Отандық өндірістің қалыптасуы мен дамуындағы басты мәселелер
Мазмұны
Кіріспе
Отандық өндіріс басым болғанда экономиканың бәсекелестігі артады.
Қайда барсаң Қытайдың киімі...
Басты талап . өндірісті үлгілендіру
Техникалық жабдықтау өндіріс табысымен байланысты
Үлгі өзгенікі өндіріс өзіміздікі
Елдегі нарық еселене ала ма?
Күріш
Өнімнің бәрі өзімізден
Келешегі кемел кәсіпорын
Қорытынды

Егемендік жылдарында елімізге 30 миллиард АҚШ долларынан астам шетелдік тікелей инвестиция құйылыпты. Бұл республика тұрғындарының жан басына шаққанда ТМД елдері бойынша ең жоғары көрсеткіш. Соған сәйкес, экономика қарқынды дамыды. Соңғы үш жылда отандық өнімнің жылдық өсімі орта есеппен 10,8 пайызды құрады. Турасын айту керек, бұл – еліміз осы мерзім ішінде даму қарқыны жағынан әлем мемлекеттерінің көшбастаушы үштігінің қатарында болды деген сөз. 2004 жылдың қорытындысында ел тұрғындарының жан басына шаққанда отандық өнім өндіруден ТМД елдерінің алдына шықтық. Көптеген көрсеткіштер бойынша көрші Ресей Федерациясын артқа тастадық. Мұнай өндіру еселеп артты, 2015 жылы ол үш есе өсіп, жылына 150 млн. тонна қара алтын өндірмекпіз. Теміржол саласы нығайды. Электр энергиясын өндіру көлемі өсті. Көмір, темір, алюминий өндіру ұлғайды. Банктер нығайды. Осылардың бәрі ақиқат. Мұны ешкім жоққа шығармайды. Дегенмен осы ақиқатты зерделей түссек тағы бір ақиқатқа тап боламыз.Ол республика тұрғындарының әлеуметтік жағдайының жақсаруы. Қазақстандықтардың әл-ауқаты ТМД елдерінің қай-қайсысынан да жақсарғаны даусыз ақиқат. Кезінде үдере көшкен отандастарымыздың Украина, Белоруссия, Ресей түгіл, Польша мен Германиядан, тіпті Израильден қайта оралып жатуы соның айқын дәлелі.
Дамуымыз негізінен шикізат экспортының өсімі нәтижесінде қамтамасыз етілген. Еліміз шикізат аймағы атауынан арыла алған жоқ.
Әлі де біразға жететін жер қойнауы байлығымыз бар. Оларды кәдеге жаратуға тиіспіз, өндіреміз, сатамыз. Демек, Қазақстанда шикізат өндірісі жетекші сала болуын алда да біршама уақыт сақтайды.
Еліміздің нарық жолына түсіп, әлемдік шаруашылық жүйесіне қосылуы экономикамыздағы терең өзгерістерді бастап берді. Осыған сәйкес халықаралық рынок қажет етіп отырған отандық өнімдерді бере алатын салалар неғұрлым шапшаң қарқынмен даму үстінде.

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Отандық өндірістің қалыптасуы мен дамуындағы басты мәселелер.
Орындаған:____________
Қабылдаған: ___________
Мазмұны
Кіріспе
Отандық өндіріс басым болғанда экономиканың бәсекелестігі артады.
Қайда барсаң Қытайдың киімі...
Басты талап - өндірісті үлгілендіру
Техникалық жабдықтау өндіріс табысымен байланысты
Үлгі өзгенікі өндіріс өзіміздікі
Елдегі нарық еселене ала ма?
Күріш
Өнімнің бәрі өзімізден
Келешегі кемел кәсіпорын
Қорытынды
Кіріспе
Егемендік жылдарында елімізге 30 миллиард АҚШ долларынан астам
шетелдік тікелей инвестиция құйылыпты. Бұл республика тұрғындарының жан
басына шаққанда ТМД елдері бойынша ең жоғары көрсеткіш. Соған сәйкес,
экономика қарқынды дамыды. Соңғы үш жылда отандық өнімнің жылдық өсімі орта
есеппен 10,8 пайызды құрады. Турасын айту керек, бұл – еліміз осы мерзім
ішінде даму қарқыны жағынан әлем мемлекеттерінің көшбастаушы үштігінің
қатарында болды деген сөз. 2004 жылдың қорытындысында ел тұрғындарының жан
басына шаққанда отандық өнім өндіруден ТМД елдерінің алдына шықтық.
Көптеген көрсеткіштер бойынша көрші Ресей Федерациясын артқа тастадық.
Мұнай өндіру еселеп артты, 2015 жылы ол үш есе өсіп, жылына 150 млн. тонна
қара алтын өндірмекпіз. Теміржол саласы нығайды. Электр энергиясын өндіру
көлемі өсті. Көмір, темір, алюминий өндіру ұлғайды. Банктер нығайды.
Осылардың бәрі ақиқат. Мұны ешкім жоққа шығармайды. Дегенмен осы ақиқатты
зерделей түссек тағы бір ақиқатқа тап боламыз.Ол республика тұрғындарының
әлеуметтік жағдайының жақсаруы. Қазақстандықтардың әл-ауқаты ТМД елдерінің
қай-қайсысынан да жақсарғаны даусыз ақиқат. Кезінде үдере көшкен
отандастарымыздың Украина, Белоруссия, Ресей түгіл, Польша мен Германиядан,
тіпті Израильден қайта оралып жатуы соның айқын дәлелі.
Дамуымыз негізінен шикізат экспортының өсімі нәтижесінде қамтамасыз
етілген. Еліміз шикізат аймағы атауынан арыла алған жоқ.
Әлі де біразға жететін жер қойнауы байлығымыз бар. Оларды кәдеге жаратуға
тиіспіз, өндіреміз, сатамыз. Демек, Қазақстанда шикізат өндірісі жетекші
сала болуын алда да біршама уақыт сақтайды.
Еліміздің нарық жолына түсіп, әлемдік шаруашылық жүйесіне қосылуы
экономикамыздағы терең өзгерістерді бастап берді. Осыған сәйкес халықаралық
рынок қажет етіп отырған отандық өнімдерді бере алатын салалар неғұрлым
шапшаң қарқынмен даму үстінде.

Әлемдік экономиканың жаһандануына байланысты туындайтын қауіп туралы
бүгінгі күні аз айтылып жүрген жоқ. Соған байланысты әлемдегі дамушы елдер
өздерінше қам-қарекетсіз кірісіп, сақадай-сай болмаса да, өз жопарланрынша
дайындық жүргізіп келеді. Мамандардың айтуынша, Қазақстан әлемдік
экономиканың жаһандануы жағдайында бірқатар проблемаларға тап болуы мүмкін.
Мәселен, экономиканың шикізаттық бағытталуы, әлемдік экономикамен елеусіз
ықпалдастығы, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымның дамымауы,
кәсіпорындардың жалпы техникалық және технологиялық артта қалуы, ғылымның
өндіріспен байланысының болмауы, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-жобалық
жұмыстарға аз шығын бөлуі. Және осы секілді тағы басқа да бірқатар
мәселелер болашақта елімізді экономикасын қыспаққа тіреп қоюы ықтимал. Ал,
аталған проблемаларды шешу, оларды алдын алу үшін қандай қарекет керек? Ең
алдымен Қазақстанға қоғамдық әл-ауқатты іргетасы бола алатын, білім-ғылымға
негізделген, бәсекеге қабілетті экономиканы құру керек. Бұл жайында да осы
уақытқа дейін әңгіме айтылған жоқ. Ал экономикамыз бәсекеге қабілетті болу
үшін- ұлттық инновациялық даму керек. Болашақтың бағдарламасы атанған
Қазақстан республикасының индустриялы-инновациялық дамуының 2003-2005
жылдарға арналған стратегиясы – экономика салаларын әртараптандыруға және
дамудың шикізаттық бағытынан кету жолымен елдің тұрақты экономикалық
дамуына қол жеткізуге негізделгені белгілі. Осыдан екі жыл бұрын
қабылданған бағдарламаға сай 2004 жылы 204 инвестициялық жоба іске
асырылса, соның тең жартысы даму институттарының қолдауымен жүзеге асты.
2005 жылдың басынан бері жүргізіліп келе жатқан индустриялық саясаттың
шеңберінде 6 жоба пайдалануға берілді. Сонымен қатар, түрліше 169 жобаны
іске асыру жоспарланып отыр. Индустриялық-инновациялық стратегия қолға
алынған уақыттың ішінде даму институттары жалпы сомасы 2 миллиард АҚШ
долларынан астын 103 инвестициялық жобаны қаржыландыруды мақұлдады. Қазір
іс жүзінде 1 миллиард АҚШ доллары сомасындағы 62 жоба қаржыландырылып отыр.
Осындай игі істерге қарап, экономикалық салада біршама жылжу бар деп
айта аламыз. Дегенмен де, жаһандану дөңгелегі алға қарай басқан сайын-
экономикасы мығым мемлекеттер де қадамдарын алға қарай қарыштатуы заңды
құбылыс. Мәселен, екі онжылдықта дамыған елдер жаңа технологияларды
енгізудегі нарықтың бәсекелестік басты факторы, әр өндірістің тиімділігін
арттыру және тауарлар сапасын жақсартудың негізгі құралы болған-
инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау мен белсенді мемлекеттік реттеу
саясаты жүргізіліп келеді.
Мемлекет басшысының Үкімет алдына қойған тапсырмасына орай – бәсекеге
қабілетті 50 мемлекеттің қатарына кіру үшін, әсіресе, Қытай мен Ресей
сияқты әйдік державалардың ортасында экономикалық құлдырау мен әлсіреуге
ұшырамау үшін Қазақстанға алдымен инновациялық бағытты қалыптастыру қажет.
Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау жөніндегі заң жобасы бойынша
Мәжіліс депутаттарының алдында баяндама жасағанда инновация дегеніміз-
зияткерлік меншікті нысаны болып табылатын, қоғамды басқаруға экономикалық
тиімді және әлеуметтік, экологиялық маңызды болатын ғылыми, ғылыми-
техникалық қызметтің нәтижесі.
Қазіргі уақытта Қазақстанда шет елге экспорттайтын өнім шығаратын
ешқандай бизнес немесе кәсіпкерлік орта жоқ. Біз әлі күнге дейін тек
шикізатты эксппорттаушы елден аса алмай отырмыз.
Қайда барсаң Қытайдың киімі...
Баспасөз бетінде отандық жеңіл өнеркәсіптің ауыр ахуалы жайлы аз
жазылып жатқан жоқ. Сонда да болса баяғы жартас-бір жартас, қаңқ етер
түкті байқамастың кері келіп тұр. Тіпті одан да жаман. Егер 2002 жыл
тоқыма және жеңіл өнеркәсіп жиылып өнеркәсіптің жалпы өндірісінің 1,7
пайызын құраса, былтырғы жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 1 пайыз
ғана болды. Бұл екі өнеркәсіптің сыртқы сауданың жалпы көлеміндегі үлесі де
1 пайызға жетпейді. Рас, соңғы бір-екі жылда тоқыма өнеркәсібі саласында
алға басушылық байқалады, кластерлік жүйе қолға алынып жатыр. Ал, аяқ киім
өнеркәсібінің құлдырауы тоқтар емес – бүгін ол ішкі сұраныстың бар жоғы 1
пайызын ғана жауып отыр.
Біз қазір кімдердің шығарған аяқ киімін киіп жүрміз? Әрине ең алдымен
Қытайдың. Біз 1991 жылы 53 миллион жұп аяқ киімді немесе сұраныстың 70
пайызын өзіміз шығаратын жағдайда едік. Ол кездегі 11 фабриканың бұл
күндері 5-еуі жұмыс істеп тұр. Олардың өзі де Алматыдағы Жетісу,
Ақтаудағы Ақ бөбек, Қарағандыдағы Гүлден, Семейдегі Икар мен
Қостанайдың аяқ киім фабрикасы өндірістік қуатының он пайызын ғана
пайдалануға мәжбүр. Және олардың жанын шын мәнінде сақтап қалып отырған
өнеркәсіп орындары менен арнайы құрылымдардан түскен аяқ киімге деген
мемлекеттік тапсырыс. Өндіріс толық өз күшіне жұмыс істемегендіктен
кәсіпорындардағы жұмысшы-қызметкерлер саны қысқаруға мәжбүр. Бұл көрсеткіш
2002 өзінің ең төменгі мағынасына жетіп, 1,3 мың адамды құрады. Одан бері
жағдай ептеп болса да түзеліп келеді, 2005 жылдың қорытындысы бойынша ол
1,9 мың адамды көрсетті.
Көпшілікке арнап шығарылатын аяқ киімнен айрылып қалған отандық
кәсіпорындар арнаулы аяқ киімдер тапсырысынан да айрылып қалуы мүмкін. Оның
өзінің бірнеше себептері бар. Біріншіден, тапсырыс берген арнайы құрылымдар
арзан өнімге қарай ұмтылады, ал кәсіпорындар бұл тапсырыстан айрылып қалмас
үшін үстінен көретін пайданың көлемін азайтуға мәжбүр де соның салдарынан
өндірісті дамытуға тиісті көңіл боле алмай отыр. Тапсырыс берушілердің одан
бөлек дайын өнімнің уақтылы ақысын төлемеуі немесе бөліп-бөліп төлеуі
секілді еркеліктері аз кездеспейді. Үшіншіден, тендерге қолында ешқандай
өндірісі жоқ алаяқтардың кіріп кететіні де ешкімге құпия емес. Осының бәрі
келіп қазірдің өзіне жылына миллион жұп арнаулы аяқ киімді шетелдіктердің
еншісіне кетуіне апарып соғып отыр. Яғни , отандық кәсіпорындарымыз осынша
несібесінен қағылды деген сөз.
Көпшілікке арналған аяқ киімді қажетті мөлшерде шығара алмай
отырғанымыздың да себептері тарам-тарам. Ең алдымен бізде кеңес заманының
өзінен түрлі аксессуарлар мен фурнитура өндірісінің болмағандығы қол байлау
екендігі. Сондай-ақ аяқ киімнің қалыбын шығаратын өндіріс те жоқ бізде. Ең
бастысы мемлекет тарапынан отандық кәсіпорынды дамытуға деген нақты көмек
жоқ. Ол көмек бәрінен бұрын аяқ киім импортына квота бөлу және кедендік баж
салығын көбейту арқылы импорттық тауарға шектеу жасау түрінде көрініс табар
еді. Мысалы, Польшада биылғы жылға дейін Қытайдың аяқ киіміне деген жоғары
кеден сақталып келді. Соның арқасында 1998 жылы 79,8 миллион жұпқа жеткен
қытайдың арзан өнімі 2000 жылы 2,2 миллионға бірақ түсті, поляктар өз
өндірісін аяққа тұрғызып алды. Германиядағы шектеу бойынша 900 мың жұп аяқ
киімді сырттан әкелуге болады. Көршіміз Ресейде кедендік салық төлемінің
үлесі аяқ киімнің бағасының 44-45 пайызын құрап отыр. Бізде ол 15 пайыз
ғана. Қосымша 1,4 евро әр жұп аяқ киімге.
Тек осы талаптың өзі кеденде қадағаланбайды. Қадағаланбаған соң
орындалмайды. Базардағы қытайдың арзан аяқ киімінің басы бар-жоғы 200-300
теңге болуы осының айғағы. Қазақстан Республикасының жеңіл өнеркәсіп
кәсіпорындары қауымдастығының мәліметтері бойынша контрабандалық жолмен
жылына елімізге 21 миллион аяқ киім келеді екен.
Жалпы, бүгін таңда отандық өнеркәсіп республика халқының аяқ киімге
деген сұранысының 1 пайызын ғана өтеп отыр дедік. 75 пайыз үлес құдай бере
салған көршіміз Қытайдың үлесінде. 10 пайызды тағы бір алып көршіміз Ресей
еншіленіп отыр. Қалған шамамен 34 елдің үлесіне тиетіні 14 пайыз.2005 жылы
күзде Алматыда аяқ киімге арналған 1 халықаралық көрме өтті. Бірақ, оған
қатысқан елдерді біздің кедендік және көліктік мәселедегі кейбір түсініксіз
тұстарымыз шошытып жіберген сыңайлы, импорттаушы елдер саны көрмеден соң
күрт өсе қоймады. Ендеше , Қытайдың киімін кигеніміз-киген.
Олай болатын жөні де бар.Біз көп нәрсенің байыбына бара бермейтін
қазақы алаңғасарлығымыздың салдарынан шоковая терапия деген бәлеге тап
болсақ, бізді жүз мың есе орап алатын алып көрші нарыққа кіруге біз секілді
асыққан жоқ. Нарық дегеннің не екенін алдымен елінің қаттырақ дамыған шығыс
жақ бөлігінде еркі экономикалық аймақтарда көзбен көріп, қолмен ұстап біліп
алды. Таңдайына дәмін татып көрді. Тәжірибесінің терісін қалдырып, оның
елінің өзге аймақтарына бірте-бірте ендіре берді. Басқаны айтпағанда
Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру үшін Қытай бұл ұйыммен 15 жыл бойы
саудаласты. Саудаласып жатып түскен табысын аяқ киім өндірісін техникалық
жағынан барынша қайта жарақтап алуға жұмсап жатты. Соның арқасында оның
жеңіл өнеркәсіпке арналған машина жасау секілді жаңа, жетілген салаға қолы
жетті. Ол сала әлемде бүгін дамыған елдермен еш қиналмай-ақ иық тіресуге
жарап отыр.
Аяқ киім өнеркәсібін олар батыстың лицензиясын пайдаланып дамытып
алды. Содан соң өзінің туындыларын өмірге әкеле бастады. Алғашқы кезде
тәжірибенің жетімсіздігінен тауардың сапасы тым жақсы болмаса да, уақыт өте
келе бұл мәселеде де еңбекқор ел зор табыстарға жетті. Соңғы жылдары Еуропа
елдеріне аяқ киім өндірісінің көлемі жыл сайын 10-15 пайызға өсіп отырды.
Бүгінгі таңда әлемдегі тоқыма матаның 70 пайызын беріп отырған Қытай енді
бірер жылдан соң әлемдік аяқ киімнің 80 пайызын беретін болады дейді
сарапшылар. Қытайдың арзан жұмыс қолына қызыққан батыс өнеркәсіпшілері
осылайша өз қолдарымен өздеріне бәсекелес жасап алды.
Біздің жеңіл өнеркәсібіміздің жағдайын ауырлатып отырған ең бір сорақы
жағдай- дамыған мал шаруашылығымыз бола тұра біздің аяқ киімге қажетті тері
шикізатын да сырттан әкеліп отырғанымыз. Нағыз парадокс. Елімізден жылына
орта есеппен сыртқа 3 миллионнан астам өндірілмеген тері шығарылады. Ол
үшін шамамен 7,7 миллион тері жиналады. Ішкі сұранысқа қажетті 1,2 млн.
дана тері ғана. Яғни, қалған 3,5 млн тері заңсыз жолмен қыр асып кетеді
деген сөз. Әр данасы болмашы ғана ақшаға 300-400 теңгеге сатылған, шетелге
асқан тері енді ол жақта өндіріліп қосымша құн салығы, көлік салығы, кеден
салығы, барлығы бар бірнеше өскен бағамен өз кәсіпорындарымызға қайтып
келеді. Біз соны сатып аламыз. Сатып алуға мәжбүрміз. Оның да тағы бірнеше
себебі бар.
Біріншіден, бізге сыртқа шығатын өңделмеген теріге деген кедендік баж
көлемі төмен. Бұрын оның әр тоннасына 50 евро алатын болсақ, қазір ол
көрсеткіш 200 евроға жетті. Бірібір аз. Мысалы, Ресей мен Белоруста бұл
көрсеткіш 500(!) евроға тең.
Екінші мәселе-терінің сапасы. Бұрынғы қаптаған ет комбинаттарынан
бүгінде елімізден еш нәрсе қалған жоқ. Базарға түсіп жатқан терінің бәрі үй
жағдайында сойылған малдың терісі. Үй жағдайында деген сөз, тері ешқандай
қалыпқа (стандартқа) сай келмейтін болып сойылады деген сөз. Өйткені, ет
комбинаттарындағы теріні бұзбай іреп, сыпырып алатын сайман құралдар жеке
адамның үйінде қайдан болсын. Соның салдарынан тері шұрық тесік күйге
енеді. Бұған теріні тиісті дәрежеде өңдейтін түрлі химикаттардың елімізде
шығарылмайтынын, шығарылатынының сапасы төмендегенін қосыңыз. Ол аз десеңіз
кешегі өтпелі кезеңде академик Скрябин айтқандай (адамды емес , адамзатты
емдейтін) ветеринария саласы далада қалды. Малдың түрлі жұқпалы және тері
ауруларына ұшырауы жаппай белең алды. Мұның өзі де терінің сапасына кері
әсерін тигізбей қалған жоқ.
Осының бәрі келіп бүгін жеңіл өнеркәсіпті екінші дағдарысқа ұрындырып
отыр. Семейдің, Петропавлдың, Рудныйдың қайта жарақтанған тері зауыттары
сапасы шикізаттың кесірінен аяқ киім фабрикаларына қажетті былғары- тері
дайындап бере алмауда. Мысалы , Семей зауыты жаңадан италиялық түркілік
қондырғы жабдықтар қойды. Жиүаз және аяқ киім өндірісіне қажетті былғарының
жаңа түрін шығаруды меңгерді, жұмысшыларын , қызметкерлерін шет елде оқытып
әкелді, сөйтіп бір өзі ғана отандық аяқ киім фабрикаларының мұқтажын
толығымен өтеуге дайын болып отыр бірақ , фабрикаға келіп түсетін шикізат –
терінің сапасыздығы қолды жіпсіз байлап отыр.
Отандық кәсіпорындар алдында айналмалы қаражаттың кемдігіде кесе
көлденең жатып алған. Жазғы науқанда жақсы теріні көп етіп жинап алуға
олардың мүмкіндігі келе бермейді. Бұл мақсатқа несие бөлінбейді, соның
кесірінен қаржыдан тапшылық көрмейтін қытай түрік саудагерлеріне жақсы тері
толассыз келіп жатыр. 2002 жылы жаңадан қабылданған салық кодексі бойынша
тері, аяқ киім өнеркәсібіне тиесілі жеңілдетілген қосымша құн салығы алынып
тасталғаны да енді бас көтеріп келе жатқан кәсіпорындарға жұдырық болып
тиеді. Аяқ киім тігушілер жоғарғыда аталған мәселелер оң шешімін таппаса
атап айтқанда тері шикізатына деген экспорттық, дайын өнімге деген
импорттық кеден салығы көтерілмесе есесіне өнеркәсіпке қажетті қондырғы,
құрал-сайман, станоктарға деген баж салығы қайта қаралмаса аяқ киім
кәсіпорнының аяғынан тұрып кетуі екі талай.
Басты талап - өндірісті үлгілендіру.
Еліміздегі нан және нан өндіретін әзірлеу (пісіру) саласы бүгіндері
қандай күй кешуде. Осы бір сауал әрбір саналы азаматты ойландыру керек.
Себебі, нанның сапа сыны- бәрімізге ортақ игілік. Бұл реттегі мәселелер қай
сәтте де болмасын өміршең.Қалыпты іс-тіршілік үйлестіру үшін отандық
кәсіпорындар нендей қолдауды, я болмаса іс-шараны, шешімді қажет етеді? Бұл
сауалдың жауабы жан-жақты негіздемелер мен сипатталады. Сонымен ең алдымен
мына жайтты алға тарту керек сынды.Қазақстандағы нан индустриясы өкілдері
мемлекетіміз бен еліміздегі аралас салаларды өкілдерінің нан пісірушілер
проблемасына тек қызу науқан кезінде ғана емес, басқа мезгілдерде назар
аударуы қажеттігін білдіруде. Өйткені, осы сала мамандары мен
жетекшілерінің пайымдауынша, онсызда үздік кезеңнің басынан кешіріп
отырмаған нан пісіру саласының Қазақстанның Бүкілдүниежүзілік Сауда
ұйымына өтер тұсында тұйыққа тіреліп қалуы ықтимал. ДСҰ-на енуге дайындық
жасау кезінде аталынған сала қандай нақты шешімді қажет етеді? Нан
индустриясын дамыту қауымдастығының өкілдері бұл ретте өнімділікті арттыру
мен шығынды төмендетудің басты талабы болып өндірісті үлгілендіру мен
мамандандыру саналады деген пікірде. Нан зауыттары мамандандырылған
желілерде үлкен көлемдегі өнімдер шығаруға бағыт бұруы қажет дейді
мамандар.
Нан пісіру өндірісі 16-дан асиам саламен байланысты, ал тауарлар
мен қызмет көрсету бағалары, егер өзгерсе әдеттегідей ұлғаю бағытына қарай
өзгереді. Сол сәтте барлық аймақтардың атқарушы билігі ұнның,
энергоресурстың, транспорттық шығынның қымбаттағанын назарға алмастан,
нанның бағасын қатаң реттейді. Бір жағынан өндірісшілер де нан шығару
көлемін сақтап қалу мақсатында бағаның сақталынып тұруына мүдделі, алайда
егерде бағаны тұрақты күйде ұстап қалуы мүмкін болмай жатса да кінәлі нан
пісірушілер болып шыға келеді.
Тәжірибе көрсеткендей нан бағасын әкімшілік-фискальды әдіспен ұстап
тұру өте күрделі.
Проблема бағада. Нан –тоқаш өнімдері нарығында іс-жүйелеушілер өткен
жылы-ақ Сау-нан мемлекеттік кешенді бағдарламасын жасақтау қажеттілігі
жөніндегі сауалды көтерген болатын. Әрине, бұл терең пайымдасақ, тұтынушы
үшін де, өндіруші үшінде игілікті шара. Әсіресе сапалы да сындарлы өнімге
деген сұранысы жоғары тұтынушы үшін. Бағдарламада тағамдық және биологиялық
құндылығы жоғары нан өндірісін ұлғайту жөніндегі кешенді шаралар анықтала
түскен болар еді. Осына ізгі істі өз кәсіпорнында үйлестіріп отырған
өндіріс орындарының бірі Ақсай-нан нан-тоқаш комбинаты. Комбинаттың
жетекші маманының айтуынша кәсіпорында Здоровье, Баварская,
Облепиховый, Алпамыс сынды денсаулық сақтауға пайдалы нандар нандар
өндірісі дұрыс жолға қойылған. Өзіміз білетін ісімен мамандықтарымен
өндіріс орны, яғни, Ақсай-нан нан сорттарын өткізу ісінде ылғы проблемаға
кезігіп отырады екен. Әңгіме сол баяғы бағаға қатысты. Бұл ретте нан
пісірушілерге мемлекеттің қолдауы қажет. Сондықтанда біз, аталынған
салада мемлекеттік реттеудің деңгейімен сапасын көтеруді ұсынамыз. Атап
айтқанда соның нәтижесінде нан зауыттарын емдік бағыттағы өнімдердің нақты
көлемі бойынша бюджетке өтетін табыс салығынан босатуды, осы өнім бойынша
электроэнергиясына отынға жеңілдік беретін тарифтерді қолдануды сұранамыз
дейді кәсіпорынның басшы маманы. Бұл мәселе де бүгінгі нан өндірісінде
шешімін күтіп жүрген сауалдардың бірі.
Техникалық жабдықтау өндіріс табысымен байланысты.
Үздік технологиялық құрал-жабдықтармен, қамсыздануға ұмтылу тек нан
өндірісі ғана емес жалпы көптеген салаларға керек нәрсе. Ал нан тәрізді
адамдар үшін өмірлік мән-мәнісі өте жоғары тағам әзірлейтін салаға
екібастан қажет шарттылық. Оған (үздік жабдықпен қамтамасыз етілуге)
ұмтылған кәсіпорынды шын мәнінде лайықты бағалауға болады. Дегенмен бұл
істе де өзіндік өзекті сауалдар жоқ емес. Мамандардың пайымынша:
Қазақстандық нан пісірушілер шетелдік өндірушілермен тек өндірісті
техникалық үлгілендірген жағдайда ғана толық бәсекелестікке түсе алады.
Алайда аталынған проблема қазіргі кезде бұл сала үшін өте өзекті
мәселелердің бірінен саналады. Нан өндірісі кәсіпорындағы құрал-
жабдықтардың (көнеруі) орта есеппен 60-80 пайызды құрайды, көптеген
агрегаттар мен тұтастай желілер ескірген , өндіріске қажетті режимді
қамтамасыз ете алмайды. Сонымен қатар көптеген кәсіпорындардың жағдайы
техникалық қайта жабдықтауды іске асыруға мүмкіндік бермейді. Нан
зауыттарының көпшілігінде жаңару коэффициентінің жылына 1 пайыздан аспауы
нені білдіретінін айтқызбай-ақ аңғаруға болатын шығар. Техникалық
жабдықталу сауалын шешу нан пісіретін өндірістің табыстылығымен тікелей
байланысты, ал біз ұн мен қанттың , транспорттық қызметтің ,
энерготасымалдаушылардың өзгеріп тұратын бағасына ылғи бейімделуге
мәжбүрміз. Мұндай жағдайда өнімнің өзіндік құнын және кәсіпорынның табысын
жоспарлау өте күрделі. Мәселен, сол құрал-жабдықтың өзі де қымбаттап
тұрады- дейді Ақсай-нан нан-тоқаш комбинатының өкілі. Осы арадан түйер
ой көп. Ең бастысы нақты да сәтті іс жүйелеуге барлық негізі бар отандық
өндіріс орындарына мемлекеттің шынайы қолдауы қажет. Себебі өндірісті
үлгілендіруді қаржыландыру , құрылымдық қайта құру, жаңа өнімдер шығару
технологиясын игеру проблемалары кәсіпорындарымыз үшін өткір мәселе болып
отыр. Мұндай бағдарламалар мерзімді және ұзақ мерзімді сипаттамаға ие. Олар
кәсіпорынның шектелу өз қаражатымен қаржылана алмайды, өйткені. Ал алдында
тұрған проблемадан шығу жолын нан индустриясын дамыту қауымдастығының
жетекшілігі мынадай жағдаймен тапқан жөн деген ойда: қауымдастық өкілдері
негізгі қорларды жаңартуға кәсіпорынның өз қаржысын нақтылап айтқанда ,
пайда мен жеделдетілген амортизацияға жасалынатын төлемдердіпайдалануды ,
импорттық құрал-жабдықтарды сатып алудың қосымша құн салығынан, нан өндіру
және сату қаржысының табысынан босатуды ұсынады. Барлық сауалдарды кеңесе
отырып шешуді ортаға салып жүрген сала мамандарымен бірге осы мәселелерді
неге білесе шешпеске?!
Үлгі өзгенікі өндіріс өзіміздікі.
Еліміздің автокөліктік нарығы өсу кезеңін өткеруде. Өзімізде автокөлік
мәселесі енді нақтыланып, былайша айтқанда жаңадан ойластыра бастаған
уақыттарда, әрине нарық негізінен шетелдік өндірушілердің үлесінен
толықтырылып келеді. Елдегі автокөліктердің сан жағынан ұлғаюы көптеген
жылдар бойы жеңіл көліктер есебінен туындауда. Бір ғана Алматыдағы
тіркелген көліктер саны әлдеқашан 300 мыңнан асып кетті. Бұл көрсеткіш
кейбір мамандардың пікірінше 2020 жылы 600 мыңнан асады деп дәйектеліп
отыр. Ағымдағы жылдың алғашқы жарты жылдығында көлік саласында
әрекеттенетін ресми дилерлердің сату көрсеткіші 6200 көлікті құраған. Бұл
көрсеткіштің жыл соңына дейін 12 мыңға дейін жету мүмкіндігі де болжануда.
Көлік нарығында тек таза дилерлер ғана ойнамайды, көлеңкелі көлік
бизнесі де өз хал-қадірінше жұмыс істеуде. Айта кетер бір жәйт, ресми
автодилерлер қатары дегенмен кеңейіп келеді. Сонымен еліміздің автокөліктік
нарығындағы іс реті қалай қалыптасуда немесе қалай жүргізілуде? Деген
сауалға мән беріп көрелік.
Көлікке деген сұраныс үлесінде немістік және жапондық концерндердің
басымдығы байқалатынынан тұтынушылардың өздері де хабардар. Ресей нарығына
қарағанда Қазақстанда немістер мен жапондардың өндірушілеріне француз
автоөнеркәсіпшілері бәсекелестік туындата алмауда.
Елдегі нарық еселене ала ма?
Шетелдік көлік жақсы-ақ, десекте, өркениетке, өсу мен даму жолына түскен
әрбір мемлекеттің өз көлігін шығаруға мүдделі екендігі, соған ұмтылатындығы
шындық. Ондай ниет-талап бізге де жат емес. Бұл бағытта да іске деген
ізденістер көріне бастады. Еуропалық (Чехиялық) автоөндіруші Шкода-авто
компаниясымен келісілген іс биылғы жылдың тамыз айынан бастап игеріле
бастады. Атап айтқанда автоөндіруші компания осы уақыттан бастап өскемендік
автоқұрастырушы зауытының қуатын пайдаоана отырып Oktavia Tour көлік
үлгісін жинауға кірісті. Әрине, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz