Қазіргі қазақ мультфильмдері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Астана қаласының №91 мектеп-гимназиясы

Қазіргі қазақ мультфильмдері

Секция: медицина, психология

Ғылыми жобаны дайындаған: Джалилова Амира
3 В сынып оқушысы

Жетекшісі: Астана қаласының №91 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдібиеті мұғалімі Жакиянова Г.К.

Ғылыми кеңесшісі: Гүлназ Төкенқызы филология ғылымдарының кандидаты, доцент,Ш.Шаяхметов атындағы Тіл-Қазына ұлттық ғылыми-практикалық орталығы КеАҚ, Қолданбалы лингвистика бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері

Астана - 2023

АҢДАТПА

Зерттеудің мақсаты: Қазақ мультфильмдерін шетел мультфильмдерімен (Алдар Көсені, Шрек, Том и Джерри, Наруто сияқты мультфильмдермен) психологиялық жақтан салыстыру, ұлттық құндылықтарға бай мультфильм ұсыну.

Зерттеудің өзектілігі: Мультфильм балаға әлемді танытады. Бірақ бүгінгі таңдағы мультфильмдер жақсылыққа тәрбиелегенімен дөрекілік пен жаман сөздерге толы. Осы мәселелер көптеген мамандармен көтеріліп келеді, бірақ әлі күнге дейін шешілмеген.

Гипотеза: Шетел мультфильмдерінің әсерінен бүлдіршіндер ұлттық бағытты ұмытуда.

Зерттеудің кезеңдері:
* Жалпы мультфильмдердің балаға әсерін анықтау
* Қазақ мультфильмдерінің даму тарихын зерттеу
*Отандық және шетелдік мультфильмдерді салыстыру, зерттеу үшін сауалнама өткізу, қорытындылау (қосымша-3)
*Қазақ мультфильмінің қазіргі жағдайын бағалап, Балапан телеарнасымен байланыс орнату (қосымша-4)
*Ұлттылықты үйрету жолында жұмыс жасау

Зерттеудің әдістері: Жинақтау, талдау, салыстыру және сауалнамалар әдістері пайдаланылады.

Зерттеудің жаңалығы: Қазақ халқының тарихын, мәдениетін қамтитын мультфильм ойлап табу.

АННОТАЦИЯ

Цель исследования: Сравнивая зарубежные мультфильмы с отечественными, определить нынешнее состояние мультипликационных фильмов Казахстана. Предложить мультфильм, который будет пропагандировать национальные ценности.

Актуальность: Мультфильмы сопровождают детей в самом полезном периоде их жизни, когда идет развитие детей. На сегодняшний день выявлены как и положительные, так и отрицательные признаки влияния мультфильма на детей. И в связи с возникновением проблем на основе отрицательного влияния мультфильмов выявляются следующие проблемы: агрессия, эгоизм и т.д. И эти проблемы по сей день не находят решения.

Гипотеза: Из-за влияния зарубежных мультфильмов малыши забывают про национальный колорит.

Этапы исследования:
*Определить роль мультфильмов в жизни детей
*Исследовать историю возникновения казахских мультфильмов *Для сравнения зарубежных мультфильмов с отечественными провести опрос и открытый урок в начальной школе. Вывести мониторинг.
*Выйти на прямой контакт с телеканалом Балапан и оценить нынешнее состояние отечественных мультипликационных фильмов.
*Работа над пропагандой национальных ценностей.

Способы исследования: найти информацию, провести опрос, все это проанализировать и просинтезировать.

Новизна исследования: Создать образец мультфильма, который расскажет нам историю и культуру нашего народа и в будущем направит нас на верный путь.
ABSTRACT

The research aim: To compare foreign cartoons with our cartoons; to learn the current state of Kazakhstan's animated films.
To suggest a cartoon that will promote the national values​

Topicality: Through cartoons children develop physically, intellectually, aesthetically and spiritually. Now a days the positive and negative influence of the cartoons are identified. And, therefore, the scholar revealed the problems such as aggression and selfishness.
The solutions to these problems have not been found so far.

Hypothesis: Because of the influence of foreign cartoons kids forget national calories.

Stages of the research:
* Define the role of cartoons in children's lives
* Investigate the history of Kazakh cartoons
* Compare foreign cartoons with ours to conduct a survey and an open lesson in elementary school. Make monitoring.
* Exit at direct contact with the TV channel "Balapan" and assess the current state of our cartoons.
* Work on the promotion of national values​​.

Methods of research: To find information, conduct a survey and analyze.

The novelty of the research: Generate sample cartoon, which tells us the history and culture of our nation and guide us on the right way in the future.

МАЗМҰНЫ

I.КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
I.I.Мультфильмдердің бала өміріндегі рөлі және әсері ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..7-9
II.ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10-18
II.I.Қазақ мультфильмдерінің тарихы және дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .10-11
II.II.Қазақ мультфильмдерінің қазіргі жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11-12
II.III.Отандық мультфильмдерді шетелдік мультипликациондық фильмдермен салыстыру ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12-14
II.IV. Сиқырлы алқа идеясы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15-18
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
Қосымшалар

КІРІСПЕ

Мен бір жарым жылға жуық уақыт Үндістанда тұрдым. Бұл елде Кішкентай Кришна атты мультсериалды көруді өте қатты ұнататынмын. Себебі осы мультфильм мені Үндістанның ерекше бай тарихы мен мәдениетімен таныстырды. Үнді балалары да осы мультфильмді көріп, одан үлгі алатын еді.Үндістанда тұрып, мен тек қана мультфильдер көмегімен сол елмен таныстым. Ал шынымды айтсам, Қазақстанға келіп, қазақ балаларының қазақ мультфильмдерінен гөрі шетел мультфильмдерін көретініне таң қалдым. Сол себепті мен қазақ мультфильмдерінің қазіргі жағдайын зерттеуге,әрі өзімнің елімнің тарихын, мәдениетін, тілін баяндайтын қызықты оқиғаларға толы мультсериал ойлап табуға тоқталдым (қосымша 11).
Қазіргі кезде кішкентай балаларға үлкендердің ұсынатыны мультфильм болып табылады. Менің ойымша,баланың дамуы осы мультфильмдерге байланысты. Сондықтан осы мультфильмдер мәселесіне тоқталуды жөн көрдім.
Тақырыптың көкейкестілігі: Мультфильмдер балалар өмірінің алғашқы жылдарында, өте маңызды кезеңде серік болады. Көрініс қаншалықты қызық, шытырман оқиғаларға толы болса, балалар үшін ол соншалықты қызықты болып, олардың көңілін баурап алады. Ол балалардың өмірінде кішкентай проблемаларды жеңудің жолын үйретеді. Логикалық ойлауын дамытады. Ізденімпаздық, тапқырлық және тағы басқа қабілеттерді қалыптастырады. Баланың қоршаған ортасына қызығушылық пайда болады. Мультфильм біздің ой өрісіміз бен тілімізді дамытады.Сондай-ақ басқа ұлттың балаларымен араласуда маңызды орын алады.
Бірақ бүгінгі таңдағы көптеген мультфильмдер кері әсерлерін тигізуде. Осы мәселелер көптеген мамандармен нақтырақ айтқанда, психологтар, тарихшылар, журналисттер, мультипликаторлар, саясаткерлер, тіл және мәдениет мамандарымен көтеріліп келеді.[2]
Зерттеуге көмектескен Астана қаласының №91 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып оқушылары. Себебі, психолог мамандар айтқандай, дәл осы жаста бүлдіршіндердің ақыл-ойы қалыптаса бастайды және оның қалыптасуына мультфильмдер тікелей әсер етеді.
Осыған байланысты ғылыми жоба жазуға шешім қабылдадым.Ғылыми жоба жазу барысында қазақ мультфильмдерінің пайда болу тарихы мен қазіргі күні қаншалықты дамығаны зерттелді.Ұстазымның көмегімен сурет салу сабағы және ашық сабақ өткіздім,сондай-ақ бастауыш сынып оқушылары арасында сауалнама жүргізілді.Толығырақ,зерттеу барысымен және нәтижесімен негізгі зерттеу бөлімінде таныса аласыздар.
I.I МУЛЬТФИЛЬМДЕРДІҢ БАЛА ӨМІРІНДЕГІ РӨЛІ ЖӘНЕ ӘСЕРІ
Әр түрлі жасқа қарамастан балалардың барлығы мультфильмдерді көргенді ұнатады. Ертегі, ойын және адам арасындағы қарым-қатынасты бейнелейтін-мультфильмдер. Олар түрлі кейіпкерлермен, жарқын көріністермен әшекейленіп, балалар көңілін баурап алады. Мультфильмдердің кейіпкерлері қоршаған ортамен қарым-қатынас жасаудың әр-түрлі әдістерін бейнелейді. Олар бүлдіршіннің жақсы және жаманды білуге, дұрыс пен бұрыс, ақ пен қараны ажыратуға үйретеді.Бала кез-келген кейіпкермен өзін салыстыра алады,оларға ұқсағысы келеді, өзінің қорқыныштарымен, қиындықтарымен күресуге және қоршаған ортаға мейіріммен қарауға үйренеді. Мультфильмде жүріп жатқан көріністер баланың ойына әсер етеді.[8]
Сөйтіп, мультфильм бұл баланы тәрбиелеудің тиімді әдісі деп айтуға болады.
Мультфильмнің бала өміріне тікелей әсерін қарастырайық:
1. Мультфильм баланы өзіндік мінезі бар тұлға ретінде қалыптасуына көмектеседі.
2. Мультфильмдер арқылы біз кез-келген ұлт өкілдерімен танысып, олардың мәдениетімен, тарихымен, тілі және дінімен таныса аламыз.
3. Мультфильм баланы қиыншылықтан жол таба білуге, проблемаларды шешуге үйретеді.
4. Мультфильмді көріп, керек нәрсені алуды қалыптастырады.
5.Мультфильм адамның өзін қоршаған басқа адамдармен қарым-қатынасын дұрыстауға және оқуда туындаған әр түрлі қиындықтарды жеңу үшін пайдаланылады.
6. Дұрыс мультфильмдердің тәртібі нашар, көмекті қажет ететін балалар үшін көмегі зор.
7. Мультфильмдер көңіл көтереді.
8. Мультфильмдерден жаңа сөздер үйренуге болады .Сол арқылы біз өз ойымызды айта аламыз.[4]
Бірақ бұны барлық мультфильмдерге қатысты айта алмайсын, себебі соңғы кезде көптеген күмәнді мультфильмдер пайда бола бастады:
1. Мультфильмнің басты кейіпкерлері агрессияға толы, олар қоршаған ортаға жамандық тигізгісі келеді. Олардың басқаларды персонаждарды ұруы және өлтіруі, алдап-арбауы, біреудің қайғысына қуануы суреттеліп, бірнеше рет қайталануы аз емес. Бұл баланың қатыгездік, мейірімсіздік, агрессия танытуына және осы қылықтарды қайталауға әкеп соғады.
2. Бас кейіпкердің бұрыс қылықтары ешбір жазасыз қала береді, ол тәртіптерді бұзғаны үшін кешірім сұрамайды және ешбір өкінбейді, кейде тіптен арамдық танытады.
3. Өмірде қолдануы қауіпті, ақымақтық болатын, бала өміріне қауіпті әрекеттер көрсетіледі, бұл баланың қауіпсіздікке деген сезімін жоғалтуға әкеліп соғады.
4. Әдемі емес кейіпкерлер басты рөлдерде жақсы сипаттармен бейнеленеді де, баланың әдемілік көрінісін бұзады.
5. Ана, әже, қыз бала бұл қамқоршы,нәзік, сыпайы түрде бейнеленудің орнына, тіптен кері суреттеліп, денесіне дейін өзгертіліп, бала үшін үлгі болып қалыптасады, бұл кейде ұл баланың әйелге еліктеуін туғызады. Ал ер адам әйел адамның сипаттарымен беріліп, баланың санасын шатастырады. [9:44-46]
Балалар бұл ашық-жарқын, мейірімді жандар, соны есепке ала отыра мульфильмдердегі жаргондық және жаман сөздерге тез-ақ үйреніп кетеді (қосымша -10).
Ал біздің елде бұл мәселелермен қатар қазақ тілін, дінін, мәдениетін дәріптейтін мультфильмдер санының аздығы қосылып, жиі талқылануда. Сондықтан, осы жұмысты жазу барысында менің сынып жетекшімнің көмегімен сыныптастарымның арасында "Менің сүйікті мультфильмім" атты сурет сабағын өткіздім.Сонын қорытындысында барлығы 18 суреттің 10-ы, яғни 55% шетел мультфильмдеріне еліктеп салынған, 3-і, немесе 17% орыс мультфильмдеріне негізделген, 3-і еркін тақырыпқа арналған, ал тек қана қалған 2 сурет, яғни 11% қазақ мультфильмдері көрсетілген (қосымша - 7).
Осы зерттеудің өзі бұл мәселенің проблемасын, өзектілігін көрсетті.
Сонымен қатар, мультфильмдердің балаларға әсерін зерттеу үшін сауалнаманың нәтижесін келтіретін болсақ:
Балалардың кейіпкерлерге тән қасиеттердің қайсысы ұнайды деген сұраққа:
- олардың басқа кейіпкерлермен күш сынасуы, және оларды жеңуі - 8 дауыс;
- олардың сиқырлы іс-әрекет арқылы мәселені шешуі - 6 дауыс;
- олардың күлдіргі іс-әрекеттері - 0 дауыс;
- кейіпкерлердің бір-біріне жасаған мейірімділігі - 10 дауыс;
- олардың айла жасап басқаларды алдауы - 0 дауыс. Бұнда барлық оң және теріс әсерлер бірдей.
Ал келесі сұрақта балалардың мультфильмдерді көңіл-күйді жақсартуға көретіні туралы 17 дауыс, оның оқуға деген ынтаны жоғарылатып, білім деңгейін жоғарылататын жаңалықтармен таныстырады дегенге - 2 дауыс, бір дауыс өзінді еркін сезіну мақсаты және 4 бала айналарындағылармен күш сынасу мақсатында көретіні туралы мәлім етті.
Бұл сұрақ арқылы балалардың мультфильмдерден алатын дұрыс және бұрыс әсерлерінің жалпы алғанда 5050 екенін көруге болады.
Ал енді қорытынды сұрақ балалардың қалауына негізделген болды. Мұнда "Сен қазақ тіліндегі қызықты мультфильм болуын қалайсын ба?" деген сауалға барлық балалардың ол маған тіптен керек емес деген жауап - 0 дауыс, жоқ деген -10 дауыс, ал қалған 14 бүлдіршін "Иә" деген (қосымша -8).
Бүлдіршіндердің жартысы қазақ тілді қызықты мультфильмді не себептен қаламайтының білдік. Қазақ мультфильмдерінің техникалық жағынан жақсы қамтылмайтыны себеп болды.Қызықты ойлар мен жаңа идеялар аз.
Осы сұрақ мені қазақтың жаңа, таңғажайып, пайдалы мультфильм құрастыруға итермеледі.

II.I ҚАЗАҚ МУЛЬТФИЛЬМДЕРІНІҢ ТАРИХЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ.
Мультипликациялық кино (латын тілінде multіplіcatіo - көбею; ағылшын тілінде - жандандыру) - cуреттердің, қуыршақтардың қозғалысын жеке кадрларға түсіріп, ретімен көрсетуден туатын кино өнерінің бір түрі.[1]
Ең алғаш қазақ мультипликациясының негізін қалаған Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген өнер қайраткері, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығының лауреаты, тәуелсіз Тарлан сыйлығының иегері, Ұлы Отан соғысының ардагері, Ұлттық өнер академиясының профессоры, режиссер-аниматор, Қарлығаштың құйрығы неге айыр?, Ақсаққұлан, Қырық өтірік, Құрылысшы Қожанасыр, Жанар, Айнакүн, Құйыршық шығармаларының авторы Әмен Қайдаров болатын (қосымша -9).
Ол Мәскеу қаласындағы Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтын үздік бітіріп, 1967 жылдың күзінде қазақ аңыз-ертегілері, қиса-дастандары мен қазақ ауыз әдебиетінің негізінде жасаған Қарлығаштың құйрығы неге айыр? деген алғашқы суретті мультфильмін жасады.
Ең алғаш осы ұлттық мультфильм шығару идеясын Қазақфильм киностудиясының басшысы Камал Смайылов қолдаған болатын. Бұл ұлы шығарма Әмен Қайдаров бастаған бес-ақ адамнан тұратын шығармашылық топ пен музыкасы белгілі сазгер Нұрғиса Тілендиевтің қолынан туындады. Осы он минуттық шығарма ұлттық идеямен жанданған шағын топтын бір жарым жылға жуық уақытын алды.
Сондағы Кеңес заманындағы кезеңде бұл ұлттық идеяны қозғап, соншалықты қыстау заманның барлық қиыншылықтарына төтеп беріп, қазақтың өз ұлттық мультфильмінің болу керектігін алға тартып, бұл шығарманы Бүкіл одақтық экранға шығарды. Туынды көрермендердің ықыласына ие болып, 48-ге жуық елдің экрандарында көрсетілді.
Мультфильм 1968 жылы Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) қаласында өткен ІІІ Бүкілодақтық кинофестивальде ІІІ жүлдені иеленді. 1975 жылы Халықаралық Нью-Йорк мультфильмдер фестивалінде Кола Праксиноскоп жүлдесін жеңіп алды (қосымша -9). Қарлығаш ұясын бұзуға болмайды! деген мейірімділік, адамгершілік идеясын қозғаумен бірге қазақтың ұлттық музыкалық аспабы домбыра әуені арқылы ұлттық рухты тәрбиеледі.
Тәуелсіз ел болып атанып, еңсемізді енді жинап, бұл салаға 2009 жылы Елбасымыздың өзі ерекше көңілін бөліп, жаңа тапсырмалар беріп, қолдауын көрсеткен соң, серпімді дами бастады. Содан бері Айгүл, Ақгүл, Қошқар мен теке, Қозы, лақ һәм торы және т.б. жаңа мультфильмдер балалар назарына ұсынылды. [1]
II.II. ҚАЗАҚ МУЛЬТФИЛЬМДЕРІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ.
Қазіргі күні қазақ мультфильмдерінің жағдайы айтарлықтай жақсарды. Бүгінгі күнде САҚ киностудиясы Айбынды аула мен Кім күшті? мультфильмдерін түсіруде. Айбынды аула - Қазақстанның көп ұлтты екенін және ондағы тыныштық пен татулықты насихаттайтын мультфильм. Ал Кім күшті? туындысында жануарлар арасынан спорттық жарыс ұйымдастырылып, нәтижесінде қазақтың барысы жеңіп шығады. Бұл жердегі мақсат - қазақтың күресін насихаттау, балаларды спортқа баулу.
Жоспар бойынша Абылай хан туралы Көкбалақ атты 15 минуттық мультфильм және Шымкенттегі Жебе студиясы Қазақфильмнің тапсырысымен Әлжан атты мультфильмін жасап жатыр. Толағай ертегісі бойынша түсіріліп жатқан анимациялық фильм де дайындалуда. Сәуле Досжанованың сценарийі бойынша Маймаққаз мультфильмі де балалар назарына жақын болашақта ұсынылады. Режиссер Қайырғали Қасымов Алтын сақа ертегісі бойынша мультфильм түсіруде. Қазақ елі деген үлкен жоба Жәнібек пен Керей хандардан осы заманға дейінгі тарихымызды баяндайды. Бұл туынды 50 сериядан тұрады. Осы күнге дейін Балапан арнасынан 1967 жылдан 1991 жылға дейін түсірілген 147 қазақ мультфильмінің 21-і көрсетілді. Олардың ішінде Ақсаққұлан, Көзілдірікті қоян, Қаңбақ шал мен дәу, Дастархан сияқты классикалық туындылар бар. Толық метрлі мультипликациялық Ертөстік фильмін де шығарылды, және көптеген қара қазақ баласының көңілінен шықты. [3] Мультфильмдер әлемі дами келе, мультфильмдерді көрсететін арнайы арналар пайда болды. Біздің Қазақстанда бұл ұлттық Балапан арнасы. Менің ойымша бұл арнанын келесі кемшіліктері бар:
Қазақ мультфильмдері аз болған себепті олар тез қайталанады және аз уақытта басталмастан, бітіп қалады сонымен қатар:
қазақ мультфильмдері бала үшін қызықты емес, себебі ол шетел мультфильмдерімен салыстырғанда, техникалық жағынан артта;
қазақ мультфильмдерінің сюжеттері қазіргі заманда қызық емес,тым ескі көріністер;
онда әзіл, күлдіргі шетел мультфильмдерімен салыстырғанда өте ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шет тілін үйренудің маңыздылығы
Бітіру жұмысымның өзектілігі
АНИМАЦИЯЛЫҚ ФИЛЬМ ЖӘНЕ БАЛА ТІЛІ
Бал - бала компаниясынан шыққан қазақ тілінде сөйлейтін ойыншықтар
Қытай ойыншықтарының құрамындағы зиянды химиялық заттар
Қазақстандық теле арнадаларынғы анимациялық фильмдер
Ойыншықтардың химиялық құрамы
Заманауи мультфильмдердің мектеп жасына дейінгі балалардың психикасына тигізетін әсері
Macromedia flash технологиясы жайлы
Қазақстан-Қытай мемлекеттері арасындағы байланыс
Пәндер