Қазағым өлеңі


АСТАНА ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
БІЛІМ БЕРУДІ ЖАҢҒЫРТУ ОРТАЛЫҒЫ
«№65 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ» КММ
«Мағжантану» авторлық бағдарлама
(4-сыныпқа арналған факультативтік курсы)
Астана қаласы, 2023 жыл
Астана қаласы № 65 мектеп-гимназиясының
Әдістемелік кеңесінің ұсынысы
26. 05. 2023жыл
Пікір берушілер:
1. Астана қаласы А. Құсайнов атындағы Еуразия гуманитарлық институты педагогика кафедрасы п. ғ. к. Ныгыманова Н. Т.
2. Астана қаласы №59 мектеп-лицейі Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
Құрастырушы: Астана қаласы № 65 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Жағыпарова Т. Т. «Мағжантану» факультативтік курсы әзірленді. 10 -бет
Мағжантану- курсы ақын шығармашылығы, өлеңдер жинағы бастауыш сынып оқушыларының білім деңгейіне сай құрастырылды. Алаш зиялыларының өмірі, шығармашылығы, еңбегі жайлы насихаттауда ұлт болашағы үшін өте маңызды. Әдебиет әлемі арқылы тәрбие жұмысында Алаш зиялыларының ой -тұжырымдамасы жас ұрпақтың бойына сіңіруде өте құнды. Бастауыш сыныпта факультативтік сабақтар, тәрбие сағаттары, үйірме жұмыстарында қолдануға болады.
Мазмұны
I. ТҮСІНІК ХАТ
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының 2022-2023 жылғы Әдістемелік хаты негізінде: «Алаш зиялыларының ой -тұжырымдамасы жас ұрпаққа Алаш зиялыларының өмірі, шығармашылығы, еңбегі жайлы насихаттауда «Мағжантану» курсын жазумен шектеледі.
Қазақ халқының Ұлы тұлға Абай атамыздан кейінгі, алыптардың алтын діңгектерінің бірі ғана емес, бірегейі десек те болады. Мағжан Жұмабаев өмірге титей болып келіп, аз ғана ғұмыры қуғын-сүргінде жүріп, ұлтжанды елін сүйгіш, халқының осы күнгі өмір сүруін армандап кеткен.
Бастауыш сынып оқушыларынан бастап тәрбие жұмысына әдебиет әлемі арқылы, Мағжан поэзиясын кеңінен пайдалануда ұлт болашағы үшін өте маңызды. «Ұлт тәрбиесі баяғыдан бері сыналып келе жатқан тастақ жол болғандықтан әрбір тәрбиеші сөз жоқ, ұлты тәрбиесімен таныс болуға тиіс . . . » деп ақын, педагог Мағжан Жұмабаев ұлттық тәрбиемізді жоғалтып алмауды меңзейді. [43-бет]
Ұлы ұстаз Әбу Насыр әл-Фараби «Адамға ең әуелі білім емес, тәрбие берілуі керек. Онсыз берілген білім - адамзаттың қас жауы» дегенде оқыту барысында тәрбиелік әлеуетін арттыру болып табылады. Мағжан атаның еңбектері өте құнды дүниелер, оның туған халқының тәлім-тәрбие беретін бай мұрасын оқушы бойына қалыптастыру құптарлық.
Адалдық, батылдық, төзімділікті қалыптастыру; құрмет, қайырымдылық сезімін дамыту; оқушыларды өз міндетіне, өзгенің мүддесіне байыпты қарауға үйрету; өз Отанын сүюге, ұлттар достығын құрметтеуге тәрбиелеу болып табылады.
Сонымен қатар, кейбір өлеңдері адам жанының психологиялық әлемінің құпия сырларын, дамуын кестелеп өрнектей білген. Ақын шығармашылығының үлкен бір арнасы- халыққа білім берумен айналысқан. Мектеп оқушыларына, мұғалімдерге арнап «Педагогика» (1922, 1923), «Бастауыш мектепте ана тілін оқыту жөні» (1925) еңбектері жарияланған.
Мағжан Жұмабаев тәрбие мақсатын келер күнмен ұштастырған. Халық тәрбиесін қастерлей отырып, оны да жұрт талқысынан өткізіп, қабылдауды қажет деп ескерген [47-бет] .
Өлең, шығармалары арқылы дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухы биік, мәдениеті жоғары, еңбекқор жағымды қасиеті жеткілікті ұлт тәрбиелеу.
Аталған курс төрт бөлімдерді қамтиды. «Ақынның өмірбаяны», «Мағжан шығармашылығы- әлеуметтік тақырыптарды қозғаушы, ағартушы», «Мағжан поэзиясындағы -түркі тақырыбы», «Мағжанды оқып, үлгі тұт».
Мағжан шығармашылық жолы Қызылжар қаласында оқып жүргенде басталады. Мағжанның жүрегіне 1909 жылы Петербург қаласында жарық көрген Абайдың тұңғыш өлеңдер жинағы оразан зор әсер етеді. Алғашқы өлеңдерінің бірі «Алтын хакім Абайға»деп ерекше құрметпен аталған. [24-бет]
Ақынның «Мен жастарға сенемін» деген өлеңінде:
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстан қайратты-
Қырандай күшті қанатты,
Мен жастарға сенемін!» -деп келешек жастарды оқытып-тәрбиелеуде барлық күш-қабілетін жұмсап, үміт артуы. Бүгінгі бастауыш оқушыларының бойына сіңіруден бастау алады.
Ақын -талант, шығармашыл тұлға. Оның ақындық әлемінің ерекшелігі сонау заманның бай мен кедейдің қарама-қарсылығы емес, бірлігі мен ынтымағын жырлаған. «Туған жерім-Сасықкөл» өлеңінде «Сыртында ақ боз үйлер жарасқан көл; Байларының кедейлерге қарасқан көл»- елдегі уыздай ұйыған бірлікте деп түсінеді. [ 13-бет]
«Табиғатты Мағжаннан көп, онан артық суреттеген қазақ ақыны кем де кем шығар» -деп жазды. Ж. Аймауытов. Табиғатты, оның қойнауындағы ел-жұртты атып жырлаған.
Мағжан адам мен қоғамды, ел мен жұртты ешқандай топтарға бөлмей түгел құшақтап сүйген. «Менің бір қарт анам бар, Неге екенін білмеймін - Сол анамды сүйемін . . . Алаш деген елім бар, неге екенін білмеймін- Сол елімді сүйемін»-деген өлең жолдарынан өз ұлтымен мақтанғаны.
Ақын қартайған анасын күделікті тұрмыстың жетегінде жүргенін, ана әркімге қымбат екенін айтқан. Өзінің жарын да сезімімен суреттеген.
Мағжанды оқып, үлгі тұту ұлты рухын көтеру, түпкі тарихымызды кеңінен ұғындыру. Алты Алаштың еліне шынайы қызмет жасап, өзгенінің жат қылықтарының жетегінде кетпеуді аңсап кеткен. Халық болашағына, дәл бүгінгі заманға поэзия әлемін жазып кеткен.
Ғұмыр бойы туған даласын, атажұртын өлеңмен тербеп-әлдилеген.
«Мағжантану» курсы осымен аяқталмай, әлі де жалғасы жазылады.
Мақсаты: Әдебиет әлемі арқылы Мағжан өлеңдерінің мағынасын жас ұрпақтың бойына сіңіру арқылы ұлттық сананы қалыптастыру
Міндеттері: Мағжан Жұмабевтың жырларын, өлеңдерін үйрету арқылы, ақындыққа балу, ұлтжандылыққа тәрбиелеу;
Өлеңдері арқылы Мағжан атаны тануы;
Ақынның мәдени мұрасы, өмірі жайлы білу.
Өзектілігі: оқушының бойына сыршыл ақынның өмірі мен шығармашылығын білу дәрежесін жоғарылату.
Күтілетін нәтиже:
Мағжан Жұмабаев шығармаларын оқуға құштарлығы артады;
Зеректік қабілеттерін дамытып, ой-өрісін кеңейтеді;
Оқушының дүниетанымы, оқуға қызығушылығы, ойды жүйелеу қабілеттері дамиды.
Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, дүниетану, музыка, еңбекке баулу.
Оқытудың түрлері, әдістері: танымдық әңгіме, пікір-сайыс, театрланған сахналық көрініс, сұрақ-жауап, рөлдік ойындар, поэзиялық кеш және айтыс түрінде өткізуге болады.
II. КҮНТІЗБЕЛІК-ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
«Мағжантану» факультативтік курсы 4 -сынып
Жылдық сағат -34 сағат, а пталық сағат -1 рет
- Ақынның өмірбаяны
Абай поэзиясын тануы.
«Атақты ақын, сөзі алтын хакім Абайға» өлеңі
Әдістемелік нұсқаулық
- Ақынның өмірбаяныМағжан Бекенұлы Жұмабайдың өмірбаяны шыққан тегі туралы
Мағжан Бекенұлы Жұмабай ( 25 маусым 1893 жылы) Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Мағжан Жұмабаев ауданы, Сасықкөл жағасында дүниеге келген. Орташа ауқатты отбасынан шыққан. Мағжан ауыл молдасынан сауатын ашқан. Азан шақырып қойған аты-Әбілмағжан.
1905-1910 жылдары Қызылжардағы (қазіргі Петропавловск» ) №1 мешіт жанында белгілі татар зиялысы, мұсылман халықтарының азаттығы жолында күрескен Мұхаметжан Бегишевтің ұйымдастыруымен ашылған медреседе оқыған. Араб, Парсы, Түрік тілдерін еркін меңгерген. Мағжан аталған Медрессені жақсы үлгеріммен бітірген.
Атасы-Жұмабай қажы. Әкесі Бекен саудамен айналысқан дәулетті адам болған, хат танитын. Жұрт сыйлайтын белгілі адам болған. Анасының есімі -Гүлсім. Гүлсім-Әшірбек деген оқыған адамның қызы екен.
Жеті ұл, екі қыз тәрбиелеген. Ұлдары: Мүсілім, Қаhарман, Мағжан, Мұхамеджан, Сәлімжан, Қалижан, Сабыржан. Қыздары: Күләндам, Гүлбарам.
Әкесі -Бекен 1934 жылы 61 жасында дүние салады, зайыбы-Гүлсім 1943 жылы өмірден озды. Мағжанның отбасындағы аға-іна бауырлары сол заманның кезінде айдалған, қуылған. Екі інісі Сабыржан мен Қалижан қырғыз жеріне паналап, кейінгі жылдары дүниеден өткен. Бекен атаның қазір Мағжаннан басқа ұлдарының қалған немелері бар. [ 10-бет ]
Жазба деректерге сүйенсек, Мағжан Жұмабайұлының әулетін жақсы білетін жақын ағайындарының бірі, жазушы Хамза Абдуллин ақынны жастық шағы туралы былай әңгімелейді.
«Мағжан өлең жазумен тым кішкентай күнінен шұғылданған. Өйткені әкесі Бекен ақ пен қараны айыра білетін адам болған. Үйіне кітапты көп жиятын.
Сол кездері Қазаннан, Орынбордан, Ташкенттен шығатын кітапхананың қорын молайтумен болған адам. Оның үстіне Әшірек атты әрі оқымысты, әрі іскер қазақтың үйінде дүниеге келген, Мағжанның анасы Гүлсім қазақтың әдеби кітаптарының үлкен қамқоршысы болған.
Мағжан қазақ әдебиетінен басқа татар әдебиеттерін, Фирдоус, Сағди, Хафиз, Омар Хайям, Низами, Науаи секілді шығыс ақындарының достандарын оқып үйренді. »
Ақын баспадан шыққан Абай өлеңдерін оқып, «Атақты ақын, сөзі алтын хакім Абайға» деген өлең жазды.
1910-1913 жылдары Уфа қаласындағы Ғалия медресесінде білім алады, татар жазушысы Ғалымжан Ибрагимовтен дәріс алып, белгілі қайраткер С. Жантөринмен, болашақ көрнекті жазушы Бейімбет Майлинмен танысады. Ибрагимовтің көмегімен 1912 жылы Қазақ қаласындағы Кәрімовтер баспасында «Шолпан» жинағы арқылы тұңғыш өлеңдер жинағы басылып шығады. Жас жігіт қазақ халқының қамқоршысы, қазақ еліні: «Қаным-башқұрт, тәнім-татар, жаным-қазақ» деп мәтел таратқаны ұлы Ғалымжан Ибрагимовты қатты толғандырған, өзінің «Қазақ қызы» романында бірінші бетін, өзінің «Қазақ қызы» романында бірінші бетіне 16 жасар Мағжанның «Айға» деген өлеңінің бір шумағын эпиграф етіп келтірген.
Мағжан Жұмабайұлы шығармашылығы Уфадағы «Ғалия» медрессесінде оқып жүргенде осы өлеңі арқылы танылған. Айқап журналында «Жатыр» деген өлеңінен үзінді . . .
«Ойламай біздің қазақ текке жатыр,
Бір іске жанаса алмай шетте жатыр.
Азырақ көз жүгіртіп қарап тұрсаң,
Қазекең таң қаларлық кепте жатыр»- деген өлең шумақтарында қазақ елінің жай-күйін уайымдаған, толғандырып, тіпті ашындырады. Өзінің өжеттілігін көрсеткен.
Татар жазушысы, дәріс алған ұстазы Ғалымжан Ибрагимов оған білімін әрі қарай көтеру керектігін айтады. Сөйтіп 1913 жылы Омбы мұғалімдер дайындайтын семинарияға оқуға түседі. 1916 жылы Омбыдағы мұғалімдерді дайындайтын семинарияны ойдағыдай бітіріп, туған өлкесіне оралады. Қазақ даласында «Алаш партиясын» құруға қатысып, көтерілісті бастан кешеді.
Бірінші жары Зейнеп баладан қайтыс болған, аздан соң сәби ұлы да шетінеген. Мағжан өмірі біраз драмалық жайларды басынан кешірген кез еді.
Екінші жұбайы Зылихаға 1921 жылы үйленді, ол кісі 96 жасқа келіп, 1989 жылы дүние салды.
«Бірлік» жастар ұйымының жұмысына белсене араласып, «Балапан» әдеби саяси журналын шығаруға көмектеседі. Ә. Бөкейхан, А. Байтұрсынұлы, М. Дулатұлы секілді алаш қайраткерлерімен байланыс орнатып, қазақ газетіне өз өлеңдерін жариялайды.
1917 жылы Ақпан төңкерісінен кейін қалыптасқан саяси жағдайға сай қоғамдық өмірге белсене араласып, Ақмола облыстық съезін өткізіп, қазақ комитеті құрамына сайланады. Мәскеу қаласында өткен Бүкілресейлік мұсылман съезіне қатысты.
1918-1919 жылдары Петропавл уездік басқармасында қызмет етті. 1919-1923 жылдары Ақмола губерниялық «Бостандық туы» газетінде, «Ақжол», «Сана» журналдарында қызмет істеп халық ағарту жұмысына белсене араласады.
1923-1927 жылдары Мәскеуде Жоғары әдебиет - көркемөнер институтында оқиды. Онда орыс әдебиетін, Батыс Еуропа әдебиетін терең зерттеп, орыс мәдениет қайраткерлерімен жете танысып, көпшілігімен достық қарым-қатынаста болған. Мәскеуде оқып жүргенде оның шығармалары орынсыз сынға ұшырады.
Орынсыз сыннан көңілі жабыққан ақын «Сәлем хат» деген өлең жазды, «Тілші» газетінде жарияланды. «Еңбекші қазақ» газетінің 1924 жылы 19 желтоқсанындағы санында С. Мұқановтың «Сәлем хат жазған азамат Мағжан Жұмабаевқа» деген ескертпемен «сәлемге сәлем» деген жауап өлеңі басылды. 1927-1927 жылдары Бурабайда, қызылжарды оқытушылық қызметтер атқарды.
2. Мағжан шығармашылығы- әлеуметтік тақырыптарды қозғаушы, ағартушы
«Абай -ақылдың ақыны, ал Мағжан -ақынның ақыны . . . Біз Мағжаннан үйренуіміз керек» -деп Сәбит Мұқанов. «Мағжан Жұмабаев -жинақтап айтар болсақ, сегіз қырлы, бір сырлы аса ірі тұлға. Ол-лирик, ол-эпих, ол-аудармашы, ол-ұстаз, ол-педагог . . . » -деген Қадыр Мырза-Әлі Мағжан туралы маржан сөзді шерткен екен. [ 6-бет ]
«Шын хакім, сөзің алтын-баға жетпес,
Бір сөзің мың жыл жүрсе дәмі кетпес,
Қарадан хакім болған сендей жанның
Әлемнің құлағынан әні кетпес»- деген өлеңінде Мағжанның ұлы ақынға қалай табынатынын анық көруге болады.
«Шолпан» жинағына енген өлеңдері: «Жазғы таң», «Алтын Хакім Абайға», «Өнер-білім қайтсе табылар», «Қазағым», «Қарағым» .
«Туған жерім-Сасықкөл» өлеңінде отаршылдық саясатына қарсы тұтанады. . «Шын сорлы» сол кездегі кедейшілік халықтың жай-күйін баяндаған. «Жазғы таң» табиғатты тамашалауы. «Қазағым», «Қарағым» балаларды оқуға шақырып, бос уақытыңды тиімді пайдалан, ойын қуған балаға ермеуді өлең шумақтарын жазған.
3. . Мағжан поэзиясындағы -түркі тақырыбы
Ақын Шығыс пен Батыс туралы біраз екпінді қуатты өлеңдерінен кейін, өз халқының тағдырына қарай ауысады. біраз туындылары тарихи жағдайлар хақында толғанса, енді бірі дүниелерінде ежелгі ескі мекенге үйлеспей жатқан жаңалықтарды айтады. Өмірдің көптеген келеңсіз жақтарын уайымдап, жанымен ауыра білетін, жан-тәнімен беріле, сезіне берілетін ақын әрдайым тарихқа айрықша ден қояды. Бұған «Батыр баян поэмасы», «Орал тауы», Алыстағы бауырыма», «Түркістан» тағы басқа өлеңдері куә. Ақын ата-бабасы түрікті, Тұран жерін еске алып, бұл дала, атамекен ежелгі түрік, көшпелі қазақ жері екендігін жырлап ұмтылып кетпесе екен деп уайым жейді.
«Бір күнде сенің иең түрік еді. .
Ер түрік ен далаңа көрік еді. .
Отырса, көшсе, қонса еріп еді.
Тұрғанда бақыт құсы бастарында
Іргесі жел-күн тимей берік еді . . . »- Орал тауым
«Алыста ауыр азап шеккен бауырым,
Қуарған бәйшешектей кепкен бауырым,
Қамаған қалың жаудың ортасында
Көл қылып көздің жасын төккен бауырым.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz