықтары қорғалатынын нақтылай түсеміз. Осылайша, құқықтық және этикалық нормаларға сәйкес, әрбір журналист жетім балалар жайлы жазылған ақпараттардың барлығының белгілі бір деңгейде балаларға қаншалықты әсер ететінін қаперінен шығармағаны дұрыс. Себебі бұқаралық ақпарат құралдарының балаларды, сәйкесінше жетім балаларды көрсету немесе жазу тәсілі олардың атынан қабылданған шешімдерге және қоғамның қалған бөлігінің оларға көзқарасына әсер етуі мүмкін. Қазақстандық түрлі БАҚ өкілдерінің газет бетінде жарияланған жетім балалар жайлы мақалаларын басшылыққа ала отырып, аталған мақалалардың Сеул Конгресінде қабылданған Халықаралық журналистер федерациясының қаулысы бойынша, БАҚ индустриясында Біріккен Ұлттар Ұйымының Бала құқықтары туралы конвенциясы (БҰҰКҚК) және ЮНИСЕФ-тің журналистерге балалардың құқықтарына нұқсан келтірмей, қоғамдық мүдделерге қызмет етуге мүмкіндік беретіндей балалар мәселелері туралы хабарлауға көмектесетін нұсқаулықтар мен құқықтық нормаларға сәйкес зерттелінетін болады. Осы арқылы қазақстандық БАҚ-тардың жетім балалар мәселесін жазудағы этикалық және құқықтық нормалардың сақталу деңгейі бағамдалып, жанрлық және стильдік ерекшеліктері анықталатын болады.
Жұмыстың мақсаты: Қоғамдағы өзекті тақырыптардың бірі - жетім балалар тақырыбын жазудың маңызы мен өзектілігін анықтап, зерттеу нысанамыз ретінде алынған мақалаларды жанрлық, стильдік ерекшелігі жағынан талдау, саралау. Олардың тиімділігі мен нәтижелігін анықтап, қазіргі қазақ журналистикасындағы жетім балалар тақырыбының жазуындағы өзгешеліктерді зерттеу және бағалау.
Жұмыстың міндеттері:
- Қазақстандағы және халықаралық журналистикада жетім балалар тақырыбын жазудағы құқықтық және этикалық нормаларды салыстыру;
- Қазақстандағы жетім балалардың құқығының қорғалу деңгейі және халықаралық балаларды қорғау ұйымдарының нұсқаулықтарына талдау;
- Қазақ қоғамының өткені мен бүгініндегі балаларды, соның ішінде жетім балалардың құқығына тарихи шолу жасау;
- ЮНИСЕФ және Біріккен Ұлттар Ұйымының Бала құқықтары туралы конвенциясы журналистерге балалардың құқықтарына нұқсан келтірмей, қоғамдық мүдделерге қызмет етуге мүмкіндік беретіндей балалар мәселелері туралы хабарлауға көмектесетін нұсқаулықтар мен құқықтық нормаларға сәйкес қазақстандық БАҚ беттеріне жарияланған мақалаларды зерттеу;
- Қазақстандық БАҚ-та жарияланған жетім балалар тақырыбындағы мақалалар арқылы мұндай интеграция үдерісінің болашағы мен даму жолдарын айқындау.
Дипломдық жұмыстың ғылыми-әдістемелік негізі. Отандық және шетелдік авторлардың еңбектері, мерзімді баспасөз материалдары, иннернет ресустары пайдаланылды. Сондай-ақ, М. Шындалиеваның «Журналистика жанрларының пішіндері мен функциясы» оқулығы, Р. Жақсылықбаеваның «Журналист этикасы» оқу құралы, ЮНИСЕФ заңнамалары, Ж. С. Рамазанованың «Телерадиожурналистика» оқулығы, М. К. Барманкуловтың «Журналистика для всех. Общность и специфика жанров печати, телевидения и радиовешания», Д. Г. Бекасовтың «Радиоискусство. Теория и практика» еңбегі, М. С. Черепаховтың «Таинство мастерства публицистики» мен Т. С. Амандосовтың «Қазақ Совет баспасөзінің жанрлары» кітабы, Т. Қожакеевтің «Жас тілшілер серігі» мен Д. Рэндалл «Универсальный журналист» және т. б. еңбектері қолданылды.
Зерттеу әдістері. Зерттеу мәселесіне байланысты БАҚ-тағы жетім балалар жайлы жарияланған мақалаларға тақырып бойынша теориялық талдау жасау және нәтижесіне баға беру, қорыту.
Ғылыми жаңалығы. Қазақстандық БАҚ-тағы жетім балалар тақырыбының жазылуындағы стильдік жанрлық ерекшеліктеріне анализ жасалды. Сондай-ақ, алғаш рет Қазақстандық медианарықта жетім балалар тақырыбын қозғаған бұқаралық ақпарат құралдары этикалық және құқықтық аспектері тұрғысынан талданып, қазақ медиасындағы тиімділік пен нәтижелілік сараланды.
Диплом жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі тараудан және төрт тараушадан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
І. ТАРАУ. ЖЕТІМ БАЛАЛАР ҚҰҚЫҒЫ ЖӘНЕ ЖУРНАЛИСТИКА
1. 1. Газет-журналдар мен онлайн БАҚ-тағы жетім балалар мәселесінің көтерілуі
Журналистика - әлеуметтік жауапты мамандық. Журналистің басты міндеті - аудиторияның ақпараттық сұранысын қанағаттандыру, ал «мақсаты - қызмет ету» [1, 9 б] . Бұл оның арнайы құқықтарын ғана емес, сонымен бірге оның ерекше міндеттерін де анықтайды. Осы тұрғыдан алып қарағанда қоғам ішіндегі келелі мәселелер мен күрмеулі тақырыптардың БАҚ беттерінде жариялануы және қарастыруында аса жауаптылықты қажет етеді. Қоғамды толғандыратын тақырыптардың ешқайсысы құндылықтар жағынан белгілі бір иерархияға негізделмесе де, кей тақырыптар гуманистік және антропоцентристік парадигма тұрғысынан өзгелерінен ерекшеленеді. Соның бірі - жетім балалар тақырыбы. Аталған тақырып жайлы жазған журналистерге қандай БАҚ-та жұмыс істейтініне және олардың редакциялары қандай саясат ұстанатынына қарамастан, журналистерге қойылатын талаптың барлығына бірдей екенін де айта кеткеніміз жөн. Осы тұрғыдан алып қалғанда жетім балалардың мәселелерін көтерген газет журналдар мен онлайн БАҚ-тың жанрлары мен стильдерін анықтау және осы арқылы қазақ медиасында аталған мәселенің қандай және қаншалықты деңгейде қозғалғанын бағамдауға мүмкіндік туады. Мысалы, 2019 жылдың 5 наурызында «Сенімсіздік синдромы: жетімдерді қоғамға кіріктірудің жолы қандай?» [2, 1-7 б] деген тақырыппен шыққан «Егемен Қазақстан» газетінің мақаласын алуға болады. Мақала жанр ретінде ақпараттық-публистикалық жанрға жатады. Аталған жанрға сәйкес анализдер жасалып, түсініктемелер берілген. Объективтілік пен тепе-теңдікті сақтай отырып, журналистік зерттеу жасаған. Бакыт Орунбековтың «Журналистиканың негиздери» атты кітабындағы нұсқаулықда айтылғандай, әрбір сөйлемін нақты әрі қысқа, түсінікті қылып жазып, кіріспесінде де (лид) мақаланың жалпы мазмұнын беріп тұр. Тіпті журналистік материалда оның атауының өзі мақаланың жалпы реңін белгілейді. Яғни «сенімсіздік синдромы» сөзінен-ақ, түрлі жағдайда ата-анасыз қалған сәбилердің хал-ахуалын күрделі екенін ұғына түсеміз. Бұл арқылы журналист оқырман назарын тақырыптың екінші бөлігіне «Жетімдерді қоғамға кіріктірудің жолы қандай?» сұраулы сөйлеміне аударады. Оқырман әлі мәтінді оқымай жатып жетім балалар жайлы жазылған материалдың қандай жүк арқалап тұрғанын сезінеді. Автор оқырманның ойында қалыптасқан осы сұрақтардың жауабын беру үшін «сұрақ-тақырыпқа» байланысты мемлекет тарапынан жасалынып жатқан істер мен статистиканы жазады. «Республика бойынша 9 ірі балалар үйі жұмыс істейтінін, білім беру жүйесінде 23 отбасы үлгісіндегі мекемені, онда 849 бала тәрбиеленетінін, сонымен бірге 2 797 бала тұратын 43 балалар үйі» [2, 7 б] және мектеп-интернат және т. б. жетім балаларға арналған мекемелердің бар екенін де тілге тиек етеді. Десе де, «бірақ бұл жетімдер азайды деген сөз емес. Ал енді олар асырап алған адамдардың үйлерінде бақытты ма? Бұл балалардың ертеңі үшін құзырлы мекемелер неге алаңдайды?» [2, 7 б] деп қолға алып отырған мәселені тереңдете түседі. Бұл журналистің ой мен сөзді тең дәрежеде ұстап, оның сөз әдебін терең меңгергенін аңғартады. Себебі «сөз сөйлеушінің ойын, сезімін білдіріп қана қоймай, оның мінездемесі де болып табылатындықтан, журналистің тәрбиелік деңгейін сөзінің сипатынан байқауымызға болады» [3, 82 б] .
Мұнымен қоса, журналистік объектілікті қатаң сақтай отырып, осы істің оқырманға дұрыс және нақты ақпарат беру үшін Білім және ғылым вице-министрі, «Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары», «Қазақстан балалар үйі түлектері қауымдастығы» ЗТБ төрағасы», «Қазақстандағы SOS балалар ауылы» корпоративтік қорының ұлттық директоры» сынды жауапты мамандардың пікірін жазған. Бұл арқылы журналист әлеуметтік жауапкершілікті сезіне отырып, сенімділік және объективтілік көрсету үшін шыншылдық пен нақтылыққа сүйенген. Қорыта айтқанда, «нақты анықталған бір ойдың дамуын қамтыған» [4, 26 б], «маңызды әлеуметтік мәселеге байланысты туған деректі ойды танытатын»[5, 56 б], «мәселені оқырманға тарту ету, теориялық және жалпылама деректер мен құбылыстардың сараптамаларын беруімен сипатталатын» [6, 69 б] публицистикалық жанрдың барлық критерийлеріне сай жазылған.
Шымкенттен республикаға тарайтын «Жебе» газеті болса, жетімдік мәселесін жазудағы жанрлық ерекшелік бойынша сәл басқаша көзқарас береді. 2013 жылдың 7 қарашасында жарияланған «Жебе» газетінің №36 номерінде «Жетім балалар үйі ашып, оны сауда көзіне айналдыруды доғары керек» деген тақырыппен «Нұр» қайырымдылық отбасылық балалар үйінің директоры Тұяқ Есқожина ханыммен сұхбат жарияланған [7, 10-11б] . Ал кез-келген журналистің сұхбат алу тәртібі мен әдебі бар екенін жақсы біледі. Сәйкесінше кей жағдайларда белгілі бір тақырыпқа байланысты адамның ой-пікірін біліп, онымен сөйлесу барысында, сұхбат беруші публицистикалық нормаларға сәйкес сөйлемеуі немесе грамматикалық тұрғыдан бұрыс сөйлем құрауы мүмкін. Міне, осы сәттерде материалды әдеби өңдеп, қорытып жазу журналистің жұмысы. Осы талаптарға сай жазылған материал ғана хабар жанрының бір түрі - сұхбат болып табылады. Профессор Т. Қожакеев сұхбаттың шырайлы және тұщымды шығуы үшін сұхбат алушыларға төмендегідей кеңестер береді:
- Ең алдымен, ол әңгімені сыпайы, әдепті түрде, екі жаққа да жайлы, тиімді бағытта жүргізе білуі керек.
- Халыққа ең қажетті, олардың білгісі келіп отырған мәселелерді дәл ашатын, нақты да керекті жауап алуға болатын сұраулар қоюға тиіс. Әрі берілген жауап, айтылған әңгіменің оқырмандарды қызықтыратын ең қажетті жерлерін таңдап ала білуге міндетті.
- Қозғалатын мәселенің сипатына, онда нендей жайттардың ашылуы қажеттігіне орай, әңгімелесушінің кім екеніне қарай интервьюдің ең тиімді түрін таңдау да - өнер» [8, 73 б] . Ал Профессор М. К. Барманқұловтың зерттеуі бойынша сұхбатты екі топқа бөледі: «Сұрақ қоятын адамның сипаты бойынша - интервьюер - тілші және сұрақ қойылатының сипаты бойынша - интервьюер-кейіпкер. Бірінші топқа ол келесіні жатқызады: сұхбат-ақпарат, сұхбат-көзқарас; екіншісіне - сұхбат-сезім және сұхбат-әлеуметтік сұрау» [9, 56-б] . Біздің қолға алып отырған сұхбатымыздың түрі болса, сұхбат-ақпарат, сұхбат-көзқарас түріне жатады. Бұл тұрғыдан алғанда «Жебе» газетіне шыққан материал да ақпараттық жанрдың ішінде сұхбат-ақпарат жанрына жатады. Сәйкесінше «Жебе» журналисті мен Тұяқ ханымның арасында тең дәрежелі ауқымды сұхбат орын алған. Себебі сұхбат алушы ғалым Л. Маграчев: «Әңгімелесушіңізді лайықты түрде сыйлаңыз, онымен сұхбат құра отырып, қарсы пікір айтуға қорықпаңыз, бірақ, міндетті түрде оның пайымдауын тыңдаңыз, сөз ортасынан бөлмей өз ойын аяқтауға мүмкіндік беріңіз» [10, 79-б] деген сынды нұсқаулықтарды назарға алғаны көрініп тұр.
Негізі қазіргі таңда БАҚ арасында сұхбат ең жиі қолданылатын жанрлардың бірі. Р. Жақсыбекова, егер «БАҚ қызметі негізінен ақпараттық сипат алса, бұл тұрғыдан сұхбаттың атқаратын рөлі зор» [3, 100 б] деп есептейді. Ал сұхбатқа профессор Т. С. Амандосов: «Күн тәртібінде өмірдің өзі ұсынып отырған қоғамдық маңызы бар мәселе жөнінде журналист белгілі бір адамның ой-пікірін біледі, немесе сол мәселе жөнінде одан түсініктеме алады, онымен сөйлеседі, осыларды өңдеп, қорытып жазады, міне, осы талаптарда сай жазылған материал газеттің хабар жанрының бір түрі - интервью болып табылады» [11, 55 б] деп нақты анықтама берген. Ал сұхбаттың мақсаты жайлы Т. Қ. Қожакеев бы «интервьюдің мақсаты - қоғамдық маңызы зор бір мәселе, оқиға, тың бастама, қызықты құбылыс жөніндегі соған қатысы бар, өзі араласқан беделді де білікті адамдардың, мамандардың пікірімен жұртшылықты таныстыру» [8, 64 б] . Себебі «сұхбат алу - өте жауапты, қиын процесс, онда журналистің мәдениеттілік деңгейі, алған тәрбиесі, ілімділігі, ұқыптылығы айқын көрінеді». Міне, осындай жауапты іске құқықтық, этикалық, моральдық, гуманистік барлық нормалар мен ережелерді сақтай отырып қадам басу керек болады [3, 102 б] .
Енді отандық БАҚ-тағы 2016 жылдың 6 қазанында жарияланған «Жетім балалар үйін «отбасын қолдау орталығына» айналдыру қажет» [12, 16-17 б] атты сұхбатты жоғарыдағы критериийлер бойынша қарастырсақ болады. «Береке» қоғамдық қорының президенті Бағдаш Сүлейменовпен алынған сұхбатта аталған қордық атқарып жатқан жұмыстарына жекелей тоқталып келіп, сұхбаттың соңына қарай біз зерттеп отырған мәселені айтады. Яғни, жетім балалардың қоғам ішіндегі орны, болашағы, олардың психологиясы, болмысы мен табиғаты туралы сөз қозғайды. Алайда журналист аталған мәселені толық ашуға оқталмайды. Мұның бірден-бір себебі сұхбаттың тек қана жетім балалар мәселесін ғана емес, әлеуметтік жағынан аз қамтылған көпбалалы отбасылардың да жүгін көтеріп отырғанында. Мұны біз сұхбаттың кіріспе (лид) бөлімінен дереу аңғарамыз. Журналист мұнда басты нысан ретінде «Береке» қоғамдық қорының атқарған қызметтерін алғанымен, оқырманның ойын қоғамдағы көпбалалы отбасылар, жетім балалар мәселесіне аударады. Бұл туралы Бағдаш Сүлейменов «Бұл жердегі мәселе - жетім балалардың өмірінің соңына дейін жетім болып қалуында. Сол үшін жетім балалар үйін трансформациялау керек. Ол дегеніміз, жетім балалар үйін отбасын қолдау орталығына айналдыру деген сөз» [12, 17 б] деген пікір білдіреді. Қарап отырсақ, пікірі өте орынды және нақты. Сұхбат алушы да осы бір пікірдің салмағын сезген болу керек, сұхбаттың тақырыбын да Бағдаш Сүлейменовтың осы пікірлерінен алып қояды: «Жетім балалар үйін «отбасын қолдау орталығына» айналдыру қажет» [12, 16 б] . Газет редакциясы және сұхбат алушы журналистің мақсаты жоғарыда да айтып кеткеніміздей жетім балалар тақырыбын қозғау емес, қоғамдық қордың жұмысы жайлы ақпарат беру болғандықтан журналистік зерттеу жасалмаған. Мұнымен қоса, сұхбат тақырыбын тікелей жетім балаларға қатысты қылып қойғандағы мақсаты да белгісіз. Яғни тақырып пен мәтін бір-бірімен үйлеспейді.
Жетім балалар тақырыбында жазылған тағы бір материал 2010 жылдың 19 шілдесінде жарияланған «Жетім балалардың көңілі неге қаяу?» атпен «Егемен Қазақстан» газетінде [13] жарық көрген. Аталған материалдың «Заман-ай» дейміз, «адам-ай» деуге аузымыз бармайды. Көңілімнің дәл осылай құлазуына қақаған қыс айында үстеріне қырық жамау күртеше, аяқтарына шұрық тесік бәтеңке киген қос бүлдіршін алақандарын жайып, қайыр сұрап жүр екен» [13] деп басталған сөйлемдерінен-ақ оқырманның сезімін оятып, әдеби көркем шығарманың тілінде кіріспе жасаған. Мұндағы кіріспе деген сөзіміз жай ғана мақаланың алғашқы сөйлемдері. Әйтпесе аталған материалда ешқандай кіріспе (лид) бөлім жоқ. Сонымен қатар, мақаланы нақты бір жанрға тиесілі деп айтудың өзі қиын. Себебі жанрлық ерекшелік жағынан ақпараттық, аналитикалық және көркем публицистикалық жанрдың барлық элементтері бар. Әрине, журналистік зерттеулерде әдеби жанр - детективтің элементтері бар. Бірақ әдеби жанрда жіптің ұшы тарқалған сайын кейіпкерлер көбейе түседі, ал журналистік зерттеудің барысында ақпарат бергендердің барлығы атала бермейді, өйткені журналистік зерттеуде ақпарат көзінің құпиялылығы аса маңызды. Осы тұрғыдан алып қарағанда аталған мақалада «қайыр сұрап жүрген» екі кейіпкер басы артық элемент ретінде жазылған. Зерттеу мақалаға басқаша да кіріспе жасауға болар еді. Өйткені мұнда журналист «өзінің ойын қоса отырып, хабар-ошарға байыптама сөзін қосады»[14, 29 б] .
Десе де, жетім балалар тақырыбын нақты әрі анық фактілер бойынша шолу жасаған. Себебі шолудағы құбылыс жеке-дара қарастырылмайды, ол бүтіннің бөлшегі ретінде пайдаланылады [1, 112 б] . Яғни «шолу ерекше туынды, оның негізінде басқа жанрда жоқ панорама ұстанымы жатыр. Ол сонысымен де ерекшеленеді» [15, 59 б] . Осылайша, елдің ішіндегі өмір оқиғаларын қамтыған ішкі шолу толыққанды жасалған. Мысалы, Қызылорда облысында 643, 6 мың халық тұратын болса, осының 245, 4 мыңы, яғни 38, 1 пайызы 18 жасқа дейінгі балалар екенін айта отырып, норматив бойынша Сыр аймағында 49 штат бірлігі қызмет атқаруға тиіс. Алайда, облыс аумағындағы 8 қорғаншы және қамқоршы органдарда жалғыз ғана қызметкерлерден жұмыс істеуде [13] деп ақпаратты бүкпесіз баяндайды. Мұндағы журналист «детектив сияқты деректерді жинайды, бірақ ол белгілі бір тұлғаны айыптау мақсатында емес, қоғамдағы келеңсіз жайларды анықтауға үміттенеді» [16, 67 б] . Осылайша, журналистің басты міндеттерінің бірі шыншылдық пен нақтылықты, әділеттілік пен бейтараптылық екенін ұмытпаған.
Ал, онлайн БАҚ-тағы жетім балалар мәселесін көтерілуіне келетін болсақ, мұнда да біршама журналистиканың негіздердің сақталмағанын көруге болады. Мысалы, Мысалы, еліміздегі ірі ақпараттық агенттік сайттардың бірі «Mezgil. kz» сайтының «Ақмолада 100-ге жуық жетім бала асырап алынды»[17] атты мақаласында мақаланың жалпы мазмұнын ашатын кіріспе бөлім жоқ. Бұл негізі тек қана осы сайтқа ғана емес, қазақстандық көптеген онлайн БАҚ-тағы кемшіліктердің бірі. Десе де, мақалада анализдік шолу мен аналитикалық элементтер көріні табады. Мысалы, мақалаға қойылған атаудан-ақ оның қандай позицияда жазылғанын және нендей мәселе көтерілгенін бірден байқауға болады. Мұнымен бірге Ақмола облысына қарасты «Ана үйі» қоғамдық қоры жанынан құрылған «Жанұя» бала асырап алуға қолдау көрсету орталығы көмегімен облыс аумағында 100-ге жуық жетім бала асырап алынғанын мақаланың кіріспе бөлімінен оқимыз. Осылайша, 2016 жылдан бері бала асырап алуға ниеттенген ата-аналарға психологиялық және заңды көмек көрсету мақсатында ашылған орталықтың бүгінге дейін атқарылған және атқарылып жатқан жұмыстары жайлы кеңірек тоқталып, Динара Дәулеткызы, Сергей Комаров сынды орталықтың мамандары мен мекеме психологы және аталған мәселеге қатысты басқа да жауапты мамандардың пікірін береді. Атқарылып жатқан жұмыстардың көрсеткіші ретінде бүгінге дейін Бұланды ауданында 40 бала, Бурабайда 13 бала, Есілде 5 бала толық отбасында тәрбиеленіп жатқанын жазады. Мақала авторы осы арқылы қоғам тарапынан жетім балаларға жасалып жатқан қолдау мен көмектерді оқырман қауыммен бөлісіп, бала асырап алудың қоғам мен мемлекет үшін аса маңызды және жауапты жұмыс екенін нақтылай түседі. Бұл тұрғыдан алғанда, мақала жетім балалар мәселесін позитивті жағынан жазуға тырысқанын көруге болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz