Үлкен асықты жілік жоғарғы ұшы жуан төменгі ұшы бар жіңішке түтікті сүйек


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Сабақ жоспары

Сабақ тақырыбы: Остеология. Тұлға және қол, аяқ сүйектері. Бас сүйектері.

Модуль: Жалпы кәсіптік пәндер

Пән атауы: «Анатомия және физиология»

Дайындаған педагог: Мелдебекова Роза Тұрысбекқызы

2023 ж «___»

1. Жалпы мәліметтер

Курс, оқу жылы, топ

Сабақ типі: аралас сабақ

2. Мақсаты, міндеттер і:

Білімділік: Оқушыларға тірек қимыл жүйесінің жалпы сипаттамасын, остеология туралы түсінікті және тұлға, қол, аяқ және бас сүйектерінің құрылыс ерекшеліктерін, орналасу реттілігін, байланысуларын меңгерту.

Тәрбиелік: тұлғаның адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, дүниеге эстетикалық көзқараспен қарауға және салауаттылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: есте сақтау, ойлау, қабылдай алушылықты, жалпы қабілеттілікті, пәнге деген қызығушылықты дамыту, ғылыми оқу және анықтамалық әдебиеттер мен өзбетінше жұмыс істей білуге үйрету.

  1. Оқу сабақтары барысында білім алушылар игеретін кәсіби біліктердің тізбесі:

Оқушы меңгеруі және білуі тиіс:

- сүйектер және сүйек байланыстары туралы жалпы түсінік

- тұлға, қол, аяқ және бас сүйектерінің атауларын

- құрылыс ерекшеліктері мен орналасу реттілігін

- байланысуларын

3. Сабақты жабдықтау

Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар,

әдістемелік әзірлеме, фронталь сұрақтар, жұмыс бағдарламасынан көшірме

3. 1. Анықтамалық әдебиеттер

Ә. Күзенбаева. Адам анатомиясы.

А. Б. Аубакиров, М. К. Жаналиева. Адам анатомиясы.

М. Р. Сапин, З. Г. Брыксина, С. В. Чава. Анатомия человека.

Сәтбаева Х. Қ, Өтепбергенов А. А, Нілдібаева Ж. Б Адам физиологиясы

Қосымша: А. Рақышев. Адам анатомиясының атласы.

Р. Ә. Көзденова. А. Ж. Жайпанова. Қалыпты анатомия және физиология.

А. Рақышев. Международная анатомическая номенклатура

https://ppt-online. org/321765

3. 2 Техникалық құралдар, материалдар:

Компьютер, проектор, флэш-карта, интерактивті тақта

4. Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі - 5 мин

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау - 20мин

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру - 45 мин

ІV. Жаңа тақырыпты бекіту - 10 мин

V. Қорытындылау, баға қою - 5 мин

5. Сабақ бойынша рефлексия 3 мин

6. Үйге тапсырма - 2 мин

Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру кезеңі 5 минут

Оқытушы оқу бөлмесінің тазалығына, оқушылардың киіміне назар аударады. Оқушылардың сабаққа қатысуы мен дайындығын тексеріп, жоқ оқушыларды түгелдеп, оларды сабақтың бағдарламасы және мақсатымен таныстырады

ІІ Үй тапсырмасын сұрау 20 минут

Оқушылардың анатомия пәні бойынша түсініктеріне жалпы шолу

Фронталь сұрақтар:

1. Анатомия пәні нені зерттейді?

2. Анатомия ғылымының салалары?

3. Анатомияның зерттеу әдістері?

4. Анатомияның дамуына үлес қосқан ғалымдар?

5. Адам денесінен тік өтетін үш жазықтықтарды атаңыз?

Жауаптары:

1. Адам денесінің сыртқы пішіні мен ішкі құрылысын, орналасқан орнын және олардың сыртқы ортамен байланысты дамуын зерттейтін ғылым.

2. Сипаттамалы, топографиялық, мүсіндік (пластикалық), функционалды дене қимылы (динамикалық), антропологиялық, салыстырмалы және микроскопиялық анатомия.

2. Аналитикалық және эксперименталдық.

3. Гиппократ, Клавдий Гален, Абу-Али-Ибн-Сина, Аль-Фараби, А. П. Протасов, Е. О. Мухин, Н. И. Пирогов, П. О. Исаев, Х. Н. Бөкейханов, С. Р. Қарынбаев, А. Р. Рақышев, С. Асфендияров

4. 1) Үйек (сагиттальды) жазықтық адам денесінен (жебе тәрізді) алдан артқа қарай өтеді.

2) Маңдайалды жазықтық (фронтальды) үйек жазықтыққа көлбеу орналасады.

3) Көлденең жазықтық ол адам денесінен көлденең өтеді.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру 45 минут

Дәріс № 2

Тақырыбы: Остеология. Тұлға және қол, аяқ сүйектері. Бас сүйектері.

Жоспары:

1. Тірек - қимыл жүйесі, сүйектер туралы жалпы түсінік.

2. Тұлға сүйектері, қол - аяқ сүйектері, аталуы, құрылысы ерекшеліктері, орналасу реттілігі.

3. Бас сүйектері, аталуы, құрылысы ерекшеліктері, орналасу реттілігі.

Тірек-қимыл мүшелер жүйесінің маңызы : тірек-қимыл мүшелер жүйесіне қаңқа мен бұлшықеттер жатады.

Бірімен-бірі дәнекер ұлпалар (шеміршек пен сүйек) арқылы байланысқан сүйектерден қаңқа түзіледі. Қаңқа ағзаның тірегі, ал бұлшықеттер қимыл-қозғалысты қамтамасыз етеді. Тірек-қимыл мүшелер жүйесі адамның тік жүру қалпын (пішінін) сақтайды (омыртқа жотасы мен жамбас белдеулері) . Қаңқа мидан бастап, барлық ішкі мүшелерге корғаныш қызметін атқарады. Мысалы, ми бірімен-бірі берік байланысқан ми сауытын құрайтын сүйектердің ішінде жатады. Жүрек пен өкпені кеуде қуысы сүйектері қорғаса, құрсақ қуысындағы мүшелерді - жамбас белдеулері сүйектері корғайды. Қаңқаға бұлшықеттер бекінеді. Ағзаның қоршаған орта жағдайларына бейімделуінің бір белгісі - қимыл (қозғалу) . Денені қозғалысқа келтіретін сүйектер мен бұлшықеттер. Сүйек кемігінде қан жасушалары түзіледі. Сүйектің құрамында минералды тұздар мен микроэлементтер болатындықтан, минералды алмасуға қатысады.

Адам қаңқасы бірімен-бірі өзара әр түрлі байланысқан жеке сүйектерден тұрады. Ересек адамның қаңқасында 200-ден астам сүйектер бар.

Сүйектер, түрлері

Сүйектер, сыртқы пішініне қарай: үзын, ossa longi, қысқа, ossa brevia, және жалпак, сүйектергe, ossa plana, бөлінеді. Үзын немесе түтік тәрізді сүйектерге: тоқпан жілік, кәрі жілік, шынтақ жілік, алақан және саусақтыңсүйектері, ортанжілік, асықты жілік сүйегі және оның шыбығы жане табан, башпайдың сүйектері жатады. Түтік тәрізді немесе ұзын сүйектердің орталық бөлігі диафиз, diaphysis, және проксимальді, дистальді үштары немесе эпифиздері. epiphysisproximalis et distais, ажыратылады. Ұзын сүйектердің проксимальді ұшын эпифиздік ұшы, , ол қаңқаға жакын бөлігі, дистальді эпифиз epiphysis distais деп, ал біліктік қаңқадан алшақ орналасқан ұшын айтамыз. Бұл сүйектердің диафизі мен эпифизі аралығында орналасқан бөлігін метафиз, metaphysis, деп аталынады.

Қаңқа - тұлға, бассүйек, иық белдеулері мен қол сүйектері және жамбас белдеулері мен аяқ сүйектері деп бөлінеді.

Тұлға қаңқасы - омыртқа жотасы мен қабырғалар және төссүйектен тұрады.

Омыртқа бағанасы columna vertebralis - бір біріне жалғасып жатқан, қысқа кеуекті сүйектерге жататын, жеке-жеке сүйекті сегменттерден омыртқалардан vertebrae тұрады. Адамда омыртқалардың саны 33-34, олар: 7 мойын омыртқа vertebra cervicalis; 12 кеуде омыртқа vertebrae thoracicae; 5 бел омыртқа vertebrae lumbales; 5 сегізкөз омыртқа os sacrum; 4-5 құйымшақ омыртқалар os coccygis.

Омыртқаның құрылысы - әр омыртқаның денесі corpus vertebrae мен доғасы arcus vertebrae болады. Омыртқа доғасының бір арқа қылқанды өсіндісі processus spinosus, екі бүйір көлденең өсіндісі processus transversus, екі үстіңгі және екі астыңғы буындық өсіндісі processus articularis superior et inferior бар. Омыртқа денесі мен доғасы бірігіп омыртқа тесігін foramen vertebrale түзеді. Омыртқа тесіктерінің жиыны омыртқа өзегін canalis vertebralis түзеді. Омыртқалардың дәл ортасындағы бұл өзекте жұлын орналасады. Жұлын 2 бел омыртқасында аяқталуына байланысты, төменгі бел және сегізкөз омыртқаларының тесігі біртіндеп кішірейіп, құйымшақта болмайды.

Мойын омыртқалары vertebrae cervicales - мойын омыртқалардың пішіні жағынан басқа омыртқалардан біршама айырмашылықтары бар: омыртқа денесі кішілеу, бірінші мойын омыртқаның atlas (ауыз омыртқа) денесі болмайды, ортасындағы қуысы үлкен әрі үшбұрышты. Мойын омыртқаларының біріншісі бассүйекпен байланысып, басты бұруға қатысады. Денеге күш түсуіне байланысты 3-мойын омыртқадан бастап 7-омыртқаға дейін пішіндері сәл өзгереді. Омыртқа денесі ұлғайып, арқа өсіндісінің ұшы (7-омыртқадан басқасы) екіге ажырап ашылады. Көлденең өсінділерінде тесіктері foramen processus transversus болады.

Бірінші мойын омыртқа- atlas (ауыз омыртқа) денесі болмайды, ортасындағы қуысы үлкен әрі үшбұрышты. Алдыңғы және артқы доғасы arcus anterior et posterior болады. Доғаларының ортаңғы медиалды бөлігінде алдыңғы және артқы төмпешігі tuberculum anterior et posterior орналасқан. Алдыңғы төмпешіктің артқы бетінде тіс шұңқыры fovea dentis орналасқан. Бұл шұңқыршамен 2 мойын омыртқасының тісі буындасады. Доғаларының бүйір беттерінде жоғарғы және төменгі буын беттері facies articulares superiores et inferiors болады. Жоғарғы буын беті шүйде сүйектің айдаршығымен буындасады, төменгі буын беті 2ші мойын омыртқасының жоғарғы буын бетімен байланысады.

Екінші мойын омыртқасы Аxis біліктік омыртқа - басқа омыртқалардан тіс тәрізді өсіндісінің dens болуымен ерекшеленеді. Тістің алдыңғы және артқы буындық беті facies articulares anterior et posterior болады. Алдыңғы буындық беті 1ші мойын омыртқаның тіс шұңқыры fovea dentis пен буындасады. Артқы буындық беті 1ші мойын омыртқаның көлденең өсіндісінің байламымен буындасады. Алтыншы мойын омыртқаның көлденең өсіндісінің алдыңғы төмпешігі жақсы дамыған, ол ұйқы төмпешігі tuberculum caroticum деп аталады. Жетінші мойын омыртқасы vertebra prominens шығыңқы омыртқа деп аталады. Оның қылқанды өсіндісі ұзын және жуандау болады.

Кеуде омыртқалары vertebrae thoracicae - мойын омыртқаларынан ірілеу, қылқанды өсінділері ұзын жіне төмен қарай орналасқан. Денесінің бүйір бетінде жоғарғы және төменгі қабырға шұңқыршалары foveae costales superior et inferior болады. 1ші кеуде омыртқасының жоғарғы толық қабырға шұңқыршасы және жартылай төменгі шұңқыршасы болады. 10шы кеуде омыртқасының денесінде тек жоғарғы жартылай қабырға шұңқыршасы болады. 11-12ші кеуде омыртқаларының денесінде толық 1 қабырға шұңқыршалары болады. Көлденең өсінділерінің алдыңғы беттерінде көлденең өсінділерінің қабырға шұңқыршалары foveae costales processus transversi орналасқан. Кеуде омыртқалар қабырғалармен байланысады.

Бел омыртқалары vertebrae lumbales - басқа бөлімнің омыртқаларымен салыстырғанда денесі жалпақ әрі үлкен. Қылқанды өсінділері де жуан, әрі тік орналасқан, бұл бел бөлімінің көбірек қозғалуына әсер етеді. Бел омыртқаларына дене салмағының күші көбірек түседі. Жоғарғы буын өсінділерінде емізік өсінділері processus mammilaris бар.

Сегізкөз омыртқалары vertebrae sacrales - бірімен-бірі қозғалмастай тұтасып кеткен. Пішіні үшбұрышты, ішке қараған беті сәл иіліңкіреп, ойықтау болып келген алдыңғы жамбастық беті facies pelvina және артқы дорсалды беті facies dorsalis болады. Ойыс жағынан сегізкөз омыртқаларының тұтасып кеткен іздері 4 көлденең бұдыр сызық болып анық көрініп тұрады linea transversae. Сегізкөз омыртқаларының 4 жұп тесіктерінен жұлын жүйкелерінің тарамдалған ұштары шығады foramen sacralia anterior et posterior. Сегізкөздің жоғарғы негізі basis ossis sacri төменгі ұшы apex ossis sacri болады. Сегізкөздің жоғарғы бүйірлі бөлігінде сегізкөз қанаттары ala ossis sacri болады. Сегізкөз артқы жағынан омыртқалардың жеке бөліктерінің қосылуынан түзілген 5 қыр жатады. Олар ортаңғы сегізкөз қыры crista sacralis mediana омыртқалардың көлденең өсінділерінің бірігуінен құралған. Оның жанынан ортаңғы аралық сегізкөз қырлары crista sacralis intermediana жатады. Одан кейінгі көлденең өсінділердің бітісуінен латералды сегізкөз қырлары crista sacralis lateralis жатады. Сегізкөздің латералды жақтарында мықын сүйектерімен буындасуға арналған құлақ тәрізді буын беттері facies auriculares болады. Сегізкөз ішінен сегізкөз өзегі canalis sacralis өтеді. Сегізкөз өзегі төменгі бөлігінде тұйықталмай сегізкөз саңылауымен hiatus sacralis шектеледі.

Құйымшақ омыртқалар os coccygis - қалдық ретінде тұтасып кеткен. Тек бірінші омыртқада омыртқаның кейбір белгілері ғана сақталған. Қалғандары біртіндеп кішірейген. Жоғары қараған негізі basis және төмен қараған ұшы apex болады. Негізінде сегізкөз мүйізшелерімен қосылатын құйымшақ мүйізшелері cornu coccygea болады.

Төс сүйегі, 12жұп қабырға, кеуде омыртқалары бірігіп кеуде торын түзеді.

Төс sternum - пішіні қанжарға ұқсайды, үш бөліктен тұрады. Жоғарғы бөлігі тұтқасы manubrium sterni, ортаңғы бөлігі денесі corpus sterni, төменгі бөлігі семсер тәрізді өсінді processus xiphoideus деп аталады. Төстің жоғарғы бөлігінде мойындырық тілігі incisura jugularis, екі бүйір бетінде бұғана тілігі incisura clavicularis болады. Төстің латералды жиегінде қабырғалық тіліктер incisurae costales жатады. Оған 1-7 қабырғалар бекиді.

Қабырғалар os costae - дененің оң және сол бөлігінде 12 жұп қабырғадан тұрады. Қабырғаның алдыңғы шеті шеміршекті, сүйекті және артқы шетінен тұрады. Жоғарғы 7 жұп қабырғалар (шын қабырғалар) costae verae шеміршек арқылы төссүйекпен байланысқан. Өздерінің шеміршектері арқылы төске емес алдыңғы қабырғаның шеміршегіне қосылатын 8-9-10 шы қабырға жалған қабырғалар costae spuriae деп аталады. Қабырғалардың 11, 12-жұптарында (қозғалмалы қабырғалар) costae fluctuantes деп аталады. Бұл қабырғаларда шеміршек болмағандықтан, алдыңғы шеттері бұлшықеттердің арасында бос жатады. Қабырғалар тыныс алу мен тыныс шығарғанда кеуде қуысы көлемінің ұлғайып, кішіреюіне әсер етеді. Кеуде қуысында орналасқан мүшелер: жүрек, өкпе, ірі қантамырлар, кеңірдек, ауатамырлар, өңеш және жүйкелер.

Қабырға бөліктері : қабырға басы caput costae, қабырға мойыны collum costae, денесі corpus costae. Қабырға басының буындық беті, кеуде омыртқалардың денесіндегі қабырға шұңқыршаларымен буындасады. Қабырға мойнында қабырға төмпешіктері tuberculum costae (1-9) орналасады. Қабырға төмпешіктерінің буындық беті, кеуде омыртқалар көлденең өсінділерінің қабырғалық шұңқыршаларымен буындасады.

Бас сүйек 23 сүйектен құралған, оның 8-і жұп, 7-еуі тақ. Бас сүйек ең алдымен бас миы және онымен байланысты сезім мүшелері жайғасатын орын болып табылады., сонымен қатар ол сыртқа ашылатын ас қорыту және тыныс алу жолдарының бастапқы бөлімін қоршап тұрады. Бас сүйек 2 бөлімнен тұрады:

  1. Ми сауыты сүйектері.
  2. Бет бөлімінің сүйектері.

Ми сауытының сүйектері жұп және тақ болады. Жұпқа төбе мен самай сүйектері таққа шүйде, маңдай, сына, тор тәрізді сүйектер жатады

Шүйде сүйегі(қарақұс) - ми сауытының төменгі және артқы бөлігін құрайды. Оның сыртқы жағы дөңес ішкі беті ойыс келеді. Шүйде сүйегінің үлкен тесігін айнала төрт бөлігі жатады: қабыршақты бөлігі, қос латеральды бөліктері және негізгі бөлігі. Латералды бөлігінің астыңғы бетіндегі екі кебіс тәрізді буын дөңесіне ауыз омыртқаның буын ойысы жалғасады. Шүйде сүйегі алдыңғы жағынан сына сүйегімен, екі жағынан самай және төбе сүйектерімен шектеседі. Шүйде сүйегінің жұту төмпегі, ылдиы болады.

Төбе сүйегі -төрт бұрышты жұп сүйек. Оның төмпегі, маңдай, қабыршақты, шүйде, сагиттальды жиектері, шүйде, маңдай, емізік және сына бұрыштары, сигма тәрізді қойнаудың сайы болады.

Маңдай сүйегі- қабыршақты бөлім, екі көз бөлімі, мұрын бөлімі, жалпы төрт бөлімнен тұрады. Маңдай жалпақ төбеге қараған дөңес бөлімнен, төменге қарай маңдай қабыршағын көз шарасының ойығының жиегін түзейді . Осы екі көз аралығында мұрын бөлігі бар. Маңдай сүйегінің мұрын бөлігінің үстіңгі жағындағы қуыстықты маңдай қойнауы дейді Ол мұрын қуысымен тығыз байланыста жатады. Маңдай сүйегінің қас доғалары, самай сызығы, самай беті, көз жасы безінің сайы, апертуралары, торлы ойындысы болады. .

Самай сүйегі -жұп ми сауытының негізін және бүйір иіндерін құрайды. Қызметінің әртүрлі болуына қарай самай сүйегі ми сауытының сүйектерінің ішіндегі ең күрделісі. Самай сүйегінде есту және тепе теңдікті сақтау мүшелері орналасқан. Самай сүйегі төменгі жақпен байланысып, шайнау аппаратының тірегі болады. Оның латералды бетінде есту мүшесінің дыбыс тесігі болады. Самай сүйектері дыбыс тесігінің айналасын қоршаған қабыршақты бөлім, дабыл бөлім, тасты бөлімдерден тұрады. Қабыршақты бөлімі аздап иілген жұқа сүйек, мисауытының бүйір жағын құрайды. Онда алға қарай көлденең бағытталған шықшыт сүйегіне жалғасатын шықшыт өсіндісі болады. Осы өсіндінің астында буын шұңқыры және төмпегі бар Осы жерге төменгі жақтың буын өсіндісі буындасады. Дабыл бөлімі сыртқы есту түтігін алды артанан қоршап, оның алдыңғы және төменгі қабырғасын түзеді. Тасты бөлімінде -ішкі құлақ қуысы орналасады. Оның артқы бетінде ішкі тесігі, ал астыңғы бетінде бет жүйкесі мен ұйқы артериясы, мойындырық венасы өтетін тесіктер бар.

Дабыл қуысында үш есту сүйекшелері:балға, төс, үзеңгі орналасқан. Дабылдық қуысының медиалды жағында шытырман, ((ұлу) , кіреберіс, және үш жарты ай тәрізді түтіктерден түзілген . Шытырман бөлігінде есту, ал кіреберіс, және үш жарты ай тәрізді түтіктерде тепе теңдікті сақтау мүшесі орналасқан. Самай сүйегінде біз тәрізді өсінді, біз-емізін тесігі, емізік өсіндісі болады.

Сына сүйегі немесе негізгі сүйек -тақ, ол ми сауытын құраушы барлық сүйектермен байланысып ми сауытының түбін құрайды. Сына тәрізді сүйектің денесі қуысты боладыда сол қуысы арқылы мұрын қуысымен жалғасып жатады. Сына тәрізді сүйектің толық орта жерін денесі дейді, оданекі үлкен қанат, екі кіші қанат және қанат тәрізді өсінділер -медиалды ілмек және латералды өсінділер бар. Денесі арт жағынан шүйде сүйегімен байланысса, алдыңғы жағынан мұрын қуысымен жалғасады. Жоғарғы бетінде түрік ерінің арқасы мен ойысы, гипофиздік ойыс болады. Үлкен және кіші қанаттары өзара көз шарасының жоғарғы саңылауы арқылы ажырап жатады. Үлкен қанатта үш тесік бар-дөңгелек, ойыс және сопақша. Бірінші екеуінен үшкіл жүйкенің тармағы өтеді, ал сопақ тесіктен -артериялар өтеді. Үлкен қанаттарының самай, көз, ми, жоғарғы жақ беттері; дөңгелек, сопақ, остік тесіктері бар. Кіші қанаттарының көз және ми беттері болады. Сына тәрізді сүйектің медиальды және латеральды тақташалары, қармақ, шұңқыршасы бар екендігі белгілі

Тор сүйегі ми сауытына да, бет бөліміне де жататын тақ сүйек. Оның көлденең тақташасы, әтеш айдары, торлы тақташасы, иіс жүйкесінің тесігі, торлы шытырман, көз тақташалары, жоғарғы және ортаңғы мұрын кеуілжірлері, торлы ауа қойнауы болады.

Бет бөлімінің сүйектері жұп және тақ сүйектерден құралған. Бас сүйегінің қаңқасының бет бөлімі сүйектеріне жұп жоғарғы жақ, көз жасы сүйегі, мұрын сүйегі, төменгі мұрын кеуілжірі, таңдай сүйегі, шықшыт сүйегі және тақ төменгі жақ сүйегі, тіл асты сүйегі, кеңсірік жатады. Бет бөлімі, оның сүйектерінің орналасуы, олардың құрылысы күрделі келеді.

Жоғарғы жақ беттің орталық бөлімін алып жататын үлкен жұп сүйек. Оның денесі, маңдай, шықшыт, таңдай, алвеолярлы өсінділері; алдыңғы, самай асты, көз, мұрын беттері; көз асты шеті, мұрын ойығы, алдыңғы мұрын қыры, сүйір тіс шұңқыры, төмпек, альвеолярлы тесіктері, көз асты сайы мен каналы, көз жасы ойығы, кеуілжір жалы, альвеолярлы доғасы болады. Жоғарғы жақ сүйегінің үстіңгі беті көз шарасының төменгі жағын, мұрын беті мұрын қуысының бүйір қабырғасын құрайды.

Төменгі жақ сүйегінің денесі және 2 бұтақтары болады. Денесінің негізі, иек асты қыры, альвеолярлы доғасы бар. . Бұтақтарының буын және тәждік өсінділері, ойығы, бұрышы болады. Төменгі жақ сүйегінің төменгі жақ тесігі, бұлшық ет бұдырлары және шұңқыршалары әртүрлі қызметтер атқарады. Төменгі жақ сүйегінде 16 тіс ұясы бар.

Шықшыт сүйегі жұп . Оның латеральды, көз, самай беттері, маңдай, самай, жоғарғы жақ өсінділері болады . Бұл өсінділерімен шықшыт сұйегі осы аттас сүйектермен байланысады. Шықшыт сүйегінің шықшыт көз, шықшытжақ, шықшытсамай тесіктеріде бар. .

Таңдай сүйегі қатты таңдайдың түбін құрайтын жұп сүйек. Оның горизонтальды және вертикальды тақташалары, көз, сына, пирамида өсінділері, торлы, кеуілжірлі айдаршықтары, артқы, мұрын қырлары болады.

Тіл асты сүйегінің денесі, үлкен және кіші мүйіздері болады. Тіл асты сүйегі төменгі жақтың астында тілдің 8түбінде тұратын таға тәрізді тақ сүйек. Бұл сүйек ешқандай сүйекпен байланыспайды.

Төменгі мұрын кеуілжірінің көз жасы, жоғарғы жақ, торлы өсінділері. болады.

Кеңсірік төрт бұрышты ромб тәрізді жұп жұқа сүйек, ол мұрын қуысын бөлуге қатыслды.

Көз жасы сүйегі көз шарасының ішкі бетін түзетін кішкентай жұп сүйек.

Мұрын сүйегі төрт бұрышты пластинка тәрізді жұп жұқа сүйек, ол кеңсірік тұсындағы мұрын тесігін жауып тұрады.

Қолдың қаңқасы атқаратын қызметіне қарай иық белдеуі және қолдың еркін қозғалатын қаңқасы болып екіге бөлінеді. Ал, аяқ қаңқасы жамбас белдеуі және аяқтың еркін қозғалатын сүйектері болып олда екі бөлімнен тұрады. Иық белдеуіне екі бұғана және екі жауырын сүйектері жатады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Барлық сүтқоректілердің жамбас белдеуі
Алдыңғы бұлшық еттер
Адам анатомиясы пәнін заманға сай оқыту үшін электрондық оқулық құрастыру
Сүйектердің құрылысы, жіктелуі
Қол сүйектері. Аяқ сүйектері
Жамбас және сан артериялары
Бас сүйек қаңқасы
Қаңқа мен сүйек
Адам анатомиясы және онын мiндеттерi
Омыртқалылар дене құрылысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz