Жалпы психология


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 174 бет
Таңдаулыға:   

УДК 613. 9+371

ББК 51. 28 я 73

Жалпы психология. Оқулық. Оқу құралының авторлары: Алдамұратов Ә. (I, II, IV-VIII, XIII, XIV, XVI, XVIII, XIX тараулары), Рақымбеков Қ. (XI, XII, XV тараулары), Іргебаева Н. (III тарауы), Бапаева М. (IX тарауы), Нығметова Г. (X тарауы), Түрікпенов Ж- (XVII тарауы) . - Алматы: «Эверо», 2011. - 216 б.

ISBN 5-7404-0117-8

Адам жан дүниесінің қнлы-қилы кыр-сыры мек тіршілік әрекетін зерттейтін писихолия ғылымының сан-салалы екендігін айқын. Жантану жайындағы бірден-бір жетекші ғылым болғандықтан, оның қарастырар мәселелері қашан да маңызды. Бұл ретте айта кетер бір жайт - казақ этносына тән өзіндік писихикалық ерекшеліктердің психология ғылымында бұрын-соңды қамтылмағандығы. Бұл оқу құралының авторлары осындай мәселелерді жалпы писнхолилиялық мәселелермен байланыстыра отырып сөз етеді.

Оқу құралы жоғары оқу орындарының студенітерінс, пскхолог мамандарға және бұл пәнді өздігінен оқып үйренуші қалың оқырманға арналған.

Жоғары оқу орындарына арналған “Жалпы психология” атты бұл оқу құралы - қазақ тілінде жазылған қолтума еңбек, Құралды жазуға ұзақ жылдар бойы республика жоғары оқу орындарында психологня пәні бойынша дәріс беріп келе жатқан тәжірибелі оқытушылар қатысты, Мазмұны мен кұрылысы жөнінен алғанда, аталмыш оқу құралы елімізде соңғы жылдары осы пән бойынша жоғары оқу орындарына арналып жасалған мемлекеттік бағдарлама талаптарына сәйкес жазылды.

АЛҒЫ СӨЗ

Психология ғылымы қазақ елінің өткен дәуірлерінде жеке ғылы- мы пән ретінде оқытылған емес. Алайда, халқымыздың тыныс-тіршілігінде, сана-сезімінде, ауыз әдебиетінде адам жан дүниесінің белгілі бір жүйесі жайлы, оның сыр-сипаты мен әр алуан құпия қасиеттері туралы сөз ететін туындылар мек өнегелі ой-пікірлер өте мол. Ондай мысалдарды біз шешендік сөздер мен мақал-мәтелдер-ден, ақын-жыраулардық толғауларынан, батырлар жырынан, туған жері мен елінің бірлігін аңсаған билер сөзінен, жалпы айтқанда, хадық тың өшпес қазынасы - ана тіліміздің сөз корынан жиі кездестіреміз.

Адам жан дүниесінің сыры мен жүйесі халқымыздың түрлі толғаныстарын, ақыл-ойы мея сезімдік танымын, көңіл күйі мен арман-тілегін білдіретін тел туындыларында сақталған. Бұл пікіріміздің шынайы мәні мен айғағы болып табылатын мұралар - халықтық саз аспаптары арқылы орындалатын әндер мен күйлер, жырлар мен толғау өлеңдер. Саз өнерінің ырғағы мен әуені халықтың жан дүниесінің сырын көпшілікке нәзік үнмен жеткізіп отырған. Қазақ хадқының тұрмыс-тіршілігі психологиялық күйге, нәзік сезімге, көңіл құштарлығына неше түрлі игі ниеттілектерге толы болған. Міне, осы аталған жайттардың бәрі адам жан дүниесінің сырын бейнелейтін психологиялық мәселелер болып есептеледі.

Бұл құралда психология ғылымының өзекті мәселелері, бағыт-бағдары жалпы көпшілікке ұғынықты, түсінікті тілмен баяндалады.

Оку құралының мазмұны төрт бөлімнен құралып, он тоғыз тарау-ға таратылған.

Оқу құралының құрылысы мен мазмұны, қамтылған мәселелердің ғылыми негіздері мен берілу жүйесі, тіл жатықтығы, қажеттігі мен зәрулгі жөнінде студенттер мен психолог-мамандардыд және оқыр-мая қауымның ой бөлісуін сұраймыз.

Авторлар

Б і р і н ш і б ө л і м

ПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ

I тарау. ПСИХОЛОГИЯ ПӘНІ

§ I. Психологня пәнінің зерттеу объектісі

Әрбір ғылымның өзіне тән зерттеу объектісі болады. Психология ғылымы зерттейтін объектіні (пәнді) бірден түсіну қиын, әрі ол - күрделі мәселе. Өйткеш, психикалық құбылыстардың зерітсуші адамның дүниетанымдық көзқарасына байланысты. Психология-ның зерттейтін объектісі тіршілік пен өмірдің, басқа құбылыстары-нан ерекше. Заттар мен кұбылыстар туралы адамның елесі , қабыл-дауы, тілегі сол заттардың өзінен ерекше больш жасалады, Сейтіп, бірте-бірте олар адамның психикасы болып аталады. Оған психика-лық әрекеттер, қасиеттер, процестер, күйлер (көңілге байланысты) тағы басқалар жатады. Мұндай процестер көзге көрінбейді. Сонымен бірге олар сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстардан да ерекшеленеді. Бұл құбылыстар адамның ішкі жан дүннесіне тән.

Психология, психика деген түсініктер гректі” “псю-хэ” - жан деген сөзінен шығады. “Логия” - Імм Бұл ғылымның өзіндік таңбаеы Ү (псю деп аталатын грек әрпі) . Сонымен, психология - жан туралы ілім. Ол кұбылыстарды жүйелі түрде топтастырьш, болмыс пен фактілерді салыстыра отырып зерттейді Қабылдау, ес, ойлау, ерік, сезім деп аталатын тағы басқа психикалық процестер адамның ішкі дүниесі мен бейнелеу қасиетінің, күллі жан дүниесінің тіршілігі немесе оның сыры деп аталады. Осы орайда, біз психологияның жантану жайындағы ғылым екеніне көз жеткіземіз. Психологияның осындай анықтамасына қосымша ретінде оның үш түрлі ерекшелігі бар. Бірінші ерекшелігі - психология адамтану жайындағы ғылымдар арасында жетекші орынға ие. Мұндай ерекшелік қазіргі кезде қарқынды дамьш отырған ғылыми пәннің өресі мен алдына қойған мақсат-мүлдесімен байланысты. Екіншісі - адамның психологиялық дара өзгешеліктерін, психикалық проце--тердің анық-танығын айқындау үшш XIX ғасырдың орта кезінен бергі тәжірибелік зерттеулердің кеңінен қолданылуы. Осы ретте, психология эксперименттік ғылым деп те аталады. Үшіншісі - психологияны өзге сабақтас ғылыми пәндерден ерекшелеп тұратын жайт - бұл пәннің дербестігі. Пәннін дербестігі адам жан дүниесінің сырларын зерттеуде ең алдымен оның зандылықтарын жете білуді, әрбір адамның жеке басына тән ерекшеліктері мен сыр-сштаттарын даралап іздестіруді қажет етеді. Әрбір адам - өзінше бір дара дүние. Оның жан са-райына үңіліп, жүрек сырыиа терең бойлау, ондағы құпия, жайттарды ұғыну - пән дербестігінің бір қыры.

Адамдар күнделікті өзара қарым-қатынас нәтижееінде бірін-бірі бақылап, бір-бірінің мінез-кұлқын, істеген ісін, қылығын, еңбек-әрекетін біледі, ішкі сырларын аңғарады. Олардың сыртқы құбылыстарға бейімделуін, түрлі әсерлерге тітіркеніп, реакциялану-ын байқайды. Сөйтіп, бір-бірінің мінез-кұлық ерекшеліктерінің өзіндік сипаттарын түсінеді: Адам, психикасының сан қырлы сырларын ғылыми тұрғыдан зерттеп, олардың арасындағы айырма сипаттарын, бір-біріне тигізер ықпалын, қасиет-сапаларын, жан-күйін өмір тәжірнбесіне сүйене отырып ажыратады. Мұндай ерекшеліктер ұрпақтан-ұрпаққа тіл, халықтың өнер туындылары, жасаған заттық бұйымдары арқылы мұра ретінде беріліп отырады. Халық аузындағы “Сан рет естігеннен бір рет көрген артық" “Көре-көре көсем болады, сөйлей-сөйлей шешен болады”, “Көз жеткізбе-генді, сөз жеткізеді” деген мақал-мәтелдердің бәрі де адамның әрқилы психикалық процестері мен жан жүйесінің кызметі, сыры жайында айтылған.

Адамның өмірден көріп-білгені, естігені, өз тәжіркбесінен жинақтағаны ғылымға дейінгі психологиялык білімін түсінігін жасады. Мұндай түсініктер адамдардың табиғатпен қатынасында, айналасындағы нәрселерді танып, пайымдап, бағдарлай білуінде ерекше маңызды. Дегенмен, бастапқы түсініктер жүйесіз әрі тайыз болғандықтан, оларға сүйсне отырыи, адамдар арасында белгілі жүйеде тәлім-тәрбие, емдеу, ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу жеткіліксіз еді. Өйткені, олар адамның психикасы мен жан дүниесі туралы тұрақты әрі дәйекті ғылымн мәліметтер бере алмайды. Ал ғылыми білім, заттар мен құбылыетар жайындағы ақиқатты танып білу, олардың сыр-сипатын түсіну мәселелері себеп-салдар принциптерін ашып көрсету нәтижесінде ғана жүзеге аспақ.

§ 2. Жалпы психология. Психикалық процестер мен

психикалық қасиеттер, Психиканың дамуын бейнелеу

теориясы тұрғысынан түсіну

Жалпы психология - психика дамуының жалпы заңдылықтарын, оны зерттеу әдістерін, теориялық принциптерін және оның ғылыми ұғымдарының қалыптасу жүйесін зерттейді, Басқаша айтқанда, бұл ғылым - теориялық және п сихология деп те аталады, Жалпы психология - адамның танымы мен практикалық іс-әрекеттерін, түйсіну мен қабылдауын, ес пен қиялын, ойлау мен сейлеуін, ерік-жігері мен сезім күйлерін, адамның өзін-өзі меңгеруінің жалпы заңдылықтарын қарастырады. Адамның жеке басындағы өзіндік психологиялык ерекшеліктері болып саналатын мінезі мен темпераментін, мінездегі жетекші ниеттілектерді, қабілеті мен өнерді таңдай білуін т. б. ерекшеліктерін зерттейді.

Жалпы психология ғылымын зерттеу нәтижелері бұл пәннің барлық салалары мен тармақтарын дамытып отырудың іргетасы болып есептеледі. Сондықтан бұл пәнді оқып менгеруле мыналай негізгі үш мәселені бөліп қарастырамыз: а) психикалық процестер, ә) психикалық кейіп, б) психнкалық қасиеттер немесе адамның дара психологиялык ерекшеліктері.

а) Психикалық процестерге, әдетте, адамның таным процестерін жатқызады. Олар - түйсіну, қабылдау (тітіркендіргіштердің сезім мүшелеріне тікелей әсері), ес, қайта жаңғырту процесі, киял мен ойлау, Сейтіп, сыртқы дүние шындығын тану, еріктік процестер (қажсттіліктің, пайда болуы, ниет пен тілек), эмоциялык. процестер.

ә) Психологиялық кейіп көңіл-күй мен аффекттерді, зейін (шоғырлануы мен шашырауы) және ерік (сенімділік пен сенімсіздік, күмәндану) сияқты т. б, жайттарды бейнелейді.

6} Психикалық қасиеттер әрбір адамның жеке басына тән психологиялық өзгешеліктер болып табылатыя темперамент, мінсз, қабілет арқылы дараланады. Қоғамдық-әлеуметтік жағдайда өмір сүретін адамдардың бүкіл болмысы мен жан дүниесінің сыры олардың даралық қасиеттері больш табылатын темперамент көрінісінен, мінез-құлық ерекшеліктерінен және қабілет бейімділігі-нен айқын байқалып тұрады.

Материалистік ілім психикалық процестер мен ерекшеліктерді органикалык дүниенің белгілі бір даму сатысында пайда болған қасиеті деп санап, оларды бейнелеудің жоғары формасы ретінде түсіндіреді. Псяхиканы айналадағы объективтік шындықтың біздің жоғары сатыда жетілген жүйке жүйемізде бейнеленуі деп таниды. Жануарлар дүниесімен салыстырғанда, адам дүниені бейнелеудің ең жоғары сатысы - санаға ие болады. Саңа-тек адамға ғана тән қаснет. Адамның болмысты бейнелеудің ең жоғары сатысы - сана дәрежесіне көтерілуі, бір жағынан алғанда, оның жақсы жетілген жүйке жүйесінің қызметіне байланысты болса, екінші жағынан, адамның қоғлмдағы қызметі мен еңбек тәжірибесіне байланысты.

Психика, сана - материяның ең жоғары түрде дамыган жемісі және әрекеті. Адамның объективтік дүниені бейнелеп таньш білуі сезімнен тікелей абстрактылы ойға қарай дамиды, ал ойлаудың нәтижелері өмір тәжірнбесі мен коғамдық іс-әрекет арқылы тексеріледі. Осының нәтижесінде анықталған ақиқат болмыс пен оқиғаның бейнелері біздің акыл-ойымыз бен санамызға әсер етіп, білім қорымыз бен танымымызды жетілдіреді. Сөйтіп, адамның дүниетанымы тікелей сезімдік танып білуден абстрактылы ойға, одан әрі қоғамдық тәжірибеге ұштасып жатады. Адамның таным әрекетінің бұл жолы материалистік бейнелеу теориясы деп аталады. Ал психика мен психологиялық қасиеттердің бәрі ~ адамның осы дүниетанымының санада із қалдырып, белгілі фактіге айналуы. Психиканы және оның жоғары түрде да-мыған сатысы - сананы, адамнын дара ерекшеліктерін зерттеу маселалері - пснхология ғылымының басты міндеттерінің бірі.

§ 3. Психология гылымының салалары мен тармақтары

Қазіргі кезде психология ғылымы - көптеген салалар мен тармақтарға бөлініп, ілгері дамып отырған өрісі кең ғылыми тән (1-кестені қараңыз) . Бұл салалар мен тармақтар дамуы мен калыптасуы жағынан адамның түрлі тәжірибелік іс-әрекеттерін қамтитын әр килы сатыда тұр. Оларды топтастырьш, жік-жікке ажырату жіктеу (классификация) деп аталады. Енді осы мәселенің сырын ашуға кірісейік, Біз психиканың дамуын жіктегенде, ең бірінші, осы пәннін, зерттейтін объектісін, екінші. адамның іс-әрекет түрлерін негіз етіп аламыз. Үшінші, адамның өзін даму мен іс-әрекет несі деп санап, оның әлеуметтік ортаға қатынасын алып қарастырамыз.

Адамның нақты іс-әрекеттеріне сүйене отырьш, оның психикасының дамуын темендегіше жіктейміз.

I. Тәлім-тәрбие (педагогикадық) псяхологиясы . Бұл пәннің зерттейтіні - адамды оқыту мен тәрбислеу ісіндегі психологиялық зандылықтар. Ол оқушылардың акыл-ойы мен ойлау жүйесін, дағдыларын қалыптастырудың, олардың тиісті оқу материалдарын меңгеруі мен ұстаз-шәкірт арасындағы өзара қарым-катынастарды зереттеудің түйінді мәселелерін қарастырады. Сөйтіп, оқушылар ұжымындағы өзара қатынастармен, олардың психологиялық даралык ерекшеліктерімен санасып отырудың мүмкіндіктерін іздестіреді. Оқу-тәрбие жұмыстарын және балалардың психологиялық ерекшеліктерін қарастырып, бірқалыпты даму заңдылықтарынан ауытқыған балалармен тәлім-тәрбие жұмысын жүргізу әдіс-тәсілдерінің психологиясын зерттейді. Сондай-ақ, ересек адамдармен жұмыс істеудің ерекшеліктерімен және оларды қалай оқыту мәселелерімен де щұғылданады.

Тәлім-тәрбие психологиясының мынадай тармақтары бар: а) Оқыту психологиясы - дидактиканың психологиялық негіздерің оқыту мен білім берудің жекелеген әдістеме мәселелерін, бағдарлап оқыту мен балалардың ақыл-ойын қалыптастыру сияқты өзге де мәселелермен шұғылданады. ә) Тэрбие психологиясы - гуманистік және әлеуметтік тәрбие мәселелерінін психологиясын зерттеп, оқушылар ұжымының, еңбекпен түзету педагогикасының психологиялық негіздеріне қатысты мәселелерді іздестіреді. Бұлардан басқа мұгалімдер психологиясы кемтар балаларды (ересектерді де) оқытып тәрбилеу мәселелерін қамтиды.

II. Жас кезеңдерінің психологнясы - әр қилы психикалық процестердің табиғи негізі мен үнемі дамып отыратын азаматтық қасиеттерін, психологиялық сапаларын зерттейтін бұл сала мынадай тармақтардан құралады: балалар психологиясы, жеткіншектер психологиясы, жастар психологиясы, ересектер психологиясы, қарт адамдар психологнясы. Бұл сала оқыту мен ақыл-ойдың дамуын және олардың өзара байланысы мен іргелі мәселелерін. зерттеп, оқыту ісіндегі адамның ақыл-ойын, сана-сезімін жетілдірудің тиімді жолдарын нендей әдістер арқылы өрістетуге болады деген мәселелерді іздестіреді.

III. Арнаулы психология. Бұл адам дамуының біркалыпты даму жолынан ауытқуын, ми ауруына ұшырағандардың психикалық күйзелістері мен осы саладаьы ер қилы аурулардың себептерін қарастырады.

Арнаулы психологияның мына тармақтары, атап айтқанда: олигофренопсихология - ми зақымы ауруымен туған адам психологиясының дамуын, сурдопсихология - саңырау не керең болып туған балалар психикасын, тифлопсихология - нашар көретіндер мен сокырлардың психологиялық дамуын зёрттейді. Ал туа пайда болған ауру адамдар психологиясын зерттейтін тармақ патопсихология деп аталады. Бұл сөз грек тілінде “патос” - зардап шегу, ауру деген мағынаны білдіреді. Патопснхология медицина ғылымы мен оқу-тәрбие істерін зерттейтін пән-педагогика мен жан дуниесінің сырын қарастыратын психология ғылымының түйіскен торабына жатады.

IV. Еңбек психологиясы - адамның іс-әрекет түрлерінің психологиясын, еңбекті ғылыми негізге сүйене отырып ұйымдастыру мәселелерін қарастырады.

Еңбек психологиясының мақсаты - әр түрлі еңбектегі мамандық ерекшеліктерін, еңбек дағдыларының қалыптасуын, өндірістік-кәсіптік жағдайдың адамға тигізетін әсерін, құрал-аспаптардың құрылысы мен орналасуын, хабар жүйелерінің қажетті заттарын қарастыру. бұл салалардың әркайсысының өзіндік ерекшеліктері-нен бірге бірімен-бірі байланысты болып келетін мынадай тармақтары бар. инженерлік психолоеия - бұл. негізінен, автоматталған жүйелерді басқару мен әр түрлі операторлардың жұмысын зерттейді. Инженерлік психологияда ең өзекті мәселе эргономика деп аталады. Бұл термин гректің “ергон” - жұмыс және “номос” - заң дегел екі сөзінің бірігуі нэтижесінде пайда болған Бұл орайда. өндіріс пен адам арасында қатынас орнатудың түйінді мэселелері болып саналатын еңбек әрекетіндегі адамның өнімді ісі, оның психологиялық ерекшеліктері, жүйке жүйесінің қызметі мен еңбек гигиенасы, адамның өнім өндірудегі жетекші ролі, техникалық_ құрал-жабдықтар эстетикасы және автоматтанған тетіктер теорйя-сынға қатысты мәселелер қарастырылып, олардың сыр-сипаты зертіеледі. Эргономика, негізінен, “адам - машина - орта (еңбектену) жағдайын” қарастыра отырып, олардың неғүрлым өнімді болуы мен нәтижелерів жүйелі түрде үйлестіруді басты міндет етіп қояды.

Авиацшлық психология ұшқыштарды оқыту мен үшу кезінде орындалатын істердің жай-жапсарын, жалпы,

адам психикасның әуе кеңістігіне бейімделудегі ерекшеліктерін зерттеп. жоғары дәрежеде ысылған мамандар мен кадрларды даярлап шығару мақсаттарын көздейді.

Ғарышкерлік психология - адамның салмақсыздық пен әсем кеңістігінің айдынында бағдарсыз жағдайда жұмыс істеу сәтіндегі аса қиыншылық жағдайлардағы психологиясын, оның шектен тыс әсерден кейінгі кейпін, көңіл-күйі мен төзімділік көрсету шараларьш зерттейді.

Еңбек психологиясында арнайы зерттелуге тиісті күрделі тармақтар да бар. Олар ауыл шаруашылығына (шопандар мен малшылар, диқандар мен егіншілер т. б. ) қатысты больш келеді.

V. Медициналык психология дәріғерлердің қызметі мен аурулардың мінез-құлқын зерттейді. Бұл сала бірнеше тармақка бәлінеді, арбір тармақтық адам психикасын зерттеуге қатысты мақсат-міндеттері бар. а) Нейропсихолоеш психикалық құбылыстар мен жоғары жүйке құрылысының физиологиясын және олардың өзара қатынасын зерттейді; ә) Психофармакология дәрі-дәрмек-тердің адам психикасына әсері мен күшін қарастырады; б) Психотерапия - ауру адамға психикалық әдіс-айла және емдік тәсілдер қолдану мәселелерін қарастырады; в) Психопрофилактика және гигиена адамның денсаулығы мен оны нығайтуға арналған шараларды жүзеге асыру жүйесін, оның әдіс-тәсілдерін айқындау-мен шұғылданады.

VI. Әскери психологияның ең басты міндеті - азаматты ел-жұрты мен Отанын қорғайтын қалқан болуға психологиялық тұрғыдан даярлау. Мұнда жауынгердін. мінез-құлқы мен отаншылдық қасиетін тәрбиелеп қалыптастыру жағдайлары, бастықтар мен бағынушылар арасындаш қарым-қатынастар, үгіт-насихат жұмыста-рын жүргізу, дұшпанға дейген өшпенділік сезімдерінік оянып, оған қарсы барлау істерін ұйымдастыру және соғыс техникасын меңгеру мен басқару әдістері зерттеледі,

VIІ. ӘлеуметтІк-психология адам мен қоғам арасындағы қатынас мәселелерімен айналысады. Бұл сала адамдардың белгілі бір негізде ұйымдасқан топтары мен кездейсоқ топтары арасындағы өзара қарым-катынастағы психологиялық кұбылыстардың сырын зерттейді. Қазіргі кезде әлеуметтік психология шеңберінде мынадай үш түрлі мәселе қамтылады:

а) Үлкен, ірі топтардағы психологиялық-әлеуметтік жағдайлар. Бұл проблеманын құрамына жалпы бұқаралык байланыстар: радио, теледидар, баспасөз т. б. кіреді. Әр түрлі топқа жататын адамдарға осы құралдар арқылы алуан түрлі хабарлар, көпшілікке тән талғамдар, әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер, иланулар мен сенімдер, қоғамдық көңіл-күйлер жайлы әсер етудің психологиялық астарлары жеткізіледі. Бұған таптық психологияға қатысты мәселелер, этностык, және ұлттык. психология сипаттары, дін психологиясының өзекті мәселелері зерттеу де жатады.

ә) К ііиі (шағын) топтардагы психологиялық-әлеуметтік жагдайлар. Оңашаланып тұйықталған топтардағы адамдардың бірігуі, олардың өзара қарым-қатынастарыныд сыры мен хал-жағдайы, топ ішіндегі жетекшінің, алатын орны, әр түрлі топтық типтер болып саналатын ассоциациялар, корпорациялар, ұжымдар, ресми және бейресми топтар арасындағы қатынастар, сол топтар-дың, шеңбері, олардың бірігуінің себептері мен мақсат-мүлделері, шоғырлаау денгейі зерттеледі. Бұл мәселеге отбасындағы ата-ана мен баланың өзара қарым-қатынасы, үлкендерді сыйлау сияқты мәселелер де енеді.

б) Қ огамдары адамныц қасиеті мен әлеуметтік-психологиялық орны, Азамат - әлеуметтік психологиянын. зерттеу объектісі. Осы ретте олардың жоғарыда аталған топтарда қандай рөл атқаратыны және соларға бейімделу ерекшеліктерде зерттеледі. Сондай-ак, қоғамдағы азаматтың өзін-өзі бағалай білуін, оның ұстамдылығы мен бағыт-бағдарын, табандылығы мен көнбістігін, ұжымшылдығы мен менмендігін, тұрақтылығы мен болжампаздығын зерттеуге мән беріледі. Әрине, бұл аталған үш топқа қатысты күрделі мәселелер әлеуметтік пспхологияда біріне-бірі қарама-қайшы не бір қатарға қойылмайды. Азамат пен қоғамның тұтастығы тұрғысынан бұл мәселелер барлық қарым-қатынастардың жиынтығы деп қарастырылады және адамның азаматтық бейнесі мен оның ішкі мәнін ашып көрсетеді. Әлеуметтік пснхологияның тармақтары: этностық психологня, ұлт психологиясы, таптар психологиясы және дін психологиясы әлеуметтік өмір тынысын жан-жақты қамтиды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АДАМНЫҢ ТАРИХИ ДАМУЫНДАҒЫ БИОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ФАКТОРЛАР
Қазіргі замандағы психологияның даму жолдары
Психологияның даму тарихы
Психологияның ғылымдар жүйесіндегі орны
Тәрбие мен оқыту жүйесінің дамуындағы психология. ролі және орны
Психология пәні, мақсаты, міндеттері мен әдістері Психология пәні, міндеттері мен әдістері
Қытай психологиясы тарихының архитектурасы
Жалпы психологияның мән-мағынасы және оның барша ғылымдар жүйесіндегі орны
Қазіргі заман психологиясы және міндеттері
Пихология гылымының қалыптасуы мен дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz