Жерлерді кадастрлық бағалау


Ф. 7. 11. -05
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИССТРЛІГІ
М. ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
«Су ресурстары, жерді пайдалану және ауылшаруашылық техникасы»
кафедрасы
«Жерлерді мемлекеттік тіркеу және есепке алу»
пәнінен дәрістер жинағы
5В090300 - Жерге орналастыру, 5В090700 - Кадастр, 3 үшін
Шымкент, 2020 ж.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИССТРЛІГІ
М. ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
«Су ресурстары, жерді пайдалану және агротехника»
кафедрасы
«Жерлерді мемлекеттік тіркеу және есепке алу»
пәнінен дәрістер жинағы
5В090300 - Жерге орналастыру, 5В090700 - Кадастр мамандықтары бойынша оқитын студенттерге арналған
(барлық оқу формасы)
Шымкент, 2020 ж.
ӘОЖ 621. 32. 31
Құрастырған: аға оқытушы Эсанбеков М. Ю
«Жерлерді мемлекеттік тіркеу және есепке алу» пәнінен дәрістер жинағы. - Шымкент: М. Әуезов атындағы ОҚМУ, 2019 - бет
Дәрістер жинағы 5В090300 - «Жерге орналастыру», 5В090700 «Кадастр» мамандықтары ГОСО талаптарына және типтік оқу бағдарламасына сәйкес құрастырған және «Жер кадастры» пәнінен дәрістер жинағы қажетті мағлұматтарды қамтиды.
Дәрістер жинағында жер қатынастарының тарихи даму негіздері, жер қорының жағдайы мен сипаттамасы туралы айтылады. Жер кадастырының мақсаттары мен принциптері, мазмұны және жерді кадастрлық есепке алу, бағалау, жер учаскелерін мемлекеттік тіркеуді жүргізу баяндалған. Жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі /ААЖ/ құрылуының негіздері, жер учаскелерімен операциялар жүргізу әдістері берілген. Нарықтық жағдайда жер учаскелерін жылжымайтын мүліктің біріккен объектілерімен бірге бағалау әдістері негізгі мақсаттары мен міндеттері және де мазмұны баяндалған.
Рецензент: т. ғ. к, доцент Ахилбеков М. Н
"Су ресурстары, жерді пайдалану және агротехника " кафедрасының мәжілісінде ( № 1 хаттама "28" 08 2020 ж )
Ауылшаруашылық ғылым мектебінің әдістемелік комитетімен мақұлдады, баспаға ұсынылған (№ 1хаттама « 29 » 08 2020 ж. )
М. Әуезов атындағы Ғылыми- әдістемелік кеңесінің шешімімен баспаға ұсынған ( № хаттама " " 2020 ж)
© М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университет 2020ж
Кіріспе
Қазақстан Республикасы мол жер ресурстарына ие. Біркелкі мемлекеттік жер қоры 272, 5 млн. га кұрайды. Мемлекеттік жер қоры 14 облыс және 2 кала (Астана және Алматы) арасында бөлінген. Республика территориясында 8 табиғи-шаруашылық аумақ пен 2 табиғи-шаруашылық облыс бөлініп отыр. Жерлердің көбі шөл (112, 2 млн. га), шөлейт (37, 3 млн. га) және дала (62, 4 млн. га) аумақтарында. Барлық жер қоры жеті санатқа (бөлінеді, оның 34, 4%-ы - ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер, 43, 9%-ы - мемлекеттік қордағы жерлер, 7, 5%-ы - елді мекендердің жерлері, 4, 1%-ы - өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес жерлер, 4, 0%-ы - орман, 1, 3%-ы - су қорлары, 0, 55 %-ы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері. Республикамыздың табиғи шаруашылық жағдайы бірдей емес және әкімшілік бөлімдері көп.
Қазақстан жер реформасының ерекшеліктерін жер қатынастарының тарихи, құқықтық және экономикалық жағдайлары айқындайды. Оқулықта автор республиканың ғалымдардың ғылыми еңбектеріне сүйене отырып, Қазақстан территориясын мекендеген халықтардың жер қатынастарының көне заманнан бастап Ресейге қосылғанға дейінгі дамуын сараптады. Ұзақ мерзім бойы жерге (жайылымдарға және шабындыктарға) феодалдық жеке және феодалдық-рулық (тумалық) меншік формалары дамыды, ал суармалы егістік жер учаскелеріне (егіншілік оазистерде, оңтүстік аумақтарда) көне заманнан бері жеке меншік орнатылған. Ресейге косылғаннан бастап 1917 жылға дейін Қазақстанда Ресейдің жер қатынастары орын ала бастады және колониалдық жер саясаты жүзеге асырылды. Кеңес үкіметі уақытында республиканың барлық жерлері мемлекеттік меншікке ауысты, азаматтар мен мемлекеттік заңды тұлғалар ғана жерді пайдалануға құқықты болды.
1990 жылдан бастал Қазақстанда жер қатынастарының өзгеруі басталды. Қазақ ССР-нің жаңа Жер кодексі енгізілді, «Меншік туралы», «Қожалық шаруашылығы туралы», «Қазақ ССР-де жер реформасы туралы» т. б. заңдар қабылданды. Республика Конституциясына (1995 ж. ) мемлекеттік жер меншігімен қатар жерге жеке меншік енгізілді. «Жер туралы» (1995 ж. ) Президентіміздің 2003 жылғы ҚР «Жер кодексі» Жарлықтарында жерге мемлекеттік меншік пен жеке меншік орнатылуының ережелері мен заңдылықтары бекітілді, жер реформасы мақсаттарын орнатудың заңды жолдары көрсетілді, жер ресурстарын басқарушы органдардың жерді үйлестіру және мемлекеттік жер кадастрын жүргізу тәртібі мен ережелері бекітілді.
Жер реформасының дамуы жағдайында республикада жер ресурстарын басқарудың жаңа жүйесін кұру өте қажет. Кәзіргі уақытта барлық мемлекеттік органдар, кәсіпорындар, ұйымдар жер ресурстарын басқару функцияларын орындайтын Республикалық жер ресурстарын баскару агенттігі жүйесіне кіріп отыр. Жер ресурстарын басқарудың жаңа жүйесінің негізі болып Қазақстанның мемлекеттік жер кадастры саналады. Мемлекеттік жер кадастры жаңа жағдайда көп функционалдық, ғылыми-техникалық және ақпараттық жүйе болып қалыптасып келеді. Жер кадастрының ішінде үш блок қалыптасты - құқықтық, қаржылық және көп функционалдық. Ал көп функционалдық кадастрдың атқарушы, орталық негізі - автоматтандырылған ақпараттық жүйе, бұл жүйе республикалық жер туралы ақпараттық банк рөлін атқарады.
Сондықтан, жер кадастрының жаңа жүйесі негіздерін ғылыми дәлелдеп көрсеткен оқулық жоғары және орта оқу орындары студенттеріне, мұғалімдерге және жер ресурстарын басқару Агенттігі жүйесі, жергілікті атқару органдары мамандарына керекті құрал болады деп сенеміз.
Жер кадастр - мемлекеттің ұстаған жерлердің тіркеу, есепке алу және бағалау жүйесі, жер қатынастарды реттеуге ұсынылған, жерлердің құқықтық, шаруашылықтық және табиғаттық жағдайы /техникалық, экономикалық және құқықтық жағдайы туралы суреттеме/ туралы ақпаратты құрайды. Жер кадастрдың құрылуының мақсаты жоғары әкімшіліктерді, жылжымайтын мүліктің және жер учаскелердің нарығын жерлер туралы толық ақпаратпен қамтамастыру, нарықтық қатынастарды жетілдіру және өркендету, бюджетке түсімді көбейту. Мемлекеттік жер кадастрырдың жүргізуі топография-геодезиялық, картографиялық, топырақтық, агрохимиялық, геоботаникалық және де басқа ізденістер мен зерттеулердің мәліметтері мен негізделеді.
Жер кадастр - жерге орналастыру және кадастр мамандықттарының басты фундаментальдық ғылыми-техникалық пәні болады, онда мынадай сұрақтар қаралады:
- Жер кадастрдың және жылжымайтын мүліктін құруының және жүргізуын теориялық негіздері, бул пәннің басқа ғылымның салаларымен байланысы, республиканың жер қорының сипаттамасы; жер және қалалық кадастрдың жоспарлау және ұйымдастыру принциптері; қала, аудан, елді мекендердің шеғарасы ішінде жер учаскелердің тіркеу, есепке алу және бағалау жүйесі;
- Мемлекеттік, коммерциялық мекемелерге және азаматтарға жерлерді мемлекеттік тарапынан берудің тәртібі және керекті құжаттардың құрамы; - кадастрлық есептілік объектілерін шығару принциптері;
- Қалалардың және басқа елді мекендердің шекарасын орнату, тарихтық, табиғаттық қорғау режимдерін сақтау үшін бөлінген жерлердің шекарасын орнату тәртібі, принциптері және әдісі;
- Жерлер мен жылжымайтын мүліктерді бағалау әдісі және оған құжаттарды дайындау тәртібі.
Студентер пәнді оқыған процессінде мынадай теориялық білім және тәжірибе алу керек:
- Кадастрлық құжаттарды жасау және жүргізу тәртібін білу;
- Жерлерді және жылжымайтын мүлікті бағалау жұмыстарын нарық жағдайында жүргізу;
- Жер мониторингтің мақсаты мен әдістерін білу, жерлерді қорғау және тиімді пайдалануын жоспарлау;
- Экономикалық, жер-кадастрлық, геодезиялық, геоақпараттық мәліметтерді талдау, керекті есептерді жургізу;
- Картография-геодезиялық географиялық ақпараттық жүйесінің негізін кұру;
- Қоршаған ортаға аудандарға, аймақтарға экология шараларын жасау мен жоболау;
- Аймақтар денгейінде жерелерді тиімді пайдалану есебін құру және шешу;
«Жер кадастры» пәнінің дәрістер жинағының мақсаты студентерге жер кадастрдың курсын өзіндік жұмыс және, теориялық курсты меңгеруге барынша көмек беру. ОӘК ҚР дің МОС, Жерге орналастыру және кадастр мамандығының квалификациялық сипаттамасы, типтік және жұмыс жоспарлары сәйкес жасалған, пәннің негізгі мазмұның толық көрсетеді, студентерге оқу траекториясын және пәнді таңдауға көмектеседі. Дәрістер жинағы дәрістердің қысқа конспектін, әдістемелік құжаттарды, өзіндік жұмыстарға оқу-тәжірибелік құжаттарды, ұсынылған әдебиеттің тізімі және тестік сұрақтарды, терминдердің глоссарийді құрайды.
№1 дәріс. Кіріспе. Жер кадастрының ғылыми негіздері
Жоспар
1 Жер кадастры туралы түсінік және мазмұны
2 Жер кадастрының арналуы, міндеттері және сипаттамасы
Материалдық игілік қайнар көзі және салық салу объектісі ретінде жер туралы мағлұматтарды объективті түі алу қажеттілігінен тарихи жер кадастрі туындады. Мемлекеттің пайда болуымен бірге жер мемлекеттік кіріс және арнайы салық объектісіне айналды. Сондықтан қоғамның бір белгілі даму сатысында алдымен жерді есепке алу, содан кейін оны бағалау керектігі пайда болады, яғни жер кадастрін жүргізу қажеттілігі туындайды.
«Кадастр» сөзі латынның «саріtastrum» деген сөзінен шыққан. Бұл сөз «салық салынатын заттардың тізімі» деген ұғым береді. Осыған байланысты әуелі кадастр деп салықтанатын заттардың тізімі тіркелген кітапты (реестр) айтатын. Есепке, бағалауға алынған объектіге байланысты жер, су, орман және т. б. кадастрлері деп бөлінді. Сонымен жақты түсінікте жер кадастрі - жер салығы салынатын заттар туралы кітап, ал кең түсінікте - жерге салық салу үшін туралы мәліметтерді алу мақсатымен жерді есепке алу, жазу және бағалау бойынша мемлекеттің жүргізетін әректтер жүйесі. Кадастрлердің басқа түрлерінен жер кадастрі өзінің объектісімен (жер - өндіріс құралы және материалдық игіліктердің қайнар көзі) ерекшелінеді. Жер кадастрі әдістемесінің ерекшелігі жердің ерекшеліктерімен себептеледі. Ол ерекшеліктері келесідей:
1. Қоғам өмірінде жер еңбектің жалпы заты және шарты болып келеді. Ол қай болмасын өндіріс процесінің болуына шартты. Бірақ оның ролі қоғам өндірісінің әр түрлі қорында бірдей емес. Өңдеуші өнеркәсіпте және құрылыста ол кеңістік іс орны /еңбек жасалатын орын/ ретінде көрінеді. Қазып шығаратын өнеркәсіпте, оның үстіне ол ерекше қойма ретінде қаралады. Ауыл шаруашылығында жер тек өндіріс процесі жүзеге асырылатын орын ғана емес, ол еңбектің заты және құралы болып табылады. Ауыл шаруашылығында жер өндірістің ең басты құралы болып табылады.
2. Жер кеңістікте көлем бойынша шектелген және ештеңемен ауыстырыла алмайды. Өндірістің басқа құралдары өнімділік күштер даму барысында сан жөнінде өзгере алады, ескіргендері жаңа, жетілдірілген, экономикалық тұрғыда ұтымды құралдарға ауыстырыла алады.
3. Жерді құрал ретінде пайдалану оның кеңістік орнымен және ол орынның тұрақтылығымен байланысты. Басқа құралдарды әр орындарда пайдалануға және бір орыннан басқа орынға жылжытуға болады.
4. Жер өндірістің мәңгі, ауыстырылмайтын құралы болып табылады. Ауыл шаруашылығында жер өндірістің ең басты құралы болып, өсімдіктердің өсуіне жағдай жасаушы өте маңызды және ерекше қасиетімен, құнарлылығымен сипатталады.
Жерді дұрыс пайдаланса, оның сапасы төмендемейді, керісінше - жақсарады, сөйтіп, оның құнарлығы жоғарылайды.
Жердің айрықша ерекшелігі - ауыл шаруашылық өндірісінде оны пайдалану сипаты. Жерде көптеген ауыл шаруашылық дақылдардың түрлері өсіріледі.
Жалпы түрде жер кадастріне келесі әрекеттер тән:
1. Жерлерді есепке алу;
2. Жерлерді баяндау;
3. Жерлерді бағалау.
Жерлерді есепке алуда алқаптардың кеңістік жайы, олардың көлемдері, құрамы және сапасы анықталады. Жерлерді баяндауда олардың жаратылыс-тарихи және экономикалық қасиеттері анықталып жазылады. Жерлерді бағалауда жердің өндіріс құралы ретінде құндылығы және пайдалылығы анықталады.
Жерді есепке алу қажеттілігі оны адам тамақтану үшін пайдалана бастағаннан /егіншілік пайда болғанда/ туындады. Егіншіліктің және мал шаруашылықтың дамуы бірінші кезекте оларды пайдалану сипаты /жыртылатын жер, жайылым/, яғни алқаптардың түрлері бойынша, есепке алуды талап етті.
Өндіріс құралдарының және өмірлік құралдарды табу тәсілдерінің әрі қарай жетілуі, егіншіліктің, мал шаруашылығының дамуы еңбектің, айырбастың қоғамдық бөлінуінің жеке меншіктің, мүлікті теңсіздіктің пайда болуы және қоғамның топтарға бөлінуіне, алғашқы қауымдық құрылыстың құлдық құрылысына көшуіне әкеліп тіреді.
Жер кадастрі салық салудың ең бір маңызды құралы болған. Оның мәліметтері жер иеленушілерге салық мөлшерін белгілеуде негіз болған. Уақыт өте кадастрдің құқық жағының маңызы күшейе түскен. Ол жерді меншіктеу құқығын рәсімдеумен байланысты болды және сол аркылы пайдаланатын жерлердің шекаралары туралы азаматтық істер шешіле бастады.
Мысалы, жерлердің кейбір санаттарына жеке меншік құқықтарын енгізу; жеке меншіктердегі жерлерді нарық айналымына қосу; азаматтарға және занды мемлекеттік емес тұлғаларға тұрақты пайдалану құқығында берілген жер учаскелерін нарықтық айналым қосуға мүмкіндік беру. Сөйтіп жер нарығының қалыптасуына қүқықтық негіз салынып, жылжымайтын мүлік статусы берілді. Бұл заң қабылданған соң жерлермен келесі әрекеттер жүргізу мүмкін болды: сату; сатып алу; айырбастау; сыйлау; жер учаскелерін кепілдікке беру; ипотекалық операциялар және т. б.
Жерді үйлестіру келесі жұмыстарды жүргізуді қамтамасыз етеді:
- жерді үйлестірудің республикалық, облыстық схемалары және жер ресурстарын пайдаланудың, жақсарту, қорғаудың бағдарламаларын әзірлеу;
- жер пайдаланудың және жер иеленудің жаңа құрылымдарын құру мен қәзіргі қолданыстағысын ретке келтіру жобаларын жасау, жер учаскелерін орналасқан жерінде /карталарда/ бөлу мен шекараларын белгілеуді, жер
пайдалануға, иеленуге қүқық беретін құжаттар жасау;
- елді мекендердің жер-шаруашылық құрылысының, жер пайдаланушылардың, бүлінген жерлерді жаңғырту мен жаңа жерлер игеру жобаларын, сондай-ақ, жер пайдалану мен қорғауға байланысты басқа да жобалар әзірлеу;
- жерлерді есепке алу, пайдаланылмай жатқан жерлерді анықтау, топографиялық-геодезиялық, карторгафиялық топырақтық, геоботаникалық және басқа зерттеу мен іздестіру жұмыстарын жүргізу;
- кадастрлік және жер қорларын пайдалану, олардың жағдайлары жөніндегі басқа да карталарды әзірлеу;
- жер бағалау жұмыстарын жүргізу.
Мемлекеттік жер кадастрын жүргізу, жерді үйлестіру жерлерді пайдалану мен қорғауды және жер ресурстарын мемлекеттік басқарудың өзге де функцияларын бақылауды ақпараттық жағынан қамтамасыз ету мақсатымен жердің жай-күйін жүйелі қадағалап отыруға, ондағы болып жатқан өзгерістерді анықтау мен оларды бағалау жер мониторингінің мазмұнын құрады.
Жерлерді тиімді пайдалану мен қорғау барысын мемлекеттік бақылау мақсатымен республикамызда жер қорларын басқару жөніндегі Агенттік қүрамында Мемлекеттік жер инспекциясы құрылды.
Мемлекеттік бақылаудың міндеттері жер Зандарының тиісінше атқарылуына, мемлекеттік органдардың, заңды тұлғалардың, азаматтардың жерді ұтымды пайдалану мен қорғау жөніндегі шараларды орындауын қамтамасыз етуге саяды. Өздерінің құзыреті шегінде жерді пайдалану мен қорғау мәселелері жөніндегі мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдардың нұсқаулары барлық жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылары үшін міндетті. Жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
2 Жер кадастрының арналуы, міндеттері және сипаттамасы
Қазақстанда жер мемлекеттің меншігіндегі болғандықтан, оған барлық жер қорының табиғи, қүқықтық, шаруашылық жайы туралы мәліметтер қажет. Экономикалық тұрғыда жерді өндірістің ең басты құралы ретінде есепке алу, бағалау туындайды. Мемлекеттің даму жоспарларын, бағдарламаларын, болжамдарын ғылыми негіздеп құру үшін оның материалдық мүмкіндіктерін білу керек. Осы жағдай адам, материалдық, табиғилық қорларын/соның ішінде әсіресе, жердің маңызы зор/ есепке алу қажеттілігін есептейді.
Сол шаралардың ішінде ең маңыздылары болып топырақтардың құнарлығын арттыру, су және жел эрозиясынан, қайта тұзданудан, құрғаудан, өнеркәсіп тастандыларымен ластанудан сақтау және жерлерді бастапқы қалпына келтіру шаралары болып табылады. Бұл мәселелерді шешу үшін
еліміздің жер қорларының сапалық жай-күйі туралы толық, сенімді ақпарат жинақталуы және болуы керек.
Мемлекет жер пайдаланушыларды топырақтардың құнарлығын арттыру бойынша нәтижелі шараларды жүргізуге, олардың жел және су эрозияларына қарсы жүргізілген, ұйымдастыру-шаруашылық, агротехникалық, гидротехникалық шараларды жүзеге асыруға, сондай-ақ тұзданудың, ластаудың, батпақтанудың және басқа да жерлердің жай-күйін төмендететін процестердің алдын алу кешенін жүзеге асыруды талап етеді. Бұл шаралар жүзеге асыру жер алқаптарының сапалық жай-күйін жан-жақты зерттеу және есепке алуға негізделеді.
Қазақстан Республикасы үкіметі белгілеген қаулысы; /06. 06. 1996 ж. №710/ бойынша мемлекеттік жер кадастры Қазақстан республикасының табиғи, шаруашылық, құқықтық жағдайы туралы, жер учаскелерінің орналасқан жері, көлем мен шекарасы, олардың сапалық сипаты, жер учаскелерінің есепке алынуы мен бағалануы туралы мәліметтердің, өзге де қажетті мәліметтердің жүйесі болып табылады.
Жер кадастрын жүргізудің ең маңызды шарты координаттардың, биіктіктердің, картографиялық проекциялардың, классификатор, код, кіру және шығу форматтарының бірыңғай мемлекеттік жүйесін қолдану жолымен ақпаратты өзара сәйкестендіру принципін қамтамасыз ету болып табылады.
Кадастр мәліметтер топографиялық-геодезиялық, аэро-ғарыштық, картографиялық, жерді үйлестру, инвентаризациялық, топырақтық, геоботаникалық, бағалаулық және басқа зерттеу мен іздестіру жүмыстарын жүргізу арқылы қалыптасады.
Кадастрде әр жер учаскесі үшін физикалық сипаттамалары келтіріледі. Олар учаскені кеңістікте бөліп көрсетеді, оның орнын, мөлшерін анықтауға, сондай-ақ жерді құндық бағалауға мүмкіндік береді. Жер учаскелері туралы мәліметтер жер кадастрлік карталарда да келтіріледі, оның кадастрлік нөмірі, орны, шекарасы, жазулары айқындалады.
Мәліметтер тиісті әкімшілік аудан деңгейінде жинақталады. Онда учаскенің кадастрлік нөмірі, жеке немесе заңды тұлға /жер учаскенің құқықтық субъектісі/ аты, атқарушы органдардың хаттамалары, орны, мөлшері, бағалық құны, нысаналы арналуы, бөліну, бөлінбеуі, сервитут, пайдалану жөнінде шектеу туралы мәліметтер көрсетіліп, сақталынады. Бұл мәліметтер меншіктеу түрлері, жер санаттары аудандар, облыстар, қалалар, республика бойынша жүйелендіріледі.
Бақылау сұрақтары
1 Жер кадастры туралы түсінік және мазмұны
2 Жер кадастрының арналуы, міндеттері және сипаттамасы
Ұсынылған әдебиеттер:
1. Земельное законодательство Республики Казахстан. //Сб. нормативно-правовых актов//. - Алматы: Жети жаргы, 2000. - С. 7-77.
2. Архипов И. Г. Земельное право Республики Казахстан. - Алматы, Борки, 2002.
3. «Жер құқығы» Қазақстан Республикасы Мүхитдинова Н. Т. 2000 ж.
4. Жер кадастры. (Оқұлық) . Алматы, «Агроунивериздат», 2001ж.
№ 2 дәріс. Жер кадастрының әлемдік даму тәжірибесі мен қазіргі жағдайы.
Жоспар
1. Ежелгі елдердегі жер кадастрының даму тарихы.
2. Америка құрылығындағы жер кадастрының дамуы.
3. Еуразия құрылығы елдеріндегі жер кадастрының даму тарихы.
1. Қазіргі замандағы шетел кадастры.
Кадастр жүйелерінің ерекшеліктерін талдау, т. с. с. дамыған шет елдердің оң тәжірибесі кадастрдың кілттік рөлі туралы, оны нарықтық экономиканың базалық элементі ретінде тұжырым жасауға мүмкіндік береді.
Дүние жүзілік тәжірибе көрсеткендей, жылжымайтын мүлік нарығының және нарықтық экономиканың толығымен бүгінгі күнде орташа қызмет етуіне елде жеке меншік немесе жылжымайтын кадастрды қамтамасыз ететін арнайы жүйелер болу керек.
Кадастр ұғымы тұрақты емес, ол экономикадағы, саясаттағы, экологиядағы, әлеуметтік ортадағы өзгерістерге тәуелді өзгеріп тұрады. Қазіргі кездегі кадастр- бұл әдістемелі қалыптасқан және жүйелі түрде жаңарып отыратын елдің немесе ауданның жеке меншігі, ол жер учаскесін шекараларының кадастрлық суреттелуіне негізделетін мәліметтер туралы мемлекеттік реестр.
Эффектілі кадастрлық жүйе беретін негізгі ерекшеліктерге жатады:
Жылжымайтын мүлікке жеке меншік құқығы және басқа құқықтарды сенімді қорғау және кепілдеме беру;
- Жылжымайтын мүлік және жер туралы нақты мәліметтермен қамтамасыз ету арқылы салық салу жүйелерін қолдау;
- Ипотека жүйелерінің дамуы, кредит кепілдемелерімен қамтамасыз ету;
- Жылжымайтын мүлік және жер нарығының дамуы және бақылануы;
- Жерлерді рационалды қолдану және қорғау;
- Мүлік және жер құқықтарын сақтауға байланысты, сонымен қоса құқықтарды қалпына келтіруді, сот процесстерінің нәтижесіне кепілдеме беру;
- Жер және мүлік жан-жалдарын төмендету;
- Жекешелендіру және мемлекеттендіру процесстерін қамтамасыз ету;
- Инвестицияларды тарту, соның ішінде шетелдік инвестицияларды тарту бойынша мүмкіндіктерді кеңейту;
- Қала шаруашылығын басқару; табиғи және шаруашылық ресурстарды рационалды қолдануды қолдау, т. с. с. қоршаған ортаны толығымен:
- Өкімет органдарын және кадастрлық басқаруды экономикалық жіне әлеуметтік даму жобаларын өңдеу және басқару шешімдерін қабылдау үшін қажетті ақпараттармен қамтамасыз ету.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz