Жалпы түркі тілдеріндегі сан атаулары


Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
Академик Е. А. Бөкетов атындағы
Қарағанды университеті
А. А. Турсумбекова
Қазақ тіліндегі жеті санының лингво-мәдени сипаты
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
6В02305 - «Филология»
білім беру бағдарламасы
Қарағанды қ.
2024
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
Академик Е. А. Бөкетов атындағы
Қарағанды университеті
«Қорғауға жіберілді»
Қазақ тіл білімі кафедрасының меңгерушісі:
ф. ғ. к., қауымд. проф. С. А. Кенжегалиев
6В02305 - «Филология»
білім беру бағдарламасы бойынша
«Қазақ тіліндегі жеті санының лингво-мәдени сипаты»
тақырыбындағы
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Ізденетін дәреже: бакалавр
Орындаған: студент А. А. Турсумбекова
Ғылыми жетекшісі:
PhD, ассистент профессор Б. Р. Хасенов
Қарағанды қ.
2024
Мазмұны
Кіріспе.
I Бөлім. МӘСЕЛЕНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ МЕН ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ
1. 1 Жалпы түркі тілдеріндегі сан атауларының зерттелуі
1. 2 Жеті сананың зерттелуі
II Бөлім. ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ЖЕТІ САНЫНЫҢ СИПАТЫ
2. 1 Қазақ ұғымындағы жеті санының ерекшеліктері
2. 2 Жеті санының лингво-мәдени сипаты
Қорытынды.
Әдебиеттер тізімі.
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы.
Тіл білімінің маңызды зерттеу нысанына айналған сан атаулары ұлттың, халықтың мәдени құндылығын тіл арқылы танытуға негіз болатын басты факторға айналды. Санның бойында сақталған көне мәдени құндылықтар, наным-сенімдер, ырым-тыйымдар, символдық мағыналар тілдегі паремиологиялық қор арқылы, заттық және рухани мәдени лексика арқылы, тілдік жүйеде сақталған концептуалдық аялық білім арқылы, лингвомәдени бірліктер тасасында жасырынған семалар арқылы айқындалып келеді. Тіл білімінің зерттеу нысанына айналған сан атаулары - жалпы генотипті ұғым. Ал сан мағынасын білдіретін метрикалық (өлшем) лексика, квантитативтік (сан-мөлшер) лексика, нумеративті лексика сан атауларының қатарына енеді. Сондай-ақ сандар мәдени құндылық ұғымы бола алады. Сандардың мәдени уәжін айқындау арқылы ұлттың салт-дәстүрін, жосын- жоралғысын, наным-сенімін тануға болады. Тіпті материалдық мәдениет атауларындағы сан ұғымдарын зерттеу негізінде ұлттың эстетикалық танымын, ұлт үшін құдіретті күш иесі болған рухани құндылықтарын аңғаруға болады. Сондықтан біздің жұмысымызда сандардың лексикалық мағынасы емес, ұғым ретінде қалыптасу уәжі, сандардың мәдени- семантикалық мағыналары айқындалады. Сан атауларын мөлшер-өлшем атауларының мағынасы тұрғысынан, нумератив атау ретіндегі қызметі тұрғысынан зерттелгенімен, мәдени атау ретінде, мәдени құндылық ретінде, ұғым бола алу әлеуеті тұрғысынан зерттелмеген екен. Осы мәселені мақсат ете отырып, қазақ тіл білімінде сан атауларының негізін айқындауды алғаш рет қарастырып отырмыз. Жұмысымызда сан атауларының реттік, есептік мағыналары емес, стереотипті түрде дағдыға айналған сандардың ұлттық құндылықтар жүйесіндегі көрінісі зерттеледі. Мәселен, үш рет талақ айту, нәрестеге ат қоюда үш рет қайталау, үш рет ұшықтау, үш рет аластау . Осындағы үш рет қайталаудың мәні неде? Дүниенің төрт бұрышы, төрткүл дүние, шарайна (парсы тілінде ч[аh] ар - төрт) деп қазақ халқы неге дөңгелек әлемді төрт бұрышқа бөледі екен? деген тағы да басқа сан атауларына қатысты осындай сұрақтардың уәжін анықтауға бағытталған жұмысымызда сан атауларының бойындағы ұлттық таным- түсінік, ұлттық аялық білімді анықтау көзделеді. Мақсатымызға орай жұмысымызда қазақ мәдениетіндегі сан атауларының концептілік мәні, мәдени-семантикалық құрылымы, лингвомәдени бірлік ретінде санада бір периферия аясында мағыналардың ұйысуын этномәдени атаулардың оның уәжімен тығыз байланысты екенін айғақтау жұмыстары жүргізілді. Қазақ
мәдениетінде сан атауларының жаңа культі әлемдік стереотиптік уәжден гөрі ұлттық сипатына негізделетіні, ал көне культтік мәні киелілімен, құдіретті магиялық күшімен ерекшеленетіні айқындалды.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Мәдениаралық байланыста сан атаулары ұлттық колоритімен ерекшеленеді. Себебі, әр ұлтта әрбір сан әртүрлі символданады, әр алуан ұғымдық мағына білдіреді. Дегенмен, санның әмбебап ұғымы тілдік мәдениетте ортақ көрініс тапқанмен, мағыналық фонында, коннотациялық мәнінде өзгешеліктер болады. Мәселен көне мифологияда төрт саны кеңістіктің символы, Жер символы деп танылған. Сондықтан кеңістікті төрт бөлікке бөлу (оңтүстік, солтүстік, шығыс, батыс), адамның төрт жағы (оңы, солы, алды, арты) туралы танымы стереотипті түрде жалпыадамзаттық ұғымға айналды. Осыдан барып, қазақ мәдениетінде «төрт құбыла», «төрт құлақ», «төрткүл дүние», «төртеуі төрт жақтан», «төрт құбылаң түгел» қолданыстардың уәжі туындады. Демек, қазақ мәдениетіндегі төрт санының символдық мәні кеңістіктің төрт бұрышы ретінде танылып, одан туындайтын «төрт жағым аман-есен түгел» - бәрі бүтін, яғни төрттік - бұл бүтін болу, түгел болу ұғымымен ұлттық сипатта сақталуы сан атауларының ұғымнан ұғым тудыру механизмін қалыптастыратын күрделі бірлік екенін байқатады. Ал семит тілінде төрт атауы арба ұғымымен символданады (арбаның төрт дөңгелегі) . Черкас елінің өзі төрт тайпа ұғымынан құралған (чаркас - четыре племени) . Сондықтан бұл ел үшін төрт саны - киелі, құдіретті сан. Ал корей елінде төрт саны аталмайды да, жазылмайды да. Себебі, төрт санын білдіретін жазудың айтылымы (транскрипциясы [sa:] ) өлім ұғымын білдіреді екен. Сондықтан ырымға сенгіш корей халқы үшін төрт саны қорқынышты үрей тудыратындықтан төрт санынан аттап өтеді. Жеделсатыда, конақүй бөлмесінде, пәтерлерде, т. б төрт саны жазылмайды. Не себепті жалпыадамзатқа ортақ әмбебап ұғым (сан) әр ұлтта ұғымдық реңкіне қарай ерекшеленеді? Осы мәселені айқындау үшін сан атауларына зерттеу жасап, қазақ мәдениетіндегі сан атауларының ұғым ретінде қызмет етуі зерделенді. зерттеулер нәтижелі болу үшін оның мақсаты мен зерттеу нысаны нақтылану қажет. Қазіргі қазақ тіл білімінде аспекті аясында лексикалық мағынаның талдануы дұрыс емес, ол құрылымдық лингвистика нысаны болуы керек. Ал зерттеулердің нысаны - лингвомәдени бірліктер, яғни мифологемдер, реалийлер болып саналады. Осы тұрғыдан жұмысымызда олардың қызметі мен ерекшеліктері ажыратылып көрсетіледі.
Көне дәуірден келе жатқан түсінік бойынша, белгілі бір ұлттық мәдениеттің тұтынушысы ретіндегі кез келген адамның өмірі мен сол ұлттың мәдениеті сан атауларының астарындағы мәдени құндылыққа бағынады. Бұл жерде санның математикалық мәні емес, мазмұны негізге алынады. Яғни сан атауларын лингвомәдени бірлік ретінде қабылдап, математикалық мағынасында емес, мәдени құндылық көзі ретінде қарастыруға бет бұру қажет. Қазақ мәдениетінде ерекше киелі саналатын
сандар паремиологиялық қорда, аңыз - әңгімелерде, салт-дәстүрлер мен жосын-жоралғыларда, тіпті ырым-тыйымдарда кең көрініс тапқан. Киелі сандар мәдени бейне ретінде рухани құндылыққа ие болған. Мәселен, үш, жеті, тоғыз, он үш, қырық, алпыс сандары мистикалық, магиялық, сакральдық мазмұнда танылады. Аталмыш сандардың мәдени бейне ретінде ұғымдарын айқындау үшін, талдау жүргізу қажет етіледі. Осы тұрғыдан алғанда жұмысымызда алғаш рет сан атаулары лингвомәдени бірлік ретінде (мифологем және реалийлер ретінде) қарастырылып, талдау үлгілері ұсынылады. Демек, әлі де мәні ашылмаған тың мәдениетті жаңғыртуға негіз болатын нысан - сан. Санның астарында жасырын семалар көп. Оларды ашу үшін әрбір санның құпиясын ақтару қажет. Бұл - лингвомәдениеттанудың нысаны. Тіл білімінің осы бір өзекті мәселесінің кішкене бөлшегі біздің жұмысымызда сөз болады. Яғни сан атауларының мәдени құндылықтарды таныту мүмкіндігін, мағынаның ұғым ретінде санада сақталуы құдіреттілігін тіл арқылы зерттеу қазіргі тіл білімінің өзекті мәселелерінің бірі. Себебі зерттеулер арқылы тілдің тасасында жатқан мәдени мағыналарды анықтауға, сөздің мағыналық аясын кеңінен танытуға негіз болады. Осы тұрғыдан алғанда жұмыстың өзектілігі әлемдік тіл білімінің проблемаларымен сабақтас. Диссертациялық жұмыста ұсынылған сан атауларының лексикалық мағынасынан тыс, коннотаттық, ұғымдық, стереотиптік, сакралдық, мифтік мағыналарын ашып таныстыру үлгілері қазақ сөзінің қорын кеңейту, қазақтың этномәдени атауларын таныту сияқты өзекті мәселелерді шешумен сабақтас деп ойлаймыз.
Зерттеудің нысаны . Қазақ тіліндегі сан атаулары мен жеті санының лингво-мәдени сипаты.
Зерттеу пәні. Жеті санына қатысты лингвистикалық, философиялық, мәдениеттанымдық, этнографиялық деректер.
Жұмыстың мақсаты: Жеті санын лингвомәдени бірлік ретінде зерттеу.
Жұмыстың міндеттері:
- Лингвомәдени бірлікті айқындайтын басты қағидаттарды нақтылау;
- лингвомәдениеттану саласында сан ұғымдарын лингвомәдени бірліктер ретінде зерттелу қағидаттарын анықтау;
- сан атауларының дүниенің мифтік бейнесін жасаушы қызметін айқындау арқылы олардың мифологема, реалий ретінде танылу ерекшеліктерін зерттеу;
- қазақ тіліндегі жеті санының мәдени-семантикалық және концептілік құрылымын айқындау;
- Жеті санына қатысты мәдени ұғымдарды анықтау үшін қазақ, орыс және ағылшын тілдерін салыстыра зерттеу;
Зерттелу деңгейі : түркі тектес халықтардың сан атаулары туралы В. А. Гордлевский, Н. Поппе, И. Зенга, Ф. Розенберг, Г. Рамстед, В. Бартольдт, В. Радлов сияқты ғалымдар тарихи-салыстырмалы зерттеулер жасаса, қазақ тіл білімінде сан атаулары І. Кеңесбаевтың, Ә. Хасеновтің, Т. Жанұзақовтың, Е. Қойшыбаевтың, Ж. Байзақовтың, Н. Уәлиұлының, А. Елешеваның, Қ. Ғабитханұлының, Қ. Дүсіпбаеваның, Р. Джельдыбаеваның, Асқар Ләйланың, Қ. Жанатаевтың, Қ. Күркебаевтың, Л. Қабылдинаның О. Қараджаның зерттеулерінде ішінара қарастырылады.
Зерттеу жұмысының жаңалығы.
- Қазақ тіліндегі сандар жүйесін тіл иесінің санасымен, мәдениетімен
тығыз байланыстағы дүниенің тілдік және көркемдік (мәденитанымдық) бейнесі аясында қарастырылатын лингвомәдениеттанудың тілдік бірлік ретінде зерттелді. Қазақ мәдениетіндегі сан атаулары лексикалық бірліктер ғана емес, лингвомәдени бірліктер - реалий, мифологема ретінде де қызмет ете алады. Сандық бірліктердің (бір, екі, үш, төрт, бес, алты, жеті, сегіз, тоғыз), ондықтардың, жүздіктердің, мыңдықтардың ұлттың мәдени ақпарат беруші ұғымдар ретінде талданды. Мысалы: бір - жалғыздық, екі - жұп, қос, егіз; үш - әлемнің жаратылысы (Көк, жер, жерасты), әлемді жаратушы (от, ауа, су) ; төрт - әлем кеңістігінің төрт бұрышы; бес - уақытылы көрсеткіш, әсемдік, алты - алуантүрлілік, жеті - құдіретті күш, магия, сегіз - көптік, тоғыз - сый-сияпат, айып-жаза .
- Сандар жүйесінің ұлттық мәдениетке сәйкес лингвомәдени мәнін семантикалық, концептуалдық, этнолингвистикалық, психолингвистикалық талдау арқылы ашылды. Қазақ мәдениетінде сан атаулары киелілігімен, құдіретті магиялық күшімен мәдени құндылық ретінде ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқаны нақты мысалдармен айғақталды, когнитивтік санада сақталған құндылықтар сан арқылы жалғасатыны нақты көрсетілді.
- Көркем және прецеденттік мәтіндердегі, фразеологизмдердегі, паремиологиялық жүйедегі сандық мағыналар айқындалып, олардың этномазмұндық мәні ашылған және жалпыәлемдік таным үлгісімен салыстырылды;
- Қазақ тіліндегі сан атаулары жүйесін (бір, екі, үш, төрт, бес, алты, жеті, сегіз, тоғыз, он және ондық, жүздік, мыңдық) антропоөзекті үрдіске негізделген лингвомәдени зерттеу барысында сандық ұғымдардың символикалық, лингвоаксиологиялық тұрғыдан жасалған мәдени- семантикалық моделі арқылы сандар әлеміндегі халықтық танымның мәдени коды ашылды.
Зерттеу жұмысының әдістері. Жұмыста семантикалық талдау әдісі, когнитивті-концептуалдық әдіс, ядро мен периферияға жіктеу әдісі, әдіс, мәдени код ашу әдістері, индукция және дедукция әдісі, лингвоаксиологиялық әдістер қолданылды.
Жұмыстың ғылыми тұжырымдамалары:
- Лингвомәдени бірлікті айқындаудың негізгі қағидаттары мынадай: лингвомәдени бірліктердің бірі - мифологемалар көне мифологиялық ақпараттардан туындаған архисемалардан құралады, мифологемалар бірнеше
мәдениетке ортақ, жалпыадамзаттық мифологема ретінде танылуы мүмкін, ал реалийлер наным-сенім, табыну мәдениетінен туындаған культтік танымда сақталған ақпараттарға сүйенеді және реалийлердің өзге мәдениетте эквиваленті болмайды.
- Құрылымдық лингвистика аясында сан ұғымдары мәдени атау ретінде танылып, лексикалық мағынасы сипатталса, лингвомәдениеттану саласында лингвомәдени бірліктер қағидасы бойынша, яғни мифологем немесе реалий бірліктері ретінде анықталады. Мысалы, тоғыз жолдың торабы (лексикалық мағынасы - есептік мағына) . Бір тоғызын беру (мәдени мағынасы - киіт беру) .
- Сандар тілден де бұрын пайда болған категория болғандықтан дүниенің мифтік бейнесін жасауда маңызды рөлге ие болған. Халықтық дәстүрде сандар белгілі бір ұғымды символдауда, белгілі бір ақиқат дүниені танытушы эталоны болуда, мәдени мағынасын білдіруде белсенді қолданылады деп тұжырымдаймыз. Мәселен, қазақ мәдениетінде қойға санақ жүргізбейді, қорадағы қойды санау оған кесірін тигізуі мүмкін деп ырымдаған. Орыс мәдениетінде қаздай тізіліп ұшып бара жатқан құстарды санауға болмайды, оларды жолдан тайдыруы мүмкін деп болжаған. Сондай- ақ тоқылған текеметтің ұзындығын өлшеуге болмайды. Бұл ырымдар санақ пен санның киелілігі, құдіретті тылсым күші бар деп сенуден туындаған деп болжаймыз.
Зерттеудің теориялық маңыздылығы.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы .
Зерттеу материалдары.
Зерттеудің дереккөздері .
Диплом жұмысының құрылымы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
I Бөлім. МӘСЕЛЕНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ МЕН ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ
- Жалпы түркі тілдеріндегі сан атаулары
Сан категориясы сапа категориясының одан әрі сипаттамасы болып табылады. Яғни, сан есім сын есімдерден сәл кешірек тәуелсіз морфологиялық категорияға бөлінді деп санауға болады. Көптеген зерттеушілер атап өткендей, бұл екі категория - сапа мен сан - көптеген лингвистикалық құбылыстардың негізінде жатыр және ең көне тұжырымдамалық категориялардың бірі болып табылады.
Сан категориясының саласы әлемнің барлық тілдеріндегі лексикалық бірліктердің арнайы тобы болып табылатын нақты сандарды ғана қамтымайды. Бұған әртүрлі формалар мен сөзжасамдық аффикстер кіреді, олардың көмегімен белгілі бір белгінің саны, көрінісі, номиналды да, етістік те азды-көпті дәрежеде беріледі.
Басқа тілдердегідей, сан категориясы мен сан есімдер тобы түркі тілдерінде өзіндік морфологиялық және синтаксистік қасиеттері бар лексикалық бірліктердің едәуір кең және қалыптасқан тобын білдіреді. Қазіргі түркі тілдерінде және талдау көрсеткендей, ортағасырлық жазба ескерткіштерінде сандар мәні бойынша келесі сандарға бөлінеді: бүтін сандар немесе кейбір зерттеушілер оларды кардиналды сандар деп атайды; синтаксистік жолмен құрылған құрама сандар; морфологиялық әдіспен құрылған және жинақтылығы, бөлінгіштігі, дәрежесі, сондай-ақ бөлшек сандары бар сандар.
Сан категориясы және онымен байланысты барлық тілдік құбылыстар лингвист ғалым үшін үлкен қызығушылық тудырады, себебі олар белгілі бір әлем бейнесінің этникалық ерекшеліктерімен байланысты сандық құбылыстарды бағалауға, бір жағынан әлемнің барлық халықтары үшін сан категориясының басқа категориялармен жұмыс істеу ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік береді.
Бұл тұрғыда түркі тілдеріндегі сан категориясының қолданысы бір жағынан, жеткілікті зерттеу жұмысы жүргізілмеген, қазіргі уақытта бұл бағытта зерттеулер бар екеніне қарамастан, жеке лингвомәдени проблема ретінде әлі қарастырылмағандықтан қызығушылық тудырады. Екінші жағынан, түркі тілдеріндегі сан категориясы мен сан ұғымын талдау бүгінгі күні тереңдетілмей, жалпы түрде жүргізілуде.
Алайда, бізді қоршаған ортада көрініс табатын барлық сандық заңдылықтардың ішінде ең үлкен мән алғашқы ондықтың сандарына және кейде алғашқы жүздікке ғана берілетін.
Ең қызығы, мәдениеттегі, тілдегі, өмірлік тәжірибедегі барлық айырмашылықтарға қарамастан, біздің планетамызды мекендейтін барлық дерлік халықтар бірдей сандарды базалық деп таниды, кейде тіпті олардың сиқырлы жүйесі де сәйкес келеді. Ең маңыздылары, мысалы, бір, үш, бес, жеті, тоғыз санының түрленуімен танылады . . .
Түрік халықтарында сан ұғымы ғылымға VII-VIII ғасырлардағы Орхон-Енисей ескерткіштері арқылы мәлім. Олар: бір, ікі, екі, үч, төрт, біш, біс, алты, йеті, йіті, секіз, токұз, он, ұн, йегірмі, йігірмі, отұз, кырқ, еліг, алтмыш, йетміш, секізон, токүұзон, йүз, бың [1. 117 б] .
Сандардың ерте заманда қалай болғандығы түрлі халықтардың тіліндегі ескілікті сөздерде де сақталған. Мысылы, ескі үнді (санскрит) тіліндегі “ви” (екі) сөзі көз ұғымын беретін сөзге өте жуық. Индонезиялықтар бес сан есімі мен кол зат есімін бір сөзбен “лима" деп атаса, орысшадағы “пять” (бес) сөзі “иядь” (қарыс) [3. 2-90 б], “иясть” (ескі славян тілінде жұдырық) [3. 91 б] сөздерімен төркіндес.
Жалпы сол кезде өмір сүрген халық мал шаруашылығымен, егіншілікпен айналысқанына қарамай, күнделікті өндірістік қимылдары өздерінің бір күндік ішіп-жеу көлемінен аспаған. Соған байланысты қолданылған сандар да аз болған. Адам баласы алғашында бір, екі, үш екілді сандарды қолданса, кейін төрт, бес, алты секілді сандарды да қолданысқа енгізген. Кейін даму үрдісі қарқынды жүрген сайын жүзге, мыңға дейінгі сандарды қолдана бастаған.
Ежелде адамдар санауды саусақпен үйренген. Бір қолдағы бес саусақ, екі қолдағы он саусақ, қол мен аяқтағы саусақтардың бестік, ондық және тағы басқа жүйелері қалыптасқан.
Ежелгі түріктер мыс (міс) сөзін о баста бес орнына қолданғанымен, алтмыш (60), йетміш (70) сөздерінде он орнына да жұмсаған. Мұндағы басты себеп, адамда екі қол - он саусақ болатындығымен қатысты болса керек [5. 8 б] . Алты мен жетінің этимологиясын Мыңбай Сқақов: алты - ал тағы біреу қос - ал тағы - алтау, жеті - және тағы - әлгі алтыға тағы біреу қос деген сөзден және сөзі “жә” болып қысқару арқылы жә тағы - жетеу болған деп жорамалдай [4. 143 б] отырып, бұл пайымын рим цифрларындағы VІ, VIІ арқылы дәлелдеген [5. 8 б] . Ескі абыздар тәңір адамды жаратқанда бастан жеті терезе (ауыз, екі көз, екі танау, екі құлақ) шығарған деп сенген. Түріктер қара жерді жеті қат, жауыздықты жеті басты жалмауыз арқылы өлшесе, жеті ата, жеті ғалам, жеті кәміл баба, жеті тылсым, жеті жүрт, жеті дария, жеті қараңғы түн, алып алты, жеп жеті болмас деген тіркестер жетінің бағзы бір замандарда сандардың ен жоғарғы шегі екендігін көрсетеді [5. 8 б] .
Ежелгі Грецияның философы Пифагордың (б. з. д. 560-500 ж. шамасы) сан жөніндегі ілімі санды құдірет тұтып, әлемді сандар жүйесі деп қарайды, заттар мен адамды, рухани дүниені санға балап, өнердің өзін сандық қатынастар гармониясы ретінде дәріптейді [6. 113-127 б] . Ол математикалық заңдылықтар мен философиялық қағидалардың арасындағы тығыз байланысқа қарап «Сан - бүкіл дүниенің негізі» деген қорытынды жасап, әр санға әр түрлі қасиеттерді теліген. Мысалы, олар: бір - ақыл, екі - пікір, үш - ерлік, төрт - әділеттік, бес - неке, алты - жетілгендік, жеті - денсаулық, сегіз - өлім, тоғыз - тұрақтылық, он - дүние системасының негізі, он үш - қырсық, отыз алты - бүкіл әлем, алты жүз алпыс алты - хайуан және т. б. деген пікір білдірген [6. 113-127 б] .
Қазақ балалары саңдарды жадында сақтау үшін “бір дегенім - білеу, екі дегенім - егеу, үш дегенім - үскі, төрт дегенім - төсек, бес дегенім - бесік, алты дегенім - асық, жеті дегенім - желке, сегіз дегенім - серке, тоғыз дегенім - торқа, он дегенім - оймақ” деп жаттайды[5. 8-9 б] . Мұнда сандар мен сөздер ұйқастық сәйкесім тауып қана қоймай, ең маңыздысы салыстырылған сөздердің санымен сайма-сай келіп отырады. Салыстырыныз: білеу - білеуіш білеудің бір беті істетіледі, егеуде екі, үскіде үш қыр бар. Төсекте төрт, ал бесікте төбегімен бес сирақ бар. Асықтың омпы, шомпы, алшы, тәйке, бүк, шік деп аталатын алты тарапы бар. Арқаның саны алтау. Малдың желкесінде мойын омыртқаны қосқанда жетеу болады. Серкенің төрт сирақ, екі мүйізіне сақалы мен құйыршығын қоссақ сегіз болады [5. 8-9 б] .
Бұл деректер бойынша, ежелгі түрік халқы да өзге халықтар секілді санауды дене мүшелері арқылы бейнелеуден бастаған тұжырымдай аламыз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz